Бухалтерлік есеп және есеп беру мәліметтері шаруашылык жүргізуші ұйымдардың жане олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін жедел басқарушы үшін, экономикалык




НазваниеБухалтерлік есеп және есеп беру мәліметтері шаруашылык жүргізуші ұйымдардың жане олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін жедел басқарушы үшін, экономикалык
страница1/8
Дата конвертации12.02.2016
Размер1.17 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://www.diplomkaz.kz/wp-content/uploads/2013/02/Дип.-есеп-айырысу-есебінің-дұрыс-жүргізілуін-
  1   2   3   4   5   6   7   8




КІРІСПЕ

Бухалтерлік есеп және есеп беру мәліметтері шаруашылык жүргізуші ұйымдардың жане олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін жедел басқарушы үшін, экономикалык жоспарлар жасап, оның орындалуын бақылау үшін қолданылады.

Бухгалтерлік есеп мәліметтері басқару жүйесінің негізі болып табылады. «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру туралы» заңының талаптарына сәйкес ұйымның басшылары өз қажеттеріне сай келетін еспке алу жүйесін, бухгалтерлік есеп беруді ұйымдастыруды қамтамасыз етеді.

Кәсіпорындар өзінің қызметі барсында меншікті капиталмен қатар қатыстырылған капиталды да қолданады. Бұл қатыстырылған капитал бухгалтерлік есепте міндеттемелер деп аталады. Міндеттеме – бұл бір тұлғаның (борышқор) нақты әрекетпен басқа тұлғаның (кредит беруші) пайдасын көздейтін істі орындау борышы немесе міндеті. Борышқордың нақты әрекетіне мыналар жатады: мүлікті беру, жұмысты орындау, ақша төлеу және басқалар, ал кредит беруші борышқорынан өз міндетін орындауын талап етуге құқылы.

Кез – келген өндіріспен айналысатын ұйым сол өнімді өндіру үшін қажетті шикізаттармен материалдар үшін жабдықтаушыларының алдына міндетті болса, саудамен айналысатын ұйым сол сататын тауарларын жеткізіп беруші яғни жабдықтаушы ұйымның алдында міндетті болуы мүмкін. Тіпті өндіріспен де, саудамен де айналыспайтын ұйымдарды өз қарамағында жұмыс істейтін жұмысшылары мен қызметкерлеріне олардың істеген еңбегі үшін сондай-ақ бюджетке түрлі салықтар үшін қарыз немесе оның алдында міндеттемесі болуы мүмкін. Қазіргі танда қаржының жетспеушілігінен банктерден, банктен тыс мекемелерден, шет елдерден қарыз, несие алып өздерінің жұмысын жандандырып жатырған, сондай-ақ міндеттемелерін шектен тыс көбейтіп алып оны қайтаруға мүмкіншілігі болмай жабылып, аукционға салынып, сатылып жатырған ұйымдар көптеп кездеседі. Осы айтылғандар туралы толық түсінік беретін қаржылық есептің ең негізгілерінің бір болып саналатын тақрыптардың бірі міндеттемелер есебі. Диплом жұмысының тақырыбы «Ұйымдардың міндеттемелерінің есебі және аудиті» соған сәйкес осы тақырып бойынша «Казпочтаснаб» акционерлік қоғамының шаруашылық қызметінің мәліметтері негізінде диплом жұмысын жазу таңдалып алынды. Диплом жұмысының мақсаты – зерттеу обьектісі ретінде алынған міндеттемелер ұйымдастыру жүйесін жан-жақты қарастырып талдап оны жетілдіру жолдарын және нарықтық талаптарға сай жағдайға әкелу бағыттарын зерделеу болып табылады. Сондықтан да дипломдық жұмыстың басты мақсаты «Казпочтаснаб» акционерлік қоғамының материалдары негізінде ондағы міндеттемелер бойынша есеп айырысу есебінің дұрыс жүргізілуін және ұйымдастырылуын, сондай-ақ аудиторлық тексеру жүргізуді теориялық тұрғыдан зерттеу және талдау болып табылады.

Дипломдық жұмыс кіріспе, үш бөлімнен және қорытынды мен қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Жалпы жұмыс міндеттемелер бойынша есеп айырысу мен оның аудитін теориялық жағынан және тәжірибелік мәліметтер негізінде оның толық сұрақтарын қарастырады.


I-ТАРАУ ҰЙЫМДАҒЫ БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕПТІ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ТӘРТІБІ


1.1 Бухгалтерлік есепті ұйымдастыру

Ұйымдағы бухгалтерлік және салық есебін ұйымдастыру үшін ұйымның басшысы жауапты. Ұйымның басшысы осы ұйымдағы бухгалтерік есептің дұрыс жүргізілуін, барлық қызмет бөлімшелерінде қызметтің дұрыс ұйымдастырылып жүргізілуін, бас бухгалтерден мәліметтерімен құжаттар есебін дұрыс құруын және мерзімінде беруін қадағалап, қажетті жағдай жасауға міндетті.

Ұйымдағы бухгалтерлік есеп бас бухгалтердің басқаруымен бухгалтерияда жүргізіледі. Бас бухгалтер осы ұйымның басшысымен тікелей жұмысқа алынады.

Ұйымның бас бухгалтері бухгалтерлік және салық есебін ҚР-ғы заңдылықтар мен жарлықтарға сәйкес әдістемелік принциптерге сай жүргізеді және оған жауапты болады. Бас бухгалтер ұйымдағы барлық шаруашылық операцияларды БЕ шоттарында дұрыс көрсетілуін бақылайды, оперативті мәліметтерді беру және көрсетілген мерзімде бухгалтерлік және қаржылық есептілікті дайындап, ұйымның қаржы шаруашылық қызметіне экономикалық талдау жасауға міндетті. Бас бухгалтер ұйым басшысымен бірге ТМҚ мен ақша қаражатының кіріс ету, шығыс ету құжаттарын сонымен қатар қаржылық есеп, несиелік міндеттемелердің құжаттарына қолын қояды. Осы көрсетілген құжаттар бас бухгалтердің қолынсыз жарамсыз болып табылады. Ұйым басшысы әр бөлек құрылым бөлімшелерінің лауазымды тұлғаларына бас бухгалтердің келісімімен құжаттарға қол қойып, шешім қабылдануына рұқсат береді.

Материалды жауапты тұлғалардың қызмет барысындағы орын ауыстыруы, жұмыстан шығуы немесе жұмысқа тұруы ұйымның бірінші басшысының бұйрығымен жүзеге асырылады. Материалды жауапты тұлғалар жұмысқа тұрғаннан соң олармен материалды-жауаптылық туралы және еңбек келісім жасалады, ал кассирлермен қосымша міндеттемеге қол қойылады.

Бас бухалтер персоналдық жауаптылықта бола тұрып қолма-қол ақша қаражаттарының қозғалысы мен түгенделігін қадағалайды. Алынған аванстар бойынша есеп беруші тұлға 5 күн ішінде есеп бермесе, оған кассадан қолма-қол ақша беруге тиым салынады.

Бас бухгалтер қызметтен босатылған кезде ол жаңадан белгіленген бас бухгалтерге өз ісін өткізіп тапсыруы тиіс. Бұл кезде бухгалтерлік және салық есебінің жағдайы жайлы есеп жүргізіліп, оған сәйкес осы ұйым басшысы тұжырымдаған акт құрылады.

БЕ-ті жүргізу барысында бас бухалтер барлық қызмет көрсету бөлімшелеріне міндетті шаруашылықта болатын операцияларды рәсімдеу, қажетті құжаттар мен мәліметтермен қамтамасыз ету, ресурстардың нәтижелілігін көтеру шараларын қабылдау міндетін қояды.


1.2 Ұйымның есеп саясаты және оны құрудың мақсаты мен маңызы

«Казпочта» акционерлік қоғамының филиалы «Почтажабдықтау» (бұдан әрі – Филиал) «Казпочта» акционерлік қоғамының оқшауланған бөлімшесі болып табылады және оған есеп береді. Филиал заңды тұлға болып табылмайды, өз қызметін «Казпочта» АҚ атынан және оған «Казпочта» АҚ берген өклеттіктер шегінде жүзеге асырады. Филиал өз қызметіне Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексін, Қазақстан Республикасының «Байланыс туралы» Заңын және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін, «Казпочта» АҚ нормативтік актілерін, оның ішінде «Казпочта» АҚ Басқармасы Төрағасының бұйрықтарын, өкімдерін және осы Ережені басшылыққа алады. Филиалды «Казпочта» АҚ Басқармасы Төрағасы қызметке тағайындайтын және босататын директор басқарады. Филиал орналасқан жері бойынша заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеуді жүргізетін органда есептік тіркелуге жатады. Филиал қызметінің мақсаты мен нысаны заңдарда белгіленген тәртіппен «Казпочта» АҚ өндірістік мақсаттағы өнімдермен материалды-техникалық қамтамасыз етуді «Казпочта» АҚ үшін жабдықтар мен басқа да материалды-техникалық ресурстарды жеткізіп беруге өтінімдерді орналастыру, пайдаланылатын материалдық ресурстарды есепке алу және «Казпочта» АҚ бөлімшелерінің материалдық ресурстарды пайдалануына бақылауды, көлік құралдарының барлық түрлерін қолдану арқылы ірі көлемді пошта жөнелтілімдерін қабылдау, өңдеу, тасымалдау және жеткізіп беруді жүзеге асыру арқылы жеке және заңды тұлғаларға пошта байланыс қызметтерін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарымен және осы Ережемен көзделген өзге де қызметтерді жүзеге асыру болып табылады.

Филиалдың қаражаты «Казпочта» АҚ берген негізгі қаражаттардан және «Казпочта» АҚ шығыс сметасына сәйкес бөлетін қаражаттардан тұрады. Филиалдың кірістері мен шығыстары «Казпочта» АҚ орталықтандырылады және қайта бөледі. Филиалдың негізгі қаражаты «Казпочта» АҚ тиесілі және «Казпочта» АҚ балансында есепке алынатын Филиалға бекітілген ғимараттардан, құрылыстардан, жабдықтардан және басқа да мүліктерден тұрады.

Филиалдың құрылымын және еңбек ақы төлеу қорын «Казпочта» АҚ Басқармасы бекітеді. Филиал қызметін басқаруды «Казпочта» АҚ Басқармасының Төрағасы қызметке тағайындайтын және қызметінен босататын директор жүзеге асырады. Филиал Директоры оның барлық қызметіне басшылық жүргізеді және Филиалға жүктелген міндеттердің орындалуына дербес жауапты болып табылады. Филиал Директорының «Казпочта» АҚ Басқармасының Төрағасы қызметке бекітетін және қызметінен босататын орынбасарлары, бас бухгалтері болады.

Филиал Директоры «Казпочта» АҚ берген сенімхат негізінде: Филиал қызметіне басшылық жүргізеді, Филиал құзыретіне кіретін мәселелер бойынша бұйрықтар мен өкімдер шығарады; барлық ұйымдарда Филиалдың мүдделерін білдіреді, Филиал бөлімшелерінің қызметіне байланысты мәселелерді қарастырады, Филиал бөлімшелері басшыларының есебін тыңдайды, Филиал құрамына кіретін бөлімшелер туралы ережелерін бекітеді, «Казпочта» АҚ Басқармасы бекіткен еңбек ақысын төлеу қоры шегінде филиалдың өндірістік қызметкерлерінің штаттық кестесін бекітеді, орынбасарлар арасында міндеттерді бөледі.

Филиалдағы есеп және есеп беру Қазақстан Республикасының заңдарына және «Казпочта» АҚ нормативтік актілеріне сәйкес ұйымдастырылады. Филиал қызметінің нәтижелері «Казпочта» АҚ Филиал Директоры беретін күнделікті, ай сайынғы, тоқсандық қаржылық есептерде көрсетіледі.

Филиал қызметіне ревизияны «Казпочта» АҚ тиісті бөлімшелері жүргізеді. Филиал қызметіне тексеруді Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес және құзыреттері шегінде Қазақстан Республикасының салық және өзге де органдары жүргізуі мүмкін.

Бухгалтерлік құжаттау

Бухгалтерлік жазулар шаруашылық операцияның бөлу фактісін белгілейтін алғашқы құжаттар негізінде болады. АҚ-ның активтерге, жарғылық капиталға, міндеттемеге, шығындар мен шаруашылық табыстарға әсер ететін шаруашылық қызметінің барлықшаруашылық операциялары және басқа да жаңалықтар бухгалтерлік есепте көрсетілуі керек. АҚ-ның алғашқы құжаттары операция орындалуы кезінде құрылады.

Бухгалтерлік жазулар компютерленген жүйе 1С: Бухгалтерия бағдарламасын қолдану негізінде жүргізіледі.

Алғашқы құжаттар және бухгалтерлік есеп регистрлері мазмұны комерциялық құпия болып табылатын ақпарат болып табылады, оған тек қана АҚ басқармасы рұқсат еткен адамдарға және ҚР заңдылығына сәйкес мемлекеттік органдардың адамдарына ғана рұқсат. «Казпочта» АҚ басқармасы бухгалтерлік құжаттарға қол қою құқығын тұлғаларға өзі анықтайды.

Түгендеу. Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп дұрыстығын қамтамасыз ету мақсатында ұйым мүлікті және ақша міндеттемелеріне түгендеу жүргізіледі:

- негізгі құралдардың, тауарлы-материалдық қорлардың инвентариза-

циясы жылдық бухгалтерлік есебінің алдында жылына 2 рет жүргізіледі;

- ақша қорының және кассадағы ақша құжаттарының түгенделуі айына 1 рет жүргізіледі;

- дебиторлар мен кредиторлар есептілікке түгендеу тоқсан сайын 1 рет жүргізіледі.

Түгендеуді жүргізу жауаптылығын АҚ-ның генералды директоры және түгендеу комиссия алады.

Комиссия құрамына мыналар кіреді:

АҚ-ның бас бухгалтерлерінің орынбасары, сату бойынша менеджер, комендант, ішкі аудитор-ревизор.

Негізгі құралдардың есебі. Ұйымның негізгі құрал есебі номері 6 БЕС-на сәкес жүргізіледі.

Ұйымның негізгі құралдары келесі топтарға бөлінеді:

- жер;

- ғимараттар мен құрылғылар;

- машиналар мен жабдықтар;

- транспорттық құрал;

- басқалары;

- аяқталмаған құрылыс.

Негізгі құралдардың келіп түсуіне келетін болсақ АҚ-ның шаруашылық қызметінде пайдалану мақсатында келіп түскен негізгі құралдар негізгі құралдардың құрамында көрсетіледі. Қайта сату мақсатында пайда болған негізгі құралдар – ТМҚ құрамында – ұзақ уақытқа қаржы ретінде, салу мақсатында пайда болған негізгі құралдар қаржылық инвестиция ретінде көрсетіледі.

Негізгі құралдар обьектілерінің бастапқы құны былай анықталады:

- құрылтайшылар арасында келісілген құны бойынша олардың жарғылық қорға үлес счетіне негізгі құралды енгізу кезінде;

- ұйымның өздерінің негізгі құралды енгізу кезінде;

- экспертті жолмен немесе қайтару-беру акті бойынша қайтарусыз басқа заңды немесе жеке тұлғалардан обьектілерді алу кезінде.

Негізгі құралдар қоймада қор ретінде сақталуы мүмкін.

Негізгі құралдардың жарамсыздығын анықтау үшін АҚ-да тұрақты қызмет атқаратын комиссия құрылған, оның құрамына мыналар кіреді: бас бухгалтердің орынбасары, менеджер, ішкі аудитор-ревизор комендаты.


Комиссия негізгі құралдардың жарамсыздығының себебін қарастырады және кінәлі адамдарды жауапқа тартады. Сонымен қатар жеке бөлшектер мен материалдардың жарамдығын анықтайды. Жұмыстың нәтижесі болып негізгі құралдардың актісі болып табылады. Актіде обьектілердің бастыпқы құны, берілген бухгалтерлік есеп бойынша есептелген тозу сомасы, материалдық құндылықтардың құны, өткізу құны және жоюдың жалпы нәтижесі көрсетіледі.

Амортизацияны есептеу. Бөлінген (есептелген) амортизация әрбір есепті кезең сайын шығын ретінде танылады. АҚ-да амортизацияны есептеу обьектінің бастапқы құнынан шыға отырып, құнды түзу сызықты (бір қалыпты) әдісті пайдаланумен негізгі құралдардың барлық түрі бойынша есептеледі. Жылдамдатылған әдісті пайдалану жалпы тәртіппен жүзеге асырылады.

Негізгі құралдарды жөндеу есебі. АҚ-да негізгі құралдарды күрделі және ағымдағы жөндеу мамандандырылған ұйымдармен келісім шарт негізінде мердігерлік тәсілмен жүзеге асырылады. Жөндеу жұмыстарын орындаған үшін есеп орындарын жұмыс қабылдау актісі негізінде мердігерлер счеті бойынша көрсетіледі. Негізгі құралдарды жөндеу жұмысы бойынша шығындар кезең шығындарына жатады.

Материалды емес активтердің есебі. АҚ материалды емес активтерге (МЕА) қаражат салуға құқылы. МЕА түсінігінде мынау жатыр: физикалық мәнділігі жоқ, өндірісті пайда табу мақсатында ұзақ уақытты кезеңге пайдалануға арналған активтер.

АҚ-да болашақта берілетін активпен тікелей байланысқан экономикалық табыс алу мүмкіндігі жоғары болса;

- АҚ-да болашақта берілетін активпен тікелей байланысқан экономикалық табыс алу мүмкіндігі жоғары болса;

- активтің құнын дұрыс анықтауға болады.

Материалды емес активтердің келіп түсуі. Обьектінің МЕА активтің құрамына кіргізілуі МЕА-ді қабылдау беру актісінде еркін нысанда толтырылады. Онда пайдалану мерзімі және тозу құны көрсетіледі. АҚ-ның материалды емес активтерінің пайдалы қызметіне басқарманың бағалауының нәтижесінде еркін белгіленеді.

МЕА-ң жою құны 0-ге тең деп есептеледі, егер:

● пайдалану мерзімінің аяғында оның сатып алынуы жағынан үшінші жақтың келісімі болмаса; немесе

● берілетін МЕА-ге белсенді нарық жоқ; мынаумен байланысты:

- активтің тозу құны берілген нарыққа нұсқаумен дұрыс анықталуы мүмкін емес;

- ондай нарық активтің пайдалану қызметі мерзімінің соңында өмір сүру мүмкіндігі жоқ.

МЕА бастапқы құны бойынша бағалады – ақша қорының немесе олардың эквиваленттері төленген сомаға.

МЕА-ң тозуы. АҚ-ның МЕА-і мынадай жағдайда шығысталады: оның тозуы кезінде немесе ешқандай экономикалық пайда әкелмесе.

Ақша- қаражаттың есебі. Ұйымның кассада ақша-қаражаттың есебін кассир жүргізеді. Оның міндеттемесіне мыналар кіреді:

- кіріс және шығыс кіріс ордерінің дұрыстығын, қолдың қойылуын тексеру;

- ақша қаражатын қабылдау немесе беру;

- кассалық кітапта касса операцияларының регистрациясы;

- банкке ақша қаражатын қолмқол беру.

Кассаға ақшаны қабылдау бойынша бас бухгалтердің қолы қойылған кіріс ордері бойынша жузеге асырылады. Кассаға ақшаны енгізген тұлғаға бас бухгалтердің және кассирдің қолымен ақшаны қабылдау туралы түбіртек беріледі. Кассадан ақшаны беру шығыс касса ордерімен толтырылған жеке тұлғаға шығыс касса ордері бойынша ақшаны беру кезінде кәсіпорынның кассирі ордерде реквизитті көрсету үшін алушыдан талап етеді. Алушы қолын қояды және алған сомасын жазады (көрсетеді). Теңге – жазумен, тиын – санмен. Касса ордерінде қайта жазу, түзету рұқсат етілмейді.

Жазылған касса ордері немесе оны ауыстыратын құжаттар кіріс және шығыс касса құжаттар журнал регистрінде тіркеледі.

Кассир касса операциясының есебін касса кітабында жүргізеді және ол номерленіп, байланған және мөрленген, ұйымның бас бухгалтері және басшының қолдары қойылуы керек.

Касса кітабындағы жазулар 2 данада жүргізіледі. 2-ші данасы кассирдің есебі болып табылады. Түзетулер касса кітабында тыйым салынады. Енгізілген түзетулер АҚ бас бухгалтері мен және кассир қолдарымен куәландырады.

Кассада қолма-қол ақшадан басқа акция, облигация, вексельдер мен кітапшалары сақталынады, құнды қағаздар.

АҚ-ң кассадағы ақша қаражаты. АҚ-да айына бір рет сақталынған кассадағы ақша қаражаттарына және басқа құндылықтарға тексеру жүргізіледі. Тексеруді комиссия мүшелері жүргізеді. Комиссия мүшелерінің құрамына мыналар кіреді: бас бухгалтердің орынбасары, менеджердің және ішкі аудитордың орынбасары.

Кассада шетел валютасының қолма-қол есебі. АҚ-ның шетел валютасында қолма-қол ақша есебі кассада ұлттық валюта түрінде операцияға ұқсас жүргізіледі. Сонымен қатар кіріс және шығыс касса ордерінде касса кітабында шетел валюта және теңге эквиваленті түрінде қаражат сомасы көрсетіледі. Валюта кассасына жеке касса кітабы ашылады.

Еңбек және еңбек ақы. Орындайтын шаруашылық функциясына байланысты ұйымның қызметкерлері, жұмысшылары келесі топтарға бөлінеді:

- басқарушы жұмысшылары;

- мамандар;

- қызметкерлерге жататын басқа да жұмысшылар.

АҚ еңбек ақысының жалпы қорын, жұмысшылардың жалпы санын, олардың маманданған құрамын анықтайды. Ұйым еңбек жүйесін, нысанын белгілейді әрине заңға сәйкес.

Ұйымда қызметкерлердің мерзімді еңбек ақы пайдалану ол еңбек келісім шарты негізінде олардың мамандығын сәйкес және 5 жылға дейінгі мерзімде пайыссыз қарыз беруге құқылы.

  1   2   3   4   5   6   7   8

Похожие:

Бухалтерлік есеп және есеп беру мәліметтері шаруашылык жүргізуші ұйымдардың жане олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін жедел басқарушы үшін, экономикалык icon1. Министрліктің құрылымдық бөлімшелері, ведомстволары, ведомстволық бағынысты ұйымдары басшыларының – авариялық-құтқару техникасы мен жабдықтарын өндіруші мүдделі ұйымдар өкілдерінің
Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі құрылымдық бөлімшелерінің, Комитеттердің және ведомстволық бағынысты ұйымдардың басшылары...
Бухалтерлік есеп және есеп беру мәліметтері шаруашылык жүргізуші ұйымдардың жане олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін жедел басқарушы үшін, экономикалык iconЖӘне қаржы ұйымдарын реттеу мен
Екінші деңгейдегі банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың кредиттік тізілімді қалыптастыру...
Бухалтерлік есеп және есеп беру мәліметтері шаруашылык жүргізуші ұйымдардың жане олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін жедел басқарушы үшін, экономикалык iconБанк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың қаржылық есеп беру тізбесі, нысандары мен мерзімдері туралы нұсқаулықты бекіту туралы
Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың қызметін реттейтін нормативтік құқықтық базаны жетілдіру мақсатында,...
Бухалтерлік есеп және есеп беру мәліметтері шаруашылык жүргізуші ұйымдардың жане олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін жедел басқарушы үшін, экономикалык iconРабочая учебная программа методические указания по выполнению контрольных работ Мамандық: 5В050800 «Есеп және аудит»
Жұмыс бағдарламасы Мемлекеттік жалпыға бірдей білім беру негізінде «Қаржы, есеп және салық салу» кафедрасында дайындалып 5В050800...
Бухалтерлік есеп және есеп беру мәліметтері шаруашылык жүргізуші ұйымдардың жане олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін жедел басқарушы үшін, экономикалык iconЕсеп және талдау басқармасының Ережесі
Есеп және талдау басқармасы (бұдан әрі Басқарма) Астана қаласы бойынша Салық департаментінің (бұдан әрі Департамент) құрылымдық бөлімшесі...
Бухалтерлік есеп және есеп беру мәліметтері шаруашылык жүргізуші ұйымдардың жане олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін жедел басқарушы үшін, экономикалык iconКурс № Циклы тк № Пәндердің атауы
Постреквизиттер:«Бухгалтерлік есеп принциптері», «Қаржылық есеп», Аралық қаржылық есеп», «Тереңдетілген қаржылық есеп», «Бухгалтерлік...
Бухалтерлік есеп және есеп беру мәліметтері шаруашылык жүргізуші ұйымдардың жане олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін жедел басқарушы үшін, экономикалык iconҚазақстан республикасы ғылым және білім министрлігі
Оқытушы үшін «Банктердегі бухгалтерлік есеп және есеп берушілік» пәнінің жұмыс оқу бағдарламасы
Бухалтерлік есеп және есеп беру мәліметтері шаруашылык жүргізуші ұйымдардың жане олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін жедел басқарушы үшін, экономикалык icon«Бағалау және бизнес» кафедрасы «Бухгалтерлік есеп принциптері» пәні бойынша «Экономика»
Бухгалтерлік есеп принциптері курсы бухгалтерлік есептің негізі және ол курс қаржылық қорытынды есеп беруді дайындау мен бухгалтерлік...
Бухалтерлік есеп және есеп беру мәліметтері шаруашылык жүргізуші ұйымдардың жане олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін жедел басқарушы үшін, экономикалык iconНегізгі бөлім: Қаржылық есеп беру құрамы мен элементтері
Жылдам шешім қабылдаудың негізі – толық және маңызды ақпаратпен қамтамасыз ету болып табылады. Бұған есепке алу мен есеп беру арқылы...
Бухалтерлік есеп және есеп беру мәліметтері шаруашылык жүргізуші ұйымдардың жане олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін жедел басқарушы үшін, экономикалык iconIi бөлім Қаржылық есеп беру – ұйымдардың қаржылық тұрақтылығын талдаудың ақпараттық базасы
Кіріспе
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница