I бөлім. Маркетинг жүйесіндегі тауар және тауар саясаты




НазваниеI бөлім. Маркетинг жүйесіндегі тауар және тауар саясаты
страница1/8
Дата конвертации12.02.2016
Размер1.46 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://www.diplomkaz.kz/wp-content/uploads/2013/02/Дип.-Маркетинг-жүйесіндегі-тауар-және-тауар-с
  1   2   3   4   5   6   7   8



МАЗМҰНЫ


Кіріспе


I бөлім. Маркетинг жүйесіндегі тауар және тауар саясаты


    1. Тауар және оның ассортименті

1.2. Тауардың өмірлік циклі

    1. Тауар белгісі және брендинг



II бөлім. БК «Беккер және К» ЖШС компаниясының тауар саясатын талдау


    1. БК «Беккер және К°» ЖШС жалпы сипаттамасы

2.2. БК «Беккер және К°» ЖШС маркетингтік қызметі мен тауар саясаты

    1. Нарыққа жаңа тауар шығару


III бөлім. БК «Беккер және К» ЖШС компаниясының тауар саясатын дамыту


3.1. Тауар ассортиментін жетілдіру

3.2. БК «Беккер және К» ЖШС компаниясының тауар саясаты жетілдіру жөніндегі ұсыныстар


Қорытынды


Қолданылған әдебиеттер

Қосымша


Кіріспе


Қазіргі кезде маркетинг кәсіпорындардың шаруашылық қызметін жоспарлау, өндірісті ұйымдастыру мен басқарудың барлық жақтарын қамтуы тиіс. Бұл жағдай осы заманғы маркетингтің ролі мен маңызы туралы көзқарастарға сәйкес келеді. Шындығында кәсіпорын тиімді қызметін басқару үшін қазіргі замандағы маркетинг біртұтас және жүйелі бағытта дамуы қажет, бірақ мұндай бағыт әзірге жүзеге асырыла қойған жоқ.

Осыған байланысты біздің ел басымыз өзінің халыққа жолдауында былай деген: «Біз Қазақстанды экономикалық дамудың «өңірлік локомотивіне» және оны элемдік экономиканың табысты «ойыншысына» айналдыра аламыз.

Бізде әлемдік шаруашылық жүйесінде нақтылы қазақстандық «тауашаларды» іздестіру мен игеру, шетелдік әріптестермен ірі озық жобаларға қатысу, сондай- ақ біздің экономикамызға қатысушуларды жан– жақты және жауаптылықпен қолдау, соның ішінде, оларға сапалы инфрақұрылымдық қызмет көрсету арқылы қолдау жөнінде ең таяудағы және алыс болашақтағы иіндеттер бағдарламалары болуы керек.»

[«Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» Қ.Р. Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы 2007ж 15 б.]

Елімізде жаңа өмір басталалып, оңды экономикалық саясат, озық қоғамдық сана деңгейіне көтеріліп, жан – жақты өркендеп, ғылыми – техникалық прогресті барынша дамытып, қоғамның сапалық жаңа экономикалық типіне көшу кезінде, яғни қазіргі таңдағы нарықтық экономикалық жағдайда, тұтынушылардың қажеттіліктері жоғары деңгейге көтерілу барысында, сұранысы өткерілген жағдайда тауарды тиімді өндіріп, тиімді сату жеткіліксіз. өндірілген тауарлар мен қызметтерді нарыққа ендіріп, тұтынушыларды тауарлармен, қызметтермен жете таныстырып, хабардар етіп, сатып алуға ынталандырып, фирма мен оның тауары туралы жақсы қарым – қатынасты қалыптастыру – маркетинг жүйесіндегі тауар саясатының ең негізгі міндеті мен мақсаты болып саналады.

Қазақстан Республикасының саяси, экономикалық және қоғамдық өмірінде өтіп жатқан іргелі өзгерістер кәсіпорындардың шаруашылық іскерліктің жаңа жолдарын қарастырумен қатар, экономикалық тиімділікті қамтамасыз етуде бірқатар маңызды мәселелердің шешімін табуын талап етеді. Ол үшін осы жүйе қызметін талдау және оны маркетингті кәсіпорынның өндірістік - өткізу қызметінде қолдану технологиясын әзірлеген жөн.

Кәсіпорындардың маркетинг қызметіне жүргізілген талдау, нақты мақсаттарға іс жүзінде қол жуткізу үшін оның жекелеген бөлшектерінің маркетингтік шаралар түрінде қолданылатындығын көрсетті. Сонымен қатар, отандық өнеркәсіп орындарындағы маркетинг көп ретте жарнама және тауарды өткізу ісіне бағытталған. Ал тауар саясаты маркетинг қызметінің негізі құрамдас бөлігі екенін ескере кетсек, онда тауар саясатына тоқталмай айналып өту мүмкін емес.

Бүгінгі таңда бәрі өзінің тауар маркасының болғаның қалайды. Кәсіпорындар мен дистрибьютерлер бір-бірімен шайқасады және олардың мақсаты жаңа тауар маркасын шығару. Бұл жартылай фабрикат өндірушілеріне де соңғы өнімге де қатысты. Әрқайсысы өзінің құндылығын алғысы келеді. Бұл дұрыс: өзінің тауар маркасын қою дегеніміз өмір сүру дегенді білдіреді.

Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. ДИПЛОМДЫҚ жұмыстың мақсаты – фирманың қызметін, коммерциялық, маркетингтік қызметін талдау, нарықты зерттеу, баға және коммуникациялық маркетинг саясатын талдау маркетинг қызметіндегі тауар саясатының теориялық және әдістемелік мәселелерін зерттеу, нан және нан өнімдерін шығаратын кәсіпорындарда маркетингтік қызметті талдау және оны жетілдіру жолдарын қарастыру. Көзделген мақсатқа қол жеткізу үшін келесі міндеттер айқындалынды:

-Кәсіпорындардағы маркетингтік қызметінің және де соның ішінде тауар саясатының теориялық және әдістемелік мәселелерін зерттей отырып, оның отандық кәсіпорындарда қолдану деңгейін анықтау;

- Қазақстанның нан және нан өнімдері нарығын зерттеу;

- кәсіпорындарда тауар саясаты процесін қарастыру;

- тауар саясатын зерттеу барысында әдістемелерді әзірлеудегі отандық және шетелдік тәжірибелерді зерттеу;

-Қазақстан кәсіпорындарында тік интеграция әдісін, яғни, тауарларды бірегей технологиялық тізбек арқылы өндіруді енгізу жолдарын қарастыру;

- тауар ассортиментін кеңейту жолдарын іздеу;

-тауардың өмірлік кезеңі бойынша, тауардың нарықта неғұрлым ұзағырақ тұруын қарастыру;

- тұтынушылардың арман тілектеріне сай жаңа нан өнімдерінің түрлері шығару үшін тұтынушылардың қажеттілігін зерттеу;

- нан өнімдерін өндіретін кәсіпорындардың тауар саясатына шолу және оны жетілдіру жолдарын көрсету.

Дипломдық жұмыстың объектілеріне Қазақстанның нарықтық экономика қалыптасуының шарттарында дамып келе жатқан нан және нан өнімдері нарығы және республиканың нан өнімдерін өндіретін кәсіпорындардың маркетингтік қызмет бөлімі.

Дипломдық жұмыстың зерттеу пәні ретінде БК «Беккер және К» ЖШС жүргізілген маркетингтік зерттеулер талданады.

Зерттеудің өзектілігі.Тауар саясаты кәсіпорын қызметіндегі тауар ассортиментін қалыптастыруды, олардың жаңа түрлерін шығаруды, олардың сапасының жоғары болуы мен бәсекеқабілеттілігін, өмірлік кезеңін талдауды, тауар белгілерін, қораптамасын, маркіленуін және де сервистік қызмет көрсетуін талап ететін көп факторлы қызмет аясы. Сондықтан да тауар саясаты төңірегінде қазіргі таңдағы нарық талаптарына сай өзіндік проблемалары бар. Бүгінде біздің еліміз әлемдік сауда ұйымына мүше болуға ат салысып жатқанда біздің кәсіпорындарымыз өндіретін өнімдер дүние жүзілік талаптарға сай болуы керек. Ал, бұл талаптардың бәрі сайып келгенде, тауар саясатына, яғни тауар ассортиментіне, жаңа тауарлар шығаруға, тауардың өмірлік кезеңінің ұзақтығына, қораптама, орама түрлерінің сан алуандығына байланысты. Олай болса, әр бір кәсіпорындарының өз қызмет аясында тауар саясатын дұрыс бағытқа қою заман талабы.

Дипломдық жұмысымның 1-бөлімінде тауар саясатының жалпы түсінігі, мағынасы, тауар ассортименті, тауардың өмірлік кезеңі, тауар белгісі және брендинг, компанияның бәсекеге қабілеттілігі туралы айтылып, толығымен қарастырылды. II- бөлімінде БК «Беккер және К°» ЖШС-нің негізінде зерттеулер мен 1-бөлімде қарастырылған теорияның практика жүзінде іске асырылуы туралы жазылған. III бөлімде жоғарыда айтылған 2 бөлімді қорытындысы мен компанияның ары қарай жетілдіру үшін ұсыныстар келтірілген.

Жұмыстың қолданбалы құндылығы дипломдық жұмысында ұсынылған қағидалар Қазақстан кәсіпорындары үшін тауар саясатын жүргізу процесінің қалыптасқан ерекшеліктерін есепке ала отырып, оларды өндірістік кәсіпорындарында қолдану нарықтағы тауар саясатын жетілдіру мен кәсіпорынның маркетинг қызметінің тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді деген ойдамын.


I бөлім. Маркетинг жүйесіндегі тауар және тауар саясаты


    1. Тауар және оның ассортименті


Маркетинг теориясының негiзi тауар, баға, бөлу және жылжыту сияқты маркетинг айналмалыларынан тұратын маркетинг-микс болып саналады. Тауар кәсiпорынның маркетингтiк қызметiндегi басты ядро. Тауарды маркетингтiк тұрғыдан қарау үшiн ең алдымен оны жiктеп алуымыз қажет.

Тауар – мұқтаждықты не тұтынысты қанағаттандыруға назар аудару, иелену, падалану не тұтыну үшін нарыққа ұсынылатын барлық зат. Ол физикалық объект, қызмет, адам, орын, мекеме және идея болуы мүмкін. Сонымен қатар біздер тауар бірлігінің анықтамасын да беруіміз керек.

Тауар бірлігі - мөлшерімен, бағасымен, сырт пішінімен және басқа атрибуттармен сипатталатын ерекшеленетін бүтіндік. Мысалы, тіс пастасы – тауар, ал «Колгейт» фирмасының бағасы 85 теңге, «Уинтер- френи джель» пастасының тюбигі – тауар бірлігі.[2;198б]

Пайдалану мерзімі бойынша тауарлар ұзақ мерзімде және қысқа мерзімде қолданылатын тауарлар деп бөлінеді. Қысқа мерзімдегі тауарларды бір немесе бірнеше рет пайдалануға болады. Оған материалдық бұйымдарды ( сабын, нан, сыра, т.б.) жатқызуға болады. Ал ұзақ мерзімдік тауарлар бірнеше жылдар бойына (тоңазыткыш, автомобиль, кір жуғыш машиналар) қолданылады.

Түпкі тұтынылуына байланысты тұтыну тауарлары және өндіріске арналған тауарлар деп бөлінеді. Тұтыну тауарларына негізгі тұтынушының қолдануы үшін сатып алатын тауарлар жатады. Олар- күнделікті сұранымдағы, алдын ала таңдалынатын, ерекше сұраныстағы және пассивті (бәсең) сұраныстағы тауарлар деп бөлінеді. Күнделікті сұраныстағы тауарлар- бұл тұтынушылар ойланбай-ақ, әрі еш қиындықсыз, жиі сатып алатын кең тұтынудағы тауарлар мен қызметтер.Оларға нан,сабын,тіс пастасы сияқты тауарларды жатқызуға болады.Әдетте бүл тауарлар арзан әрі оларды күнделікті сатып алуға болады.Алдын ала таңдалынатын тауарлар күнделікті сұранымдағы тауарларға қарағанда жиі сатып алынбайды,тұтынушы тауарды таңдау және сатып алу процесінде олардың безендірілуіне басты назар аударып,қасиеттерінің өзара үйлесімділігін салыстыра қарайды. Мұндай тауарларға жиһаздар, киімдер, электроника түрлері және т.б. жатады. Ерекше сұраныстағы тауарлар аса сирек сипатқа ие және тұтынушылар бұл тауарларды сатып алу үшін айтарлықтай күш жұмсайды. Оларға кейбір автомобиль маркалары, электрондык, электрлі- тұрмыстық техникалар жатады. Ал пассивті (бәсең) сұранымдағы тауарлар- тұтынушы білмейтін, білсе де, әдетте оны сатып алу туралы әрқашан ойлана бермейтін кең тұтынудағы тауарлар(жаңа енгізулер, сақтандыру түрлері, күзет жүйесі және т.б.).

Өндірістік мақсатқа арналған тауарлар – кейін қайта өңдеуге немесе өндіріске пайдалану үшін алынатын тауарлар, яғни шикізат, материалдар, жабдықтар, қосалқы бөлшектер және т.б. заттар. [1;190б]

Сатып алушылар неше алуан көптеген тауар түрлерін сатып алады. Классификациялаудың ыңғайлы әдісінің бірі – тұтынушылардың сатып алу әдеттері негіздеріне байланысты оларды топтарға бөлу.

Бұл нышан бойынша күнделікті сұранымдағы тауарлар, алдын ала таңдалынатын тауарлар, арнайы сұранымдағы тауарлар және пассивті сұранымдағы тауарлар деп бөлуге болады.

Күнделікті сұранымдағы тауарлар - тұтынушы, әдетте, ойланбай және оларды өзара салыстыруға минимальды әрекеттеніп, жиі сатып алатын тауарлар. Мұндай тауарлардың мысалына темекі бұйымдары, сабын және газеттер жатады.

Күнделікті сұранымдағы тауарларды тұрақты сұранымдағы негізгі тауарлар, импульсті түрде сатып аланатын тауарлар және төтенше жағдайға керекті тауарлар деп қосымша түрде бөлектеуге болады. Тұрақты сұранымдағы негізгі тауарларды адамдар жүйелі түрде сатып алады. Мысалға, «Хайнц» кетчупын, «Крест» тіс пастасын және қытырлайтын «Ритц» печеньесін әдетті түрде сатып ала береді. Импульсті түрде сатып сатып алынатын тауарды ешқандай алдын ала ойланбай және іздемей сатып алады.Әдетте, мұндай тауарлар көптеген жерлерде сатылатын болғандықтан, тұтынушы оларды арнайы іздемейді. Осылай шоколад батончиктерін не журналдарды дүкен есептеу тораптары қатарына жайып қоймаса, тұтынушы оларды сатып алу туралы ойланбаған да болар еді. Төтенше жағдайларға керекті тауарларды оларға деген өте мұқтаждық жағдай пайда болғанда, мысалы, нөсер кезінде қолшатырды, қар басып қалғанда етікті және күректі сатып алады. Төтенше жағдайға керекті тауарларды шығарушылар, кенеттен тауар керек болған тұтынушыдан айырылып қалмау үшін, оларды таратуды көптеген сауда орындары арқылы сатады. [2; 198-203б]

Алдын ала таңдалынатын тауарлар – тұтынушы тауарды және сатып алу процесінде дағдылы түрде жарамдылық, баға, сапа және сырттай әшекейленуі көрсеткіштеріне байланысты өзара салыстырады. Мұндай тауарлар мысалдарына жиһаздар, киімдер, ұсталынған автокөліктер және негізгі тұрмыстық электр тауарлары жатады.

Алдын ала таңдалынатын тауарларды ұқсас, ұқсас емес деп қосымша бөлшектеуге болады. Сатып алушы ұқсас тауарларды сапа жағынан бір-бірімен ұқсас бұйымдар деп қараса, сатып аларда оларды бір-бірінен баға жағынан салыстыруға болатындай айырмашылығы бар екенін ескереді. Мұндай тауарды сатушы сатып алушымен сөйлескенде, «бағаны дәлелдеуі» керек. Бірақ киімдерді, жиһазды және басқа бір-біріне ұқсамайтын тауарларды сатып аларда, олардың қасиеті тұтынушылар үшін бағасынан гөрі мәндірек болады. Егер сатып алушыға жолақ костюм керек болатын болса, онда оның фасоны, денеге қонымдылығы және осы костюмнің түрі оның бағасындағы шамалы айырмашылыққа қарағанда мәндірек деп саналынады. Сондықтан алдын ала таңдалынатын ұқсас тауарларды сатуда, жеке адамдардың жарасымдықты ұнату түр- түрлерін қанағаттандыру үшін, олардың кеңейтілген ассортименттері болуы екрек және тұтынушыларды қажетті ақпаратпен қамтамасыз ететін, оларға кеңес бере алатын жақсы дайындалған сатушылар штаты болуы керек.

Ерекше сұранымдағы тауарлар – оларды сатып алу үшін көпшілік сатып алушылар қосымша күш жұмсауға дайын, өте сирек сипаттамалы не жеке маркалы тауарлар. Мұндай тауарлардың мысалына модалы тауарлардың нақтылы маркалары және түрлері, автокөліктер, стереоаппаратуралар, фотоқұрылғылары, ерлер костюмдері жатады. Мысалға, «Мерседес» автомобилі арнайы сұранымдағы тауарға жататын себебі, оны сатып алушылар оны іздеуге біршама жол жүруге дайын. Ерекше сұранымдағы тауарлар ешқандай салыстыруды қажет етпейді. Тұтынушының қосымша үлесіне оның іздеген тауарын сатушы дилерді табуға керекті уақыт жатады. Ал дилердің ыңғайлы, ыңғайсыз орналасқанына аса мән беріле қоймайды, тек ол потенциалды сатып алушыларды өзінің қайда орналасқаны жөнінде хабардар етуі керек.

Пассивті сұранымдағы тауарлар – тұтынушы білмейтін не білсе де, әдетте, оны сатып алуды ойланбайтын тауарлар. Түтін индикаторы және тамақ өнімдерін өңдеуге керекті ас үй машинелері сияқты жаңалықтар, тұтынушыларды олар туралы жарнама арқылы хабардар еткенше, пассивті сұранымдағы тауарлар разрядтарына жатады. Жұрттың бәріне әйгілі және сұранымы онша емес тауарлардың классикалық мысалына өмірді қамсыздандыру, энциклопедиялар жатады. Мұндай тауарлар өзінің табиғатына байланысты, оларды өткізу үшін жарнама және жеке сату әдістері сияқты, әжептәуір маркетингілік әрекеттерді талап етеді. Кейбір жеке сату әдістерінің жетік түрлерінің дүниеге келуі осындай пассивті сұранымдағы тауарларды өткізуді қамтамасыз ету нәтижесі болып саналады.

Өндірісте пайдалануға арналған тауарларды топтастыру. Кәсіпорындар және мекемелер тауарлар мен қызметтерді орасан зор көлемде сатып алады. Өндірісте пайдаланылатын тауарларды олардың өндіріс процесіне қатысу негізі бойынша және олардың салыстырмалы құндылығы бойынша топтастыруға болады. Бұл тауарлардың үш топтарын бөліп шығаруға болады: материалдар және бөлшектер, күрделі дүниелер және көмекші материалдар, қызметтер (51-сурет).

Таурлық ассортимент дегеніміз функционалды және тұтынушылық сипаттамасы, сондай-ақ бөлу арналары бойынша ұқсас тауарлардың тобы. Мысалы, «ФудМастер» компаниясы әрқайсысы өзіндік маркетинг стратегиясын талап ететін сүт өнімдерінің ассортиментін (әр алуан тауар жинағын) өндіреді.

Тауар ассортиментінің кеңдігі және терңдігін бөліп көрсетуге болады.


Көмекші материялдар және қызметтер

Көмекші материялдар

Іскерлік қызметтер

Күрделі мүлік


Тұрақты құрылыстар


Көмекші құрылғылар


Материялдар және бөлшектер

Шикізаттар

Жартылай фабрикаттар және бөлшектер


1- сурет. Өндірісте пайдаланатын тауарларды топтастыру

Материалдар және бөлшектер - өндірушінің бұйымдарында толық пайдалынатын тауарлар. Олар екі топқа бөлінеді: шикізат және жартылай фабрикаттар мен бөлшектер.

Шикізат құрамына ауылшаруашылық өнімдері (бидай, иақта, жемістер және т.б.) және табиғи өнімдер (балықтар, орман, темір рудасы т.б.) кіреді. Ауылшаруашылық өнімдерінің маркетингі табиғи өнімдердің маркетингісінен шамалы айырмашылықта болады. Ауылшаруашылық өнімдерімен көптеген шағын өндірушілер маркетингілік делдалдарды жабдықтайды, ал олар өнімдерді жинайды, сорттайды, сақтауды ұйымдастырады, тасымалдайды және өткізеді. Ауылшаруашылық өнімдерін ұсыну біршама өсуі мүмкін, бірақ ол үшін бірқатар уақыт керек. Ауылшаруашылық тауарлары – тез бұзылатын тауарлар және маусыммен байланысты болғандықтан, арнайы маркетингілік әдістерді пайдаланғанды талап етеді. Оларды сирек жарнамалайды, өткізуды ынталандыруды сирек өткізеді, бірақ кей уақытта өндіруші картоп, алхор не сүт өндірушілер өз өнімдерін тұтынудың өсуін үгіттеу компанияларын ұйымдастырса, ал кейбіреулері өз тауарларына маркалы аттар – «Санкист» апельсині, «Чикити» бананы атын береді.

Табиғи өнімдерді ұсыну өте шектеулі. Әдетте, олар көлемді, тауар бірлігінің бағасы жоғары емес, ал олар өндірушіден тұтынушыға тасымалдау өте күрделі болады. Ірі өндірушілердің тек бірқатары ғана өз өнімдерін өндіріс тұтынушыларына тікелей сатуға тырысады. Бұл материалдардың тұтынушыда үздіксіз тұрақты түрде болуы қажет болғандықтан, олармен жабдықтау ұзақ уақыттылық байланыс негізінде орындалады. Табиғи өнімдердің бір- бірімен ұқсастығы өткізуді ынталандыру әрекетін кеңейтуді шектейді. Жабдықтаушыны таңдауға негізгі әсерін тигізетін негізгі факторларға тауардың сенімділігі және бағасы жатады.

Жартылай фабрикаттар және бөлшектер - не материалдық компоненттер (темір, цемент т.б.), не комплектілеу бұйымдары (дөңгелектер, шағын моторлар).

Күрделі мүлік – дайын бұйымдар құрамына жарым- жартылай қатысты тауарлар. Оны екі топқа бөлуге болады: тұрақтв құрылыстар және көмекші құрылғылар.

Тұрақты құрылыстар құрылыстар (зауыттар) және тұрақты құрылғылар (компьютерлер, генераторлар) түрлерінде болады. Тұрақты құрылыстар, әдетте, тек өндірушіден тікелей сатып алынатын негізгі тауарларға жатады. Мұндай өндірушінің сауда аппараты көбінесе өткізуші- инженерлерден тұратын жоғары білікті мамандардан құрылады.

Көмекші құрылғылар құрамына қозғалмалы зауыт құралдары және кеңсе құралдары (жазу машинкалары) кіреді. Бұл типті құралдар дайын бұйымның құрамына мүлдем кірмейді. Ол өндіріс процесіне қолғабысшы ретінде болады. Көмекші құрылғыларды өндірушілердің кейбіреуі оны тікелей тұтынушыға сатады. Жабдықтаушыларды таңдағанда, негізгі ұсынысқа тауар сапасы, қасиеті және бағасы әрі сервис жүйесінің барлығы есепке алынады.

Көмекші материалдар және қызметтер - дайын бұйымдар құрамына қатысы жоқ объектілер.[2; 198-203б]

Көмекші материалдар екі түрде болады: жұмыс материалдары (көмір, қалам) және техникалық қызметке, жөндеуге керекті материалдар (бояу, шеге). Тұтыныс нарығындағы күнделікті сұранымдағы тауарлар қандай болса, көмекші тауарлар өндірісте пайдаланылатын тауарлар нарығында сондай болып, әдетте, оларды минималды әрекеттер арқылы өзгеріссіз, қайта- қайта сатып алу әдісімен орындайды. Көмекші материалдардың көпшілігі стандартталғандықтан, ал маркаларға көңіл қою нашар болғандықтан, оларды сатып алардағы негізгі ұғыныс тауар бағасы және сервис болады.

Іскерлік қызметтер - техникалық қызмет жасау, жөндеу (терезені жуу) және консультациялық сипаттамалы (құқ консультациясы) . Техникалық жұмыс жасау және жөндеу, әдетте, шарт жасау негізінде орындалады.Консультация сипаттамалы іскерлік қызметтер жаңа міндеттерді шешуге арналған сатып алу кезінде кездеседі.

Тауарлық ассортимент - бұл функционалды және тұтынушылық сипаттамасы, сондай-ақ бөлу арналары бойынша ұқсас тауарлар тобы. Мысалы, “Фуд Мастер” компаниясы әр қайсысы өзiндiк маркетинг стратегиясын талап ететiн сүт өнiмдерiнiң ассортиментiн өндiредi.

Тауар ассортиментiнiң кеңдiгiн және тереңдiгiн бөлiп көрсетуге болады.

Тауар ассортиментiнiң кеңдiгi фирма мақсаттары мен мiндеттерiне байланысты нарықтың үлкен бөлiгiн қамтуды мақсат тұтқан фирмада аумақты тауар ассортиментi болуы қажет, ал егер фирма тек табыс табуды ғана көздесе онда табысты тауардың тар ассортиментiмен ғана шектеледi. Әдетте уақыт ағымына қарай фирманың тауар ассортиментi кеңейедi және бұл 2 әдiспен жүзеге асады: өсу және қанықтыру. Тауар ассортиментiн өсiру жаңа тауар фирма шығарған өнiмнiң ассортиментi шегiнен шыққанда пайда болады. Өсу төмен, жоғары немесе 2 бағытқа да бiрдей жылжуы мүмкiн.

Тауар ассортименті – не қызмет ұқсастығына, не оларды клиенттердің тек бір тобына сатылатындығына, не бір типті сауда орындары арқылы сатылуына, не бір шектегі бағаның диапозонында сатылатындығына қарай топталған, бір- бірімен тығыз байланысты тауарлар.

Әр тауар ассортименті жеке маркетингілік стратегияны талап етеді. Көпшілік фирмаларда әр ассортименттік тауар топтарымен жұмысты басқаруды жеке адамдарға тапсырады. Бұл басқарушы тауар ассортименттерін кеңейту және кейіпкер тауар туралы бірқатар жауапты шешімдер қабылдауы керек. Тауар ассортиментін басқарушы осы ассортименттің кеңдігі туралы шешім қабылдауы керек. Ассортимент өте қысаң, егер оны қосымша жаңа бұйымдармен толықтырып, табысты өсіруге мүмкіншілік болса және өте кең, егер оның құрамына бірқатар бұйымдарды шығару арқылы табыс өсірілетін болса. Тауар ассортиментінің кеңдігі бір жағынан фирманың алдына қойған мақсаты бойынша анықталады. Мейлінше толық ассортимент шығаратын деген атақ алғысы келетін не нарықтың үлкен бөлігіне ие болғысы келетін, не оны кеңейткісі келетін фирмалардың тауар ассортименттері кең болады. Өздерінің шығаратын кейбір тауарларының табыс алып келмеуі оларды састыра қоймайды. Өз бизнесінің ең алдымен өте табысты болғанын қалайтын фирмалардың, әдетте үлкен табысты қысаң ассортименті болады.

Тауар ассортимнтінің төменге қарай өсуі. Көптеген фирмалар нарықтың алдыңғы қатарында, яғни оның жоғарғы эшелонында орналасқысы келеді. Алаида,фирма өзінің өндірісі мен тауарлық ассортиментін кеңейту үшін басқа да нарық эшелонын қамтуға тырысады.Фирмалар төменге қарай өсуді нарықтың жылдам дамушы сегментінде ұмтылатын бәсекелестерді тежеу үшін қолдануы мүмкін.Бірқатар американдық фирмалар(«Форд», «Дженерал Мотос»)70-жылдардың басында ассортименттерін төменге қарай ұлғайтпағаны,яғни нарықтың төменгі эшелондарын игермегендіңгі үлкен қателік болады.Мұны жапон фирмалары тиімді пайдаланып,АҚШ автомобиль нарығының айтарлықтай бөлігін қамтып алды.

Жоғары қарай өсуі. Нарықтың төменгі эшелонында әрекетін жасаушы фирмалар оның жоғары жатқандарына енгісі келуі мүмкін. Оларды нарықтың жоғары эшелонында өсу темпінің жоғарлығы не мол табыстылығы қызықтыруы мүмкін. Ал фирма өзін ассортиментті толық қамтитын өндіруші ретінде де позициялағысы келген болуы мүмкін.Жоғары қарай өсу туралы шешім қабылдау қайіпті де болуы мүмкін. Жоғары эшелондағы бәсекелестер өз позицияларында нақты түрде, «окопталғандықтан» нарықтың төменгі эшелонына ену үшін контр шабылуға шығуы мүмкін. Потенциалды сатып алушылар жаңа фирманың жоғары сапалы тауар шығара алатындығына сенбеуі де мүмкін және соңында, фирма сауда агенттерінің, дистрибьюторларының нарықтың жоғары эшелонында қызмет жасауға білімі не шеберлігі жетіспеуі мүмкін.[1; 200-2005б]

Тауар ассортиментінің жоғары және төмен өсуі. Нарықтың орта эшелоныңда әрекет ететін фирмалар өз тауар ассортиментін бір мезгілде жоғарыға да, төменге де өсіруі туралы шешім қабылдауы мүмкін. Ол үшін фирма айтарлықтай жетілген тауарларды шығарып, оларды төменгі нарық эшелонындағы бағамен сатуы қажет. Фирма жоғарыға қарай өсуі үшін жоғары сапалы тауарлар шығарып, оны нарықтың жоғарғы бөлігіндегі бағадан төменірек бағамен сатуы тиіс. Осындай амал қолдану арқылы «Sony» корпорациясы дербес аудиоплеерлердің әлемдік нарығында алдыңғы қатарға шықты.

Тауар ассортиментін толықтыру. Тауар ассортиментін толықтырудың бірнеше себептері бар:

  • табысты көбейту қажеттілігі;

  • ассортиментті кеңейтуді сұрайтын делдалдардың пікірін ескеру;

  • фирманың іске қосылмаған өндірісін жүзеге асыру;

  • бәсекелестердің іс-қимылынбейтараптандыру.

Тауарассортиментін толықтыру үшін өндіріліп жатқан өнімдерден жаңа тауар айтарлықтай ерекшеліну керек.Алайда,тауар ассортиментінің толығуы жалпы табыстың қысқаруына әкеп соғады.Себебі,тауарлар бір-бірімен өзара бәсекеге түседі,ал тұтынушы оларды таңдауда қиналуы мүмкін.

Тауар ассортиментін толықтыру туралы шешім қабылдау тауар номенклатурасы ұғымымен тығыз байланысты.Тауар наменклатурасы-нақты сатушылардың сатып алушыларға ұсынатын тауарлар мен тауар бірліктерінің барлық ассортименттік топтарының жиынтығы.

Тауар номенклатурасы кеңдігімен, толықтығымен, тереңділігімен және үйлесімділігімен сипатталады.

Тауар номенклатурасының кеңділігі деп фирма шығарған ассортименттік топтардың жалпы санын айтады.Мысалы , «Ақсай-нан»ұн өнімдерінің 5 ассортименттік топтарын шығарады.Олар-нан,ойық тоқаш нан,пряник,сухари (кептірілген нан),кондитер өнімдері.

Тауар номенклатурасының толыққандылығы деп-барлық ассортиментті құрайтын жеке тауарлардың жалпы санын айтады.

Тауар номенклатурасының тереңдігі – бұл әр ассортиментті топ шегіндегі ұсынылған тауар нұсқалары.Мысалы, «Беккер және Ко » жұмсақ нан,жай нан,макпен,жүзіммен тоқаш пісіреді.Бұл ұсыныс тереңдігі 4-ке тең екенін түсіндіреді.

Тауар номенклатурасының үйлесімділігіне әр түрлі ассортимент топтарындағы тауарлардың соңғы тұтынылуы,өндірісті ұйымдастыруға қойылатын талаптары,тарату арналары немесе басқа да көрсеткіштері тұрғысынан өзара ұқсастығы жатады. «Ақсай-нанның» ассортименттік тауар топтарының номенклатурасының үйлесімді,себебі-осының барлығы,тек әдеттегі тарату арналары арқылы өтетін күнделікті сұраныстағы тауарлар.

Тауар номенклатурасын сипаттайтын бұл 4 көрсеткіш фирманың тауар-номенклатурасын анықтауға мүмкіндік береді.Ол тауар номенклатурасына тауарлардың жаңа ассортименттік топтарын қоса отырып кеңейте алады.Фирма шығарылатын тауардың өлшемін өзгерте отырып және оған әр түрлі қоспалар қосу арқасында тауар номенклатурасын тереңдете алады. Тауар саясаты дегеніміз – бұл ассортиментін қалыптастыру бойынша олардың жаңа түрлерін жасау, сапа және бәсекеге қабілеттілігін жоғарлату, өмірлік циклін талдау, тауарлық белгілерді пайдалану, буып-түю, орау, таңбалау және сервстік қызмет көрсету бойынша шешім қабылдауды қажет ететін фирманың көп факторлы қызмет көрсету аумағы.

Тауар стратегиясы – тауар өндірісінің ресурстық мүмкіндіктері мен нарықтық конъюктура жағдайына сай болашақта даму бағытын анықтайтын құралы.

Фирма өндіретін тауарлар түрінің ұйымдастыру саласына : оның сапасы, қызметі, сыртқы түрі, таңбалануы, буып-түю, орауы және сервисі жатады.

Егер өнім сапасы оны жасайтын материал құрамы, мөлшері, дәмі сияқты физикалық және химиялық құрамдарының қасиеттеріне байланысты болса, оның сыртқы түріне әр түрлі геометриялық фигуралар жиынтығынан (комбенациясынан) тұратын түрі, түсі, дизайны әсер етеді.

Сапа – бұл тұтынушы сұранысы мен қажеттілігіне жауап беретін тауардың қасиеттері мен сипаттамаларының жиынтығы.

[1; 207б]


2-сурет. Тауар саясатының ұйымдастыру салалары


  1   2   3   4   5   6   7   8

Похожие:

I бөлім. Маркетинг жүйесіндегі тауар және тауар саясаты iconТарбағатай ауданының
Бөлшек тауар айналымы. Ауданда бөлшек тауар айналымы бойынша тоқсан сайын есеп беретін 4 кәсіпорын тіркелген Бөлшек тауар айналымының...
I бөлім. Маркетинг жүйесіндегі тауар және тауар саясаты iconЭкономика және Бизнес факультеті
Ақша тауар өндірісінің дамуындағы бірден – бір шарт және өнім болып табылады. Тауар – бұл сату немесе айырбастау үшін жасалынған...
I бөлім. Маркетинг жүйесіндегі тауар және тауар саясаты iconДәріс № Маркетинг жүйесіндегі тауар, ТӨК тұжырымдамасы
Тауардың таңбасы дегеніміз-басқа тауарлардан оны айыру үшін, қабылданған тәртіпке сәйкес тіркелген тауарға берілген белгі. Ол сурет,...
I бөлім. Маркетинг жүйесіндегі тауар және тауар саясаты iconТауар биржалары саласындағы қызметтерді
Тауар биржасы мүшелерінің бастапқы және жыл сайынғы, биржа мүлкін пайдаланғаны, сондай-ақ биржалық мәмілелерді, заңнамада тыйым салынбаған...
I бөлім. Маркетинг жүйесіндегі тауар және тауар саясаты iconТақырыбы: Ақша жүйесі және ақша айналымы Орындаған: Пернешова А. Т
Сондықтан да әрбір тауар қажетті тұтыну құнын алу құралы бола отырып, өзінің өндірушісіне қатынасы бойынша айырбас құны ретінде көрінеді....
I бөлім. Маркетинг жүйесіндегі тауар және тауар саясаты iconСтратегияның пайда болатын өндiргiш күштер және өндiрiстiк қатынастарының базасы және шаруашылық жұмысының тауар өндiрiнiң барлық буын қамтитын тактикаларына
Экономика стратегияның пайда болатын өндiргiш күштер және өндiрiстiк қатынастарының базасы және шаруашылық жұмысының тауар өндiрiнiң...
I бөлім. Маркетинг жүйесіндегі тауар және тауар саясаты iconТест сұРАҚтары маркетинг обьектілеріне не жатады? A тек тауарлар; b тауар мен қызмет көрсету
Маркетингтің қай қағидасы коммерциялық әрекеттерді және ынталандыру шараларын қолданады?
I бөлім. Маркетинг жүйесіндегі тауар және тауар саясаты icon«Экономикалық теория негіздері» пәні бойынша экономикалық емес маманд ықтары үшін
Абстрактылы еңбек – тауар айырбасы кезінде көрінетін жалпы адам еңбегі, яғни құн жасайтын еңбек. Абстрактылы еңбек белгілі бір өндірістік...
I бөлім. Маркетинг жүйесіндегі тауар және тауар саясаты icon«Экономикалық теория негіздері» пәні бойынша экономикалық емес маманд ықтары үшін
Абстрактылы еңбек – тауар айырбасы кезінде көрінетін жалпы адам еңбегі, яғни құн жасайтын еңбек. Абстрактылы еңбек белгілі бір өндірістік...
I бөлім. Маркетинг жүйесіндегі тауар және тауар саясаты iconДәріс № Маркетинг жүйесіндегі баға және баға саясаты Бағаның атқаратын қызметі және оған әсер ететін факторлар
Дұрыс таңдап алынған баға стратегиясы тауардың бәсекелік қабілетіне және кәсіпорынның өндіру, өткізу жұмысына ұзақ мерзім әсерін...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница