Лекция: 30 сағат




НазваниеЛекция: 30 сағат
страница6/19
Дата конвертации12.02.2016
Размер2.05 Mb.
ТипЛекция
источникhttp://89.218.153.154:280/CDO/Sillabus/Kuk/Ihlasova.KRBanKuk.doc
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19

Тақырып VІІІ


Банк жүйесіндегі Қазақстанның Даму Банкі: кредиттеу- инвестициялау сипатындагы қаржылық құзыреті

(1 сағат)


Жоспар:

Банк жүйесіндегі Қазақстанның Даму Банкі

ҚР Даму Банкінің қаржылық құзыреті.


Лекцияның мәтіні:

Қазақстанның Даму Банкі жарғылык капиталына мемлекеттің катысуы 100 процентті кұрайтын, өзіне берілген ерекше күкыктык мәртебесіне орай Қазақстан Республикасы банк жүйесінің екінші деңгейіне қосылмайтын, Қазақстан Республикасы аумағында және одан тысқары жерлерде жүзеге асырылатын инвестициялық-каржылық қызмет пен Қазақстан Республикасы резиденттерінің экспорттық операцияларын кредиттеу, қаржыландыру және ынталандыру мақсатында акционерлік қоғам нысанында құрылған заңды тұлға, мемлекеттік кредиттік - қаржылық институт болып табылады.

Деңгей аралық Қазақстанның Даму Банкінің айрықша құзыретіне қайтарымды негізде қаржыландырылатын (бюджеттік кредит арқылы) республикалық және жергілікті инвестициялық жобаларға, сондай-ақ мемлекет кепілдік берген заемдар есебінен қаржыландырылатын жобаларға қызмет көрсету жөніндегі агенттің функциясын орындау жатады.

Республикалық және жергілікті бюджет каражаттары есебінен қалыптастырылатын Қазақстанның Даму Банкінің жарғылық капиталының мөлшері 30 миллиард теңгені құрайды.

Қазақстанның Даму Банкі өз кызметінің барысында мемлекеттік инвестициялық кызметті жетілдіру және оның тиімділігін арттыру, өндірістік инфрақұрылым мен өңдеуші өнеркәсіпті дамыту, ел экономикасына сыртқы және ішкі инвестициялар тартуға жәрдемдесу сияқты мақсаттарды көздейді.

Осындай мақсаттарды іске асыру тұрғысынан Қазақстанның Даму Банкіне:

1) инвестициялық жобаларға бес жылға және одан артық мерзімге (орта мерзімге) кредит беру:

2) инвестициялық жобаларға он жылға және одан артық мерзім жиырма жылға дейін (ұзак. мерзімді) кредит беру;

3) ел аумағында шыгарылатын өнімдерді экспортын ынталандыру максатында Казакстан Республнкасы резиденттерінің жспорттык операцияларын кредиттеу;

4) басқа қаржылық-кредиттік институттар беретін заемдар мен кредиттер бойынша кепілдік міндеттемелер беру;

5) бірлесіп қаржыландыру жолымен Қазақстан Республикасы экономикасының өндірістік секторына кредит беруді ынталандыру;

6) Қазақстан Республикасының Үкіметі іске асыратын инвестициялық жобаларды каржыландырудың тетіктерін жетілдіру сияқты және Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес өзге де міндеттер жүктелген.

Қазақстанның Даму Банкі өзіне тән функцияларын жүзеге асыру ауқымында:

1) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін өзінің кредит саясаты туралы Меморандумына сәйкес инвестициялық жобаларды және экспорттық операцияларды іріктейді, сондай-ак осы жобалар мен операцияларды кредиттейді, онын ішінде бірлесіп қаржыландырады;

2) қайтарымды негізде қаржыландырылатын республикалық және жергілікті инвестициялық жобаларға, сондай-ақ мемлекет кепілдік берген заемдар есебінен қаржыландырылатын жобаларға қызмет көрсететін агенттің функциясын орындайды;

3) республикалық және жергілікті инвестициялық, жобалар ретінде қайтарымды негізде қаржыландыруға ұсынылатын жобаларға, сондай-аұ мемлекет кепілдік берген заемдар есебінен қаржыландыруға ұсынылатын жобаларға банктік сараптама жүргізеді;

4) өз заемшыларының қаржылық жай-күйіне, өзі қызмет көрсететін республикалық және жергілікті инвестициялық жобаларға, сондай-ақ мемлекет кепілдік берген заемдар есебінен қаржыландырылатын жобаларды іске асыруға мониторинг жүргізеді;

5) өз заемшыларының тиісті міндеттемелерді орындауын қамтамасыз ету жөнінде шаралар колданады;

6) мемлекет кепілдік берген заемдарды қоса алғанда, мемлекеттік емес заемдар алады, оларға қызмет көрсетеді және өтейді;

7) мемлекет кепілдік берген заемдарға қызмет көрсетеді;

8) Қазақстан Республикасы Үкіметінің мемлекеттік кепілдіктер бойынша міндеттемелерді орындауына және заңды тұлғалардың өзге де борыштық міндеттемелерін орындауына байланысты республикалық бюджеттен бөлінген қаражатты қайтару жөніндегі агенттің функциясын орындайды.

Қазақстанның Даму Банкі:

1) өзінің Кредит саясаты туралы Меморандумына сәйкес тиісті қаржы жылына арналған өз кредиттік саясатын анықтауға;

2) банктік сараптаманы және заемшының кредиттік қабілеттілігін талдау нәтижелері бойынша инвестициялық жобаны қайтарымдылық негізінде қаржыландырудың қыйсындылығын анықтауға;

3) банктік сараптама жүргізу үшін сарапшыларды және кон-сультанттарды тартуға;

4) Кредит саясаты туралы Меморандумда белгіленген шектерде және тәртіп негізінде заем қаражатын қоса алғанда, өтімділігі жоғары қаржылық кұралдардың ішкі және сыртқы рыноктарында уақытша бос қаражатты орналастыруға;

5) осы Меморандумда белгіленген шекте заемдық қаражаттарды, оның ішінде республикалық және жергілікті бюджеттерден заемдық қаражаттарды тартуға;

6) бағдарламаға енбейтін республикалық және жергілікті ин-вестициялық жобаларды іріктеп алуға және Меморандумда белгіленген шектеулерді ескере отырып, бірлесіп қаржыландыруды қоса алғанда, оларға кредит беруге;

7) жиынттық көлемі Меморандумда белгіленетін өз кепілдіктерін беруге;

8) отандық және шетелдік банктердің, сондай-ақ басқа да қаржылық институттардың қатысуымен қарыз алудың ұйымдастырушысы және қатысушысы болуға құқылы.

Қазақстанның Даму Банкі агент ретінде қызмет көрсететін инвестициялық жобаларды республикалық және жергілікті бюджеттер есебінен қаржыландыру бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері тарапынан осы Банкке қаражаттар аудару жолымен жүзеге асырылады.

Өзі қызмет көрсететін инвестициялық жобаларға қатысты агенттік қызмет көрсету шарттарына сәйкес Қазақстаннын Даму Банкі:

1) инвестициялық жобаларды іске асыруды қарржыландыру графиктерінің;

2) заемшылардың қаржылық жай-күйінің

3) іске асырылатын жобалар бойынша жұмыстар көрсететін қызметтер көлемінің нақтылы орындалуының мониторингін жүргізеді.

Қазақстанның Даму Банкі республикалық және жергілікті инвестициялық жобалар ретінде қайтарымды негізде қаржыландыруға ұсынылатын жобалардың сондай-ақ мемлекет кепілдік берген заемдар есебінен қаржыландыруға ұсынылатын жобалардың банктік сараптамасын тиісті шарт негізінде жүзеге асырады.

Осындай инвестициялық жобаларды банктік сараптау нәтижелері жөніндегі Қазақстан Даму Банкінің қорытындысы жобаның тиімділігі, заемшының кредиттік қабілеттілігі мен төлем қабілеттілігі, заемды қайтарудың қамтамасыз етілуі туралы, қаржыландырудың нысаны мен шарттары туралы, сондай-ақ, жобаны қайтарымды негізде қаржыландырудың қыйсындылығы туралы қорытындыларды қамтиды.

Қазақстанның Даму Банкі бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органға республикалық бюджеттің ақша каражаттарының шығыстары туралы, облыстардың, Алматы қаласының және Астана қаласының әкімдіктеріне жергілікті бюджеттердің ақша қаражаттарының шығыстары туралы, сондай-ақ бюджетті атқару және бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органдардың республикалық бюджеттен өзіне, жергілікті бюджеттерден об-лыстардың, Алматының және Астананың әкімдіктеріне бөлінген заемдық қаражаттардың игерілуі туралы есептілікті ай сайын табыс етіп отырады.


Тақырып ІХ


Коммерциялық банктердің құқықтық жағдайы

(1 сағат)


Жоспар:

Банк жүйесіндегі коммерциялык банктер

2. Ұйымдастырылу қағидалары, қызметінің құқықтық нысандары


Лекцияның мәтіні:

Қазақстан Республикасының банк жүйесіндегі коммерциялық банктер акционерлік қоғам нысанында кұрылған, Қазақстан Республикасының банктер, банктік қызмет туралы заңнамалық актілері, өздеріне қатысты өзге де заңнамалық актілер мен заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілер, сондай-ақ арнаулы лицензиялар - рұқсаттар негізінде банктік операциялар мен мәмілелердің барлық түрлерін және тиісті қаржылық қызметті кең ауқымда жүзеге асыратын коммерциялық заңды тұлғалар кредиттік ұйымдар болып табылады.

Банк жүйесінің төменгі (екінші) денгейіндегі коммерциялық банктер кәсіпкерлік қызметтің айрықша түрін банктік операцияларды тиісті заңдарға және лицензияларға сәйкес жүзеге асыру арқылы (нәтижесінде) белгілі бір көлемде мол пайда табуды көздейтін, таза нарықтық сипаттағы коммерциялық институттар ретінде ерекшеленеді.

Коммерциялық банктер Қазақстан Республикасының тиісті заңдарында заңды тұлғалар үшін белгіленген тәртіппен және банктер туралы заңдарда белгіленген мән-жайлар мен ерекшеліктер негізінде акционерлік қоғам нысанында кұрылады.

Жаңадан құрылған коммерциялық банктің акционерлері банктің жарғылық капиталына Әділет министрлігінде не оны жергілікті бөлімдерінде банкті тіркейтін мерзімге қарай екі процент мөлшерінде және тіркелген күннен бастап бір күнтізбелік жыл ішінде толығымен төлем жасайды.

Қазақстан Республикасының Қаржы рыногы мен қаржылы ұйымдарды мемлекеттік реттеу және қадағалау жөніндегі Агенттігі өз кұзыреті шегінде әрі өзі белгілеген тәртіппен коммерциялық банктерге банктік операциялардың Қазақстан Республикасы банктік заңнамасында көзделген түрлерін (валюталық операциялардан басқаларын) жүргізуге лицензия береді. Сонымен қатар, аталған Агенттік банктерге, банктік топтарға арнал-ған пруденциалдык, нормативтерді және банктер үшін сақталуға міндетті өзге де нормалар мен лимиттерді белгілейді, сондай-ақ коммерциялық банктерді ашуға, қайта ұйымдастыруға және таратуға келісім береді.

Қазақстан Ұлттық Банкі және өзге де уәкілетті мемлекеттік органдар коммерциялық банктердің операциялык іс-әрекеттеріне араласпайды. Олар банк жүйесіндегі адал бәсекелестіктің калыптасуына жағдай жасауды көздейді.

Коммерциялық банктердің пассивті операцияларына клиенттерге қызмет көрсету арқылы немесе клиенттерге қызмет көрсетуден басқа да көздерден қаражаттар тарту жатады.

Коммерциялық банктердің активті операциялары банк клиенттерінің есебінен және олардың тапсырмалары бойынша банктің өзінің пайдасына жүргізілетін операциялар болып табылады.

Коммерциялық банктер мен олардың клиенттері арасындағы операциялар және банкаралық қатынастар тиісті банктік шарттардың негізінде жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасы экономикасының банктік секторындағы коммерциялық банктер елдің бірыңғай экономикалық кеңістігіндегі шаруашылық қызмет субъектілеріне қатысты және сыртқы экономикалық қызметке байланысты кредиттік, қаржылық және есеп айырысу операцияларының барлық түрлерін жүзеге асырады.


Тақырып Х

Қазақстан Республикасындағы коммерциялық банктердің операциялары

(1 сағат)


Жоспар:

1. Коммерциялық банктер жүзеге асыратын операциялар түрлері.

Коммерциялық банктер орындайтын функциялар.


Лекцияның мәтіні:

Коммерциялық банктер жүргізетін операцияларға қойылатын жалпы талаптар қоғам мүддесіне сәйкес мемлекеттік ұйымдастырушы ықпалдың бір көрінісі болып табылады. Себебі банктер өз банктік операциялық қызметін осындай операцияларды жүргізудің жалпы шарттылықтарын белгілейтін ережелер мен ішкі ережелер болған жағдайда ғана жүзеге асыра алады.

Банктік операцияларды жүргізудің жалпы шарттылықтары туралы ережелерде: қабылданатын депозиттердің және берілетін несиелердің шекті сомасы мен мерзімі; депозиттер мен кредиттер бойынша сыйакы ставкасының шектік мөлшері; депозиттер мен кредиттер бойынша сыйақы төлеу шарттылықтары; банктік операцияларды жүргізу ставкалары және тарифтері; банктердің, олардың клиенттерінің құқықтары мен міндеттері және жауапкершілігі; банктер қабылдайтын талаптар; банктік (операцияларды жүргізу шарттылықтарына енгізуге қажетті талаптар мен шектеулер көрініс табуға тиіс.

«Қазақстан Республикасындағы банктер және банк кызметі туралы» Қазақстан Республикасы заңының 30-бабына сәйкес коммерциялық банктер:

1) заңды тұлғалардың депозиттерін қабылдайды, сондай-ақ олардың банктік шоттарын ашады және жүргізеді;

2) жеке тұлғалардың депозиттерін қабылдайды, сондай-ақ олардың банктік шоттарын ашады және жүргізеді:

3) банктердің және банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың корреспонденттік есеп-шоттарын ашады және жүргізеді;

4)жеке және заңды тұлғалардың металл шоттарын ашады және жүргізеді;

5) кассалық операцияларды жүзеге асырады;

6) заңды тұлғалар мен жеке тұлғалардың ақша аудару жөніндегі тапсырмаларын орындайды;

7) заңды тұлғалар мен жеке тұлғалардың вексельдерін және өзге де қарыздық міндеттемелерін есепке алады (дисконттайды);

8) жеке тұлғалар мен заңды тұлғалардың, оның ішінде корреспондент банктердің тапсырмасымен олардың банктік шоттары бойынша есеп айырысуды жүзеге асырады;

9) сенімгерлік (трасталық) операцияларды жүзеге асырады;

10) банкаралық клиринг жүргізеді;

11) сейфтік операцияларды жүзеге асырады;

12) ломбардтық операцияларды жүзеге асырады;

13) төлемдік карточкалар шығарады;

14) банкноттарды, монеталар мен қазыналарды инкассациялайды;

15) шетел валютасымен айырбастау операцияларын жүзеге асырады;

16) төлем кұжаттарын инкассоға кабылдайды;

17) чек кітапшаларын шығарады;

18) аккредитив ашады, оны растайды және ол бойынша міндеттемелерді орындайды;

19) ақша түрінде орындалуды көздейтін банктік кепілдіктер береді;

20) лизинг қызметін жүзеге асырады;

21) өз меншігіндегі бағалы кағаздарды эмиссиялайды;

22) факторингтік операцияларды жүргізеді;

23) форфейтинггік операцияларды жүргізеді;

24) инвестициялық портфельді басқарады;

25) бағалы қағаздар рыногында делдалдық және дилерлік (кәсіби) қызметті жүзеге асырады;

26) қымбат бағалы тазартылған металдарды сатып алады, кепілге қабылдайды, сақтайды және сатады;

27) вексельдермен жасалатын операцияларды жүзеге асырады.

Осындай және өзге де банктік операцияларды топтастыру коммерциялық банктер орындайтын:

1) ел экономикасының мемлекеттік және жеке меншік секторларын, сондай-ақ тұрғылықты халықты кредиттеу;

2) қазақстандық немесе шетелдік инвесторлардың тапсырмалары бойынша күрделі салымдарды қаржыландыру;

3) қазақстандық не шетелдік заңды және жеке тұлғалардың уақытша басы бос ақша қаражаттарын, жинақталған ақшаларын немесе пайдаланбай жыйған қаражаттарын өз карамағына жұмылдыру;

4) қолма-қол ақшасыз есеп айырысуды ұйымдастыру және жүргізу;

5) өздеріне тән бағалы кағаздарды шығару;

6) инвестициялық қызметті жүзеге асыру;

7) түрлі қаржылық қызмет көрсетулерді ұйымдастыру және жүргізу сияқты функцияларды кдлыптастыруға мүмкіндік береді, сондай-ақ оларды орындау аясы осы банктердің қолындағы барлық лицензияларымен қамтылады.

Банктік операциялардың заң жүзінде толығымен көрініс табуы және коммерциялық банктерге осы орайда берілетін лицензиялардың міндетті түрде болуы коммерциялық банктердің арнаулы құқықтарының көлемін айқындай түседі.


Тақырып ХІ


Банктік операциялар және олардың түрлері

(1 сағат)

Жоспар:

ҚР Ұлттық Банкі лицензиялайтын банктердің операциялар түрлері.

Лицензия алу үшін қажетті құжаттар.


Лекцияның мәтіні:

Банктік операцияларды жүргізуге лицензия беру туралы өтініш Қазақстан Республикасы Агенттігі немесе Қазақстан Ұлттық Банкі тарапынан қабылданған күннен бастап бір ай ішінде қаралады.

Ұлттық және шетелдік валютамен жүргізілетін банктік операцияларға арналған лицензиялар Қазақстан Ұлттық Банкі тарапынан шектеусіз мерзімге беріледі.

Банктік операциялардың барлық түрлерін жүзеге асыру құқығы берілген лицензияда тікелей көрсетілген жағдайда ғана іске асырылады.

Қазақстан Ұлттық Банкі лицензиялайтын банктік операция банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыру ұйымдар жүргізетін операцияларға:

1) төлемдерді жинау, салыстырып тексеру, сұрыптау және олардың өзара есебін жүргізу, сондай-ақ клиринг қатынастары банктердің және банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың таза позицияларын иелену жөніндегі банктік клиринг;

2)сейфтік жәшіктерді, шкафтарды және үй-жайларды жалға қоса алғанда клиенттердің құжаттамалық нысанда бағалы қағаздарын, құжаттары мен қазыналарын сақтаған сейфтік операциялар; төлемдік карточкаларды шығару; банкноттарды, монеталар мен қазыналарды инкассациялық валютасымен жүргізілетін айырбастау операцияларын ұйымдастыру;

3) құндылықтарды пайдалануға байланысты операциялар: қозғалысының операциялары; резидент жеке тұлғалардың шетелдік банктерде шоттар резидент заңды тұлғалардың шетелдік банктерде шоттар ашу, рыногы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау (Қазақстан Республикасы Агенттігі лицензиялайтын банктік операция түрлеріне:

4)жеке және заңды тұлғалардың металл шоттарын ашады және жүргізеді;

5) кассалық операцияларды жүзеге асырады;

6) заңды тұлғалар мен жеке тұлғалардың ақша аудару жөніндегі тапсырмаларын орындайды;

7) заңды тұлғалар мен жеке түлғалардың вексельдері мен өзге қарыздық, міндеттемелерін есепке алу (дисконттау) жөніндегі есептеу операциялары;

8) ақылылық, мерзімділік, қайтарымдылық талаптарына сәйкес ақшалай түрде несие беру жөніндегі заемдық операциялар;

9) жеке тұлғалар мен заңды тұлғалардың, оның ішінде корреспондент банктердің тапсырмалары бойынша олардың банктік шоттары арқылы есеп айырысу;

10) сенім білдірген тұлғаның мүддесін көздеп және оның тап-сырмасымен оның ақшасын, ипотекалық қарыздары бойынша талап ету құқықтарын, тазартылған бағалы металдары мен бағалы қағаздарын басқаруға байланысты сенімгерлік операциялар;

11) банкаралық клиринг;

12) сейфтік операциялар;

13) ломбардтық операциялар;

14) төлемдік карточкалар шығару;

15) банкноттарды, монеталар мен қазыналарды инкассациялау;

16) шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру;

17) төлемдік құжатгарды (вексельдері қоспағанда) инкассацияға қабылдау;

18) чек кітапшаларын шығару;

19) аккредитивті ашу (ұсыну) және растау, сондай-ақ ол бойынша міндеттемелерді орындау;

20) ақшалай түрде орындалуды көздейтін банктік кепілдік беру;

21) үшінші түлғалар үшін ақшалай түрде орындауды көздейтін банктік кепіл болу және өзге де міндеттемелер беру;

22) қымбат бағалы тазартылған металдарды (алтын, күміс, платина, платина тобына жататын металдарды) құйма күйінде, монеталар мен дәрігерлік бұйымдар түрінде сатып алу, кепілге қабылдау, есепке алу, сақтау және сату;

23) құрамында бағалы металдар мен асыл тастар бар зергерлік бұйымдарды сатып алу, кепілге қабылдау, есепке алу, сақтау және сату;

24) вексельдермен жасалатын операциялар;

25) лизингтік қызметті жүзеге асыру;

26) акцияларды қоспағанда өз меншігіндегі бағалы қағаздарды эмиссиялау;

27) факторингтік операциялар;

28) форфейтингтік операциялар;

29) шетелдік валютамен және туынды бағалы қағаздармен жүргізілетін делдалдык қызмет;

30) шетелдік валютамен, туынды бағалы кағаздармен жүргізілетін дилерлік кызмет;

31) инвестициялық портфельді басқару;

32) кастодиандық қызмет жатады.

Қазақстан Республикасының банк жүйесінде банктік қызметін жүзеге асыруға құқылы коммерциялық ұйым болып табылатын заңды тұлға - банктің ресми мәртебесі оның әділет органдарына банк ретінде мемлекеттік тіркеуден өтуіне және тиісті банктік операцияларды жүргізуге уәкілетті мемлекеттік органдар берген лицензиялардың болуына байланысты айқын-далады.

Заңды тұлға банк ашуға рұқсат беру жөнінде Қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөніндегі Қазақстан Республикасы Агенттігіне өтініш жасайды. Аталған уәкілетті орган банк ашуға рұқсат беру жөніндегі өтініш қолына тиген (өзіне табыс етілген) күннен бастап оны үш ай ішінде, бірақ өтініш қабылданған күннен бастап алты айдан кешіктірмей қарауға міндетті.

Банктің құрылтайшылары уәкілетті органнан банк ашуға берген рұқсатты алған күннен бастап бір ай ішінде банкті мемлекеттік тіркеуден өткізу үшін әділет органына жолдайды. Банк әділет органында мемлекеттік тіркелгеннен кейін он тәрт күнтізбелік күн ішінде Қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөніндегі Қазақстан Республикасының Агентгігіне тіркеуші әділет органының белгісі, мөрі қо-йылған құрылтай шарты мен жарғысының және банкті мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің нотариалдық куәландырылған көшірмелерін тапсыруға міндетті.

Банк ашуға берілген рұқсат осы банкке банктік операциялар жүргізу үшін лицензиялар берілу туралы уәкілетті органның шешімі қабылданғанға дейін заңдык күшінде болады. Банктер банктік операциялар жүргізуге лицензия берілген жағдайда ол банк ашуға берілген рұқсатты уәкілетті органға қайтаруға тиіс.

Банктік және өзге де операцияларды жүргізуге арналған тиісті лицензияларды Қазақстан Ұлттыұ Банкі белгілеген тәртіппен және оның қорытындысы негізінде Қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөніндегі Қазақстан Республикасы Агенттігі немесе Қазақстан Ұлттық Банкі береді.

Банктерге берілетін лицензиялар банктік кызмет (операциялар) көлемдеріне қарай:

I) бірыңғай банктік технологиялық кешенге енетін банктік қызметтің бірнеше түрімен айналысуға мерзіміне шек қойылмайтын бас лицензия беріледі;

2) капитал қозғалысына байланысты, сондай-ақ рұқсат еткен көлемдегі, салмақтағы не мөлшердегі тауарлар (жұмыстар, қызметтер көрсету) үшін төлемді 180 күннен артық мерзімге кейінге қалдыруды не аванстық төлемді көздейтін экспорттық-импорттық мәмілелер бойынша банктік операциялар жүргізуте мерзімі шектелген бір жолғы лицензия беріледі;

3) Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы заңының ЗО-бабында көзделген белгілі бір банктік операциялар жүргізуге, сондай-ақ Қазақстан Республикасының валюталың заңнамасында белгіленген валюталық құндылықтарды пайдалануға байланысты банктік валюталық операцияларды жүргізуге операциялық лицензия беріледі.

Валюталық құндылықтарды пайдалануға байланысты операцияларды жүргізуге арналған лицензиялар нысанын Қазақстан Ұлттық Банкі белгілейді.

Банктік операцияларды, клирингтік және есеп айырысу ұйымдарының қызметтерін, банктік қызметке жүргізілетін аудитін, бағалы қағаздар рыногындағы кәсіби қызметті және т.б. қызметті жүзеге асыруға арналған лицензиялардың нысандарын Қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және кадағалау жөніндегі Қазақстан Республикасының Агенттігі немесе Қазақстан Ұлттық Банкі белгілейді.

Лицензиялар беру лицензияланатын банктік және өзге де операцияларды жүргізуге қойылатын талаптарға сай келетін барлық тұлғалар үшін бірдей негіздерге және тең шарттылықтарға сәйкес жүзеге асырылады. Лицензиялау банктік қызмет еркіндігін шектемейді. Лицензия банктік қызметтің нақтылы түрлерін, басқа да банктік іс-әрекеттерді ғана жүзеге асыруға, сондай-ақ банк жүйесінде лицензиялық тәртіп орнатуға мүмкіндік береді.

Лицензия алу үшін қажетті құжаттарға:

1) белгіленген үлгідегі өтініш;

2) қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығы үшін алынатын лицензиялық алымның тиісті жергілікті бюджетке төленгенін растайтын құжат;

3)заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелгені туралы куәліктің нотариалдық куәландырылған көшірмесі жатады.

Банктік операцияларды жүргізуге лицензия алу үшін өтініш беруші тұлға мемлекеттік тіркелген күннен бастап бір жыл ішінде:

- барлық ұйымдастыру-техникалық шараларын орындауға (банктік қызмет жүргізуге жарамды үй-жай мен ғимаратты және жабдықтарды әзірлеуге, тиісті кәсіби біліктілігі бар қызметкерлер жалдауға);

- жарғылық капиталға төлем жасауға тиіс.

Жұмыс істеп тұрған банк қосымша банктік операцияларды жүргізуге лицензия алу мақсатында:

- банктік операцияларды жүргізуге лицензия алуға өтініш берген айдың алдындағы үш айдың ішінде пруденциалдық нормативтердің және сақтауға міндетті басқа да нормалар мен лимиттердің;

- банктік тәуекелдер және ішкі бақылау жүйелері бөлігінде уәкілетті орган белгілеген талаптардың орындалуын қамтамасыз етуге міндетті.


Тақырып ХІІ


БАНКТЕРДІҢ ОПЕРАЦИЯЛЫҚ

ҚЫЗМЕТІН МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ

(1 сағат)


Жоспар:

Банктік қызметті ұйымдастыру және реттеу: қазіргі заманғы үрдістері,тәсілдері, құқықтық негіздері.

Банктік қызмет саласындағы мемлекеттік басқару.


Лекцияның мәтіні:

Банк жүйесінің кредиттік-қаржылық орталық ретіндегі мәні мен маңызы, нағыз өркендеп даму шағы нарықтық экономика жағдайында айқын көрініс табады.

Банк жүйесіндегі кредиттік-қаржылық процестерді мемлекеттік, корпоративтік және т.б. тұрғыдан басқаратын Қазақстан Республикасындағы банктер елдің қаржы жүйесінің орталық буыны болып табылады, сондай-ақ олар ақша-кредит жүйесінің, ұлттық валюталық жүйенің тиімді жұмыс істеуін және тұрақтылығын камтамасыз етеді.

Банк жүйесіндегі банктік қызмет Қазақстан Ұлттық Банкі құзырының ауқымында және екінші деңгейдегі банктердің өкілеттіктері шегінде жүзеге асырылады. Өйткені банктік қызмет тиісті заңнамалық, актіде белгіленген банктік операцияларды жүзеге асыру және банктердің құқықтық мәртебесі мен функциялары ауқымымен шектелген.

Банктік қызмет уәкілетті орган берген лицензиялар рұқсаттар негізінде барлық, банктік операцияларды жүйелі түрде банк жүйесінде жүзеге асыруға бағытталған экономикалык іс-әрекеттер болып табылады.

Банктер жүзеге асыратын банктік операциялардың тиісті заңнамалық актіде нақтылы әрі мұқият белгіленуі коммерциялық ұйымдарға уәкілетті мемлекеттік органдар тигізетін басқарушы-реттеуші ықпалдың шегін айқындауға, банктік-құқықтық тәртіптің және заңдықтың қатаң сақталуын бақылауға-кадағалауға зор мүмкіндік береді.

Бүгінде Қазақстан Ұлттық Банкі мен Қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөніндегі Казақстан Республикасы Агенттігінін ұйымдастыру-реттеу ықпалдарының аукымында:

— екі тараптың (жақтың) мүдделерін кұжат жүзінде айқындап, белгілеу арқылы жеке тұлғалар мен заңды тұлғалардың ақша қаражаттарын тарту жөніндегі банктік операциялар;

— заңи, техникалық-экономикалық ресми құжаттар негізінде қайтарымды, мерзімді әрі ақылы түрде жеке және заңды тұлғаларға ақша қаражаттарын беру жөніндегі заемдық-кредиттік банктік операциялар;

ресми кұжаттар нысанында қолма-қол ақшасыз есеп айырысу жолымен банктік шоттар арқылы жүргізілетін төлемдер және ақшалай қаражаттарды аудару жөніндегі банктік операциялар нарықтық ұлттық және халықаралық талап-стандарттарды есепке ала отырып жаңаша мазмұнда жүзеге асырылуда.

Банктердің банктік қызметінің экономикалық-құқықтық маңызы мен мән-жайлары оның аясында туындайтын қаржылық-экономикалық және банктік құқықтық қатынастардың мәні арқылы нақты айқындалады.

Банк жүйесін және банктік қызметті ұйымдастырушы-реттеуші уәкілетті мемлекеттік органдар атқаратын негізгі рөл мемлекеттің экономикалық-қаржылық міндеттері мен функцияларын жүзеге асыру барысында айқын көрініс табады. Банктік қызметті жүзеге асырушы субъектілердің іс-қимылдарына, банк жүйесіне тікелей мемлекеттік ықпал ететін Қазақстан Ұлттық Банкі мен Қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөніндегі Қазақстан Республикасының Агенттігі Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрамына кірмейді, яғни мемлекеттік басқару (атқарушы билік) органдарының қатарына жатпайды.

Алайда Қазақстан Ұлттық Банкі атқарушы билік органы болып табылмағанымен, өзінің айрықша уәкілеттілігі мен құзыреті шеңберінде мемлекет атынан, мемлекеттің тапсыруымен және мемлекет мүддесін көздей отырып өз атынан екінші деңгейдегі коммерциялық банктерге қатысты ұйымдастыру -экономикалық ықпалын тигізетін (мемлекеттік экономикалық басқаруды жүзеге асыратын), орталық кредиттік-қаржылық әрі мемлекеттік монетарлық билік органына жатады.

Қазақстан Ұлттық Банкі мемлекеттік орган ретінде ел эко-номикасының елеулі саласы банк секторын экономикалық басқаруды жүзеге асырады және осы орайда өздері жүргізетін банктиік операцияларына қатысты барлық банктердің міндетті түрде орындауына жататын заңға тәуелді нормативтік кұкықтык актілер шығарады.

Қазақстан Республикасының банк жүйесі мен банктік қызмет аясы ақшаның көмегімен басқарылады, яғни оларға қатысты, арнайы мемлекеттік экономикалық (ақшалай) басқару жүзеге асырылады.

Ақша-кредит саясатын жүргізуші мемлекеттік монетарлық билік органы Қазақстан Ұлттық Банкі экономикалық басқару барысында коммерциялық банктер мен олардың көптеген элементтерінің, әсіресе сан мыңдаған шаруашылық субъектілерінің экономикалық-қаржылық мүдделері мен еріктерін міндетгі түрде есепке алады.

Қазақстан Ұлттық Банкі жүргізетін мемлекеттік банктік менеджмент аясындағы әртүрлі меншік нысанына негізделген (барлық банктердің қызметі объективті және субъективті факторларды ескере отырып жүзеге асырылатын мақсатты бағдар тәртіптеуші ықпалмен қамтылады.

Банктік қызметті жүзеге асырудың ішкі ережелерінде банк бөлімшелерінің құрылымы, міндеттері, қызметі және өкілетгігі; банктің атынан және онын есебінен мәміле жасайтын адамдар мен банк қызметкерлерінің өкілеттігі; құрылымдық бөлімшелер (басшыларының құқықтары мен міндеттері; ішкі аудит қызметінің, кредиттік комитет пен басқа да тұрақты жұмыс істейтін органдардың құрылымы, міндеттері, қызметі және өкілеттігі белгіленеді.

Қазақстан Республикасының банк жүйесіндегі банктердің операциялық қызметін тікелей және жанама ұйымдастырушы-реттеуші Қазақстан Ұлттық Банкінің, Қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және кадағалау жөніндегі Қазақстан Республикасы Агенттігінің қызметтері екінші деңгейдегі банктердің жұмыс істеуі үшін жалпы жағдайлар жасауды; ақша-кредит және қаржы жүйесінің тұрақтылығына қол жеткізуді банктердің, банк кредиторларының, банк салымшыларының және өзге клиенттерінің мүдделерін қорғауды; ұлттық валюталық жүйені дамытуды; тиісті заңнамалық актіде көзделген жағдайда банктік қызметті, бағалы қағаздар рыногын мемлекеттік реттеуді; қаржылық ұйымдардың қаржы рыногындағы адал бәсекелестікті қолдауға бағытталған қызметі үшін тең құқылы жағдайлар жасауды камтамасыз етеді.

Мемлекеттік ұйымдастыру-реттеу банктердің операциялық қызметіне байланысты құқықтық және экономикалық жағдайлар жасауға бағытталады.

Сонымен уәкілетті мемлекеттік органдар тарапынан банктерге және олардың қызметіне қатысты жүзеге асырылатын басқарушы-ұйымдастырушы және реттеуші-қадағалаушы қызметтер әкімшілік-құқықтық ұйымдастыру сипатында көрініс табады.

Банктік қызмет саласындағы мемлекеттік баскару банктерге және олардың операциялық қызметіне уәкілетті мемлекеттік органдар тигізетін экономикалық-әкімшілік сипатты ықпалдың тиісті банктік заңнамалық, сондай-ақ заңға тәуелді нормативтік банктік құқықтық актіде айқындалған ереже - принциптерінің, міндет-мақсаттарының, амал-тәсілдері мен әдістері — жолдарының іске асырылуы нәтижесінде көрініс табатын ұйымдасты-рушы және реттеуші мемлекеттік қызмет болып табылады.

Банктік қызмет саласы тікелей (әкімшілік) және жанама (экономикалық) мемлекеттік басқаруға ат салысатын Қазақстан Республикасының Үкіметі, Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі, Қазақстан Республикасының Экономика және бюджет жоспарлау министрлігі, Қазақстан Ұлттық Банкі Қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөніндегі Қазақстан Республикасы Агенттігі елдегі барлық банктердің, қызметтері мен сыртқы экономикалық байланыс, қатынастарын тиісінше дамыту, сондай-ақ банк жүйесінің на-рықтық талаптарға, қоғамдық-мемлекеттік мүдделерге және халықаралық банктік стандарт ережелеріне сай жұмыс істеуін қамтамасыз ету мақсатында олардың кредиттік-қаржылық құзыреттерінің үйлестірілген экономикалық, құқықтық, саяси және ұйымдастыру іс-шараларының бірыңғай жүйесіне бейімделуін көздейді.

Уәкілетті мемлекеттік органдардың басқарушы-реттеуші функциялары елдің ақша-кредит жүйесінің тұрақтылығын және саяси тұрақтылығын қамтамасыз етуге, қаржы жүйесінің тұрақтылығын қолдауға, банк кредиторларының, депозиторларының, өзге де клиенттерінің мүдделерін қорғауға, банктік қызметін адал бәсекелестік арнасында жүзеге асырылуына жағдай жасауға бағытталады, сондай-ақ осындай мемлекеттік басқару ықпалдары банктердің ағымдағы операциялық қызметіне кедергі келтірмейді.

Бұл ретте айта кететін бір жайт, мемлекеттік басқару органдарына атқарушы билік органдарының жүйесіне кіретін уәкілетті мемлекеттік органдар жатады, сондай-ақ осы басқару қызметі атқарушы билік тармағына негізделеді.

Ол банк жүйесіне, банктерге, сондай-ақ олардың қызметіне, әрекеттеріне мәмілелері тікелей экономикалық-әкімшілік ықпал етуші Қазақстан Ұлттық Банкі мен Қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөніндегі Қазақстан Республикасының Агенттігі Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрамына кірмейді, яғни мемлекеттік басқару органдары болып табылмайды.


Тақырып ХІІІ


Бағалы қағаздардың банктік құқықтағы маңызы

(1 сағат)


Жоспар:

Бағалы қағаздар түсінігі, түрлері.

Бағалы қағаздар шығару тәртібін бұзу үшін жауаптылық


Лекцияның мәтіні:

1. Кәсіпкерлік құқықтың объектілерінің бірі бағалы қағаздар болып табылады. Азаматтық кодекстің 129 бабында оған мынадай анықтама берілген: белгіленген нысан мен міндетті реквизиттерді сақтай отырып, жүзеге асырылуы тек оны көрсеткенде ғана мүмкін болатын мүліктік құқықтарды куәландыратын құжат бағалы қағаз болып табылады. Осындай анықтамадан бағалы қағаздың ерекше сипаты шығады, ол атап айтқанда:

а) бағалы қағаз – түрі және мазмұнымен заң талаптарына қатаң бағынатын құжат. Мәселен, бағалы қағаздармен куәландырылатын құқықтардың түрлері, бағалы қағаздардың міндетті реквизиттері, бағалы қағаз нысанына талап тар және басқа да қажетті талап тар заң құжаттарымен немесе соларда белгіленген нысанға сәйкес келмеуі оның жарамсыз болуына әкеліп соқтырады;

ә) бағалы қағаз оның иеленушісінің мүліктік құқығын куәландырады;

б) бағалы қағаздағы құқықты жүзеге асыру үшін оны көрсеткенде, не бергенде ғана құқық іске асырылады.

Бағалы қағазды құжат демен бірге оны зат деп те көрсетеді. Өйткені, кез-келген құжаттың түп-төркіні материалдық дүниеге қатысты келеді. Сондықтан да онда көрсетілген әріп таңбалары мен сандары, тасқа басылып не қолмен жазылған жазбалары осы құжат туралы тиісті ақпарат береді. Сонымен бірге, кез келген құжаттың бағалы қағаз бола алмайтыны тағы бар, тек заңмен белгіленген шарттың белгілері сақталғаны бағалы қағаз құқығын алады.

Бағалы қағаздың міндетті реквизиттері арнайы норматив тік құқықтық құжаттарында көрсетілген оның атауы, сериясы, нөмірі, өтініш жасау мерзімі, субъектінің қағаз бойынша орындалу орны және талап тар болып табылады. Мұндай талап тар түгелдей сақталмаса, яғни бағалы қағаздың міндетті реквизиттерінің болмауы немесе бағалы қағаздың ол үшін белгіленген нысанға сәйкес келмеуі, оның жарамсыз болуына әкеліп соқтырады.

Бағалы қағаздар зат ретінде бірнеше түрге бөлінеді, әр иеленушісінің талап - мүддесіне сәйкес бланк, қағаз парақшасы түрінде кездеседі. Бағалы қағаздың құны тиісті материалдық игіліктің құнына негізделеді.

Мазмұнына қарап бағалы қағаздарды облигация, коносамент, акция және заң актілерінде немесе соларда бекітілген тәртіппен бағалы қағаздар жатқызылған басқа да құжаттар деп негізгі түрлерге бөледі.

Атаулы бағалы қағаз – бұл мүліктік сипаты бар құжат, оның иесі кім екендігі құжаттың мәтінінде көрсетіледі. Яғни атаулы бағалы қағаз бойынша құқықты талап ету сонда көрсетілген адамға ғана тиесілі болады.

Эмиссиялық бағалы қағаздарды топтастыру мемлекеттік және емес деп бөлінетін болғандықтан оның заңдық маңызы болады. Бағалы қағаздар жөніндегі қазіргі қолданылып жүрген заңдар құжатталмаған бағалы қағаздар ұғымына сәйкестендірілген.

Құжатталмаған құнды қағаздар шын мәнінде бағалы қағаздың мазмұнын куәландыратын мүліктік құқы болып есептеледі. Ондай бағалы қағаздармен құқықтық қатынасқа түскен кезде оның тізілімдегі жазбаға енгізілуі жарамды бола береді.

2. Бағалы қағаздарды шығару (эмиссия ) тәртібін бұзу

Нарықтық эканомикаға көшу жағдайында мемлекеттің шаруашылық қызметінде бағалы қағаздардың айналымының ролі арта түспек. Бағалы қағаздар белгілі құндылыққа ие бола отырып, ол ақша қаражатымен бірдей төлем немесе айналым құралы ретінде немесе заңда белгіленген басқа да қызметті атқарады. Осыған байланысты бағалы қағаздарды шығару тәртібін бұзу саласындағы әртүрлі қиянаттардың қоғамға қауіптілік дәрежесі ерекше зор. Бұл туралы “Бағалы қағаздар рыногі туралы” ҚР 1997 жылғы 5- наурыздағы заңында ерекше атап көрсетілген.

ҚК 202-бабында көрсетілген осы қылмыстың обьектісі бағалы қағаздарды шығару (эмиссия ) тәртібін реттейтін қоғамдық қатынастар болып табылады. Бағалы қағаздарды шығару тәртібі ҚР арнаулы заңымен белгіленген.

Қылмыстың заңы - эмиссиялық бағалы қағаздар.

Азаматтық кодекстің 130-бабында бағалы қағаздар түрлері - облигация, вексель чек, банк сертификаты, коносамент, акция және бағалы қағаздар қатарына жатқызылатын басқа да құжаттар деп көрсетілген.

Осы қылмыстың затына тек қана нарықтық айналымға шығарылатын бағалы қағаздар ғана жатады. Мұндай бағалы қағаздардың эмитенті болып ҚР Ұлттық Банкінен бағалы қағаздарды шығаруға арнаулы рұқсат-лицензия алған қаржы ұйымдары болады.

Бағалы қағазға қойылатын барлық талаптарды куәландыратын ресми құжат эмиссия проспектісі деп аталады.

Қылмыстың обьективтік жағы мына әрекеттерді естіру арқылы жүзеге асырылуы мүмкін:

1. Көрінеу сенімсіз ақпараты бар эмиссия проспектісінен бекіту. Бұл ресми құжатқа жалғандық жасаудың бір көрінісі болып табылады. Бұл әрекетті эмитент ақпараттың көрінеу сенімсіз екендігін және оны белгілі бір зардапқа әкеліп соғатынын біле-тұра эмиссия проспектісіне енгізіп, бекітеді.

2. Бағалы қағаздарды шығару жөніндегі көрінеу сенімсіз есепті бекіту. Көрінеу сенімсіз есеп жалған құжаттың бір түрі, онда бағалы қағаз шығарудың көлемі, эмиссияланған бағалы қағаздарды шығарудың саны; оларды орналастыру мерзімінің басталуы және аяқталуы; бағалы қағаздардың алынатын табыс; эмиссияланған бағалы қағаздарды тіркеуді жүзеге асыратын органның атауы туралы көрінеу сенімсіз мәліметтер әдейі бекітіледі.

Құрылысы жағынан бұл қылмыс формальдық құрамға жатады. Қылмыс обьективтік жақтың белгілерінде көрсетілген балама әрекеттердің біреуін істегеннен соң аяқталады деп танылады.

Субьективтік жағынан қылмыс қасақаналықпен жасалады, қылмыстың субьектісі – арнаулы, бағалы қағаздар органы туралы заңға сәйкес эмитент болып табылған лауазымды адамдар немесе бағалы қағаздың иеленушілері алдында өз атынан міндеткерлік алатындар.

Бағалы қағаздарды ұстаушылар тізіміне көрінеу жалған мәліметтер енгізу.

ҚР 203-бабында бағалы қағаздар ұстаушылар тізіміне осы бағалы қағаздарға деген құқықтық басқа адамға ауысуына әкеп соғатын көрінеу жалған мәліметтер енгізгені үшін жауаптылық белгіленген.

Қылмыстың обьектісі бағалы қағаздарды ұстаушылар тізімін реттейтін қоғамдық қатынастар.

Қылмыстың заты бағалы қағаздар ұстауға құқық беретін құжат.

Қылмыс обьективтік жағынан - әрекет арқылы бағалы қағазды ұстаушылар тізіміне осы бағалы қағаздарға деген құқықтың басқа адамға ауысуына әкеліп соғатын әрекеттер арқылы жүзеге асырылады. Заң бойынша бағалы қағаз бойынша құқықтарды біреудің тәртібі азаматтық кодекстің 132-бабында көрсетілген. Қылмыс осы баптың талаптарына көреғар түрде заңсыз, әдейі істеледі.

Субьективтік жағынан қылмыс тікелей қасақаналықпен істеледі.

Қылмыстың субьектісі 16-толған, есі дұрыс адам. Осы баптың 2-тармағында қылмыстың ауырлататын түрі ірі зиян келтірілген әрекеті үшін жауаптылық белгіленген.

Бағалы қағаздармен жүргізілген операциялар туралы көрінеу жалған мәліметтер беру

ҚК 204-бабында “ Мүліктік пайда алу мақсатында мемлекеттік органдарға бағалы қағаздармен жүргізілген операциялар туралы ірі зиян келтірген көрінеу жалған мәліметтер бергені үшін ” жауаптылық белгіленген.

Қылмыстың обьектісі бағалы қағаздармен жүргізілетін операцияларды ретке келтіретін қоғамдық қатынастар. Қылмыстың заты бағалы қағаздар. Обьективтік жағынан көрсетілген қылмыс құрамы белсенді әрекет күйінде – бағалы қағаздармен жүргізілетін операциялар туралы көрінеу жалған мәліметтер беру арқылы яғни көзбояшылық жүзеге асырылатыны заңда көрсетілген. Бағалы қағаздармен жүргізілетін операциялық туралы көрінеу жалған мәлімет, бағалы қағаздың шығарылуының жалпы көлемі, оның айналымдағы түрлері; бағалы қағаздардың бағасы және оларды төлеу тәртібі т.б. мәліметтер беру арқылы жүзеге асырылады.

Яғни бұл жерде осы мәселеге байланысты операцияларға жалған мәліметтер ауызша немесе жазбаша енгізіліп, алдау амалдары қолданылады.

Қылмыс құрамы материалдық іс-әрекеттен ірі зиян келтірілуі қажет. Субьективтік жағынан қылмыс тікелей қасақаналықпен жүзеге асырылады.

Қылмыстың субьектісі 16-толған, есі дұрыс, өзіне бағалы қағаздармен операциялар жүргізу міндеттері жүктелген адам.

1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19

Похожие:

Лекция: 30 сағат iconЛекция 15 (сағат) Практикалық сабақ 30 (сағат) осөЖ 45 (сағат) СӨЖ 45 (сағат) Емтихан Сағат көлемі 135 Курс 3 Семестр 5 Астана 20 ж. Жұмыс бағдарламасы «Кәсіптік аурулар»

Лекция: 30 сағат iconЛекция 15 сағат Практикалық сабақ 15 сағат Оқытушының жетекшілігімен Студенттің өзіндік жұмысы (ожсөЖ)- 30 сағат СӨЖ 30 сағат Емтихан 5-ші семестрде Барлығы 90 сағат Орал, 2010 ж. Пәннің оқу-әдістемелік кешені «Өсімдіктер экологиясы»
Пәннің оқу-әдістемелік кешені «Өсімдіктер экологиясы» Алматы, 2003 типтік бағдарлама негізінде құрастырылған
Лекция: 30 сағат iconЛекция 15 сағат Практикалық сабақ 15 сағат Оқытушының жетекшілігімен Студенттің өзіндік жұмысы (ожсөЖ)- 30 сағат СӨЖ 30 сағат Емтихан 5-ші семестрде Барлығы 90 сағат Орал, 2010 ж. Пәннің оқу-әдістемелік кешені «Микробиология және вирусология»
Пәннің оқу-әдістемелік кешені «Микробиология және вирусология» Алматы, 1999 типтік бағдарлама негізінде құрастырылған
Лекция: 30 сағат iconЛекция практика
Жалпы білім беретін мектептердің 10-11 сыныптарына арналған биология қолданбалы курсы бағдарламасының көлемі жылына 34 сағат, аптасына...
Лекция: 30 сағат iconЛекция 30 сағат Семинар сабақ 15 сағат Оқытушының жетекшілігімен Студенттің өзіндік жұмысы (ожсөЖ)- 45 сағат СӨЖ 45 сағат Емтихан 4-ші семестрде Барлығы 135 сағат Орал 2009 ж. Пәннің оқу-әдістемелік кешені «Экология және табиғатты пайдалану»
Пәннің оқу-әдістемелік кешені «Экология және табиғатты пайдалану» Алматы, 2003 типтік бағдарлама негізінде құрастырылған
Лекция: 30 сағат iconЛекция негіздері қолданбалы курсы. Аптасына 1 сағат. Жылына 34 сағат
«Генетика және селекция негіздері» қолданбалы курсы. Аптасына 1 сағат. Жылына 34 сағат
Лекция: 30 сағат iconЛекция 30 сағат тәжірибелік сабақ-30 сағат СӨжж -60 сағат ӨЗ 60 сағат Емтихан 6 семестр Өскемен Усть-Каменогорск 2014 Пәннің жұмыстық бағдарламасы (syllabus) «Кәсіпорын экономикасы»
Пәннің жұмыстық бағдарламасы (syllabus) «Кәсіпорын экономикасы» кафедрасында 050901- «Тасымалдауды ұйымдастыру, көлікті пайдалану...
Лекция: 30 сағат iconРеферат жұмыстар Жаттығулар
Мұрағаттану ” пәніне типтік оқу жоспарына сәйкес 3 – кредит (135- сағат) берілген. Оның 30 –сағаты лекция, 15-сағат семинар, 45 –сағаты...
Лекция: 30 сағат iconЛекция 10 сағат Практикалық сабақ 40 сағат аб көлемі 1 соөЖ 10 сағат СӨЖ 45 сағат Емтихан 4,6 семестр алматы 2009 Құрастырушы: «Денсаулық сақтау мен фармацияда құқық негіздерімен маркетинг және менеджмент»
«Денсаулық сақтау мен фармацияда құқық негіздерімен маркетинг және менеджмент» кафедрасының доценті, э.ғ. к Қалғанбаев Н.Ә
Лекция: 30 сағат iconЛекция: 15 сағат

Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница