Скачать 138.86 Kb.
|
![]() ![]() ![]() ![]() ![]() ![]() ![]() ![]() ![]() ![]() ![]() ![]() ![]() ![]() ![]() ![]() ![]() ![]() ![]() ![]() ![]() ![]() ![]() ![]() ![]() ![]() ![]() ![]() ![]() ![]() ![]() ![]() ![]() ![]() ![]() ![]() Павлодар облысы әкімдігінің 2015 жылғы 17 шілдедегі № 211/7 қаулысымен бекітілді «Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығы өнімінің өнімділігін және сапасын арттыруды субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті 1. Жалпы ережелер 1. «Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығы өнімінің өнімділігін және сапасын арттыруды субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Павлодар облысының ауыл шаруашылығы басқармасы (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді. Өтінішті қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін беру: 1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі; 2) «электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады. 2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) немесе қағаз түрінде. 3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі кейіннен көрсетілетін қызметті алушылардың банк есепшоттарына тиесілі бюджеттік субсидияларды аудару үшін облыс бойынша жиынтық акт болып табылады. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық және (немесе) қағаз түрінде. 2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау 4. Көрсетілетін қызметті алушы өтініш білдірген кезде Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 3-2/378 бұйрығымен бекітілген «Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығы өнімінің өнімділігін және сапасын арттыруды субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі – стандарт) 9-тармағында көзделген құжаттар мемлекеттік қызметті ұсынуға негіздеме болып табылады. 5. Көрсетілетін қызметті берушіге, сондай-ақ порталға жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері көрсетілетін қызметті берушіге, көрсетілетін қызметті алушының құжаттар топтамасын тапсыру сәтінен бастап мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін алған сәтіне дейін – тиісті айда квота және қаржылық қаражат болған жағдайда 29 (жиырма тоғыз) жұмыс күнінен аспайды. 6. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс- қимылдың) мазмұны: 1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері өтінімдер мен құжаттар топтамасын қабылдайды және тіркейді, көрсетілетін қызметті алушыға күні, уақыты, өтінімді қабылдаған лауазымды тұлғаның тегі мен аты-жөні көрсетілген талон береді – 15 минуттан аспайды; 2) бастапқы құжаттарды салыстырып тексеру үшін көрсетілетін қызметті беруші бөлімі маманының көрсетілетін қызметті алушының қызмет орнына баруы, сондай-ақ көрсетілетін қызметті беруші бөлімінің маманы бюджеттік субсидияларды алушылардың аудан немесе қала әкімі бекіткен жиынтық актісін құрастырады және жиынтық актіні облыс ауыл шаруашылығы басқармасына (бұдан әрі – басқарма) тапсырады – 19 жұмыс күнінен аспайды; 3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы аудан бойынша жиынтық актілерді жеке журналдарға тіркейді және ұсынылған құжаттарды облыс әкімдігінің өкімімен бекітілген комиссияның (бұдан әрі – комиссия) қарауына дайындайды – 3 жұмыс күнінен аспайды; 4) көрсетілетін қызметті берушінің комиссиясы ұсынылған құжаттарды көрсетілетін қызметті алушылардың критерийлер мен қағида талаптарына сәйкестігі тұрғысынан қарастырады, көрсетілетін қызметті алушылар мәлімдеген тиесілі субсидия көлемін анықтайды, облыс бойынша жиынтық актілерін қалыптастырады және қаражатты қайта бөлу және субсидия көлемін өзгерту жөнінде ұсыныстар енгізеді – 3 жұмыс күнінен аспайды; 5) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы кейіннен көрсетілетін қызметті алушылардың банктік есепшоттарына тиесілі бюджеттік субсидияларды аудару үшін төлем есепшоттарының тізіліміне қол қояды және аумақтық қазынашылық бөлімшесіне ұсыну үшін жауапты орындаушыға береді және төлемін ұсынады – 3 жұмыс күнінен аспайды. 3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау 7. Мемлекеттік қызметті көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелердің (қызметкерлерінің) тізбесі: 1) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері; 2) көрсетілетін қызметті беруші бөлімінің маманы; 3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы; 4) көрсетілетін қызметті берушінің комиссиясы; 5) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы. 4. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде халыққа қызмет көрсету орталығымен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау 8. Мемлекеттік қызмет «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Павлодар облысы бойынша филиалы арқылы көрсетілмейді. 9. Портал арқылы мемлекеттік қызметті көрсету кезінде жүгіну тәртібін және көрсетілетін қызметті беруші мен көрсетілетін қызметті алушының рәсімдері (іс-қимылдары) реттілігін сипаттау: 1) көрсетілетін қызметті алушы жеке сәйкестендіру нөмірінің (бұдан әрі – ЖСН), сондай-ақ парольдің көмегімен порталда тіркелуді жүзеге асырады; 2) 1-процесс – қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушының порталда ЖСН мен паролін енгізуі (авторизациялау үдерісі); 3) 1-шарт – ЖСН мен пароль арқылы тіркелген көрсетілетін қызметті алушы туралы деректердің түпнұсқалығын порталда тексеру; 4) 2-процесс – көрсетілетін қызметті алушының құжаттарында бұзушылықтың болуына байланысты порталда авторизациялаудан бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыруы; 5) 3-процесс – көрсетілетін қызметті алушының осы регламентте көрсетілген қызметті таңдауы, қызметті көрсету үшін экранға сұраныс нысанын шығару және нысан талаптары мен оның құрылымын ескере отырып, көрсетілетін қызметті алушының нысанды толтыруы (деректерді енгізуі), Стандартта көрсетілген қажетті құжаттардың электрондық түрде көшірмелерін сұраныс нысанына бекіту, сондай-ақ сұранысты куәландыру (қол қою) үшін көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) тіркеу куәлігін таңдауы; 6) 2-шарт – порталда ЭЦҚ тіркеу куәлігінің қолдану мерзімін және қайтарылған (күші жойылған) тіркеу куәліктерінің тізімінде жоқтығын, сондай-ақ сәйкестендіру деректерінің сәйкестігін (сұраныста көрсетілген ЖСН мен ЭЦҚ тіркеу куәлігінде көрсетілген ЖСН арасында) тексеру; 7) 4-процесс – көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-ның расталмауына байланысты сұратылып отырған қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру; 8) 5-процесс – көрсетілетін қызметті беруші сұранысты өңдеуі үшін электрондық үкімет шлюзі (бұдан әрі – ЭҮШ) арқылы көрсетілетін қызметті берушінің ЭЦҚ-мен куәландырылған (қол қойылған) электрондық құжаттарды (көрсетілетін қызметті алушының сұранысын) өңірлік электрондық үкімет шлюзінің автоматтандырылған жұмыс орнына (бұдан әрі – ӨЭҮШ АЖО) жіберу; 9) 3-шарт – көрсетілетін қызметті берушінің қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушы қоса берген, Стандартта көрсетілген құжаттардың сәйкестігін және негіздерін тексеруі; 10) 6-процесс – көрсетілетін қызметті алушының құжаттарында бұзушылықтың болуына байланысты сұратылып отырған қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру; 11) 7-процесс – көрсетілетін қызметті алушының ӨЭҮШ АЖО-да қалыптастырған қызметтің нәтижесін (электрондық құжат нысанындағы хабарламаны) алуы. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат түрінде көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» жіберіледі. Портал арқылы мемлекеттік қызметті көрсету кезінде қатыстырылған ақпараттық жүйелердің функционалдық өзара іс-қимылы осы регламенттің 2-қосымшасына сәйкес диаграммада келтірілген. 10. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде рәсімдер (іс-қимылдар) реттілігін, көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметшілерінің) өзара іс-қимылын толық сипаттау, сондай-ақ халыққа қызмет көрсету орталығымен өзара іс-қимыл тәртібін, мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау осы регламенттің 3-қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі. «Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығы өнімінің өнімділігін және сапасын арттыруды субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 1-қосымша Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау
«Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығы өнімінің өнімділігін және сапасын арттыруды субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 2-қосымша Портал арқылы мемлекеттік қызметті көрсету кезінде қатыстырылған ақпараттық жүйелердің функционалдық өзара іс-қимыл диаграммасы
Сауал Көрсетілетін қызметті алушы Шартты белгілер
«Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығы өнімінің өнімділігін және сапасын арттыруды субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 3-қосымша «Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығы өнімінің өнімділігін және сапасын арттыруды субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің бизнес-процестерінің анықтамалығы Көрсетілетін қызметті берушінің комиссиясы Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы Көрсетілетін қызметті берушінің маманы Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері Көрсетілетін қызметті алушы Көрсетілетін қызметті берушінің басшысы Портал Көрсетілетін қызметті алушы ЭЦҚ арқылы порталда тіркеуді (авторизация-лауды) жүзеге асырады Кейіннен көрсетілетін қызметті алушылардың банктік есепшоттарына тиесілі бюджеттік субсидияларды аудару үшін төлем есепшоттарының тізіліміне қол қояды және аумақтық қазынашылық бөлімшесіне ұсыну үшін жауапты орындаушыға береді және төлемін ұсынады (3 жұмыс күнінен аспайды) Аудан бойынша жиынтық актілерді жеке журналдарға тіркейді және ұсынылған құжаттарды комиссияның қарауына дайындайды және құжаттарды комиссия отырысына ұсынады (3 жұмыс күнінен аспайды) Бастапқы құжаттарды салыстырып тексеру үшін көрсетілетін қызметті берушінің бөлімі маманының көрсетілетін қызметті алушының қызмет орнына баруы, сондай-ақ көрсетілетін қызметті беруші бөлімінің маманы бюджеттік субсидияларды алушылардың аудан немесе қала әкімі бекіткен жиынтық актісін құрастырады және жиынтық актіні облыс ауыл шаруашылығы басқармасына тапсырады (19 жұмыс күнінен аспайды) Өтініш Өтінімдер мен құжаттар топтамаларын қабылдайды және тіркейді, көрсетілетін қызметті алушыға күні, уақыты, өтінімді қабылдаған лауазымды тұлғаның тегі мен аты-жөні көрсетілген талон береді – 15 минуттан аспайды Ұсынылған құжаттарды көрсетілетін қызметті алушылардың критерийлер мен қағида талаптарына сәйкестігі тұрғысынан қарастырады (3 жұмыс күнінен аспайды) Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі Шартты белгілер
|