Рабочая программа Форма ф со пгу 18. 2/06




Скачать 220.85 Kb.
НазваниеРабочая программа Форма ф со пгу 18. 2/06
Дата конвертации06.02.2016
Размер220.85 Kb.
ТипРабочая программа
источникhttp://psu.kz/arm/upload/umk/45475.doc


Рабочая программа Форма

Ф СО ПГУ 7.18.2/06




Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі



С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті


Қазақ филологиясы кафедрасы


«Қазіргі қазақ тілінің сөзжасамы» пәні бойынша 050205

«Қазақ филологиясы» мамандығының студенттеріне арналған


ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ




Павлодар









Лист утверждения к рабочей Форма

программе дисциплины, Ф СО ПГУ 7.18.1/07

разработанной на основании

государственного

общеобязательного стандарта

образования специальности и

типового учебного плана
БЕКІТІЛДІ

ОІ жөніндегі проректоры

________________ Н.Э. Пфейфер

«___»_____________2008ж.

Құрастырушы: ф.ғ.к., доцент Г.К.Қажыбаева_____________

ассистент Г.А. Жұмабекова ___________________


Қазақ филологиясы кафедрасы




«Қазіргі қазақ тілінің сөзжасамы» пәні бойынша




ЖҰМЫС БАҒДАРЛАМАСЫ



Жұмыс бағдарламасы 050205 «Қазақ филологиясы» мамандығының студенттеріне арналған

Жұмыс бағдарламасы ҚР МЖМБС 3.08.02-2006 Мемлекеттік стандарты, типтік оқу жоспарының негізінде дайындалды және С.Торайғыров атындағы ПМУ Ғылыми кеңесінің мәжілісінде бекітілді. «___»_________________2007ж.

№_____хаттама.


Кафедра мәжілісінде ұсынылды. «___»_________________2007ж.

№_____хаттама.

Кафедра меңгерушісі_______________________Қ.П.Жүсіп




Филология, журналистика және өнер факультетінің әдістемелік кеңесінде мақұлданды.

«_____»______________2007 ж. №____хаттама.

ӘК төрайымы____________________ М.В. Семенова




КЕЛІСІЛДІ
Факультет деканы __________Ж.Т.Сарбалаев. «____»_____________2007 ж.



жәқб МАҚҰЛДАДЫ

ЖәқБ бастығы______________Л.Т.Головерина «____»____________2008 ж


1 Пәннің мақсаты мен міндеттері

«Қазіргі қазақ тілінің сөзжасамы» пәнінде студенттерге негізгі теориялық мағлұматтар беру. Негізінен сөзжасамға қатысты соңы ғылыми әдебиеттерге сүйене отырып, студенттердің білімін тексеру мақсатында, я меңгергенін білу үшін түрлі өздік жұмыс, тест жүйесі, кейбір даулы, қиын тілдік құбылыстар жайында пікірталас тақырыптарды алып жүргізу.

Пәнді оқыту мақсаты:

- Студенттерге сөзжасам мәселелері туралы толық мағлұмат беру;

- Студенттерге негізгі теориялық мағлұматтар беру;

- «Қазіргі қазақ тілінің сөзжасамы» пәнінде студенттердің алған білімін жаттықтыру;

- Қазақ тілі мамандарының сөзжасам мәселесінен алған теориялық білімін түсінуге, өз ойын дәлелдей білуге дағдыландыру;

- Студенттердің өз ана тілінің (қазақ тілінің) құрылымын терең меңгерту;

- Студенттердің сапалы, терең білімді маман болуын көздеу.


Пәннің міндеттері:

- Сөзжасамдық негізгі ырымдармен таныстыру;

- Сөзжасам мәселелерінен толық мағлұмат беру;

- Қазіргі заман тіл ғылымының дамуына сай жаңа технология бойынша модульдік жүйемен туынды сөздердің жасалуын таныстыру, жаттықтыру;

- Туынды сөздердің ішкі мағыналық құрылымын анықтау;

- Түбір сөздің шығу төркінін айқындау;

- Туынды түбірлердің мағыналық байланысын ашу;

- Сөз таптарының сөзжасамдық ерекшеліктерін таныту;

- Сөзжасамдық талдау, морфемдік талдау, этимологиялық талдауға үйретіп, жаттықтыру, дағдыландыру.


Студенттер білуі тиіс:

- сөзжасамның жасалу жолдары мен амал-тәсілдерін, грамматикалық формаларды;

- сөзжасамдық және морфологиялық аспектілердің астасып жататын тұстарын;

- тілдік (сөзжасамдық) элементтердің құрылымдық ерекшеліктерін;

-сөзжасам тәсілдерін, сөз жасаушы тілдік нұсқалар мен сөзжасамдық типтерді;

- сөздердің жасалу үлгілерін;

- сөзжасамның заңдылықтарын;

- сөзжасамның сөз таптарына қатыстылығын.


Студенттер істей білуі тиіс:

- Сөзжасамға қатысты жаттығуларды грамматикалық, морфологиялық еңбектерден орындай алуы;

- Тіл байлығын, ой-өрісін дамытуға арналған жаттығуларды орындай алуы тиіс;

- Тілдік нормаларды сақтай білуі тиіс.


2 Пререквезиттер:

Фонетика.

Лексикология

Морфология.

Синтаксис.


Тематический план Форма

дисциплины СО ПГУ 7.18.2/07


3 Пәннің мазмұны

Күндізгі бөлім

3.1 Пәннің тақырыптық жоспары



Тақырып

Сағат саны

Дәріс

Тәжір.

СӨЖ

СӨЖО

1

2

3

4

5

1

Сөзжасам тіл білімінің жеке саласы. Сөзжасамның тілдің басқа салаларымен байланысы.

1

1

4

2

Қазақ тілінің сөзжасам жүйесі.

1

1

4

3

Сөзжасамдық тәсілдер.

1

1

4

4

Сөзжасамдық мағына.

1

1

4

5

Туынды сөздер.

1

1

4

6

Сөзжасамдық талдау.

1

1

4

7

Сөзжасамдық ұя.

1

1

4

8

Сөз таптарының сөзжасамы.

1

1

4

9

Есім сөздердің сөзжасамы.

1

1

4

10

Зат есім сөзжасамы.

1

1

4

11

Сын есім сөзжасамы.

1

1

4

12

Сан есім сөзжасамы.

1

1

4

13

Есімдіктің сөзжасамы..

1

1

4

14

Үстеудің сөзжасамы.

1

1

4

15

Етістіктің сөзжасамы.

1

1

4

Барлығы: сағат

15

15

60


3.2 Теориялық курс мазмұны


1-тақырып Сөзжасам тіл білімінің жеке саласы. Сөзжасамның тілдің басқа салаларымен байланы-сы.

Сөзжасамның тіл білімінің дербес саласы деп бірден қалыптасқан мәсе-ле емес екені. Жалпы тіл білімінде сөзжасамның дербес сала болып танылуының түркі тілдеріне әсері. Сөзжасам – дербес сала. Сөзжасам-ның тіл білімінің негізгі салаларының көбімен байланыстылығы, тіл білі-мінде бірімен-бірі байланыспайтын саланың кездеспеуі, олардың ортақ объектілері, яғни нысандарының болуымен байланыстылығы. Сөзжа-самның морфологиямен байланысы-ның күштілігі. Сөзжасамның синтак-сиспен байланысы. Сөзжасамның лексикологиямен байланысы. Сөзжа-самның тілдің морфология мәселесі-мен байланысы.

2-тақырып. Қазақ тілінің сөзжасам жүйесі.

Қоғамдағы жаңалықтар жаңа атауды қажет ететіні, ол қажеттілікті үнемі қамтамасыз етіп отыратын сөзжасам екені. Бұл тіл болғалы үнемі үздіксіз жасалып келе жатқан тілдік әрекет болғандықтан, тілдің сөзжасам жүйе-сі үнемі дамып, екшеліп, толығып қалыптасып отырғаны. Сөзжасам-ның дамуы, баюы, екшеліп бір қалыпқа түсуінің нәтижесінде өзіндік сөзжасамдық бірліктері бар, тәсілдері бар, орныққан, қалыптасқан заңды-ықтары бар тілде сөзжасамдық жүйе-нің бары туралы. Ол сөзжасамдық жүйе арқылы өмірде пайда болған барлық жаңа заттар мен ұғымдардың аталуы қамтамасыз етілетіні, өмір қажеттілігін қамтамасыз ету үшін, тілдің сөзжасамдық жүйесінің қызмет ететіні туралы.

3-тақырып. Сөзжасамдық тәсілдер.

Сөзжасамдық тәсілдер тілдің сөзжа-сам жүйесінің негізгі заңдылықтары-ның біріне жататыны. Тілде жасалған сөздердің бәрі тілде қалыптасқан сөзжасамдық тәсілдердің бірі арқылы жасалады, өйткені сөзжасамдық тәсілдер жаңа сөздердің жасалу жолы, амалы екені. Қазақ тілінде көне замандардан бері қарай қалып-тасқан үш түрлі сөзжасамдық тәсіл-дің бары: 1. синтетикалық тәсіл; 2. аналитикалық тәсіл; 3. лексика-семантикалық тәсіл.

4-тақырып. Сөзжасамдық мағына.

Сөзжасамдық мағынаның сөзжасам әрекеті арқылы жасалатыны, сөзжа-самдық мағынаның сөзжасамдық бірліктер арқылы жасалатыны, сөз-жасам әрекетіне қатысты тұрған сөзжасмдық бірліктердің бір-бірінен қатысы негізінде сөзжасамдық мағы-наның жасалатыны. Сөзжасамдық бірліктердің сөзжасамдық тәсілдерге қатысының түрлілігіне байланысты олардың әр тәсілде сөзжасамдық ма-ғына жасауға қатысты түрлі болаты-ны. Туынды мағынаның негізділігі. Туынды мағынаның түрлендірілген түрі. Көшірілген туынды мағына. Туынды мағынаның теңбе-теңдік түрі.

5-тақырып. Туынды сөздер.

Сөзжасамдық әрекеттің негізінде тіл-ге қосылған сөздердің туынды сөз аталатыны. Яғни туынды сөздер тек сөзжасамға қатысты қолданылатыны. Туынды сөздердің тілде пайда болуы қоғамдағы жаңалықтарға байланыс-тылығы. Туынды сөздер сөзжасам-дық тәсілдер арқылы жасалатындық-тан, сөзжасамдық тәсілдердің түрлілі-гіне қарай туынды сөздердің де түрлі болатыны: туынды түбірлер, күрделі сөздер (біріккен сөздер, қос сөздер, қысқарған сөздер) туынды түбірлер. Туынды сөз бен туынды түбір дегеннің айырмасы мен олардың бір-біріне қатысы. Күрделі сөздер. Ана-литикалық тәсіл арқылы жасалған туынды сөздердің бәрі күрделі сөз-дерге жататыны, олардың бәрі екі мағыналы лексемадан жасалып, бір мағыналы сөз жасайтын, оның күрде-лі сөз деп аталуы, күрделі сөздің анықтамасы мен түрлері. Біріккен сөз. Қос сөз. Қысқарған сөз.

6-тақырып. Сөзжасамдық талдау.

Сөзжасам тіл білімінің жеке саласы ретінде танылғанға дейін сөзге фоне-тикалық және морфологиялық, сөй-лемге синтаксистік талдау жасалып келгені белгілі. Морфологиялық тал-дауда сөз құрамындағы морфемалар толық талданады. Сөзжасам жеке сала болғалы сөзжасамдық талдау мәселесі көтерілді. Сөзжасамдық талдауға сөздің құрамындағы сөз түрлендіруші, сөздің грамматикалық тұлғасын жасаушы морфемалар кірмейді де, сол арқылы ол қазіргі морфологиялық талдаудан ерекшеле-нетіні туралы. Сөзжасамдық талдау-дың негізгі нысаны сөзжасамдық бір-ліктер, олардың сөздің мағынасын жасаудағы қызметі, сөзжасамдық мағына, туынды сөздердің түрлері, сөзжасамдық заңдылықтар, үлгілер, сөз таптарының сөзжасамын көрсету т.б.

7-тақырып. Сөзжасамдық ұя.

Бір негізгі сөзден тараған бір топ туынды сөздердің сөзжасамдық ұяға жататыны, бір сөзжасамдық ұядағы туынды сөз атауларының түбірлес сөздер деп танылатыны, олардың мағыналық байланысы, ол мағына-лық байланыстың ұяның түп негіз сөзінен басталатыны. Сөзжасамдық ұяның көлемінің түрлілігі. Сөзжасам-дық ұяның құрамы күрделі құбылыс саналатыны. Сөзжасамдық тізбек. Сөзжасамдық саты. Сөзжасамдық тарам (парадигма). Сөзжасамдық жұп. Сөзжасамдық жұп та сөзжасам-дық ұяның мүшесі бола тұра, оның тікелей сөзжасамдық тізбек құра-мына кіретіні.

8-тақырып. Сөз таптарының сөзжасамы.

Сөз таптарының сөзжасамы қазақ тіл білімінде ертеден зерттеліп, бұл мәселеде бірсыпыра ғалымдардың еңбегі бары туралы, бірақ ол толық деп айту қиын. Әсіресе, зат есім, сын есім, сан есім, етістіктің сөзжасамына арналған зерттеулер бар екені. Сөз таптарының сөзжасамын есім сөздер-дің және етістіктің сөзжасамы деп екі бөліп қарау қолайлы, өйткені, сөз таптарының сөзжасамы өте үлкен және есім сөздердің сөзжасамында ұқсас жағдайлар да бар.

9-тақырып. Есім сөздердің сөзжасамы.

Есім сөздердің сөзжасамына зат есім, сын есім, сан есім, есімдік, үстеудің сөзжасамы жататыны. Бұлардың әрқайсысына жеке-жеке тоқталу қажет.

10-тақырып. Зат есім сөзжасамы.

Сөзжасамдық құбылыстың зат есімде орасан мол орын алатыны, тілдік сөз-жасамдық тәсілдерінің бәрінің зат есімнің жасалуында кеңінен қызмет атқаруы туралы. Зат есім сөзжасамы үзілмей жүріп жататын құбылыс. Зат есімнің синтетикалық тәсіл арқылы жсалуы. Зат есімнің синтетикалық сөзжасамы екі морфеманың қатысы арқылы жүзеге асуы, олар: негіз сөз бен жұрнақ. Зат есімнің аналитика-лық тәсіл арқылы жасалуы. Зат есімнің сөзжасамына аналитикалық тәсілдің барлық түрлері қатысатыны, олардың күрделі зат есімдер жасай-тыны. Зат есімнің қосарлану тәсілі арқылы жасалуы, бұл тәсіл арқылы зат есімнің сөз тұлғасы жағынан қос сөздер аталатын түрі жасалатыны. Зат есімнің тіркестіру тәсілі арқылы жасалуы. Зат есімнің қысқару арқылы жасалуы. Зат есімнің лексика-семантикалық тәсіл арқылы жасалуы. Зат есімнен басқа сөз таптарының сөз құрамын өзгертпей, заттанып, зат есімге көшуі де зат есімнің семантикалық тәсіл арқылы жасалуына жататыны (жетісін беру, ыстығы үлкен, ыстық (тамақ мағынасында), ақ молайды, туысы көп, шығысы артық, айтысқа түсті). Контекстік заттанудың сөзжасамға жатпайтыны (үлкенді сыйла).

11-тақырып. Сын есім сөзжасамы.

Сын есімнің синтетикалық тәсіл арқылы жасалуы., Сын есім жасауға негіз болатын сөз таптары, сөз тұлға-лары. Сын есімнің сөзжасамдық жұр-нақтары. Есімдерден сын есім жасай-тын өнімді жұрнақтар. Етістіктен сын есім жасайтын өнімді жұрнақтар, етістіктерден сын есім жасайтын өнімсіз жұрнақтар. Сын есімнің аналитикалық тәсіл арқылы жасалуы. Аналитикалық тәсіл арқылы жасал-ған сын есімдердің күрделі сын есім жасайтыны. Күрделі сын есімнің жа-салуының жолдары, оларға қатыса-тын негізі, туынды сын есімдер, есім сөздер.

12-тақырып. Сан есім сөзжасамы.

Сан есім сөзжасамының өзіндік жүйесі бар, сан есім сөзжасамына қа-тысатын тілдік тұлғалар, олардың негізгілері. Сан есімнің сөзжасамдық тәсілдері. Аналитикалық тәсілдің сан есім сөзжасамында негізгі орын ала-тыны, аналитикалық тәсіл арқылы сан есімнің жасалу үлгілері, жол-дары. Синтетикалық тәсілдің де сан есім жасауға қатысатыны, оның өзіндік ерекшелігі, бұл туралы түрлі көзқарастар. Сан есім сөзжасамының тарихи іспеті, қазіргі дәуірде сан есім сөзжасам арқылы өз құрамын толық-тырмайтыны. Бірлік сандарға алты, жеті, сегіз, тоғыз сандары туралы. Ондық сан атауларындағы алпыс, жетпіс, сексен, тоқсан сан атаулары туралы. Сан атауларының қосу, көбейту тәсілі арқылы жасалуы. Бірлік пен ондық аралас сандардың жасалуы. Жүздік атауларының жаса-луы. Мыңдық, жүздік, ондық, бірлік аралас сан атауаларының жасалуы.

13-тақырып. Есімдіктің сөзжасамы.

Есімдіктің сөзжасамының өзіндік ерекшелігі, сөзжасам мүмкіндігінің аздығы. Синтетикалық тәсілдің есім-дік жасауға қатысы. Аналитикалық тәсіл арқылы есімдіктің жасалуы.

14-тақырып. Үстеудің сөзжасамы.

Үстеу сөзжасамға кедей сөз табы. Үстеудің жасалуының өзіндік ерекшелігі. Үстеудің сөзжасамдық түрлері: аналитикалық, синтетикалық тәсілдер, көнеру арқылы үстеуге көшудің белгілі орын алатындығы. Үстеудің жасалуына негіз болатын сөз таптары: үстеу, зат есім, сын есім, есімдік, сан есім. Есім сөздерден үстеу жасайтын жұрнақтар, олардың мағыналары. Қосымшалардың түбір-ге көнеруі арқылы үстеудің жасалуы. Үстеудің аналитикалық тәсіл арқылы жасалуы. Аналитикалық тәсіл арқы-лы жасалған үстеудің түрлері: 1) біріккен үстеулер, 2) қосарланған үстеулер, 3) тіркесті үстеулер.

15-тақырып. Етістіктің сөзжасамы.

Етістіктің қалыптасқан күрделі сөз-жасам жүйесі. Етістік құрамын әр кезеңде де сөзжасам арқылы толық-тырып отыратыны. Етістіктің сөзжа-сам арқылы құрамын толықтыруға басқа сөз таптарының да, етістіктің өзінің де негіз болатыны. Етістіктің семантикалық тәсіл арқылы жасалуы. Есім негізді туынды түбір етістіктер, олардың негіз сөздері, есім негізді туынды түбір жасайтын жұрнақтар, олардың беретін мағыналары. Етіс-тіктің аналитикалық тәсіл арқылы жасалуына қатысатын тілдік тұлға-лар, олардың қызметі, мағына жасау-ға қатысы. Аналитикалық тәсіл арқы-лы жасалатын күрделі етістіктер. Күрделі етістіктердің құрамы, олар-дың орны, қызметі, сөзжасамдық қа-білеті, күрделі етістік жасауда тірек сыңар болатын етістіктер. Аналити-калық тәсіл арқылы құранды етістік-тің жасалуы, оның құрамы, құранды етістіктің тірек сыңары. Құранды етістіктің құрамындағы сыңарлары-ның беретін мағынасы. Сөздік құрамнан құранды етістіктің алатын орны.


3.3 Тәжірибешілік сабақтардың мазмұны


1-тақырып. Сөзжасам тіл білімінің жеке саласы.

Сөзжасамның тілдің басқа салаларымен байланысы. Сөзжасамның тіл білімінің дербес саласы деп бірден қалыптасқан мәселе емес екені. Жалпы тіл білімінде сөзжасамның дербес сала болып танылуының түркі тілдеріне әсері. Сөзжасам – дербес сала. Сөзжасамның тіл білімінің негізгі салаларының көбімен байланысты-лығы, тіл білімінде бірімен-бірі байланыспайтын саланың кездеспеуі, олардың ортақ объектілері, яғни нысандарының болуымен байланыс-тылығы. Сөзжасамның морфология-мен байланысының күштілігі. Сөзжасамның синтаксиспен байланы-сы. Сөзжасамның лексикологиямен байланысы. Сөзжасамның тілдің морфология мәселесімен байланысы

2-тақырып. Қазақ тілінің сөзжасам жүйесі.

Қоғамдағы жаңалықтар жаңа атауды қажет ететіні, ол қажеттілікті үнемі қамтамасыз етіп отыратын сөзжасам екені. Бұл тіл болғалы үнемі үздіксіз жасалып келе жатқан тілдік әрекет болғандықтан, тілдің сөзжасам жүйесі үнемі дамып, екшеліп, толығып қалыптасып отырғаны. Сөз-жасамның дамуы, баюы, екшеліп бір қалыпқа түсуінің нәтижесінде өзіндік сөзжасамдық бірліктері бар, тәсілдері бар, орныққан, қалыптасқан заңды-ықтары бар тілде сөзжасамдық жүйе-нің бары туралы. Ол сөзжасамдық жүйе арқылы өмірде пайда болған барлық жаңа заттар мен ұқғымдар-дың аталуы қамтамасыз етілетіні, өмір қажеттілігін қамтамасыз ету үшін, тілдің сөзжасамдық жүйесінің қызмет ететіні туралы.

3-тақырып. Сөзжасамдық тәсілдер.

Сөзжасамдық тәсілдер тілдің сөзжа-сам жүйесінің негізгі заңдылықтары-ның біріне жататыны. Тілде жасалған сөздердің бәрі тілде қалыптасқан сөзжасамдық тәсілдердің бірі арқылы жасалады, өйткені сөзжасамдық тәсілдер жаңа сөздердің жасалу жолы, амалы екені. Қазақ тілінде көне замандардан бері қарай қалыптасқан үш түрлі сөзжасамдық тәсілдің бары: 1. синтетикалық тәсіл; 2. аналитикалық тәсіл; 3. лексика-семантикалық тәсіл.

4-тақырып. Сөзжасамдық мағына.

Сөзжасамдық мағынаның сөзжасам әрекеті арқылы жасалатыны, сөзжа-самдық мағынаның сөзжасамдық бірліктер арқылы жасалатыны, сөз-жасам әрекетіне қатысты тұрған сөзжасмдық бірліктердің бір-бірінен қатысы негізінде сөзжасамдық мағынаның жасалатыны. Сөзжасам-дық бірліктердің сөзжасамдық тәсілдерге қатысының түрлілігіне байланысты олардың әр тәсілде сөзжасамдық мағына жасауға қатысты түрлі болатыны. Туынды мағынаның негізділігі. Туынды мағынаның түрлендірілген түрі. Көшірілген туынды мағына. Туынды мағынаның теңбе-теңдік түрі.

5-тақырып. Туынды сөздер.

Сөзжасамдық әрекеттің негізінде тілге қосылған сөздердің туынды сөз аталатыны. Яғни туынды сөздер тек сөзжасамға қатысты қолданылатыны. Туынды сөздердің тілде пайда болуы қоғамдағы жаңалықтарға байланыс-тылығы. Туынды сөздер сөзжасам-дық тәсілдер арқылы жасалатынд-тан, сөзжасамдық тәсілдердің түрлілі-гіне қарай туынды сөздердің де түрлі болатыны: туынды түбірлер, күрделі сөздер (біріккен сөздер, қос сөздер, қысқарған сөздер)туынды түбірлер. Туынды сөз бен туынды түбір дегеннің айырмасы мен олардың бір-біріне қатысы. Күрделі сөздер. Аналитикалық тәсіл арқылы жасалған туынды сөздердің бәрі күрделі сөздерге жататыны, олардың бәрі екі мағыналылексемадан жасалып, бір мағыналы сөз жасайтын, оның күрделі сөз деп аталуы, күрделі сөздің анықтамасы мен түрлері. Біріккен сөз. Қос сөз. Қысқарған сөз.

6-тақырып. Сөзжасамдық талдау.

Сөзжасам тіл білімінің жеке саласы ретінде танылғанға дейін сөзге фоне-тикалық және морфологиялық, сөйлемге синтаксистік талдау жаса-лып келгені белгілі. Морфологиялық талдауада сөз құрамындағы морфема-лар толық таладнады. Сөзжасам жеке сала болғалы сөзжасамдық талдау мәселесі көтерілді. Сөзжасамдық талдауға сөздің құрамындағы сөз түрлендіруші, сөздің грамматикалық тұлғасын жасаушы морфемалар кірмейді де, сол арқылы ол қазіргі морфологиялық талдаудан ерекшеле-нетіні туралы. Сөзжасамдық талдау-дың негізгі нысаны сөзжасамдық бір-ліктер, олардың сөздің мағынасын жасаудағы қызметі, сөзжасамдық мағына, туынды сөздердің түрлері, сөзжасамдық заңдылықтар, үлгілер, сөз таптарының сөзжасамын көрсету т.б.

7-тақырып. Сөзжасамдық ұя.

Бір негізгі сөзден тараған бір топ туынды сөздердің сөзжасамдық ұяға жататыны, бір сөзжасамдық ұядағы туынды сөз атауларының түбірлес сөздер деп танылатыны, олардың мағыналық байланысы, ол мағына-лық байланыстың ұяның түп негіз сөзінен басталатыны. Сөзжасамдық ұяның көлемінің түрлілігі. Сөзжасам-дық ұяның құрамы күрделі құбылыс саналатыны. Сөзжасамдық тізбек. Сөзжасамдық саты. Сөзжасамдық тарам (парадигма). Сөзжасамдық жұп. Сөзжасамдық жұп та сөзжасам-дық ұяның мүшесі бола тұра, оның тікелей сөзжасамдық тізбек құрамы-на кіретіні.

8-тақырып. Сөз таптарының сөзжасамы.

Сөз таптарының сөзжасамы қазақ тіл білімінде ертеден зерттеліп, бұл мәселеде бірсыпыра ғалымдардың еңбегі бары туралы, бірақ ол толық деп айту қиын. әсіресе, зат есім, сын есім, сан есім, етістіктің сөзжасамына арналған зерттеулер бар екені. Сөз таптырның сөзжасамын есім сөздер-дің және етістіктің сөзжасамы деп екі бөліп қарау қолайлы, өйткені, сөз таптарының сөзжасамы өте үлкен және есім сөздердің сөзжасамында ұқсас жағдайлар да бар.

9-тақырып. Есім сөздердің сөзжасамы.

Есім сөздердің сөзжасамына зат есім, сын есім, сан есім, есімдік, үстеудің сөзжасамы жататыны. Бұлардың әрқайсысына жеке-жеке тоқталу қажет.

10-тақырып. Зат есім сөзжасамы.

Сөзжасамдық құбылыстың зат есімде орасан мол орын алатыны, тілдік сөз-жасамдық тәсілдерінің бәрінің зат есімнің жасалуында кеңінен қызмет атқаруы туралы. Зат есім сөзжасамы үзілмей жүріп жататын құбылыс. Зат есімнің синтетикалық тәсіл арқылы жсалуы. Зат есімнің синтетикалық сөзжасамы екі морфеманың қатысы арқылы жүзеге асуы, олар: негіз сөз бен жұрнақ. Зат есімнің аналитикалық тәсіл арқылы жасалуы. Зат есімнің сөзжасамына аналитика-лық тәсілдің барлық түрлері қатыса-тыны, олардың күрделі зат есімдер жасайтыны. Зат есімнің қосарлану тәсілі арқылы жасалуы, бұл тәсіл арқылы зат есімнің сөз тұлғасы жағынан қос сөздер аталатын түрі жасалатыны. Зат есімнің тіркестіру тәсілі арқылы жасалуы. Зат есімнің қысқару арқылы жасалуы. Зат есімнің лексика-семантикалық тәсіл арқылы жасалуы. Зат есімнен басқа сөз таптарының сөз құрамын өзгертпей, заттанып, зат есімге көшуі де зат есімнің семантикалық тәсіл арқылы жасалуына жататыны (жетісін беру, ыстығы үлкен, ыстық (тамақ мағынасында), ақ молайды, туысы көп, шығысы артық, айтысқа түсті). Контекстік заттанудың сөзжасамға жатпайтыны (үлкенді сыйла).

11-тақырып. Сын есім сөзжасамы.

Сын есімнің синтетикалық тәсіл арқылы жасалуы., Сын есім жасауға негіз болатын сөз таптары, сөз тұлғалары. Сын есімнің сөзжасамдық жұрнақтары. Есімдерден сын есім жасайтын өнімді жұрнақтар. Етістік-тен сын есім жасайтын өнімді жұрнақтар, етістіктерден сын есім жасайтын өнімсіз жұрнақтар. Сын есімнің аналитикалық тәсіл арқылы жасалуы. Аналитикалық тәсіл арқы-лы жасалған сын есімдердің күрделі сын есім жасайтыны. Күрделі сын есімнің жасалуының жолдары, оларға қатысатын негізі, туынды сын есімдер, есім сөздер.

12-тақырып. Сан есім сөзжасамы.

Сан есім сөзжасамының өзіндік жүйесі бар, сан есім сөзжасамына қатысатын тілдік тұлғалар, олардың негізгілері. Сан есімнің сөзжасамдық тәсілдері. Аналитикалық тәсілдің сан есім сөзжасамында негізгі орын алатыны, аналитикалық тәсіл арқылы сан есімнің жасалу үлгілері, жолдары. Синтетикалық тәсілдің де сан есім жасауаға қатысатыны, оның өзіндік ерекшелігі, бұл туралы түрлі көзқарастар. Сан есім сөзжасамының тарихи іспеті, қазіргі дәуірде сан есім сөзжасам арқылы өз құрамын толықтырмайтыны. Бірлік сандарға алты, жеті, сегіз, тоғыз сандары туралы. Ондық сан атауларындағы алпыс, жетпіс, сексен, тоқсан сан атаулары туралы. Сан атауларының қосу, көбейту тәсілі арқылы жасалуы. Бірлік пен ондық аралас сандардың жасалуы. Жүздік атауларының жасалуы. Мыңдық, жүздік, ондық, бірлік аралас сан атауаларының жасалуы.

13-тақырып. Есімдіктің сөзжасамы.

Есімдіктің сөзжасамының өзіндік ерекшелігі, сөзжасам мүмкіндігінің аздығы. Синтетикалық тәсілдің есімдік жасауға қатысы. Аналитика-лық тәсіл арқылы есімдіктің жасалуы.

14-тақырып. Үстеудің сөзжасамы.

Үстеу сөзжасамға кедей сөз табы. Үстеудің жасалуының өзіндік ерекшелігі. Үстеудің сөзжасамдық түрлері: аналитикалық, синтетикалық тәсілдер, көнеру арқылы үстеуге көшудің белгілі орын алатындығы. Үстеудің жасалуына негіз болатын сөз таптары: үстеу, зат есім, сын есім, есімдік, сан есім. Есім сөздерден үстеу жасайтын жұрнақтар, олардың мағыналары. Қосымшалардың түбір-ге көнеруі арқылы үстеудің жасалуы. Үстеудің аналитикалық тәсіл арқылы жасалуы. Аналитикалық тәсіл арқы-лы жасалған үстеудің түрлері: 1) біріккен үстеулер, 2) қосарланған үстеулер, 3) тіркесті үстеулер.

15-тақырып. Етістіктің сөзжасамы.

Етістіктің қалыптасқан күрделі сөзжасам жүйесі. Етістік құрамын әр кезеңде де сөзжасам арқылы толық-тырып отыратыны. Етістіктің сөзжа-сам арқылы құрамын толықтыруға басқа сөз таптарының да, етістіктің өзінің де негіз болатыны. Етістіктің семантикалық тәсіл арқылы жасалуы. Есім негізді туынды түбір етістіктер, олардың негіз сөздері, есім негізді туынды түбір жасайтын жұрнақтар, олардың беретін мағыналары. Етістіктің аналитикалық тәсіл арқы-лы жасалуына қатысатын тілдік тұлғалар, олардың қызметі, мағына жасауға қатысы. Аналитикалық тәсіл арқылы жасалатын күрделі етістіктер. Күрделі етістіктердің құрамы, олардың орны, қызметі, сөзжасмдық қабілеті, күрделі етістік жасауда тірек сыңар болатын етістіктер. Аналити-калық тәсіл арқылы құранды етістіктің жасалуы, оның құрамы, құранды етістіктің тірек сыңары, құранды етістікке тірек сыңар болатын етістіктер. Құранды етістік-тің құрамындағы сыңарларының беретін мағынасы. Сөздік құрамнан құранды етістіктің алатын орны.


Студенттерге өздігінен оқуға берілетін тақырыптар


1. Туынды сөздердің құрамына қарай жіктелуі.

Ұсынылатын әдебиет: [1], 5-12 бет, [4], [2] 3-6 беттер.

2. Сөзжасамдық мағыналар.

Ұсынылатын әдебиет: [27], 15-21 беттер, [1], 12-18 беттер.

3. Сөзжасамдық тип пен үлгі (мысал келтіру арқылы дәлелдеу)

Ұсынылатын әдебиет: [8], 88-92 беттер.

4. Сөзжасамдық ұяның құрылымы.

Ұсынылатын әдебиет: [23], 62-70 беттер.

5. Зат атауының лексика-семантикалық тәсілімен жасалуы.

Ұсынылатын әдебиет: [12], 79-82 беттер, [2], 49-55 беттер.

6. Сын есімнің сөзжасамдық жұрнақтары.

Ұсынылатын әдебиет: [19], 89-96, [10], 35-46 беттер.

7. Сан есімнің сөзжасамдық тәсілдері.

Ұсынылатын әдебиет: [18], 83-98 беттер, [14], 108-113 беттер.

8. Үстеудің сөзжасамдық жұрнақтары.

Ұсынылатын әдебиет: [7], 89-103 беттер.

9. Мекендік мәнді етістік жасайтын жұрнақтар.

Ұсынылатын әдебиет: [1], 68-73 беттер.

10. Тіркескен күрделі сын есімдер.

Ұсынылатын әдебиет: [1], 72-75 беттер, [2], 49-55 беттер.

11. Етістіктен зат атауын жасайтын жұрнақтар.

Ұсынылатын әдебиет: [9], 89-96, [10], 35-46 беттер.

12. Зат есімнің лексикалық мағынаны түрлендіретін жұрнақтары.

Ұсынылатын әдебиет: [5], 83-98 беттер, [14], 108-113 беттер.

13. Етістіктің сөзжасамдық жұрнақтары.

Ұсынылатын әдебиет: [7], 89-96, [10], 35-46 беттер.

14. Тұрақты тіркес етістіктер

Ұсынылатын әдебиет: [16], 83-98 беттер, [14], 108-113 беттер.

15. Үстеудің сөзжасамдық жұрнақтары.

Ұсынылатын әдебиет: [6], 88-32 беттер, [1], 112-116 беттер.


Қолданылатын әдебиеттер

Негізгі:

  1. Қасым Б. Қазақ тіліндегі күрделі сөздер: уәждеме және аталым. Алматы, 2001.

  2. Қасым Б. Күрделі зат атауларының мағыналық құрылымы және сөзжасамдық үлгілері. Алматы, 2000.

  3. Қасым Б. Сөзжасам: семантика, уәждеме. Алматы, 2003.

  4. Оралбай Н. Қазақ тілінің сөзжасамы. Алматы, 2002.

Оралбаева Н. Қазіргі қазақ тіліндегі сан есімнің сөзжасам жүйесі. Алматы, 1988.

  1. Тілеуов І. Сөз таптары. Алматы, 1982.

Қосымша:

6.Ганиев Ф.А. Сукффиксально словообразование в современном татарском языке. Казань, 1974.

Қазіргі қазақ тілінің сөзжасам жүйесі. Алматы, 1989.

  1. Есімсейітов Б. Қазақ тіліндегі сөзжасамдық тізбектер. АКД. Алматы, 2002.

9. Ибатов А. Сөздің морфологиялық құрылымы. Алматы, 1982.

10.Ибатов А. Қазақ тілінің туынды сөздер сөздігі. Алматы, 1988

11. Исаев С. Қазіргі қазақ тіліндегі грамматикалық ұғымдар. Алматы, 1992.

12. Қайдаров А.Т. Структура односложных корней и основ в казахском языке. Алматы, 1986.

13.Қалиев Ө. Сөз тудыру жеке сала. КМ.1984, №6, Б.57-60.

14.Қалиев Ө. Өнімді, өнімсіз жұрнақтарды анықтау критерийлері. ҚМ. 1980. №9.

15.Қалиев Ө. Сөздік морфемалық және туу құрамы. ҚМ. 1979, №4.


16.Қалыбаева А., Оралбаева Н. Қазіргі қазақ тілінің морфемалар жүйесі.

Алматы, 1986.

17. Қазақ грамматикасы. Елорда, 2002.

18.Құрманәлиев К. Қазақ тіліндегі сөзжасамдық ұя мәселесінің теориялық негіздері. АДД. Алматы, 2002.

19.Қоқышева Н. Қазіргі қазақ тіліндегі сөзжасамдық тізбектер. АКД. Алматы, 2002.

20.Қасым Б. Қазақ тіліндегі күрделі сөздер: уәждеме және аталым. Алматы, 2001.

21. Қасым Б. Қазіргі қазақ тіліндегі күрделі етістіктер. Алматы, 1996.

22.Салқынбай А. Тарихи сөзжасам. (Семантикалық аспект). Алматы, 1999.

23.Севортян Э.В. Аффиксы глаголообразования в азербайджанском языке. Москва, 1962.

24.Севортян Э.В. Аффиксы именного словообразования в азербайджанском языке. Москва, 1966.

25.Шаһарман Г. Қазақ тіліндегі сан есімдерден жасалған аталымдар. Алматы, 2002.

26. Щербак А.М. Очерки по сравнительной морфологии тюркских языков. Ленинград, 1977.

27. Хабичев М.А. Карачаево-балкарское именное словообразование. Черкесск, 1971.

Похожие:

Рабочая программа Форма ф со пгу 18. 2/06 iconРабочая программа Форма ф со пгу 18. 2/06

Рабочая программа Форма ф со пгу 18. 2/06 iconРабочая программа Форма ф со пгу 18. 2/06

Рабочая программа Форма ф со пгу 18. 2/06 iconРабочая программа Форма ф со пгу 18. 2/06
Лист утверждения к рабочей программе дисциплины, разработанной на основании государственного
Рабочая программа Форма ф со пгу 18. 2/06 iconРабочая программа Форма ф со пгу 18. 2/06
Филология, журналистика және өнер факультетінің оқу әдістемелік кеңесінде мақұлданды
Рабочая программа Форма ф со пгу 18. 2/06 iconРабочая программа Форма ф со пгу 18. 2/06
«Түркістан уалаятының газетіндегі» публицистиканың баспасөзбен тоғысуын байыптап бағалап беру
Рабочая программа Форма ф со пгу 18. 2/06 iconРабочая программа Форма ф со пгу 18. 2/06
«Қазақ әдебиетінің тарихы» пәні бойынша 050504 «Журналистика» мамандығының студенттеріне арналған
Рабочая программа Форма ф со пгу 18. 2/06 iconРабочая программа Форма ф со пгу 18. 2/06
Лист утверждения к рабочей программе дисциплины, разработанной на основании рабочего учебного плана специальности
Рабочая программа Форма ф со пгу 18. 2/06 iconРабочая программа Форма ф со пгу 18. 2/06
Лист утверждения к рабочей программе дисциплины, разработанной на основании каталога элективных дисциплин по специальности
Рабочая программа Форма ф со пгу 18. 2/06 iconРабочая программа Форма ф со пгу 01. 1/09
Лист утверждения к рабочей программе дисциплины, разработанной на основании каталога элективных дисциплин по специальности
Рабочая программа Форма ф со пгу 18. 2/06 iconРабочая программа Форма ф со пгу 18. 2/06
«Когнитивті лингвистика» пәні бойынша 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының студенттеріне арналған
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница