«Гуманитарлық білім»факультеті «Тарих және география» кафедрасы “Медициналық география” пәні бойынша




Название«Гуманитарлық білім»факультеті «Тарих және география» кафедрасы “Медициналық география” пәні бойынша
страница9/12
Дата конвертации12.02.2016
Размер1.66 Mb.
ТипЛекция
источникhttp://89.218.153.154:280/CDO/Sillabus/Tar/Sirbaeva.MedGeo-Z.doc
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12

  (1 сағат)


Жоспар:

1. Жүрек қуыстарындағы қан қысымы.

2. Қанайналымының өлшемдік көрсеткіштері.


Лекцияның мәтіні.


Сабақтың мақсаты: Медициналық географиялық мәселелерді шешудегі медициналық елтану мен халықаралық қатынастарын сипаттау.


Жүрек қуыстарындағы қан қысымы.

1.Жүрек өмір бойы белгілі бір ырғақпен жиырылып отырады, яғни соғып тұрады. Адамның жүрегі орта есеппен минутына 65-80 рет соғады. Жүректің жиырылуы систола, босауы диастола деп, ал систола мен диастола кететін мерзім жүрек қызметінің оралымы (циклы) деп аталады. Айналым уақыты жүрек соғуының жиілігіне байланысты. Айналым кезінде жүрекше мен қарынша белгілі бір тәртіппен (ретпен) жиырылады. Жүрек жиырылған сәтте ондағы қанның қысымы көтеріледі. Жүрек қуыстарындағы қан қысымының өзгеруі белгілі бір зандылыққа бағынады. Осыған сәйкес қақпақшалар бір ашылып, бір жабылып отырады. Бұл айтылғандар қанның бір бағытта ағуын қамтамасыз етеді.

Жүректің әрбір бөліміндегі қан қысымын өлшеу үшін қан тамыры арқылы резеңке түтіктің (катетердің) бір ұшын жүрек қуысына енгізеді де, екінші ұшын қысым өлшейтін аспаппен жалғастырады. Осы әдіспен түңғыш рет жылқының жүрек қуыстарындағы қан қысымын Шаво мен Марей тәжіребе түрінде өлшеді. Тәжіребе былай жасалады. Жүрек жанындағы ірі артерия арқылы бір ұшына жұқа баллонбекітілген резеңке түтік жүректің оң жақ қуысына енгізіледі де, оның сырттағы ұшы Марей капсуласымен жалғастырылады, сөйтіп жабық түтіктер жүйесі ауаға толтырылады. Жүрек жиырылып, оның қуысындағы қысымарта бастаса түтік жүйесіндегі ауа баллоннан капсулаға қарай ығысып, оның қаламын көтереді. Жүрек еті босаңсыған кезде қысым азаяды, сондықтан ауа керісінше, капсуладан баллонға өтеді де қалам төменқарай ығысады. Қысым мөлшері қаламның қағазға түсірген сызығы арқылы анықталады.

Жүректің жиырылу оралымы. Жүрек минутына 70-72 рет соқса, жүрек циклы (оралымы) 0,8-0,9 секундке тең болады. Жүрек соғуы жиілесе не сиресе, оған орай айналым уақыты не ұзарады, не қысқарады. Айналым уақыты көбінесе диастоланың ұзақтығына байланысты, яғни жүрек соғуы жиілесе, оның дем алысы (диастоласы) қысқарады. Систолаға қажет уақыт мөлшері көбінесе өзгермейді.

Жүрек оралымы 0,1 секундке созылатын жүрекше систоласынан басталады. Оң жүрекше жиырылуы 0,01 секунд ертерек басталады. Өйткені онда жүректі қоздыратын синоатриалдық түйін орналасқан. Қозу осы түйінде туады да, оң қарыншаға бұрынырақ жайылады. Систола кезінде жүрекшелерде қан қысымы сынап б.б. 5-8 мм-ге жетеді. Бұл уақытта қарыншалар диастолада болады, ал атриовентрикулярлық қақпақшалар ашық болғандықтан қан жүрекшеден қарыншаға қуйылып тұрады. Жүрекше жиырылған сәтте оған қан жеткезетін веналардың өзегі қысылып жабылып қалады.

Изометрлік кезеңде қарынша еті түгелдей ширығады (қатаяды), бірақ оның қуыстары қанға толы болғандықтан жиырыла алмайды, яғни ет талшықтарының ұзындығы өзгермейді. Сондықтан да бұл кезең изометрлік кезең деп аталған (грек, isos –бірдей, метр -өлшем). Мұнда ет талшықтарының қатаюына байланысты қарыншалардағы қан қысымы біртіндеп көтеріледі.жүрек қақпақшалары жабық қалпында қалады. Сондықтан қан қысымы көтеріледі, ол қарыншалардан шығатын қолқа мен өкпе сабауындағы қысымнан асып түскенсоң айшық қақпақшалар ашылып, шиғыру кезеңі қан айдау кезеңіне ұласады. Ширығудың изометрлік кезеңінде, сол қарыншада қан қысымы с.б.б. 70-80 мм-ге, оң қарыншада 15-20 мм-ге жетеді. Оң қарыншадағы қысым сол қарыншадағыдан 3-4 есе төмен болатыны, оның қабырғасындағы еттің соншалық жұқа болуына байланысты.

2.Қанайналымының өлшемдік көрсеткіштері.

Қанайналымы –гемодинамика, көбіне гидродинамика заңдарына бағынады. Жүректің сол қарыншасынан қолқаға қан әлсін-әлсін тек систола кезінде өтеді. Бұған қарамастан қан тамырларда үздіксіз ағады. Мұның себебі ірі артериялар қабырғасында серпімді талшықтардың көп болуы. Бұл құбылысты дәлелдеу үшін суға толы шыны ыдыстың төменгі жағына шүмек арқылы жарыстыра екі түтікті жалғастырады. Түтік арқылы өтетін сұйықтықтың көлемдік мөлшерін көрсетеді. Осы гидродинамикалық көрсеткіштер Р, R, Ү қанның тамыр арқылы артуының өлшем көрсеткіші бола алады. Қан ағысының өлшем көрсеткіштері –қан қысымы, қан ағысының жылдамдығы қантамырларының тонусы, яғни қан ағысына көрсететін кедергісі.

Қан қысымы. Артерия тамыры жарақаттанса сыртқа қанның шапшып ағатыны көптен белгілі, яғни артерияда қан қысымы жоғары (Р1), ал венада (Р2) төмен болады. Осыған орай қан артериядан венаға қарай үздіксіз ағып тұрады. Тамырдағы қанның қысымы оны жылжытумен бірге тіршілікке керекті аса күрделі үрдістерді қамтамасыз етеді. Мысалы, қоректік заттардың ішектің қабырғасы арқылы қанға, қаннан денедегі жасушаларға өтуі және бүйректегі сүзілу үрдістері, несептің түзілуі.


Бақылау сұрақтары:

1. Қанайналымының өлшемдік көрсеткіштері.

2. Қан қысымы.

3. Жүректің жиырылу оралымы.

Лекция 28

(1 сағат)

Тақырыбы: Медициналық елтанудың міндеттері.

Жоспар:

  1. Инфекциялық аурулар.

  2. Паразиттік аурулар.



Лекция мәтіні.

Сабақтың мақсаты: Медициналық елтанудың міндеттерін түсіндіру.


1.Инфекциялық аурулар. Қызылша. Бұл аса жұқпалы аурулардың бірі.Оған адамдардың бәрі де төзеді.Сондықтан да алдын ала оған қарсы егу болмаған кезде адамдардың көпшілігі қызылшамен бала кезінде ауыратын еді.Қызылшаға үш айлық сәбилер төзе алмайды.Себебі, оның организіміне анасынан берілген иммунитеті әлсіз енжар келеді.

Ауруды жұқтырғыш – ауру адам.Аурудың жұғуы үшін ауырған адаммен тікелей қатынаста болу шарт емес:бұл аурудың вирусы ауа толқынымен бөлмеден бөлмеге, ортақ каридор, баспалдақ аудандары арқылы басқа пәтерлерге, тіпті үйдің төменгі қабатынан жоғары қабатына желдеткіштер арқылы тарайды.Аурудың жұғу кезеңінен онымен ауру кезеңінің аралығындағы жасырын кезеңі орташа есеппен 8-10 күндей.кейде ло 17 күнге дейін созылады.

Қызылша ауруы 38,5-39С қа дейін қызуы көтерілуден басталады.Тұмау, мезі қылатын құрғақ жөтел, қабағының шырышты қабағы қызарады.бала тынышсызданып, жылай береді, іші ауырып, кейде іші өтеді, құсады.Осы кезде баланың екі жақ шырышыты қабағынан, тіс қызыл еттерінен дәннәі көлеміндей әрі ақшыл ақшыл қоңыр нүктелерді байқауға болады.Бұл – нағыз аурудың бөртпелері көрінгенге дейін дәрігерлер диагноз қоя алатын қызылшаның алғашқы белгісі.

Бөртпелердің жаппай шығуы аурудың 4-5 күндері басталады. Бөртпелер ұсақ қызғылт нүкте тұрінде құлақ сыртында, мұрын үстіне шығады. Бір тәулік ішінде ол бетке, мойынға, кеудеге, арқаға жайылып, келесі күні бүкіл денені, қолды, ал үшінші күні аяқты қамтиды.Бөртпелер өте көбейіп тұтасады немесе керісінше сирек болады, бірақ қызылшаның жаппай шығуы (жоғарыдан төмен қарай) міндетті тұрде жүреді.Оның шыққан кезінде температура жоғары болады.

Ұшпа (Краснуха) – Бұл жұқпалы ауруға да төзгіштік жоғары. Бірақ қызылшаға қарағанда төмен болады. Ауруды таратушы – ауру адам. Ұшпа ауруы білінгеннен бірнеше күн бұрын жұтқыншақта оның вирусы табылу ықтималдығы туралы, екі апта және одан да көп мезгіл ішінде оның бөліне бастайтынын растайтын мәліметтер бар.Алайда әдетте сврқат ауруды қысқа мерземде ауырғанның бірінші күнінен , бөртпелер пайда болғаннан кейінгі бес күн ішінде жұқтырады.

Ұшпа әдетте ,баланың бетіне қызғылт теңбілді бөртпе түрінде шығудан басталып, бірнеше сағат ішінде барлық денеге , әсіресе буындардың айналасына, арқаға құйрыққа, қолға және аяққа жайылады.Сонымен бірге жеңіл – желпі тұмау, жөтел пайда болады.

Ұшпаға тән тағы бір белгі – лимфа түйіндеренің ,әсіресе желке және жауырын түйіндеренің үлкеюі.Қызуы 38 с тан жоғары көтерілмейді.Бұл ауру айағы ауыр әйелдерге алғашқы үш айында өте қауіпті, құрсақтағы нәрестеге қауіпті.себебі, ұшпаның вирусы оның эмбриональды тіканін зақымдауға қабілетті және ол іштегі перзенттің қалаптасып келе жатқан ағзаларын зақымдап, оның дамып жетілуінде ауыр кінәраттайды.

Ана екіқабаттың алғашқы ацларында ұшпамен ауырса, онда алдырып тастаған дұрыс.

2. Паразиттік аурулар. Паразитизм – грек сөзі. Para – арқасында, айналасында, ал sitos – күнелтуші, қоректенуші, тамақтанушы деген мағынаны білдіреді.

Ең алғаш (1873 жылы) паразиттерді арнайы зерттеп, оларды басқалардан даралап, сипаттап жазған неміс ғалымы Рудольф Лейкарт (1822-1898) болды.паразиттердің өзге тіршілік етушілерден ерекшелігі – олардың қоректену тәсілі мен қасиетінде, деп атап көрсетті ғалым. Яғни өзге организмге мекендеп, содан қорек табатын тіршілік етушілер паразиттер деп аталады.

Академик К,И.Скрябин паразиттерді ерекшеліктеріне қарай фитопаразиттер (паразиттік өсімдіктер – бактериялар, вирустар, т.б.) және зоопаразиттер (паразиттік гельминттер, кенелер т.б.) деп үлкен екі топқа бөлді.

Адам ерте кезден бері әр тұрлі жануарларды қолға үйретіп, оларды өз қажеттігіне жаратып келеді.Малдың адамға беретін пайдасы орасан зор.Бірақ сол мал арқылы біраз ауру адамға жұғады.Атап айтқанда бруцеллез, аусыл (ящур), туберкулез, түйнеме (сибирская язва),туляремия сияқты көптеген ауруларды мал таратады.

Бруцеллез (сал ауруы). Бруцеллез немесе сал ауруы малад да адамда да кездесе береді.Ол халық арасында сарп ауруы деген атпен да белгілі.Бұл ауру негізінен буынды, сүйекті және нервті зақымдайды.Одан зардап шегіп, зақымданбайтын мүшелер адам организмінде кемде - кем.

Буцеллез бен негізінде мал шаруашылығының қызметкерлері: мал дәрігерлері, зоотехниктер, шопандар, бақташылар, сауыншылыр, ет комбинатының жұмысшылары жиі ауырады.Ауру тек иалдан адамға ғана жұғып қоймай, бір малдан екінші малға да жұға береді.

Бруцеллезді қоздыратын микробтар ыстыққа өте төзімсіз келеді.60 С ыстыққа жарты сағаттың ішінде, қайнатқанда тез қырылып қалады.Есте ұстайтын тағы бір жайт – кейде ет шала піскенде оның ішкі қалың қабаттарында бруцеллездің микробтары өлмей қалуы мүмкін.Адамдардың бруцеллез бен ауруы ,әсіресе, мал төлдейтін көктем айларында жиі кездеседі.

Бруцеллез адамға ауру малдың шикі сүтін ішкенде, шала пісірілген етін жегенде, жүнін қырыққанда, терісін сыпырғанда жұғады.Егер адамның терісінде кішкене жарақат болса, онда бұл микробтардың қанға өтуіне мүмкіндік туғызады.

Ауруға шалдыққан адамның денесі дел – сал болып, ауырлайды, тез шаршайды.Болар болмас нәрсеге ашуланып, тамаққа тәбеті шашпайды.бірақ арада біраз күн (3-5 күн) өткеннен кейін ауру одан әрі күшейіп, науқастың дене қызуы 38-39 С қа дейін көтеріледі.Буын – буындары, еттері, белі, қақсап сыздайды, терлейді.ауру асқына келе науқастың буындары ісіп, жүрегі қабынады, шашшып ауырады, ұйқысы бұзылады.ауру емделмесе , бруцеллез одан әрі асқынып, созылмалы түрге айналады.Буындарының формасы өзгеріп қисаяды, көлемі ұлғаяды.Буын арасында сары су жиналады.Міне осының салдарынан ке»бір науқастардың буындары икемге келмей, белдері шойырылып жатып қалады.Мұндай науқастар жұмысқа жарамайды, сөйтіп, мүгедектер қатарына қосылады.

Аусыл (ящур). Бұл жылқыда, сиырда, қойда кездесетін жұқпалы ауру.Ол адамға тек малдан жұғады.Ауру туғызатын үсақ вирустар малдың сүті арқылынемесе сілекейі арқылы тарайды.Аусулдың вирусы организмге енгеннен кейін 3-10 кұннен соң адамның басы ауырып,денесінің қызуы ,38-39 С қа дейін көтеріледі, ауызы уылып, ойық жаралар пайда болады.Сілекейі ағып, ұрты мен тілінің үсті ағарып, күлдіреп кетеді.ауыз ішіне шыққан жаралар қызыл шақа болып суланып, ашып, ауру адамның мазасын алады.Дер кезінде дйрігерлерге көрініп, тиісті ем жүргізілсе, бұл науқастан 12-15 күнде айығып кетуге болады.

Ауысылды емдеу ұшін ауызды бор қышқылының ерітіндісімен (бір с қасық дәрі ұнтағын бір стакан жылы суға ерітіа алып) , күніне 5-6 рет шаю қажет.Бор қышқылы жоқ болса, жылы суға онша қою қылмай еріткен марганец қышқылды калий ерітіндісін қолдануға да болады.

Бұл аурудан сақтанудың басты шарты – онымен ауырған малды оңаша ,жеке үстап, сүтін жақсылап қайнатып пайдалану.

Түйнеме (сибирская язва). Түйнеме халыққа бұрыннан белгілі жұқпала ауру.Бұл ауруды сиырда - қарасан, ешкіде - кебенек, қойда – топалаң, жылқыда – жамандат деп атайды.Бұл індет әр малда әр түрлі аталғанымен оны тарататын микроб біру ақ.Ревалюциядан бұрын бұл індет пайда болып, малды қырғынға ұшыратты.Түйнеме малмен қатар адамға да қауіпті 1617 жылы түйнеме эндемиясынанРоссияда алпыс мыңға жуық адам өліп, бұл індеттен жүздеген мың мал қырылған.

Түйнеменің микробы суыққа да встыққа да төзімді.Ол тіпіті дезинфекциялық препараттарға да өлмйді.Тұйнем адамға малдан жұғады.Оның микробы адамның жараланғанжәне жарылған жерлеріне түседіде, не тозаң мен ауаға араласып, дем алғанда тыныс жолдарында енеді.

Түйнеме адам денесіне неген жолдарына байланысты үш тұрге бөлінеді.

1. Тері түйнемесі. 2. Өкпе түйнемесі. 3. Ішкі ағзалар түйнемесі (органдар).

1. Тері түйнемесінде ауру көбінесе қолда, аяқта, бет пен мойында шиқан сияқты болып білініп, бірте – бірте бұлтиып ісінді, айналасы көгнріп қанталап кетеді.Соңынан сол жараның ортасы күйген кездегідей күлбіреп, ішіне қанды ірің жиналады.(бұл аурудыкейбіреулердің « күйдіргі» деп атауы сондықтан). Содан кйін жараның бетін қара қабық басып, оның айналасы домбығып қызарады, ортасы бірте бірте көмірдей қара түске айналады.Сондықтан оны ғылыми тілде антракс деп атайды.(антракс латынша – көмір).

Түйнемемен малшылар, жүн мен тері өңдейтін кәсіпорндарда жұмыс істейтін адамдар, аңшылары жиі ауырады.

Түйнемеден сақтану үшін малдың онымн ауруына жол бермеу қажет.Түйнемеге қарсы алдын ала гу ісін тиісті дәрежеде өткізуді қадағалап отыру керек.Бұл қатерлі ауруға шалдыққан немесе ауырды ау деген сезікті малды басқа малдан бөліп, жеке бақылауға алу қажет.Топалаңмен, қарасаңмен, кебенекпен, жамендетпен ауырған малдың етін, сүтін, жүнін, терісін, пайдалануға тиым салынады.Бұл інднттен өлген малдың өлексесі өртелуге тиіс немесе оны тереңдігі екі метр етіп қазылған терең шұңқырға көмуге болады.Мал өлген қораны, оның жатқан жерін 5 % лизолмен дезинфекциялайды.

Ал егер түйнеменіңбелгісі адамда пайда болса, онда дереу дәрігерге көрінуі қажет.Ауру кісіге жақындасқан, оны күткен адамдар түйнеменің жасырын мерзімі өткеншн дәрігрлердің бақылауында болуы қажет.

Бақылау сұрақтары:

1.Түйнеме (сибирская язва).

2. Аусыл (ящур).

3. Паразиттік аурулар.

Лекция 29

(1 сағат)

Тақырыбы: Медициналық елтанудың міндеттері.

Жоспар:

  1. Шылым шегудің тыныс алу мүшелеріне әсері.

  2. Ауаның тазалығын сақтау.


Лекция мәтіні.

Сабақтың мақсаты: Медициналық елтанудың міндеттерін түсіндіру.


1.Темекінің түтінінде өте улы зат –никотин бар . шылым шеккенде адам ауамен бірге темекінің де түтінін жұтады бұл түтіннің ішінде улы газ , шаң және күйе болады . шылымның күнініне жиырмасын тартқан адам 90 милиграм шамасында никотин жұтады. Алғашқы рет темекі тартқанда адам уланады:басы айналады , жүрегі қағады , құсады, қол-аяғы дірілдейді . темекі тыныс алу мүшелерінің бәріне зиянды әсер етеді. Никотин тыныс алу жолдарының сілемейлі қабықшасын тітіркендіріп , оны қабындырады. Сөйтіп , қорғаныш қасиетінашарлаған сілемейлі қабықша арқылы ауру туғызатын микроптар енеді. Сондықтан темекі шегетін адамдар көбінесе суық тиіп ,тағы басқа ауруларға тап болады . Никотин қан тамырларын тарылтады. Бұл ауатамыр ауруына және өкпе пәле ауруына шалдықтырады.Өкпедегі пәле ауруымен ауырғандардың 97%-і шылым шегетіндер . бұған себеп-тыныс мшелерінде шылымды ұзақ шеккенде көпке дейін жазылмайтын жараның пайда болуы . Неғұрлым адам өте ерте-бала кезінен шылым шегумен айналысса , соғыұрлым пәле ауруына жиішалджығатыны ақиқат. Шылым шегуден адамның өмірі қысқарады. Темекінің түтіні өкпе тарамдары мен тыныс жолдарын бітеп, түрлі ауруға ұшыратады. Мұндай жағдайда ағзаны оттегімен қажетті мөлшерде қамтамассыз ету мүмкін емес ,газ алмасу бұзылады да , өкпеде ауру туғызатын микроптарға, яғни туберкулез таяқшаларына қолайлы жағдай туады .

Темекі түтінінде радиактивті заттар болады , күніне бір қорап темекі тартқан адам мөлшерден артық 3,5 сәуленуге ұшырайды .

Тыныс алу мөлшері ауруларының алдын алу үшін бөлменің ауасын таза ұстап , жеке бастың тазалығы және науқастармен қарым-қатынас жасау ережелерін сақтап, денені шынықтыру қажет.

Темекі түтіні тынысалу мүшелерінің жұмысын бұзады. Мұндайда ағза жалпы әлсіреп, ол әр-түрлі ауруларға қарсы тұра алмайды.

Денсаулықты сақтау үшін таза ауамен тынысалу керек. Адам бір рет тыныс алғанда 500 мл ауа жұтады. Егер ол минутына 16-18 рет тыныс алса,онда ол 8000-9000 мл ауаны тыныс мүшелерінен өткізіп, оның құрамындағы оттегін өкпе арқылы қанға өткізеді. Бір тәулікте 11 мың л ауаны, ал адам 70 жыл өмір сүрсе, онда ол өмір бойы 280 миллион литрден артық ауаны тыныс мүшелерінен өткізеді екен.

2.Жер бетіндегі ауа тіршілік үшін жеткілікті. Ауаның таза болуы үшін, өсімдіктердің зор маңызы бар. Үлкен ағаштан бөлініп шығатын оттегі ересек үш адамның тыныс алуына жеткілікті. Отегінсіз адамдар ғана емес, бүкіл жан-жануарлар да тіршілік ете алмайды. Сондықтан, ағаш отырғызу, өсіру , көгалдандыру, суарып тыңайтқыш салып , оны күту-ауаның таза болуының кепілі. Сондай-ақ ауаның тазалығы судың, топырақтың да құрамына байланысты. Мұхиттағы өсімдіктер оттегін өте көп бөледі. Егер оның бетін танкерлерден төгілген мұнай басып кетсе, онда ауа құрамына бөлетін оттегі азаяды. Су буланбай , ауаның ылғалдануын төмендетіп, көбіне құрғақ ауамен тыныс алады да, адам аруларға ұшырайды.

Өндірістің дамуы, машиналардың көбеюі ауаның құрамына бөлінетін зиянды қоспа- заттардың мөлшерден көп болып, ауаны ластайды. Ауаның тазалығын сақтау туралы 1980 жылы елімізде арнаулы заң қабылданды. Бұл заң “Атмосфера ауасын сақтау” туралы өндірістерде ауаны тазартқыштар, улы газдарды және қатты түйіршіктерді ұстап қалатын арнаулы құралдар орнатуды талап етті. Елімізде үлкен қалаларда ауаның тазалығын бақылап, оны сақтау шараларын ұйымдастырып отыратын арнаулы мекемелер жұмыс істейді.

Адамдардың көп жиналатын жерлерінде ауаның тазалығын сақтау өте қажет, себебі оттегі азайып, көмірқышқыл газы және су буы көбейіп, бөлмедегі ауа ластанады. Сондықтан мұндай ауамен тыныс алғанда адамның ұйқысы келеді, дел-сал болып есінеп, маужырап, басы ауырады, тез шаршайды, жұмыс істеу қабілеті төмендейді. Денсаулық сақтау үшін адам таза ауамен тыныс алуы керек, сеік-терезені ашып немесе желдеткішті қосып бөлме ауасын тазартып отыруды ұмытпаған дұрыс.


Бақылау сұрақтары:

  1. Шылым шегудің тыныс алу мүшелеріне әсері.

  2. Ауаның тазалығын сақтау.



Лекция 30.

(1 сағат)

Тақырыбы: Тамақтану және адам денсаулығы.

Жоспар:

  1. Тамақтану.

  2. Тамақтану региондары.



Лекция мәтіні.

Сабақтың мақсаты: Тамақтану және адам денсаулығы жайында мағлұмат беру.


1.Тамақтану организмнің қалыпты жағдайда тіршілік етуін, оның денсаулығын және еңбек ету қабілетін қамтамасыз ететін маңызды фактор. Тамақтану жайлы ғылымды нутрициология дейді. Қазіргі заманда тамақтанудың түсіну өте қиын. өйткені тағамның түсуі, қорытылуы, сіңуі организмнің, оны өз қажетіне жаратуы өте күрделі үрдіс. Тағам организмнің жұмсаған энергиясын толықтыру, өлген жасуша мен тіндерін қайта қалпына келтіру және барлық дене құрамына кіретін мүшелердің қызметін реттеуді қамтамасыз етеді. Организмге қажетті энергия және құрылыс (пластикалық) материалдар тағам құрамымен күнделікті үздіксіз сырттан түсіп тұруы шарт. Тамақтану үрдісі жүйке және гуморальдық жолмен реттеледі. Осы өте күрделі тамақтану үрдістерімен қатар организмнің сол тамақты іздеп табу тәртібін қамтамасыз ететін жүйе бар –оны қызметтін тамақтану жүйесі деп атайды. Бұл қызметтік тамақтану жүйесінің бір қатар кезендері алдыңғы тарауларда толық, әрі түсінікті түрде қаралған (ас қорту, зат және энергия алмас, вегетативтік және орталық жүйке жүйесі).Жас ерекшеліктеріне, дененің жалпы салмағына, жынысына, атқаратын қызметіне, қоршаған ортаға қарай, әр адамға тән белгілі бір мөлшерде, құрамда қажетті белок, май, көмірсу, минерал заттары және витаминдері бар тағам қажет. Қазіргі уақытта тағамның құрамы және ондағы калория мөлшері жақсы зерттеліп анықталған, соның нәтижесінде әр адамға қажетті тәуліктік тамақ мөлшерін жұмсалған энергия мөлшеріне сәйкестендіріп қабылдауға болады.

2.Тамақтанудың қазіргі ғылыми теориялық негізі ретінде МҒА академигі А.А. Покровскийдің айтып ұсынған, тендік концепциясын жатқызуға болады. Ал бұл теорияны кеңейтіп, нақтылы әртүрлі жағдайларда біздің еліміздің белгілі бір аудандарында қалай пайдалану керек екенін МҒА академигі Т.М. Шарманов зерттеп ұсынған. Осы концепцияға байланысты тамақ құрамында организм тіршілігі үшін қажетті мөлшерде, белгілі бір қатынаста энергия, белок, көмірсу, май, витамин, минерал заттары, су болуы қажет. Сонымен қатар басты көңіл алмастырылмайтын тамақ құрамына аударылады. Бұл тамақ құрамы организмде ферменттер жүйесімен түзілмейді, сондықтан да олар желінетін аспен сырттан енгізілуі шарт. Тамақтың мұндай қоспасына алмастыруға болмайтын амин қышқылдарынан валин, лейцин т.б., май қышқылдарынан қанықпаған май қышқылдары және витаминдер жатады. Алмастыруға болмайтын амин қышқылдары арнайы белок синтезі үшін пайдаланылады, әрі түрлі гормондар және нейромедиаторлар минтезделетін бастапқы қоспа (тироксин, адреналин, ацетилхолин т.б.). көп қанықтырылмаған май қышқылдары (олеин, орохидон т.б.) биологиялық мембрана құрамына кіретін негізгі бөлік, олар простогландин, нейропептид т.б. биологиялық белсенді заттар жасалатын негізгі қажетті материал. Қажетті энергия мөлшерінің деңгейі организмдегі негізгі алмасу мен атқаратын жұмыс тәртібіне байланысты энергия шығыны арқылы анықталады. Атқаратын жұмыс неғұрлым ауыр, әрі тез орындалса, соғұрлым тамақта қоректік заттар мөлшері көп болуы қажет. Организм құрамында саны жағынан энергия мөлшері тым немесе аз тамақ заттары зиян келтіреді. Құрамында артық калория мөлшері бар тамақ ( дене қимылы төмен болса ), сезімдікке әкеледі, соның нәтижесінде әртүрлі мүшелердің, жүйелердің жұмыс қабілеті төмендеп, тіпті уақытынан бұрын қартаюға әкеліп соғады.

Тәуліктік тамақтанудың оңтайлы (оптималдық) мөлшері анықталған, онда жас ерекшелігі, жыныс, энергия жұмсалу мөлшері т.б. көрсеткіштер есепке алынған. Ересек адамдарда, салыстырмалы жеңіл дене қызметін жасағанда тәулігіне 80-100 г, орташа ауыр қызмет атқарғанда 110-120 г, ауыр дене қызметін атқарғанда -130-160 г белок қажет. Балаларда қажетті белок мөлшері, олардың жас ерекшеліктеріне байланысты әртүрлі болады. Дене салмағының 1 кг есептегенде ересек адамдардын гөрі белок әлдеқайда көп пайдаланылады, ойткені бала организмінде даму, өсу үрдісі, белок биосинтезі өте жоғары. Тамақ рационында тәулігіне 70-80 г, егер энергия жұмсалу мөлшері жоғары болса -100 г дейін май, және оның құрамында 50-60% жануар майы болғаны жөн.

Тәуліктік көмірсу мөлшері адам тамағында 400-450 г дейін болуы қажет. Жұмыс және тұрмыстық жағдайларға байланысты тамақ құрамының өзара қатынасы өзгеріп тұрады. Дені сау адам үшін оптималдық тамақтағы белок, көмірсу, майдың өзара қатынасы 1,14 жақын болады. Тамақ заттары жақсы сіңіріліп пайдаланылу үшін, оның құрамы жануар мен өсімдік тектес болғаны дұрыс. өсімдіктің зат көбіне шикі күйінде пайдаланып организмді қажетті витамин, ферменттермен организмнің әртүрлі жұқпалы ауруларға, сыртқы орта әсерлеріне қарсы тұруы төмендеп, арнайы аурулар пайда болады (авитаминоз).

Әртүрлі витаминдерге берілетін анықтама, әрі организмдегі олардың ролі биохимия курсында толық жан-жақты берілген. Адам денсаулығын сақтауда оптималдық дұрыс тамақтанумен қатар, тамақ ішу уақытын дұрыс белгілуе, энергия құндылығы, мөлшері, құрамы, тамақ ішуді ұйымдастыру жағдайы үлкен роль атқарады. Тамақты бір тәулікте 3-4 рет бөліп ішкен пайдалы екені анықталған.

Көпшілік ғалымдар тәуліктік тамақтың көбін ертеңгілік және түсте, ал кешкілік бір тәулікке қажет жалпы барлық жылу калориясының үштен бір бөлігін қабылдау керек екенін айтады.

Тамақ жақасы сіңіп, пайдаланылуы үшін құрамы, түрі әртүрлі, әрі дәмді дайындалып, тамақ ішетін жер таза, әдемі жиналған, адам тәбетін ашатындай ұйымдастырылған болуы қажет. Әсіресе мұндай жағдай, балалар тамақтануында ерекше орын алады.

Қазақстан Республикасы Академиясының регионалдық зерттеу институты қызметкерлері, ғылыми зерттеліп, негізге алынған балалар және емдік маңызы бар тамақ түрлерін ұсынып отыр, әсіресе сүттен ашытып жасалатын жаңа туған балалар тамақтарының («Балбөбек», «Балдырған», «Жігер» т.б.) құрамы және ондағы биологиялық белсенді қоғаныс түрткілері, ана сүті құрамына өте жақын.

Бақылау сұрақтары:

1. Тамақтану үрдісі жүйке және гуморальдық жолмен реттеледі.

2. Әртүрлі витаминдерге берілетін анықтама, әрі организмдегі олардың ролі биохимия курсында толық жан-жақты берілген.

3. Тамақтану организмнің қалыпты жағдайда тіршілік етуін, оның денсаулығын және еңбек ету қабілетін қамтамасыз ететін маңызды фактор.


Семинар жоспары





Семинардың тақырыбы, мазмұны

Сағат саны

Бақылау түрі


Әдебиттер


1

Табиғи жағдайлар және олардың тұрғындар денсаулығына әсері

1.Бейімдеушілік жөніндегі түсінік.

2. Бейімдеушіліктің типтері.



1

Бақылау сұрақтары

Тест


1,2,3,4,5,6,7,8

2

Медициналық географияның әдістері

1.Территориялық жүйелерді медициналық географиялық бағалау үшін қолданылатын орта компоненттерінің классификациясы.

2. Медициналық географиялық аудандастыру.

3.Антропоэкологиялық жүйелерді зерттеу барысындағы картаға түсіру принциптері.

4.Медициналық географиялық болжау.



1



Картамен жұмыс



1,2,3,4,5,6,7,8

3

Жерсіндіру және тұқым қуалаушылық

1.Бергман ережесі,

2.Аллен ережесі,

3.Глогер ережесі,

4.Томсон ережесі,

5.Бакстон ережесі



1



Картамен жұмыс



1,2,3,4,5,6,7,8

4

Адамның биохимиялық эндемиясы.

1.Виноградовтың биохимиялық провинциялар туралы ілімі.

2.Биогеохимиялық тектес эндемиялық аурулар түсінігі.

3.Эндемиялық аурулар түрлері.



1



Картамен жұмыс



1,2,3,4,5,6,7,8

5

Адамның және жануарлардың бейімдеушілік өзгергіштігінің негізгі заңдылықтары

1.Жануарлардың жарыққа бейімделуі,

2.Жануарлардың ыстыққа бейімделуі,

1



Картамен жұмыс



1,2,3,4,5,6,7,8

6

Микроэлементоздардың жіктелуі.

1.Табиғи экзогенді,

2.Табиғи эндогенді,

3.Техногенді микроэлементоздар

4.Пайда болу жағынан

1



Картамен жұмыс



1,2,3,4,5,6,7,8

7

Адам ауруларының географиясы

1.Нозогеографияның анықтамасымен негізгі түсініктері

2.Міндеттері.

3.Нозожүйе түсініктері

1



Картамен жұмыс



1,2,3,4,5,6,7,8

8

Адам ауруларының географиясы

1.Нозожүйе.

2.Нозоарел.

3.Кең таралған және стенохорлы аурулар.

4.Олардың түрлері.

1



Картамен жұмыс



1,2,3,4,5,6,7,8

9


Аурулардың табиғи ошағы жөніндегі Павловскийдің ілімі.

1.Аурулардың табиғи ошағы жөніндегі Павловскийдің ілімі.

2.Павловтың жеті ілімі,

3.Еңбектері,ғылыми жаңалықтары.

1



Картамен жұмыс



1,2,3,4,5,6,7,8

10

Аймақтық медициналық география және географиялық патология

1.Потология түсінігі,

2.Таралу аймақтары

3.Ерекшеліктері.

1



Картамен жұмыс



1,2,3,4,5,6,7,8

11

Шөл шөлейтті экстремальды ыстық аймақтар.

1.Шөл шөлейтті экстремальды ыстық аймақтар.

2. Аридті зона ортасының экстремальдық факторлары.

3.Тұрғын халықпен жаңа қоныстанған халықтың денсаулығының сипаттамасы

1



Картамен жұмыс



1,2,3,4,5,6,7,8

12

Урбандалу және халықтың денсаулығы

1.Урбандалу және халықтың денсаулығы

2.Урбанизация қалалық ортаны қалыптастырушы процесс ретінде

1



Картамен жұмыс



1,2,3,4,5,6,7,8

13

Демографиялық көрсеткіштердің өзгеруі

1.Демографиялық көрсеткіштердің өзгеруі.

2.Қала халқы санының азаюы.


1



Картамен жұмыс



1,2,3,4,5,6,7,8

14

Қазақстанның медициналық-географиялық мәселелері

1.Биохимиялық эндемиялар.

2.Дамып келе жатқан аурулар : жүрек.

3.Тамыр,

4.Қатерлі ісіктер



1



Картамен жұмыс



1,2,3,4,5,6,7,8

15

Қазақстанның медициналық-географиялық мәселелері

1.Биохимиялық эндемиялар.

2.Дамып келе жатқан аурулар : жүрек.

3.Тамыр,

4.Қатерлі ісіктер

1



Картамен жұмыс



1,2,3,4,5,6,7,8

16

Медициналық елтанудың міндеттері

1.Медициналық елтанудың міндеттері

2.Кең көлемді медициналық географиялық мәселелер..

3.Жүрек- тамыр аурулары.

1



Картамен жұмыс



1,2,3,4,5,6,7,8

17

Тамақтану және адам денсаулығы.

1.Азық – түлік қорлары.

2.Дамушы елдер халқының тамақтану региондары

1



Картамен жұмыс



1,2,3,4,5,6,7,8

18


Қалалық ортаның халықтың денсаулығына әсері

1.Урбандалу және халықтың денсаулығы.

2. Урбанизация қалалық ортаны қалыптастырушы процесс ретінде.

3. Қалалық орта.

4.Экологиялық жағдайы

1



Картамен жұмыс



1,2,3,4,5,6,7,8

19

Нозожүйелер мен нозоареалдардың құрылуындағы сыртқы ортаның факторларының маңызы.

1.Нозожүйелер мен нозоареалдардың құрылуындағы сыртқы ортаның факторларының маңызы.

2.Климат.

3.Географиялық аумақ,

4.Өндіріс орындары.

1



Картамен жұмыс



1,2,3,4,5,6,7,8

20

Жерсіндіру және тұқым қуалаушылық

1.Тұқым қуалаушылық және потология.

2.Потология түрлері.

3.Адамның және жануарлардың бейімдеушілік өзгергіштігінің негізгі заңдылықтары

1



Картамен жұмыс



1,2,3,4,5,6,7,8




Барлығы:

20






1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12

Похожие:

«Гуманитарлық білім»факультеті «Тарих және география» кафедрасы “Медициналық география” пәні бойынша icon«Гуманитарлық білім»факультеті «Тарих және география» кафедрасы “Сулы жүйелер экологиясы” пәні бойынша
Оқу бағдарлама «Сырдария» университетінің ғылыми кеңесінде талқыланып, бекітілген
«Гуманитарлық білім»факультеті «Тарих және география» кафедрасы “Медициналық география” пәні бойынша icon«Гуманитарлық білім» факультеті “Тарих және география” кафедрасы “ Географиялық орта химиясы ” пәні бойынша
Силлабус Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің 23 қаңтар 2008 жылғы №26 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік жалпыға...
«Гуманитарлық білім»факультеті «Тарих және география» кафедрасы “Медициналық география” пәні бойынша icon«Гуманитарлық білім» факультеті «Қоғамдық пәндер және география» кафедрасы Бекітілді
«Мәдениеттану» пәні бойынша факультет аралық мамандықтары студенттерінің 1 курстары үшін әзірленген
«Гуманитарлық білім»факультеті «Тарих және география» кафедрасы “Медициналық география” пәні бойынша icon«Гуманитарлық»факультеті «Тарих және география» кафедрасы «Дүние жүзінің шаруашылық географиясы» пәні бойынша
Р. мемлекеті, жалпыға міндетті білім стандарты негізінде және Қ. Р. Білім және Ғылым министрлігінің 22. 06. 2006 ж. Республикалық...
«Гуманитарлық білім»факультеті «Тарих және география» кафедрасы “Медициналық география” пәні бойынша icon«Гуманитарлық білім» факультеті «Тарих және география» кафедрасы
Р. мемлекеті, жалпыға міндетті білім стандарты негізінде және Қ. Р. Білім және Ғылым министрлігінің 22. 06. 2006 ж. Республикалық...
«Гуманитарлық білім»факультеті «Тарих және география» кафедрасы “Медициналық география” пәні бойынша icon«Гуманитарлық білім» факультеті «Тарих және география» кафедрасы Саясаттану пәнінен
Бекітілген Мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандарты, мамандыќтыњ типтік оќу жоспары жєне Ќр бѓМ 11-мамырдағы 2005 жылғы №289...
«Гуманитарлық білім»факультеті «Тарих және география» кафедрасы “Медициналық география” пәні бойынша iconЖаратылыстық Ғылымдар факультеті экология-химия және география пәндері кафедрасы
Пререквизиттер: биология, химия, география, физика, математика, тарих, философия, экономика, құқықтану, психология, саясаттану
«Гуманитарлық білім»факультеті «Тарих және география» кафедрасы “Медициналық география” пәні бойынша icon«Гуманитарлық білім»факультеті «Тарих және география» кафедрасы
Силлабус : Университет Ғылыми кеңесінде бекітілген Оқу бағдарламасы, жұмыс оқу жоспары (28. 08. 2010ж),және пәннің жұмыс бағдарламасы...
«Гуманитарлық білім»факультеті «Тарих және география» кафедрасы “Медициналық география” пәні бойынша iconЖаратылыстық Ғылымдар факультеті экология-химия және география пәндері кафедрасы
Пререквизиттер: «Тіршіліктің қауіпсіздік негіздері» курсын менгеру студенттердің орта мектептегі тарих, биология, химия, физика,...
«Гуманитарлық білім»факультеті «Тарих және география» кафедрасы “Медициналық география” пәні бойынша icon«Химия және география” кафедрасы «тмд және Қазақстанның қазіргі экологиялық мәселелері» пәні бойынша
География мамандығының 2-курс студенттерінің 4 семестрдегі білімін бақылауға арналған обсөЖ
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница