«Гуманитарлық білім»факультеті «Тарих және география» кафедрасы “Медициналық география” пәні бойынша




Название«Гуманитарлық білім»факультеті «Тарих және география» кафедрасы “Медициналық география” пәні бойынша
страница8/12
Дата конвертации12.02.2016
Размер1.66 Mb.
ТипЛекция
источникhttp://89.218.153.154:280/CDO/Sillabus/Tar/Sirbaeva.MedGeo-Z.doc
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12

Бақылау сұрақтары:

1 Тропиктік белдеу

2 Қоңыржай белдеу


Лекция № 21

Тақырыбы: Экстремальды ылғал аймақтар – тропиктер мен субтропиктер.

(1 сағат)

Жоспар:

1.Экстремальды ыстық аймақтар.

2. Зона ортасының экстремальды факторлары.

3. Халық денсаулығының сипаттамасы.


Лекцияның мәтіні.

Сабақтың мақсаты: Экстремальды ылғал аймақтар – тропиктер мен субтропиктер қарастыру.


1.Құрғақ тропик пен субтропиктің жайылымдық, ландшафтары. Қоңыржай ендіктің антропогендік ландшафтарымен салыстырғанда мал шаруашылығы жақсы дамыған бұл аймақтардың ландшафтары көшпелі мал шаруашылығымен ерскшеленеді.

Қазір жер бетінде 1 млрд-қа жуық ірі қара мал болса оның жартысынан астамы тропик пен субтропик белдеулерінде жиналған. Тропиктік елдерде ірі қара малдың маңызы қоңыржай ендіктен өзгеше: ірі қара малды азық-түлік үшін пайдалану жанамалы рөл атқарады, керісінше мал байлықтың, жақсы тұрмыстың белгісі деп есептеледі, кейбір Азия мен Африка елдерінде діни сенімде пайдаланады. Сондықтан ірі қара мал басын үнемі көбейту негізгі мақсат болып табылады. Мысалы, Үндістанның солтүстік-батысында орна-ласқан шөлейт зонасында жайылымдық ландшафтардың 1 гектарына 13-30 бас ірі қара жаюдың орнына 170 - 180 бас мал жайылады. Солтүстік Иракта - 200, Курдистанда — 400 -700, ең көбі Түркияда — 1 гектарға 1500 - 2000 бас мал. Азық жетіспегендіктен, мал орман алқаптарында жайылады. Соңғы 40 жылда Үндістанда мал басы 84 миллионнан 148 млн-ға артса жайылымның ауданы 49 млн. гектарға кеміген. Сондықтан аридті процестер алғашында не топырағы, не климаты шөлге айналмаған аймақтарға таралады. Мысалы, ғылыми әдебиеттер бойынша Сахара шөлінің орнында өткен тарихи заманда ылғалды саванна болған. Бірақ, кейіннен Солтүстік Африканы римдіктер жаулап алған соң орман ағаштарын кессе, вандалдардың басып енуі ирригациялық, тораптарды жойған, соңынан Африканың оңтүстігінен қоныс ауыстырған көшпелі малшылар өсімдіктердің түбірімен жойылуына жол ашқан. Кешпелі мал шаруашылығында малды жайылымдарда уақытынан ерте (мысалы, шөлде бұталы өсімдіктер қалыпты өсу шегіне жетпей) немесе мал басын нормадан артық жаю жайылымдардың өсімдік топтарының жойылуына, мал жеуге жарамсыз арам шөптердің каулап пайда болуына, топырақтың жоғарғы горизонтының «жалаңаштануына», осының салдарынан жайылымдықтың қорының азаюына себеп болады.

2.Антропогендік аридтену процесіне мұздық дәуірінен кейін климаттың жалпы планетарлық масштабта өзгеруі де елеулі әсерін тигізді - жалпы шөлдену процесін үдете түсті.

Аймақтың ауыл шаруашылық саласында жайылымдық жерлердің үлес салмағы аз болғанымен, басқа табиғи ресурстармен салыстырғанда антропогендік әсерге тұрақсыз. Сондықтан өте әлсіз адам әсерінде олардың түрлік құрамы мен доминантты эдификатор өсімдіктері тез өзгереді.Табиғи жайылымдық жерлердің экономикалық тиімділігін арттыру тек оларға дұрыс шараларды пайдалана білуде ғана емес, сонымен қатар жердегі ірі массивті құмдарға көп жылдык өсімдіктер отырғызуды көздейді. Бүкіл вегетациялық, кезенде жануарлар нәрлі өсімдікпен қоректенеді. Бірақ, мұндай көрсеткіштер жыл сайын бола бермейді. Ылғалы мол жылдар мен жайылымды алқаптарды дұрыс пайдаланғанда ғана осындай нәтижеге жетуге болады. Ал құрғақ жылдары өсімдік жаздың ортасында күйіп кетеді. Сонымен қатар малды нормадан тыс жаю, өсімдіктердің өнімділігі мен биологиялық ерекшеліктерін есепке алмау жайылымдық жерлердің нашарлауының бірден-бір себебі болып табылады. Сондықтан шабындық өсімдіктерінің нәрлік құны төмендейді, мал жемейтін өсімдіктер өсіп, механикалық құрамы жеңіл топырақта орозиялық процесс дамиды.Көп жылдық ауа райы көрсеткіштері мем мезгілдік ерекшеліктерге сүйене отырып жем-шөптін қорын, тиімді пайдалану жолдарын шешуге мүмкіндік туады.

3.Тропиктік белдеу – субтропиктік және субэкваторлық белдеулер аралығындағы географиялық белдеу.Негізінен 200 және 30 0 ендіктер арасын қамтиды.Кейбір геогрофтар тропиктік белдеуде солтұстік және оңтүстік жарты шардағы субтропиктік белдеуден бастар субэкваторлық белдеу мен экваторлық блдеуді енгізеді.Ауа темпратурасының жоғары болуы, құрлықта ландшафтың шөлдік түрінің кең таралуы, мұхит суының темпратурасы мен тұздылығының жоғары болуымен сипатталады.Жауын-шашын мөлшері 200 мм ден аспайды. Тропиктік белдеуінің материк бөлігінде табиғи процестер шығыстан батысқа қарай өзгереді.Осы бағытқа қарай беткі ағын мөлшері, топырақ қабатының қалыңдығы кемиді.Шығысында орман, батысында сирек орман, шөлейт және шөл өсімдігі тараған.Жануарлардан жұп тұяқтылардың күйіс қайыратын түрі, жыртқыштар т.б. мекендейді.Тропиктік ылғалды орман, тропиктік сирек орман, құрғақ орман, және саванна, тропиктік шөлейт және тропиктік шөл зоналарына ажыратылады.

Субтропиктік белдеу – оңтүстік және солтүстік ендіктердегі тропиктік және қоңыржай белдеулер аралығындағы аймақ.Солтүстік және оңт ендіктің 300-400 градус аралығында.Мұнда жыл маусымдары алма кезек калыпты ауысады.Қыстағы ең суық айдың орташа темп-сы 0 градустан жоғары С.Б-дің қиыр оңт-і СССР территориясындағы шағын өңірді қамтиды,Кавказдың қара теңіздің жағалауы,Колхида ойпаты,Қырымның оңтүстік жағалауы,шығыс кавказ сытының біріз жері,Копетдаг тауы алды С.Б-ге жатады.Ауаның орташа темп-сы январьда -0 -70 градус,июньде 23-300 градус.Ылғалды субтропикте емен,қайың тұқымдас ағаштар,шөлейттік субтропиктік сары қызыл топырағында ксерофитті өсімдіктер-арша,пісте,бадамша,шөлдік субтропикте эфемерлер,астық тұқымдастар өседі.Мақта,цитрус жемістері,жүзім шай өсіріледі.СССР-дегі субтропиктік және белдеу демалыс және сауығу орындарына айналдырылған.

Бақылау сұрақтары:


  1. Тропиктік белдеусубтропиктік және субэкваторлық белдеулер аралығындағы географиялық белдеу.

  2. Субтропиктік белдеу – оңтүстік және солтүстік ендіктердегі тропиктік және қоңыржай белдеулер аралығындағы аймақ.

  3. Құрғақ тропик пен субтропиктің жайылымдық, ландшафтары.


Лекция № 22

Тақырыбы: Урбанизация және халықтың денсаулығы.

(1 сағат)

Жоспар:


  1. Қала және адам денсаулығы.

  2. Урбанизация қалалық ортаны қалыптыстырушы процесс ретінде.


Лекцияның мәтіні.

Сабақтың мақсаты: Қала және адам денсаулығы,урбанизация қалалық ортаны қалыптыстырушы процесс ретінде сипаттау.


1.Қазіргі кезде адамның экологиялық ортасы – қала.Ол ең ірі және табиғи ортадан өзгеше, көптеген параметрлері бойынша экстремальды деуге болатын орта.Қаладан техногенді қуаттың орасан зор концентрациясы жиналады. Дүние жүзінің қалаларында қазір ғаламшарымызда мекендейтін халықтың гамамен жартысы шоғырланған.Соңғы 45 жылда қала халқының саны 729 млн нан 2540 млн адамға дейін өсті, яғни 3,5 еседей, ал олардың халықтың жалпы санындағы үлесі 29 дан 44 % дейін артты.

Сонымен қатар, қалалардың іріленуі жүріп отыр.1995 жылдың соңына қарай дүние жүзінде халқының саны 1 млн нан астам халқы бар 320 қала және 5 млн нан астам халқы бар 48 қала болған. Бірақ, урбанизация процесі тек қала халқының немесе қалалардың мөлшерімен санының артуымен ғана шектелмейді. Сонымен қатар, бұл процесс қоғам өміріндегі қалалардың рөлінің артуынан, қөптеген адамдардың өмір сүру салтының өзгеруінен де көрінеді. Қалалардағы адам экологиясына тән нәрсе – бұл табиғи экологиялық факторлардан оқшаулану болып табылады.Қажетті мөлшерде өсімдіктер, тірі топырақпен, сумен қамтамасыз етілген.Адамның биологиялық табиғаты мен оның табиғатқа қарсы іс әрекетінің нәтижелері арасындағы қайшылық, әсіресе қала жағдайында шиеленісе түседі. Қазіргі кездегі қала – күрделі әлеуметтік – экономикалық ағза.Ол демографиялық экономико – географиялық, инженерлік- құрылыс, сәулеттік факторлардың әсерінен, қоршаған экономикалықкеңістік пен табиғи ортаның алуан түрлі өзара әсерлері нәтижесінде қалыптасады.

Көбінесе қалалармен қоғамдық процестің көптеген белгілерін байланыстырады.Бірақ, қала өркениеті – қолайлы жағдайлар, тұрмыстың жеңілденуіне әкелгенмен, коммуникация тығыздығы, әр түрлі қажеттіліктерді қанағаттандыру мүмкіндіктері - тек барлық жағынан қолайлы орта емес.

2.Қала ортасы адамның басты сапасы – оның денсаулығына қолайсыз әсер етеді.Атмосфераның, судың, азық түлік өнімдерінің, күнделікті қажетті заттардың өнеркәсіп пен транспорттың қалдықтарымен ластануы, электромагниттік өріс, вибрация, шу, ауаның дезионизациялануы, тұрмыстық химияландырылуы, шектен тыс көп ақпараттардың ағыны, уақыттың жетіспеуі, гинодинамия, эмоциогенді қысым, дұрыс тамақтанбау, зиянды әрекеттердің кеңінен таралуы – осылардың барлығы қосылып адамның денсаулығын нашарлатады.

Қала халқының басым бөлігі демалысын қаладан тыс, табиғи жағдайда өткізуге тырысады. Бірақ, мұндай жерлерде мүмкін болатын рекреациялық (рекреация лат тілінен демалу, сауығу) қысым артады да, олар қаланың жалғасына ацналады.Қалалар және урбандалу. Дамыған елдерде қала тұрғындары 75-80% ал дамушы елдерде 45-50%. Қазір жер шарының жартысынан көбіне қала халқы тұрады.Урбанизация қалалар мен қала халқының көбейуі, қалалардың рөлінің артуы. Бір-біріне жақын орналасқан ірі қалалардың қосылуын агломерациялар деп атайды. Мысалы: Маскеу агломерациясында 12 млн. адам тұрады. Урбанизацияның ең жоғарғы буыны мегаполюстер агломерацияларды қосылуы. Мысалы: Бостон –Вашингтон (40 млн –ға жуық адам ) Нью-Иорк, Филодельфия және т.б. Қалалардағы адамдардың қала маңына шағырлануы субурбанизанизаия деп аталады. Дамушы елдерде урбанизация деңгейі төмен, қала халқының үлесі 30-41% Латын Америкасы, Азия елдері. Ауыл село халқы жер бетінде ауыл селода шама мен 18-20 мил.

Халықтың көші – қоны Адамдардың бір елден басқа елге қоныс аударымиграция деп аталады. Адамдардың өзге елдерге тұрақты тұруға кетуі- Эмиграция, ал басқа елден келіп тұрақтануын иммаграция деп атайды.

Алғашқы көші қон қарқыны Еуропа елдерінен Солтүстік Америкаға, Оңтүстік Америкаға, Африкаға, Австралия және т.б жерлерге тарады. Мысалы:

АҚШ халқының көп ұлтты болуы миграцияға байланысты.

Қазіргі негізгі сыртқы көші қон бағыттарының жоғарғы аймақтары: Солтүстік Америкадан (Куба, Мексикадан, Еуропаға, Оңтүстік Америкадан Солтүстік Америкаға, Оңтүстік шығыс Азиядан Парсы шығанағы елдеріне дейін) ішкі миграцияның негізгі бағыттары Шығыс Еуропадан Ресейге, орта Азиядан Еуропаға, Солтүстік Америкадан Еуропаға, Үндістаннан Еуропаға, Бразилия, Парагвайдан, Аргентинаға дейінгі аймақтар.


Бақылау сұрақтары:

1. Урбанизация қалалар мен қала халқының көбейуі.

2. Дүние жүзінің қалаларында қазір ғаламшарымызда мекендейтін халықтың гамамен жартысы шоғырланған.

3. Халықтың көші – қоны.

Лекция № 23

(1 сағат)

Тақырыбы: Қалалық ортаның халықтың денсаулығына әсері.

Жоспар:

  1. Халықтың денсаулық жағдайы.

  2. Экологиялық жағдай мен ауру деңгейі.


Лекцияның мәтіні.


Сабақтың мақсаты: Қалалық ортаның халықтың денсаулығына әсерін сипаттау.

1.Адамның денсаулығының төмендеп, ауруға шалдығуын ағзаның ортаға толық бейімделе алмауымен, қолайсыз әсерлерге берген теріс жауабы ретінде қарастыру керек. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының анықтамасы бойынша,Денсаулық дегеніміз – бұл тек аурудың болмауы емес, ол толық физикалық, психологиялық және әлеуметтік қолайлылық.Ғалымдардың есептеулері бойынша адамдардың денсаулық жағдайы 50-52 % ы – өмір сүру салтына, 20-25 % ы – тұқым қуалау факторларына, 18-20 % ы – қоршаған орта жағдайларына, ал 7-12 % ғана денсаулық сақтау саласының деңгейіне байланысты болады.Антропогендік факторлар бұрын болмаған, жаңа техногенді ауруларды туғызады. Адамның денсаулығына зиянды әсер етуші факторлар ішінде әр түрлі ластаушы заттар бірінщі орын алады.Адамның іс әрекеті нәтижесінде биосфераға, оған тән емес 4 млн нан астам заттар шығарылған. Сонымен қатар жыл сайын қоршаған ортаға мыңдаған жаңа заттар шығарылады.Олардың көпшілігі Ксенобиотиктер (грек тілінен аударғанда xenos – бөтен), яғни адам мен басқа тірі ағзалар үшін бөтен заттар.

2.Аурулардың көбеюі сонымен қатар табиғи ортаның әр түрлі трансформацияларымен, оның толық бұзылуы, өнеркәсіптік кешендерге, бір типті тұрғын жерлерге және т.б.яғни « үшінші табиғатқа » айналуына байланысты.Денсаулыққа әлеуметтік және экономикалық жағдайлардың әсері артып отыр.Табиғи және физико химиялық тұрғыдан алғанда таза орта болса да, қолайсыз әлеуметтік экономикалық жағдай ауру мен өлімнің артуына әкелетінін өмір көрсетіп отыр. Әлеуметтік экономикалық жағдайдың нашарлауы адамның психологиялық күйі мен стрестік құбылыстар арқылы әсер етеді.Төмендегі кестеде халықтың өліміне әр түрлі аурулардың әсері көрсетілген.

9- кесте



Аурулар






















Өмір сүру салты

Қоршаған орта

Тұқым қуалаушылық

Денсаулық сақтау

1

Жүрек аурулары

54

9

25

19

2

Қатерлі ісік

37

34

29

10

3

Жол-трансфорттық

68

18

1

12

4

Атеросклероз

49

8

25

18

5

Диабет

26

0

25

18

6

Бауыр циррозы

70

9

18

3

7

Өзін өзі өлтіру

60

35

2

3

8

Барлық күтпеген қолайсыз жағдайлар

51

31

2

3

9

Орташа алғанда

48

16

25

11



9-кестеде адамдардың мезгілсіз қайтыс болу себептері ең алдымен қолайсыз табиғи және әлеуметтік факторлар болып табылады.

3.Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтері бойынша,жыл сайын дүние жүзінде шамамен 500 мың адам пестицидтермен уланады және оның 5 мыңы өліммен яқталажы.Мұндай құбылыстар әдетте «үшінші әлем » елдерінде жиі кездеседі.АҚШ пен салыстырғанда бұл елдерде улану 13 есе артық. Американ ғалымдарының мәліметтері бойынша барлық қатерлі ісік ауруларының 90 % ы – қоршаған ортаның қолайсыз әсеріне байланысты.ФРГ де соңғы он жылда қатерлі ісікпен ауыратындардың үлесі ер кісілерде 15 тен 23 % ға дейін, ал әйелдерде 17 ден 25 ^ ға дейін артқан.Аурулар индустриялды және ластанған аудандарда жиі кездеседі. Балалардың жалпы ауруларына әсер ететін күшті фактор көміртегі тотығы мен шу болып табылады.Арал аймағы эклолгиялық апат аймағы болып табылады.Бұл аймақ аурулар мен өлімдердің жоғары болуымен сипатталады.Мысалға, Қарақалпақстанда балалар өлімінің жиілігі туылған мың балаға 87 ден келеді, ал Скандинавия елдерінде 7-8, Жапонияда -5, Бұрынғы КСРО да 20 жылдардың соңында орташа балалар өлімінің жиілігі 24-25 болған.

Арал теңізінің тартылып, теңіз маңайындағы аудандардың экологиялық жағдайларының нашарлауының көптеген себептері бар. Соның ішінде ең басты себеп – Аралға құятын Сырдария мен Әмудария өзендерінің аңғарларында суармалы егіс көлемінің жөнсіз ұлғайтылуы, су режимін дұрыс сақтамау егістік жерлердің сортаңдануына алып келді. Соның салдарынан Арал теңізінің деңгейі 14,7 метрге дейін төмендеді. Көлдің 26 мың км2 су табаны құрғап, орнына 2 мың гектардай жерде тұзды сортаң шөл пайда болды. Аралдың табанынан жел көтерген тұзды шаң жүздеген мың шаршы километр аумаққа таралуда. Ғалымдардың зерттеулеріне қарағанда тартылған теңіз табанының 1 км2 жерінен 8000 тоннаға жуық тұзды шаң көтеріліп, қоршаған ортаға таралады екен. Шаңмен көтеріліп, шөккен тұз топырақтың құнарын азайтып, егіс өнімін төмендетеді, ауыз судың сапасына әсер етіп, жергілікті халықтың денсаулығына зиянын тигізіп отыр.

Атмосфераға зиянды заттардың шамадан тыс таралуы климатқа да өз әсерін тигізуде. Араал маңында атмосфераға ғана емес , су мен топырақ та ластанған. Теңіз маңында жас балалар өлімі көп, ересектер арасында сырқатту басым. Әсіресе тыныс алу органдары мен жүйке, қан айналысы жүйесі, асқазан т.б. аурулары жиі кездеседі. Жұқпалы аурулар (ішек аурулары және сары ауру), қатерлі ісік, кеміс боп туу соңғы кезде көбейіп кеткен. Байырғы тұрғындар ата – баба жерінен амалсыз қоныс аударуда. Қазір Арал теңізінің экологиялық жағдайы шетел ғалымдарын да алаңдатып отыр.


Бақылау сұрақтары:

1. Атмосфераға зиянды заттардың шамадан тыс таралуы климатқа да өз әсерін тигізуде.

2. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтері.

3. Денсаулық дегеніміз


Лекция № 24

Тақырыбы: Демографиялық көрсеткіштердің өзгеруі.

(1 сағат)

Жоспар:


1. Денсаулық саны

2. Адам және экологиялық көрсеткіштер.

Лекцияның мәтіні.

Сабақтың мақсаты: Демографиялық көрсеткіштердің өзгеруін сипаттау.

1.Бұл сұрақтамалар «Денсаулық санын» организмнің функциялық мүмкіндіктерін анықтап бағалауға жағдайын туғызады. Сіздің жасыңызға сәйкес келетін қалып қалып -10 құрайды. Егер де көрсеткіш қалыптан төмен болса, онда екі санды бөлгендегі нәтиже 100%-тен аз болғаны. Мысалы, 40 жаста үйдің 4-қабатына көтерілгеннен кейінгі пульс 116 соқса, қалып осындай болу керек (100%), ал 120 рет соқса, ол қалыптың 96,7%-ін құрайды (116:120). Айталық, көтерілген соң, 2 минуттен кейін пульс 1 минут кейін 100 соғылыс болады, ол 104 қалыптың 96%-ін құрайды. Айтқандайын, бұл 45 жастағының көрсеткіштері құрайды. Осы сұрақтамалардан алынған барлық нәтижелеррді қалыпқа қатысы бар проценттерге ауыстырыңыз, осы көрсеткіштердің орташа арифметикалық өлшемін тауып шығарыныз. Бұл Сіздің «Денсаулығыңыздың саны» болмақ. Сонымен, Сіз өзіңіздің шын жасыңызды және «Денсаулығыңыздың санын» анықтап алдыңыз. Егер де бұл цифралар Сізді қанағаттандырмаса, не істеу керек? Әрине, өз өмір салтыңызды өзгерту керек. Көптеген жылдар бойы жасалған біздің зерттеулер мәліметтеріне қарағанда, организмнің мүмкіндіктерін дамытатын және жас деңгейін төмендететін бірден –бір тиімді жол –ол жүзу (тым болмаса аптасына 2 -3 рет), жүгіру болмаса, күніне 20 минут не 40 минут арасына күн қыста –шаңғы не коньки тебу, жазда велосипед тебу, қайық есу, баау –бақшада жұмыс істеу, жыл бойына гимнастика (егер оны аса қажетті жабдық –жағдаяттарына сай өткізсе, сауықтыру тиімділігі екі есе өсер еді), спорттық ойындар, жедел жүріс.

2. Адам және кейбір экологиялық көрсеткіштер.

Адамның өмір сүру мерзімі экология жағдайларының тепе-теңдігіне байланысты. Бұл тепе –теңдікте тууы, ауыруы және өлімі бір дәрежеде болуға тиісті. Осы көрсеткіштерге әлеуметтік факторлар әсер етеді. Солардың ішінде көбінесе екі көрсеткішті алады: балалар өлімі және орта өмір сүру мерзімі.

Балалар өлімі: Бұған есеп болатыны бірінші жылдағы 1000 жаңа туған нәрестелер. Осы көрсеткіш өте сезімтелдықты бейнелейді, балалардың өлім орта жастағы немесе кәрілер тобының өліміне байланысты емес. ХІХ ғасырдың аяғында балалар өлімі Ұлыбританияда 150/1000 нәрестеге тең болған. Көрсеткіш бұл елдерде экономикалық -әлеуметтік өмір жағдайына байланысты. Көптеген қарапайым қоғамдыстықтарда бала өлімі жоғары. Бұл экосистема да адам санының реттеуші факторы болып есептеледі. Сонымен бірге бұндай көрсеткіш белгілі шектелген экосистемалық сыйымдылыққа байланысты.

Орта өмір сүру мерзімі. Бұл көрсеткіш тас ғасырындағы және көне тарих алдындағы адамдардың қаңқа қалдықтарымен анықталады. Жасты анықталғанда мына көрсеткіштер алынады.

  • Тіс аппаратының құрамы;

  • Білезік сүйектерінің қатаю дәрежесі;

  • Түтік эпифизарлы сүйек қуысының ұлғаю дәрежесі;

  • Бас сауыты сүйектерінің аралықтарының біту дәрежесі.

Қаңқа сүйектері бойынша, оларды жасына қарай 4 -5 топқа бөледі:

  • 0 дан 12-13 жасқа дейінгі балалар:

  • 12-13 жастан 21-ге дейінгі жасөспірімдер және жастар:

  • 21-ден 40-қа дейінгі ересек адамдар;

  • 40-59 арасындағы орта жастығылар;

  • 60-тан жоғары –кәрі жастағылар.

Адам тарихында өлім біздің заманымызға қарағанда көбінесе ерте жаста болған. Бұрын елдерде 10% халық 40 жылдан астам уақыт өмір сурген. Кейбір мәлімет бойынша, адамның 50%-ы жиырма жасқа дейін ғана жеткен.


Бақылау сұрақтары:

1 Білезік сүйектерінің қатаю дәрежесі

2 Адам және кейбір экологиялық көрсеткіштер.

Лекция № 25

Тақырыбы: Қазақстанның медициналық география мәселелері.

(1 сағат)

Жоспар:


1. Жүрек – тамыр, қатерлі ісіктер.

2. Өкпе тамырларындағы қанның ағысы.

Лекцияның мәтіні.

Сабақтың мақсаты: Қазақстанның медициналық география мәселелерін қарастыру.

1.Жүрек етіне қан әкелетін тәждік артерия қолқаның сол қарыншасынан басталады. Бұл артерияларға қан негізінде диастола кезінде өтеді. Систола уақытында жүрек еті жиырылып тәждік тамыр қысылғандықтан қан ағысы өте төмендейді. Олай болғанмен де жүректің минуттық қан көлемінің 4-6%-і (200-250 мл) жүрек тамырларына түседі. Ал дене қимылы үдесе бұл тамырдан минутына өтетін қан мөлшері 3-4 л-ге жетуі мүмкін. Жүрек веналарындағы қанның көбі (75-90%) оң жүрекшедегі тәждік синусқа, қалғаны көптеген ұсақ Тебези тамырлары арқылы қарыншаларға құйылады.

Жүрек еті басқа ағзаларға қарағанда қаннаң белгілі бір уақыт арасында оттегін көп сіңіреді. Жүрек тамыры тарылып оттегі аз сіңірілетің болса, қатты ауыру сезімі пайда болады. Сау адамда оттегі жеткіліксіз болса, тәждік артериялар кеңейтіп, қайтсе де миокардты оттегімен қамтамасыз етеді. Бірақ, тәждік артерияларда атеросклероздық өзгерістер болса олар онша кеңейе алмайда. Сондықтан жүрек тұсына туатын ауыру сезімі көбіне қарияларда кездеседі.

2.Өкпе тамырларындағы қанның ағысы.

Өкпеге қан тамырлардың үлкен және кіші шеңберлерінен келеді. Кіші шеңбер капиллярларға өкпе көпіршіктерінде тарамдынып қалың тор құрады. Бұл капиллярларға оң қарыншадан басталатын өкпе артариялары көмір қышқылды газға бай веналық қан әкеледі, ал өкпе капиллярларынан шығатын оттегіне қаныққан артериялық қан 4 өкпе веналары арқылы сол жүрекшеге барып құйылады. Өкпеде газдардың алмасуына қажет көптеген жағдай бар. Оның бірі өкпедегі ауа мен капиллярлардағы қанды бөліп тұратын мембраналардың (альвеолалық эпителий мен капилярлар эндотелиі) қалыңдығы 0,4 мкм. Мұндай жұқа мембрана газдардың диффузиясына онша кедерге жасамайды. Екінші бір көңіл аударатын жағдай екі өкпенің көпіршіктерін жазып жіберсе, оның ауданы 140 м-дей орын алады. Осындай аудан арқылы капиллярдағы эритроциттер өкпедегі ауамен түйіседі. Үшінші жағдай –кіші шеңберден минутына 3-5 литрдей қан өтеді. Оның эритроциттері капиллярлардан 5 секунд арасында өтсе, 07-,7 секундтай газдар алмасады. Өкпе капиллярларында қандағы СО2 өкпеге, ал өкпеден қанға О2 өтеді. Газдардың алмасуы кіші шеңбердің қантамырларындағы қан ағысының жылдамдығына байланысты.

Қантамырларының үлкен шеңберінен қан өкпеге бронх артерияларынан келеді. Бұл тамырлардың капиллярларында өкпе мен қан арасында заттар алмасады. Бронх артериялары арқылы өкпеге минутына қантамырларының кіші шеңберінен өтетін қан мөлшерінің 1-2%-тейі ғана келеді. Өкпенің қантамырларын жұлдыз тораптан шығатын симпатикалық жүйкелер, адреналин тарылтады, ал ацетилхолин тамырларды кеңейтеді.

Осыған орай жастарда жүректің соғу жиілігі мен жиырылу күші жоғары болады. Бірақ акселерацияға (сұңғақтылық) байланысты жүректің өсіп-дамуы дененің дамуына көп көшігуінен оған түсетін ауырлық шамасынан жоғары болады және тежелу тетіктері жетілмегендіктен жүректің жауабы жұмыс ауырлығына сәйкес болмауы мүмкін. Бұл шақта жүрек ауруы жиі кездеседі. 30-40 жастан жүрек, тамырлар құрылымында кәрілікке тән өзгерістер басталады. Біртіндеп ет талшықтарының серпімділігі төмендейді, ет тінінің орнына дәнекер тіні өсе бастайды. Жасушалардын ішіндегі, нәзік құрылымдарының жаңаруы баяулайды. әсіресе митохондрийде жаңару қарқыны төмендеп миокардта қуат жеткіліксіздігі туады. Еттін созылмалық қасиеті төмендеуіне байланысты гетерометрлік жиырылу бұзылады. Жүрек қуысы кеңеюі мүмкін. Тежелу үрдісі нашарлауына байланысты тахикардия кездеседі. Қан тамырларындағы серпімді тіндер 30-40 жастан 5-10% азаяды, коллагендер қатаяды, кальций тұздары жиналады. Сөйтіп, тамырлардың серпімділігі төмендейді. Кальцийдің мөлшері, әсіресе 60-65 жастан кейін көбейеді. Осы кезде қолқа серпімділігі төмендеу себепті кеңеюі мүмкін. Бұдан кейін тамырлар қабырғасына холестериннің жиналуына атеросклероз дамып тамырлар тарылады және қатаяды. Адамдарда атеросклероз дамуына байланысты тәждік тамырлардың шамасыздығы басталады.

Артериялық тамыр соғу толқынының таралуы шапшандайды, егер бұл 25 жасқа секундына 4,5-5 м болса, ал 40-45 жаста секундына 10 м. Пульстің жиілігі 3 жасар балада минутына 100 рет болса, 25-жасқа дейін сирей бастайды. 25-60 жас арасында бір қалыпты болады да, 60-тан кейін қайта жиілейді. Пульстің анакроталық көтерілу биіктігі төмендеп, дикротикалық іс білінер –білінбес болады да, катакротаның жоғары жағына қарай ығысады. Кәрі адамдарда ашық капиллярлардың,яғни олардың қанайналымына қатысатын саны азаяды. Капиллярлардың заттарға өткізгіштігі бұзылады.

Тамырлардың барорейепторлардың сезімталдығы төмендеп, хеморецепторлардың ацетилхолинге, адреналин, гипертензинге сезімталдығы күшейеді. Бірақ химиялық заттардың әсері көп қайталатын болса, онда хеморецепторлық рефлекстердің әсері төмендейді.

Бақылау сұрақтары:

1 Жүректің қан айналу қызметі.

2 Өкпе тамырларындағы қанның ағысы.

3 Қантамырлары құрылысы мен қызметіне қарай бірнеше топқа бөлінеді.


Лекция № 26

Тақырыбы: Қазақстанның медициналық география мәселелері.

(1 сағат)

Жоспар:

1. Жүректің қан айналу қызметі.

2. Қантамырлары.


Лекцияның мәтіні.

Сабақтың мақсаты: Қазақстанның медициналық география мәселелерін қарастыру.


1.Жүректің қан айналу қызметі.

Жүрек (лат. Cor, грекше cardia) –қалың жолақты еттен тұратын төрт қуысты, үлкендігі адамның жұдырығындай (250-300 г) жұмыр ағза. Жүрек кеуде қуысында екі өкпе аралығының алдыңғы жағында орналасқан, ірі қан тамырларға ілініп тұрады. Оның ұзындығы 12-15, ені 8-11 см, ұзын білігі оңнан солға, жоғарыдан төмен, арттан алға қарай бағытталған. Жүрек ұшы кеуде қуысында сол жақтағы бесінші қабырғаға не қабырға аралығында тіреледі. Жүрек қуысын бітеу перде екіге бөледі. Кейде жүректің осы екі бөлімін оң жүрек, сол жүрек деп атайды. Оң жүрек пен сол жүрек қуыстары бір-бірімен қатыспайды. Әр жүрек жүрекше мен қарыншадан тұрады. Сонымен жүректе 4 қуыс бар, оларды екеуі жүрекше, екеуі қарыпша. Жүрекше мен қарынша арасында атриовентрикулярлық (жүрекше-қарынша) тесік болады. Бұл тесікті жабатын екі, үш жақтаулы атриовентурикулярлық қақпақшалар бар. Жүрек қабырғасы үш қабаттан тұрады. Ішкі –эндокард, ортаңғы –миокард, сыртқы –эпикард.

Эндокард. Жүрек қуысын іштей көмкерген атриовентрикулярлық тесікке және қарыншалардан қолқа мен өкпе сабауы шығатын жерге жеткенде бұрылып қос қабат құрады да, сол тесіктерді жабатын екі не үш жақтаулы және айшық тәрізді қақпақшаларға айналады. Сонымен әр қақпақша эндокардтың екі жапырағынан тұрады.

Миокард. Жүректің ортаңғы қабаты, ол көлденең жолақты ет талшықтарынаң тұратын ең қалың қабат. Жүректің сыртқы қабаты –эпикард оны сыртынан қаптап, жүректен шығатын не оған келетін ірі қантамырларына жеткен жерде кері бұрылып жүрек сыртын екінші рет қатпайды. Бұл эпикардтың сыртқы қабаты, яғни перикард –жүрек қабы. Эпикард пен перикард арасындағы саңылауда аздаған серозды сұйықтық болады. Бұл сұйықтық эпикард пен перикардтың ішік бетін майлап қажалудан сақтайды.

2.Қантамырлары.

Қантамырларының тұйық жүйесінде жүректің жиырылуы, сондай –ақ одан тыс экстракардиялық факторлардың әсер етуі нәтижесінде үздіксіз айналып жүреді. Қантамырлары құрылысы мен қызметіне қарай бірнеше топқа бөлінеді.Құрылым ерекшеліктеріне байланысты –қолқа, үлкен, орташа,кіші артериялар, артериолалар, капиллярлар, венула, әр көлемді веналар, үлкен қуысты веналар болып бөлінетіні морфологиялық ғылымдардан белгілі. Қан тамырлар әрекеттік маңызына қарай да жіктеледі. Б.Фольковтың жіктеуі бойынша амортизациялық (серпімді), резистивтік (кедерлігі), жақпыш, зат алмасу, сыйымдық, артериола мен венуланы жалғастыратын дәнекер тамырлар (анастомоз) болып табылады.

Амортизациялық –серпімді –даңғыл –оман тамырлар тобына қабырғаларында серпімді (майысқақ) талшықтары көп қолқа, өкпе т.б. жуан артериялар жатады. Олар қабырғаларындағы серпімді талшықтар арқасында жүректен систола кеінде шығатын қанның үздіксіз ағысын қамтамасызетеді. Мәселен, жүректің сол қарыншасынан систола кезінде шығып қолқаға құйылған қан қолқа қабырғасын кернеп кеңейтеді.

Резистивтік –кедергілі тамырлар қатарына қабырғаларында қалың ет талшықтары бар жіңішке артериолалар мен прекапилярлық, посткапиллярлық жапқышлер жатады. Еттің жиырылуына байлынысты артериялалар әбден тарылады, мұнымен қатар капилляр алдыңдағы және капиллярдан кейінгі жақпыш жиырылып қан ағысына қатты кедергі болады. Сфинктерлі тамырлар қатарына өн бойында сақина тәрізді ет талшықтары бар, сондай –ақ жақпыш құраған артериолалар мен прекапиллярлар жатады.Зат алмасу тамырлары қатарына капилляр, венулалар жатады. Бұлардың қабырғалары өте жұқа, капилляр бірақ қабат эндотелийден тұрады.Артериолалар мен венулаларды жалғастырушы көпірше тамырдың бас жағында жақпыш болады. Ол жиырылса, көпірше тамырдан қан өтпейді, барлық қан капиллярлар арқылы өтеді .

Лекция № 27

Тақырыбы: Медициналық географиялық мәселелерді шешудегі медициналық елтану мен халықаралық қатынастар.
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12

Похожие:

«Гуманитарлық білім»факультеті «Тарих және география» кафедрасы “Медициналық география” пәні бойынша icon«Гуманитарлық білім»факультеті «Тарих және география» кафедрасы “Сулы жүйелер экологиясы” пәні бойынша
Оқу бағдарлама «Сырдария» университетінің ғылыми кеңесінде талқыланып, бекітілген
«Гуманитарлық білім»факультеті «Тарих және география» кафедрасы “Медициналық география” пәні бойынша icon«Гуманитарлық білім» факультеті “Тарих және география” кафедрасы “ Географиялық орта химиясы ” пәні бойынша
Силлабус Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің 23 қаңтар 2008 жылғы №26 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік жалпыға...
«Гуманитарлық білім»факультеті «Тарих және география» кафедрасы “Медициналық география” пәні бойынша icon«Гуманитарлық білім» факультеті «Қоғамдық пәндер және география» кафедрасы Бекітілді
«Мәдениеттану» пәні бойынша факультет аралық мамандықтары студенттерінің 1 курстары үшін әзірленген
«Гуманитарлық білім»факультеті «Тарих және география» кафедрасы “Медициналық география” пәні бойынша icon«Гуманитарлық»факультеті «Тарих және география» кафедрасы «Дүние жүзінің шаруашылық географиясы» пәні бойынша
Р. мемлекеті, жалпыға міндетті білім стандарты негізінде және Қ. Р. Білім және Ғылым министрлігінің 22. 06. 2006 ж. Республикалық...
«Гуманитарлық білім»факультеті «Тарих және география» кафедрасы “Медициналық география” пәні бойынша icon«Гуманитарлық білім» факультеті «Тарих және география» кафедрасы
Р. мемлекеті, жалпыға міндетті білім стандарты негізінде және Қ. Р. Білім және Ғылым министрлігінің 22. 06. 2006 ж. Республикалық...
«Гуманитарлық білім»факультеті «Тарих және география» кафедрасы “Медициналық география” пәні бойынша icon«Гуманитарлық білім» факультеті «Тарих және география» кафедрасы Саясаттану пәнінен
Бекітілген Мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандарты, мамандыќтыњ типтік оќу жоспары жєне Ќр бѓМ 11-мамырдағы 2005 жылғы №289...
«Гуманитарлық білім»факультеті «Тарих және география» кафедрасы “Медициналық география” пәні бойынша iconЖаратылыстық Ғылымдар факультеті экология-химия және география пәндері кафедрасы
Пререквизиттер: биология, химия, география, физика, математика, тарих, философия, экономика, құқықтану, психология, саясаттану
«Гуманитарлық білім»факультеті «Тарих және география» кафедрасы “Медициналық география” пәні бойынша icon«Гуманитарлық білім»факультеті «Тарих және география» кафедрасы
Силлабус : Университет Ғылыми кеңесінде бекітілген Оқу бағдарламасы, жұмыс оқу жоспары (28. 08. 2010ж),және пәннің жұмыс бағдарламасы...
«Гуманитарлық білім»факультеті «Тарих және география» кафедрасы “Медициналық география” пәні бойынша iconЖаратылыстық Ғылымдар факультеті экология-химия және география пәндері кафедрасы
Пререквизиттер: «Тіршіліктің қауіпсіздік негіздері» курсын менгеру студенттердің орта мектептегі тарих, биология, химия, физика,...
«Гуманитарлық білім»факультеті «Тарих және география» кафедрасы “Медициналық география” пәні бойынша icon«Химия және география” кафедрасы «тмд және Қазақстанның қазіргі экологиялық мәселелері» пәні бойынша
География мамандығының 2-курс студенттерінің 4 семестрдегі білімін бақылауға арналған обсөЖ
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница