«Гуманитарлық білім»факультеті «Тарих және география» кафедрасы “Медициналық география” пәні бойынша




Название«Гуманитарлық білім»факультеті «Тарих және география» кафедрасы “Медициналық география” пәні бойынша
страница7/12
Дата конвертации12.02.2016
Размер1.66 Mb.
ТипЛекция
источникhttp://89.218.153.154:280/CDO/Sillabus/Tar/Sirbaeva.MedGeo-Z.doc
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

Бақылау сұрақтары:


  1. Денсаулық-физикалық,психикалық,рухани және әлеуметтік болып бөлінеді.

  2. Денсаулық ,қалып (норма) деген ұғымдар бір-біріне ұқсас

  3. Қанты бар көптеген тағамдарды жиі қолданудың өзі де диабет ауруына жиі шалдықтыратыны да белгілі болды.


Лекция № 18

Тақырыбы: Аймақтық медициналық география және географиялық патология.

(1 сағат)

Жоспар:

1. Патология.

2. Патологиялық аурулар.


Лекцияның мәтіні.

Сабақтың мақсаты: Аймақтық медициналық география және географиялық патология мәселелерін қарастыру.

1.Барлық тұқым қуалайтын патологиялар жаңадан пайда болған және ата – тектрінен берілген мутациялық жүк негізінде қалыптасады. Адам популяцияларындағы мутациялық жүктің эффектері эволюциялық- генетикалық, медициналық және әлеуметтік тұрғыдан байқалады. Мутациялық жүктің медициналық салдары- медициналық жәрдемнің қажеттілігінің өсуі жән ауру адамдардың тіршілік (өмір) ұзақтығының төмендеуі (қысқаруы) күйінде байқалады. Емханаларда тұқым қуалайтын аурулармен ауыратын адамдарға , осы патологиялары жоқтарға қарағанда, 5-6 рет жиі медициналық жәрдем көрсетіледі. Ауруханалардағы сырқаттардың 10-20пайызы әртүрлі тұқым қуалайтын патологиялары кездесетіні балалар.Бұл популяциялардағы жалпы аурулар санынан 5-10 есе артық. Тұқым қуалауға бейімделікпен сипатталатын аурулар тиесілі генотиппен, қоршаған орта факторларының арандатушы әрекеттері нәтижесінде дамиды.

Тұқым қуалаушылық бейімделікпен сипатталатын аурулардың дамуы үшін тұқым қуалаушылық және орта фаеторларының нақтылы жиынтығы болуы қажет.Тұқым қуалауға бейімділік неғұрлым көп байқалса және қоршаған орта факторларының зиянды әсері неғұрлым күшті болса, соғұрлым адамдардың ауру ықтималдығы жоғары болады.

Шартты түрде, тұқым қуалауға бейімділіктің және орта факторларының әсерлерінің 3 дірежесін ажыратады.Әлсіз, орташа және күшті, Тұқым қуалауға бейімділіктің әлсіз байқалуы және орта факторларының болар болмас әрекеттері ағза гомеостазын бұзбайды жәнеауруды дамытпайды. «Үнсіз» гендердің патологиялық әрекеттері қоршаған орта факторларының әсерлерінен дамиды.Қазіргі кездегі орта факторларының қосымша әсерлерімен әректтесіп,ауруды дамытатын 40-тан астам гендер мутациялары белгілі.

Тұқым қуалаушылық және орта факторларының әректтесулері арқылы дамитын ауруларда тұқым қуалаушылық факторларының үлесін жалпы биологиялық заңдылықтар арқылы түсіндіру төмендегідей болуы мүмкін. Әрбір адам өзінің биологиялық белгілері бойынша бірегей дара екендігі бұрыннан белгілі.Адамдар полиморфизмі өте үлкен,яғни адамдарды 10000-ға жуық полиморфтық жүйелер кездеседі.Полиморфизмнің қалыптасуының эволюциялық негізгі болып – тұқым қуалайтын белгілердің белгілі бір жиынтықтарының өте үлкен бейімделушілік құндылықтарға ие болуы саналады.Әйтсе де ,жақсы популяциялық генетика заңдарына сәйкес популяцияда ортаға жақсы бейімделген даралармен бірге,тұқым қуалаушылық факторларының жағымсыз жинақтары болатын,яғни нашар бейімделген,даралар да болады.Осы даралар ауруға деген тұқым қуалау бейімділіктері қалыптасқан топ болып табылады.

2.Ауруға деген бейімділіктің генетикалық факторлары бір емес бірнеше жүйе гендері күйінде болады.Оларды бейімділіктің полигендік жүйесі деп атайды. Соңғы жылдары тұқым қуалаушылық арқылы дамитын нақтылы биохимиялық не иммунологиялық белгілерді талдау арқылы тұқым қуалауға бейім аурулардың дамуын зерттеуде әжептеуір табыстарға қол жетті.

Кең таралған тұқым қуалауға бейім аурулардың дамуындағы генетикалык полиморфизмді қолданудың әдістемелік негізі- популяцияның сау және ауру дараларында белгілі бір полиморфтық ақуыздардың кездесу жиілігін салыстыру болып табылады.Мұндай зерттеу әдістерін аурулардың генетикалық маркерлермен ассоциациясы (байланысы) деп атайды.

Альцгеймар ауруы – ереск адамдарда жиі кездесетін нейрдегенративтік ауру.Ол көбінесе деменцияның дамуына (есте сақтаудың жойылуы) алып келеді. Бұл аурумен 20 млн ға жуық адамдар ауырады.

Бұл аурудың негізгі клиникалық симптомдары – есте сақтау қабілетінің күрт төмендеуі, сөйлеу, жазу, кеңістікте бағдарлау қабілеттерінің бұзылуы, үделеп дамушы жарыместік, эпилентикалық ( қояншық) ұстамалар.Аурудың екі формасы белгілі:

1. Ерте басталатын.

2. Кеш басталатын.

Ауру белгілері ерте басталатын ормасында 40-58 жас аралығында, ал кеш басталатын формасы 58-80 жас аралығында байқалады.

Эссенциялдық гипертензия (ЭГ) –негізгі клиникалық кәріністерді артерия қан қысымының көтерілуі жйне осыған байланысты асқынулармен (инфаркт, инсульт, бүйрек қызмтінің жетіспеушілігі т.с.с) сипатталатын гнтнрогендік аурулар тобы болып табылады

Бақылау сұрақтары:

1 Эссенциялдық гипертензия.

2 Альцгеймар ауруыереск адамдарда жиі кездесетін нейрдегенративтік ауру.

Лекция № 19

Тақырыбы: Арктика мен Антарктида , физико – географиялық жағдайларының сипаттамасы. (1 сағат)

Жоспар:


1.Халықтың денсаулық жағдайы.

2.Экстремальдық жағдайларға бейімдеушілік.

3. Тасты Антрактиданың жер бедері мен тектоникалық құрылым.


Лекцияның мәтіні.


Сабақтың мақсаты: Арктика мен Антарктида , физико – географиялық жағдайларының сипаттамасын қарастыру.

1.Антарктида – Антрактиканың орталық бөлігіндегі материк.Оны көптеген аралдар қоршаған.Оған ең таяу жатқан материк Оңтүстік Америка.Ауданы шамамен 14 млн шаршы км. Бетін түгел дерлік орташа қалыңдығы 1,5 км болатын мұз жапқан.Пайдалы қазбалардан – тас көмір, мыс кені табылған.Климаты континентті, полярлы – аязды, ең жылы айларының орташа температурасы нөлден төмен.Оңтүстік полюс маңындағы орташа жылдық температура -50 шамаснда, орталық бөлігінде қысқы аяз -70 қа дкйін жетеді.»Восток» станциясында жер шарындағы нң төменгі температура байқалған -88,3 (суықтық полюсі). Мұндай температурада металл морт сынғыш болады, керосин пышақпен кесуге келеді.Осыған қарамастан, жалаңаш жартастардың бетінен мүк пен қынаның бірнше түрін кездестіру қиын емес, жер бетінде тіршілік ететін жануарлар жоқ.жағалауында ұшпайтын құстар – пингвиндер тіршілік етеді.Отүстік полюске алғаш жеткен – Амундсен.

Антрактиданың табиғаты Тынық Атлант және Үнді мұхиттарының оңтүстік бөліктерінің табиғатымен тығыз байланысты және олармен біртұтас материк болып табылады . Теңіздердің құрлыққа аздап еніп жатқан кең алқаптарды қайрақты мұздықтар жапқан . Бұл мұздықтар материктік мұз құрсауының жалғасы болып табылады .

2.Антрактика – бұл антрактиданы жанасып жатқан аралдармен бірге және мұхиттардың шамамен 50-60 С0 ақ с. дейінгі бөліктерін қамтиды.Оңтүстік паляр аймағы антрактика деген атау гректің антиқарсы , яғни жер шарының солтүстік поляр аймағы арктикаға қарама қарсы жатқан деген сөзінен шыққан.

Антарктикадағы жердің эквадорлық цаймағына қарағанда күн жылуы көп түседі бірақ бұл жылудың 90%ін қармен мұз кейіннен қайтардыоның үстіне жаз өте қысқа материктің жағалауындағы едәуір жылы болады.Үш мұхиттың антарктикадағы жанеасып жатқан оңтүстік бөліктері сутантартикалық белдеуде орналасқан мұндағы температура материктің үстіндегі температурадан жоғары болады . Антарктиканың ішкі аймақтары мен материкке ұласып жатқан мұхиттардың үстіндегі температура мен антиосфералық қысым айырмашылығының көптігі салдарынан жоғалып алапат ұдайы материк жақтан жел соғып тұрады. Батыс антарктика өте күшті .антарктика түбегі мен материктің батыс шегінде оңтүстік Америкадағы Ант тауларының жалғасы болып табылады таулар созылып жатыр . Шығыс антарктикадағы тұтас мұз жанының астында оның бетінің тиіс учаскелері биіктігі 3000 - 4000метр болатын тау слемдерінен кезектесіп келіп отырады олар ертедегі Гаудвана материгінің құрамына енген басқа материктің жыныстарына ұқсайты өте ежелде құралған. Шығыс антарктиданың мұздық жер бедері мен мұз астындағы жер бедерінің ерекшеліктері материк бетінің профиіне жақсы көрінеді . Оны мирный аяқ жетпес полюс, мирный оңтүстік полюс маршруттары бойынша шынжыр табанды шана пойызы экспедиция кезінде КЕҢЕС поляршылары құрастырған болатын . Материктің шетінде росс теңізіндегі жағалық аралдарының бірінде сөнбеген эребус вулканы анық көрініп тұрады ол осы аудандағы күшті тау түзілу процестерінің айғағы

Антарктиканы жер шарының тоңазытқышы деп атайды . Оның әсер етуінен оңтүстік жарты шар сотүстікке қарағанда суық болады . Кеңес поляршылары Васток станциясында жер бетіндегі ең төмен температураны тіркеді . Мұнда өте төмен температурады метал опырылғыш болады және соғып қалса шыны секілді сынады ал керасин қоймалжың тартады да оны кесуге болады.

Жалпы мәлімет А-ның жалпы жері 13 975 мың км .Құрлықтың қайраңды қосқанда 16 355 мың км.Оңт америкаға қарай ұзынша келген енсіз ант-а түбегі созылып жатыр,оның солт шеті-Сифре мүйісі 63 градус оңтүстік ендікке дейін жетеді.Материктің *жетуге қиын полюс* деп аталатын орталық бөлігі шамамен 84 градус оңт ендік пен 64 градус шығыс бойлықта,оңтүстік полюстен 660 км қашықтықта орналасқан.А-ның ұз.30 мың км.ден асатын жиек сызығы бүкіл өн бойында дерлік биіктегі бірнеше ондаған метрге жететін тік жар (тосқауыл) мұз болып келеді. А-жер шарындағыең биік құрлық. Оның муз жамылғысының орта биіктігі 2040м, яғни қалған барлық құрлықтардың орташа биіктігінен 2,8 есе артық.А-ның муз астындағы жер бетінің орташа биіктігі 410м .

3.ЖЕР БЕДЕРІ. А-ның жер бедері бір-біріне ұқсамайтын екі типке бөлінеді:муздық бедері ж/е құрлық бедері.Геолгиялық құрылысы мен бедерінің еркшелігіне қарай батыс ж/е шығыс болып екіге бөлінеді.Шығыс антарктиданың мұз қалқаны жағалауда күрт биікте,құрлықтың ішкі жағына қарай жазыла береді;оның орт,ең биік бөлігінің биіктігі 400 метрге жетеді де,негізгі мұз айырық немесе шығыс антарктиданың мұздану орталығы болып табылады.Бат ан-а биіктігі 2-2,5 мың метр үш мұздану орталығы бар.Жағалауда бойлай көбінесе шельф мұздықтарының кең байтақ ойпатты жазықтары жатады.Олардың ішіндегі аса ірілері Росс жазығы 538 мың км.Фильхнер жазығы 483 мың км квадрат.Шығыс антарктиданың мұз астындағы жер бедері биік таулар мен терең ойыстардан тұрады.Шығыс ан-ң ең терең ойысы нокс жағасынан онт-е қарай орн-н.Шығыс антарктиданың орталық бөлігінде биіктігі 3390 метрге жететін мұз астында жатқан Ганбурцев,Вернадский таулары бар.Трансантарктида тауларының біраз жерін ғана мұз басқан.Королева Мод Жерінің жоталары,Принц Чарьлз таулары т.б мұздан жоғары көтеріліп тұрады.Бат ан-ң жер бедері анағұрылым күрделі.

Арктика – Арктика (гректің арктикос- солтүстік деген сөзінен шыққан) жер шарының солтүстік поляр аймағы. Арктика Евразия мен Солтұстік Америка материгінің жиегі, бүкіл солтүстік мұзды мүхитты , оның барлық аралдарымен теңіздерін, Атлант және тынық мұхитының солтұстік бөлігін қамтиды.Арктиканың шекарасы солтүстік поляр шеңберімен жүреді.Ауданы 25 млн шаршы шақырым, оның 10 млн шаршы шақырымы – құрлық.Мұнда бір жылдық мұздың қалыңдығы 2 м ге, көп жылдық мұздың қалыңдығы - 3-4 м ге дейін жетеді.Климаты қатаң, орталық бөлігіндн қаңтардың орташа температурасы – 40.С.Сотүстік полюс маңында -52 С.Қалыңдығы бірнеше жүздеген метрге дейін жнтнтін мәңгі тон бар.Халық өте аз.Арктика зерттелуіне қарай мынадай 5 секторға бөлінеді: ТМД, АҚШ, Канада, Дания, Норвегия секторлары. XVI-XVII ғасырларда Баренц, Гудзон, Баффин, Дежнев экспедициялары ұйымдастырылған. XVIII ғасырда Берингтің, XIX ғасырда Росстың, Франклиннің, Нансеннің, Пиридің т.б. экспедициялары ұйымдастырылды.


Бақылау сұрақтары:

  1. Антрактиданың табиғаты.

  2. Арктика (гректің арктикос- солтүстік деген сөзінен шыққан) жер шарының солтүстік поляр аймағы.

  3. Антрактиканың орталық бөлігіндегі материк.

  4. Шығыс антарктиданың мұз астындағы жер бедері биік таулар мен терең ойыстардан тұрады.


Лекция №20

Тақырыбы: Шөл – шөлейтті зоналар.

(1 сағат)

Жоспар:

1. Экстремальды ыстық аймақтар.

2. Зона ортасының экстремальды факторлары.

3. Халық денсаулығының сипаттамасы.


Лекцияның мәтіні.

Сабақтың мақсаты: Экстремальды ыстық аймақтар,зона ортасының экстремальды факторлары, халық денсаулығының сипаттамасын айту.


1.Қазақстанның шөл және шөлейт далаларының физикалық және географиялық жағдайлары әр түрлі болып келеді.Шөл далаларының ауа райы құбылмалы – жазы құрғақ, ыстық келеді.Ал қысы керісінше жылымыр.Сондықтан да бұл өңірде осындай қатал табиғат жағдайына бейімделген жусан, алабота, раң, әр түрлі бұталы шөбтер өседі.Өйткені олар тамырларын терең жаяды.

Топырағының және өсімдіктерінің түрлері мен құрамына, жер астындағы суына қарай Қазақстанның шөл және шөлейт далалары бірнеше ірі алқапқа бөлінеді.Орталық Қазақстанның шөлейт даласына Қарағанды және Семей облыстарының орталық және оңтүстік бөлігі, сол сияқты Қостанай, Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстарының оңтүстігіндегі шағын аудандар, ал Батыс Қазақстанның шөл даласына Гурьев пен Қызылорда облыстарының барлық территориясы, осындағы шөлейт жерлерге орал және Ақтөбе облыстарының орталық және оңтүстік бөлігі жатады.Оңтүстік Қазақстандағы шөлейт және шөл жерлер Жамбыл ,Алматы және Шымкент облыстары территорияларының басым көпшілігін қамтиды.

2.Шөл зонасы – шөл ландшафтысы басым қалыптасқан географиялық зона.Солтүстік жарты шардағы қоңыржай белдеуде, Оңтүстік жарты шардағы тропиктік және субтропиктік белдеулрде тараған.Климатының өте аридтілігімен сипатталады.Рельефі-таулы,қыраттыұсақ шоқылы, ежелгі өзен аңғырлырымен және тұйықталған көл ойыстарымен тілімдлгн жазық келеді.Рельефтің золдық пішіндері кең таралғанШөл зонасының жер беті ағын суына кедей;Шөл зонасында ағатын ірі өзендер Сырдария, Әмудария, Ніл т.б Негізінен өзендер көп емс.Көлдердің көбі кеуіп, сорға айналады.Ірі көлдерінің аумағы үнемі өзгеріп отырады.(Лобнор, Чад,Эйр).Топырақ қабаттары нашар қалыптасқан,құрамында органикалық заттар аз, ерігіш тұздар көп келеді.Өсімдік жамылғысы өте кедей: сексеуіл,жусан,кактус т.б. өседі.Жануарлар дүниесінде шөл зонасының табиғи жағдайына әбден бейімделген түрлер ғана кездеседі;кемірушілр, бауырмен жорғалаушылардың түрлрі басым.Бұл зона жайылымды мал шаруашылығына ғана пайдаланылады.

Қысы суық аязды.Жазда ауа температурасы 40 0 С, құмда 70 0С қа дейін көтеріледі.Суарылған жағдайда мақта, бау-бақша жақсы өнім береді.Табиғи өсімдіктен слеу, боз,жусан,құм бетегесі,сексеуіл, тұзды жерінде сораң шөп, құмда эфемерлер өседі.

3.Республикамыздың шөл даласының ауа райы әр жерде әр түрлі болады.Мысалы, оңтүстікте – Жамбыл, Шымкент. Қызылорда облыстарында ауа райы жылдың әр мезгәләнде оңтүстіктен келетін ыстық, сондай ақ солтүстіктен соғатын салқын ауаға байланысты құбылмалы келеді.қарағанды, Ақтөбе, Гурьев, Семей облыстарында ауа райы оңтүстіктегідей құбылмалы емес, Жылдың көп уақытында қоңыр салқын болып тұрады.

Шөл далалардың жері біршама жазық, топырағы қоңыр қышқыл сұр, сортаң, беткі қабаты гипсті болып кездеседі. Бетпақдаланың жалпы көлемі 22 мил гк.Бетпақдалада шөп өте сирек шығады.ондв мия жусан сияқты ащы өсімдіктер ғана өседі.

Бетпақдалада бір жылда түсетін 135-150 миллиметр ылғалдың 96 миллиметрі суық кезде пайда болады,Қыста аязы жоқ мерзім 5,5 айға созылады, кейбір жылдары май айының ортасында суық болады.Ал күздің алғашқы суығы қыркүйек айының соңында басталады.Қар 2,5 айдай жатады.Қыста күннің суықтығы 38 С қа дейін барады.

Мойынқұмның жалпы көлемі 4 мил гк,ал оған ұласып жатқан Шу өзенінің төменгі сағасындағы шабындық пен жайылым Шу өзенінің төменгі сағасындағы шабындық пен жайылым 2 мил гк дан асады. Бетпақдалаға қарағанда бұл жер едәуір жылы әрі құрғақ келеді.Қардың қалыңдығы 10 сантиметрден аспайды.Кейбір жылдары қысты қар тіптен жаумайды.Ол әрбір он жылда бір рет кездеседі.Бұл алқаптың топырағы құнарсыз болады.Мұнда тақырларды кездеседі.Сортаң жерлер сирек кездеседі.Мойынқұмның оңтүстік жиегінде суармалы егін салуға әбден болады.Орталық бөлігінің шығысындағы жартысында 5 метр тереңдікте су көздері кездеседі.

Шөлейт зонасы – құрлықтың шөлейттік ландшафт түрлері басым тараған бөлігін қамтитын табиғи зона.Қоңыржай белдеудің шөл, дала, және саванна (Солтүстік жарты шарда), субтропик пен тропиктік (Оңтүстік жарты шарда) зоналары аралығында қалыптасқан.Климаты қуаң келеді, көпшілік жнрінде ауа температурасы қыста 0-100 , жазда 20-250 С. Булану жылдық түсетін жауын-шашын мөлшерінен 3-6 есе көп.Өзендері көбінсе құрғап қалады.Шөлейт зонасы негізінен мал жайылымына пайдаланылады.

Субтропиктік белдеудегі шөл зонасы негізінен жеке үстірттер мен таулы массивтерінде және тау алды өңірлерінде қалыптасқан.Жылына 200 мм шамасында жауын-шашын түседі.Кактус, көп жылдық бұта сияқты қуаңшылыққа төзімді өсімдік түрлері өседі.Суармалы жерінде жеміс өсіріледі.

Тропиктік белдеудегі шөл зонасы негізінен Солтүстік жарты шардың тропиктік шөлінің қиыр оңтүстігі жәнеОңтүстік жарты шардың солтүстігіндегі, жалпы шөлейттің басқа аудандарына қарағанда ылғалдылығы молдау аймақтар жатады.Климаты ыстықжәне қуаң.Жаз айларында ауаның орташа температурасы 300 С қа жуқ, максимумы 50 0С шамасында, қыста 12-20 0С. Жылына 500 мм ге дейін жауын-шашын жауады.Тұрақты ағынды өзендері аз.Қызыл қоңыр топырақ басым тараған.

Қоңыржай белдеудегі шөл зонасы Солтүстік және оңүстік жарты шардағы қоңыржай белдеуде басым болды.Жылдық радияция балансы 120 ккал/см .Жауын шашын мөлшері 200-300 мм.Июльдің орташа темп-сы 20-25 градус,январьда -20 градусқа төмендейді.Сол-к жарты шардағы бөлігінде жусан,эфемер ж/е эфемероидттар,жүзгін,қаиың,қарағай,бұта түрлері өседі. Қазақстандағы шөл зона дала мен шөл зоналары аралығында қалыптасқан.Республика жерінің 23 пайызын алып жатыр.Климаты қуаң ж/е тым континенттік.Жылына 200-250 мм-дей жауын шашын түседі.Йюльдің орташа температурасы 24-26 градус.Қысы суық аязды;январьдың орта температурасы -14,-16 градус.Қыста темп-а минимумы зонаның батысында -42 градус,шығысында -49 градусқа төмендейді.Өзендері шағын келеді ж/е жазда тартылып қалады.Көлдерінің суы тұзды.Топырағының шіріндісі аз.Боз,бетеге,жусан,бұйырғын,йзен,қаңбақ кей жерінде тал,йтмұрын т.б өседі.Саршұнақ,қосаяқ,құмтышқан,қоян,сасық күзен,түлкі,қасмқыр,құстардан бүркіт,дуадақ,көкек т.б. мекендейді.

1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

Похожие:

«Гуманитарлық білім»факультеті «Тарих және география» кафедрасы “Медициналық география” пәні бойынша icon«Гуманитарлық білім»факультеті «Тарих және география» кафедрасы “Сулы жүйелер экологиясы” пәні бойынша
Оқу бағдарлама «Сырдария» университетінің ғылыми кеңесінде талқыланып, бекітілген
«Гуманитарлық білім»факультеті «Тарих және география» кафедрасы “Медициналық география” пәні бойынша icon«Гуманитарлық білім» факультеті “Тарих және география” кафедрасы “ Географиялық орта химиясы ” пәні бойынша
Силлабус Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің 23 қаңтар 2008 жылғы №26 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік жалпыға...
«Гуманитарлық білім»факультеті «Тарих және география» кафедрасы “Медициналық география” пәні бойынша icon«Гуманитарлық білім» факультеті «Қоғамдық пәндер және география» кафедрасы Бекітілді
«Мәдениеттану» пәні бойынша факультет аралық мамандықтары студенттерінің 1 курстары үшін әзірленген
«Гуманитарлық білім»факультеті «Тарих және география» кафедрасы “Медициналық география” пәні бойынша icon«Гуманитарлық»факультеті «Тарих және география» кафедрасы «Дүние жүзінің шаруашылық географиясы» пәні бойынша
Р. мемлекеті, жалпыға міндетті білім стандарты негізінде және Қ. Р. Білім және Ғылым министрлігінің 22. 06. 2006 ж. Республикалық...
«Гуманитарлық білім»факультеті «Тарих және география» кафедрасы “Медициналық география” пәні бойынша icon«Гуманитарлық білім» факультеті «Тарих және география» кафедрасы
Р. мемлекеті, жалпыға міндетті білім стандарты негізінде және Қ. Р. Білім және Ғылым министрлігінің 22. 06. 2006 ж. Республикалық...
«Гуманитарлық білім»факультеті «Тарих және география» кафедрасы “Медициналық география” пәні бойынша icon«Гуманитарлық білім» факультеті «Тарих және география» кафедрасы Саясаттану пәнінен
Бекітілген Мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандарты, мамандыќтыњ типтік оќу жоспары жєне Ќр бѓМ 11-мамырдағы 2005 жылғы №289...
«Гуманитарлық білім»факультеті «Тарих және география» кафедрасы “Медициналық география” пәні бойынша iconЖаратылыстық Ғылымдар факультеті экология-химия және география пәндері кафедрасы
Пререквизиттер: биология, химия, география, физика, математика, тарих, философия, экономика, құқықтану, психология, саясаттану
«Гуманитарлық білім»факультеті «Тарих және география» кафедрасы “Медициналық география” пәні бойынша icon«Гуманитарлық білім»факультеті «Тарих және география» кафедрасы
Силлабус : Университет Ғылыми кеңесінде бекітілген Оқу бағдарламасы, жұмыс оқу жоспары (28. 08. 2010ж),және пәннің жұмыс бағдарламасы...
«Гуманитарлық білім»факультеті «Тарих және география» кафедрасы “Медициналық география” пәні бойынша iconЖаратылыстық Ғылымдар факультеті экология-химия және география пәндері кафедрасы
Пререквизиттер: «Тіршіліктің қауіпсіздік негіздері» курсын менгеру студенттердің орта мектептегі тарих, биология, химия, физика,...
«Гуманитарлық білім»факультеті «Тарих және география» кафедрасы “Медициналық география” пәні бойынша icon«Химия және география” кафедрасы «тмд және Қазақстанның қазіргі экологиялық мәселелері» пәні бойынша
География мамандығының 2-курс студенттерінің 4 семестрдегі білімін бақылауға арналған обсөЖ
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница