«Гуманитарлық білім»факультеті «Тарих және география» кафедрасы “Медициналық география” пәні бойынша




Название«Гуманитарлық білім»факультеті «Тарих және география» кафедрасы “Медициналық география” пәні бойынша
страница6/12
Дата конвертации12.02.2016
Размер1.66 Mb.
ТипЛекция
источникhttp://89.218.153.154:280/CDO/Sillabus/Tar/Sirbaeva.MedGeo-Z.doc
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

2.Бедері және климат


Климат –бедер құратын факторлардың ішіндегі ең маңыздысы. Климат пен бедердің өзара байланысы әртүрлі. Мысалы, үгілу процестерінің қарқындылығы климатқа тікелей байланысты, ол белгілі мөлшерде үгілу құбылысының сипатын анықтайды, өйткені климатпен экзогендік күштердің қарқындылық дәрежесі тәуелді. Әр түрлі климат жағдайларында өздеріне тән бедердің ерекше пішіндері пайда болады. Климат бедер түзетін процестерге қаншама тікелей әсер етсе, соншама табиғат ортасының басқа компоненттері, мысалы гидросфера, топырақ -өсімдік жамылғысы арқылы, жанама да әсерін тигізеді. Оңтүстік Батыс Африка жағалауындағы Намиб шөлінің жєне Оңтүстік Америкадағы Атамака шөлінің пайда болуы жағалау бойымен өткен суық теңіз ағыстарына байланысты. Бұл жерде климат осындай бедердің пайда болуына гидросфера арқылы әсерін тигізеді.

Климаттың функциясы болып табылатын өсімдік жамылғысының өзі бедер құратын процестерге ықпал етеді, мәселен, жер бетінде өсімдік жамылғысы тұтас болып кеткен жағдайда су торларының ағуы бірден азайып, мүлде тоқтап қалуы ықтимал. Ал өсімдіктер сирек болған жағдайда, немесе түгел жалаңаштанып қалған аймақтарда қарқынды физикалық және механикалық үгілуге және эрозиялық процестердің дамуына әкеп соғады. Пайда болған борпылдақ түйірлер мен шаң тозаң шөлді жерлерде желдің әрекетіне ілесіп әр түрлі эолдық пішіндерді қалыптастырады.

Климат пен бедер арасындағы тура және жанама түрдегі байланыс экзогендік бедердің белгілі дәрежеде климаттық зоналыққа тєуелділігінің салдары. Нақ осы тұрғыдан экзогендік бедер климаттық зоналығына байланысты. Ол мұнымен байланыссыз қалыптасқан эндогендік бедер пішіндерінен ерекшеленеді. Сондықтан эндогендік бедерді єдетте “белдемсіз”, яки “азоналды” бедер түрлеріне жатқызады.

ХХ ғасырдың бас кезінде неміс ғалымы А.Пенк климатты оның бедер құратын роліне байланысты жіктелуге әрекет жасады. Ол климатты негізгі үш түрге бөлді: инвалдық (лат. nivalis – қарлы), гумидтық (лат. humidis – ылғалды) және аридтық (лат. aridus – құрғақ). Кейіннен бұл жіктеме толықтырылды.

Төменде климаттың бедер құрылуындағы роліне сәйкес олардың жіктемесін келтіреміз.

Нивалдық климат. Жылдың барлық мезгілдерінде жауын – шашын көп мөлшерде қар, бұршақ түрінде түсіп, жылдың жылы мезгілінде қары еріп, суы буланып үлгермейтін климат. Жауатын қар еритін қармен оның буланатын мөлшерінен басым болады. Мұндай аймақтардың қары жинала келе мәңгі қарға айналады да, мұздықтарға бастама береді. Нивальдық климат жағдайларында негізгі бедер құратын фактор – жылжымалы мұздықтар.

Қар мен мұз жамылғысы болмаған ашық жерлерде физикалық үгілу процесі (негізінен аязды процесс) қарқынды түрде дамиды. Ал, аязды процесс немесе нивация (қардың тау жыныстарын бұзу процесі) – температураның ауытқып, қардың қатуы мен еруінің алма – кезек ауысуы нәтижесінде, онымен беттескен тау жыныстарының аяздық үгілуге ұшырап бұзылуы. Бедер құрылуға мәңгі тоң процесі де елеулі әсер етеді. Нивалдық климатқа биік енді (Антарктида, Гренландия, Солтүстік мұхит аралдары) және қар шекарасынан жоғары көтерілген заңғар таулардың биік бөліктері тән.

Полярлық немесе көп жылдық тоң топырақтың таралу аймақтарының климаты.

Қысы қатал, әрі ұзақ поляр аймағының климаты. Күн радиациясы аз жазы қысқа, әрі суық. Жаздың ең жылы айдағы орташа температура 00-тан төмен болады. Қыста ауа райы ашық, жазда – тұманды, әрі бұлтты. Жауын – шашыны аз жылына 200-300 мм-ден аспайды.

Осындай климат бұрын қалыптасқан мәңгі тоң топырақтың ерімей сақталуына және солифлюкциялық процестердің дамуына қолайлы жағдай туғызады. Бұл суға әбден қаныққан топырақтың жєне жұқа дисперсиялық тау жыныстардың аяздан қатқан беттің үстімен төмен қарай баяу сырғып ағуы. Полярлық климат Еуразия жєне Солтүстік Американың тундра белдеуіне және Шығыс Сібірдің көп бөлігіне тән.

Гумидтік климат – аса ылғалды климат. Мұнда жыл бойы түсетін жауын – шашын топыраққа сіңетін және буланып кететін судың мөлшерінен едәуір басым болады. Атмосфералық судың артығы беткейлер бойымен сорғалап ағып, алаңдық шаюды қоздырады немесе тұрақты және уақытша аққан судың нәтижесінде бедердің әр түрлі эрозиялық пішіндерін (аңғарларды, жыраларды) қалыптастырады. Сондықтан эрозиялық пішіндер торы гумидты климат жағдайында жиі қалыптасады. Ылғалды және жылудың көп мөлшерде болу себебінен гумидты климатты аймақтарда химиялық үгілу процесі мейлінше қарқынды жүреді. Бұған қоса карст процестері де дамиды.

Жер шарында гумидтік климат үш белдемге бөлінеді: оның екеуі қоңыржай белдеулердің Солтүстік жєне Оңтүстік жартышар бөлігінде дамыса, үшіншісі экваторлық белдеуге бейімделген. Климаттың бұл түріне, яғни оның бедер түзетін ролінің сипатына сєйкес субтропиктердің жєне қоңыржай белдеулердің муссондық аймақтары (Еуразия және Солтүстік Американың шығыс жєне оңтүстік – шығыс аймақтары) жатады.

Аридтық климат – қуаңшылық немесе аңызақ климат. Ауа температурасы жоғары, атмосфералық жауын шашыны аз, шөл мен шөлейттерге тән құрғақ климат. Жылдық жауын – шашын мөлшері 150-200 мм-ден аспайды. Бұл жағдайда булану қарқындылығы жауын – шашын мөлшерінен әлдеқайда артық, өсімдік жамылғысы өте сирек, немесе мүлде болмайды, физикалық үгілу, әсіресе температуралық үгілу басым.

Аридтық климат жағдайларда эрозиялық әрекеттер әлсірейді, негізгі бедер құратын агент – жел әрекеті.

үгілген заттардың құрғақтығынан тек қана ашық беттерден ғана емес, сондай-ақ тау жыныстарының жарықшақтарынан ұсақ түйірлердің желмен тез ұшып кетуіне мүмкіндік туғызады.Қорыта келгенде, қатты берік тау жыныстар қашалынады, соның нәтижесінде аридтық климатта геологиялық құрылымдар жер бетінде анық байқалады.

Аридтық климат аймақтарының басым бөлігі оңтүстік және солтүстік қоңыр салқын ендіктердің 200 және 300 аралығындағы материктерде дамыған. Аридтық климат осы айтылған ендіктерден тыс басқа жерлерде де байқалады, мұндай жаѓдайда олардыњ құрылу материктердің көлеміне және орографиялық ерекшеліктеріне байланысты. Мысалы, Солтүстік жарты шардағы Шығыс Азияның аридтық белдемі солтүстік ендіктің 500-на дейін тарап жатыр.

Осында айта кететін бір мәселе, климаттың бір морфологиялық типінен екіншісіне баяу ауысып отыруы.

Сол себептен экзогендік бедер түзуші процестер де климаттың ауысуына сәйкес біртіндеп өзгеріп тұрады. Бірқатар аймақтарда экзогендік процестерден қалыптасқан бедер пішіндерінің қазіргі климаттық жағдайларға сәйкес еместігін байқауға болады.

Лекция № 16

Тақырыбы: Аурулардың табиғи ошағы жөніндегі Павловскийдің ілімі.

(1 сағат)

Жоспар:


1. Сезімдік жүйелер немесе талдағыштар.

2. Павловтың жеті ілімі.

3. Жоғары жүйке іс әрекетінің бұзылуы.


Лекцияның мәтіні.


Сабақтың мақсаты: Аурулардың табиғи ошағы жөніндегі Павловскийдің ілімін түсіндіру.


1.Павлов (1843-1936) организм ағзаларының қызметін нрвизм тұрғысынан зеттеп, реттелу заңдылықтарында жүйке жүйесінің жетекші мәнін көрсетеді.

(1847-1889) ол жүрек қызметінің реттейтін үш түрлі жүйке талшықтарының болатындығын анықтады.Бұл зерттеуінде ол физиологиялық тарихында тұңғыш рт жүйкенің жүрек етіне нәрлендіру (трофикалық) әсерін тапты.

И.П.Палов жүрек – тамыр жүйесін тексерумен қатар асқорыту физиологиясын (1889-1901)зерттеді.Ол көптеген жаңа тәжірибелік хирургиялық әдістерін енгізіп, бүкіл асқорыту бездерінің тікелй жүйке жүйесі қатысуымен қызмет атқаруын дәлелдеп берді.Асқорыту бездерінің жүйке жүйесі қатысуы арқасында ғана тамақтың әртүрлі құрамы мен мөлшеріне лайықты икемделетінін көрсетті.Осы асқорыту жүйесі саласындағы еңбектері үшін 1904 жылы И.П Павловқа дүниежүзілік Нобель сыйлығы берілді. И.П Павлов шәкіртерімен бірге физиологиялық хирургия негізінде созылмалы тәжірибелік әдісін дамытты.Ол әдіс ағзалардың қызметін са тұтас организм жағдайында, оның физиологиялық үрдістерін табиғи қалпында синтездік зерттеуге қолайлы болды.

2.И.П Павлов зерттеулерінің екінші бір маңызды жағы – организмді жеек ағзалардың жай ғана жиынтғы емес, сыртқы ортамен тығыз байланыста қызмет атқаратын толық біртұтас жүйе ретінде қарауы.Ол организмнің қоршаған ортамен өзара байланысы оның құбылмалы жағдайлары жоғары жүйке іс әрекеті арқылы атқарылатынын дәлелдеді.(1901-1936). И.П Павлов ашқан шартты рефлекстер әдісі организмнің мінез әрекеті негізін қалаушы психикалық әсерленістерді тексеруге мүмкіндік берді.Әсірсе, шартты рефлекстердің қалыптасу мен тежелу заңдылықтары жоғары жүйке іс әрекетінің типтері олардың тәжірибелік нврозда бұзылуы ұйқы, гипноз сигналдық жүйелердің басым негіздрі анықтады.Соның нәтижесінде жоғары жүйке іс әрекеті туралы материалистік ілім қалыптасты. Сеэімдік жүйелер организмнің өзін қоршаған ортамен өзара әрекеттесуін жүзеге асыруда маңызды орын алады.

3.Сезімдік жүйелер немесе талдағыштар (анализаторлар) белгілі райлы ақпаратты қабылдауға және тануға арнайы құралған құрылымдардан тұратын жүйке жүйесінің күрделі бөлігі. Талдағыштар туралы ілімді И.П. Павлов ашты.Ол ең бірінші болып, талдағыштың үш бөліктен тұратынын айтты. Қабылдағыштық (шеткі бөлім). Сезімдік нейрондар және өткізгіш жолдар (аралық бөлім), соңында сезімдік сигналды қабылдайтын үлкен ми сыңарларының қыртысы (орталық бөлім).

Бұл үш бөліктің біреуі зақымданса белгілі бір тітіркендірісті ажырату қабілеті жойылады.

М, ми қыртысының нақтылы бір аймақтарын зақымдайтын тәжірибелер шартты рефлекстерді жояды.Осыны ескере отырып, И.П.Павлов талдағыштардың ми қыртысындағы бөлімінде алғашқы жабаланыс (проекция) аймағы болатындығын дәлелдеді. И.П.Павлов арнайы зерттеулер арқылы бейнелеу үрдісінің мидағы физиологиялық тетіктерін дәлелдеді.Мәдилік әлемді бейнелеу жүйке жүйесінің қасиеттерімен тығыз байланысты екенін анықтады.Адамның ой өрісімен оның тереңдігі сыртқы дүние әсерінен туатын көптеген мәліметті қабылдау және өңдеуден құралады. Сондықтан әрбір талдағыш үрдісінде, әрекеттік тұрғыдан қарағанда, мақсатты мінездің тек арнамалы көрсеткіштерін белсендіріп қоймай, мидың басқа да күрделі қызметіне қатысады.

И.П Павлов шартты рефлекстер әдісін енгізіп, жоғары жүйке іс әрекеті туралы осы заманғы ілімнің іргетасын қалады.Оның зерттеулері рефлекстік ілімнің негізгі: Себептестік, анализ, синтез, құрылымдық қағидаларын жасады.

И.П.Павловтың ілімі:

1. Адам мен жануарларжың бейімделу іс әрекетін тексерудің шартты рефлекстік әдісін ұсынды.

2. Біртұтас организм үшін шартты рефлекстің икемделу және эволюциялық мәнін ашты.

3. Жүйке үрдістерінің байланысы ми қыртысы деңгейінде тұйықталатынын көрсетті.

4. Ми қыртысында, жүйке орталықтарындағыдай, тежелу ұрдістерінің бірнеше түрі болатындығын ашты.

5. Талдағыштар туралы ілімнің негізін қалады. Оның шеткі қабылдағыш, өткізгіш жолдарын, мидың орталық бөлімдерін анықтады.

6. Шартты бейнеліс қалыптасуы кезінде қозу мен тежелу үрдістерінің нейродинамикалық өрнектері болатынын анықтады.

7. Мінез – құлықтың жылжымалы стереотиптік іс әрекетін қалыптастырудағы мидың жүйелік қағидасын жасады.

И.П.Павловтың айтуынша , түрліше темпераменттер қозу және тежелу үрдісінің даралық айнымалы күші, олардың ширақтығы мен теңдесуі іспетті қасиеттерінен түрады.Осындай ең басты типологиялық белгілердің арақатынасына сәйкес ол жануарлардың жоғары жүйке қызметінің негізгі 4 түрін бөлді.

И.П.Павловтың зерттеулері және клиникалық байқаулар бойынша, адамдарда жүйке қызметінің кәдімгі төрт түрінен басқа жеке адамға тән көркемпаз, ойшыл және аралық типтері болды.

Көркемиаз типті адамда, екінші сигналдық жұйеге қарағанда, бірінші сигналдық жүйе біршама үстемділігімен сипатталады.Бұндай адамдар ойлау үрдісінде ақиқат болмыстың сезімділік бейнелерін кеңінен пайдаланады.олар болмысты бөлшектеместен тұтас қабылдайды.

Ойшыл типті - адам екінші сигналдық жүйе біріншіден басымдылығы, көрнекті талдау синтездеу әрекетке негізделген, болмыстан тыс дерексіз оцлау қабілеттерімен бөлінеді.

Аралық тип - болмыстың екі сигналдық жүйесінің әрекеттік теңдесуімен сипатталады.Дарынды тип – екі сигналдық жүйелердіңбірдей басымдылығымен танылады.

Невроз – жоғары жүйке жүйесінің созылмалы әрекеттік бұзылуы. Оған себепгі – ми құрылымдарының өзара қатысының келісімсіз жағдайлары.Әр түрлі әрекеттік оның ішінде вегетативтік жүйке қызметінің бұзылуы.

Адамдардв невроздардың көп тұрі болады.Оның ішінде жиі кездесетіні неврастения, мезі қылатын күйдің неврозы, истерия және психастения. Павловтың айтуынша, истерия - көркемпаз типті адамға, ал психастения – ойшыл адамға тән келеді.

Бақылау сұрақтары:

1 Аралық тип - болмыстың екі сигналдық жүйесінің әрекеттік теңдесуімен сипатталады.

2 Адам мен жануарларжың бейімделу іс әрекетін тексерудің шартты рефлекстік әдісін ұсынды.

3 Шартты бейнеліс қалыптасуы кезінде қозу мен тежелу үрдістерінің нейродинамикалық өрнектері болатынын анықтады.

Лекция № 17

(1 сағат)

Тақырыбы: Адам ауруларының пайда болуы мен таралуына әсер етуші факторлар.

Жоспар:

1.Халықтың орналасуы.

2.Денсаулық сақтау жағдайлары.


Лекцияның мәтіні.


Сабақтың мақсаты: Адам ауруларының пайда болуы мен таралуына әсер етуші факторларын қарастыру.


1. Адам денсаулығының негізгі көрсеткіштерінің төмендеуі ,көптеген отандас және шетел ғылымдарының негізгі пікірлеріне қарағанда денсаулық туралы ілім жаңалықтарына адамдардың бимағұлымдығына және немқұрайлығына да байланысты.Сонымен бірге аурудың алдын алудың 1-ші деңгейдегі бірегей амалдар жүйесі жұмысының едәуір нашарлануына әкеп соқты.Баршаға мәлім болғандай ,медицина ғылым туғаннан бері,оның басты мақсаты-адам денсаулығын сақтау және нығайту,ал ауруларды емдеу-медициналық доктринаны 2-ші бөлімін құрастырады деген аңыздарға ден қойсақ,көне шығыс әміршілері денсаулық сақтауды өте дәріптеген.Өзінің сарай емшілеріне тек дендері сау болған күндерінде ғана жалақы төлеген.Қай заманның болмасын медицина кемеңгерлері денсаулықты табиғат тартқан керемет сый ретінде бағалап,денсаулықты сақтауға көп мән берген.Алайда медицина қаншалықты көне болғанымен осы ғасырдың алғашқы он жылдығына дейін «Денсаулық» деген ұғымның ғылыми анықтамасы болмаған.1903 жылы Халықаралық медицина конгресінде И.П.Павлов «...өкінешке орай бізде әлі күнге дейін организмнің негізгі приципі-денсаулық деп аталатын сыртқы және ішкі біркелкілік (тұрақтылық) қалыптың айқын анықтамасы жоқ...» деген.Ол кезеңнен бері жағдай біршама өзгерді.

Әр түрлі себептер әсерінен медицина емдік,госпиталдық,емханалық соңғы он жылдықтар бойында ықшам мамандандырылған сипат алып келеді.Медицина қазіргі кезде негізінен денсаулық туралы емес ,аурулар хақындағы ғылымға айналып бара жатыр.Мұндай сипаттама үлкен медициналық энциклопедиядан да орын алған.Онда былайша жазылған:» Медицина»-ежелден адам ауруын емдеп,алдын алуды мұрат етіп,келе жатқан ғылым.

Адам денсаулығы өте көп факторларға тәуелді, ішкі және сондай ақ сыртқы себептермен бірге әркімнің өзінің және әлеуметтің ,мемлекеттің денсаулығына деген кемел, ұтымды да, төзімді көзқарастарына байланысты.

2.Жер шары халықтарын әлеуметтік-гигиеналық тексеріске алу нәтижесінде жинақталған көп құжаттарды талдағаннан кейін ДДСҰ (дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы) мынадай қорытындылар жасады :»Тұрғындар денсаулығының қалпы-49-53 % шамасында ,өмір сүру салтына байланысты ,бір сөзбен айтқанда ,өз денсаулығына деген көзқарасына байланысты,17-20 % шамадан тыс ортаға ,18-22 % тұқым қуалайтын себептерге ,жеке бас ерекшеліктері және т.б.,сонымен тек 8-10 % денсаулық сақтау жүйелерінің қызмет жұмысына байланысты.

Денсаулық-физикалық,психикалық,рухани және әлеуметтік болып бөлінеді.Бүкіл жер жүзінде халық денсаулығының күрт түсуі,денсаулықтың көптеген демографиялық көрсеткіштерінің төмендеуі денсаулық туралы жалпы және кең ғылымның қалыптасуына себепкер болды және қай жастағы болмасын барлық адамдардың валеологияның негізін білу қажеттігін тудырды.Денсаулық ,қалып (норма) деген ұғымдар бір-біріне ұқсас.Қалып-днеі сау адам баласының бәріне бірдей тұрақты мақсат ететін үлгі болатындай денсаулықтың көрсеткіштері.Денсаулық жағдайын бағалау үшін жасқа байланысты жеке адамдардың қалып көрсеткіштері пайдаланылады.Жасқа байланысты қалып көрсеткішін анықтау үшін белгілі көрсеткіштің әрбәр жастағы адам топтарының орташа көрсеткіші есептеліп шығарылады.Әрбір топта табылған орташа көрсеткішті қалып стандарт етіп алады.Бірақ та бір топқа кірген адамдардың көрсеткіштерінің бір-бірінен айырмашылығы әжептеуір болуы мүмкін.Өйткені ,олардың жыныстық,кәсіптік,тұрған жерінің ,өмір салтының т.б. айырмашылықтары болады.Орташа көрсеткіштерді анықтағанда айырмашылықтарды есепке алған жөн.Осыған орай «қалып» деген ұғым «денсаулық» ұғымы тәрізді әр адамның жеке басына ғана тән көрсеткіштері болмақ.Денсаулыққа залал келтіретін факторлар.

1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

Похожие:

«Гуманитарлық білім»факультеті «Тарих және география» кафедрасы “Медициналық география” пәні бойынша icon«Гуманитарлық білім»факультеті «Тарих және география» кафедрасы “Сулы жүйелер экологиясы” пәні бойынша
Оқу бағдарлама «Сырдария» университетінің ғылыми кеңесінде талқыланып, бекітілген
«Гуманитарлық білім»факультеті «Тарих және география» кафедрасы “Медициналық география” пәні бойынша icon«Гуманитарлық білім» факультеті “Тарих және география” кафедрасы “ Географиялық орта химиясы ” пәні бойынша
Силлабус Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің 23 қаңтар 2008 жылғы №26 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік жалпыға...
«Гуманитарлық білім»факультеті «Тарих және география» кафедрасы “Медициналық география” пәні бойынша icon«Гуманитарлық білім» факультеті «Қоғамдық пәндер және география» кафедрасы Бекітілді
«Мәдениеттану» пәні бойынша факультет аралық мамандықтары студенттерінің 1 курстары үшін әзірленген
«Гуманитарлық білім»факультеті «Тарих және география» кафедрасы “Медициналық география” пәні бойынша icon«Гуманитарлық»факультеті «Тарих және география» кафедрасы «Дүние жүзінің шаруашылық географиясы» пәні бойынша
Р. мемлекеті, жалпыға міндетті білім стандарты негізінде және Қ. Р. Білім және Ғылым министрлігінің 22. 06. 2006 ж. Республикалық...
«Гуманитарлық білім»факультеті «Тарих және география» кафедрасы “Медициналық география” пәні бойынша icon«Гуманитарлық білім» факультеті «Тарих және география» кафедрасы
Р. мемлекеті, жалпыға міндетті білім стандарты негізінде және Қ. Р. Білім және Ғылым министрлігінің 22. 06. 2006 ж. Республикалық...
«Гуманитарлық білім»факультеті «Тарих және география» кафедрасы “Медициналық география” пәні бойынша icon«Гуманитарлық білім» факультеті «Тарих және география» кафедрасы Саясаттану пәнінен
Бекітілген Мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандарты, мамандыќтыњ типтік оќу жоспары жєне Ќр бѓМ 11-мамырдағы 2005 жылғы №289...
«Гуманитарлық білім»факультеті «Тарих және география» кафедрасы “Медициналық география” пәні бойынша iconЖаратылыстық Ғылымдар факультеті экология-химия және география пәндері кафедрасы
Пререквизиттер: биология, химия, география, физика, математика, тарих, философия, экономика, құқықтану, психология, саясаттану
«Гуманитарлық білім»факультеті «Тарих және география» кафедрасы “Медициналық география” пәні бойынша icon«Гуманитарлық білім»факультеті «Тарих және география» кафедрасы
Силлабус : Университет Ғылыми кеңесінде бекітілген Оқу бағдарламасы, жұмыс оқу жоспары (28. 08. 2010ж),және пәннің жұмыс бағдарламасы...
«Гуманитарлық білім»факультеті «Тарих және география» кафедрасы “Медициналық география” пәні бойынша iconЖаратылыстық Ғылымдар факультеті экология-химия және география пәндері кафедрасы
Пререквизиттер: «Тіршіліктің қауіпсіздік негіздері» курсын менгеру студенттердің орта мектептегі тарих, биология, химия, физика,...
«Гуманитарлық білім»факультеті «Тарих және география» кафедрасы “Медициналық география” пәні бойынша icon«Химия және география” кафедрасы «тмд және Қазақстанның қазіргі экологиялық мәселелері» пәні бойынша
География мамандығының 2-курс студенттерінің 4 семестрдегі білімін бақылауға арналған обсөЖ
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница