«Гуманитарлық білім»факультеті «Тарих және география» кафедрасы “Медициналық география” пәні бойынша




Название«Гуманитарлық білім»факультеті «Тарих және география» кафедрасы “Медициналық география” пәні бойынша
страница4/12
Дата конвертации12.02.2016
Размер1.66 Mb.
ТипЛекция
источникhttp://89.218.153.154:280/CDO/Sillabus/Tar/Sirbaeva.MedGeo-Z.doc
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

Лекция № 4.

Тақырыбы: Табиғи жағдайлар және олардың тұрғын халықтың денсаулығына әсері. (1 сағат)

Жоспар:


1. Бейімдеушілік кезеңдері.

2. Биологиялық және биологиялық емес бейімдеушілік механизмдері.


Лекцияның мәтіні.

Сабақтың мақсаты: Табиғи жағдайлар және олардың тұрғын халықтың денсаулығына әсерін қарастыру.


1.Бейімделістің кезеңдері.

Бейімделіс әсерленісі нақтылы физиологиялық тетіктермен байланысты бірнеше кезден тұрады.

1.Бейімделістің бастапқы кезі тітіркендіргіштер әсер еткен алғашқы сәттен басталады.Мұнда әртүрлі бағытталған құрама әсерленістер байқалады. Бірінші құрама әсерленіс - бағдарлау рефлексіне байланысты.Бұл рефлекс пайда болғанда, осыған дейінгі іс әрекетті тежейді.Жалпы тежеуші әсерленіс күшті тітіркендірудің бәріне жауап ретінде туады.

Екінші құрама әсерленіс – қозу түрінде жүзеге асырылады.Мұнда жүйлік нәрлендіру (трофикалық) ықпалдарды белсендіріледі және ағзалардың қызметі күшейеді. Бұл әсерленістерді семиатоадреналин жүйесімен бірге орталық жүйке жүйесі атқарады.Алайда бейімделістің бастапқы кезінде , олар өзара үйлесімсіз болуы мүмкін.Сонымен қатар бұл кезге организмнің даралама ерекшеліктері , эмоциялық өзгерістері де қатысады.

2.Бейімделістің келесі сатысы - өтпелі кез. Мұнда орталық жүйке жүйесінің қозғыштығы төмендейді.Гармондардың белсенділігі азаяды, алғашқы әсерленіске қатысқан жүйелердің ықпалы тыйылады.Ол кезде организмнің әрекеттерге тіндерде тереңдей түседі.Бұған бүйрекүсті бездерінің қыртыс қабатының бейімдегіш гармондары әсер етеді.

3. Бейімделістің тиянақты кезі - организмнің және оның құрамына енетін ағзалардың , жүйелердің жаңа жағдайларға мұқият икемделу сәтін көрсетді.Олардың қызметі үйлесімді келеді.Организмнің бейарнамалы төзімділігі көтеріледі және әркелкі арнайы бейімделістің тетіктері дамиды.Бұл кез физиологиялық құбылстарды үнемді атқарады және энергия шығындарын азайтады және имундық қасиетін көтереді.Бейімделестің бұл кезін ұдайы тұрақты, өзгермейтін жағдай деп қарауға болмайды.Организмде оның ауытқулары , тербелістері жиі болуы ықтимал.Өйткені оған әралуан қосымша жанама түрткілр әсер еткенде , ол өзінің тіршілік күйінің шығыны мен қайта қалыптасуына байланысты туатын гомеостаздың жаңа деңгейін үнемі сақтауға тиіс.Ол организмнің энергия шығынын ұлғайтады, имундық және гормондық қосалқы қорын азайтып ақыры бейімделістің бұзылуына – дизадаптацияға әкеліп соғады.

4. Дизадаптация кезі организмнің әрекеттік қоры сарқылуы нәтижсінде немесе нейрогрмондық жүйенің және зат алмасуының өзара байланысы бұзылғандықтан пайда болады.Бұл жағдайда бейімделістің бастапқы кезі сияқты іс әректтің тұрақты көрсеткіштерінің ауытқулары пайда болады.Олар үйреншікті тітіркендіргіштер шамадан тыс немесе кездейсоқ түрткілер көп уақыт әсер еткенде туады.

5. Организм бейімделіс тудырған әсерлерден құтылған жағдайда, соның салдарынан пайда болған әр түрлі құрылымдық және әрекеттік ерекшеліктерден біртіндеп арылады.Алайда оның жойылған икемделу әсерленістері сол бейімдеуші түрткілер тағы да әсер етсе, қайтадан қалыптасуы мүмкін.Мұны қайта бейімделіс (реадаптация) деп атайды.


Бақылау сұрақтары:

1 Бірінші құрама әсерленіс

2 Бейімделістің келесі сатысы - өтпелі кез.

3 Бейімделістің тиянақты кезі

4 Дизадаптация


Лекция № 5

Тақырыбы: Жерсіндіру және тұқым қуалаушылық

(1 сағат)

Жоспар:


1. Медициналық генетика.

2. Тұқым қуалайтын аурулар.

Лекцияның мәтіні.

Сабақтың мақсаты: Жерсіндіру және тұқым қуалаушылық , медициналық генетика жөнінле қарастыру.

1.Медициналық генетика- адам патологиясындағы генетикалық факторлардың рөлін зерттейтін жалпы генетика ғылымының маңызды бөлімі болып табылады.

Тұқым қуалаушылық басқа тірі ағзалар сияқты, адамдарға да тән қасиет. Адамдардың көптеген белгілері Г.Мендель заңдарына сәйкес тұқым қуалайды. Қазіргі кезде адамдардың 12000 нан астам тұқым қуалайтын аурулары анықталған.Олардың ішінде: тері аурулары 250; көз аурулары – 200 астам, жүйке аурулары, ішкі мүшелер аурулары т.с.с. Адамдардың тұқым қуалаушылығын зерттейтін гнтика ғылымының саласын медициналық генетика деп атайды.Ол ерте кезден ақ , XIX ғасырдың аяғынан бастап Ф.Гальтон, А.Гэррод еңбектерінің нәтижесінде дами бастаған.

Ағылшын дәрігері А.Гэррод адамдардың алкаптонурия ауруын зерттеп (алкаптонурия – несептің түсуінің ауада қараюы) оның гомогентезин қышқылының алмасуының бұзылуы нәтижесінде дамитын және Мендель заңдылықтарына сәйкес – рецессивті белгілі сияқты тұқым қуалайтындығын анықтаған.Сонымен қатар, А.Гэррод гендер көптеген химиялық үдерістерді басқарып бақылайды деп болжамдап, адам ағзасында алкоптонуриядан басқа зат алмасудың бұзылуына алып келетін көптеген тұқым қуалайтын аурулар болуы мүмкін деп айтқан.

Адам генетикасының адамдардың денсаулығын сақтаудың рөлі өте зор. Себебі кез – келген ауру – зат алмасудың, не зат алмасуға қатысып, оны реттейтін, жеделдететін ферменттрдің қызметтерінің бұзылуына байланысты.

Қазіргі күнде емханалардағы ауру адамдардың 30-40 пайызына жуығы тұқым қуалайтын аурулармен ауырады.Жас нәрестелердің жастайынан өлуінің 25-30 пайызы жағдайдағы себебі де сол тұқым қуалайтын аурулар.Әйелдердің күні бұрын өздігінен түсік тастауы 50-70 пайыз жағдайында хромосомалық мутацияларға байланысты. Адамдардың бедеу болуының, балаларының болмауының себебі де 20 пайыз жағдайында тұқым қуалайтын аппараттың бұзылуы екендігі белгілі.

Осынша көп аурулардың болуы, оларды емдеу, қоғам үшін әлеуметтік және материялдық үлкен мағынасы бар проблема болып табылады.

Ауруларды емдеуден гөрі оларды болдырмау, аурулардың алдын алу әлде қайда тиімді.Мін осы проблеманы щещу де адам генетикасының негізгі міндеті.Бұл туралы ҚР Президенті Н.Назарбаевтің 2008 ж. 6 ақпанында Қазақстан халқына арналған дәстүрлі жолдауында айтылған.Соңғы 15-20 жылда медициналық генетика – замануи медицинаның іргтасы екендігі туралы және адамдардың кез – келген патологиялардың потогенезін оның маңызды роль атқаратындығы айтылған.

2. Митохондриялық аурулар – митохондриялардың құрылысының және биохимилық үрдістерінің бұзылулары нәтижесінде дамитын тұқымқуалаушылық аурулардың үлкен тобы болып табылады.

Митохондриялар адамның барлық жасушаларында бірнеше жүздеген дана күйінде кездесетін органеллалар.Олардың неізгі қызметі- жасушаны энергиямен қамтамасыз ету.1963 жылы митохондриялардың өздеріне тән геномының болатындығы анықталды.

У – тірескен (голандриялық) моногендік аурулар сирек кездседі жән олар тек әкесінен ұл балаларына беріледі.

Қазіргі кезде У – хросомада орналасқан 100- г жуық гендер анықталған.Олардың көпшілігі ағзаның еркек типті фенотип бойынша дамуын қадағалайды. Кейбір гендердің мутациясы аталық без, қуық безі рагының (ісік) дамуына алап келді.

Альцгеймар ауруы – ереск адамдарда жиі кездесетін нейрдегенративтік ауру.Ол көбінесе деменцияның дамуына (есте сақтаудың жойылуы) алып келеді. Бұл аурумен 20 млн ға жуық адамдар ауырады.

Бұл аурудың негізгі клиникалық симптомдары – есте сақтау қабілетінің күрт төмендеуі, сөйлеу, жазу, кеңістікте бағдарлау қабілеттерінің бұзылуы, үделеп дамушы жарыместік, эпилентикалық ( қояншық) ұстамалар.Аурудың екі формасы белгілі:1.Ерте басталатын 2. Кеш басталатын.

Ауру белгілері ерте басталатын ормасында 40-58 жас аралығында, ал кеш басталатын формасы 58-80 жас аралығында байқалады.

Эссенциялдық гипертензия (ЭГ) –негізгі клиникалық кәріністерді артерия қан қысымының көтерілуі жйне осыған байланысты асқынулармен (инфаркт, инсульт, бүйрек қызмтінің жетіспеушілігі т.с.с) сипатталатын гнтнрогендік аурулар тобы болып табылады.

Бақылау сұрақтары:


1 Альцгеймар ауруы

2 Эссенциялдық гипертензия

3 Медициналық генетика


Лекция № 6

Тақырыбы: Жерсіндіру және тұқым қуалаушылық

(1 сағат)

Жоспар:

1. Тұқым қуалайтын аурулардың алдын алу.

2.Адамның және жануарлардың бейімдеушілік өзгергіштігінің негізгі заңдылықтары.


Лекцияның мәтіні.

Сабақтың мақсаты: Жерсіндіру және тұқым қуалаушылық , медициналық генетика жөніне қарастыру.


1.Ғасырлар бойында адамдардың тұқым қуалайтын аурулардың емдеу мүмкін болмады,себебі, біріншіден – белгілердің тұқым қуалаушылық тетіктері блгісіз болды;екіншіден – Меңделденуші тұқым қуалайтын белгілер ұрпақтарға қатып қалған күйінде, еш бір өзгріссіз беріледі деген генетикалық тұжырым басым болды.

Тек XX ғасырдың 20-30 жылдары дрозофилаларда жүргізілген тәжірибелер нәтижесінде гендер әрекетінің генотиптің және орта факторларының әсерлеріне байланысты түрліше дәрежеде байқалатыны анықталды.Осының нәтижесінде гендер әркетінің пенетранттылығы, экспрессивті және нақтылығы туралы ұғым қалыптасты.Егер орта факторлары гендердің экспрессивтігіне әсер ететін болса, онда оларды өзгертіп, гендрдің патологиялық әрекеттерін азайтуға не жоюға болады деген тұжырым жасауға мүмкін болды. XX ғасырдың 30 жылдары көрнекті невропотолог және гнетик С.Н. Давиденков клиникалық тәжірибелерге және эксперименттік генетика жетістіктеріне сүйеніп, алғаш рет, тұқым қуалайтын арулардың дамуына ішкі және сыртқы орта факторлар елеулі роль атқарады деп айтқан.Қазіргі кезде , генетика ғылымының жетістіктрі және теориялық, клиникалық медицинаның елеулі табыстары негізінде, көптеген тұқым қуалайтын ауруларды емдеуге мүмкіндік туды.Тұқым қуалайтын ауруларды емдегенде , басқа кең таралған және жақсы зерттелген аурулар ( мысалы инфекциялық) сияқты, емдеудің 3 жолын қолданады: симптомдық, патогенетикалық, этиотроптық. Барлық тұқым қуалайтын патологиялар жаңадан пайда болған және ата – тектрінен берілген мутациялық жүк негізінде қалыптасады.Адам популяцияларындағы мутациялық жүктің эффектері эволюциялық- генетикалық, медициналық және әлеуметтік тұрғыдан байқалады.

Мутациялық жүктің медициналық салдары- медициналық жәрдемнің қажеттілігінің өсуі жән ауру адамдардың тіршілік (өмір) ұзақтығының төмендеуі (қысқаруы) күйінде байқалады. Емханаларда тұқым қуалайтын аурулармен ауыратын адамдарға , осы патологиялары жоқтарға қарағанда, 5-6 рет жиі медициналық жәрдем көрсетіледі. Ауруханалардағы сырқаттардың 10-20пайызы әртүрлі тұқым қуалайтын патологиялары кездесетіні балалар.Бұл популяциялардағы жалпы аурулар санынан 5-10 есе артық.

2.Жануарлардың ылғалдылыққа бейімделуі.Жануарлар ағзасы суды :ішу ,шырынды қоректі жеу және органикалық заттарды қорыту арқылы қабылдаса,терлеу,несеп және қорытылмаған органикалық қалдықтар арқылы шығарады.Осы қарым-қатынастағы су тепе-теңдігі сақталып тұруы қажет.Суды қабылдамай немесе денесінен артық шығару ағзалардың тіршілігін қиындатады,тоқтады.Мұндай жануарлар сулы жерде өмір сүреді немесе мезгіл-мезгіл суаттан келіп,сусындап тұрады.Мысалы,Африка саваннасындағы пілдер,киіктер т.б. аңдар әрқашан суатқа келіп жүреді.

Суға бейімділігіне қарай жануарларды гигрофильді,ксерофильді және мезофильді топтарға бөлінеді. Жануарлар ағзаларындағы тепе-теңдігін сақтау,тіршілік жағдайын өзгерту,морфологиялық және физиологиялық жолдар арқылы реттеледі.Кейде ін ішіндегі ылғалдылық 100%-дейін жетуі мүмкін.Сондықтан шөл ,шөлейт жерде мекендейтін кеміргіштер т.б. жануарлар құрғақшылық мезгілде індер қазып,сонда сауғалайды.Бұл экологиялық топқа жататын жануарлардың:қоңыздар,ұлу,бауырмен жорғалаушылар,т.б. денесі қабдыршақтармен ,мүйізді қабықтармен қапталу арқылы судың булануын кемітіп отырады.


Лекция № 7.

Тақырыбы: Адамның және жануарлардың бейімдеушілік өзгергіштігінің негізгі заңдылықтары.

(1 сағат)

Жоспар:


1. Жануарлардың ылғалдылыққа бейімделуі.

2. Жануарлардың жарыққа бейімделуі.

Лекцияның мәтіні.


Сабақтың мақсаты: Адамның және жануарлардың бейімдеушілік өзгергіштігінің негізгі заңдылықтарын қарастыру.


1.Жануарлардың ылғалдылыққа бейімделуі.Жануарлар ағзасы суды :ішу ,шырынды қоректі жеу және органикалық заттарды қорыту арқылы қабылдаса,терлеу,несеп және қорытылмаған органикалық қалдықтар арқылы шығарады.Осы қарым-қатынастағы су тепе-теңдігі сақталып тұруы қажет.Суды қабылдамай немесе денесінен артық шығару ағзалардың тіршілігін қиындатады,тоқтады.Мұндай жануарлар сулы жерде өмір сүреді немесе мезгіл-мезгіл суаттан келіп,сусындап тұрады.Мысалы,Африка саваннасындағы пілдер,киіктер т.б. аңдар әрқашан суатқа келіп жүреді.

Суға бейімділігіне қарай жануарларды гигрофильді,ксерофильді және мезофильді топтарға бөлінеді. Жануарлар ағзаларындағы тепе-теңдігін сақтау,тіршілік жағдайын өзгерту,морфологиялық және физиологиялық жолдар арқылы реттеледі.Кейде ін ішіндегі ылғалдылық 100%-дейін жетуі мүмкін.Сондықтан шөл ,шөлейт жерде мекендейтін кеміргіштер т.б. жануарлар құрғақшылық мезгілде індер қазып,сонда сауғалайды.Бұл экологиялық топқа жататын жануарлардың:қоңыздар,ұлу,бауырмен жорғалаушылар,т.б. денесі қабдыршақтармен ,мүйізді қабықтармен қапталу арқылы судың булануын кемітіп отырады.

Егер адам денесіндегі судың 10%-нен айырылуы қауіпті болса,ит -17%,қой-23 % ,Ал түйе 27 % -ке дейін шыдай алады.Көптеген шөлейт жауарларының нәжісі құрамындағы су ішекке қайта сіңірілуіне байланысты қатты болады.Сондай-ақ көптеген насекомдардың зәр шығару мүшесі-мальпигі түтіктері ішекке ашылады,сондықтан ішек арқылы артық су құрамы қайта сіңірледі.

2.Жанурлардың жарыққа бейімделуі.Жарық жануарлар тіршілігі үшін маңызды рөл атқарады.Әр түрлі жануарлар жарықтың әр түрлі спектр құрамына,интенсивтігіне және оның әсер ету ұзақтығына жауап береді.Сондықтан да ,жануарлардың жарыққа бкейімделуәне байланысты әр түрге бөлеміз: жарық сүйгіш фотофильді ,қараңғы сүйгіш фотофобты ,эврифотты –жарықтың әсер ету диапазоны кең түрде қабылдайтын жануарлар,стенофотты –жарық күшімен әсеріне көп төзбейтін организмдер.

Жануарлар өзінің көру мүшелері арқылы сыртқы ортада өзінің жауларынан қорғанды,қоректік тамғын іздеп тауып жейді және әр түрлі заттардың сыртқы пішінін,оның түсін,түрін айыра біледі.Мысалы,көптеген омыртқасыз ағзалардың көздері қарапайым тек жарық сезгіш клеткалардан тұрды,олардың барлығы пигмент қоршап тұрады.Заттың бейнесін толық көріп қабылдау үшін көру оргнының құрылысы күрделі болуы қажет.Мысалы,өрмекшілер 1см қашықтықтағы қозғалып бара жатқан заттың тек контурын ғана ажырыта алады.

Омыртқалы жануарлардың көру мүшелері жақсы дамыған.Жарық күшінің мезгілдік өзгеруі жануарлардың географиялық таралуына көп әсерін тигізеді.Мысалы,көптеген құстар мен сүтқоректілер полярлық ұзақ күндерде жоғарғы белдеулерде тіршілік етеді,ал күз болғаннан бастап,күн қысқара бастысымен олар оңтустікке ауысады.

Жарық факторы жануарлардың морфологиясына,физиологиясына және басқа да қасиеттеріне әсерін тигізеді.Мысалы,көптеген құстар мен сүтқоректілер полярлық ұзақ күндерде жоғарғы белдеулерде тіршілік етеді.Осындай жарықтың өзгеруіне организмдерде бейімделу процестері пайда болады.Осындай организмдердің күн мен түннің өзгеруіне байланысты жарықты өзгеру процесін қабылдау қасиетін фотопериодизм немесе фотопериодтық өзгерістер деп атаймыз.


Бақылау сұрақтары:

1.Гигрофильді,ксерофильді және мезофильді топтары.

2.Жануарлардың ылғалдылыққа бейімделуі.

3.Жанурлардың жарыққа бейімделуі.

Лекция № 8

(1 сағат)

Жоспар:


Тақырыбы: Адамның және жануарлардың бейімдеушілік өзгергіштігінің негізгі заңдылықтары.


1. Жануарлардың температураға бейімделуі.

2. Бергман, Аллен ережелері.


Лекцияның мәтіні.


Сабақтың мақсаты: Адамның және жануарлардың бейімдеушілік өзгергіштігінің негізгі заңдылықтарын қарастыру.


1.Жануарлардың температуға бейімделуі.Жануарлар өсімдіктерден айырмашылықтары олардың тірек-қимыл жүйесінің қаңқа ,бұлшық ет дамуы биохимиялық процестердің белсенді жүруі арқасында көп энергия бөлінуі болып табылады.Сондықтан жануарлар өз денесіндегі температура тұрақтылығын сақтай алады. Жануарлардың температураға бейімлігі бірнеше жолдары болады:

1.Химиялық жылу,реттеу жолы.Сыртқы орта температурасы төмендеген жағдайда өз денелерінде жылу шығару процестері жүреді.Оған органикалық заттардың тотығуы және АТФ-тің ыдырауы жатады.

2.Физикалық жылу,реттеу.Дене температурасын өзінде сақтау немесе сыртқы ортаға көптеп шығару жатады.Жануарлар анотомиялық және морфолгиялық құрылыстарына сәйкес өз денелерінде температурасын ұстай алады немесе сыртқы ортаға шығара алады,оған денесін қаптаған жүндер,қауырсындар,тері асты май қорларының орналасуы,қан тамырларының құрылысы т.бт жатады.

3.өмір сүру ортасын және мінез-құлқын өзгерту көптеген жануарлардың теммпература өзгеруіне бейімделетін негізгі қасиеттері болып табылады.

2.Бергман ережесі (1847ж) бойынша түрдің немесе біртекті жақын түрлердің тобында дене мөлшері ірі жылу қанды жануарлар анағұрлым салқын аудандарда таралған.

Термодинамика тұрғысынан ағзаның жылуды жоғалтуы оның салмағына емес,бетінің ауданына тура пропорцонал болады.

Неғұрлым жануарлар ірі және денесі шағын болған сайын оған темпертураны ұстап тұру жеңіл.Ал неғұрлым жануарлар ұсақ болса,оның салыстырмалы ауданы жоғар ы және жылу жоғалтуы да ,зат алмасу деңгейі де,энергия жоғалтуы да жоғары.

Аллен ережесі (1877ж) бойынша днен температурасы тұрақты жануарлардың салқын климаттық белдеулерде денесінің шығыңқы бөліктері кішірейеді.Мысалы,экологиялық жағынан бір-біріне жақын мына түрлердің құлақтарының мөлшерін салыстырсақ,тундрада мекендейтін кәдімгі түлкінің құлағы орташа,Африка шөлдерінде мекендейтін фенектің құлағы өте үлкен.


Бақылау сұрақтары:


1 Жануарлардың температуға бейімделуі.

2 Бергман ережесі.

3 Аллен ережесі.


Лекция № 9

Тақырыбы: Адамның биохимиялық эндемиясы.

(1 сағат)

Жоспар:

1.Виноградовтың биохимиялық провинциялар туралы ілімі.

2.Эндемиялық аурулар олардың түсінігі.


Лекцияның мәтіні.

Сабақтың мақсаты: Адамның биохимиялық эндемиясын қарастыру.

1. Өкпе деструкциясы. Өкпенің күрт қабынуының (пневмониялық) ең ауыр түрі - өкпенің бактериялық деструкциясы. Өкпе деструкциясы 3 жасқа дейінгі балаларда жиі кездеседі.Бұған кішкене баланың негізінен тыныс жолдары ішкі қабатының нәзіктігі, тез ісініп, ауаны тазалау мүмкіндігінің әлі толық қалыптасуы, кеуденің нашар керілуіғ кеуде қуысы диафрагмасының толық қалыптыспауы сияқты анатомиялық ерекшеліктері, сондай ақ нәрестенің орталық нерв жүйесі клеткаларының функциялық қызметінің жетімсіздігі себепші болады.

Өкпенің күрт қабындыратын қозғыштар микробтар.Бұл ауруды 80 % ға дейін стафилакокк микробы қоздырады екен.

Стафилакокк микробының мынадай түрлері бар: ақ стафилакокк. алтын түсті стафилакокк, күлгін түсті стафилакокк.Организмге стафилакокк түрлі у мен ферменті арқылы әсер етеді.Ол улы заттар гемолизин – ақ қан түйіршіктерінің құрамын бұзады, энтеротоксин – ішектердің ішкі кілегей қабатына әсер етеді.

Осы улы заттармен бірге стафилакокктен бөлінетін коагулаза ферменті – қан түйіршіктерін ұйытады.Содан соң қан тамырларынан қанның жүруі нашарлап, өкпенің қабынуын барынша тездетеді.Өкпе стафилакокктен қабынғанда тез шіриді.

Өкпе деструкциясын анықтау жолдары. Өкпе деструкциясы көбінесе күрт басталады.Бұл аурудың өзіне тән бірнеше клиникалық айқын белгілері бар.Оларға ең алдымен тыныс алудың нашарлауы, дененің улануы, бауырдың ісінуі, асқа тәбеттің болмауы жатады.

2.Өкпе деструкциясын емдеу жолдары. Өкпе деструкциясын негізінен Т.П.Краснобаевтың енгізген үш принипі бойынша емдейді.

  1. Микроорганизмдерге қарсы күрес.

  2. Организмнің өз мүмкіндігін көтеру.

  3. Қабынған жерді хирургиялық әдістермен емдеу.

1. Микроорганизмдерге қарсы күрес. Микроорганизмдерге қарсы күрес алдымен антибиотик дәрілер қолданылады.

2. Организмнің өз мүмкіндігін көтеру.Өкпе деструкциясын емдегенде улы заттарды шығару үшін қанға құйылатын дәрілер көп мөлшерде қолданылып, бүйректен зәр шығару процесі күшейтіледі.

3. Хирургиялық әдістермен емдеу екі түрлі жолмен қолданылуы мүмкін.Ол А.Т. Пулатовтың әдісі ауырған өкпе ішінде инемен новокаинге қосылған дәрі енгізуге негізделген.Алайда бұл әдіс айтарлықтай қолдау тапқан жоқ.

Екінші әдіс – А.М.Шамсиев енгізді.Ол тәсіл бойынша өкпенің қарайған жеріне жуан ине арқылы жіңішке түтікше қойылады.

Кіндіктің қабынуы (Омфалит). Нәрестенің кіндігі түскен соң оның орнына яғни кіндіктің шұқыры мен қоршаған тканьдарына микроб түссе қабынып кетеді.Қабынудың 3 түрі болады.

  1. Қарапайым – кіндігінің орнынан ұзақ уақыт сарысу ірің аралас ағып суланып жүреді.Кейде қабыршықпен жабылып қалады. Қабыршығын алса астынан жазылып келе жатқан жара көрінеді.Кейін осы құбылыс қайталана береді.

  2. Дүмпіп қабыну – кіндік шұқырының айналасы қызарып, ісініп кетеді.Тұбінде беті фибринозды қабыршықпен жабылған, айналасы қап қатты болып белдеуленген ойық жара (язва) пайда болады.

  3. Шіріп қабыну – құбылысы тек теріге жайылып қана қоймастан, тереңдеп қарынның алдыңғы бетіндегі етті қабатты да ірітіп шіріте бастайды.

Есте сақтау қабілеті – адамның ғажайып рухани байлығы. Адам көргенін, естігенін сол сәтте ұмытып қалса, онда тіршілікте ешқандай мағына болмас еді.

Адамның есте сақтауы қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді сақтау болып екіге бөлінеді.Әрбір информация әр секунд нерв клеткаларына келіп, оның талшықтарымен тұйықталып отырады.Бұл – уақытша есте сақтау тәсілі.Әрі қарай өте кұрделі физиологиялық өзгерістерден кейін барып ұзақ есте сақтау процесі қалыптасады.

Ұзақ есте қалдыру үшін қажет нәрсені уақыттың қанша кеткеніне қарамастан алдымен түсініп алу керек, ал жай жаттап алудан аулақ болған жөн.

Есте сақтаудың да неше түрі болады. Олар: естігенді, көргенді, көзге елестету, қозғалысты есте қалдыру.


Бақылау сұрақтары:

1 Микроорганизмдерге қарсы күрес.

2 Организмнің өз мүмкіндігін көтеру.

3 Қабынған жерді хирургиялық әдістермен емдеу.


Лекция № 10

Тақырыбы: Микроэлементоздардың жіктелуі.

(1 сағат)

Жоспар:


1. Ағзаларға әсер ететін қолайсыз заттар.

2. Денсаулық үшін органикалық және бейорганикалық заттар.


Лекцияның мәтіні.


Сабақтың мақсаты: Микроэлементоздардың жіктелуі, ағзаларға әсер ететін қолайсыз заттар, денсаулық үшін органикалық және бейорганикалық заттарды қарастыру.


Ағзаларға қолайсыз әсер ететін және ауруларға әкеліп соқтыратын заттарды төмендегідей топтарға бөліп көрсетуге болады.

  1. Концервендер (латын тілінен аударғанда cancir –рақ, генезис –шығу тегі) қатерлі ісіктер туғазыда. Қазіргі уақытта шамамен 500 осындай заттар белгілі. Олардың ішінде ең күштілері және басқа да полийиклді ароматтық көмірсулы, ултракүлгін сәулелер радиоактивті изоттоптар эцокситті смолалар, нитриттер, нитрозаиметтер, асбест және т.б. жатады.

  2. Мутагендер ( латын тілінен аударғанда mytasio -өзгеру) –хромосомалар саны мен құрылымының өзгеруіне әкеп соқтырады. Оларға реттеген сәулелер, гамма сәулелер, некрондар, бензон, калькуцина кейбір вирустар және т.б. жатады.

  3. тератогендер (грек тілінен аударғанда teras – құбыжық) жеке дамуда кеңістіктерге әкелетін, кемтарлықтарды пайда болудан әкелетін заттар. Тератогендерге әсер ететін мөлшерінің артық кететін кез-келген фактор жатады. Көбінесе тератогендерге мотагендерге, сондай-ақ нестецитерге тынайтқыштар шу және ластаушы заттар жатады.

Сонымен қатар, эмбригендерді де бөліп көрсетуге болады. Эмбригендер (грек тілінен аударғанда embro –үрық) Эмбриналдық даму кезінде әкелетін заттар. Эмбриогендерге тератогендер мотагендер және басқа да заттар (мысалы: алогөлді ішімдіктер есерткі заттар және т.б. жатады).

Адам қызметінің нәтижесінде жаңа бұрын болмаған аурулар пайда болады. Мұндай ауруларда ерекше техногенді аурулар тобына жатады. Оларға қорғасын (сатуризм) қадімі (ита-ита) сынақ қосылыстармен (минамата) т.б. аурулар жатады.

2.Денсаулық үшін органикалық және бейорганикалық заттар.

Көптеген органикалық заттар ұлы және жоғары дәрежеде тұрақты болып тбылады. Олар көбінесе мутаген, тератоген немесе басқа аурулардың пайда болуын кушейтеді.

Органикалық қосылыстардың ішінде әсіресе галогенді көмір суларының полициклді ароматты көмір сулар қауіпті.

Галогенді көмір сулар бұл топта бір немесе бірнеше көміртегі атомдары хлор, бром, йодт немесе патронмен алмасқан органикалық қосылыстар жатады.

Диоксиндер –қазіргі белгілі ұлы заттардың ішінде ең күштілерінің бірі. Диоксинің канцерогенді , мутагенді, тератогенді әсрі анықталған.Ол әйелдің бала туу қабілетін әсер етеді.Диоскиннің көп бөлігі (шамамен 200 кг) қоршаған ортаға амрикандықтардың Вьетнамда қолданған дефолианттары түрінде шығарылады.Нәтижесінде тк вьетнамдықтар ғана зардап шккен жоқ, шамамен 20 мың амрикандықтарды да қамтыды.

Фенолмен улану бауырды , бүйректі, қанды зақымдайды.Ағзаның тұқым қуалау қасиетін д әсері анықталған.Сонымен қатар канцнрогнді және тератогенді әсер етеді.

Халықтың денсаулығына метанол немсе метил спирті өте қауіпті.Түсі мен иісі бойынша оны этил спиртінен айыру өте қиын улы зат.300-400 мл мөлшрі адамның өліміне әкеліп соқтырады.

Формальдегид химия өндірісінің маңызды өнімдерінің бірі болып табылады. Формальдегид аллергиялық реакциялар туғызуы мүмкін.Адам мен басқа да тірі ағзалар бұл затпен үнемі әсерлесуде болады.(пластик,ағашты - талшықтар, консрванттар, автокөліктердің газдары, темекі түтіні т.б.).

Ауыр металдар. Көптеген ауыр металдар ағзалардың тіршілігіне қажет және микроэлементтр тобына жатады. Оларға цинк, мыс,марганец, көмір, темір және т.б. кіреді.Сонымен қатар олар тірі ағзалар үшін улы.Ауыр мталдар ақуыздармен жеңіл байланысып, майда еріп, жинақталады.Ауыр металдардың қоршаған орта мен ағзада жинақталуының негізгі көзі – отынды жағу, пестицидтер, кейбір органикалық қосылыстар, өндірістік қалдықтар және т.б.

Қорғасынның негізгі қөзі- автоколік жанармайы болып табылады.

XX ғасырдың қала тұрғындарының қаңқасындағы қорғасынның мөлшері1600 жыл бұрын өмір сүрген адамдармен салыстырғанда 700-1200

есе артық.Қорғасынмен улану немесе «сатуризмнің» беогілері мынадай: тез шаршау, кешке көру қабілетінің төмендеуі, қан аздық, бүйректің зақымдануы, жүрек ауруы, уақытынан бұрын босану, түсік тастау.

Кадмий Ауыр металдардың ішіндгі ең улы элемент.Қорғасыннан қарағанда кадмий топырақтан өсімдікке жеңіл өтеді.(70 пайызға дейін) де, ағзадан баяу шығарылады.Негізінен бүйректі, жүйке жүйесін , жыныс мүшелерін зақымдайды, тыныс алу жүйесін зиян.»Ита - ита» ауруын туғызады.

Сынап. Қоршаған ортада кеңінен таралған.Ол электро техникада , медицинада жән химия өнеркәсібінде қолданылады.Ағзаға тамақпен не тері арқылы енген сынап тұздарының қауіптілігі жоғары.

Асбест. Соңғы кезде дәрігрлердің назарын өзіне аударып отыр.Ұсақ асбест шаңы - асбестоз ауруын туғызады. Өкпе ұлпаларын зақымдап, қатерлі ісіктерге әкеледі.


Бақылау сұрақтары:

1 Денсаулық үшін органикалық және бейорганикалық заттар.

2 Диоксиндер –қазіргі белгілі ұлы заттардың ішінде ең күштілерінің бірі.

3 Кадмий Ауыр металдардың ішіндгі ең улы элемент.

4 Құрлықтар мен мұхиттардағы табиғи ландшафтық-геохимиялық жүйелер.


Лекция № 11

Тақырыбы: Микроэлементоздардың жіктелуі.

(1 сағат)

Жоспар:

1. Тіршіліктің бейімдеушілік ырғақтары.

2.Табиғи экзогенді, табиғи эндогенді, техногенді, пайда болу жағынан ятрогенді микроэлементоздар.

Лекцияның мәтіні.


Сабақтың мақсаты: Микроэлементоздардың жіктелуі, ағзаларға әсер ететін қолайсыз заттар, денсаулық үшін органикалық және бейорганикалық заттарды қарастыру.


1.Ландшафтарға техногенез факторларының тигізер әсерін анықтау геотехникалық жүйелер концепциясы пайда болған соң қарқындап дами бастады. Табиғи комплекстер табиғи-техникалық жүйелер құрамында техникалық элементтердің тікелей әсер етуі нәтижесінде өзгереді. Табиғи комплекстер мен өнеркәсіп объектілері арасындағы байланыс табиғи, табиғи-техникалық және техникалык жүйелер арқылы іске асады. Мұндай жағдайда табиғи элементтердің құрылымы өзгереді, өйткені табиғи элементтер толығымен немесе жекелеген компоненттері жасанды түрлермен ауысады. Табиғи процестер бәсеңдейді немесе керісінше үдейді.Техногенез қалдықтары әр түрлі болғандықтан, табиғи ортадағы ыдырауы олардың шығу тегіне және ортаның ландшафтық-геохимиялық ерекшелігіне байланысты. Өйткені бірде техногенез қалдықтары ортада ұзақ уақыт сақталады, сөйтіп сандық мөлшері өсіп, табиғи жүйенің тұрақтылығынан артып кетеді. Мұндай жағдайда олар биологиялық айналымға қатысып, тірі организмдерге зиянды әсер тигізеді. Келесі жағдайда сандық жағынан да сапалық жағынан да бірдей техногендік қалдықтар табиғи геохимиялық процестер нәтижесінде тез өңделіп, улы қасиеті жойылып, үлкен аймаққа таралады. Ал кейбір жағдайда бастапқыда қозғалмалы болған техногендік қалдықтар белгілі бір ландшафтық-геохимиялықтосқауылдарда тұрақты инертті формаға ауысады да, мигра-циялық ағын шеңберінен шығып қалады, яғни биологиялық айналымға қатыспайды. Мұндай жағдайда табиғи ландшафт техногенез қалдығынан тез тазарады, тұрақтылығы артады. Яғни, техногенез қалдықтарының ыдырау немесе шоғырлану, өзгеру мен айналымға қатысу қасиеті ландшафтық-геохимиялық жағдайдың табиғатына байланысты.

2.Құрлықтар мен мұхиттардағы табиғи ландшафтық-геохимиялық жүйелердің (ЛГЖ) жиынтығын құрылымы мен даму ерекшелігіне қарай бірнеше болжамалы топтарға жіктейді Болжаудағы негізгі мақсат — техногенез заттарының тірі организмге тигізер әсерінің деңгейін анықтау. Кез келген типке жататын ландшафтық-геохимиялық жүйелер мына көрсеткіштер бойынша ұқсас болу керек:

1) геохимиялық тұрақтылық деңгейі, яғни геохимиялық процестердің өздігінен орнына келуі мен техногенез қалдытарынан тазаруы;

2)егер техногенез қалдықтары нормадан артық болса, онда техногендік геохимиялық ауытқулар (аномалиялар) және олармен байланысты топырақ пен өсімдік жамылғысындағы, жер асты, жер беті суларындағы, биоценоздар өнімділігіндегі өзгерістер ұқсас болу керек. Технобиогеомалар белгілі бір географиялық зандылықққа бағынады, сондықтан да оларды картаға түсіріп, ландшафтық-географиялық аудандастыруға мүмкшшілік бар.


Бақылау сұрақтары:

1 Денсаулық үшін органикалық және бейорганикалық заттар.

2 Диоксиндер –қазіргі белгілі ұлы заттардың ішінде ең күштілерінің бірі.

3 Кадмий Ауыр металдардың ішіндегі ең улы элемент.

4 Құрлықтар мен мұхиттардағы табиғи ландшафтық-геохимиялық жүйелер.


Лекция № 12

Тақырыбы: Адам ауруларының географиясы.

(1 сағат)

Жоспар:


1. Психология және конституция.

2. Адам аурулары және конституция.


Лекцияның мәтіні.


Сабақтың мақсаты: Адам ауруларының географиясы, психология және конституция, адам аурулары және конституцияны қарастыру.


1.Психология және конституция. Осы түсінікке мінездеме бергенде соматиптер,психологиямен нейро физиологияның арасындағы байланыстары қаралады(мінез-құлқы,ынталығы,сыртқы ортаға жауап беру күші,сезімталдығы т.б.).Адамға психологиялық мінездеме бергенде оның мінез-құлқын ,морфологиялық ерекшеліктерімен байланыстырады.

Ертеде Галль адамның психологиялық ерекшеліктерін бас сауытындағы төмпшіктермен байланыстырған.Осы жағдайға қарай Кремчер ,зиялдылықты және қажырлықты есертеп адамдарды 2-топқа бөлген: циклотомды(пикникалық конституциялы)және шизатомды(астеникалық конституциялы ) .Нақтылы мінездемеге тоқталғанда циклшотомды деген жұмсақтық,ақ көңілдік және сананың тәжірибелігі.Шизотомды –жабық мінезділік ,теоретикалық санасы жақсы жетілген оқиғаларға немқұрайлы қарау.Адам ауырғанда конституция мен психиканың байланысы ашық болады.Қалыпты жағдайда бұл қасиет жақсы көрінеді.Орыс физиологы И.П.Павлов Кремчер ілмінің көп қателерін көрсеткен.

2.Адам аурулары және конституция.Кейінгі мәліметтерді есептегенде антропологиялық медицинада соматотропты организмдер мен түрлі аурулардың арасында көп байланыс болады.Бұлардың тамыры ерте дүние медицинасында айтылған.

Лептосомды ауруы қозбалық,реактивтік,неврозды,асқазанның жарасы,жалпы ішек аурулары,туберкулез,атеросклероз,май басу ,диабет.)соматотропты және психотропты организмдер де жиі кездеседі(Ментл).Мезосомды адамдарда бұлшық етінің жетілу жұмысына қарай тірек-қимыл аппаратында қан тамыр аурулары жиі кездеседі.Бұл жағдай инфарктқа ұшыратады. Пикносомды адам (қарым-қатынасты ,аз қимылдаушы,семіз)диабет,атеросклероз,гипертония ,өт дискуссиясы ауруларында кездеседі.Осындай адамдар тәртіпке көп бағынбайды.Тұқым қуалаушылықты жанұяда тиісті конституциялық типология құралып,кейбір ауруларға әкеп соғады,бұдан сақтану қажет. Статистикалық мәліметтерге қарағанда,адам конституциясы мен аурулардың арасында мынандай есебі айтылады.Пикникалық типтерге 200 адамнан 65 гипертониямен ауырады.Сол адамдардың ішінде атлетикалы және лептосомды саны 16-17 ішінде болады.астениктердің ішінде 75 гипотония ауруына ұшырайды.,әсіресе әйелдер.Астениктерде астма ауруы 40 мөлшерінде болады.Гиперстинктерде(Шуберт) қант диабеті 4 есе жоғары.Астеникті әйелдер бала туғанда қанды жақсы сақтайды,көп жоғалпайды.

Бақылау сұрақтары:

1 Микротүтікшелер

2 Адам аурулары және конституция.

3 Цитоскелет


Лекция № 13

Тақырыбы: Адам ауруларының географиясы.

(1 сағат)

Жоспар:

  1. Аурулардың түрлері.

  2. Микротүтікшелер.


Лекцияның мәтіні.


Сабақтың мақсаты: Адам ауруларының географиясы, психология және конституция, адам аурулары және конституцияны қарастыру.


Сыртқы ортаның әсеріне жақсы бейімделген адам типтері.: (Эфроймсон)лимфатикалы,лептосомды,пикникалы және атлетикалы организдер.

Конституцияның басқа жағдайларын есептегенде Смирновтың мәліметі бойынша,әр конституцияның ішінде микро-мезо және макросоматиптер болады.Бұлардың қандарында холестерин өте аз мөлшерде кездеседі.Гемоглобин жоғарғы мөлшерде сақталады.Бұлшықет типтес балаларда брадикарадия (сирек пульсті )жиі болады.Адамның морфолгиялық типтеріне спорт үлкен әсерін көрсетеді.

3.Буна сынаптауында адам денесінің салмақтылы ,ұзындығы және тканьдардың даму дәрежеріне қарай мынадай соматотиптерді бөледі:кеуделі,кеуделі бұлшық етті,бұлшық етті кеуделі,бұлшық етті,бұлшық етті іштілі ,іштілі бұлшық етті,іштілі,кеуделі іштілі,іштілі кеуделі және белгісіз.Бұл анықтама ерілердің 16 белгілерінің өлшемдері арқылы құралған.

Цитоскелет.(Цитоқаңқа)

Эукариоттық жасушалар өздерінің пішіндерін өзгертуге қозғалып орындарын ауыстыруға(миграция)цитоплазма органеллаларының қозғалуын және митоз кезінде хромосомалардың мақсаты-ажырасуын қамтамасыз етуге қабілетті.Жасушаның бұл қасиеттері оның цитоархитектурасын қалыптастыратын ақуыздар жиынтығы арқылы жүзеге асады.цитоскелет(цитоқаңқа) жасушаның белгілі бір құрылымдық деңгейінің ұйымдастырылуын бірқалыпты ұстап тұратын,ерімейтін ақуыздар кешені болып табылады.Цитосклет 3 негізгі құралымдардан –микротүтікшілер,активфиломенттрі және аралық филоменттерден құралған.Олардың әрқайсысы мыңдаған ақуыздардан тұрады.

Цитоскелет элеметтерінің 3-де полимиризацияланады. Және өздігінен полимерлік құрылымдарға кірігіп,мыңдаған біркелкі актив бөлшектеріне әжептеуір ұзын,10-15 мкм,жасушаны тесіп өтетін сызықты массивтерге жинақталады.Бұл өте ұзын жіпше тәрізді құрылымдар.Олар органеллаларды ұстап тұрушы жасуша ішілік қаңқа және органеллалар қозғалатын «рельстер!» қызметтерін атқарады.

Цитоскелет құрылымының қалыптасуында және қызметтік бірігуінде (интеграция) оның негізгі компоненттері мен бірге қосымша ақуыздар да маңызды рөл атқарады.Олар:

-органеллалардың цитоскелетке жабысуына ;

-органеллалардың бағытты қозғалуын қалыптастыруға ;

-цитоскелет байланыстарына және қызметтерінің үйлестірілуіне жауап береді.

Микротүтікшелер –ұзын және түзу ,бір ұшымен центромераға байланысқан.Гольджи кешенінің жанында орналасқан құрылымдар болып табылады.Олардың диаметрі 25 нм.Микротүтікшелер цитоскелеттің негізгі ақуыздарының ұзын филаменттерге полимерленуінің нәтижэесінде түзіледі.Филаменттердің полимерленуі бір бағытта жүреді,яғни олар полярлы болады,олардың ұштары бір-бірінен ерекше.


Бақылау сұрақтары:

1 Микротүтікшелер

2 Адам аурулары және конституция.

3 Цитоскелет


Лекция № 14

Тақырыбы: Нозожүйелермен нозоареалдардың құрылуындағы сыртқы ортаның табиғи факторларының маңызы.

(1 сағат)

Жоспар:

1. Климаттық факторлар және ағзалардың оларға бейімделуі.

2. Микроклимат (аймақтық климат)


Лекцияның мәтіні.


Сабақтың мақсаты. Нозожүйелермен нозоареалдардың құрылуындағы сыртқы ортаның табиғи факторларының маңыздылығын қарастыру.


1.Климаттық факторлар және ағзалардың оларға бейімделуі. Күн сәулесінің қуаты, жарық, ауаның температурасы мен ылғалдылығы , жауын – шашын, қар қабаты, атмосфералық қысым, ауаның газдық құрамының арақатынасы жердің климатын немесе мпкро климатты анықтайды.

2.Микроклимат (аймақтық климат) географиялық орналасудың нәтижесі болып табылады.Ендік бағытында бұл полярлық , тундралық, тайгалық далалы және шөлді климат. Қазақстанда территориясында төмендегі климат жағдайлары қалыптасқан.

Солтүстік Қазақстанда салыстырмалы түрде қысы салқын жазы жылылығымен сипаталатын континенталды климат. Бұл орманды дала аймағының тар мағына Батыс Сібір жазығының ландшафтана ұқсас. Орталық Қазақстанда өте құрғақ және ыстық күрт континенталды шөл мен шөлейттердің климаты.

Қазақстанның өңтүстігінен қөңтүстік шығысының климат жердің оргаграфиясына байланысты. Тянь-Шань Жоңғар Алатауы мен Кенды Алтай тауларында атмосфералық жауын мөлшері жоғарылайды және біртіңдеп ауаның температурасы төмендейді. Климаты ыстық және құрғақтан қоңыржай жылы және ылғалды ең сонында өте салқын жоғары таулы ауа райына өзгереді. Мезо климат –бұл орманын егіс даласының шалғындық және тау беткейлерінің жергілікті климаты ол микроклиматқа барлық уақытта сәйкес бола бермейді. Орманда күндіз даламен салыстырғанда әрдайым салқындау және ылғалдырақ. Мироклимат – бұл ағзаның климат 24 С температурада күндегі жапырақтағы температурасы қоршаған ортамен салыстырғанда 9 С жоғары. Ал көленкеде 4 С төмен.

Құстардың ұясында және жануарларындың ініндегі температура қыста жылырақ ал жазда салқынрақ болады. Егер шөлді жерде топырақ беті 70 С дейін қызыса ал 5 см терендіктін өзінде ол 40 С градусқа дейін төмендейді.

Бақылау сұрақтары:

1. Аридтық климат жағдайларда эрозиялық әрекеттер әлсірейді, негізгі бедер құратын агент – жел әрекеті.

2. Климат –бедер құратын факторлардың ішіндегі ең маңыздысы.

3. Қазақстанның оңтүстігінен оңтүстік шығысының климат жердің ораграфиясына байланысты.

4. Қазақстанда территориясында төмендегі климат жағдайлары қалыптасқан.

Лекция № 15

Тақырыбы: Нозожүйелермен нозоареалдардың құрылуындағы сыртқы ортаның табиғи факторларының маңызы.

(1 сағат)

Жоспар:


1. Тіршіліктің бейімдеушілік ырғақтары.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

Похожие:

«Гуманитарлық білім»факультеті «Тарих және география» кафедрасы “Медициналық география” пәні бойынша icon«Гуманитарлық білім»факультеті «Тарих және география» кафедрасы “Сулы жүйелер экологиясы” пәні бойынша
Оқу бағдарлама «Сырдария» университетінің ғылыми кеңесінде талқыланып, бекітілген
«Гуманитарлық білім»факультеті «Тарих және география» кафедрасы “Медициналық география” пәні бойынша icon«Гуманитарлық білім» факультеті “Тарих және география” кафедрасы “ Географиялық орта химиясы ” пәні бойынша
Силлабус Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің 23 қаңтар 2008 жылғы №26 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік жалпыға...
«Гуманитарлық білім»факультеті «Тарих және география» кафедрасы “Медициналық география” пәні бойынша icon«Гуманитарлық білім» факультеті «Қоғамдық пәндер және география» кафедрасы Бекітілді
«Мәдениеттану» пәні бойынша факультет аралық мамандықтары студенттерінің 1 курстары үшін әзірленген
«Гуманитарлық білім»факультеті «Тарих және география» кафедрасы “Медициналық география” пәні бойынша icon«Гуманитарлық»факультеті «Тарих және география» кафедрасы «Дүние жүзінің шаруашылық географиясы» пәні бойынша
Р. мемлекеті, жалпыға міндетті білім стандарты негізінде және Қ. Р. Білім және Ғылым министрлігінің 22. 06. 2006 ж. Республикалық...
«Гуманитарлық білім»факультеті «Тарих және география» кафедрасы “Медициналық география” пәні бойынша icon«Гуманитарлық білім» факультеті «Тарих және география» кафедрасы
Р. мемлекеті, жалпыға міндетті білім стандарты негізінде және Қ. Р. Білім және Ғылым министрлігінің 22. 06. 2006 ж. Республикалық...
«Гуманитарлық білім»факультеті «Тарих және география» кафедрасы “Медициналық география” пәні бойынша icon«Гуманитарлық білім» факультеті «Тарих және география» кафедрасы Саясаттану пәнінен
Бекітілген Мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандарты, мамандыќтыњ типтік оќу жоспары жєне Ќр бѓМ 11-мамырдағы 2005 жылғы №289...
«Гуманитарлық білім»факультеті «Тарих және география» кафедрасы “Медициналық география” пәні бойынша iconЖаратылыстық Ғылымдар факультеті экология-химия және география пәндері кафедрасы
Пререквизиттер: биология, химия, география, физика, математика, тарих, философия, экономика, құқықтану, психология, саясаттану
«Гуманитарлық білім»факультеті «Тарих және география» кафедрасы “Медициналық география” пәні бойынша icon«Гуманитарлық білім»факультеті «Тарих және география» кафедрасы
Силлабус : Университет Ғылыми кеңесінде бекітілген Оқу бағдарламасы, жұмыс оқу жоспары (28. 08. 2010ж),және пәннің жұмыс бағдарламасы...
«Гуманитарлық білім»факультеті «Тарих және география» кафедрасы “Медициналық география” пәні бойынша iconЖаратылыстық Ғылымдар факультеті экология-химия және география пәндері кафедрасы
Пререквизиттер: «Тіршіліктің қауіпсіздік негіздері» курсын менгеру студенттердің орта мектептегі тарих, биология, химия, физика,...
«Гуманитарлық білім»факультеті «Тарих және география» кафедрасы “Медициналық география” пәні бойынша icon«Химия және география” кафедрасы «тмд және Қазақстанның қазіргі экологиялық мәселелері» пәні бойынша
География мамандығының 2-курс студенттерінің 4 семестрдегі білімін бақылауға арналған обсөЖ
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница