«Гуманитарлық білім»факультеті «Тарих және география» кафедрасы “Медициналық география” пәні бойынша




Название«Гуманитарлық білім»факультеті «Тарих және география» кафедрасы “Медициналық география” пәні бойынша
страница3/12
Дата конвертации12.02.2016
Размер1.66 Mb.
ТипЛекция
источникhttp://89.218.153.154:280/CDO/Sillabus/Tar/Sirbaeva.MedGeo-Z.doc
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

9. ЛЕКЦИЯ САБАҚТАРЫ


Лекция № 1

(1 сағат)

Тақырыбы: Кіріспе. Медициналық география дамуының қысқаша тарихы.

Жоспар:


1. Медициналық география пәні, міндеттері.

2. Қоршаған орта саласының антропоэкологиялық өлшемдері.


Лекцияның мәтіні.

Сабақтың мақсаты: Сыртқы орта факторларының тұрғын халықтың денсаулық жағдайына әсерлерін қарастыру..

1. Медициналық география – географияның медицинамен байланысты бір саласы, географиялық ортаның адамның денсаулығына әсерін, жер шарында аурулардың шығуы мен таралуын , індет ошақтарын зерттейтін ғылым.

Мақсаты: Сыртқы орта факторларының тұрғын халықтың денсаулық жағдайына әсерлері және адам ауруларының пайда болуы мен тараулары жөнінде түсініктер қалыптастыру. Студенттерді медициналық география негіздері мен және осы саладағы теориялық зерттеулермен іс жүзіндегі жұмыстардың бағыттары мен таныстыру.

« Медициналық география» міндеттері:

  • медициналық география дамуының негізгі бағыттарын қарастыру;

  • медициналық география зерттеулерінің әдістерімен және қоршаған ортаны бағалау өлшемдерімен таныстыру;

  • жұқпалы және жұқпалы емес соның ішінде белгілі бір ортаға тән аурулардың географиялық пайда болуының негізгі заңдылықтарын, сонымен қатар табиғи және әлеуметтік – экономикалық (нозогеография) факторларының ролін оқып білу;

  • белгілі бір табиғи жүйелердің (аймақтық медициналық география) медициналық – биологиялық сипаттамасымен танысу.

2.Біздің едімізде адамның денсаулығн сақтау жөнінде көптеген қоғамдық шаралар жүзеге асырылып жатыр.

Денсаулық сақтау шаралары ерте заманнан – ақ халық арасында кең тараған.Адамның денесін , киімін, төсек – орнын таза ұстауы оның ішінде Қазақстан жерін мекендеген жұрт та жиі - жиі моншаға түсіп, денені шынықтырып отырған.Бұған қазба барысында Түркістан қаласынаң табылған қазақ моншасы дәлел болады.

Бұл сүзек және басқа қауіпті ауруларды тарататын қан сорғыш зиянкестердің азаюына, адам өмірін ұзартуға себепші болды.Денсаулық адамның жан – жақты дамып, еңбек етуіне тұрмыс жағдайын жақсартып, көңіл – күйінің көтеріңкі болуына , табиғатты зерттеп, оны бақытты өмір үшін пайдалануға мүмкіндік береді.

Адамның денсінің айналадағы ортамен байланысын нмен дәлелдеуге болады.

Мұны бір таныс мысалды еске түсірейік. Ауызды жауып, мұрынды екі саусақпен ауа өтпейтіндей етіп қысып, тыныс алуды әдейі кідіре тұрсақ, біраздан соң тұншыға бастаймыз.Мұның себебі жасушалар мен ұлпалардың тіршілігіне қажетті оттегінің жетіспеушілігінен. Оттегі тыныс алу жүйесі арқылы қанның құрамына ұздіксіз өтіп, адамның айналасындағы ортамен тығыз байланыстығын дәлелдейді.Адам ағзасының сыртқы ортамен байланысы жазы ыстық және аязды күндері ауа температурасының өзгеруінен де байқалады.Адамның тәулікте үш – төрт мезгіл тамақтануы да бұған дәлел болады.

Адам табиғаттың бір бөлігі, ал мүшелер жүйесінің қызметі де осы ортаның белгілі бөлімі болып есептеледі.Сондықтан адам ағзасы табиғатқа тікелей байланысты.


Бақылау сұрақтары:

  1. Медициналық география дамуының негізгі бағыттарын қарастыру.

  2. Медициналық география зерттеулерінің әдістерімен және қоршаған ортаны бағалау өлшемдерімен таныстыру.

  3. Адамның денсінің айналадағы ортамен байланысын нмен дәлелдеуге болады.


Лекция № 2

Тақырыбы: Медициналық география әдістері.

(1 сағат)



Жоспар:

1. Медициналық географиялық аудандастыру

2. Антропоэкологиялық жүйелерді зерттеу барысында картаға түсіру принциптері.

3. Медициналық географиялық болжау.


Лекцияның мәтіні.


Сабақтың мақсаты: Медициналық география әдістерін қарастыру.


1.Адам денсаулығы негізінен оның мүшелерінің жеткілікті мөлшерде қанмен қамтамасыз етуіне байланысты.

“Дене қимылынсыз- тіршілік болмайды”- деп бекер айтпайды. Адамның өмір сүруі оның үнемі қимыл-әрекетіне байланысты. Осының нәтижесінде адам еңбек етеді, спортпен шұғылданады, айналадағы ортаны танып, зерттейді. Дене еңбегі кезінде бұлшықеттердің, ішкі мүшелердің жұмысы артады, қанайналым жылдамдап, олардың қоректенуі мен дене қызметі жақсарады. Жүректің жұмысы қантамырлар жұмысымен байланысты, сондай-ақ қан тамырларының қызметі, бұлшықеттің механикалық әсерінен және зат алмасудан жақсарып отырады. Ой еңбегімен шұғылдану барысында үзіліс жасап, дене еңбегімен, спортпен және үй шаруасымен шұғылданып отырса, адамның еңбек ету қабілеті артып, өзін сергек сезінетін болады. Себебі миға оттегі және қоректі заттар жеткілікті келеді.

Адам жұқпалы аурулармен (өкпе қабынуы, баспа) ауырғанда және ас қорыту мүшелерінің, жүректің жұмысы бұзылғанда ауыр науқасқа ұшырайды. Сондықтан жүрек ауруының алдын алу үшін осы ауруларды болдырмау қажет. Аса қауіпті және кең тараған ауру түрлерінің бірі-буын сырқырамасы. Ол тірек-қимыл мүшелерін ғана емес, бұлшықет, сүйек және қиын жүйке жүйесін зақымдап қана қоймай, жүрек жұмысын да бұзады. Тұмаумен ауырған адам сөйлегенде, жөтелгенде , түшкіргенде басқа адамдарға жұғуы мүмкін, мұндай жағдай бір партада отырған оқушылар, бала бақшаларында, өндіріс орындарында және тар бөлмеде тұратын үйелмендер арасында жиі байқалады.

2.Жүрек ревматизмімен зақымдағанда адамның дене қызуы көтеріледі, тізе буындары ісіп, қатты ауырады, әлсіздік байқалып, терлегіш келеді. Ұйқысы бұзылады және асқа тәбеті тартпайды. Баланың ревматизмге қарсы тұратын иммунитетінің мықты болуы ата-аналарының денсаулығына, үйелменнің тұрмысына, дұрыс тамақтануға, тазалыққа байланысты. Гигиеналық жағдай жақсы болса, денешынықтырумен және спортпен шұғылданған адамдар ревматизммен өте сирек ауырады. Адам ревматизм ауруынан дәрігер емдегеннен кейін де толық айығып кете алмайды. Бұл өте қатерлі, қауіпті аурумен күресу үшін медицинаға мемлекет, қоғам және адамдардың өздері белсенді жәрдемдесуі қажет.

Ауруларды емдеу үшін жақсы жабдықталған емханалар салыну керек. Осылардың таза болып,жұқпалы аурулардан сақтану барлық адамдардың міндеті. Ревматизм ауруымен көбінесе көбінесе оқушылар және жастар ауыратын болғандықтан, олардың арасында гигиеналық ережелерді орындауға сай тәлім-тәрбиелік, насихат жұмыстарын үздіксіз жүргізіп отыру қоғам ұйымдарының міндеті. Әрбір адам қоғамның белсенді мүшесі, оның денсаулығы біздің мемлекетіміздің байлығына қосқан үлесі болып табылады. Сондықтан әр адам ауруымен күресіп, денсаулығын сақтап, еңбек өнімін арттарып отыруға міндетті. Олай болса, ол аурудың алдын алу тәсілдерін меңгере отырып, денсаулықты сақтауға қамқорлық шараларын жасайды.Адам үй-тұрмысын, оның тазалығын сақтап, жақсы тамақтанып, еңбекті дұрыс ұйымдастырып, өне бойы денешынықтырумен және спортпен шұғылдануға әдеттенуі қажет. Бұлар адамның табиғи иммунитетін арттырады. Тынысалу мүшелерінің жолында жұқпалы аурулардың микробы жиналмау үшін, денені күнде сулы орамалмен ысқылап, себезгіге, хауызға, өзенге, көлге және теңіз суына түсіп, шынығу керек. Адам денсаулығына таза ауада қыдыру, топсеруен, экспедиция жасау өте пайдалы.

3.Темекі түтіндегі өте көп улы заттар адам ағзасына зиянды әсер етеді. Олардың ішінде қауіп туғызатыны-никотин заты. Никотин қан тамырларын тарылтады және ең алдымен жүрек бұлшық етінің қанмен қоректенуін нашарлатады, қозу әрекеті үзілістермен өтеді (ол электрокардиограммадан байқалады), сөйтіп жүрек жұмысы нашарлайды, түрлі жүрек аурулары пайда болады. Темекі тартқан жас өспірімдердің еске сақтау қабілеті төмендейді және ұмытшақтық пайда болады, бойы аласа әлсіз болып өседі. Темекі ағза мүшелеріндегі қанайнламды бұзады.

Спирт ішімдігімен айналысқан адамның ағзасы алкаголь деп аталатын улы заттан уланады. Алкаголь қанға тез әсер етеді және бүкіл ағзаға таралады. Алкаголь эритроциттерді бұзады, сөйтіп оттегіні нашар тасымалдайтын болады. Осыдан бас және жүрек ауруы пайда болады , қан тамырларының жұмысы нашарлап, қан кетеді. Жүректің соғуы жылдамдап, тынысы тарылып, жүрек бұлшықетінің қызметі бұзылады, адам еңбек ете алмай, тез шаршап-шалдығады, мидың жұмысы бұзылады. Адам ақылынан айырылып, қасындағы адамдарға зиянын тигізеді.

Спирт ішімдіктерін пайдалану жүрек пен қантамырлар жұмысын бұзады.

Туберкулез микробтан жұғады. Туберкулез таяқшасы ауру адам жөтелгенде, түшкіргенде, сөйлегенде 1-2 метрге сілекейімен шашырап,микробы ауаны ластайды. Сау адам тыныс алғанда бұл микроб мұрын қуысына енеді де, өкпесіне еніп, оны зақымдайды. Науқас адам әуелі аздап жөтеледі де , одан соң қаны азайып, жүдейді, тамаққа тәбеті шаппай, ұйықтағанда терлей береді, дене қызуы кешке қарай 37-37,7 градусқа дейін көтеріледі. Туберкулез таяқшасы науқастың ас ішетін ыдысынан , сүлгісінен , төсек-орнынан да жұғады. Таяқшаның ауру туғызуы сау адамның ағзасына байланысты. Егер микробқа қарсы күресетін күш, яғни иммунитет пайда болса, онда оның әрекетінен денсаулық бұзылмайды.

Науқас адам жөтелгенде, түшкіргенде аузын және мұрнын қол орамалмен жауып, микробтың ауаға таралуына жол бермеуі қажет. Қақырықты кішірек шыны сауытқа жинап, топыраққа төгіп тереңірек тастаса, ол оның адамгершілігін, үлкен мәдениеттілігін көрсетеді. Ауруды дәрігер ғана емдей алады.

Бөлмені, киімд , үйдің маңайын, көшені таза ұстау – аурудың алдын алу жолдарының бірі.

Мұрын арқылы демалудың маңызы ерекше . оның себебі мұрын қуысында талып жатқан иірімдер болады. Олар ауаны жылытады. Суық күндері суық тиіп аурудан ақтайды. Ауызбен тынс алғанда суық ауадан тістің кіреукесі бұзылады . сондықтан мұрынмен тыныс алу тісті бұзылудан қорғайды өндіріс орындарында желдеткіш , шаң-тозаң ұстағыштар орнатады . үйдегі шаң-тозаңды сулы шүберекпен сүртіп отыру керек.

Бақылау сұрақтары:


  1. Алкаголь қанға тез әсер етеді және бүкіл ағзаға таралады.

  2. Туберкулез микробтан жұғады.


Лекция № 3.

Тақырыбы: Табиғи жағдайлар және олардың тұрғын халықтың денсаулығына әсері. (1 сағат)

Жоспар:

1. Бейімдеушілік жөніндегі түсінік.

2. Бейімдеушілік типтері.


Лекцияның мәтіні.


Сабақтың мақсаты: Адамның күнделікті тіршілік жағдайларына ақпараттық түрткілер, бейімдеушілік жөніндегі түсінік қалыптастыру.


1.Бейімдеушілік – сыртқы ортаның құбылмалы жағдайларына организмнің икемделуі.Ол жасушалық , ағзалық, жүйелік, организмдік деңгейлерде өтеді, сөйтіп туа болған немесе жүре болатын икемделу әркетінің барлық түрін көрсетеді.Ортаның көптеген жағдайлары организмнің мұндай қасиеттеріне барабар немесе бейбарабар келеді.Организмнің барабар тітіркендіргішке бейімделу қабілеті ұзақмерзімді эволюциялық даму сатысында қалыптасты.Ал барабар емес тітіркендіргіштер көбінесе организм мен ортаның теңестірілу қасиетін жойды.

Ғылым мен техника жедел дамыған сайын , адамның шаруашылық және өндірістік іс - әрекетінің өрісі кеңейіп, жаңа істер, мекен – жайлар игеруіне мүмкіндік туып отыр.Алайда табиғат және өндірістік жаңаша жағдайларда, организмге жағымсыз әср ететін төңіректің қолайсыз түрткілері жиі кездеседі.Бұлар төтенше (Экстермальдық) немесе шамадан тыс тітіркендіргіштердің қатарына жатады.

Төтенше түрткілер (экстремальдық) физикалық, химиялық, ақпараттық, мағыналық (семантикалық) және биологиялық болып 5 топқа жіктеледі.Ортаның үйреншікті физикалық (қысым, климат, маусым,космос жылылық, сәулелену) және химиялық (ауаның, тағамның құрамы, газдардың мөлшері) түрткілері әдеттен тыс әсер еткенде, олар организмде төтенше жағдайлар туғызады.

Орасан түрткілер – гравитациялық (салмақсыздық, әсірсалмақтық) және ақпараттық (қосындық, құрамалық, жағдайлық) негіздерден тұрады.

Адамның күнделікті тіршілік жағдайларына ақпараттық түрткілер, мәселен, жалған нмесе оқыс, жеткіліксіз немесе артық хабарлар төтенше ықпал жасайды.

Қазіргі кезде адам жасынан және өмір бойы ақпараттық жүктемеге ұщырайды.Сондықтан ол үнемі бейімделу әрекеттерінің қауырттығын талап етеді.Бұлар арнайы өндірістік іс әрекеттің шараларымен қосылып, адамның психика саласында зорланыс және бейімделіс олқылықтарын тудырады.

Мағыналық төтенше түрткілер жеке адам басына немесе ұжымға қауіп қатер төнгенде , апат жағдайларында пайда болады.

Биологиялық төтенше түрткілерге кенеттен ауру ,ұзақ уақыт ұйықтамау, аштық және т.б. жатады.Осыған орай адамның бейімделіс негізін тіршілік және әлеуметттік тетіктері жасайды.

Организм осы жағдайларға бар мүмкіншілігіне өзінің құрылымдық және әрекеттік әсерленістері арқылы бейімделіп отырады. Оның табиғи ортадағы әртүрлі маусымдық жағдайларына икемделу құбылысын Акклиматация деп атайды.Ол бейімделістің жеке түрі болып табылады.

2.Бейімделістің түрлері.

Қазір бейімделістің әр алуан түрлері болғанымен , көпшілік мақұлдаған топтары жоқ.

Бейімделістің мерзіміне қарай ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді деп жіктейді.Қысқа мерзімді бейімделісті икемделудің «авариялық сатысы» ретінде қарайды. Мұнда бейімделістің бастапқы кезінде , жүйке жүйесінің орталық бөлімдерінің әрекеттік күйі қатты өзгеріп, организмнің әсерленгіштігін өсіруге мүмкіндік жасалады. Ұзақ мерзімді бейімделіс организмнің икемделу қабілеті , мінездік әсерленісі мен жалпы әрекетін жоғары сапада қамтамасыз етеді. Бұл оның суықтыққа, тамақтың тапшылығына бұрын байқалмайтын төзімділігін тудырады.

Жеке организм деңгейінде бейімделістің төмендегідей түрлерін ажыратады: туа біткен, және жүре пайда болған, жеке және қауімді (түрлік) , жалпы және маманданған, арнамалы және бейарнамалы, ішкі және сыртқы , шартты және шартсыз , қалыпты және төтенше, морфологиялық (құрылымдық) және физиологиялық (тірліктік) , соматикалық (тәннің) және психикалық (жанның) т.б.

Сыртқы ортаның құбылмалы өзгерісіне дені сау адамның бейімделісі арнайы физиологиялық әсерленістер арқылы жұзеге асырылады.

Физиологиялық бейімділіс деп әрекетік жүй, ағза, тіндер белснділігімен өзара байланысын реттеуші тетіктердің орнықты деңгейін айтады.Бұның мәні ортаның жаңаша жағдайларында организмнің сақталуына , дамуына , қалыпты тіршілігін қамтамасыз ететін әрекеттрдің қайта құруына келіп тіреледі.Сонымн бірге ортаның өзгерген жағдайларында адамның ұзақ өмір сүруі, жұмысқа қабілетінің сақталуы, ұрпақ жаңғыртуы бейімделістің көрнекті белгілері болып саналады.

Физиологиялық бейімделіс жағдайын талдағыштар жүйесін тітіркенудің табалдырық күшіне және қарқынына икемделу қасиетінің өзгеруінен байқауға болады.

Құрылымдылық бейімделістің негізін жасушалық бейімделіс түзеді.Жасшалық бейімделіс деп қоршаған орта жағдайларына, аман қалу және қайта жақсару үшін олардың икемделуін айтады.Ол организмдік бейімделістің бастапқы кезеңі болып саналады.

Жасушалық бейімделісті шамамен генотипті және фенотипті деп екіг жіктейді. Генотипті (тектұр) бейімделіс шыдамды, бірақ жасушаларды іріктеу нәтижесінд пайда болады. Фенотипті (белгітүр) бейімделіс залалды түрткілерге қарсы қорғанып әсерленісі ретінде туады.Ол тітіркндіргіштердің қарқыны мен мерзіміне байланысты болады.Сондықтан бейімделістің ұзықтығы және жасушаның төзімділігі өзгеріп отырады.

Организмнің фенотипті икемделісін даралама бейімделіс деп те атайды.Ол ортаның белгілі түрткілеріне бұрын болмаған тұрақтылықты және алдында шешімі қиын мақсаттарды жаңаша шешу мүмкіндігін қалыптастыруды қамтамасыз етеді.Мұнда ең әуелі осы нақтылы түрткіг жауапты әрекеттік жүйелер , одан кейін жалпы әрекетік жүйелер жұмылдырылады.Соңынан жалпы бейарнамалыстреске қарсы жүйелер іске қосылады.Даралама бейімделістүрлік икемделудің құрамына кіріп, оның дамуына әсер етеді.Бұл – популяциялық бейімделіс тұқымқуалаушылық арқылы жеке организмдерге беріледі.

Бақылау сұрақтары:

1 Бірінші құрама әсерленіс

2 Бейімделістің келесі сатысы - өтпелі кез.

3 Бейімделістің тиянақты кезі

4 Дизадаптация

1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

Похожие:

«Гуманитарлық білім»факультеті «Тарих және география» кафедрасы “Медициналық география” пәні бойынша icon«Гуманитарлық білім»факультеті «Тарих және география» кафедрасы “Сулы жүйелер экологиясы” пәні бойынша
Оқу бағдарлама «Сырдария» университетінің ғылыми кеңесінде талқыланып, бекітілген
«Гуманитарлық білім»факультеті «Тарих және география» кафедрасы “Медициналық география” пәні бойынша icon«Гуманитарлық білім» факультеті “Тарих және география” кафедрасы “ Географиялық орта химиясы ” пәні бойынша
Силлабус Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің 23 қаңтар 2008 жылғы №26 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік жалпыға...
«Гуманитарлық білім»факультеті «Тарих және география» кафедрасы “Медициналық география” пәні бойынша icon«Гуманитарлық білім» факультеті «Қоғамдық пәндер және география» кафедрасы Бекітілді
«Мәдениеттану» пәні бойынша факультет аралық мамандықтары студенттерінің 1 курстары үшін әзірленген
«Гуманитарлық білім»факультеті «Тарих және география» кафедрасы “Медициналық география” пәні бойынша icon«Гуманитарлық»факультеті «Тарих және география» кафедрасы «Дүние жүзінің шаруашылық географиясы» пәні бойынша
Р. мемлекеті, жалпыға міндетті білім стандарты негізінде және Қ. Р. Білім және Ғылым министрлігінің 22. 06. 2006 ж. Республикалық...
«Гуманитарлық білім»факультеті «Тарих және география» кафедрасы “Медициналық география” пәні бойынша icon«Гуманитарлық білім» факультеті «Тарих және география» кафедрасы
Р. мемлекеті, жалпыға міндетті білім стандарты негізінде және Қ. Р. Білім және Ғылым министрлігінің 22. 06. 2006 ж. Республикалық...
«Гуманитарлық білім»факультеті «Тарих және география» кафедрасы “Медициналық география” пәні бойынша icon«Гуманитарлық білім» факультеті «Тарих және география» кафедрасы Саясаттану пәнінен
Бекітілген Мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандарты, мамандыќтыњ типтік оќу жоспары жєне Ќр бѓМ 11-мамырдағы 2005 жылғы №289...
«Гуманитарлық білім»факультеті «Тарих және география» кафедрасы “Медициналық география” пәні бойынша iconЖаратылыстық Ғылымдар факультеті экология-химия және география пәндері кафедрасы
Пререквизиттер: биология, химия, география, физика, математика, тарих, философия, экономика, құқықтану, психология, саясаттану
«Гуманитарлық білім»факультеті «Тарих және география» кафедрасы “Медициналық география” пәні бойынша icon«Гуманитарлық білім»факультеті «Тарих және география» кафедрасы
Силлабус : Университет Ғылыми кеңесінде бекітілген Оқу бағдарламасы, жұмыс оқу жоспары (28. 08. 2010ж),және пәннің жұмыс бағдарламасы...
«Гуманитарлық білім»факультеті «Тарих және география» кафедрасы “Медициналық география” пәні бойынша iconЖаратылыстық Ғылымдар факультеті экология-химия және география пәндері кафедрасы
Пререквизиттер: «Тіршіліктің қауіпсіздік негіздері» курсын менгеру студенттердің орта мектептегі тарих, биология, химия, физика,...
«Гуманитарлық білім»факультеті «Тарих және география» кафедрасы “Медициналық география” пәні бойынша icon«Химия және география” кафедрасы «тмд және Қазақстанның қазіргі экологиялық мәселелері» пәні бойынша
География мамандығының 2-курс студенттерінің 4 семестрдегі білімін бақылауға арналған обсөЖ
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница