«6М020900-шығыстану» мамандығы бойынша магистратураға түсушілерге арналған мамандық БОЙЫНШа түсу емтиханының бағдарламасы алматы 2012




Название«6М020900-шығыстану» мамандығы бойынша магистратураға түсушілерге арналған мамандық БОЙЫНШа түсу емтиханының бағдарламасы алматы 2012
страница1/7
Дата конвертации06.02.2016
Размер0.85 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://kaznu.kz/content/files/pages/folder9724/востоковедение каз.doc
  1   2   3   4   5   6   7
әл-фараби атындағы қазақ ұлттық УНИВЕРСИТЕТі






Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Ғылыми - әдістемелік кеңесінің

2012 ж. «_____»_____ мәжілісінің

____ хаттамасымен

бекітілген




«6М020900-ШЫҒЫСТАНУ »

мамандығы бойынша

МАГИСТРАТУРАҒА ТҮСУШІЛЕРГЕ АРНАЛҒАН МАМАНДЫҚ БОЙЫНША ТҮСУ ЕМТИХАНЫНЫҢ

БАҒДАРЛАМАСЫ


АЛМАТЫ 2012


Бағдарлама «6М020900-Шығыстану» мамандығы бойынша Мемлекеттік жалпы білім беру стандартына сәйкес жасалған. Бағдарламаны құрастырушылар: филол.ғ.к., доц. Ж.Р.Сейтметова, филол.ғ.к., доцент А.К.Ахметбекова, т.ғ.к., доц. Ақтаулова Б.Ж., ф.ғ.к., ф.ғ.к.,доц. Зубайда Шадкам, т.ғ.к.,аға оқытушы Мырзағұл Ж.,


Бағдарлама кафедралар мәжілісінде қарастырылған ________________

2012 ж. ____ _________ № ___ Хаттама

Арабтану және ирантану кафедра

меңгерушісі, ф.ғ.д.проф. ____________ Г.Е. Надирова


Бағдарлама кафедралар мәжілісінде қарастырылған ________________

2012 ж. ____ _________ № ___ Хаттама

Түркітану және үндітану кафедра

меңгерушісі,ф.ғ.д., проф. ____________ Р.А.Авакова


Бағдарлама кафедралар мәжілісінде қарастырылған ________________

2012 ж. ____ _________ № ___ Хаттама

Қытайтану кафедра меңгерушісі, т.ғ.к.,доц. ____________ З.С.Батпенова


Бағдарлама кафедралар мәжілісінде қарастырылған ________________

2012 ж. ____ _________ № ___ Хаттама

Жапонтану және корейтану кафедра

меңгерушісі, т.ғ.к.,доц. ____________Л.Т.Балақаева


Факультеттің әдістемелік бюросында мақұлданған ­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­

2012 ж. ____ _________ № ___ Хаттама

Әдістемелік бюро төрағасы_________________филол.ғ.к.,доцент Б.А.Атабай


Ғылыми кеңес мәжілісінде бекітілген

2012 ж. ____ _________ № ___ Хаттама

Ғылыми кеңес төрағасы,

Факультет деканы __________________ филол.ғ.д., доцент Б.Н.Жұбатова


Ғалым хатшы __________________ филол.ғ.к.,доцент Ұ.Т.Алжанбаева


МАЗМҰНЫ


1. Мамандық бойынша түсу емтиханының мақсаттары мен міндеттері

Оқуға түсу емтихандарының бағдарламасы «Шығыс тілі», «Оқитын ел тарихы» және «Мәдениетаралық қарым-қатынас практикумы» пәндері бойынша магистрды дайындаудағы негізгі білім беру бағдарламасының мазмұнының минималды көлемін қамтиды.

«Шығыстану» мамандығы бойынша магистратураға түсу емтиханының мақсаты бакалавариат оқу барысында жинақтаған білім қорын анықтау болып табылады. Сондай-ақ магистратураға түсуге талапкердің бакалавриат білім беру бағдарламасын оқу барысында қалыптасатын арнайы біліктілікті табысты меңгеруге қажетті жалпы біліктілігінің сай екенін бағалау болып табылады.

Емтихан міндеттері мынада:

    • ақпаратты синтездей алу және нақтылауға, танып таңдауға, іздеуге деген болашақ докторанттардың қабілеті мен дайындығын бағалау;

    • оқуға түсушілердің магистрлік білім беру бағдарламасындағы оқу пәнін ұғынғанын бағалау;

    • оқуға түсушінің қазіргі ақпараттық қорларды оқу барысында қолдана алу дайындығын бағалау;

    • Магистратура білім беру бағдарламасы бойынша оқуға түсушінің оқуға деген ынта-жігерін, талабын анықтау.


Бұл үшін оқуға түсушілер өздерінің шығыс тілінің негізгі курс теориясына қатысты білімдерін, әр түрлі тақырып бойынша ауызша және жазбаша қатынас деңгейіндегі тілді практикалық тұрғыда қолдану машықтарын көрсетулері керек. Оқитын ел тарихының даму заңдылықтарын; оқитын елдің әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуын; Шығыс елдері қоғамдарының әлеуметтік-экономикалық, мәдени және саяси салалардағы біршама өзгерістермен сипатталатын дамуына жаһандану үдерісінің тигізген ықпалын; Шығыс елдерінің дүниежүзілік шаруашылық-саяси жүйесіне интеграциялану кезеңіндегі бұл елдердің тарихындағы іргелі мәселелері жайында білулері қажет.

Бағдарламаның мазмұны мен құрылымы шығыс тілін меңгерудің классикалық схемасы есепке алына отырып жасалған: біртұтастық пен сабақтастық, бөлімдердің өзара қарым-қатынасы, дара құбылыстарын және ерекшеліктерін жүйелеу. Бағдарлама оқуға түсушінің оқитын шығыс тілімен байланысты елге ерекше көңіл бөле отырып, шығыс қоғамдары мен мемлекеттерінің ерекшеліктері бойынша, діни даму, халықтың саяси санасы, саяси институттар, саяси партиялар, сыртқы саясат, экономика, мәдениет т.с. бағыттары бойынша білім деңгейін анықтау мақсатында құрастырылған.


2. Магистратураға түсуші тұлғалардың даярлық деңгейлеріне қойылатын талаптар


Магистратураға түсуші бакалаврларды дайындау деңгейіне сай жалпы кәсіби және жалпы мәдени біліктілікке ие болуы керек, атап айтқанда:

  • Ойлау мәдениетіне ие болуы, жалпылауға, талдауға, ақпаратты қабылдауға, мақсатты қойып, оған жету жолдарын таңдауға қабілетті болуы тиіс;

  • ауызша және жазбаша сөзді логикалық тұрғыда дұрыс, дәлелді және анық құра біледі;

  • өзін-өзі дамытуға, шеберлігі мен квалификациясын жетілдіруге ұмтылады;

  • болашақ мамандығының мәнділігін жете ұғынады, кәсіби қызметін орындауға деген ынта-жігері жоғары;

Магистратураға түсуші шығыс тілінен, Шығыс елдерінің тарихынан және мідениетаралық қарым-қатынас пәнінен мынадай (магистр деңгейіне сай) көлемде білімге, біліктілік және машыққа ие болуы тиіс.

Шығыс тілінің орфографиялық, орфоэпикалық, лексикалық, грамматикалық және стилистикалық норма біліміне ие болу. Лингвистикалық, әлеуметтік мәдени және прагматикалық жақтарын қамтыған сөз коммуникациясының әр түрлі саласында коммуникативті қызметті іс жүзінде атқара білу. Практика жүзінде сөйлеудің негізгі сөз формаларын қолдана білу: баяндау, сипаттау, пайымдау, монолог, диалог, полилог. Сөйлеу мәдениетін және сөйлеу этикетіне қатысты білімге ие болу. Шығыс елдері тарихына, оқитын ел тарихына қатысты білімге ие; оқитын елдің саяси жүйесіне, әлеуметтік-экономикалық құрылысына қатысты сұрақтарға жауап бере алады. Болашақ докторанттар шығыс қоғамдарының даму ерекшеліктерін және олардың іргелі мәселелерін терең түсінулері керек. Бұл аумақты және іргелі шығыстанушылық білім берудің негіздерінің бірі болып табылады.

Түсу емтихан, бакалаврдың іс-тәжірибелік әрі теориялық дайындығын анықтауға арналған және дайындық бағыты бойынша магистратурадағы білім беру талаптарына қатысты студенттердің білімі, машығы мен дағдысының сай келуін анықтау мақсатымен өткізіледі.

Емтиханның нысаны – құрамалы жазбаша-ауызша емтихан. Емтихан тапсыратын адамдар, емтихан билетіндегі сұрақтарға байланысты өз жауаптарын - жауап беру парақтарына жазады, ал емтихан комиссиясына ауызша жауап береді. Апелляция берілген жағдайда, қарастырудың негізі - жауап беру парақтарындағы жазбаша жазбалар болып табылады.


3. Білім беру бағдарламасының пререквизиттері

-Базалық шығыс тілі

- Оқитын ел тарихы

-Мәдениетаралық қарым-қатынас практикумы


4. Емтихан тақырыптарының тізімі


«Базалық шығыс(араб тілі)» пәні

Емтихан тақырыптарының мазмұны мен құрылысы араб тілін меңгерудің классикалық кестесі негізінде жасалды. Араб тілін меңгеруге құрылған бұл кестеде тілдің біртұтастығы мен сабақтастығы, бөлімдердің өзара байланысы, оның ерекшеліктері мен дара құбылыстарының жүйелілігі ескерілген. Кесте негізгі үш бөлімнен тұрады:

Түбір және сөздің түбір негізі. Бұл бөлімде түбір морфологиялық деривация үдерісі кезінде еш өзгеріске түспейтін сөздердің лексикалық және заттық мәнін белгілеуші ретінде қарастырылады;

Сөз және сөзжасам. Мұнда сөздерді жасаудағы түрлі морфологиялық құралдар қарастырылады: туынды, күрделі және синтаксистік байланыстарға бағынышты;

Сөйлемдер жасалуы. Бұл бөлім жай және күрделі сөйлемдердегі сөздердің орын тәртіптері, сондай-ақ предикативті емес сөз тіркестері туралы мағлұматты қамтиды.

1. Негіз, база, түбір. Түбір типтері. Араб сөздерін морфологиялық тұрғыдан талдауда «түбір» терминімен танысуға тура келеді. Бұл термин қандай мазмұн қамтиды. Түбір дыбыстары ұғымы. Екі әріпті түбір. Үш әріпті түбір. Төрт әріпті түбір. Бес әріпті түбір. Дұрыс және бұрыс түбірлер.

2. Етістікті негіздер. Жалаң негіздер. Сөз және грамматикалық формалар даму тарихы туралы пайымдар айтуда, тілде бар түрлі негіздер мен базаларды қарастыру және салғастыру маңызды. Етістікті негізді – перфект формасын сипаттау.

3. Ішкі өсіммен кеңейген негіздер. Ішкі түбір дыбыстың геминациясы. Интенсивті негіз. Екінші және үшінші түбір дыбыстарының редупликациясы.

4. Есімді негіздер. Қысқа дауысты бір буынды базалар. Қысқа дауысты екі буынды базалар. Бірінші және екінші буында созылыңқы дауыстысы бар екі буынды базалар. Әлсіз дауыссыздың инфиксациясы. Префиксті есім сөздер.

5. Морфологиялық құралдар және сөздер үлгілері. Әр сөз формальды құралдар негізінде формула бойынша жасалады, бұл формула бойынша басқа түбірден болған ұқсас сөздер де құрылады. Сөз жасаудағы формальды құралдар.

6 . Полярлылық қағидасы. Грамматикалық тек, түр және есімді топтар. Семит тілдерінде полярлылық құбылысы әрдәйім таза күйінде болмайды. Белгілі грамматикалық элементтер қарама-қарсы категорияны белгілеуде орын ауыстырады. ة (та-марбутаға) аяқталса да, аталық текті білдіретін есім сөздер. Белгілілік артиклінің шығу тегі.

7. Етістік баптары және олардың мәндері. Етістіктің жіктелуі. Араб етістігі біртұтас жүйе болып табылады. Бұл оның морфологиялық категориялар жиынтығында, әсіресе мәндерінде көрінеді. I бап. II бап. III бап. IV бап. V бап. VI бап. VII бап. VIII бап. IX бап. X бап.

8. Шақ функциясы. Атқарылмаған шақ райлары. Араб етістігі морфологиялық тұрғыдан екі шаққа ие. Араб етістігінде жіктеу формаларының екі сериясы бар - префиксті және суффиксті. Атқарылған және атқарылмаған шақ мәндері. Имперфектегі етістік соңғы дауыстының флексиясына байланысты үш модификацияға ие. Ашық рай. Қалау рай. Шартты рай. Бұйрық рай.

9. Ырықсыз етіс. Араб тілінде ырықсыз етіс, ең алдымен морфологиялық категория болып табылады. Бұл етіс негізгі етіс сияқты екі шақта болады – перфект және имперфект, бірақ императив формасы жоқ.

10. Есімшелер және қимыл есімі. Араб грамматикасында есімшелер деп етістіктен туындаған есімнің екі категориясын атайды: негізгі етіс есімшесі. Ырықсыз етіс есімшесі. Қимыл есімі араб тілінде қимылдың абстрактылы атауын немесе ахуалын білдіреді. Масдар. Қимыл есімнің қолданысы.

11. Бұрыс етістіктер классификациясы. Етістік классификациясы түбір классификациясына ұқсас. Етістіктер: Қосарланған. Хамзалы. Әлсіз етістіктер. Дұрыс етістіктерге ұқсас етістіктер Бос етістіктер. Нақыс етістіктер. Екі есе бұрыс етістіктер.

12. Есім сөздер классификациясы. Етістіктен туындаған есім сөздер. Жалаң түбірден туындаған есім сөздер. Морфологиялық тәсілдер арқылы етістіктерден туындаған есім сөздер. Араб грамматистерінің классификациясы бойынша: «айқын есім сөз», «ой тасасындағы жобаланған есім сөз», «нақтыланбаған, күңгірт мәндегі есім сөз». Есім сөз (маусуфун). Сын есім (сифатун). Жалғыздылықты білдіретін есім сөз. Қимыл мәнерін білдіретін есім сөз. Мезгіл және мекен қимылы есім сөзі. Құрал-сайман есім сөзі. Жалқылық есім сөз. Қатыстық есім сөз. Кішірейтпе есім сөз.

13. Сапалық сын есім. Сын есімдер етістіктен туындап, әрекет етуші есім (исм фа”ил), әрекетке түсуші есім(исм маф”ул), өз мәніндегі етістіктен туындаған есім болып бөлінеді. Қатыстық сын есім. Сын есімнің шырайлары. Салыстырмалы шырай. Асырмалы шырай.

14. Грамматикалық тек. Түр. Аналық текті есім сөздер: мәні жағынан, форма жағынан. Ортақ текті есімдер. Аналық тек формаларының жасалуы. Екілік түр. Көптік түр. Дұрыс және бұрыс көптік түрлер. Бұрыс көптікте түрленетін есім сөздер.

15. Септеулер және олардың қызметтері. Сан есім. Екі септікте септелетін есім сөздер. Үш септікте септелетін есім сөздер. Аралас септелетін есім сөздер. Септіктер қызметтері. Қабысу. Формальды қабысу. Қабысудың ерекше түрлері. Есептік сан есім. Реттік сан есім. Еселі сан есім. Бөлшек сан есімдер.

16. Есімдік. Қызметші сөздер. Жіктік есімдіктер: бөлек және бірігіп жазылатын есімдіктер. Сілтеу есімдіктері. Сұрау есімдіктері. Қатыстық есімдіктері. Бірігіп жазылатын демеулік шылаулар. Бөлек жазылатын септеуліктер. Септеулікке айналған көмекші сөздер. Үстеу. Қаратпа сөздер.

17. Етістікті сөз тіркесі. Есімді сөз тіркесі. Есім сөздің етістікке бағынуы. Есімнің етістікке тура бағынуы. Есім сөзді етістік арқылы меңгеру. Болу етістіктері. Пайым етістіктері. Бастау етістіктері. Жақындық етістіктері.

18. Есім сөздер қиысуы. Атрибутивті сөз тіркесі. Аппозитивті сөз тіркесі. Жіктік есімдікпен болған аппозитивті сөз тіркесі.

19. Жай сөйлем. Есімді және етістікті сөйлем. Бір мүшелі есімді сөйлем. Екі мүшелі есімді сөйлем. Есімді сөйлем құрамы. Есімді сөйлемдегі қиысу. Есімді сөйлемдегі тұрлаулы мүшелердің орын тәртібі.

20. Құрмалас сөйлем. Тұрлаулы мүшелер қызметіндегі сөйлемдер. Тұрлаусыз мүшелер қызметіндегі сөйлемдер. Толықтауышты бағыныңқылы сөйлем. Анықтауышты бағыныңқылы сөйлем. Шартты бағыныңқылы сөйлем.


«Мәдениетаралық қарым-қатынас практикумы» пәні


21.Мәдениетаралық коммуникацияның қалыптасуы, дамуы.

МК қалыптасуының тарихи факторлары мен жағдайлары. Еуропада, АҚШта МКның даму кезеңдері.

22. Мәдениет және әлемнің мәдени алуантүрлігі

Мәдениет ұғымы және оған анықтама берудің методологиялық жолдары.

Әлеуметтену (социализация), инкультурация түрлері мен формалары.Этноцетризм, мәдени релятивизм. Эмпатия. Мәдениет және тіл. Вертикалды, горизонтальды, тікелей емес трансмиссия.Мәдениет және құндылықтар. Сепфир Уорф гипотезасы.

23. Мәдени сәйкестік. Мәдениет және коммуникация. Мәдениетті игеру.

Мәдени сәйкестік дегеніміз не. Мәдениеттер алуантүрлілігінің объективті негіздемесі. «Бөгде» мәдениет проблемасы. Мәдениеатаралық өзгешеліктер психологиясы. «Араласу» және «коммуникация» . Коммуникативті акт және оның құрылымы.Э.Холл, Г.Хофштеде,Э.Хирш теориялары.

Аккультурация, түрлері және нәтижесі.Мәдени шок: себебі, факторлары.Мәдени шоктың белгілері және оны еңсеру мәселесі

24.Мәдениаралық коммуникацияның түрлері. Стереотиптер

Вербалды, бейвербалды, паравербалды коммуникация түрлері. Вербалды коммуникацияның стильдері мен негізгі бірліктері. «бейвербалды коммуникация» деген түсініктің мәні. Стереотиптер ұғымы.

25.Мәдениаралық коммуникациядағы түсіністік проблемасы. Мәдениетаралық қарым-қатынастың детерминанттары.

Қабылдау процессі және негізгі детерминаттары. Мәдениет және қабылдау.

МҚ-тағы тұлғаралық аттракция, оның негізгі элементтері.Атрибуция және оның МҚ-тағы ролі. Мәдениетаралық қақтығыстардың табиғаты, себебтері және оларды болдырмау тәсілдері. МҚ-дағы қабылдау стереотиптері. тұлғаларарасы, топаралық және мәдениетаралық қарым-қатынас. макрокультура,микрокультура және социокультуралық топтарда қалыптасатын табиғатқа, уақытқа, кеістікке, қарымқатынасқа, жеке бостандыққа және адам табиғатына байланысты түсінік.

26. Шығыс халыктарының құндылықтары мен дүниетанымы

Этикет тілдік бірліктердің коммуникативтік-прагматикалық қызметі: Тілдік бірліктердің жүйелілігі, олардың бір-бірімен байланысы тілге тән функционалдық-мағыналық қарым-қатынас нәтижесі. Этикет тілдік бірліктердің коммуникативті-прагматикалық қолданылу заңдылығы, олардың арасындағы прагматикалық байланыс. Достық концепциясы. Шығыс халықтарындағы коммуникативті мінез-құлқындағы ұлттық - мәдени өзгешелік.

  1   2   3   4   5   6   7

Похожие:

«6М020900-шығыстану» мамандығы бойынша магистратураға түсушілерге арналған мамандық БОЙЫНШа түсу емтиханының бағдарламасы алматы 2012 icon«6М020900-шығыстану» мамандығы бойынша магистратураға түсушілерге арналған мамандық БОЙЫНШа түсу емтиханының бағдарламасы алматы 2015
Бағдарлама «6М020900-Шығыстану» мамандығы бойынша Мемлекеттік жалпы білім беру стандартына сәйкес жасалған. Бағдарламаны құрастырушылар:...
«6М020900-шығыстану» мамандығы бойынша магистратураға түсушілерге арналған мамандық БОЙЫНШа түсу емтиханының бағдарламасы алматы 2012 icon«6M070300 – Ақпараттық жүйелер» мамандығы бойынша магистратураға түсушілерге арналған мамандық БОЙЫНШа түсу емтиханының бағдарламасы алматы 2012

«6М020900-шығыстану» мамандығы бойынша магистратураға түсушілерге арналған мамандық БОЙЫНШа түсу емтиханының бағдарламасы алматы 2012 icon«6M021200– ТҮркітану» мамандығы бойынша магистратураға түсушілерге арналған мамандық БОЙЫНШа түсу емтиханының бағдарламасы алматы 2012
Бағдарлама «6М021200 – Түркітану: филология» мамандығы бойынша Мемлекеттік жалпы білім беру стандартына сәйкес жасалған
«6М020900-шығыстану» мамандығы бойынша магистратураға түсушілерге арналған мамандық БОЙЫНШа түсу емтиханының бағдарламасы алматы 2012 iconАлматы 2012
«Философия» мамандығына түсушілерге арналған мамандық бойынша магистратураға түсу емтиханының бағдарламасы
«6М020900-шығыстану» мамандығы бойынша магистратураға түсушілерге арналған мамандық БОЙЫНШа түсу емтиханының бағдарламасы алматы 2012 icon«6М011000 – физика» мамандығы бойынша магистратураға түсушілерге арналған мамандық БОЙЫНШа түсу емтиханының бағдарламасы алматы 2012
Бағдарлама «050110 –Физика» мамандығы бойынша Мемлекеттік жалпы білім беру стандартына сәйкес жасалған. Бағдарламаны құрастырушысы...
«6М020900-шығыстану» мамандығы бойынша магистратураға түсушілерге арналған мамандық БОЙЫНШа түсу емтиханының бағдарламасы алматы 2012 icon«6М051300 – Әлемдік экономика» мамандығы бойынша магистратураға түсушілерге арналған мамандық БОЙЫНШа түсу емтиханының бағдарламасы алматы 2012
Бағдарлама «6М051300 – Әлемдік экономика»» мамандығы бойынша Мемлекеттік жалпы білім беру стандартына сәйкес жасалған
«6М020900-шығыстану» мамандығы бойынша магистратураға түсушілерге арналған мамандық БОЙЫНШа түсу емтиханының бағдарламасы алматы 2012 icon«6М051100 маркетинг» мамандығы бойынша магистратураға түсушілерге арналған мамандық БОЙЫНШа түсу емтиханының бағдарламасы алматы 2012
Бағдарлама «6М051100 Маркетинг» мамандығы бойынша Мемлекеттік жалпы білім беру стандартына сәйкес жасалған. Бағдарламаны құрастырушылар...
«6М020900-шығыстану» мамандығы бойынша магистратураға түсушілерге арналған мамандық БОЙЫНШа түсу емтиханының бағдарламасы алматы 2012 icon«6М075000 метрология» мамандығы бойынша
Магистратураға түсушілерге арналған мамандық бойынша түсу емтиханының бағдарламасы
«6М020900-шығыстану» мамандығы бойынша магистратураға түсушілерге арналған мамандық БОЙЫНШа түсу емтиханының бағдарламасы алматы 2012 icon«6М060700 биология» мамандығы бойынша
Магистратураға түсушілерге арналған мамандық бойынша түсу емтиханының бағдарламасы
«6М020900-шығыстану» мамандығы бойынша магистратураға түсушілерге арналған мамандық БОЙЫНШа түсу емтиханының бағдарламасы алматы 2012 icon«6М051600 – Халықаралық журналистика» мамандығы бойынша магистратураға түсушілерге арналған мамандық БОЙЫНШа түсу емтиханының бағдарламасы алматы 2012
Бағдарлама «6М051600 халықаралық журналистика» мамандығы бойынша Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес жасалған....
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница