Және жеке инвестордың нарыққа шығуының мәні бар ма?




Скачать 31.93 Kb.
НазваниеЖәне жеке инвестордың нарыққа шығуының мәні бар ма?
Дата конвертации12.02.2016
Размер31.93 Kb.
ТипВопрос
источникhttp://www.afn.kz/attachments/cont/publish170845_8529.doc
Сұрақ: Бізде КАSЕ қор биржасы бар екендігі барлығына мәлім, ал енді сұрақ: біздің қор нарығы өтімді ме немесе жоғарыда отырған ағалар барлығын өзара бөліп алды ма? Және жеке инвестордың нарыққа шығуының мәні бар ма?

Жауап:

Техникалық инфрақұрылымның қажетті деңгейімен қамтамасыз ететін Қазақстанның бағалы қағаздар нарығының негізгі институттары «Қазақстан қор биржасы» АҚ, «Бағалы қағаздардың ортылық депозитрийі» АҚ, сондай-ақ 1-санаттағы (клиенттердің шоттарын жүргізу құқығымен) брокерлерді-дилерлерді қоса нарықтың кәсіби қатысушылары, тіркеушілер және кастодиан-банктер. Сонымен қатар, бағалы қағаздар нарығында зейнетақы активтерін басқаратын және инвестициялық портфельдерді басқаратын инвестициялық кәсіби қызметті жүзеге асырады.

Қазақстанда қор нарығы жағдайының негізгі индикаторы KASE – қор биржасы ұсынған ұйымдастырылған нарық болып табылады.

Қазіргі сәтте жеке инвесторлар үшін қор нарығына қол жеткізу жөнінде шектеу жоқ.

Бұдан басқа, инвестициялық қорлардың дамуы өтімді бағалы қағаздар нарығын құруға себебін тигізеді. Атап айтқанда, инвестициялаудың ұжымдық формасында жеке және институционалды инвесторлардың жинақ ақшаларын тартудың жаңа механизімі ретінде инвестициялық қорлардың дамуы қаржы құралдарының тапшылығын төмендетеді. Шамалы жинағы бар инвесторларға нақты сектордағы үлкен жобалардан түскен пайдаға қатысуға қол жеткізуін алуға мүмкіндік беретін болғандықтан, инвестициялық қорлар экономикаға «үй» инвестицияларының қарқынды ағынын ғана емес, сонымен қатар және нақты тұрақтылықты енгізеді.

Біздің ойымызша нақы жұмыс істеп тұрған қор нарығына бірінші кезекте өз ақшасын бағалы қағазға инвестициялайтын тұрғындар мүдделі болуы тиіс, өйткені банк депозиттері бойынша едәуір төмен ставкалар көп адамдарға қолайлы емес. Теңгенің доллар мен евроға қатынасын нығайту шамасында валюталық депозиттер пайда әкелмейді, ал теңге депозиттері бойынша пайда егер депозиттердің мерзімі жеткілікті ұзақ мерзімге созылғанда ғана құнсызданбайды. Халық үшін банк депозиттеріне балама ретінде жеке инвесторлардың қор нарығында инвестициялау барысына қатысуы мүмкін.

Жеке инвесторлардың қор нарығына шығуының мақсатқа лайықты мәселесі бойынша қаржылық қызмет көрсетуді ұсынуға байланысты қызметті мемлекет пен тікелей Агенттік лицензиялайтынын айтуға болады. Сондықтан, инвестор болғысы келген адам Агенттіктің лицензиясы бар брокерлік және басқарушы компаниялардың қызметін пайдалануына болады. Лицензияланатын компаниялар Агенттіктің бақылауында болады. Сонымен қатар, кез келген инвестициялау қашанда нақты тәуекелдермен байланысты, осыған байланысты инвестор қашанда тәуекелдерді дұрыс бағалай білуі қажет.

Осылайша, инвестор өзге қаржы құралдарының түріне инвестициялау кезінде өз тәуекелдерін дербес бағалай білуі тиіс. Бұл ретте, инвестор сондай-ақ меншікті қаражатын инвестициялау үшін бағалы қағаздар нарығының кәсіпқорларына – қатысушыларына жүгіне алады. Бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушылары бағалы қағаздарға инвестициялау жөнінде белгілі бір ұсынымдар бере алады немесе инвестор өзінің қаражаты мен бағалы қағазын сенімгерлік басқаруға тапсыра алады. Сонымен қатар, инвесторда белгілі бір білімі мен дағдысы болмаған жағдайда - ол инвестициялық қордың пайын сатып алады.

Сонымен қатар, инвестициялық пай қорына инвестициялау кезінде салымдардың сенімділігі тұрақты пруденциалдық реттеуді жүзеге асыру мен басқарушы компаниялардың қызметін мерзімді инспекциялық тексеруді жүзеге асыру арқылы Агенттіктің атынан мемлекет тарапынан және ИПҚ жүйесінің тарапынан қамтамасыз етіледі. ИПҚ активтері басқару компаниялардың шоттарында емес, кастодиан-банкінің шоттарында сақталады. Егер басқарушы компания инвестициялық мәлімдемеге немесе заңнамаға тиісті емес мәміле өткізуді шешсе, онда катодиан оларға келісім бермейді және бұл мәмілені өткізбейді. Ал егер басқарушы компанияларды жабқан жағдайда, кастодианның өзі қор активтеріне қол жеткізе алмайды. Сонымен қатар салымдардың сенімділігін ИПҚ пайлары иелерінің тізілімін жүргізуге жауапты тіркеуші қамтамасыз етеді, ол қордың өзінен және басқарушы компаниядан тәуелсіз болуы, сондай-ақ клиенттердің бұйрықтарын басқарушы компания мен кастодиан-банкі толық растағаннан кейін өз жүйесінде пайларды есепке қосу және есептен шығаруды қамтамасыз етуі тиіс. Сөйтіп, әр пай иесінің атына ИПҚ-дағы өзінің үлесі тізілімде бекітілген. Бір бірінен тәуелсіз төрт ұйымнан тұратын бақылау жүйелілігін басқарушы компаниялардың есепке алуын және есептілікті дұрыс жүргізуін тексеретін аудиторлық ұйым аяқтайды.

Похожие:

Және жеке инвестордың нарыққа шығуының мәні бар ма? iconЖеке табыс салығын есептеу және төлеу тәртібі
Салық салу объектiлерi бар жеке тұлғалар жеке табыс салығын төлеушiлер болып табылады
Және жеке инвестордың нарыққа шығуының мәні бар ма? iconПавлодар
Оған қоса, осы оқу процессінің формалары жеке жұмыс жасау және өзін-өзі оқытуды үйретеді. Семинар және тәжірибе сабақтарында жеке...
Және жеке инвестордың нарыққа шығуының мәні бар ма? icon«Жеке қосалқы шаруашылықтың болуы туралы анықтама беру» мемлекеттік қызмет көрсетудің регламенті Негізгі ұғымдар
«Жеке қосалқы шаруашылықтың болуы туралы анықтама беру» азаматтардың жеке селолық округі аумағында тұрғылықты тұратын және қосалқы...
Және жеке инвестордың нарыққа шығуының мәні бар ма? iconСалық мәні,мазмұны және элементтері Салықтар дегеніміз
Салықтар дегеніміз – мемлекеттік бюджетке заңды және жеке тұлғалардан белгілі бір мөлшерде түсетін міндетті төлемдер
Және жеке инвестордың нарыққа шығуының мәні бар ма? iconРабочая программа Форма ф со пгу 18. 2/06
Ол ұшін педагогика курсын оқытудың зор мәні бар, жүйелі білім және іскерлікпен дағдыны меңгеруге бағдар беру, болашақ маманның зерттеу...
Және жеке инвестордың нарыққа шығуының мәні бар ма? iconӨтінім берген кезде теріс кредиттік тарихы бар (болған жағдайда) немесе кез келген екінші деңгейдегі банкке берешегі бар қарыз алушыларға (студенттерге) кредит берілмейді
Білім беруге берілетін қарыз (бұдан әрі – қарыз) – тек ҚР жоғары оқу орындарында оқып жатқан және жиынтығында мынадай талаптарға...
Және жеке инвестордың нарыққа шығуының мәні бар ма? iconСемей
Осы сияқты нарыққа бейімделу ережелерін менеджмент және маркетинг пәндері үйретеді
Және жеке инвестордың нарыққа шығуының мәні бар ма? iconСемей
Осы сияқты нарыққа бейімделу ережелерін менеджмент және маркетинг пәндері үйретеді
Және жеке инвестордың нарыққа шығуының мәні бар ма? iconКөлік құралдары салығының салық төлеушілері
Меншік құқығында салық салу объектілері бар жеке тұлғалар және меншік, шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығында салық салу...
Және жеке инвестордың нарыққа шығуының мәні бар ма? icon2015 жылға ерекше тәртіпті қолдана отырып үкіметтік емес ұйымдар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру бойынша әлеуметтік мәні бар жобаларды жүзеге асыру қызметін мемлекеттік сатып алу бойынша конкурсқа қатысуға өтінімдері бар конверттерді ашу хаттамасы
«Облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы» мкқК директоры м у а., конкурстық комиссия төрағасы
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница