Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік сатып алу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы




НазваниеҚазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік сатып алу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
страница1/5
Дата конвертации12.02.2016
Размер0.86 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://www.minjust.kz/sites/default/files/Proiekt_Zakona_-kaz_09.06.11.doc
  1   2   3   4   5


Жоба


Қазақстан Республикасының Заңы

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік сатып алу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар

енгізу туралы»


1-бап. Қазақстан Республикасының мынадай заңнамалық актілеріне толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:

1. 2001 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексiне (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2001 ж., № 5-6, 24-құжат; № 17-18, 241-құжат; № 21-22, 281-құжат; 2002 ж., № 4, 33-құжат; № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 1-2, 3-құжат; № 4, 25-құжат; № 5, 30-құжат; № 11, 56, 64, 68-құжаттар; № 14, 109-құжат; № 15, 122, 139-құжаттар; № 18, 142-құжат; № 21-22, 160-құжат; № 23, 171-құжат; 2004 ж., № 6, 42-құжат; № 10, 55-құжат; № 15, 86-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 139, 140-құжаттар; № 24, 153-құжат; 2005 ж., № 5, 5-құжат; № 7-8, 19-құжат; № 9, 26-құжат; № 13, 53-құжат; № 14, 58-құжат; № 17-18, 72-құжат; № 21-22, 86, 87-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 19, 20-құжаттар; № 3, 22-құжат; № 5-6, 31-құжат; № 8, 45-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 72, 77-құжаттар; № 13, 85, 86-құжаттар; № 15, 92, 95-құжаттар; № 16, 98, 102-құжаттар; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 16, 18-құжаттар; № 3, 20, 23-құжаттар; № 4, 28, 33-құжаттар; № 5-6, 40-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 12, 88-құжат; № 13, 99-құжат; № 15, 106-құжат; № 16, 131-құжат; № 17, 136, 139, 140-құжаттар; № 18, 143, 144-құжаттар; № 19, 146, 147-құжаттар; № 20, 152-құжат; № 24, 180-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 12, 48, 51-құжаттар; № 13-14, 54, 57, 58-құжаттар; № 15-16, 62-құжат; № 20, 88-құжат; № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 126, 128, 129-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 7, 21-құжаттар; № 9-10, 47, 48-құжаттар; № 1 3-14, 62, 63-құжаттар; № 15-16, 70, 72, 73, 74, 75, 76-құжаттар; № 17, 79, 80, 82-құжаттар; № 18, 84, 86-құжаттар; № 19, 88-құжат; № 23, 97, 115, 117-құжаттар; № 24, 121, 122, 125, 129, 130, 133, 134-құжаттар; 2010 ж, № 1-2, 1, 4, 5-құжаттар; № 5, 23-құжат; № 7, 28, 32-құжаттар; № 8, № 96 44-құжат; № 11, 58-құжат; № 13, 67-құжат; № 15, 71-құжат; 2010 жылғы 27 шiлдеде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерiнде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне қызметi үшiншi тұлғаларға зиян келтiру қаупiмен байланысты объектiлер иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2010 жылғы 15 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңы, 2010 жылғы 27 шілдеде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне авиация мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі Заңы):

1) 167-бапта:

бірінші және екінші тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу туралы заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң жекелеген әлеуетi өнiм берушiлерге тиесiлiгiн айқындайтын сипаттамаларды көрсету арқылы Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу туралы заңнамасының конкурстық не аукциондық құжаттамаға қойылатын талаптарын бұзу, -

лауазымды адамдарға елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Конкурстық не аукциондық құжаттаманы алған тұлғаларды тiркеу журналына өздерi туралы мәлiметтер енгiзiлген тұлғаларға конкурстық не аукциондық құжаттамаға енгiзiлген өзгерiстердiң және (немесе) толықтырулардың мәтiнiн уақтылы жiбермеу, сол сияқты нақтыланған конкурстық құжаттаманы уақтылы жарияламау, -

лауазымды адамдарға отыз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.»;

жетінші, сегізінші және тоғызыншы бөліктер мынадай редакцияда жазылсын:

Сарапшының көрiнеу жалған сараптамалық қорытындыны жасауы, соның негiзiнде конкурстық не аукциондық комиссияның заңсыз шешiм қабылдауы, -
      жеке тұлғаларға елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

8. Жеңімпаздар деп танылған әлеуетті өнім берушілерді мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасудан жалтарған теріс пиғылды мемлекеттік сатып алу қатысушылары деп тану жөніндегі сот-талап ету жұмысын жүргізуден жалтару –

лауазымды адамдарға отыз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

9. Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасында көзделмеген жағдайларда Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасының өнім берушіні таңдауды және онымен мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасуды регламенттейтін нормаларын қолданусыз мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру, сондай-ақ Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасында белгіленген рәсімдерді жүргізусіз тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу –

лауазымды адамдарға жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.»;

ескертуде:

екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

«бiрiншi бөлiкте - мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушының, тапсырыс берушiнiң бiрiншi басшыларын немесе олардың мiндеттерiн атқарушыларды, мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастыру мен өткiзу рәсiмдерiн жүзеге асыруға жауапты адамдарды және (немесе) конкурстық не аукциондық құжаттаманы әзiрлеуге тiкелей қатысатын адамдарды;»;

алтыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:

«алтыншы бөлiкте - конкурстық не аукциондық комиссияның мүшелерiн;»;

тоғызыншы абзац алып тасталсын.

2. «Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексiне (Салық кодексi) (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2008 ж., № 22-1, 22-П, 112-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16, 18-құжаттар; № 13-14, 63-құжат; № 15-16, 74-құжат; № 17, 82-құжат; № 18, 84-құжат; № 23, 100-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат, №. 7, 28, 29-құжаттар; № 11, 58-құжат; 2010 жылғы 2 және 3 шілдеде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған 2010 жылғы 30 маусымдағы «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне кедендік реттеу және салық салу мәселелері бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы; 2010 жылғы 2010 жылғы 27 шiлдеде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» және 2010 жылғы 20 тамызда «Официальная газета» газеттерiнде жарияланған 2010 жылғы 15 шiлдедегi «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне сақтандыру мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы):

465-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Мыналардан:

1) мемлекеттiк мүлiк объектiлерiн иелену, пайдалану және оған билiк ету құқығын жүзеге асыратын мемлекеттiк уәкiлеттi орган, оның аумақтық органдары өткiзетiн аукциондардан;

2) соттардың атқарушы құжаттарын мемлекет пайдасына мәжбүрлеп орындату бойынша атқарушы iс жүргiзу органдары өткiзетiн аукциондардан;

3) мыналарды:

салық органдары иелiк етудi шектеген мүлiктi сату;

салық мiндеттемелерiн қамтамасыз ету мақсатында кепiлге салынған мүлiктi сату;

соттың шешiмi бойынша мәжбүрлеп шығарылған жарияланған акцияларды орналастыру бөлiгiнде мамандандырылған ашық аукциондардан;

4) мыналарды:

соттардың атқарушы құжаттарының негiзiнде мемлекет кiрiсiне тәркiленген мүлiктi;

белгiленген тәртiппен иесiз деп танылған мүлiктi;

белгiленген тәртiппен мемлекетке өткен мүлiктi сату жөнiндегi аукциондардан;

5) банкрот заңды тұлғалардың конкурстық массасын сату жөнiндегi аукциондардан;

6) мәжбүрлi түрде таратылатын банктердiң, сақтандыру, қайта сақтандыру ұйымдарының, жинақтаушы зейнетақы қорларының тарату конкурстық массасын өткiзу жөнiндегi аукциондардан;

7) Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс iстейтiн қор биржасындағы сауда-саттықта;

8) бағалы қағаздарды сату жөнiндегi аукциондардан сатылатын мүлiк (мүлiктiк құқықтар) құнынан;

9) «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының шеңберінде өткізілетін аукциондардан алым алынбайды.».

3. «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 17, 135-құжат; 2008 ж., № 13-14, 58-құжат; № 20, 87-құжат; № 21, 97-құжат; № 24, 128-құжат; 2009 ж., № 2-3, 21-құжат; № 9-10, 47, 49-құжаттар; № 15-16, 74-құжат; № 17, 78, 82-құжаттар; № 24, 129, 133-құжаттар; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2010 жылғы 21 сәуірде «Егемен Қазақстан», 2010 жылғы 21 сәуірде «Казахстанская правда» және 2010 жылғы 07 шілдеде «Официальная газета» газеттерінде жарияланған 2010 жылғы 2 сәуірдегі «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне атқарушылық iс жүргiзу мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, 2010 жылғы 23 сәуірде «Егемен Қазақстан», 2010 жылғы 22 сәуірде «Казахстанская правда» және 2010 жылғы 30 сәуірде «Официальная газета» газеттерінде жарияланған 2010 жылғы 2 сәуірдегі «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бюджет процесін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы):

1) 1-бап мынадай редакцияда жазылсын:

«1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар:

Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1) аукцион – тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтерді тапсырыс беруші оны төмендеткен кезде анықтаған ең төмен баға ұсынған адамнан сатып алатын электрондық мемлекеттік мемлекеттік сатып алу тәсілі;»;

2) аукциондық комиссия – осы Заңда көзделген аукцион тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүргізу рәсімін орындау үшін мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы құратын алқалы орган;

3) аукцион арасы – аукцион мәнінің бағасы төмендетілетін ақшалай ара қашықтық;

4) аукцион құжаттамасы - әлеуетті өнім берушіге аукционда қатысуға өтінім дайындау үшін берілетін құжаттама, онда аукционда қатысуға өтінімге қойылатын талаптар, аукцион тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүргізу шарттары мен тәртібі қамтылады;

5) әлеуеттi өнiм берушi - кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын жеке тұлға, мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасасуға үмiткер заңды тұлға (егер Қазақстан Республикасының заңдарында олар үшiн өзгеше белгiленбесе, мемлекеттiк мекемелердi қоспағанда), заңды тұлғалардың уақытша бiрлестiгi (консорциум). Кәсiпкерлiк қызмет субъектiсi болып табылмайтын жеке тұлға осы Заңның 41-бабы 3-тармағының 5) тармақшасында көзделген жағдайда әлеуеттi өнiм берушi болуы мүмкiн;

6) әлеуеттi өнiм берушiнiң аффилиирленген тұлғасы - аталған әлеуеттi өнiм берушiнiң шешiмдерiн айқындауға және (немесе) ол қабылдайтын шешiмдерге, оның iшiнде жазбаша нысанда жасалған мәмiленiң күшiне орай ықпал етуге құқығы бар кез келген жеке немесе заңды тұлға, сондай-ақ өзiне қатысты аталған әлеуеттi өнiм берушiнiң осындай құқығы болатын кез келген жеке немесе заңды тұлға;

7) бiртектi тауарлар, жұмыстар, көрсетiлетiн қызметтер - бiрдей болмаса да, белгiлi бiр функцияларды орындауына және өзара алмастырушы болуына мүмкiндiк беретiн ұқсас сипаттамалары бар және ұқсас құрамдас бөлiктерден тұратын тауарлар, жұмыстар, көрсетiлетiн қызметтер;

8) дауыс беретiн акцияларының (үлестерiнiң) елу және одан астам пайызы мемлекетке тиесiлi заңды тұлғалардың аффилиирленген тұлғалары - дауыс беретiн акцияларының (үлестерiнiң) елу және одан астам пайызы дауыс беретiн акцияларының (үлестерiнiң) елу және одан астам пайызы мемлекетке тиесiлi заңды тұлғаларға тікелей не жанама тиесілі заңды тұлғалар. Жанама тиістілік әрбір келесі аффилиирленген тұлғаға өзге заңды тұлғаның дауыс беретін акцияларының (үлестерінің) елу және одан астам пайызының тиістілігін білдіреді;

9) демпингтiк баға - конкурсқа қатысушының жұмыстарға, көрсетiлетiн қызметтерге ұсынған бағасы, ол мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасасу мақсатында ұқсас жұмыстарға, көрсетiлетiн қызметтерге қолданылып жүрген бағалармен салыстырғанда көрiнеу төмен баға болып табылады;

10) жұмыстар - құрылыспен, заттық нәтижесi бар шикiзат кен орындарын жайластырумен байланысты қызмет, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жұмысқа жатқызылған өзге де қызмет;

11) жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi отандық берушiлер — кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғалар және (немесе) Қазақстан Республикасының резиденттерi болып табылатын, жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету бойынша Қазақстан Республикасының жергiлiктi еңбек ресурстарының кемiнде тоқсан бес процентiн пайдаланатын заңды тұлғалар;

12) конкурстық комиссия - осы Заңда көзделген конкурс тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алуды өткiзу рәсiмдерiн орындау үшiн мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы құратын алқалы орган;

13) конкурстық құжаттама - конкурс тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алуды өткiзудiң шарттары мен тәртiбi қамтылатын, конкурсқа қатысуға өтiнiм әзiрлеу үшiн әлеуеттi өнiм берушiге табыс етiлетiн құжаттама;

14) көрсетiлетiн қызметтер - тапсырыс берушiнiң заттық нәтижесi жоқ қажеттерiн қанағаттандыруға бағытталған қызмет;

15) қаулы — бақылау нәтижелерiн растайтын және ол жолданған мемлекеттiк сатып алу жүйесiнiң барлық субъектiлерiнiң орындауы үшiн мiндеттi шешiмдер бар Қазақстан Республикасының Бюджет кодексiнде айқындалған сыртқы мемлекеттiк қаржылық бақылау органы қабылдаған акт;

16) қазақстандық қамту – мемлекеттiк сатып алу туралы шартты орындауға тартылған Қазақстан Республикасы азаматтарының еңбегiне ақы төлеу құнының осы шарт бойынша еңбекке ақы төлеудiң жалпы қорындағы және (немесе) Қазақстан Республикасы резиденттерiнiң жеткiлiктi дәрежеде қайта өңдеу немесе толық өндiру критерийлерiне сәйкес тауарда (тауарларда) белгiленген қазақстандық шығарылым үлесi (үлестерi) құнының мемлекеттiк сатып алу туралы шарт бойынша тауардың (тауарлардың) жалпы құнындағы пайыздық қамтылуы;

17) Қазақстан Республикасының резиденттерi – шет мемлекетте тұрақты тұру құқығына сол мемлекеттiң заңнамасына сәйкес берiлген құжаты бар азаматтарды қоспағанда, Қазақстан Республикасының азаматтары, оның iшiнде шетелде уақытша жүрген немесе оның шегiнен тыс жерлерде мемлекеттiк қызметте жүрген азаматтары;

Қазақстан Республикасында тұрақты тұру құқығына құжаты бар шетелдiктер және азаматтығы жоқ адамдар;

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған, оның аумағында орналасқан барлық заңды тұлғалар, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасында және оның шегiнен тыс жерлерде орналасқан филиалдары мен өкiлдiктерi;

Қазақстан Республикасының шегiнен тыс жерлердегi оның дипломатиялық, сауда және өзге де ресми өкiлдiктерi;

18) мемлекеттiк кәсiпорынның аффилиирленген тұлғалары - еншiлес мемлекеттiк кәсiпорындар;

19) мемлекеттiк сатып алу - жеке тұлғалардан еңбек шарттары бойынша не кәсiпкерлiк қызмет субъектiлерi болып табылмайтын жеке тұлғалардан өтемдi қызмет көрсету шарттары бойынша, мемлекеттiк тапсырманы орындау шеңберiнде сатып алынатын көрсетiлетiн қызметтердi, сондай-ақ жарналар (салымдар) енгiзудi, оның iшiнде жаңадан құрылатын заңды тұлғалардың жарғылық капиталына жарналар (салымдар) енгiзудi қоспағанда, тапсырыс берушiнiң жұмыс iстеуiн, сондай-ақ мемлекеттiк функцияларды не осы Заңда, сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгiленген тәртiппен жүзеге асыратын жарғылық қызметiн орындауын қамтамасыз ету үшiн қажеттi тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi тапсырыс берушiлердiң ақылы негiзде сатып алуы;

20) мемлекеттiк сатып алудың веб-порталы - электрондық мемлекеттiк сатып алудың электрондық қызмет көрсетулерiне қолын жеткiзудiң бiрыңғай нүктесiн ұсынатын мемлекеттiк ақпараттық жүйе;

21) мемлекеттiк сатып алу жөнiндегi уәкiлеттi орган (бұдан әрi - уәкiлеттi орган) - мемлекеттiк сатып алу жүйесiн реттеудi жүзеге асыратын мемлекеттiк орган;

22) мемлекеттiк сатып алу жүйесi - мемлекеттiк сатып алу жүйесi субъектiлерiнiң және олардың мемлекеттiк сатып алу саласындағы қызметтi жүзеге асыру процесiнде бiртұтастық және өзара байланыс арқылы айқындалатын қатынастарының жиынтығы;

23) мемлекеттiк сатып алу жүйесiнiң субъектiлерi - мемлекеттiк сатып алу саласындағы қызметтi жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар;

24) мемлекеттiк сатып алу саласындағы қызмет - мемлекеттiк сатып алудың жылдық жоспарын әзiрлеу және бекiту, мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастыру және өткiзу, мемлекеттiк сатып алу туралы шарттарды орындау, осы Заңға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес жүзеге асырылатын мемлекеттiк сатып алу саласында мамандар даярлау және (немесе) олардың бiлiктiлiгiн арттыру жөнiндегi қызметтер көрсету, мемлекеттiк сатып алу жүйелерiнiң субъектiлерiне консультациялық, ақпараттық қызметтер көрсету;

25) мемлекеттiк сатып алу туралы шарт - осы Заңға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес, тапсырыс берушi мен өнiм берушiнiң арасында тапсырыс берушiнiң жұмыс iстеуiн, сондай-ақ мемлекеттiк функцияларды не жарғылық қызметiн орындауын қамтамасыз ету үшiн тауарды беру, жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету туралы жасалған азаматтық-құқықтық шарт;

26) мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы — мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастыруды және жүргiзудi жүзеге асыратын заңды тұлға не өзiн құрған заңды тұлғаның атынан әрекет ететiн құрылымдық бөлiмше;

27) мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастыру және өткiзу рәсiмi - әлеуеттi өнiм берушiмен мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасасу мақсатында мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы, тиiстi комиссия осы Заңға сәйкес жүзеге асыратын өзара байланысты, дәйектi iс-шаралар кешенi;

28) отандық кәсiпкерлер — Қазақстан Республикасының резиденттерi болып табылатын және кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын әлеуеттi өнiм берушiлер;

29) отандық тауар өндiрушiлер — Қазақстан Республикасының резиденттерi болып табылатын және:

кеден одағының және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес толығымен Қазақстан Республикасында өндiрiлген тауарларды;

кеден одағының және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес жеткiлiктi өңдеу критерийлерiне сәйкес Қазақстан Республикасында жеткiлiктi өңделген тауарларды өндiретiн әлеуеттi өнiм берушiлер (бұдан әрi - отандық тауар өндiрушiлер) - жеке және (немесе) заңды тұлғалар;

30) өнiм берушi - кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын жеке тұлға, тапсырыс берушiмен мемлекеттiк сатып алу туралы жасасқан шартта оның келiсiм-шарт жасаушы агентi ретiнде әрекет ететiн заңды тұлға (егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгiленбесе, мемлекеттiк мекемелердi қоспағанда), заңды тұлғалардың уақытша бiрлестiгi (консорциум). Кәсiпкерлiк қызмет субъектiсi болып табылмайтын жеке тұлға осы Заңның 41-бабы 3-тармағының 5) тармақшасында көзделген жағдайда өнiм берушi болуы мүмкiн;

31) сараптама комиссиясы - сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң техникалық тапсырмасын және (немесе) техникалық өзiндiк ерекшелiгiн әзiрлеуге қатысу әлеуеттi өнiм берушiлер ұсыныстарының сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң техникалық өзiндiк ерекшелiктерiне сәйкестiгiне қатысты сараптамалық қорытынды әзiрлеу үшiн тартылатын, мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы құратын алқалы орган;

32) сарапшы - сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң техникалық тапсырмасын және (немесе) техникалық өзiндiк ерекшелiгiн әзiрлеуге қатысу әлеуеттi өнiм берушiлер ұсыныстарының сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң техникалық өзiндiк ерекшелiктерiне сәйкестiгiне қатысты сараптамалық қорытынды әзiрлеу үшiн тартылатын, мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы айқындаған жеке тұлға;

33) тапсырыс берушiлер - ұлттық басқарушы холдингтердi, ұлттық холдингтердi, ұлттық басқарушы компанияларды, ұлттық компанияларды және олармен аффилиирленген заңды тұлғаларды қоспағанда, осы Заңға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi сатып алуды жүзеге асыратын мемлекеттiк органдар, мемлекеттiк мекемелер, сондай-ақ мемлекеттiк кәсiпорындар, дауыс беретiн акцияларының (үлестерiнiң) елу және одан астам процентi мемлекетке тиесiлi заңды тұлғалар және олармен аффилиирленген заңды тұлғалар;

34) тауарлар - нәрселер (заттар), оның iшiнде жартылай фабрикаттар немесе қатты, сұйық немесе газ тәрiздес күйдегi шикiзат, электр және жылу энергиясы, шығармашылық зияткерлiк қызметтiң объектiленген нәтижелерi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес сатып алу-сату мәмiлелерiн жасасуға болатын заттық құқықтар;

35) ұсыну — Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу туралы заңнамасының анықталған бұзушылықтарын және (немесе) оған ықпал ететiн себептер мен жағдайларды жою, сондай-ақ осы бұзушылықтарға жол берген тұлғаларға Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылық шараларын қолдану үшiн бақылау объектiлерiне жiберiлетiн уәкiлеттi органның, мемлекеттiк қаржылық бақылау органының орындауға мiндеттi актiсi;

36) шартты баға - конкурсқа қатысушының конкурстық баға ұсынысына конкурстық құжаттамада көзделген критерийлердiң салыстырмалы мәнiн қолдануды ескере отырып есептелген және конкурстың жеңiмпазын айқындау мақсатында конкурстық баға ұсыныстарын бағалау және салыстыру кезiнде ғана пайдаланылатын баға;

37) электрондық құжат - ақпарат электронды-цифрлық нысанда берiлген және электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландырылған құжат;

38)
  1   2   3   4   5

Похожие:

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік сатып алу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы iconҚазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік сатып алу мәселелері бойынша толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік сатып алу мәселелері бойынша толықтырулар мен өзгерістер енгізу...
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік сатып алу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы icon«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне рұқсат беру құжаттарын қысқарту және мемлекеттік органдардың бақылау-қадағалау функцияларын оңтайландыру мәселелері бойынша толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы»
Бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік сатып алу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы iconҚазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қаржы-экономикалық қылмыстарды одан әрі декриминализациялау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік сатып алу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы iconҚазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Кеден одағындағы тарифтік емес реттеу шараларын қолдану мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Бап. Қазақстан Республикасының мынадай заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік сатып алу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы iconҚазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сақтандыру және исламдық қаржыландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік сатып алу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы iconҚазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне адам саудасына қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік сатып алу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы iconҚазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ақпараттандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ақпараттандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»...
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік сатып алу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы iconҚазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жеке тұлғалардың табыстары мен мүлкін декларациялау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік сатып алу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы iconҚазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне еңбек көші-қоны мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Бап. Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік сатып алу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы iconҚазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница