«Кредит нарығының жағдайы және өлшемдерінің болжамы» екінші деңгейдегі банктерге зерттеу жүргізу, 2012 жылғы сәуір




Скачать 99.04 Kb.
Название«Кредит нарығының жағдайы және өлшемдерінің болжамы» екінші деңгейдегі банктерге зерттеу жүргізу, 2012 жылғы сәуір
Дата конвертации12.02.2016
Размер99.04 Kb.
ТипДокументы
источникhttp://www.nationalbank.kz/cont/publish722269_8228.doc
«Кредит нарығының жағдайы және өлшемдерінің болжамы» екінші деңгейдегі банктерге зерттеу жүргізу, 2012 жылғы сәуір


Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі 2012 жылғы 1-тоқсанда жүргізген «Кредит нарығының жағдайы және параметрлерінің болжамы» тоқсан сайынғы тексеру қорытындысы бойынша кредит нарығында корпоративтік сектор тарапынан кредиттік ресурстарға сұраныстың өсуі байқалып отыр. Банктер, өз кезегінде, қарыз алушыларды тарту жөніндегі жүргізілген іс-шаралар есебінен клиенттік базаны кеңейту бойынша қарқынды жұмысты жүргізіп отыр. 2012 жылғы 1-тоқсанда халықтың тұтынушылық сенімділігінің ұлғаюы және кредиттеудің бөлшек нарығындағы ұсыныстың өсуі тұтынушылық кредиттерге сұраныстың ұлғаюына себепші болды. Банктердің несие портфелінің сапасын арттыруға бағытталған жүргізілді, сонымен бірге несие портфеліндегі проблемалық кредиттердің үлесі әлі де жоғары деңгейде сақталып отыр.


I. Корпоративтік секторды кредиттеу нарығы


1. 2012 жылғы 1-тоқсанда корпоративтік сектор тарапынан кредиттік ресурстарға сұраныстың тұрақты өсу үрдістері байқалып отыр. Банк секторындағы бәсекелестік қысым неғұрлым тартымды клиенттер үшін кредиттеудің неғұрлым икемді жағдайларын жасаудың негізгі себебі болып табылды, бұл кредиттерге қол жеткізуге оң әсер етті (1-диаграмма1).

А
1-диаграмма. Кредиттік ресурстарға сұраныстың өзгеруі


ғымдағы жылғы 1-тоқсанда банктердің 56% сұраныстың ұлғайғанын атады, бұл өткен кезеңнің көрсеткіштерінен біршама төмен (2011 жылғы 4-тоқсанда 59%). Корпоративтік кредиттеу секторында заемшылар үшін айналым қаражатын толықтыруға арналған қысқа мерзімді заемдар, негізгі құралдарды сатып алуға және кәсіпорындарды жаңғыртуға арналған ұзақ мерзімді кредиттеу неғұрлым тартымды болды. Халықаралық институттардың, мемлекеттердің қаржыландыру бағдарламалары бойынша берілетін кредиттерге сұраныс неғұрлым көп болды. Сонымен қатар, «овердрафттың» жоғары тартымдылығын атап өту керек, себебі осы өнім банктерге клиенттердің ағымдағы шоттарындағы ақша қаражаты қозғалысының мұқият мониторингі арқылы кредиттік тәуекелдің деңгейін төмендетуге, ал клиенттерге заем қаражатын жедел алуға мүмкіндік береді. Бұл ретте кейбір банктер осы кредиттерді беру мерзімдерін ұлғайғанын көрсетті.

Шетелдік қатысуы бар кейбір банктерде неғұрлым арзан қаржыландырудың болуы оларға экономиканың басым салаларында неғұрлым ұзақ мерзімді кредиттер беруге мүмкіндік береді. Мәселен, шетелдік қатысуы бар кейбір банктердің мұнайгаз сегментіндегі және оған ілеспе секторлардағы, сондай-ақ сауда саласындағы ірі кәсіпкерлік субъектілерін кредиттеуге мүддесінің өсуі байқалды. Бұл ретте Қазақстанның кейбір банктері мұнайгаз саласындағы, ауыл шаруашылығындағы және саудадағы ірі және шағын бизнес субъектілерін үлкен деңгейде кредиттеуді көрсетті. Банктердің кредиттік портфелінде құрылыс саласындағы айтарлықтай үлес сақталады.

Мемлекеттік бағдарламалар шеңберіндегі экономиканың жекелеген секторларын қолдауға экономикалық өсуді ынталандыруға бағытталған мақсатты кредиттеудің кәсіпкерлер тарапынан кредиттік ресурстарға сұраныстың ұлғаюына, бизнестің іскерлік белсенділігін қалпына келтіруге, сондай-ақ банктердің кредиттік қызметінің жандандыруға сұраныстың ұлғаюына себепші болуы жалғасты.

Корпоративтік сектордың кредитке қабілетті субъектілерінің шектеулі саны және бәсекенің жоғары деңгейі банктерді неғұрлым тартымды заемшыларды кредиттеу кезінде неғұрлым икемді тәсілді пайдалануға, сондай-ақ клиенттердің ағымдағы шоттарына қызмет көрсетуді және корпоративтік сектордың қызметкерлері үшін неғұрлым тиімді талаптармен бөлшек және жалақы жобаларын ұсынуды қоса алғанда кешенді өнімдерді ұсынуға ынталандырды.

2012 жылғы 2-тоқсанда банктер кредиттік ресурстарға сұраныстың өсуін күтеді. Сауалнама жүргізілген банктердің 59% жуығы кредиттік ресурстарға сұраныстың өсуін күтеді, ал 41% олар өзгеріссіз қалады деп болжайды. Мынадай бағыттар бойынша кредиттік өнімдерге сұраныстың өсуі болжанады: овердрафт, халықаралық қаржы институттарының (АБР, ЕБРР және т.с.) қаржыландыру бағдарламалары, коммерциялық жылжымайтын мүлікке кредиттер. Банктер заемшылар тарапынан кредиттік белсенділіктің одан әрі артатынын және кредиттік портфельдің өрістеуін күтеді. Бұл ретте банктер тарапынан клиенттерді кредиттеудің жеке тәсілдері сақталатын болады.

2
2-диаграмма. Кредит саясатының өзгеруі


. Бұрынғы консервативтік кредит саясатының сақталуы байқалады:
респонденттердің 88%-ы кредит саясатын бұрынғы деңгейде қалдырды, 9%-ы оны шамалы жұмсартты және банктердің небәрі 3%ы- кредит саясатын шамалы қатаңдатты (2-диаграмма).

Жалпы алғанда банктер корпоративтік секторға қатысты кредит саясатының 2012 жылғы 2-тоқсанда қолданыстағы үрдісін сақтайтынын күтеді – банктердің 97%-ы кредит саясатының өзгермейтінін күтеді, ал банктердің 3%-ы шамалы қатаңдайтынын болжайды.


II. Жеке тұлғаларды кредиттеу нарығы


1. 2012 жылғы 1-тоқсанда халықтың тұтынушылық сенімділігі және бөлшек кредиттеу нарығындағы ұсыныстың кеңеюі тұтынушылық кредиттеудің өсуіне себепші болды. Тұрғын үйдің инвестициялық тартымдылығы және халық табысының өсуі ескеріле отырып, ипотекалық кредиттеу нарығында жандану күтіледі.

1
3-диаграмма. Ипотекалық кредиттік ресурстарға сұраныстың өзгеруі



4-диаграмма. Тұтынушылық кредиттеуге сұраныстың өзгеруі


-тоқсанда бөлшек кредиттеу сегментінде кредиттерге сұраныстың болжанған айтарлықтай өсуі болған жоқ. Кейбір банктер 2012 жылғы 1-тоқсанда ипотекалық кредиттер секторында және сол сияқты тұтынушылық заемдар сегментінде жаңа өнімдерді іске қосуды болжады, осыған байланысты банктер жеке тұлғалар тарапынан сұраныстың 2012 жылғы 1-тоқсанда неғұрлым айтарлықтай өсуін болжады. Алайда, осы бағдарламаларды іске асыру мерзімдері 2012 жылғы 2-тоқсанға ауыстырылғандықтан, сұраныстың болжанған өсуі толық көлемде іске асқан жоқ (3 және 4-диаграммалар).

Сонымен қатар кредиттік өнімдерге сұраныс аздап бәсеңдесе де, сақталып отыр. Мәселен, ипотекалық кредиттерге сұраныстың ұлғаюын мәлімдеген банктердің үлесі 2011 жылғы 4-тоқсандағы 33%-дан 2012 жылғы 1-тоқсандағы 27%-ға төмендеді. Тұтынушылық заемдарға сұраныстың ұлғаюын белгілеген банктердің үлесі 39%-ды құрады (өткен тоқсанда 48%).

Заемшылар тарапынан тұтынушылық кредиттерге сұраныстың шамалы өсуі жалпы экономикалық жағдайлардың жақсаруы, 2011 жылы жүзеге асырылған одан әрі автоматтандыру процесі есебінен өтінімдерді қарау мерзімдерінің қысқаруы, сондай-ақ бәсекенің күшеюінен кредиттеу талаптарының жұмсаруы нәтижесінде халықтың төлем жасау қабілетінің қалпына келтірілуіне байланысты болды. Осы факторлар тұтынушылық кредиттеу көлемінің ұлғаюына оң әсер етті.

Бұл ретте карточкалық өнімді, сондай-ақ автомобиль, тұрмыстық және электрондық техника сатып алуға арналған кредиттерді қоса алғанда экспресс-кредиттер өткен кезеңдегі сияқты бірінші тоқсанда халық арасында танымал болды.

Тұтынушылық кредиттеу нарығындағы жандануды ескере отырып, банктер халықты тұтынушылық кредиттеумен қамтуды кеңейту бойынша белсенді жұмыс жүргізді. Банктер халықтың белгілі бір мақсатты топтары (студенттер, зейнеткерлер, ауыл тұрғындары) үшін арнайы өнімдерді жетілдіру бойынша жұмысты жалғастырды және сату арналары кеңейтілді. Сонымен бірге заемшылардың төлемге қабілеттілігін бағалау жүйесі әлі де қатаң болып отыр: клиенттердің төлемге қабілеттілігі және кредитке қабілеттілігі барынша мұқият тексеріледі, кредиттеу нарығында табысты растамай кредит ұсыну шектелген.

Ипотекалық кредиттеу нарығында элиталық жылжымайтын мүлікке төлем жасауға қабілетті неғұрлым тұрақты сұраныс байқалды, ал эконом класты жылжымайтын мүлік бойынша кредиттерді өтеу сатуға қарағанда алда болды.

2012 жылғы 2-тоқсанда банктердің 64% тұтынушылық өнімдерге сұраныстың және 43% ипотекалық кредиттеудің өсуін болжайды.

Қазіргі кезде банктер жылжымайтын мүлік нарығының одан әрі даму перспективасына («Қолжетімді тұрғын үй 2020» мемлекеттік бағдарламасы) және банктер арасындағы бәсекелестіктің өсуіне байланысты ипотекалық кредиттеуге қатысты кредит саясатын жұмсарту жөнідегі әртүрлі іс-шараларды жүргізуде. Осыған байланысты, 2012 жылғы 2-тоқсанда банктердің 23% осы сегменттегі кредиттік саясатының кейбір жұмсаруын күтеді, бұл ретте банктердің басым бөлігі (73%) кредит саясатына өзгерістерді болжамайды (5 және 6-диаграммалар).

Тұтынушылық кредиттеу сегментінде респонденттердің 31% кредиттік саясатының шамалы жұмсаруын күтеді және банктердің 75% жуығы кредит саясаты өзгерісссіз қалады деп болжайды.
5-диаграмма. Кредит саясатының өзгеруі (ипотека)



6-диаграмма. Кредит саясатының өзгеруі (тұтынушылық кредиттеу)




2. Шамамен 57% банк 2012 жылғы 2-тоқсанда жылжымайтын мүлік бағасының бір қалыпты өсуі байқалатын болады деп санайды (7-диаграмма).


7-диаграмма. Жылжымайтын мүліктің орташа бағасының өзгеруін күту



Банктердің байқауы бойынша жылжымайтын мүлік бағасының біртіндеп өсуі негізінен халықтың кірісінің ұлғаюына байланысты.


III. Тәуекелдер картасы

1
8-диаграмма. Проблемалы кредиттер бойынша кепіл мүлкін өндіріп алу бойынша операциялар санының өзгеруі



9-диаграмма. Заем алушылардың борыштарын қайта құрылымдау бойынша операциялар санының өзгеруі


.
Банктер ағымдағы жылдың 1-тоқсанында несие портфелдеріндегі жұмыс істемейтін кредиттердің анағұрлым үлкен үлесімен байланысты кредит тәуекелінің жоғары деңгейін сақтауын көрсетті. Бұл ретте күмәнді және үмітсіз борыштар бойынша провизияларды қалпына келтіру үшін көзделген, 2011 жылы заңнама түрінде бекітілген салықтық жеңілдіктерді банктер жұмыс істемейтін кредиттерге қатысты болып отырған барлық проблемаларды шешу үшін жеткіліксіз деп бағалады.


Б
10-диаграмма. Банктердің несие портфелі санының өзгеруі
анктердегі кредит бергеннен кейін қызмет көрсету орталықтарын дамытуға және оларды автоматтандыруға ерекше назар аударылды, бұл кредит бойынша төлемді кешіктірген бірінші күннен бастап кредит портфелінің сапасын бақылауды нығайтуға мүмкіндік берді. Осыған байланысты дағдарыстан кейін қалыптасқан кредит портфелінің сапасын банктер жеткілікті сенімді деп бағалайды.

Жуық арадағы 3 айда 19% респондент қана несие портфелі сапасының жақсаруын күтеді, 78% банк көрсеткіш өзгеріссіз қалады деп болжайды.

Корпоративтік секторды және жеке тұлғаларды кредиттеудің сегменттері бойынша 3% және 12% банк тиісінше портфель сапасының нашарлауын күтеді, 76% және 79% портфель сапасы бұрынғы деңгейінде қалады деп күтеді (10-диаграмма). Кредит портфелі сапасының одан әрі жақсаруын банктер «Проблемалық кредиттер қоры» АҚ-ның проблемалы кредиттері бөлігін сатып алу есебінен және банктер стресс активтерін басқару жөніндегі еншілес ұйымдар құрғаннан кейін күтеді.

Банктер үшін қорландырудың маңызды көздері заңды және жеке тұлғалардың депозиттік базасы (тиісінше 61% және 50% банк), жұмыс істейтін акционерлер есебінен капиталды ұлғайту (30%), алынған пайданы қайта инвестициялау (32%), Қазақстан қор биржасына борыштық бағалы қағаздарды орналастыру (17%). Оның үстіне 13% банк мемлекеттік қолдауға сеніп отыр (заемдарды қайта қаржыландыру және Ұлттық Банктің тұрақты кредиттері, даму институттары арқылы бөлінетін қаражат түрінде).

Өтімділік тәуекелінің бірқатар өсуі байқалады. Қарыз алудың сыртқы көздері қымбат болуына (синдикацияланған заемдар, еурооблигациялар), ал қорландырудың ішкі көздері негізінен клиенттердің қаражатымен ұсынылуына байланысты жекелеген банктер өтімділіктің жетіспеушілігіне тап болады. Бұл ретте кейбір Қазақстан банктері ішкі облигацияларды қор нарығына орналастыруды болжады, бұл өтімділік тәуекелін төмендетуге мүмкіндік беруі ықтимал. Алайда банктер өздерінің борыштық бағалық қағаздары бойынша талап етілетін кірістіліктің жоғары деңгейіне байланысты, банктер депозиттердің анағұрлым арзан нарығында тартылуды артық көріп орналастырудан бас тартты.

Банктердің көбінде валюталық тәуекел ұлғайған жоқ, ал кейбір банктерде ұлттық валюта теңгенің тұрақтылығына байланысты валюталық тәуекелдің төмендегені байқалды (11-диаграмма).

Кредиттеу саласында операциялық тәуекелді басқару мақсатында кейбір банктерде кредит офицерлерінің (менеджерлердің) жұмысы бақылайтын арнайы бөлімшелер жұмыс істейді. Бұл ретте кредит офицерлерінің функционалдық міндеттемелері шектеулі, олар кредиттік өтінімдер бойынша шешімдер қабылдауға ықпал ете алмайды. Негізінен кредиттер беру туралы шешімді андеррайтерлер немесе кредит комитеттері құжаттаманы белгіленген талаптарға және кредит мөлшеріне сәйкес келуіне байланысты қабылдайды. Банктердің ресми сайттарында өтінімдерді қарау мерзімдері және кредиттер алу үшін талап етілетін құжаттар тізімі туралы ақпарат жарияланады. Барлық банктерде жедел желілер жұмыс істейді, оған банктердің қызметкерлері жіберген бұзушылықтар анықталған жағдайда клиенттер хабарласа алады.


11-диаграмма. Банктердің тәуекелдерді қабылдауы2



2. 2012 жылғы 1-тоқсанда банктердің сыртқы борышын өтеу орташа алғанда3 төмендегі келтірілген көздер есебінен болды:

- ішкі міндеттемелер (46%);

- активтердің қысқаруы және резиденттерге талаптар (47%);

- активтерді сату және резидент еместерге талаптар (5%);

- сыртқы нарықта резидент еместер алдындағы міндеттемелерді қайта қаржыландыру (2%).

Келесі 12 ай ішінде (2012 жылғы сәуірден бастап 2013 жылғы сәуір аралығында) 26% банк сыртқы борыштың бір бөлігін ішкі міндеттемелер есебінен өтеуді жоспарлап отыр. Бұл ретте 47% банк сыртқы міндеттемелерді резиденттерге қойылатын талаптарды қысқарту есебінен өтеуді көрсетіп отыр және тек 18% банк резидент еместерге талаптардың одан әрі қысқартуды жоспарлап отыр. Сыртқы нарық капиталында берешекті 2012 жылы қайта қаржыландыруды тек 9% банк болжап отыр.



1 Бұл жерде және одан әрі диаграммалардағы нәтижелер респонденттер жауаптарының ұлғаюды/жұмсаруды немесе өзге өлшемді белгілеген респонденттер %-ның және төмендеуді/қатаңдауды немесе өзге өлшемді белгілеген респонденттер %-ның айырмасы ретінде есептелетін таза пайыздық өзгерісі түріндегі өзгерісті білдіреді. Осы жағдайда диаграммада нақты сұраныстың және сұранысты күтулердің өзгеруі берілген.

2 Нәтиже респонденттер жауаптарының қандай да бір өлшемінің ұлғаюын/азаюын атап өткен респонденттер %-ның айырмасы ретінде есептелетін таза пайыздық өзгерісі түрінде ұсынылған.

3 Орташаны есептеуге арналған база 2011 ж.30.09. жағдай бойынша сыртқы борышты бағалау болып табылады. Іріктеу – сыртқы нарықта анағұрлым ірік қарыз алушы болып табылатын 10 банк («БТА банк» АҚ қоспағанда).





Похожие:

«Кредит нарығының жағдайы және өлшемдерінің болжамы» екінші деңгейдегі банктерге зерттеу жүргізу, 2012 жылғы сәуір iconЗерттеу жүргізіліп отырған кезеңде қаржылық емес ұйымдар тарапынан кредиттік ресурстарға сұраныстың өсуіне қатысты бағалау неғұрлым айқын болып отыр
«Кредит нарығының жағдайы және өлшемдерінің болжамы» екінші деңгейдегі банктерге зерттеу жүргізу, 2010 жылғы сәуір
«Кредит нарығының жағдайы және өлшемдерінің болжамы» екінші деңгейдегі банктерге зерттеу жүргізу, 2012 жылғы сәуір icon1. 2011 жылғы 1-тоқсанда корпоративтік сектор тарапынан кредиттік ресурстарға сұраныстың кейбір өсу үрдістері байқалып отыр (1-диаграмма1)
«Кредит нарығының жағдайы және өлшемдерінің болжамы» екінші деңгейдегі банктерге зерттеу жүргізу, 2011 жылғы сәуір
«Кредит нарығының жағдайы және өлшемдерінің болжамы» екінші деңгейдегі банктерге зерттеу жүргізу, 2012 жылғы сәуір icon1. 2012 жылғы 3-тоқсанның қорытындысы бойынша, соңғы үш тоқсанның үрдістері айтарлықтай өзгерместен, қаржылық емес ұйымдардың тарапынан кредиттік ресурстарға баяу сұраныс байқалуда
Кредит нарығының жағдайы және өлшемдерінің болжамы екінші деңгейдегі банктерге зерттеу жүргізу, 2012 жылғы қазан
«Кредит нарығының жағдайы және өлшемдерінің болжамы» екінші деңгейдегі банктерге зерттеу жүргізу, 2012 жылғы сәуір icon2. Бұрынғы қатаң кредит саясатының сақталуы байқалып отыр: респонденттердің 90% кредит саясатын бұрынғы деңгейде қалдырды (2-диаграмма)
«Кредит нарығының жағдайы және өлшемдерінің болжамы» екінші деңгейдегі банктерге зерттеу жүргізу, 2010 жылғы шілде
«Кредит нарығының жағдайы және өлшемдерінің болжамы» екінші деңгейдегі банктерге зерттеу жүргізу, 2012 жылғы сәуір icon1. 2010 жылғы 4-тоқсанда корпоративтік сектор тарапынан кредиттік ресурстарға сұраныстың қалыпты өсуі жалғасты (1-диаграмма1)
«Кредит нарығының жағдайы және өлшемдерінің болжамы» екінші деңгейдегі банктерге зерттеу жүргізу, 2011 жылғы қаңтар
«Кредит нарығының жағдайы және өлшемдерінің болжамы» екінші деңгейдегі банктерге зерттеу жүргізу, 2012 жылғы сәуір icon3. Респонденттердің басым көпшілігі – 76% – кредит саясатын өзгертуді жоспарлап отырған жоқ және тек 15% ғана оны алдағы тоқсанда біршама жұмсартады
«Кредит нарығының жағдайы және өлшемдерінің болжамы» екінші деңгейдегі банктерге зерттеу жүргізу, 2010 жылғы қазан
«Кредит нарығының жағдайы және өлшемдерінің болжамы» екінші деңгейдегі банктерге зерттеу жүргізу, 2012 жылғы сәуір icon1. Банктер корпоративтік сектор тарапынан кредиттік ресурстарға сұраныстың өсуінің сақталып отырғанын атап өтуде (1-диаграмма 1)
«Кредит нарығының жағдайы және өлшемдерінің болжамы» екінші деңгейдегі банктерге зерттеу жүргізу, 2011 жылғы қазан
«Кредит нарығының жағдайы және өлшемдерінің болжамы» екінші деңгейдегі банктерге зерттеу жүргізу, 2012 жылғы сәуір icon1. 2011 жылғы 4-тоқсанда корпоративтік сектор тарапынан кредит ресурстарына сұраныстың өсу қарқыны айтарлықтай төмендегені байқалды. Банктер корпоративтік клиенттерді тарту және ұстау мақсатында кредиттеудің талаптарын жұмсарту бойынша жұмыстарды жалғастырды (11-диаграмма)
«Кредит нарығының жағдайы және өлшемдерінің болжамы» екінші деңгейдегі банктерге зерттеу жүргізу, 2012 жылғы қаңтар
«Кредит нарығының жағдайы және өлшемдерінің болжамы» екінші деңгейдегі банктерге зерттеу жүргізу, 2012 жылғы сәуір icon4. Банктер кредиттік саясаттың негізінен болып отырған үрдістер сақтайтынын күтеді – бұрынғы кредиттік саясатты респонденттердің 82% қолдады
«Кредит нарығының жағдайы және өлшемдерінің болжамы» екінші деңгейдегі банктерге зерттеу жүргізу, 2010 жылғы қаңтар
«Кредит нарығының жағдайы және өлшемдерінің болжамы» екінші деңгейдегі банктерге зерттеу жүргізу, 2012 жылғы сәуір iconКорпоративтік секторды кредиттеу нарығы Банктер 2014 жылғы 2-тоқсанда қаржылық емес секторға қатысты қалыпты кредит саясатын ұстанды, бұл өткен кезеңмен салыстырғанда кәсіпорындар үшін кредиттерге қолжетімділіктің төмендеуіне әсер етті (2-диаграмма)
«Кредит нарығының жағдайы және өлшемдерінің болжамы» екінші деңгейдегі банктерге зерттеу жүргізу, 2014 жылғы шілде
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница