Әлеуметтiк-экономикалық даму болжамын әзiрлеу ережесiн бекiту туралы




Скачать 447.3 Kb.
НазваниеӘлеуметтiк-экономикалық даму болжамын әзiрлеу ережесiн бекiту туралы
страница1/3
Дата конвертации12.02.2016
Размер447.3 Kb.
ТипДокументы
источникhttp://economica-bko.gov.kz/files/1769.doc
  1   2   3
Әлеуметтiк-экономикалық даму болжамын әзiрлеу ережесiн бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 27 тамыздағы N 1251 Қаулысы





      "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк жоспарлау жүйесi туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2009 жылғы 18 маусымдағы N 827 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Қоса берiлiп отырған Әлеуметтiк-экономикалық даму болжамын әзiрлеу ережесi бекiтiлсiн.
      2. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнiң күшi жойылды деп танылсын.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi                                    К. Мәсiмов

Қазақстан Республикасы 
Үкiметiнiң      
2009 жылғы 27 тамыздағы
N 1251 қаулысымен  
бекiтiлген     

Әлеуметтiк-экономикалық даму болжамын әзiрлеу ережесi

      Ескерту. Ереже жаңа редакцияда - ҚР Үкiметiнiң 2012.04.06 № 423 Қаулысымен.

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Әлеуметтiк-экономикалық даму болжамын әзiрлеу ережесi (бұдан әрi — Ереже) мемлекеттiк басқарудың орталық және жергiлiктi денгейлерiнде әлеуметтiк-экономикалық даму болжамын әзiрлеу тәртiбiн, оны әзiрлеу бойынша орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың өзара iс-қимыл тетiгiн айқындайды.
      2. Әлеуметтiк-экономикалық даму болжамы стратегиялық және бағдарламалық құжаттар мен Қазақстан Республикасы Президентiнiң елдегi жағдай және Республиканың iшкi және сыртқы саясатының негiзгi бағыттары туралы Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауын ескере отырып, жылжымалы негiзде бес жылдық кезеңге арналып жыл сайын әзiрленедi.
      3. Республиканың әлеуметтiк-экономикалық даму болжамы - мемлекеттiк басқарудың орталық деңгейiнде әзiрленетiн әлеуметтiк-экономикалық даму болжамы.
      4. Өңiрдiң әлеуметтiк-экономикалық даму болжамы - мемлекеттiк басқарудың жергiлiктi деңгейiнде әзiрленетiн әлеуметтiк-экономикалық даму болжамы.
      5. Республиканың әлеуметтiк-экономикалық даму болжамын мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган әзiрлейдi.
      Республиканың әлеуметтiк-экономикалық даму болжамын Қазақстан Республикасының Үкiметi мақұлдайды және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануы тиiс.
      6. Өңiрдiң әлеуметтiк-экономикалық даму болжамын мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi орган әзiрлейдi.
      Өңiрдiң әлеуметтiк-экономикалық даму болжамын облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергiлiктi атқарушы органы мақұлдайды және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануы тиiс.
      7. Әлеуметтiк-экономикалық даму болжамы орталық және жергiлiктi мемлекеттiк органдардың бес жылдық кезеңге арналған стратегиялық жоспарларын, үш жылдық кезеңге арналған республикалық және жергiлiктi бюджеттердi, аумақтарды дамыту бағдарламаларын әзiрлеуге негiз болып табылады.

2. Әлеуметтiк-экономикалық даму болжамының құрылымы

      8. Мемлекеттiк басқарудың орталық деңгейiнде әзiрленетiн әлеуметтiк-экономикалық даму болжамы мынадай бөлiмдерден тұрады:
      1) экономиканы дамытудың сыртқы және iшкi шарттары;
      2) экономикалық саясаттың, оның iшiнде салық-бюджет саясаттың орта мерзiмдi кезеңге арналған мақсаттары мен мiндеттерi;
      3) экономикалық саясаттың, оның iшiнде салық-бюджет саясатының бес жылға арналған негiзгi бағыттары мен шаралары;
      4) бес жылдық кезеңге арналған әлеуметтiк-экономикалық даму көрсеткiштерiнiң болжамы (қосымша түрiнде);
      5) шоғырландырылған, мемлекеттiк және республикалық бюджеттер түсiмдерi мен шығыстарының болжамын, бюджет тапшылығын қамтитын үш жылдық кезеңге арналған бюджет параметрлерiнiң болжамы (қосымша түрiнде);
      6) әлеуметтiк-экономикалық даму басымдықтарын iске асыруға бағытталған шығыстардың жаңа бастамалары;
      7) үш жылдық кезеңге арналған басым республикалық бюджеттiк инвестициялар тiзбесi (қосымша түрiнде).
      9. Әлеуметтiк-экономикалық даму болжамы көрсеткiштерiнiң тiзбесi осы Ережелерге 1-қосымшаға сәйкес айқындалады.
      10. Басым бюджеттiк инвестициялар тiзбесi осы Ережелерге 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша айқындалады.
      11. Республиканың және өңiрдiң әлеуметтiк-экономикалық дамуының болжамды параметрлерiн есептеуге қажеттi көрсеткiштердiң нысаны мен тiзбесi стратегиялық және бағдарламалық құжаттарға сәйкес стратегиялық мақсаттар мен басымдықтарға байланысты айқындалады және мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi органның бұйрығымен бекiтiледi.
      12. Шығыстардың жаңа бастамалары бойынша, оның iшiнде бюджеттiк инвестициялар бойынша ұсыныстарды ұсыну нысаны мен тәртiбi және олар бойынша қорытындылар мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi органның бұйрығымен бекiтiледi.
       13. Мемлекеттiк басқарудың жергiлiктi деңгейiнде әзiрленетiн әлеуметтiк-экономикалық даму болжамы мынадай негiзгi бөлiмдерден тұрады:
      1) өңiрдiң әлеуметтiк-экономикалық даму болжамы, үрдiстерi, басымдықтары, нысаналы индикаторлары мен көрсеткiштерi;
      2) үш жылға арналған бюджет параметрлерi, ол:
      тиiстi жергiлiктi бюджеттердiң негiзгi параметрлерiн (қосымша түрiнде);
      өңiрдiң әлеуметтiк-экономикалық даму басымдықтарын iске асыруға бағытталған шығыстардың жаңа бастамаларын;
      үш жылдық кезеңге арналған басым жергiлiктi бюджеттiк инвестициялардың тiзбесiн (қосымша түрiнде) қамтуы тиiс.
      14. Жоспарлы кезеңнiң екiншi және үшiншi жылдарына арналған бюджет параметрлерiнiң болжамы индикативтi сипатта болады және әлеуметтiк-экономикалық даму болжамының өзгерiстерiн, бюджет мониторингi мен нәтижелердi бағалауды, басқа да iшкi және сыртқы факторларды ескере отырып, бюджет параметрлерiнiң кезектi жоспарлы кезеңге арналған болжамын әзiрлеу кезiнде нақтылануы мүмкiн.

3. Мемлекеттiк басқарудың орталық деңгейiнде әлеуметтiк-экономикалық даму болжамын әзiрлеу тәртiбi

      15. Республиканың әлеуметтiк-экономикалық даму болжамын әзiрлеу екi кезеңде жүзеге асырылады.
      Бiрiншi кезеңде бюджеттiк және бюджеттiк инвестициялық саясатты қоса алғанда, республиканың әлеуметтiк-экономикалық даму көрсеткiштерiнiң сценарийлiк болжамын, әлеуметтiк-экономикалық саясаттың басымдықтарын әзiрлеу және басым республикалық бюджеттiк инвестициялар тiзбесiн қалыптастыру жүзеге асырылады:
      1) орталық атқарушы және өзге де мемлекеттiк органдар жоспарланатын кезеңнiң алдындағы жылдың 1 наурызынан кешiктiрмей мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi органға көрсеткiштер болжамын және республиканың әлеуметтiк-экономикалық даму болжамының бөлiмдерiне, бөлiм құрылымына, әлеуметтiк-экономикалық даму болжамы көрсеткiштерiнiң нысандары мен тiзбесiне сәйкес ұсыныстар, сондай-ақ, шығыстардың жаңа бастамалары бойынша, оның iшiнде бюджеттiк инвестициялық саясаттың басымдықтары бойынша ұсыныстар бередi;
      2) мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган орталық атқарушы және өзге де мемлекеттiк органдардан алынған ақпарат негiзiнде жоспарланатын кезеңнiң алдындағы жылдың 5 наурызынан кешiктiрмей алдағы бес жылдық кезеңге арналған әлеуметтiк-экономикалық даму көрсеткiштерiнiң сценарийлiк болжамын әзiрлейдi және оны бюджеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi органға жолдайды;
      3) бюджеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган республиканың әлеуметтiк-экономикалық даму көрсеткiштерiнiң сценарийлiк болжамы негiзiнде жоспарланатын кезеңнiң алдындағы жылдың 12 наурызынан кешiктiрмей мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi органға мемлекеттiк, оның iшiнде республикалық және жергiлiктi бюджеттерге кiрiстердiң, бюджеттiк кредиттердi өтеудiң, мемлекеттiң қаржы активтерiн сатудан түсетiн түсiмдердiң, Ұлттық қорға түсетiн түсiмдердiң сценарийлiк болжамын жолдайды;
      4) мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган орталық атқарушы және өзге де мемлекеттiк органдардан алынған ақпарат негiзiнде республиканың әлеуметтiк-экономикалық даму көрсеткiштерiнiң сценарийлiк болжамын және бюджеттiк және бюджеттiк инвестициялық саясатты қоса алғанда, әлеуметтiк-экономикалық саясаттың негiзгi басымдықтарын әзiрлейдi және жоспарланатын кезеңнiң алдындағы жылдың 25 наурызынан кешiктiрмей Республикалық бюджет комиссиясының (бұдан әрi - РБК) қарауына енгiзедi;
      5) мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган РБК мақұлдағаннан кейiн екi күн мерзiмде орталық және жергiлiктi атқарушы органдарға, өзге де мемлекеттiк органдарға республиканың әлеуметтiк-экономикалық даму көрсеткiштерiнiң сценарийлiк болжамын және бюджеттiк және бюджеттiк инвестициялық саясатты қоса алғанда, әлеуметтiк-экономикалық саясаттың негiзгi басымдықтарын жолдайды;
      6) орталық атқарушы және өзге де мемлекеттiк органдар жоспарланатын кезеңнiң алдындағы жылдың 1 сәуiрiнен кешiктiрмей мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi органға басым республикалық бюджеттiк инвестициялар тiзбесiнiң жобасына қосу үшiн басым бюджеттiк инвестициялар бойынша ұсыныстар, оның iшiнде жергiлiктi атқарушы органдардың нысаналы даму трансферттерi бойынша ұсыныстар бередi;
      7) мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган бюджеттiк инвестициялық саясат басымдықтары негiзiнде және орталық атқарушы және өзге де мемлекеттiк органдардан алынған ақпаратты қарау нәтижесi бойынша:
      мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган айқындаған нысан бойынша қорытынды қалыптастырады және жоспарланатын кезеңнiң алдындағы жылдың 1 мамырынан кешiктiрмей орталық атқарушы және өзге де мемлекеттiк органдарға жолдайды;
      мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi органның оң экономикалық қорытындысы бар (кейiнге қалдыру шартымен бюджеттiк инвестицияларды қоспағанда), үш жылдық кезеңге арналған басым республикалық бюджеттiк инвестициялар тiзбесiнiң жобасын қалыптастырады және жоспарлы кезеңнiң алдындағы жылдың 15 мамырынан кешiктiрмей кейiннен РБК-да қарау үшiн оны бюджеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi органға енгiзедi.
      Екiншi кезеңде республиканың әлеуметтiк-экономикалық даму көрсеткiштерiнiң болжамын нақтылау және болжамы жобасының бөлiмдерiн қалыптастыру, оның iшiнде басым республикалық бюджеттiк инвестициялар тiзбесiн нақтылау жүзеге асырылады:
      1) жоспарланатын кезеңнiң алдындағы жылдың маусым айында мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың, сондай-ақ өзге де мемлекеттiк органдардың қатысуымен республиканың әлеуметтiк-экономикалық даму көрсеткiштерiнiң болжамын нақтылауды жүргiзедi;
      2) орталық және жергiлiктi атқарушы органдар, сондай-ақ өзге де мемлекеттiк органдар республиканың әлеуметтiк-экономикалық даму болжамы бөлiмдерiнiң құрылымына, көрсеткiштерiнiң нысандары мен тiзбесiне сәйкес жоспарланатын кезеңнiң алдындағы жылдың 15 маусымынан кешiктiрмей мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi органға республиканың әлеуметтiк-экономикалық дамуының  нақтыланған көрсеткiштер болжамы мен болжамының бөлiмдерiне ақпаратты ұсынады;
      3) РБК қорытындысын ескере отырып, басым республикалық бюджеттiк инвестициялар тiзбесiн қоса алғанда, республиканың әлеуметтiк-экономикалық даму болжамының жобасы жоспарланатын кезеңнiң алдындағы жылдың 15 тамызынан кешiктiрмей Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қарауына енгiзiледi;
      4) басым республикалық бюджеттiк инвестициялар тiзбесiн қоса алғанда, республиканың әлеуметтiк-экономикалық даму болжамының жобасын жоспарланатын кезеңнiң алдындағы жылдың 1 қыркүйегiнен кешiктiрмей Қазақстан Республикасының Үкiметi мақұлдайды.

4. Мемлекеттiк басқарудың жергiлiктi деңгейiнде әлеуметтiк-экономикалық даму болжамын әзiрлеу тәртiбi

      16. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әлеуметтiк-экономикалық даму болжамын әзiрлеу екi кезеңде жүзеге асырылады.
      Бiрiншi кезеңде бюджеттiк және бюджеттiк инвестициялық саясаттың басымдықтарын қоса алғанда, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әлеуметтiк-экономикалық даму көрсеткiштерiнiң, басымдықтарының болжамын әзiрлеу және басым бюджеттiк инвестициялардың тiзбесiн қалыптастыру жүзеге асырылады:
      1) мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi орган облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың атқарушы органдарының және аудандардың (облыстық маңызы бар қаланың) уәкiлеттi органдарының қатысуымен РБК мақұлдаған республиканың әлеуметтiк-экономикалық даму көрсеткiштерiнiң сценарийлiк болжамы, әлеуметтiк-экономикалық даму болжамы бөлiмдерiнiң құрылымы, көрсеткiштерiнiң нысандары мен тiзбесi, бюджеттiк және бюджеттiк инвестициялық саясатты қоса алғанда, әлеуметтiк-экономикалық дамудың негiзгi басымдықтары негiзiнде облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әлеуметтiк-экономикалық даму көрсеткiштерiнiң болжамын және басымдықтарын әзiрлейдi және жоспарланатын кезеңнiң алдындағы жылдың 20 сәуiрiнен кешiктiрмей облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджет комиссиясының қарауына енгiзедi;
      2) мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi орган бюджеттiк инвестициялық саясаттың басымдықтары негiзiнде және облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың атқарушы органдарынан және аудандардың (облыстық маңызы бар қаланың) уәкiлеттi органдарынан алынған ақпаратты қарау нәтижесi бойынша үш жылдық кезеңге арналған басым жергiлiктi бюджеттiк инвестициялар тiзбесiнiң жобасын қалыптастырады және оны жоспарланатын кезеңнiң алдындағы жылдың 15 маусымынан кешiктiрмей облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджет комиссиясының қарауына енгiзедi.
      Екiншi кезеңде облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әлеуметтiк-экономикалық даму көрсеткiштерiнiң болжамын нақтылау және болжамы жобасының бөлiмдерiн қалыптастыру, оның iшiнде басым жергiлiктi бюджеттiк инвестициялар тiзбесiн нақтылау жүзеге асырылады:
      1) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың  мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi органы жоспарланатын кезеңнiң алдындағы жылдың қыркүйегiнде облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органдарының және аудандардың (облыстық маңызы бар қаланың) уәкiлеттi органдарының қатысуымен екiншi кезеңде мақұлданған республиканың әлеуметтiк-экономикалық даму болжамы негiзiнде облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әлеуметтiк-экономикалық даму көрсеткiштерiнiң болжамын нақтылауды жүргiзедi;
      2) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың атқарушы органдары және аудандардың (облыстық маңызы бар қаланың) уәкiлеттi органдары, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әлеуметтiк-экономикалық даму болжамы бөлiмдерiнiң құрылымына, көрсеткiштерiнiң нысандары мен тiзбесiне сәйкес жоспарланатын кезеңнiң алдындағы жылдың 15 қыркүйегiнен кешiктiрмей облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi органына облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әлеуметтiк-экономикалық даму болжамының бөлiмдерi мен көрсеткiштерiне ұсыныстар бередi;
      3) мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi орган облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың атқарушы органдарынан және аудандардың (облыстық маңызы бар қаланың) уәкiлеттi органдарынан алынған ақпараттың негiзiнде облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджет комиссиясының қорытындысын ескере отырып, басым жергiлiктi бюджеттiк инвестициялардың тiзбесiн қоса алғанда, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әлеуметтiк-экономикалық даму болжамының жобасын пысықтайды және жоспарланатын кезеңнiң алдындағы жылдың 25 қыркүйегiнен кешiктiрмей оны жергiлiктi атқарушы органның қарауына енгiзедi;
      4) басым жергiлiктi бюджеттiк инвестициялардың тiзбесiн қоса алғанда, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әлеуметтiк-экономикалық даму болжамын жоспарланатын кезеңнiң алдындағы жылдың 1 қазанынан кешiктiрмей облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әкiмдiгi мақұлдайды;
      5) басым жергiлiктi бюджеттiк инвестициялар тiзбесiн қоса алғанда, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың мақұлданған әлеуметтiк-экономикалық даму болжамының көшiрмесi облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың атқарушы органының стратегиялық жоспарларының жобасын немесе стратегиялық жоспарға өзгерiстер мен толықтырулар жобасын келiсу кезiнде жұмыста пайдалану үшiн мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi органға ұсынылады;
      6) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың атқарушы органдарының стратегиялық жоспарларының жобаларын немесе стратегиялық жоспарға өзгерiстер мен толықтырулар жобаларын келiсу нәтижелерi бойынша орталық атқарушы органдармен жергiлiктi бюджеттiң болжамдарын пысықтауды жүзеге асырады.
      17. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әлеуметтiк-экономикалық даму болжамын әзiрлеу екi кезеңде жүзеге асырылады.
      Бiрiншi кезеңде ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әлеуметтiк-экономикалық даму көрсеткiштерiнiң болжамын, басымдықтарын әзiрлеу және басым жергiлiктi бюджеттiк инвестициялардың тiзбесiн қалыптастыру жүзеге асырылады:
      1) ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi органы жоспарланатын кезеңнiң алдындағы жылдың 25 сәуiрiне дейiн облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджет комиссиясы мақұлдаған облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әлеуметтiк-экономикалық даму көрсеткiштерiнiң болжамы, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әлеуметтiк-экономикалық даму болжамы бөлiмдерiнiң құрылымы, көрсеткiштерiнiң нысандары мен тiзбесi негiзiнде ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әлеуметтiк-экономикалық даму болжамын және ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әлеуметтiк-экономикалық даму басымдықтарын әзiрлейдi және ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) тиiстi бюджет комиссиясының қарауына жiбередi;
      2) ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi органы бюджеттiк инвестициялық саясаттың басымдықтары негiзiнде және ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) атқарушы органдарынан алынған ақпаратты қарау нәтижесi бойынша үш жылдық кезеңге арналған басым жергiлiктi бюджеттiк инвестициялар тiзбесiнiң жобасын қалыптастырады және оны жоспарланатын кезеңнiң алдындағы жылдың 15 шiлдесiнен кешiктiрмей ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджет комиссиясының қарауына енгiзедi.
      Екiншi кезеңде ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әлеуметтiк-экономикалық даму болжамының жобасы көрсеткiштерiнiң болжамын нақтылау және бөлiмдерiн қалыптастыру, оның iшiнде басым бюджеттiк инвестициялар тiзбесiн нақтылау жүзеге асырылады:
      1) жоспарланатын кезеңнiң алдындағы жылдың қазанында ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi органы екiншi кезеңде облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың мақұлданған әлеуметтiк-экономикалық даму болжамы негiзiнде ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әлеуметтiк-экономикалық даму көрсеткiштерiнiң болжамын нақтылауды жүргiзедi;
      2) ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджет комиссиясының қорытындысын ескере отырып, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi органы ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) басым жергiлiктi бюджеттiк инвестицияларының тiзбесiн қоса алғанда, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әлеуметтiк-экономикалық даму болжамының жобасын пысықтайды және жоспарланатын кезеңнiң алдындағы жылдың 25 қазанынан кешiктiрмей оны жергiлiктi атқарушы органның қарауына енгiзедi;
      3) ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) басым жергiлiктi бюджеттiк инвестицияларының тiзбесiн қоса алғанда, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әлеуметтiк-экономикалық даму болжамын жоспарланатын кезеңнiң алдындағы жылдың 1 қарашасынан кешiктiрмей ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әкiмдiгi мақұлдайды.

5. Әлеуметтiк-экономикалық даму болжамын әзiрлеудi әдiснамалық
  1   2   3

Похожие:

Әлеуметтiк-экономикалық даму болжамын әзiрлеу ережесiн бекiту туралы iconМаңғыстау облысы Жаңаөзен қаласының әлеуметтiк-экономикалық даму проблемаларын шешу жөнiндегi 2009 2012 жылдарға арналған кешендi жоспарды бекiту туралы

Әлеуметтiк-экономикалық даму болжамын әзiрлеу ережесiн бекiту туралы icon1. 2009 жылғы экономикалық даму үрдістері
Республикасының 2011 – 2015 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамы (бұдан әрі – Әлеуметтік-экономикалық даму болжамы)...
Әлеуметтiк-экономикалық даму болжамын әзiрлеу ережесiн бекiту туралы iconАҚТӨбе облысының 2013 жылғЫ Әлеуметтік-экономикалық даму бетбұрыстары
Ақтөбе облысының 2015-2019 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамы (әрі қарай – әлеуметтік-экономикалық даму Болжамы)...
Әлеуметтiк-экономикалық даму болжамын әзiрлеу ережесiн бекiту туралы icon«Әлеуметтік -экономикалық даму болжамын әзірлеу Қағидаларын бекіту туралы» қаулысына және Қазақстан Республикасының 2011-2015 жылдарға арналған даму болжамына
Зайсан ауданының 2011 -2013 жылдарға арналған бюджетінің негізгі параметрлары бойынша ақпарат
Әлеуметтiк-экономикалық даму болжамын әзiрлеу ережесiн бекiту туралы iconБұқар жырау ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуы болжамына баяндама. Кіріспе
Ауданның 2010-2014 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық дамуы болжамы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы «27» тамыздағы...
Әлеуметтiк-экономикалық даму болжамын әзiрлеу ережесiн бекiту туралы iconЖергiлiктi атқарушы органдар көрсететiн әлеуметтiк қорғау саласындағы мемлекеттiк қызметтердiң стандарттарын бекiту туралы

Әлеуметтiк-экономикалық даму болжамын әзiрлеу ережесiн бекiту туралы icon"Бiлiм берудiң мектепке дейiнгi ұйымдарын күтiп ұстауға және пайдалануға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық ережесiн бекiту туралы
Бiлiм берудiң мектепке дейiнгi ұйымдарын күтiп ұстауға және пайдалануға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар санитариялық...
Әлеуметтiк-экономикалық даму болжамын әзiрлеу ережесiн бекiту туралы iconМаңғыстау облысының Жаңаөзен қаласын әлеуметтiк-экономикалық дамытудың 2012 2020 жылдарға арналған Кешендi жоспарын 2012 жылғы 1 жартыжылдықтың қорытындысы бойынша іске асыру барысы туралы жиынтық ақпарат
Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласын әлеуметтiк-экономикалық дамытудың 2012 2020 жылдарға арналған
Әлеуметтiк-экономикалық даму болжамын әзiрлеу ережесiн бекiту туралы iconСалық және бюджетке төленетiн басқа да міндетті төлемдер туралы
Кодексiнде (Салық кодексi) белгіленген тәртiппен есепке алу әдiсiмен төленетін импортталатын тауарлардың тiзбесiн және оны қалыптастыру...
Әлеуметтiк-экономикалық даму болжамын әзiрлеу ережесiн бекiту туралы iconБанкроттық рәсiмдерде төлем жасауға қабiлетi жоқ борышкерлердiң мүлкiн және iстерiн басқару жөнiндегi
Ызметтi лицензиялау ережесiн және оған қойылатын біліктілік талаптарын бекiту туралы
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница