Катонқарағай ауданының ауыл шаруашылығын дамытудың




НазваниеКатонқарағай ауданының ауыл шаруашылығын дамытудың
Дата конвертации12.02.2016
Размер46.5 Kb.
ТипДокументы
источникhttp://katon-karagay.vko.gov.kz/kz/files/agro_04.doc
Катонқарағай ауданының ауыл шаруашылығын дамытудың

2011 жылғы қорытындылары туралы АҚПАРАТ


Аудан экономикасын дамытуда агроөнеркәсіп кешені маңызды рөл атқарады. Онда біршама әлеуетті экономика топтасқан. Оның дамуы ауданның азық-түлік қауіпсіздігі деңгейін және аудандағы әлеуметтік-экономикалық жағдайды анықтайды. Аудан ішіндегі жалпы өнімнің 58 %-ы аграрлық сектор үлесіне тиесілі болып отыр.

Ауданның ауыл шаруашылығы саласы негізінен мал шаруашылығына және өсімдік шаруашылығына негізделген. Жалпы ауыл шаруашылығы өнімінде мал шаруашылығының өнімі 68 % құрайды.

Мал шаруашылығының ерекшелігі оның көпсалалығында. Табиғи-климаттық жағдайларға және шаруашылық жұмыстарға байланысты облыста сүт және ет, биязы жүнді, қылшық жүнді қой шаруашылығы, шошқа шаруашылығы, жылқы шаруашылығы, құс шаруашылығы, марал және бұғы шаруашылығы, омарта шаруашылығы дамыған. Аудан марал және бұғы шаруашылығын дамыту, панты өнімдерін өндіру бойынша облыста алдыңғы қатарда болып табылады.

Катонқарағай ауданының мал шаруашылығының 2011 жылда жасалған талдау, оның тұрақты даму үстінде екенін көрсетті.

2012 жылдың 1 қаңтарда ауданда 36694 ірі қара (өткен жылғы сәйкес мерзімнің 100,5 %), 82785 қой мен ешкі (101,7 %), 4908 шошқа (117,7 %) 23810 жылқы (101,5 %), 5 758 марал ( 106 %), 79918 үй құстары ( 100,2 %) бас тіркелді.

Ауылдық округтер мен шаруашылықтардан ауданның статистика бөліміне түскен мәліметтерге сай, 2011 жылы ауданда 126 358 центнер ет (2010 жылғы деңгейдің 100,4 пайызы), 428 995 центнер сүт ( 101,5 %),8 708 мың дана (100,8 % ) жұмыртқа,1860 центнер жүн (102,2 % ) өндірілді.



Ауданда марал шаруашылықтарында -7, жылқы және қой шаруашылықтарында бір-бірден, ара шаруашылығында 4, барлығы 13 асыл тұқымды мал шаруашылығы құрылған. Олардың ішінде 3 марал, 4 ара шаруашылықтары асыл тұқымды дәрежесін 2011 жылы алды.

Аталған мерзімде ауданның 9 шаруашылығы «Сыбаға» бағдарламасы бойынша 71,1 млн теңгенің несиесін игеріп, 508 бас ірі қара малын сатып алды.

2010 жылдан бастап республиканың ветеринария саласында өткізілген реформаларға сай, ауданның ветеринария жүйесі қайта құрылды.

Ауданның бас мал дәрігері, 13 ауылдық округтердегі ветеринария жөніндегі барлық мамандар қабылданып, өз қызметтерін атқаруда.

Республикалық бюджеттен 026 «Эпизоотияға қарсы» бағдарламасы бойынша бөлінген нысаналы трансферттерді уақытымен игере отырып, аса қауіпті ауруларға қарсы ветеринариялық шараларды іске асыру мақсатында «Катонқарағай ауданының ветеринариялық қызметі» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны өз қызметтерін атқаруда. Аталған кәсіпорын ауданның 19 лицензиялы мал дәрігерлерімен келісім-шарт жасай отырып, 2011 жылға жоспарланған ветеринаиялық шараларды толығымен орындады.

Ауыл шаруашылық малдарын бірегейлендіру жұмысы жолға қойылды, әр ауылдық округке арнайы бірегейлендіру бағдарламасы енгізілген компьютерлер алынып, оларға бірегейлендірілген 30 мың ірі қара малы туралы деректер енгізілді.

Ауданда жұмыс істеп тұрған 2 мал сою цехтары, 17 мал сою алаңдары бар.

Ауданда 12 мал көмінділері құрылған.

2011 жылы қаңғыбас иттерді жоюға бөлінген қаражат игеріліп, 1620 қаңғыбас ит пен мысықтар құртылды.

Аудандық бюджеттен бөлінген 4,5 млн теңгеге ДУК дезинфекция жасауға арналған автоқондырғысы алынды.

Ауданда 3 ветеринарлық дәріханалар жұмыс істейді, әр ауылдық округке «Доктор Айболит» дәріханасмен келсім- шарт жасалып, ветеринарлық дәрі-дәрмектер жеткізілді.

2011 жылы облыс орталығында және Астана,Семей қалаларында 9,2 млн теңгенің тауарлары саудаланған ауыл шаруашылық жәрмеңкелер өткізілді. Осындай 12 жәрмеңкелер Катонқарағай ауданында ( 18,8 млн теңгенің тауарлары сатылды) ұйымдастырылды.

Ауданның ауыл шаруашылық құрылымдары Берел қорыммында өткен Халықаралық «Алтай-түркі әлемінің алтын бесігі» атты фестиваль шеңберінде өткен көрмеге, Өскемен қаласында өткен 2-Халықаралық бал фестивалі аясында ұйымдастырылған және «Күз Тартуы 2011» жәрмеңкелеріне, ШҚО-ның Астана қаласындағы күндері шеңберінде өткен ауыл шаруашылық жәрмеңкеге белсене қатысты.





Ауданда 185 мың тонна шөп, 4мың тонна пішендеме, 7 мың тонна сүрлем дайындалды. Дайындалған мал азығы ауыл шаруашылық малдарын қыстатуға толығымен жеткілікті.




2011 жылы аудан бойынша жалпы егістік көлемі 68427,7 гектарға жетті, оның ішінде дәнді дақылдар 16960 га , майлы дақылдар 23 мың га, бір-және көпжылдық шөптер 9355 га, картоп 1371 га, көкөніс 189,4 га жерге егілді. 12,5 мың гектар алқапқа тұқым ылғалресурссақтау технологиясымен себілді. 5600 тонна тұқым салынды. «Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы» арқылы мемлекет ресурстарына 3053 тонна астық тапсырылды.

2011 жылы 16960 га алқаптан астық орылып, 21,5 мың тонна дәнді дақылдар қамбаға түсті . Оның орташа түсімі әр гектардан 13,7 центнерді құрады.

23 мың га алқаптан күнбағыс орылып, 16,4 мың тонна күнбағыс дәні жиналды . Оның орташа түсімі әр гектардан 8,07 центнерді құрады.

20 686 тонна картоп, 4936 тонна көкөніс жиналды.

«КазАгроҚаржы» АҚ арқылы ауданға жалпы құны 49,56 млн. теңгені құрайтын 21 жаңа техника лизинг арқылы алынды. Шаруашылықтардың өз қаражатына жалпы құны 111,4 млн теңгені құрайтын 28 бірлік техника алынды. Ұсақ шаруа қожалықтарын ірілендіру жұмысы жалғастырылып, аудан бойынша 206 ұсақ шаруа қожалықтары 27 ірі ауылшаруашылық құрылымдарының құрамына кіріп, қарапайым серіктіктестік негізінде жұмыс атқарып келеді.


Аудан көлемінде ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер мен қайта өңдеушілердің бірлестігі- «Шығыс Нарын» ауылдық тұтынушылар кооперативі (басшысы Біткембаев Дархан) құрылды.

Ауданда ауыл шаруашылық өнімдерін қайта өңдейтін 109 шағын цехтар құрылған, оның ішінде 23 наубайхана, 29 күнбағыс майын өндіру, 2 панты өнімдерін дайындайтын, 1 сүт өңдейтін, 1 ұн тарту, 1 сусын шығарумен айналысады.




Ауданның экономикасын дамытуға ауылдық қаржы институттары елеулі үлес қосуда.

Аудандағы «Катонқарағай» несиелік серіктестігінің қорынан 11 млн. теңгенің қаражаты 13 ауылшаруашылық құрылымдарына құйылды. Жыл бойы ауданның «Мұзтау-несие» несие серіктестігі арқылы 37 млн 990 мың теңгенің қаражатын 58 адам игерсе, «Ауыл шаруашылығын қаржылай қоры» АҚ арқылы 30 млн теңгенің микронесиесі 51 адамға берілді.

Похожие:

Катонқарағай ауданының ауыл шаруашылығын дамытудың iconКатонқарағай ауданының ауыл шаруашылығын дамытудың 2010 жылдағы қорытындылары туралы АҚпарат мал шаруашылығы
...
Катонқарағай ауданының ауыл шаруашылығын дамытудың iconКатонқарағай ауданының ауыл шаруашылығын дамытудың
Ауылдық округтер мен шаруашылықтардан ауданның статистика бөліміне түскен мәліметтерге сай, 2011 жылдың 1 қыркүйегіне дейін ауданда...
Катонқарағай ауданының ауыл шаруашылығын дамытудың iconКатонқарағай ауданының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі
Аудандық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімінің ( бұдан әрі- «Бөлім») миссиясы мен көзқарасы
Катонқарағай ауданының ауыл шаруашылығын дамытудың iconКатонқарағай ауданының Акимат
Заңының 39 бабына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы №410 «Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының...
Катонқарағай ауданының ауыл шаруашылығын дамытудың icon«Өндірістің табыстылығын арттыру жолдары» тақырыбына жазылған Күндізгі оқу бөлімінің 4 курс студенті
Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаевтың ұсынысымен оның жолдауы бойынша 2003-2005 жж ауылды қайта жаңғырту жылдары жарияланған болатын....
Катонқарағай ауданының ауыл шаруашылығын дамытудың iconЕреж е
«Маңғыстау облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі тұтас алғанда облыс ауыл шаруашылығын және агроөнеркәсіп кешенін...
Катонқарағай ауданының ауыл шаруашылығын дамытудың icon«Маңғыстау облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ереже
«Маңғыстау облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі тұтас алғанда облыс ауыл шаруашылығын және агроөнеркәсіп кешенін...
Катонқарағай ауданының ауыл шаруашылығын дамытудың iconМәдениет мекемелерінің компьютерлермен жарақтануы
Ақтоғай ауданының Жидебай, Бұқар жырау ауданының Алғабас, Жаңаарқа ауданының Атасу станциясында, Қарқаралы ауданының Абыз, Бастал,...
Катонқарағай ауданының ауыл шаруашылығын дамытудың iconКатонқарағай ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі
Мемлекеттік орган қызметі нәтижесінің көрсеткіштері, стратегиялық бағыты, мақсаттары мен міндеттері
Катонқарағай ауданының ауыл шаруашылығын дамытудың iconПриозерск қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі
Ала бойынша ауыл шаруашылық өндірісімен (мал шаруашылығын дамытумен) 62 шаруашылық оның ішінде 59 жеке қосалқы шаруашылығы, 2 шаруа...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница