Бюджеттік инвестициялық жобаларды қарау, іріктеу, іске асыруды мониторингілеу және бағалау ережесін бекіту туралы




НазваниеБюджеттік инвестициялық жобаларды қарау, іріктеу, іске асыруды мониторингілеу және бағалау ережесін бекіту туралы
страница3/18
Дата конвертации12.02.2016
Размер2.13 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://qz.government.kz/docs/861kz.doc
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18

6. Бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыруды мониторингілеу және бағалау жүргізу тәртібі


1. Жоспарлау кезеңінде бюджеттік инвестициялық жобаларға

мониторинг жүргізу тәртібі


88. Республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілері және жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілері тиісті бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті органға ай сайын есепті айдан кейінгі айдың 10 (он) күніне дейін осы Ережеге 6-қосымшаға сәйкес қағаз және электронды тасығыштарда мынадай ақпаратты көрсете отырып, іріктеп алынған инвестициялық ұсыныстардың тізбесін ұсынады:

1) БИЖ-дің атауы;

2) инвестициялық ұсынысты енгізген бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің атауы;

3) БИЖ-дің ТЭН-ін әзірлеуге немесе түзетуге, сондай-ақ оған қажетті сараптама жүргізуге қажетті (бөлінген) ақша қаражатының мөлшері;

4) БИЖ-дің ТЭН-ін әзірлеуге немесе түзетуге, сондай-ақ оған қажетті сараптама жүргізу кезінде игерілген ақша қаражатының мөлшері;

5) БИЖ-дің ТЭН-ін әзірлеу немесе түзету, сондай-ақ оған қажетті сараптама жүргізу мерзімдері;

6) БИЖ-дің ТЭН-ін әзірлеу немесе түзету, сондай-ақ оған қажетті сараптама жүргізу барысы туралы ақпарат.

Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органы ай сайын есепті айдан кейінгі айдың 10 (он) күніне дейін жоғарыда аталған республикалық бюджеттен нысаналы даму трансферттер және кредиттер есебінен қаржыландырылатын БИЖ-дің ТЭН-ін әзірлеу бойынша іс-шаралардың іске асырылу барысы туралы жиынтық ақпаратты мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға ұсынады.

Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган ай сайын есепті айдан кейінгі айдың 10 (он) күніне дейін жоғарыда аталған ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеті және облыстық бюджеттен нысаналы даму трансферттер және кредиттер есебінен қаржыландырылатын БИЖ-дің ТЭН-ін әзірлеу бойынша іс-шаралардың іске асырылу барысы туралы жиынтық ақпаратты мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға ұсынады.


2. Бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыруға

мониторинг жүргізу тәртібі


89. БИЖ-ді іске асыруға мониторинг БИЖ-ді тиімді басқаруды қамтамасыз ету мақсатында ықтимал ауытқуларды уақтылы анықтау үшін нақты алынған нәтижелерді есепті күнге жоспарланғандармен салыстыру арқылы жүргізіледі.

90. БИЖ-ді іске асыруға мониторинг мыналарды көздейді:

1) БИЖ-дің іске асырылу барысы туралы ақпаратты жинау;

2) әрбір уақыт аралығында БИЖ-ді іске асырудың қол жеткізілген көлемін және ТЭН-ге және/немесе ЖСҚ-ға сәйкес шығындарды нақты қол жеткізілген сандық-сапалық нәтижелерді БИЖ-ді іске асыруды жоспар-кестесінде (бұдан әрі - Жоспар-кесте) көрсетілген көрсеткіштермен салыстыру арқылы талдау;

3) БИЖ-ді мониторингілеу нәтижелері туралы есепті (бұдан әрі - мониторинг бойынша есеп) дайындау.

Нақты көрсеткіштердің бұрын жоспарланғандардан (жоспар-кесте бойынша) ауытқуы анықталған БИЖ бойынша БИЖ-ді тиімді іске асыру жөнінде ұсынымдар мен шаралар қалыптастырылады.

91. БИЖ-ді іске асыру мониторингін жүргізу үшін республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері мен жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері тиісті бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға және мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органға мынадай есептілік құрамында ақпарат ұсынады:

1) жоспар-кесте;

2) мониторинг бойынша есеп;

3) мониторинг бойынша жиынтық анықтама;

4) БИЖ-дің паспорты;

5) ТЭН әзірлеуді талап етпейтін жоба паспорты;

6) Ганта диаграммасын салу үшін ақпарат;

7) БИЖ-дің ресурстық және инфрақұрылымдық қамтамасыз етілуі;

8) бюджеттік инвестициялар бойынша қаржыландыру көздері.

Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган жоғарыда аталған республикалық бюджеттен нысаналы даму трансферттер және кредиттер есебінен қаржыландырылатын БИЖ бойынша іс-шаралардың іске асырылу барысы туралы жиынтық ақпаратты бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға ұсынады.

Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган жоғарыда аталған ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеті және облыстық бюджеттен нысаналы даму трансферттер және кредиттер есебінен қаржыландырылатын БИЖ бойынша іс-шаралардың іске асырылу барысы туралы жиынтық ақпаратты бюджеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органға ұсынады.

92. Жоспар-кесте әрбір жоба бойынша есептік көрсеткіштерді айқындайтын құжат болып табылады және БИЖ-дің электрондық порталына, сондай-ақ қағаз және электронды тасығыштарда тиісті бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға және мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органға осы Ережеге 7-қосымшаға сәйкес бюджеттік жоспарлау жөніндегі республикалық әкімшілері мен жергілікті бюджеттік бағдарлама әкімшілерімен ұсынылады.

БИЖ бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген немесе жергілікті атқарушы органдардың іске асырылатын БИЖ тізбесін нақтылау шамасына қарай тиісті кезеңге арналған республикалық бюджет туралы заңының іске асыру және жергілікті бюджет туралы мәслихаттың шешімін іске асыру туралы ақпаратты нақтылау шамасына қарай республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшісі және жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшісі БИЖ бойынша есеппен бірге нақтыланған Жоспар-кестені ұсынады.

Жоспар-кесте бүкіл жоба бойынша, оның құрамдауыштары бойынша және әрбір құрамдауышқа арналған іс-шаралар (жұмыс түрлері) бойынша белгіленген тәртіппен бекітілген жұмыстарды орындаудың және қаржыландырудың жоспарлы көлемін қамтиды.

Бұл ретте жоспарланған жылға арналған орындау және қаржыландыру көлемі тиісті бюджеттік бағдарламамен келісіледі және тоқсандарға бөлінеді.

93. Жоспар-кестеде, сондай-ақ жоспарланған жыл басталғанға дейінгі кезеңге арналған нақты көлем және жоспарланған жылдан кейінгі екінші жылға және кейінгі жылдарға арналған болжамды көлем көрсетіледі.

Жоспар-кесте бекітілген БИЖ-дің ТЭН-і және мақұлданған бюджеттік өтінімнің негізінде қалыптастырылады, ал ТЭН әзірлеуді талап етпейтін жобалар бойынша ЖСҚ және мақұлданған бюджеттік өтінім Жоспар-кестені дайындаудың негіздемесі болып табылады.

Жоспар кестеде жобаны іске асыру кезіңі тиісті бюджет комиссиясы мақұлдаған бюджет өтіміне сәйкес көрсетіледі.

Жоспар-кестеге, мониторинг бойынша есепке енгізілген жобалар тізбесі тиісті қаржы кезеңіне арналған республикалық бюджет туралы іске асыру туралы заңына және жергілікті бюджет туралы мәслихаттың шешімін іске асыру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың қаулыларымен бекітілген Жобалар тізбесіне сәйкес келеді.

Жоспар-кестені, мониторинг бойынша есепті және мониторинг бойынша жиынтық анықтаманы іске асыруын мониторингілеуді және дайындауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың жауапты қызметкерлері жоспар-кестеде, мониторинг бойынша есепте және мониторинг бойынша жиынтық анықтамада көрсетілген ақпараттың сапасы мен толықтығы бойынша заңнамаға сәйкес жауапты болады.

94. Республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілері және жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілері мониторинг бойынша есеп есепті кезеңдегі БИЖ бойынша орындалған жұмыстар мен қаржы қаражатын игеру сомаларының нақты және жоспарланған көлемі туралы ақпаратты қамтиды және БИЖ-дің электрондық порталына, сондай-ақ қағаз және электронды тасығыштарда тиісті бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға және мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органға осы Ережеге 8, 9-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша ұсынылады.

Бұл ретте, мониторинг бойынша есептің жоспарлық көрсеткіштері жоспар-кестенің көрсеткіштеріне сәйкес келеді.

95. Мониторинг бойынша жиынтық анықтама осы Ережеге 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұсынылады.

96. Республикалық БИЖ іске асыру жөніндегі ақпаратты тиісті республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға ұсынады.

97. Республикалық бюджетің нысаналы трансферттері мен кредиттері есебінен қаржыландырылатын жергілікті БИЖ-ді жүзеге асыру бойынша ақпараты есепті кезеңнен кейінгі 1 (бірінші) қыркүйек пен 1 (бірінші) наурыздан кешіктірілмей бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органдарымен ұсынылады.

Жергілікті бюджет қаражаты және ағымдағы нысаналы трансферттер қаражаты және жоғары тұрған бюджет кредиттері есебінен қаржыландырылатын жергілікті БИЖ-ді жүзеге асыру бойынша ақпараты облыстық мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органға аудандық (облыстық маңызы бар қала) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органмен ұсынылады.

Облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттері, аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджеті жергілікті бюджеттерге жатады.

98. БИЖ-ды мониторингілеу кезінде орталық бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілерінен қажетті ақпаратты өз еркімен сұрауға және алуға құқылы заңды тұлғаны тартады.

99. Орталық бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган БИЖ-ді іске асыру мониторингісін жүргізу кезінде есептеудің қосымша нысанын өзінің құзыреті шегінде Қазақстан республикасының Үкіметімен анықталған заңды тұлғаны орнатуға құқылы.

100. Қажетті ақпаратты республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілері және жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілері қағаз және электронды тасығыштарда бюджеттік жоспарлау жөніндегі тиісті орталық уәкілетті органға және бюджеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органдар мынадай мерзімдерде ұсынады:

1) жоспар-кесте жыл сайын, есепті жылдың 1 (бірінші) ақпанынан кешіктірмей ұсынылады;

2) мониторинг бойынша есеп пен мониторинг бойынша жиынтық анықтама жартыжылда бір рет, есепті кезеңнен кейінгі 10 (он) тамыздан және 10 (он) ақпаннан кешіктірмей ұсынылады;

3) БИЖ-дің паспорты жартыжылда бір рет, осы Ережеге 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша есепті кезеңнен кейінгі 10 (он) тамыздан және 10 (он) ақпаннан кешіктірмей ұсынылады;

4) ТЭН әзірлеуді талап етпейтін жоба паспорты жартыжылда бір рет, осы Ережеге 12-қосымшаға сәйкес нысан бойынша есепті кезеңнен кейінгі 10 (он) тамыздан және 10 (он) ақпаннан кешіктірмей ұсынылады;

5) Гант диаграммасын құру үшін ақпарат жартыжылда бір рет, осы Ережеге 13-қосымшаға сәйкес нысан бойынша есепті кезеңнен кейінгі 10 (он) тамыздан және 10 (он) ақпаннан кешіктірмей ұсынылады;

6) инвестициялық жобаны ресурстық және инфрақұрылымдық қамтамасыз ету жартыжылда бір рет, осы Ережеге 14-қосымшаға сәйкес нысан бойынша есепті кезеңнен кейінгі 10 (он) тамыздан және 10 (он) ақпаннан кешіктірмей ұсынылады;

7) бюджеттік инвестициялар бойынша қаржыландыру көздері жартыжылда бір рет, осы Ережеге 15-қосымшаға сәйкес нысан бойынша есепті кезеңнен кейінгі 10 (он) тамыздан және 10 (он) ақпаннан кешіктірмей ұсынылады.

101. Осы Ереженің 99-тармағында көрсетілген ақпарат, жергілікті бюджеттік бағдарлама әкімшілері және республикалық бюджеттік бағдарлама әкімшілерімен БИЖ-дің электронды порталына тиісінше бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға және мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органға бір рет жарты жылда, есепті кезеңнен кейінгі 20 (жиырма) тамыздан 20 (жиырма) ақпаннан кешіктірілмей ұсынылады

102. Республикалық бюджеттен нысаналы даму трансферттер және кредиттер есебінен жүзеге асырылатын республикалық БИЖ-ді, сондай-ақ жергілікті БИЖ-ді және жобаларды іске асыру барысы туралы жиынтық ақпаратты бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган жарты жылда бір рет есепті кезеңнен кейінгі 10 (он) қазаннан және 10 (он) сәуірден кешіктірмей Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсынады.

Жиынтық ақпарат мыналарды:

1) республикалық бюджет қаражаты есебінен іске асырылатын БИЖ туралы ақпаратты;

2) республикалық бюджеттен нысаналы трансферттері қаражаты есебінен іске асырылатын БИЖ туралы ақпараты;

3) республикалық бюджеттен несиелер есебінен іске асырылатын БИЖ туралы ақпаратты қамтиды.

103. Жергілікті бюджет есебінен жүзеге асырылатын БИЖ-ді іске асыру барысы туралы жиынтық ақпаратты бюджеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган жартыжылда бір рет, есепті кезеңнен кейінгі 30 (отыз) қыркүйектен және 30 (отыз) наурыздан кешіктірмей облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әкімдігіне ұсынады.

Жиынтық ақпарат мыналарды:

1) жергілікті бюджет қаражаты есебінен іске асырылатын бюджеттік инвестициялық жобалар туралы ақпаратты;

2) аяқталған және жалғастырылатын жобалар, әзірленетін ЖСҚ туралы ақпаратты;

3) ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеті және облыстық бюджеттен дамуға арналған нысаналы трансферттер мен несиелер есебінен қаржыландыратын БИЖ тізімі, қаржыландыру жоспарының сомалары, іс жүзінде атқарылуы, аяқталған жобалардың саны, сомалары және игерілмеудің себептері туралы ақпараттарды қамтиды.


3. Бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыруды

бағалау тәртібі


104. БИЖ-ді іске асыруды бағалау БИЖ-ді тиімді басқаруды қамтамасыз ету мақсатында ықтимал ауытқуларды уақтылы анықтау үшін нақты алынатын нәтижелерді есепті күнге жоспарланғандармен салыстыру арқылы жүргізіледі.

105. Жобаны іске асыруды бағалау объектіні қолданысқа енгізуден кейінгі жылы бір рет жүргізіледі.

106. БИЖ-ді іске асыруды бағалау мыналарды көздейді:

1) БИЖ-дің іске асырылу барысы туралы ақпаратты бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінен жинау;

2) олардың мемлекеттік органның стратегиялық жоспарларында және/немесе БИЖ ТЭН-інде көзделген көрсеткіштермен салыстыру арқылы БИЖ-дің қол жеткізілген тікелей нәтижелерін (өнімдер шығару, қызметтер көрсету) талдау;

3) БИЖ-ді іске асыруды бағалау жөнінде жиынтық есеп дайындау.

Нақты көрсеткіштердің бұрын мемлекеттік органның стратегиялық жоспарларында және/немесе БИЖ ТЭН-інде жоспарланғандардан ауытқуы анықталған БИЖ бойынша БИЖ-ді тиімді басқару мақсатында жүйелі және жедел шаралар бойынша ұсынымдар қалыптастырылады.

107. БИЖ-дің іске асырылуына бағалау жүргізу үшін бюджеттік бағдарламалар әкімшілері мен мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органдар мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға мынадай есептілік құрамында мемлекеттік және орыс тілдерінде ақпарат ұсынады:

1) БИЖ-дің іске асырылу барысы туралы есеп;

2) БИЖ-дің іске асырылуын бағалау бойынша жиынтық анықтама.

108. БИЖ-дің іске асырылуын бағалау туралы есеп есепті кезеңдегі өнімдердің (қызметтердің) нақты және жоспарланған көлемі туралы ақпаратты қамтиды және осы Ережеге 16-қосымшаға сәйкес нысан бойынша БИЖ-дің электрондық порталына, сондай-ақ қағаз және электронды тасығыштарда мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті органға ұсынылады.

Іске асыру барысы туралы есепте құрылыс объектісінің баланс ұстаушысы бойынша, мемлекеттің меншік объектісін қолданысқа енгізу бойынша, мемлекеттік меншік объектісін уәкілетті органдарда тіркеу бойынша ақпарат көрсетіледі.

«Ескертпелер» бағанында ақпарат болмаған жағдайда осы ақпараттың болмауының себебін көрсету қажет.

Іске асырылу барысы туралы жиынтық ақпарат осы Ережеге 17-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қағаз тасығышта ұсынылады.

109. Республикалық меншіктегі БИЖ-ді пайдалану жөніндегі, сондай-ақ республикалық бюджеттің қаражаты есебінен қаржыландырылатын аяқталуға жоспарланған, бірақ есепті кезеңде аяқталмаған БИЖ жөніндегі ақпаратты тиісті орталық уәкілетті орган береді.

110. Коммуналдық меншіктегі БИЖ-ді пайдалану жөніндегі, сондай-ақ жергілікті бюджеттің қаражаты есебінен қаржыландырылатын аяқталуға жоспарланған, бірақ есепті кезеңде аяқталмаған БИЖ жөніндегі ақпаратты тиісті жергілікті атқарушы орган ұсынады.

111. БИЖ-дің іске асырылуын бағалауды жүргізу кезінде мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын заңды тұлғаны тартады.

112. Республикалық БИЖ-ді іске асыруды бағалау ақпаратты республикалық бюджеттік бағдарламаның әкімшісі болып табылатын тиісті орталық уәкілетті орган мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға ұсынады.

113. Жергілікті бюджет қаражатынан қаржыландырылатын жергілікті БИЖ-ді, сондай-ақ жоғары тұрған бюджеттен берілетін нысаналы даму трансферттері мен кредиттер есебінен қаржыландыру жоспарланатын БИЖ-ді іске асыру жөніндегі ақпаратты мемлекеттік жоспарлау жөніндегі тиісті жергілікті уәкілетті органдар мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға ұсынады.

114. Іске асырылуы барысы туралы есеп пен жиынтық анықтама БИЖ-дің электрондық порталына, сондай-ақ қағаз және электронды тасығыштарда жылына бір рет есепті кезеңнен кейінгі айдың 15 (он бесі) сәуірінен кешіктірмей ұсынылады.

115. Қазақстан Республикасы Үкіметі белгілеген заңды тұлға БИЖ-ді іске асыруды бағалауды жүргізеді және есепті кезеңнен кейінгі 1 (бірінші) маусымға дейін ақпаратты мемлекеттік және орыс тілдерінде мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға ұсынады.

116. Республикалық және жергілікті бюджеттердің қаражаты есебінен жүзеге асырылатын БИЖ-дің іске асырылуын бағалау бойынша жиынтық есепті мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган жыл сайын есепті жылдан кейінгі айдың 20 (жиырма) маусымына дейін Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсынады.

117. Жобаларды іске асыруды бағалау деректерінің негізінде мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органдар қазіргі және болжанатын әлеуметтік-экономикалық және саяси ахуалды ескере отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметіне және жергілікті атқарушы органдарға БИЖ тиімді жүзеге асыру шараларын іске асыру жөнінде ұсыныстар мен ұсынымдар енгізе алады.

_________________________


Бюджеттік инвестициялық

жобаларды қарау, іріктеу,

іске асыруды мониторингілеу

және бағалау ережесіне

1-қосымша


Инвестициялық ұсыныстың ақпараттық парағы


Жоба бойынша негізгі ақпарат

1. Жобаның ________________________________

атауы |________________________________|

2. Бюджеттік ________________________________

бағдарлама әкімшісі |________________________________|

3. Құрамында жобаны _________________________________

іске асыру көзделген | |

Қазақстан Республикасының | |

белгіленген стратегиялық | |

және (немесе) бағдарламалық | |

құжаттарының атауы | |

| _________________________________|

4. Сектор _________________________________

|_________________________________|

5. Экономиканың саласы _________________________________

|_________________________________|

6. Жобаның (Егер белгісіз болса, шамамен көрсету)

күні:

Іске асыру мерзімі ____________ ай

|____________|

Жобаның басталуы жыл ________ ай ________

|________| |________|

Объектіні құрудың (салудың, жыл ________ ай: ________

қайта құрудың, жаңартудың |________| |________|

болжамды аяқталуы)

7. Жобаның жалпы _______________

құны |_______________| мың теңге

8. ТЭН (ЖСҚ) әзірлеудің _______________

құны |_______________| мың теңге

9. ТЭН түзетідің _______________

құны |_______________| мың теңге


Жоба бойынша егжей-тегжейлі ақпарат

10. Жоба іске асырылатын орын:

(жоба іске асырылатын орынды, оның негізгі құрамдауыштарын және жоба бойынша шығындардың өңірлер бойынша шығындардың өңірлер бойынша бөлінуін көрсетіңіз)


1) Елді мекен (ауыл, аудан, қала, облыс, ел)

2) Теңгерім ұстаушы*

3) Жоба үшін бос жердің болуы:

бар (соған сәйкес жер учаскесі және онда орналасқан жылжымайтын мүлік бөлінген шешімінің күні мен нөмірі көрсетіледі)

жоқ (жер учаскесін сатып алу үшін қажетті сома көрсетіледі)

4) Инфрақұрылыммен қамтамасыз етілуі:

бар (нақты не екені көрсетіледі)

жоқ (қанша қосымша шығын қажет екені көрсетіледі)


Ескерту:

* жаңа объект құрылған (салынған) жағдайда болашақ меншік иесі көрсетіледі, қайта жаңартылған жағдайда қазіргі меншік иесі көрсетіледі


11. Жобаның мақсаттары мен міндеттері

1) мақсаты

(Мақсат Қазақстан Республикасының стратегиялық бағдарламалық құжаттарында белгіленген экономика саласын (аясын) дамытудың неғұрлым ауқымды міндеттерін/басымдықтарын көрсетуі тиіс)___________________________________________

2) сандық міндеттер

(олар арқылы жобаның ауқымын айқындауға болатын жобаның санымен өлшенетін міндеттерін көрсетіңіз. Белгілі бір сандық көрсеткіштерді ұсыныңыз, мысалы, жобалық қуаты және т.б.)

___________________________________________________

12. Жобаның сипаттамасы:

(Жобаның және оның барлық құрамдауыштарының мазмұнын сипаттаңыз)

______________________________________________________

______________________________________________________

(Құрамдауыштар бойынша бөлуді беріңіз)



Жекелеген құрамдауыштар және іске асыру кезеңдері

Сандық көрсеткіштері

Өлшем бірлігі

Жоба бойынша

Құны (мың теңге)

1













2













3













4













5













6













7












1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18

Похожие:

Бюджеттік инвестициялық жобаларды қарау, іріктеу, іске асыруды мониторингілеу және бағалау ережесін бекіту туралы iconБағдарлама операторының сараптамалық бағалау жүргізу
Сараптамалық бағалау жүргізу тәртібі (бұдан әрі – Тәртіп) «Өнімділік – 2020» бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы...
Бюджеттік инвестициялық жобаларды қарау, іріктеу, іске асыруды мониторингілеу және бағалау ережесін бекіту туралы icon«2010-2012 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» 2009 жылғы 22 желтоқсандағы №2162 Қазақстан
Республикасы Қорғаныс министрлігінің бюджеттік инвестициялық жобаларының тізбесі бекітілсін
Бюджеттік инвестициялық жобаларды қарау, іріктеу, іске асыруды мониторингілеу және бағалау ережесін бекіту туралы iconИнвестициялық портфельді басқарушының есеп беру ережесін бекіту туралы
Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі
Бюджеттік инвестициялық жобаларды қарау, іріктеу, іске асыруды мониторингілеу және бағалау ережесін бекіту туралы iconЗейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыру ережесін бекіту туралы
Азақстан республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі
Бюджеттік инвестициялық жобаларды қарау, іріктеу, іске асыруды мониторингілеу және бағалау ережесін бекіту туралы iconПсихологиялық-медициналық-педагогикалықькеңесі қызметін ұйымдастыру тәртібі ережесін бекіту туралы
«Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» Қазақстан Республикасының заңын іске асыру...
Бюджеттік инвестициялық жобаларды қарау, іріктеу, іске асыруды мониторингілеу және бағалау ережесін бекіту туралы iconҚазақстан республикасының Қаржы нарығЫН
Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Зейнетақы активтерін инвестициялық...
Бюджеттік инвестициялық жобаларды қарау, іріктеу, іске асыруды мониторингілеу және бағалау ережесін бекіту туралы iconҚазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының “Валюталық құндылықтарды пайдалануға байланысты операцияларды лицензиялау ережесін бекіту туралы”
Инвестициялық қорлардың қаражаты есебінен инвестициялық портфельді басқаруға лицензиясы бар заңды тұлғалар жүзеге асыратын шет елге...
Бюджеттік инвестициялық жобаларды қарау, іріктеу, іске асыруды мониторингілеу және бағалау ережесін бекіту туралы iconЗейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыру ережесін бекіту туралы
Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың қызметін реттейтін нормативтік құқықтық...
Бюджеттік инвестициялық жобаларды қарау, іріктеу, іске асыруды мониторингілеу және бағалау ережесін бекіту туралы iconҚазақстан Республикасы Ұлттық қорының инвестициялық операцияларын жүзеге асыру ережесін бекіту туралы
Азақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2006 жылғы 25 шілдедегі №65 Қаулысы
Бюджеттік инвестициялық жобаларды қарау, іріктеу, іске асыруды мониторингілеу және бағалау ережесін бекіту туралы iconИнвестициялық бағдарламаларды әзірлеу, бекіту және келісу, сондай-ақ олардың іске асырылуы туралы есептілікті ұсыну
«Мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіруді және олардың айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница