1-тарау. Халықаралық еңбек бөлінісінің халықаралық экономикадағы алатын орны мен ролі




Название1-тарау. Халықаралық еңбек бөлінісінің халықаралық экономикадағы алатын орны мен ролі
страница2/8
Дата конвертации12.02.2016
Размер1.1 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://kzref.at.ua/_ld/5/595_Ffq.doc
1   2   3   4   5   6   7   8

1.2. Қазақстан Республикасының халықаралық еңбек бөлінісінің алатын орны мен ролі


Қазіргі кезде дүние жүзіндегі бірде-бір ел, ғылыми-техникалық және экономикалық потенциалына тәуелсіз, өзінің оптималды қызметін сыртқы экономикалық байланыстарынсыз, яғни басқа елдермен қарым-қатынас жасау мүмкіндіктерінсіз қамтамасыз ете алмайды. Бұдан “тәуелсіздік” анық көрінеді, елдің экономикалық даму дәрежесі неғұрлым жоғары және ішкі нарық неғұрлым тар болса, соғұрлым бұл ел жоғарғы дәрежеде халықаралық еңбек бөлінісі жүйесіне тартылу керек.

Қазақстан нарықтық экономикаға өту жолында халықаралық еңбек бөлінісіне қатысу сипатын түбегейлі түрде өзгерте отырып, дүниежүзілік нарықта жаңа өзгерістерге ие болып жатыр.

Бұрынғы КСРО-да өндірістің интернационализациялануы “жоғарыдан” әкімшілік басқару арқылы, саяси деңгейде жүргізілді.

Экономикалық өзара көмек кеңесі (ЭКК) елдері сыртқы экономикалық қызметінде бір-біріне бейімделеді. Интеграция механизмі келесі элементтер көмегімен жүзеге асырылады:

  1. біріккен жоспарлы іс-әрекет;

  2. ғылыми-зерттеу жұмыстарын үйлестіру;

  3. өндірістің мамандануы және кооперациялануы;

  4. халықаралық еңбек бөлінісі жүйесіндегі сыртқы сауда мына принциптер арқылы жүзеге асырылды:

  • “шикізат – дайын өнім”;

  • “дайын өнім – дайын өнім”.

- “шикізат – дайын өнім” принципі “КСРО – экономикалық өзара көмек кеңесі елдерінің” қарым-қатынасына тән болған.

Дүниежүзілік нарықтық кеңістікте Қазақстанның өз бетімен экономикалық дамуы болашақта дүниежүзілік нарықта дұрыс бейімделуі және халықаралық еңбек бөлінісінде өз орнын табуы үшін сауатты капитанның бар болуын қажет етеді. Бұл үшін біз қандай өнеркәсіп өндіріс салаларында бірінші орындамыз, қандай салаларда монополист болып табыламыз, қандай салаларда дайын өнім сатып алуымыз керек, ішкі нарықта өніммен қамтамасыз ету үшін қандай салаларында өндірісті дамыту, қандай салалларда ОПЕК сияқты картель типіндегі біріккен мемлекет аралық кәсіпорындарды құру керек екендігін анықтау қажет.

Дүниежүзілік өндірісте түсті металлургия, уран рудасы, фосфор тыңайтқыштары, алтын өндіру т.с.с. салаларында алдыңғы орында тұрғанымызбен, Қазақстанды дүниежүзілік нарықта шикізатпен жабдықтаушы ретінде емес, дайын өніммен және жартылай фабрикатпен жабдықтаушы ретінде танытқан біріккен мемлекетаралық кәсіпорындарды құру жолдарын іздестіруіміз керек. Мұндай жағдайдан біздің республикамыз серіктесінің имиджін пайдалану арқылы шыға алады. Дүниежүзілік нарық - бұл “ерке қыз” және оның көңілін таба білу керек екендігін ұмытпау керек.

Қазақстан Республикасының экономикалық потенциалы. ТМД елдерінің ішінде Қазақстан территориясы бойынша Ресей Федерациясынан кейін екінші орында, оның территориясы 2717,3 мың шаршы километр. Қазақстан территориясына барлығын қосқанда 240 млн. адам тұратын, сегіз еуропа мемлекеттері сияды: Франция, Испания, Италия, Португалия, Швеция, Норвегия, Греция және Финляндия. Республика 14 облыстан, 198 ауданнан, 82 қаладан тұрады, ол көптеген жер ресурстары мен пайдалы қазбаларға бай. Қазақстан сирек кездесетін табиғи байлықтарға ие.

Бұл, ең біріншіден, мұнай. Мұнайдың негізгі кен орындары Батыс Қазақстан, Атырау, Маңғыстау, Ақтөбе, Қызылорда облыстарында шоғырланған. Зерттелген мұнай қоры – 4,5 млрд.тоннаны; 5,9 трлн.куб.м. газды құрайды.

Тас көмір. Тас көмірдің 200 млрд.тонна қоры бар. Тас көмірдің негізгі кен орындары Қарағанды (кокстелген көмір), Қостанай, Ақмола, Павлодар, Шығыс-Қазақстан облыстарында шоғырланған. Тас көмірдің бірден-бір кен орны бар. Шұбаркөлдік кен орны, мұндағы тас көмірдің қоры 2 млрд.тоннаны құрайды.

Темір рудасы. ТМД елдерінің ішінде қор көлемдері бойынша (8 млрд.т.) Қазақстан Ресей мен Украинадан кейін үшінші орында. Негізгі қоры Қостанай облысында шоғырланған (Сарыбай, Кашир, Лисаковск). Хром қоры Ақтөбе облысында шоғырланған (ТМД қорының 90 %).

Фосфор. Фосфордың дүниежүзілік қорының 60 % Жамбыл облысында шоғырланған. Шынында да дүние жүзіндегі екі ел фосфор тыңайтқыштары жөнінен монополистер болып табылады: Қазақстан және АҚШ.

Техникалық алмаздардың - 60 %, түсті металдардың - 97 %, ТМД күміс қорының - 60 %, сонымен қатар уран рудасының дүниежүзілік қорының 40-45 % (МАГАТЭ берілгендері бойынша) Қазақстан территориясында шоғырланған. Республикада алтынның едәуір қоры, ванадий, вольфрам және т.б. түсті металдар көп кездеседі. Қазақстан территориясынан Менделеев таблицасындағы 99 элемент табылған. Республика өнеркәсіп өндірісінің даму деңгейі әлсіз дамыған елдер деңгейімен тең, бірақ та республиканың дамыған елдер әлемдік жүйесінде өз “тетігін” (ниша) талап ете алатындай өнеркәсіп салалары бар. Бұл - әскери-өнеркәсіп кәсіпорындары, Байқоңыр космодромы және басқа да салалар.

Қазақстанның орны толассыз байлығына оның жері жатады. Жалпы жер ауданы – 272,5 млн.га., оның ішінде ауыл шаруашылық жерлеріне – 93,4 млн.га., ауыл шаруашылық дәнді дақылдарына – 35 млн.га., оның ішінде бидай дәнді дақылына 23 млн.га. жер берілген.

Қазақстанда ғылыми және техникалық потенциалы, мәдениеті, ғылымы, білім беру жүйесі жақсы дамыған.

Экономикалық потенциалы негізінде сыртқы сауда және халықаралық еңбек бөлінісіне қатысу саясаты құрылған болатын. Республиканың қазіргі кезде не нәрсе маманданғанын, халықаралық еңбек бөлінісіндегі оның рөлі мен орнын анықтау үшін, Қазақстанның экспорттың потенциалын қарастырайық.

Қазақстанның экспорттық потенциалы. Көптеген елдер нарықтық экономиканың негізін құруда негізгі көңілді өнеркәсіп өндірісінің бәсекелестік қабілеттілігін жоғалатушы факторы екен мерзімі жеткен мәселелерді шешудің қысқа жолы ретінде экспорттың дамуына бөлді. Бұл жағдайда Қазақстан Республикасының қандай мүмкіндіктері бар?

Қазақстанның экономикалық жағдайы оның байлығымен, яғни Қазақстанның басқа да тауар өндірушілермен бәсекелестікке түсе алатын және әлемдік нарыққа шыға алатын ресурстармен анықталады.

Ең алдымен, әлемдік шикізат нарығын тауар өндірушілер өзара бөліп алған және де онда бос “тетік” жоқ, тек қана бәсекелестік күрес өмір сүруде. Екіншіден, шикізат әлемдік нарыққа төмен бағалармен шығарылады, сонымен қатар қазақстаандық шикізат жабдықтаушыларының имиджі жоқ, және де өнімдерінің сапасы әлемдік сертификатқа сәйкес келмейді. Әлемдік тұтынушы шикізатты тура белгіленген уақытында және сапасы жоғары шикізатты сатып алуға әдеттенген. Сондықтан да, әлемдік нарықта өз “тетігін” табуы үшін, көптеп күш жұмсау керек.

Социализм тұсында республика мынандай жағдайда болды: соншама тонна тас көмір, мұнай, бидай, түсті металдар және т.б. өндіре отырып, өз тұтынушыларымен қарым-қатынасқа да, дүниежүзілік нарықта бәсекелестікке де түспеген, сонымен қатар дүниежүзілік нарық конъюктурасын зерттемеген. Бірақ, тәуелсіздік алғаннан кейін, республика өз өнімдерін экспорттауда, тұтынушылармен қарым-қатынастар жасауда, дүниежүзілік нарық конъюктурасын зерттеуде алғашқы қадамдар жасай бастады.

Экспорттық -импорттық операциялар - Өнеркәсіп және сауда министірлігімен және Қазақстанның экономикалық даму сыртқы сауда ұйымдарымен және басқа да маманданған ұйымдармен үкіметаралық келісім негізінде, мемлекеттің қажеттілігі үшін еркін сауда шарттары негізінде өнімдер экспортты мен шикізат, азық-түлік, медикаменттер импортына лицензиялар мен квоталар негізінде, сонымен қатар тіккелей тауар өндірушілер – біріккен, шағын, жеке кәсіпорындар, кооперативтер негізінде жүзеге асырылады.

1992 жылдан бастап Қазақстан өзінің сыртқы сауда байланыстарын өз бетінше жүзеге асыра бастады.

1999 жылдың бірінші жарты жылдығында енгізген кеден декларациясының берілгені бойынша, республика 89 қиыр шет елдерімен тауар айырбасын жүргізді, оның ішінде: еуропаның - 40,8% Азияның - 28, Африканың - 12, Американың - 9, сонымен қатар Австралия және океаниямен.

Сыртқы сауда тауар айналымында орында Қытай, Швейцария, Алмания, АҚШ, Ұлыбритания, Швеция, Турция, Чехия, Оңтүстік Корея, Нидерланды, Жапония алады, ал Азия елдерінің үлесіне сыртқы сауданың - 28 % тиеді.

Қазақстанның сыртқы сауда айналымы 2004 жылы жалпы 29539.5 млн. АҚШ доллар құрады, бұл 2003 жылмен салыстырғанда 4406,2 млн. АҚШ доллар. Бұны біз келесі кесте арқылы көре аламыз (1-кесте).

1-кесте

Қазақстан Республикасының сыртқа саудасы


(млн. АҚШ доллар)





2002

2003

2004

Тауар айналымы, барлығы оның ішінде:

-ТМД елдері

-ТМД елдерінен тыс

Экспорт, барлығы оның ішінде;

-ТМД елдері

-ТМД елдерінен тыс

Импорт, барлығы оның ішінде:

-ТМД елдері

-ТМД елдерінен тыс

Сальдо, барлығы оның ішінде:

-ТМД елдері

-ТМД елдерінен тыс


15085.1


5954.1

9131

8639.1


2644.6

5994.5

6446


3309.5

3136.5

1086,2


109,9

976,3


16254.3


5237.6

11016.7

9670.3


2194.4

7475.9

6584.0


3043.2

3540.8

1911,5


-105,6

2017,1


21335.4


6912.8

14422.6

129926.7


2980.5

9946.2

8408.7


3932.3

4476.4

4087,4


-336,9

4454,3


Мұнда біз Қазақстанның сыртқы сауда айналымының жалпы көлемінде экспорттың үлесі – 64,4 % екендігін және импорттың үлесі – 35,6 % құрайтындығын көріп отырмыз. Сонымен қатар біз бұны мына диаграмма арқылы көре аламыз (1 - диаграмма).

1-диаграмма. Қазақстанның сыртқы сауда айналымының жалпы көлеміндегі экспорттың және импорттың үлесі




2004 жылы жалпы көлемі қыйыр шетелге 48 %, таяу шетелге – 52 % жеткізілген. Қазақстан ТМД экспорт көлемі бойынша Ресей (84,7 %) мен Украинадан (5,9 %) кейін үшінші (2,9 %) орында.

Қазақстан экспортының құрылымында металл бұйымдарының үлес салмағы жоғары: минералды өнімдер және химиялық өнімдер, ал машина мен құралдардың үлес салмағы төмен.

Табиғи күйінде жеткізілетін өнімдер қатарына мыс, қара металдар прокаты, ферроқоспалар, мырыш, мұнай, мазут, отын және тыңайтқыштар жатады. Осы тоғыз шикізат өнімдерінің үлесіне экспорттың 54 % келеді.

Бұдан біз Қазақстан Республикасының қазіргі кезде шикізат және материалдар экспортына бейімделгендігін және табыстарға жетуде басқа елдер алдында артықшылықтарымыздың бар екендігін көре аламыз.

Қазақстан Республикасының серіктес елдермен және тауарлар топтары бойынша экспорттың құрылымын келесі диаграммалар арқылы анық көре аламыз (2 - диаграмма және 3 - диаграмма).


2-диаграмма. Қазақстан Республикасының 2004 жылдың қаңтар-қараша айындағы серіктес елдермен экспорттың құрылымы.




3-диаграмма. Қазақстан Республикасының 2004 жылдың қаңтар-қараша айындағы тауар топтары бойынша экспорттың құрылымы.





Қазақстан табиғи материалдық ресурстар шығаруға маманданған, яғни арзан ресурстарды жабдықтаушы ретінде, халықаралық еңбек бөлінісіндегі Қазақстанның рөлі мен орнын қамтамасыз етеді. Егер де еліміздің импортын қарастырсақ, онда келесі тенденцияларды көруге болады.

4-диаграмма. Қазақстан Республикасының 2004 жылдағы тауардың негізгі топтар бойынша импорттың құрылымы.




Яғни мұндағы тауар бойынша негізгі үлесін машиналар мен құрал-жабдықтар құрайтындығын анық көріп отырмыз.

Импорттық саясат ең алдымен импортты қатаң түрде бақылауға бағытталуы керек.

Қазіргі кезде республика территориясына негізінен ішімдік бағыттағы және төменгі сапалы тауарлар енгізіледі, сондықтан бұларға тосқауыл қою керек. Ұлттық өндіріске зиян келтіретін өнімдердің енуін жанама әдістер арқылы шектей отырып, халықаралық тәжірибеге сәйкес импортты тергеу керек және Қазақстан өз бетімен жүзеге асыра алатын импорт алмастырушы өндірісті дамытуы керек. Импорттық тауарларды сатып алуға валюталық кірістердің және импортық несиенің едәуір бөлігі, сонымен қатар мемлекеттік емес құрылымдардың қаражаттары жұмсалады.

Бұдан біз Қазақстанның импортындағы негізгі үлес салмақты Ресей Федерациясы алып отырғандығын көреміз - 49%, Алмания - 7%, АҚШ- 5%, Ұлыбритания - 4%, басқалар - 26%.

Бұдан біз минералды ресурстар шығаруға маманданған, яғни арзан ресурстарды жабдықтаушы ретінде халықаралық еңбек бөлінісіндегі Қазақстанның рөлі мен орнын қамтамасыз етеді. Егер де еліміздің импортын қарастырсақ, онда оң және теріс жақтарын көруге болады.

Қазақстан Республикасының халықаралық еңбек бөлінісіне қатысу формалары. 1987 жылдан бастап одақ республикалары экспорттық-импорттық операциялар жоспарын өз бетімен жасады және оларға сыртқы нарыққа шығаруға ресми түрде рұқсат берілген.

Осыған дейін сыртқы экономикалық және республикалық байланыстар халықшаруашылық кешеннің және бірыңғай мемлекеттік жоспардың құрамында қалыптасқан. Одақ мемлекеттерінің кеңесі экспорт бойынша тапсырмаларды тікелей мемлекеттік бақылаудағы кәсіпорындармен өндірілетін өнімдерге белгіледі. Негізгі экспортер-кәсіпорындар одақ министрлігінің қарауында болды және олардың жоспарында экспортқа өндірілетін өнімдер бойынша тапсырмалар белгіленеді. Осындай қарым-қатынас жүйесі импорттық операциялар кезінде де жүргізілді.

Тыңшы органдарының шешімімен кәсіпорындардың, салалық, аймақтық, республикалық органдардың құқықтары мен міндеттері анықталды және олардың құрылымында сыртқы экономикалық байланыстар жөнінен арнайы бөлімшелер құрылды.

1987 жылы “Казахимпорт” республикалық сыртқы сауда бірлестігін құрылды, 1989 жылы Сыртқы сауда мемлекеттік комитет құрылып, 1991 жылы Сыртқы сауда байланыс министрлігі болып қайта құрылды. 1993 жылдың маусымынан бастап оны республика Премьер-министрінің орынбасары басқарды.

Республиканың өндірістік потенциалы тиімді пайдалану, нарық қажеттілігін қанағаттандыру, республиканың әлемдік шаруашылық байланыстарға тартылуын тездету мақсатында 1994 жылдың маусымында Сыртқы экономикалық байланыс министрлігін, Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп министрлігі мен Сауда министрлігін тарату негізінде Қазақстан Республикасының Сауда және өнеркәсіп министрлігі құрылды.

Министрлер кабинеті аппаратында, Экономика, Қаржы министрліктерінде, Ұлттық банкте арнайы бөлімшелер құрылып бекітілді, Кеден комитеті мен Сыртқы экономикалық банк (Алембанк) ұйымдастырылды.

Шетел мемлекеттерінің несиелерін тарту жөніндегі жұмыстарын үйлестіру және қауырт мәселелерді шешу үшін Премьер-министр басшылығымен шетелдік несиелер жөніндегі республикалық комиссия құрылды.

Қазақстан Республикасы шетелдік несиелерді тарту, пайдалану, қызмет ету және өтеу процестеріне мемлекеттік реттеуді күшейту және отандық өнімдер экспортын ынталандыру үшін 1994 жылдың шілде айында Қазақстан-Алембанкісінің барлық халықаралық міндеттер жөніндегі құқығын иеленуші болып табылатын Қазақстан Республикасының мемлекеттік экспорттық-импорттық (Эксимбанк) банкісі құрылды. Алембанк-Қазақстан дүние жүзінің 170 ірі банктерімен корреспонденттік байланыстары бар: 13 бас кредиттік желілерге қызмет көрсетеді; бірқатар ірі объектілерді қаржыландырады; валюталық несиенің 85 өндіріс сферасына жұмсайды.

Қазақстан Республикасының экономика министрлігінде ашық 24 кредиттік желілер шеңберінде шетел несиелерін қолдануға бақылау жасалады, оның ішінде 19 мемлекет және 5 халықаралық ұйым.

6260 млн. АҚШ доллар соммасына шетел капиталының қатысуымен 15 ірі инвестициялық жоба жүзеге асырылу керек.

Республика ішілік және республикадан тыс отандық бизнес қарым-қатынасында делдал болып Қазақстанның сауда-өндірістік палатасы табылады. Ол 1959 жылы ұйымдасқан және 1989 жылдан бастап өз алдына дербес болды. Қазіргі кезде оның мүшелік құрамына 400-ден аса ұйым кіреді, және оның қарауында “КазЭкспо”, “Казнешсервис”, “Казахстанэкспертиза” сияқты маманданған фирмалар құрылды.

Облыс орталығында республикалық палаталық уәкілдігімен дербес сауда өндірістік палаталар құрылуда. Шетел мемлекеттерімен біріккен сауда палаталарын құру жөнінен мақсатты жұмыстар жүргізілуде. Франциямен біріккен сауда палатасы құрылды. 9 елде сауда үйлері құрылды.

Республикада кәсіпкерлік қызметті ынталандыру, отандық экономиканың дүниежүзілік шаруашылық байланыс интеграциялануына жағдай жасау мақсатында Алматы қаласында “Атакент” еркін сауда аймағы құрылды.

Қазақстан Республикасында шетел фирмаларының 160 өкілдіктері тіркелді, шетел капиталының қатысуымен 10 банк жұмыс істейді, 6812 тіркелді (2004ж. Шілде).

ТМД елдерінің ішінде Қазақстан бірінші болып егеменді мемлекеттің сыртқы экономикалық қызметін нормативтік құжаттарды қабылдады.

Осының барлығы Қазақстан Республикасының қазіргі кездегі дамуының халықаралық экономикалық қарым-қатынастар сферасында тәуелділік жағдайын ескертеді. Бұлай болмау керек.

Егер біз мемлекетіміздің дамуын, халықаралық еңбек бөлінісіндегі рөлінің жоғарылауын қаласақ, онда елдің өнеркәсіп өндірісін біртіндеп отырып экспорт пен импорттың құрылымын өзгертуіміз керек.

1   2   3   4   5   6   7   8

Похожие:

1-тарау. Халықаралық еңбек бөлінісінің халықаралық экономикадағы алатын орны мен ролі icon1-тарау. Халықаралық еңбек бөлінісінің халықаралық экономикадағы алатын орны мен ролі
Оларға тән қасиеттердің бірі экономикалық интернационализацияның әртараптандыру нысандары болып табылады. Олардың ішінде қазіргі...
1-тарау. Халықаралық еңбек бөлінісінің халықаралық экономикадағы алатын орны мен ролі iconХалықаралық сауда ұйымдарының мәні мен ролі Халықаралық сауда ұйымдарының әлемдік экономикадағы орны мен ролі
Көп жақты және екі жақты ынтымақтастық үшін қолайлы жағдайлар жасау және осы бағытты келісімдеу мақсатында көптеген халықаралық,...
1-тарау. Халықаралық еңбек бөлінісінің халықаралық экономикадағы алатын орны мен ролі iconМырзахметова Аида Менлібай-қызы доцент, экономикалық ғылымдар кандидаты, халықаралық қатынастар факультет, халықаралық қатынастар және әлемдік экономика
Зерттеу облысы: Әлемдік экономиканың кәзіргі мәселелері және ҚР халықаралық еңбек бөлінісінің орны, халықаралық сауда мәселері және...
1-тарау. Халықаралық еңбек бөлінісінің халықаралық экономикадағы алатын орны мен ролі iconЖоспар Кіріспе Тарау І. БҰҰ қалыптасуы, алдына қойған мақсатары мен мекемелері
Халықаралық ұйымдар-әлемдік саясаттың ажырамас бөлігі, халықаралық ұйымның қалыптасу тарихы
1-тарау. Халықаралық еңбек бөлінісінің халықаралық экономикадағы алатын орны мен ролі iconҚмму ф 4/3-08/01
Тақырыбы: «Экологиялық проблемаларды шешуде мемлекеттік емес (МЕҰ) және халықаралық ұйымдардың алатын орны»
1-тарау. Халықаралық еңбек бөлінісінің халықаралық экономикадағы алатын орны мен ролі iconХалықаралық стандарттармен байланысы
Назарбаев зияткерлік мектептердегеі (нзм) бағалаудың мақсаты – білім алушы қамтыған білім, дағдылар мен түсінушіліктің жалпы өлшеудің...
1-тарау. Халықаралық еңбек бөлінісінің халықаралық экономикадағы алатын орны мен ролі iconБітірушілердің билет сұрақтары
Тмд елдерінің дүние жүзінің саяси картасындағы орны, оның әлемдік экономикадағы ролі
1-тарау. Халықаралық еңбек бөлінісінің халықаралық экономикадағы алатын орны мен ролі iconI Әлемдік экономикадағы халықаралық қаржы капиталы қозғалысының либерализациядағы даму ерекшеліктері II
Республикасының әлемдік экономикалық қоғамдастыққа тең құқықты мүше ел болып кіруі одан, яғни, Қазақстан Республикасынан басқа елдердегі...
1-тарау. Халықаралық еңбек бөлінісінің халықаралық экономикадағы алатын орны мен ролі iconСтуденттерге арналған жол көрсеткіш
Сізді Түркі әлемінің және Қазақстан мемлекетінің ішінде ең алғашқы Халықаралық мәртебесіне ие болған жоғары оқу орны – Халықаралық...
1-тарау. Халықаралық еңбек бөлінісінің халықаралық экономикадағы алатын орны мен ролі icon«байқОҢЫР» Ғарыш айлағының халықаралық ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘртебесі
Фараби атындағы ҚазҰУ,Халықаралық қатынастар факультеті,халықаралық құқық кафедрасыныңдоценті
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница