1997 жылғы 20 маусымдағы «Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен қамтамасыз ету туралы» №136-i заңымен




Скачать 111.38 Kb.
Название1997 жылғы 20 маусымдағы «Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен қамтамасыз ету туралы» №136-i заңымен
Дата конвертации12.02.2016
Размер111.38 Kb.
ТипДокументы
источникhttp://www.akimvko.gov.kz/assets/kz/files/social12c.doc

ЕУРОПАЛЫҚ ОДАҚ



Өзіңнің келешек зейнетақың туралы нені білуің қажет?


Қазақстанның жинақтаушы зейнетақы жүйесі

Қазақстанның жинақтаушы зейнетақы жүйесі 3 деңгейлі болып табылады және 1997 жылғы 20 маусымдағы «Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен қамтамасыз ету туралы» № 136-I Заңымен реттеледі.

Бірінші деңгей – КСРО-ның ыдырауынан кейін Қазақстанда қалыптасқан ортақ зейнетақы жүйесі «ұрпақ ынтымақтастығы» негізінде құрылды. Мұнда халықтың жұмыс істейтін бөлігінің салықтық аударымдары және басқа түсімдер арқылы мемлекеттік бюджет зейнетақы төлемдерінің көзі болды. Зейнетақы төлемдерінің көлемі еңбек өтілімен анықталады. Қазіргі уақытта осы деңгей аясында зейнеткерлікке шығу кезінде 1998 жылғы 1 қаңтарына еңбек өтілі 6 айдан кем емес адамдарға (яғни жұмыс қызметін 1997 жылдың 1 шілдесінде бастаған) зейнетақы төлемдері тағайындалады.

Ортақ жүйемен қатар жинақтаушы зейнетақы жүйесі де құрылған және дамып келеді.

Екінші деңгей – бұл Қазақстанда тұрақты өмір сүретін Қазақстан азаматтары, шетел азаматтары және азаматтығы жоқ адамдар үшін ай сайынғы табыстан 10 пайыздық көлемде зейнетақы аударымдары белгіленген міндетті жинақтаушы зейнетақы жүйесі.

Үшінші деңгей ерікті және ерікті кәсіби зейнетақы жарналары негізінде құралған жинақтаушы жүйе.


Зейнетақыны алу жолдары

Егер Сіздің еңбек қызметіңіз 1998 жылға дейін басталса (және 6 айдан астам уақытқа созылса) және Сіз жұмыс істеуді жалғастырсаңыз (жалғастырып жатсаңыз), онда зейнетақы 1-ші және 2-деңгейлерден тұрады, яғни Сіз мемлекеттік зейнеақыға да және өзіңіздің міндетті зейнетақы аударымдарыңыз арқылы қалыптасқан төлемдеріңізге де сене аласыз.

Егер Сіздің еңбек қызметіңіз 1998 жылдан кейін басталса, онда зейнетақы Сіздің жинақтауларыңыз арқылы толық қалыптасады (яғни 2-деңгейге сәйкес келеді).

Бірінші жағдайда да, сондай-ақ екінші жағдайда да ерікті зейнетақы жарналары зейнетақыға қосымша бола алады. Бұл ерікті зейнетақы жарналарын Сіз өз пайдаңызға немесе үшінші адам пайдасына төлеуге құқылысыз.


Зейнетақы жүйесінің қатысушылары

Белгілі бір қызметтерді орындау арқылы зейнетақы жүйесінің жұмыс сапасына ықпал ететін мекемелер бар. Негізгі «ойыншылар» кім және олардың рөлі қандай?

  • міндетті зейнетақы жарналар салымшылары жинақтаушы зейнетақы қорындағы жеке зейнетақы шоттарына табыстарынан ай сайын 10% жарна аударылатын жеке тұлғалар. Сонымен қатар жарналар тек міндетті ғана емес, сондай-ақ азаматтармен де, азаматтар пайдасына мекемелермен де (мысалы, жұмыс берушілермен) төлене алатын ерікті жарналар да бола алады;

  • жинақтаушы зейнетақы қорлар (ЖЗҚ) – бұл зейнетақы жарналарын тарту және келешекте азаматтарды зейнетақы төлемдерімен қамтамасыз ету міндеттерін атқаратын мекемелер;

  • зейнетақы активтерін басқаратын компаниялар бұл зейнетақы активтерін әртүрлі бағалы қағаздарға және басқа қаржылық құралдарға инвестициялайтын мекемелер, яғни олардың негізгі міндеті – салымшылардың ақшаларын көбейту. Инвестициялық басқарумен тек қана арнайы құрылған мекемелер ғана емес, сондай-ақ ЖЗҚ-лардың өздері де айналыса алады (тиісті лицензиялары болса);

  • кастодиан-банктер – бұл зейнетақы қаржысына есеп жүргізетін және зейнетақы қыржысын сақтайтын, олардың мақсатты орналастырылуын бақылайтын банктер;

  • Мемлекеттік зейнетақы төлемдері орталығы (МЗТО) – есеп жүргізетін (зейнетақы жүйесінің қатысушысы ретінде), электрондық өңдеу жүргізетін және жұмыс берушіден немесе салымшының өзінен түскен міндетті зейнетақы жарналарын салымшымен таңдалып алынған ЖЗҚ–ға аударатын, мемлекеттік зейнетақы төлемдерін жүргізетін мемлекеттік мекеме;

  • Қазақстан Республикасының Қаржы рыногын және қаржы мекемелерін қадағалау және реттеу агенттігі (ҚР ҚҚА) – мемлекеттік орган, оның мақсаттары:

1) қаржы рыногының және қаржы мекемелерінің қаржы тұрақтылығын қамтамасыз ету және қаржы жүйесіне толық сенімді сақтау;

2) қаржылық қызмет тұтынушыларының мүддесін тиісті қорғау деңгейін қамтамасыз ету;

3) қаржы мекемелерінің қызметі үшін қаржы рыногында адал бәсекелестікті қолдауға бағытталған тең құқықты жағдайлар жасау.

Қазақстанда барлығы 13 зейнетақы қоры жұмыс істейді (2010 жылдың 1 тамызына). Заңға сәйкес Сіз 10% аударымдар жасап, зейнетақылық қаржыны қорлардың тек біреуінде ғана сақтай аласыз. Бірақ Сіз өз жиналған қаржыңызды басқа зейнетақы қорына аудара аласыз, бірақ жылына 2 реттен артық емес.


Жинақтаушы зейнетақы қорын қалай таңдап алу керек?

Зейнетақы қорын таңдау – бұл Сіздің құқығыңыз... және Сіздің тәуекеліңіз екенін есіңізде сақтаңыз! Зейнетақы жарналары міндетті болуына қарамастан, олар Сіздің жеке ақшаңыз, Сіз оны белгілі уақытқа дейін қарызға бересіз. Уақыт өткеннен кейін Сіз өз салымыңызды қайтарып алуға құқылысыз. Сіз өзіңіздің бірінші жарнаңызды салғаннан кейін, құттықтаймыз, Сіз инвестор болдыңыз! Бірақ осы уақыттан бастап Сіздің ақшаңыз өз бетімен көп есеге көбееді деп үміттену әлі ертерек. Инвестициялар – тәуекелді іс, олар қосымша пайда алуға да, сондай-ақ ақшаны жоғалтуға да әкеледі. Әрине, Сіз зейнетақы қорына өз шарттарыңызды – өзіңіздің жинақтаған қаражатыңызды қайда салғыңыз келетінін күштеп айта алмайсыз, бірақ біраз салыстырма жасап, өзіңізге қолайлы ЖЗҚ-ны таңдап алу бүгінгі күні әбден мүмкін.


Сонымен бірнеше кеңес:

  • www.afn.kz сайтында орналастырылған ресми ақпаратты пайдаланыңыз және Сізді қызықтыратын зейнетақы қорына соңғы жылы қандай қарсы ықпал ету шаралары қолданылғанын, сондай-ақ келтірілген бұзушылықтар қаншалықты түзетілгенін тексеріңіз. Бұзушылықтардың санына және қауіптілігіне байланысты заң нормаларын және ережелерді сақтаудағы қордың жауапкершілігі қаншалықты екені туралы пікір қалыптастыруға болады.

  • Өз қаражатыңызды ЖЗҚ-ға аудара отырып, оның сақталуы туралы ғана емес, сондай-ақ оның көбеюі туралы да ойлану керек. Уақыт өте келе, инфляцияға байланысты ақша құнсызданып кетеді. Сондықтан инвестициялық табыс деңгейі (Сіздің жинақталған зейнетақылық қаржыңызға есептелетін және Сіздің ақшаңызды әртүрлі бағалы қағаздарға салудан құралатын қосымша сыйақы) маңызды фактор болып табылады.

Мысалды қарастырайық: Сіз ЖЗҚ-лардың біреуінің салымшысы болып табыласыз, жеке зейнетақы шотыңыздың жағдайы туралы жазба көшірмесінің мәліметтері бойынша Сіздің жинақтаған қаражатыңыз төмендегідей: 1) 2009 жылдың 1 шілдесіне жинақтаған қаражатыңыз 1 млн теңгені құрады; 2) 2009 жылдың шілдесінен 2010 жылдың маусымына дейін міндетті зейнетақы аударымдардың жалпы сомасы 84 мың теңгені құрады (орташа есеппен ай сайын 7 мың теңгеден); 3) инвестициялық табыс сомасы (зейнетақы қорының Сіз үшін тапқан табысының сомасы) 2010 жылдың 1 шілдесіне 45 мың теңгені құрайды (инвестициялық табыс соңғы жылғы жинақталған қаржы мен зейнетақы жарналарына есептелген).

Мына цифрларды қалай «оқу» керек және қалай пайдалану керек?

Біріншіден, басқа ЖЗҚ менеджерін, егер Сіз сол ЖЗҚ салымшысы болған жағдайдағы осыған ұқсас есеп жүргізіп беруді сұрап өтініңіз, және сонан кейін есептеп берген мәліметтерді өзіңіздегі бар мәліметтермен салыстырыңыз. Осылай Сіз қандай ЖЗҚ-да инвестициялық табыс жоғары екенін анықтай аласыз.

Екіншіден, жалпы жинақталған қаражат сомасына инвестициялық табыс пайызын нобайлап санап көріңіз. Біздің жағдайда ол соңғы жылғы аударымдарды (84 мың теңге) есепке алмаса да 4,5%-ды құрайды (45 000/1 000 000 х 100%). Енді алынған пайызды қазіргі уақытта шамамен 8%-ды құрайтын инфляция деңгейімен салыстырыңыз. Қорытындысында Сіздің ақшаңыз көбеймек түгіл, сақталмаған да, өйткені жинақталған қаражатты инфляция жойып жіберген.

Үшіншіден, Сіздің инвестициялық табысыңыз ай сайын қалай өзгеріп отыратынын салыстырыңыз. Біздің мысалдағы жағдай мынандай (Сіз мұндай ай сайынғы түсініктемені ЖЗҚ беретін жеке зейнетақы шотыңыздың жағдайы туралы жазба көшірмесінен көре аласыз):

2009 жыл

2010 жыл

шілде

тамыз

қыркүйек

қазан

қараша

желтоқсан

қаңтар

ақпан

наурыз

сәуір

мамыр

маусым

-500

18400

1520

5200

5400

7600

-3700

4100

5100

2100

-460

240

Көріп отырғанымыздай, инвестициялық табыс оңды да, сондай-ақ теріс болуы мүмкін (2009 жылдың желтоқсанында – «плюс» 7600 теңге, ал 2010 жылдың қаңтарында – «минус» 3700 теңге). Егер осындай кенет өзгерулер орын алса, онда ЖЗҚ тұрақтылығымен ерекшеленбейді.

  • Сіздің ақшаңыз ЖЗҚ-ға түсе салысымен «жұмыс істей бастайды», яғни әртүрлі бағалы қағаздарға инвестицияланады (салынады). ЖЗҚ-лардың әрқайсысының әртүрлі бағалы қағаздар жиынтығы бар. Инвестициялық портфель құрылымын бағалау үшін бағалы қағаздардың белгіленген түрлеріне тағайындалатын рейтингтерге назар аудару керек. Бағалы қағаздардың рейтингісі – бұл халықаралық тәжірибеде қабылданған, бағалы қағаздардың сенімділік дәрежесін бағалайтын шартты көрсеткіш. Мысалы, «ААА», «АА», «А», «ВВВ», …, «SD», мұнда «ААА» рейтингі ең жоғары (пайыздар мен салымды қайтару мүмкіндігі жағынан ең сенімді) болып табылады. Сізге қордың зейнетақы активтерінің негізгі бөлігі сенімді қағаздарға орналастырылғандығына және қордың әртүрлі бағалы қағаздар портфелі бар екендігіне көз жеткізу қажет. Мұндай жағдайда табыстың төмендеуі немесе қағаздардың бір түрімен болған проблемалар барлық зейнетақы активтеріне ықпал етпейді.

  • Қордың меншік иелеріне (акционерлеріне) назар аударыңыз. Бұл жақсы атаққа іліккен ірі кәсіпорындар екендігіне көз жеткізіңіз. Бұл шынында да маңызды, өйткені қажет болған жағдайда дәл осы құрылтайшылар міндеттемелердің (соның ішінде қарыз) орындалуы үшін және Сізге ақшалай қаражатты төлеп беру үшін жауапты.

  • Сіздің қалаңызда қордың филиалдары бар ма екен, соны біліңіз. Сіз қажет болған жағдайда қызметкерлерге өзіңізді қызықтыратын сұрақтарды қоя аласыз. Егер Сіздің мүмкіндігіңіз болса (тікелей немесе телефонмен), қызметкерлер қаншалықты әдепті екенін, ақпарат беру қабілеттіліктерін, қосымша материалдар ұсынуға, Сізге келуге дайын ба (қажет болған жағдайда) және т.б. анықтаңыз.

  • Өзіңіздің қаражатыңыз жөнінде жедел ақпаратты қандай жолмен және қандай мерзім аралығында ала алатыныңызды біліңіз.

  • Салымшылар саны қанша екенін анықтаңыз. Бір жағынан, бұл қордың клиенттерді тарту қабілеттілігін көрсетеді, екінші жағынан, салымшылардың сенімін көрсетеді. Бірақ сақ болыңыз, бұл азғана факторлардың тек біреуі ғана және ең бастысы да емес. Шешімді ойланып, өз бетіңізбен қабылдаңыз, басқалардың пікірі маңызды, бірақ көпшілік ойына берілмеңіз!


Ұсынымдар:

- Сіз зейнетақы қорының салымшысы болып табыласыз, сондықтан ЖЗҚ менеджеріне өзіңізді мазалайтын барлық сұрақты қоюға құқылысыз;

- егер Сіз ЖЗҚ менеджері пайдаланатын күрделі қаржылық терминологияны түсінбесеңіз, менеджерден өзіңізге түсінікті болатын тілде Сізді қызықтыратын мәліметтерді түсіндіріп беруін өтініп сұраңыз;

- Сіз зейнетақы қорын таңдап алғаннан кейін және алғашқы зейнетақы аударымдарын жасағаннан кейін (немесе басқа ЖЗҚ-дан қаражатты аударғаннан кейін) ақпаратты бақылап отыруды тоқтатпаңыз. Бұл күн сайын оны іздеуге уақыт кетіріп отыру керек деген емес. Алдындағы басқа кезеңдермен және басқа ЖЗҚ-лармен салыстырғандағы көрсеткіштердегі өзгерістерді қадағалап отыру үшін айына 1 рет 15-20 минут жеткілікті. Егер Сіз көрсеткіштердің төмендеуін байқасаңыз, асықпаңыз, мүмкін бұл уақытша жағдай шығар және ол қаржы рыноктарына тұтас ықпал ететін шығар. Егер айдың қорытындысы бойынша, Сіздің жинақталған зейнетақы қаржыңызға теріс инвестициялық табыстың есептелгенін байқасаңыз, зейнетақы қорындағы өз менеджеріңізден түсіндіріп беруді талап етіңіз. Түсіндіру барысында Сізге келесі сұрақтарға жауап берулері керек: 1) Осы шығын қандай себепке байланысты пайда болды? 2) Осы шығын уақытша ма? 3) Осы шығынның орнын толтыру бойынша қордың әрекеттері қандай?

Берілген жауаптарға байланысты Сіз өзіңіз үшін тәуекелді бағалай аласыз. Егер Сіз осы сұрақтарға жауап алмасаңыз, немесе берілген жауаптар Сізді қанағаттандырмаса, немесе жағдай түзетілмесе немесе соңғы 3 айда жағдай нашарлап кетсе, онда басқа зейнетақы қорын таңдау туралы ойлану керек. Бірақ есіңізде сақтаңыз: зейнетақы қорын Сіз жылына 2 рет қана ауыстыра аласыз!


Маңызды!

«Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен қамтамасыз ету туралы» Заңының 6-бабына сәйкес салымшының зейнетақы қаражаты, оның зейнетақы жарналары мемлекет кепілдігінде. Егер төлеу уақытына зейнетақы жарналарының көлемі таза төленген жарналар сомасынан аз болған жағдайда мемлекеттік бюджеттен орны толтырылады. Мысалы, Сіздің барлық жұмыс істеген уақытыңыз бойы аударылған таза зейнетақы қаражатыңыздың жалпы сомасы 20 млн теңгені құрады, бірақ өкінішке орай Сіздің шотыңызда тек 19 млн теңге қалды (мүмкін кері инвестициялық табысқа байланысты). Осы жағдайда мемлекет 1 млн теңгенің орнын толтыру міндетін өзіне алады. ЖЗҚ-ның инвестициялық табысына кепілдік берілмейді !


Міндетті зейнетақы жарналарын салымшылар және жинақтаушы зейнетақы қорларынан зейнетақы төлемдерін алушылар:

1) міндетті зейнетақы жарналары арқылы зейнетақымен қамтамасыз ету туралы келісімшарт жасасу үшін ЖЗҚ-ны таңдауға;

2) ЖЗҚ акционерлері, зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүргізетін мекеме, өкілетті органмен белгіленетін көлемдегі банк-кастодиан туралы ақпаратты алуға;

3) жинақталған зейнетақы қаражаты туралы ақпаратты алуға;

4) жинақтаушы зейнетақы қорының әрекеттері туралы сотқа шағымдануға;

5) ЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерін алуға;

6) бір ЖЗҚ-дан екінші ЖЗҚ-ға өз жинақталған зейнетақы қаражатын аударуға, бірақ жылына 2 рет қана;

7) Қазақстан Республикасының заңына сәйкес өз жинақталған зейнетақы қаражатын өсиет етіп қалдыруға;

8) Қазақстан Республикасынан тыс жерге тұрақты өмір сүруге кеткен кезде өз жинақталған зейнетақы қаражатын алып кетуге;

9) жинақталған зейнетақы қаражатын жинақтаушы зейнетақы қорынан сақтандыру мекемесіне ауыстыруға;

10) міндетті зейнетақы жарналары арқылы зейнетақымен қамтамасыз ету туралы келісімшартқа және Қазақстан Республикасының заңына сәйкес басқа құқықтарын пайдалануға құқылы.


Міндетті зейнетақы жарналарын салымшылар және жинақтаушы зейнетақы қорларынан зейнетақы төлемдерін алушылар

1) міндетті зейнетақы жарналары арқылы зейнетақымен қамтамасыз ету туралы тек бір ғана келісімшарттың жағы болып табылуға және тек бір ғана ЖЗҚ-да міндетті зейнетақы жарналары арқылы жинақталған зейнетақы қаражаты болуына;

2) ЖЗҚ міндеттемелерін орындауға ықпал ететін барлық өзгерістер туралы осы өзгерістердің болған күнінен бастап 10 күн аралығында ЖЗҚ-ға хабарлауға;

3) Заңмен алдын ала қарастырылған жағдайларда зейнетақы аннуитеті келісімшартын жасауға;

4) Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамтамасыз ету туралы Заңына және зейнетақымен қамтамасыз ету туралы келісімшарттың жағдайларына сәйкес басқа міндеттемелерді орындауға міндетті.

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы

зейнетақымен қамтамасыз ету туралы» Заңының 27-бабы


Материал Еуропалық Одақтың қаржылық қолдауымен «Бүгінгі еңбек нарығындағы құқықтың қорғалғандығы – ертеңгі құрметті қарттық шақ» жобасы аясында «ЗУБР» Әлеуметтік бірлескен қорымен дайындалды.

Похожие:

1997 жылғы 20 маусымдағы «Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен қамтамасыз ету туралы» №136-i заңымен iconСалымшылардың (алушылардың) іс жүзінде енгізілген міндетті зейнетақы жарналарының сомаларына инфляция
«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 20 маусымдағы Заңының 6-бабына...
1997 жылғы 20 маусымдағы «Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен қамтамасыз ету туралы» №136-i заңымен iconҚазақстан Республикасы Үкiметiнiң жанындағы Мемлекеттiк ономастика комиссиясы туралы
Республикасындағы тiл туралы Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 11 шiлдедегi Заңының 23-бабына сәйкес (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң...
1997 жылғы 20 маусымдағы «Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен қамтамасыз ету туралы» №136-i заңымен iconБірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін басқару жөніндегі кеңестің кейбір мәселелері туралы
«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 36-бабына сәйкес...
1997 жылғы 20 маусымдағы «Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен қамтамасыз ету туралы» №136-i заңымен iconҚазақстан Республикасының мемлекеттiк наградалары туралы
Ескерту. ҚР 1997. 06. 19 N 134 Заңымен енгiзiлген толықтырулар мен өзгертулер 1998 жылғы 1 қаңтарынан бастап күшiне кiредi
1997 жылғы 20 маусымдағы «Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен қамтамасыз ету туралы» №136-i заңымен iconӘлеуметтiк-экономикалық даму болжамын әзiрлеу ережесiн бекiту туралы
Республикасындағы мемлекеттiк жоспарлау жүйесi туралы Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2009 жылғы 18 маусымдағы n 827 Жарлығына...
1997 жылғы 20 маусымдағы «Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен қамтамасыз ету туралы» №136-i заңымен icon«Назарбаев Зияткерлік мектептері» акционерлік қоғамының 2011-2020 жылдарға арналған даму стратегиясын бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 18 маусымдағы №827...
1997 жылғы 20 маусымдағы «Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен қамтамасыз ету туралы» №136-i заңымен iconРешение жарма ауданы бойынша сайлау учаскелерін құру туралы Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі n 2464 «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы»
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 23 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы...
1997 жылғы 20 маусымдағы «Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен қамтамасыз ету туралы» №136-i заңымен iconБухгалтерлiк есеп пен аудит саласында мемлекеттiк қызметтер стандарттарын бекiту туралы
Казахстанская правда" от 02. 06. 2010 г., №136 (26197); "Егемен Қазақстан" 2010 жылғы 03 маусымдағы №216 (26062); Қазақстан Республикасының...
1997 жылғы 20 маусымдағы «Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен қамтамасыз ету туралы» №136-i заңымен iconҚазақстан Республикасы азаматтарының шығу туризмі саласындағы құқықтарына кепілдік беру жүйесі әкімшісінің функциясын жүзеге асыратын заңды тұлғаны айқындау туралы
«Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы» 2001 жылғы 13 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 10-1 тармақшасына...
1997 жылғы 20 маусымдағы «Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен қамтамасыз ету туралы» №136-i заңымен iconҚазақстан республикасындағы балалардың жағдайы туралы баяндама астана қаласы
Балалардың білім беруге құқығын қамтамасыз ету саясаты
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница