Қазақстан республикасының Қаржы нарығЫН




НазваниеҚазақстан республикасының Қаржы нарығЫН
страница4/4
Дата конвертации12.02.2016
Размер0.55 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://www.afn.kz/attachments/68/68/publish68-2105020151..doc
1   2   3   4
бес жұмыс күні ішінде іс-шаралар жоспарын қарайды және оны қабылдау не қабылдамау туралы шешім қабылдайды.

13-7. Іс-шаралар жоспарын қабылдау не қабылдамау туралы шешімді құзыретіне листинг, делистинг немесе бағалы қағаздар тізімінің санатын ауыстыру мәселелерін қарау кіретін қор биржасының органы (бұдан әрі – листингтік комиссия) қабылдайды және оны қор биржасының директорлар кеңесі бекітеді.

Листингтік комиссияның іс-шаралар жоспарын қабылдау туралы шешімін қор биржасының директорлар кеңесі бекіткен жағдайда, осы шешімде эмитенттің бағалы қағаздары «буферлік санат» санатына аударым жасалуы тиіс екендігі туралы ақпарат болады.

Листингтік комиссияның іс-шаралар жоспарын қабылдамау туралы шешімін қор биржасының директорлар кеңесі бекіткен жағдайда, осы шешімде эмитенттің бағалы қағаздары осы шағын санаттың талаптарына не делистингке сәйкес келген кезде қор биржасының ресми тізімінің «рейтингтік бағасы жоқ борыштық бағалы қағаздар» санатының «екінші шағын санаттың рейтингтік бағасы жоқ борыштық бағалы қағаздары» шағын санатына аударым жасалуы тиіс екендігі туралы ақпарат болады.

Қор биржасының директорлар кеңесі листингтік комиссияның іс-шаралар жоспарын қабылдау туралы шешімін бекітуден бас тартқан жағдайда, эмитенттің бағалы қағаздары осы шағын санаттың талаптарына не делистингке сәйкес келген кезде қор биржасының ресми тізімінің «рейтингтік бағасы жоқ борыштық бағалы қағаздар» санатының «екінші шағын санаттың рейтингтік бағасы жоқ борыштық бағалы қағаздары» шағын санатына аударым жасалуы тиіс.


Қор биржасының директорлар кеңесі листингтік комиссияның іс-шаралар жоспарын қабылдамау туралы шешімін бекітуден бас тартқан жағдайда, эмитенттің бағалы қағаздары «буферлік санат» санатына аударым жасалуы тиіс.

Эмитенттің бағалы қағаздары «буферлік санат» санатында болған кезеңде эмитент эмитенттің директорлар кеңесі (акционерлік қоғамнан бөлек, өзге ұйымдастырушылық-құқықтық нысанда құрылған эмитенттің қадағалау кеңесі) бекітетін іс-шаралар жоспарына өзгеріс енгізе алады.

Іс-шаралар жоспарына енгізілетін өзгерістерді қабылдау не қабылдамау туралы шешімді листингтік комиссия қабылдайды және оны қор биржасының директорлар кеңесі іс-шаралар жоспарына енгізілетін өзгерістерді алған күннен кейінгі он жұмыс күні ішінде бекітеді.

Іс-шаралар жоспарына енгізілетін өзгерістерді қабылдамау туралы шешім эмитенттің бағалы қағаздары делистинг үшін негіздемелер болмаған жағдайда, осы қаулының 13-13, 13-14, 13-16-тармақтарына сәйкес «буферлік санат» санатында қалатыны туралы ақпаратты қамтиды.

13-8. Эмитент «буферлік санат» санатына өзінің бағалы қағаздарын аударым жасаудың негіздерін жойған не делистингі және «буферлік санат» санатына аударым жасау туралы шешім қабылданған сәтке дейін растайтын құжаттарды берген не бағалы қағаздардың делистингі жағдайында, осы бағалы қағаздар осы қаулының 13-1-тармағында көрсетілген іс-әрекеттер жасалған сәтте болған қор биржасының ресми тізімінің санатында қалады.

13-9. Қор биржасының ресми тізімінің «буферлік санат» санатында бағалы қағаздардың болуының барынша ұзақ мерзімі эмитентті және оның бағалы қағаздарын «буферлік санат» санатына аударым жасау туралы шешім қабылданған күннен бастап он екі айды құрайды.

13-10. Бағалы қағаздар «буферлік санат» санатында болған кезеңде, эмитент (рұқсатнаманың бастамашысы) тоқсан сайынғы негізде және қор биржасының ресми сұратуы бойынша сауда-саттықты ұйымдастырушысына мына ақпаратты береді:

1) қор биржасының ішкі құжаттарында және листинг туралы шартта тізбесі айқындалатын, эмитенттің қызметіндегі маңызды оқиғалар жөніндегі оның ішінде мәліметтер бар есептілікті және ақпаратты береді;

2) іс-шаралар жоспарында көзделген шараларды орындау туралы мәліметтерді.

13-11. Қор биржасы іс-шаралар жоспарын қабылдаған жағдайда, осы эмитенттің борыштық бағалы қағаздарының барлық шығарылымдары буферлік санат» санатына аударым жасалады.

13-12. Осы қаулының 13-9-тармағында көрсетілген мерзімде эмитенттің бағалы қағаздарын «буферлік санат» санатына аударым жасау үшін осы қаулының 13-9-тармағында көрсетілген негіздер жойылған жағдайда, листингтік комиссиясының шешімі негізінде бағалы қағаздар «буферлік санат» санатынан бұдан бұрын олар болған санатқа аударым жасалады.

Эмитенттің міндеттемелерін қайта құрылымдаған жағдайда, оның бағалы қағаздарын «буферлік санат» санатынан басқа санатқа (шағын санатқа) аударым жасаудың негізі болып құзыретіне листинг, делистинг немесе бағалы қағаздар тізімінің санатын ауыстыру мәселелерін қарау кіретін, қор биржасы органының эмитент және оның бағалы қағаздары қор биржасының ресми тізімінің тиісті санатының талаптарына сәйкес келетіні туралы шешімі табылады.

13-13. Осы қаулының 13-1-тармағының 1 ) тармақшасында белгіленген сәйкессіздіктерді осы қаулының 13-9-тармағында көрсетілген мерзімде жоймаған жағдайда, эмитенттің бағалы қағаздары осы шағын санаттың талаптарына сәйкес келгенде не делистингте қор биржасының ресми тізімінің «рейтингтік бағасы жоқ борыштық бағалы қағаздар» санатының «екінші шағын санаттың рейтингтік бағасы жоқ борыштық бағалы қағаздары» шағын санатына аударым жасауға жатады.

13-14. Егер эмитент және оның бағалы қағаздары «буферлік санат» санатында болғанда, осы санатқа оларды аударым жасауға әкелген сәйкессіздіктермен қоса осы қаулының 10-тармағының басқа да талаптарына сәйкес келмеген жағдайда, эмитенттің бағалы қағаздары осы шағын санаттың талаптарына сәйкес келгенде не делистингте қор биржасының ресми тізімінің «рейтингтік бағасы жоқ борыштық бағалы қағаздар» санатының «екінші шағын санаттың рейтингтік бағасы жоқ борыштық бағалы қағаздары» шағын санатына аударым жасауға жатады.

13-15. Егер бағалы қағаздары «буферлік санат» санатында болғанда, эмитент қайта құрылымдау жөнінде хабарлаған жағдайда, эмитент және оның бағалы қағаздары «буферлік санат» санатында қалады.

13-16. Эмитенттің бағалы қағаздары мынадай жағдайларда делистингке жатады:

1) эмитенттің қызметі қайта құрылымдау немесе тарату не эмитент тарату процесінде болу нәтижесінде тоқтатылғанда;

2) өз міндеттемелері бойынша сыйақы төлеу жөнінде эмитенттің дефолтында (соңғы купондық кезең бойынша сыйақыны қоспағанда) және эмитент осы қаулының 13-5-тармағында көрсетілген іс-шаралар жоспарын бермегенде;

3) бағалы қағаздар және оның эмитенттері осы қаулының 10 және 11-тармақтарында белгіленген талаптарға сәйкес келмегенде және эмитент осы қаулының 13-5-тармағында көрсетілген іс-шаралар жоспарын бермегенде;

4) қор биржасы осы қаулының 13-5-тармағында көрсетілген іс-шаралар жоспарын қабылдамағанда;

5) егер эмитенттің директорлар кеңесі (акционерлік қоғамнан бөлек, өзге ұйымдастырушылық-құқықтық нысанда құрылған эмитенттің қадағалау кеңесі) міндеттемелерді қайта құрылымдау туралы шешім қабылдамаған жағдайда, эмитент және оның бағалы қағаздары «буферлік санат» санатында болған уақытта эмитенттің өз міндеттемелері бойынша дефолтында;

6) қор биржасы осы қаулының 13-5-тармағында көрсетілген негіздерді жою мүмкін емес фактісін айқындағанда;

7) осы қаулының 13-13-тармағының талаптарын ескеріп, осы қаулының 13-1-тармағында көрсетілген негіздерді осы қаулының 13-9-тармағында көрсетілген мерзімде жоймағанда;

8) егер эмитенттің директорлар кеңесі (акционерлік қоғамнан бөлек, өзге ұйымдастырушылық-құқықтық нысанда құрылған эмитенттің қадағалау кеңесі) міндеттемелерді қайта құрылымдау туралы шешім қабылдамаған жағдайда, эмитент және оның бағалы қағаздары «буферлік санат» санатында болғанда, осы санатқа оларды аударым жасауға әкелген сәйкессіздіктермен қоса осы қаулының 13-14-тармақтарын ескеріп, осы қаулының 10 тармағының 1) – 8), 10) тармақшаларының және 11-тармағының басқа да талаптарына сәйкес келмегенде;

9) сот эмитентті банкрот деп танығанда;

10) эмитент мүлігіне осы эмитент активтерінің елу пайызынан асатын мөлшерде тыйым салынғанда;

11) эмитент және оның бағалы қағаздары «буферлік санат» санатында болған уақытта эмитент (рұқсатнама бастамашысы) тізбесі осы қаулының 13-10-тармағында көрсетілген ақпаратты бермегенде;

12) іс-шаралар жоспарында көзделген шараларды орындамағанда;

13) қор биржасының ішкі құжаттарында көзделген өзге де жағдайларда.

14. Қор биржасының ресми тізіміне инвестициялық қордың акциялары мен пайларын енгізу үшін және онда қалдыру үшін, осы бағалы қағаздар, инвестициялық қорды басқарушы компания немесе акционерлік инвестициялық қор, егер ол инвестициялық портфелді басқаруға лицензиясы не болмаса заңды тұлға ретінде инвестициялық қордың тіркеу елінің заңнамасымен көзделген тиісті құжаты болса (бұдан әрі – инвестициялық қорды басқарушы компания немесе акционерлік инвестициялық қор) мынадай талаптарға сәйкес болуы тиіс:

  1. инвестициялық қордың бағалы қағаздар шығарылымын тіркеу елінің заңнамасына сәйкес олар шығарған бағалы қағаздар қор биржасының сауда-саттық жүйесінде орналастырылуына және айналымда болуына рұқсат етілуі тиіс;

  2. инвестициялық қорды басқарушы компания немесе акционерлік инвестициялық қор ҚЕХС немесе АҚШ ҚЕС сәйкес қаржылық есептілікті құрайды;

  3. ресми тізімнің осы секторына бағалы қағаздарын енгізу туралы өтініш берілген күніне инвестициялық қорды басқарушы компания немесе акционерлік инвестициялық қор инвестициялық портфелді басқаруға лицензия немесе заңды тұлға ретінде инвестициялық қордың тіркеу елінің заңнамасымен көзделген тиісті құжатты алған күннен бастап бір жылдан кем емес уақыт өтті;

  4. рұқсат беру бастамашысы соңғы толық аяқталған қаржы жылы не нақты қызмет атқарған кезеңі үшін аудиторлық есеппен расталған, инвестициялық қордың басқарушы компаниясының немесе акционерлік инвестициялық қордың қаржылық есептілігін береді.

Рұқсат беру бастамашысының инвестициялық қордың бағалы қағаздарын осы секторға енгізу жөніндегі өтініші соңғы қаржы жылы аяқталғаннан кейінгі алғашқы төрт ай ішінде қор биржасымен инвестициялық қордың басқарушы компаниясының немесе акционерлік инвестициялық қордың аудиторлық есеппен расталған, соңғы аяқталған қаржы жылы үшін қаржылық есептілігін берусіз қабылданады, оларда мыналар бар болған жағдайда:

соңғы аяқталған қаржы жылының алдындағы жыл үшін аудиторлық есеппен расталған, қаржылық есептілік, сондай-ақ жасалу уақытынан рұқсат беру бастамашысы аталған өтінішті берген күнге дейін алты айдан астам өткен, аралық қаржы ақпаратының шолуы (инвестициялық қордың басқарушы компаниясының немесе акционерлік инвестициялық қордың аралық қаржылық есептілігінің толық жиынтығы) бойынша есеп немесе

жасалу уақытынан рұқсат беру бастамашысы аталған өтінішті берген күнге дейін алты айдан астам өткен, аудиторлық есеппен расталған, осы инвестициялық қордың басқарушы компаниясының немесе акционерлік инвестициялық қордың аралық қаржылық есептілігі;

  1. инвестициялық қорды басқарушы компаниясының немесе акционерлік инвестициялық қордың меншікті капиталы жарғы капиталынан аз болмауы тиіс және соңғы есептілік күнде аудиторлық есеппен расталған қаржылық есептілікке сәйкес айлық есептік көрсеткіштің төрт жүз мың еселенген мөлшерінен кем емес баламалы сомасын құрайды.

  2. инвестициялық қорды басқарушы компаниясының немесе акционерлік инвестициялық қордың қаржылық есептілігінің аудиті қор биржасымен мойындалатын аудиторлық ұйымдардың тізбесіне кіретін аудиторлық ұйымдарының бірімен жүргізіледі;

  3. инвестициялық қордың оның басқарушы компаниясы немесе инвестициялық қорда болуының барлық мерзімі ішінде оның бағалы қағаздарды ұстаушылар алдындағы міндеттемелерді орындамау немесе уақтылы орындамау жағдайлары жоқ;

  4. ресми тізімнің осы секторына бағалы қағаздарды енгізу туралы мәселені қарастырғанға дейін қор биржасы мүшелерінің бірі оған осы бағалы қағаздар бойынша маркет-мейкер мәртебесін беру туралы өтініш беруі тиіс, ал олардың ресми тізімде болуы кезінде олар бойынша маркет-мейкердің бар болуы міндетті;

  5. соңғы есептілік күні инвестициялық қордың таза активінің құны аудиторлық есеппен расталған не инвестициялық пай қоры бойынша арнайы мақсаттағы аудиторлық есепке сәйкес басқарушы компанияның немесе акционерлік инвестициялық қордың қаржылық есептілігіне сәйкес айлық есептік көрсеткіштің екі жүз он бес мың еселенген мөлшерінен кем емес баламалы сомасын құрауы тиіс.

Егер қор биржасының ресми тізіміне енгізу күнге осы инвестициялық қордың орналастырылған бағалы қағаздары жоқ болған жағдайда, таза активтердің құны бойынша осы тармақшаның талаптары инвестициялық қордың осы бағалы қағаздармен сауда-саттық ашылған күннен бастап үш айдан кейін қолданылады;

  1. инвестициялық қордың бағалы қағаздарды ұстаушылардың саны осы бағалы қағаздармен сауда-саттық ашылған күннен бастап үш ай өткен соң елуден кем емес құрауы тиіс;

  2. инвестициялық қорды басқарушы компания немесе акционерлік инвестициялық қор, қор биржасының ішкі құжаттарымен белгіленген талаптарға сәйкес инвестициялық қордың инвестициялық декларациясын ашуды жүзеге асырады.

12) басқарушы компанияның немесе акционерлік инвестициялық қордың құрылтай құжаттарында бағалы қағаздардың меншік иелерінің оларды иеліктен шығару (беру) құқықтарына нұқсан келтіретін немесе шектейтін нормалардың болмауы;

13) акционерлік инвестициялық қордың мемлекеттік тіркелуі оның бағалы қағаздарын ресми тізімге енгізу жөніндегі өтініші берілген күнге дейінгі бір жылдан кем емес бұрын жүзеге асырылған;

14) акционерлік инвестициялық қордың активтерін бағалау қор биржасы таныған бағалаушылардың тізбесіне кірген бағалаушының біреуімен жүргізіледі.

Осы тармақшаның қолданылуы Қазақстан Республикасының инвестициялық қорлар туралы заңнамасына сәйкес құрылған акционерлік инвестициялық қорға таралады;

15) қызмет етуінің әр жылы үшін акционерлік инвестициялық қордың аудиторлық есеппен расталған, соңғы есептік күндегі қаржылық есептілігіне сәйкес таза кірістің бар болуы;

16) акционерлік инвестициялық қор акционерлерінің жалпы жиналысында бекітілген корпоративтік басқару кодексінің бар болуы.

14-1. Жылжымайтын мүлік қорының акцияларын қор биржасының ресми тізіміне енгізу және олардың онда болуы үшін жылжымайтын мүлік қоры және оның бағалы қағаздары мына талаптарға сәйкес келеді:

1) осы қаулының 14-тармағының 2), 3), 4), 5), 6), 7), 8), 9), 10), 11), 12), 13), 14), 15) және 16) тармақшаларында көзделгендерге;

2) шығарылған бағалы қағаздар және(немесе) басқа міндеттемелер бойынша міндеттемелердің мөлшері жиынтығында жылжымайтын мүлік қорының меншікті капиталының он пайызынан аспайды;

3) жылжымайтын мүлік қорының инвестициялық кірістерінің жетпіс бес пайызынан кем емесін жылжымайтын мүлікті жалға беру нәтижесінде алынған кіріс құрайды;

4) жылжымайтын мүлік қорының активін құрайтын жылжымайтын мүлік жылжымайтын мүлік қорының басқарушы компаниясының аффилиирленген тұлғаларынан сатып алынбаған;

5) жылжымайтын мүлік қорының активтеріне кіретін жылжымайтын мүлікке ауыртпалық салынбаған және сенімгерлік басқаруға берілмеген;

6) жылжымайтын мүлік қорының активтеріне кіретін жылжымайтын мүлік объектілерін жалға беру шартында белгіленген жалға беру мерзімі бір жылдан кем еместі құрайды;

7) жылжымайтын мүлік қоры активтерінің құрамына кіретін жылжымайтын мүлік объектілері оның бағалы қағаздарын қор биржасының ресми тізіміне енгізу жөніндегі өтінішті берген күнге дейінгі екі жыл ішінде жалға беріледі.

Рұқсат беру бастамашысы қор биржасына жалға беру шартының стандартты нысанын, сондай-ақ жылжымайтын мүлік қорының активтерін құрайтын жылжымайтын мүлік объектілерін бір жылдан кем емес мерзімге жалға берілуін растайтын, жылжымайтын мүлік қорының бағалы қағаздарын қор биржасының ресми тізіміне енгізу жөніндегі өтінішті берген күнге дейін жасалған жалға беру шарттарының көшірмесін береді.

14-2. Осы қаулының 14-тармағының 13) тармақшасында және 14-1-тармағының 3) және 7) тармақшаларында көзделген талаптар қор биржасы қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органмен келісіліп, айқындаған рейтингтік агенттіктің тізбесіне кіретін рейтингтік агенттіктердің біреуінің рейтингтік бағасы бар жылжымайтын мүлік қорына таралмайды.

15. Индекстік қордың бағалы қағаздарын қор биржасының ресми тізіміне енгізу және онда қалдыру үшін индекстік қор мен оның бағалы қағаздары мынадай талаптарға сәйкес келуі тиіс:

1) осы қаулының 14-тармағының 2), 3), 4), 5), 6), 7), 8), 9), 10) және 11) тармақшаларында көзделуі;

2) индекстің өкілдік тізіміне кіретін бағалы қағаздар қаржы рыногын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органның келісімі бойынша қор биржасымен мойындалатын, биржалардың тізбесіне кіретін қор биржаларының ішіндегі біреуінің ресми тізіміне енгізілуі.

16. «Депозитарлық қолхаттар» секторындағы айналымға базалық активі Қазақстан Республикасының және басқа да мемлекеттердің заңнамасына сәйкес шығарылған акция болып табылатын депозитарлық қолхаттар жіберіледі.

Депозитарлық қолхаттарды қор биржасының ресми тізіміне енгізуге қойылатын талаптар осы қаулының 5-тармағында белгіленген талаптарға сәйкес келуі тиіс және базалық актив болып табылатын акцияларға және олардың эмитентіне қатысты қолданылады.

17. «Халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздары» секторындағы айналымға халықаралық қаржы ұйымдарының мынадай талаптарға сәйкес келетін эмиссиялық бағалы қағаздары жіберіледі:

1) олардың есебі орталық депозитарийдің есеп жүйесінде жүзеге асырылуы;

2) ресми тізімнің осы секторына бағалы қағаздарды енгізу туралы мәселені қарастырғанға дейін қор биржасы мүшелерінің бірі оған осы бағалы қағаздар бойынша маркет-мейкер мәртебесін беру туралы өтініш беруі тиіс, ал олардың осы секторда болу кезінде олар бойынша маркет-мейкердің бар болуы міндетті.

Эмиссиялық бағалы қағаздары қор биржасының сауда жүйесінде айналымға жіберілетін халықаралық қаржы ұйымдарының тізбесін қаржы рыногын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органның келісімі бойынша қор биржасы белгілейді.

18. «Мемлекеттік бағалы қағаздар» секторындағы айналымға Қазақстан Республикасының және басқа да мемлекеттердің заңнамасына сәйкес шығарылған мемлекеттік бағалы қағаздар жіберіледі:

1) олардың есебі орталық депозитарийдің есеп жүйесінде жүзеге асырылады;

2) ресми тізімнің осы секторына бағалы қағаздарды енгізу туралы мәселені қарастырғанға дейін қор биржасы мүшелерінің бірі оған осы бағалы қағаздар бойынша маркет-мейкер мәртебесін беру туралы өтініш беруі тиіс, ал олардың осы секторда болу кезінде олар бойынша маркет-мейкердің бар болуы міндетті. Осы тармақтың талабы Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі шығарған Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздарына қолданылмайды.

Қор биржасының сауда жүйесіндегі айналымға «В-» (Standard & Poor's және Fitch рейтинг агенттіктерінің жіктелімі бойынша) немесе «В3» (Moody's рейтинг агенттігінің жіктелімі бойынша) төмен емес шетел валютасындағы егемен ұзақ мерзімді кредиттік рейтинг бағасы бар мемлекеттер шығарған шет мемлекеттердің мемлекеттік бағалы қағаздары жіберіледі.

19. Жергілікті атқарушы органдардың облигацияларын «мемлекеттік бағалы қағаздар» секторына енгізу және онда қалдыру үшін аталған облигациялар мен олардың эмитенті осы қаулының 18-тармағында белгіленген талаптарға сәйкес келуі тиіс.

20. Қор биржасының ресми тізімінің «Туынды бағалы қағаздар» секторына туынды бағалы қағаздарды енгізу және онда қалдыру үшін аталған бағалы қағаздар мен олардың эмитенті қаржы рыногын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органмен келісілген қор биржасының ережесінде белгіленген талаптарға сәйкес келуі тиіс.

21. Қор биржасының ресми тізіміне эмитенттердің бағалы қағаздарын ықшамдалған рәсім бойынша енгізу және онда қалдыру үшін аталған бағалы қағаздар мен олардың эмитенті мынадай талаптарға сәйкес келуі тиіс:

  1. бағалы қағаздары қаржы рыногын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органның келісімі бойынша қор биржасымен мойындалатын, биржалар тізбесіне кіретін қор биржаларының ішіндегі біреуінің ресми тізіміне енгізілуі тиіс;

  2. эмитенттердің ақпаратты ашуы тиісті қор биржаларының ресми сайттарында және қор биржасы мен рұқсат беру бастамашысы немесе эмитент арасында жасалған ақпаратты ашу туралы келісімге сәйкес жүзеге асырылуы;

  3. ресми тізімге бағалы қағаздарды енгізу туралы мәселені қарастырғанға дейін қор биржасы мүшелерінің бірі оған осы бағалы қағаздар бойынша маркет-мейкер мәртебесін беру туралы өтініш беруі тиіс, ал олардың осы секторда болу кезінде олар бойынша маркет-мейкердің бар болуы міндетті;

4) эмитенттің құрылтай құжаттарында және/немесе бағалы қағаздардың шығарылым проспектісінде бағалы қағаздардың меншік иелерінің оларды иеліктен шығару (беру) құқықтарына нұқсан келтіретін немесе шектейтін нормалардың болмауы.

22. Бағалы қағаздарды секторлардың жекелеген санатына (шағын санатына) ықшамдалған рәсім бойынша жатқызу қор биржасының ережелеріне сәйкес жүзеге асырылады.

23. Қор биржасының ережелерінде осы қаулыда айтылған талаптардан өзге рұқсат беру бастамашыларына және листингтік компанияларға қойылатын қосымша талаптар белгіленуі мүмкін.

24. Қор биржасының ережелерінде бағалы қағаздарды ресми тізімге енгізу, сондай-ақ ресми тізімнен алып тастау, бір санаттан екінші санатқа ауыстыру туралы өтінішті қарастыру тәртібі мен мерзімдері бекітіледі.

25. Қор биржасындағы жария компанияның жай акцияларымен сауда-саттық жасау көлемі соңғы он күнтізбелік ай ішінде ай сайын айлық есептік көрсеткіштің жүз мың есе мөлшерінен кем болмауы тиіс.

26. Осы қаулыны қолданысқа енгізгенге дейін қор биржасының ресми тізіміне ең жоғарғы және ең жоғарғыдан кейінгі санат бойынша енгізілген бағалы қағаздар осы қаулыны қолданысқа енгізген күннен бастап үш ай ішінде бағалы қағаздардың тиісті санатына аударуға жатады.

Осы қаулының 8, 9, 10, 11 және 12-тармақтарында көзделген талаптарға сәйкес келмейтін, қор биржасының ресми тізіміне ең жоғарғы және ең жоғарғыдан кейінгі санат бойынша енгізілген борыштық бағалы қағаздар «рейтингтік бағасы жоқ борыштық бағалы қағаздар» санатының екінші шағын санатына аударылады.

27. 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қор биржасының ресми тізіміне осы қаулының 8, 9 және 12-тармақтарында көзделген талаптарға сәйкес келетін борыштық бағалы қағаздар ғана енгізіледі.

2009 жылғы 31 желтоқсанға дейін ресми тізімге енгізілген рейтингтік бағасы жоқ борыштық бағалы қағаздар осы қаулының 10, 11-тармақтарына сәйкес өтеу күніне дейін ресми тізімнің тиісті санатында қалдырылады.

28. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Эмитенттерге және қор биржасында айналысқа жіберілетін (жіберілген) олардың бағалы қағаздарына, сондай-ақ қор биржасының тізіміндегі жеке санаттарға қойылатын талаптар туралы» 2007 жылғы 30 наурыздағы № 73 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4664 тіркелген, «Заң газеті» газетінде 2007 жылғы 1 маусымдағы № 82 (1285) санында жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

29. Осы қаулы 2008 жылғы 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізіледі.

30. Қор биржасы 2008 жылғы 1 қыркүйекке дейінгі мерзімде өзінің ішкі құжаттарын осы қаулының талаптарына сәйкес келтірсін.

31. Бағалы қағаздар нарығының субъектілерін және жинақтаушы зейнетақы қорларын қадағалау департаменті (М.Ж. Хаджиева):

1) Заң департаментімен (Н.В. Сәрсенова) бірлесе отырып осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;

2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде оны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне және «Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігіне мәлімет үшін жіберсін.

32. Агенттіктің Төрайым қызметі осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.

33. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрайымының орынбасары А.Ө. Алдамбергенге жүктелсін.


Төрайым Е. Бахмутова
1   2   3   4

Похожие:

Қазақстан республикасының Қаржы нарығЫН iconҚазақстан республикасының Қаржы нарығЫН
«Бағалы қағаздар рыногы туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 2 маусымдағы Заңының 56-бабына сәйкес Қазақстан Республикасы...
Қазақстан республикасының Қаржы нарығЫН iconҚазақстан республикасының Қаржы нарығЫН
Республикасындағы кредиттік бюро және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы” Қазақстан Республикасының Заңын іс жүзіне асыру мақсатында...
Қазақстан республикасының Қаржы нарығЫН iconҚазақстан республикасының Қаржы нарығЫН
Екінші деңгейдегі банктердің қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы...
Қазақстан республикасының Қаржы нарығЫН iconҚазақстан республикасының Қаржы рыногын
«Почта туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабын іске асыру мақсатында, Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын...
Қазақстан республикасының Қаржы нарығЫН iconҚазақстан республикасының Қаржы нарығЫН
Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Зейнетақы активтерін инвестициялық...
Қазақстан республикасының Қаржы нарығЫН iconҚазақстан Республикасының қаржылық тұрақтылығы және қаржы нарығын дамыту жөніндегі кеңес (бұдан әрі – Кеңес) Қазақстан Республикасының қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету және қаржы секторын тиімді дамыту мәселелері бойынша ведомствоаралық үйлестіруді жүзеге асыру үшін құрылады
Республикасының қаржылық тұрақтылығы және қаржы нарығын дамыту жөніндегі кеңес туралы
Қазақстан республикасының Қаржы нарығЫН icon«Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі құрған банкке немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға қаржы агенттігі мәртебесін беру» мемлекеттік қызметтерінің регламенті
Мекенжайында орналасқан Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау комитеті
Қазақстан республикасының Қаржы нарығЫН iconҚазақстан республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі басқармасының Қаулысы
Азақстан республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі
Қазақстан республикасының Қаржы нарығЫН iconҚазақстан республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі басқармасының Қаулысы
Азақстан республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі
Қазақстан республикасының Қаржы нарығЫН iconҚазақстан республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі басқармасының Қаулысы
Азақстан республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница