Қазақстан республикасының Қаржы нарығЫН




НазваниеҚазақстан республикасының Қаржы нарығЫН
страница3/4
Дата конвертации12.02.2016
Размер0.55 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://www.afn.kz/attachments/68/68/publish68-2105020151..doc
1   2   3   4
10-1. Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының борыштық бағалы қағаздарын қор биржасының ресми тізімінің «борыштық бағалы қағаздар» секторының «рейтингтік бағасы бар борыштық бағалы қағаздар (ең жоғары санат)» санатына енгізу және олардың сонда болуы үшін осы борыштық бағалы қағаздар және олардың эмитенті осы қаулының 8-тармағының 1), 3), 6), 7) және 8) тармақшаларында белгіленген талаптарға сәйкес келуі тиіс.

«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат коры» акционерлік қоғамы ашатын ақпараттың тізбесі қор биржасының ішкі құжаттарында белгіленеді.

11. Қор биржасының ресми тізімінің «борыштық бағалы қағаздар» секторының «рейтингтік бағасы жоқ борыштық бағалы қағаздар» санатының «екінші шағын санаттың рейтингтік бағасы жоқ борыштық бағалы қағаздар (ең жоғарғы санаттан кейінгі)» шағын санатына эмитенттің борыштық бағалы қағаздарын енгізу және олардың онда болуы үшін осы бағалы қағаздар және олардың эмитенті мынадай талаптарға сәйкес келуі тиіс:

  1. эмитенттің мемлекеттік тіркелуі оның бағалы қағаздарын ресми тізімге енгізу туралы өтініш берген күнге дейін кем дегенде бір жыл ішінде жүзеге асырылады. Қор биржасының ішкі құжаттарына сәйкес қайта ұйымдастыру нәтижесінде эмитент құрылған ұйымның (ұйымдардың) қызмет атқару мерзіміне сынақ жүргізілуі мүмкін.

Егер қор биржасының ішкі құжаттарында акцияларының жүз пайызы (жарғы капиталына қатысу үлестері) мемлекетке, ұлттық холдингке не ұлттық басқарушы холдингке тиесілі ұйымдар үшін бір жылдан кем қызмет атқару мерзімі талабы белгіленген жағдайда, осы тармақтың 4), 7) және 8) тармақшаларында белгіленген талаптар осы ұйымдардың нақты қызмет ету мерзіміне байланысты қолданылады;

  1. эмитент ҚЕХС немесе АҚШ ҚЕС сәйкес қаржылық есептілікті әзірлейді;

  2. эмитенттің қаржылық есептілігінің аудиті қор биржасымен мойындалатын аудиторлық ұйымдардың тізбесіне кіретін аудиторлық ұйымдардың бірімен жүргізіледі;

  3. рұқсат беру бастамашысы мыналардан кем емес уақыттағы аудиторлық есеппен расталған эмитенттің қаржылық есептілігін ұсынады:

егер акцияларды осы санатқа енгізу жөніндегі өтініш соңғы аяқталған қаржы жылы біткен күннен бастап төрт ай өткеннен кейін берілген болса, аяқталған соңғы қаржы жылынан;

егер акцияларды осы санатқа енгізу жөніндегі өтініш соңғы аяқталған қаржы жылы біткен күннен бастап төрт ай ішінде берілген болса, аяқталған соңғы қаржы жылының алдындағы аяқталған қаржы жылынан.

Егер аудиторлық есеппен расталған аяқталған қаржы жылының қаржылық есептілігі жасалған күннен бастап акцияларды осы санатқа енгізу туралы өтініш берілген күнге дейін алты айдан астам мерзім өтсе, рұқсат беру бастамашысы аралық қаржылық есептілік бойынша аудиторлық есепті немесе аралық қаржылық ақпаратты шолу (эмитенттің аралық қаржылық есептілігінің толық жиынтығы) бойынша есепті береді.

Рұқсат беру бастамашысы соңғы берген аудиторлық есеп немесе аралық қаржылық ақпаратты шолу (эмитенттің аралық қаржылық есептілігінің толық жиынтығы) бойынша есеп шығарылған, эмитенттің қаржылық есептілігін жасау күнінен бастап акцияларды осы санатқа енгізу туралы өтінішті беру күніне дейін алты айдан аспауы тиіс;

  1. эмитенттің құрылтай құжаттарында және/немесе бағалы қағаздарды шығару проспектісінде бағалы қағаздардың меншік иелерінің оларды иеліктен шығару (беру) құқықтарына нұқсан келтіретін немесе шектейтін нормалар болмайды;

  2. эмитенттің меншікті капиталы аудиторлық есеппен расталған соңғы есепті күндегі қаржылық есептілікке сәйкес оның жарғылық капиталынан кем болмауы тиіс. Бұл ретте эмитенттің меншікті капиталы аудиторлық есеппен расталған соңғы есепті күндегі қаржылық есептілікке сәйкес айлық есептік көрсеткіштің үш жүз қырық мың еселі мөлшерінен кем емес баламалы соманы құрайды.

Борыштық бағалы қағаздар қор биржасының ресми тізімінің осы шағын санатында болған кезде қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті орган белгілеген меншікті капитал жеткіліктілігі бойынша пруденциалдық нормативті сақтаған жағдайда қаржы ұйымының меншікті капиталының төмендеуіне жол беріледі;

7) аудиторлық есеппен расталған соңғы есепті күндегі қаржылық есептілікке сәйкес эмитенттің аяқталған үш қаржы жылының біреуі үшін таза кірісінің бар болуы;

8) лизингтік ұйым және кредит серіктістігінен басқа, қаржылық емес ұйымның сату көлемі аудиторлық есеппен расталған қаржылық есептіліктің деректері бойынша соңғы қаржылық жыл ішінде негізгі қызметі бойынша айлық есептік көрсеткіштің үш жүз қырық мың еселенген мөлшерінен кем емес баламалы сомасын құрайды;

Егер облигация эмитенті соңғы аяқталған қаржы жылының төртінші тоқсаны немесе өтініш берген жылдың бірінші тоқсаны ішінде басқа ұйымдарға бақылауды алған жағдайда, оның бағалы қағаздарын қор биржасының ресми тізіміне енгізу туралы мәселе осы эмитенттің аудиторлық есеппен расталған аралық қаржылық есептілігінің (ағымдағы жылдың алты немесе тоғыз айындағы) деректері негізінде қарастырылуы мүмкін, оған сәйкес көрсетілген кезеңдегі оның сату көлемі осы тармақшаның бірінші абзацында белгіленген талаптарға сәйкес болады;

9) Қазақстан Республикасының резиденттеріне – акционерлік қоғамдарына қатысты – эмитент акционерлерінің жалпы жиналысы бекіткен корпоративтік басқару кодексінің болуы.

Қазақстан Республикасының резидент еместеріне қатысты – корпоративтік басқару кодексінің болуы немесе егер заңды тұлға ретінде эмитентті тіркеу елінің заңнамасымен оның болуы көзделген жағдайда, заңды тұлға ретінде эмитентті тіркеу елінің заңнамасымен көзделген тәртіппен бекітілген мазмұны бойынша ұқсас құжаттың болуы;

10)АЛЫНЫП ТАСТАНСЫН

11-1. «Исламдық бағалы қағаздар» секторы екі санатқа бөлінеді: исламдық жалға алу сертификаттары мен исламдық қатысу сертификаттары.

11-2. Исламдық бағалы қағаздарды қор биржасының ресми тізімінің «исламдық бағалы қағаздар» секторының «исламдық жалға алу сертификаттары» санатына енгізу және олардың сонда болуы үшін осы бағалы қағаздар, олардың эмитенті және оригинатор мына талаптарға сәйкес келуі тиіс:

1) эмитент акционерлік қоғам не жауапкершілігі шектеулі серіктестік ұйымдастырушылық-құқықтық нысанында құрылған заңды тұлға болып табылады;

2) оригинаторды мемлекеттік тіркеу исламдық бағалы қағаздарды қор биржасының ресми тізіміне енгізу туралы өтінішті берген күнге дейінгі кем дегенде үш жыл бұрын жүзеге асырылған. Қор биржасының ішкі құжаттарына сәйкес қайта ұйымдастыру нәтижесінде оригинатор құрылған ұйымның (ұйымдардың) жұмыс істеу мерзімін есепке алу жүргізілуі мүмкін;

3) рейтингтік бағасын қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органның келісімі бойынша қор биржасымен мойындалатын рейтингтік агенттіктердің тізбесіне кіретін рейтингтік агенттіктердің біреуімен исламдық бағалы қағазға және оригинаторға рейтингтік баға берілді. Бұл ретте қор биржасы соңғы он екі ай ішінде берілген (расталған, жаңартылған) сол рейтингтік бағаға ғана назар аударады. Бірнеше рейтингтік агенттіктер берген рейтингтік бағалар бар болған кезде, осы бағалардың соңғысына мән беріледі;

4) оригинатор қаржылық есептілігін ҚЕХС немесе АҚШ ҚЕС сәйкес жасайды;

5) рұқсат беру бастамашысы аудиторлық есеппен расталған мына:

егер исламдық бағалы қағаздарды осы санатқа енгізу туралы өтініш соңғы аяқталған қаржы жылы біткен күннен бастап төрт ай өткеннен кейін берілген болса, аяқталған соңғы үш қаржы жылынан;

егер исламдық бағалы қағаздарды осы санатқа енгізу туралы өтініш соңғы аяқталған қаржы жылы біткен күннен бастап төрт ай ішінде берілген болса, аяқталған соңғы қаржы жылының алдындағы аяқталған жүйелі үш қаржы жылынан кем емес уақыттағы қаржылық есептілікті ұсынады.

Аудиторлық есеп немесе аралық қаржылық ақпаратқа шолу (оригинатордың аралық қаржылық есептілігінің толық жиынтығы) жөніндегі есеп шығарылған, рұқсат беру бастамашысы соңғы берген оригинатордың қаржылық есептілігін жасау күнінен бастап исламдық бағалы қағаздарды осы санатқа енгізу туралы өтінішті беру күніне дейін кемінде алты ай өтуі тиіс.

Егер аудиторлық есеппен расталған, аяқталған қаржы жылының соңғы қаржылық есептілігі жасалған күннен бастап исламдық бағалы қағаздарды осы санатқа енгізу туралы өтініш берілген күнге дейін алты айдан астам уақыт өтсе, рұқсат беру бастамашысы аралық қаржылық есептілігі бойынша аудиторлық есепті немесе аралық қаржылық ақпаратты шолу (оригинатордың аралық қаржылық есептілігінің толық жиынтығы) жөніндегі есепті береді;

6) оригинатордың меншікті капиталы аудиторлық есеппен расталған соңғы есептілік күніне жасалған қаржылық есептілікке сәйкес оның жарғылық капиталынан кем бола алмайды. Бұл ретте оригинатордың меншікті капиталы аудиторлық есеппен расталған соңғы есептілік күніне жасалған оригинатордың қаржылық есептілігіне сәйкес айлық есептік көрсеткіштің сегіз миллион бес жүз алпыс мың еселенген мөлшерінен кем емес баламалы соманы құрайды;

7) оригинатордың соңғы үш жылдың екі жылы ішіндегі таза табысы аудиторлық есеппен расталған соңғы есептілік күніне жасалған қаржылық есептілікке сәйкес айлық есептік көрсеткіштің сексен бес мың алты жүз еселенген мөлшерінен кем емес баламалы соманы құрайды;

8) исламдық бағалы қағаздарды шығару проспектісін оригинатордың исламдық қаржыландыру принциптері жөніндегі кеңесі келісуі тиіс;

9) оригинатордың левередж шамасы аудиторлық есеппен расталған соңғы есептілік күніне жасалған қаржылық есептілікке сәйкес екіден аспайды;

10) рұқсат беру бастамашысы эмитенттің соңғы есептілік күніне жасаған қаржылық есептілігін береді;

11) құрылтайшы эмитенттің жарғылық капиталын толығымен төледі;

12) бөлінген активтердің құрамына кіретін мүліктің объектілері исламдық бағалы қағаздарды қор биржасының ресми тізіміне енгізу туралы өтініш берілген не оригинатор мен эмитент арасында бөлінген активтерді құрайтын мүліктің объектілерін исламдық бағалы қағаздардың айналыста болу мерзіміне жалға (қаржы лизингіне) беру туралы шарт жасалған күнге дейінгі екі жыл ішінде жалға (қаржы лизингіне) беріледі;

13) эмитенттің бөлінген активтерін бағалау қор биржасы мойындайтын бағалаушылардың тізбесіне кірген бағалаушылардың біреуімен жүргізіледі;

14) бөлінген активтер бойынша кірістердің кемінде жетпіс бес пайызын мүлікті жалға (қаржы лизингіне) беру нәтижесінде алынған кірістер құрайды;

15) бөлінген активтер құрамына кіретін мүліктің объектілеріне ауыртпалық салынбаған болуы тиіс.

11-3. Исламдық бағалы қағаздарды қор биржасының ресми тізімінің «исламдық бағалы қағаздар» секторының «исламдық қатысу сертификаттары» санатына енгізу және олардың сонда болуы үшін осы бағалы қағаздар, олардың эмитенті және оригинатор мына талаптарға сәйкес келуі тиіс:

1) осы қаулының 11-2-тармағының 1), 2), 3) 4), 5), 6), 7), 8), 9), 10), 11) тармақшаларында көзделген талаптар;

2) эмитент қолданыстағы инвестициялық жобаны дамытуға шығарудан тартылған қаражатты кейіннен пайдалану мақсатында исламдық бағалы қағаздарды шығару үшін құрылған заңды тұлға болып табылады;

3) инвестициялық жобада ақшалай қаражатты жинақтайтын объектінің (қаражат көзінің) және осы ақшалай қаражатты бөлу механизмінің, сондай-ақ инвестициялық жоба шығындарының негізгі көздерінің бар екенін болжамдайтын ақшалай қаражат қозғалысының айқын схемасы бар;

4) инвестициялық жобаның рентабельділігі оның жобалық құжаттамасына сәйкес оң шамаға жатады;

5) оригинатор инвестициялық жобаға енгізген мүліктің бағасы қор биржасы мойындайтын бағалаушылардың тізбесіне кірген бағалаушылардың біреуімен жүргізіледі.

12. Инфрақұрылымдық облигациялар қор биржасы ресми тізімінің «борыштық бағалы қағаздар» секторының «рейтингтік бағасы жоқ борыштық бағалы қағаздар» санатының «рейтингтік бағасы жоқ борыштық бағалы қағаздар екінші шағын санатына» (ең жоғарғы санатынан кейінгі) шағын санатына енгізіледі.

Қор биржасының ресми тізіміне инфрақұрылымдық облигацияларды енгізу және сонда қалдыру үшін осы облигациялар және олардың эмитенті осы қаулының 11-тармағының 2), 3), 8), 9) және 10) тармақшаларында белгіленген талаптарға сәйкес болуы қажет.

13. Қор биржасының ресми тізіміне арнайы кәсіпорындармен шығарылған борыштық бағалы қағаздарды енгізу үшін, осы эмитенттің жалғыз құрылтайшысы (қатысушысы) болып табылатын ұйымның кепілдігіне шығарылған, талаптар борыштық бағалы қағаздардың эмитентінің өзіне емес, кепілдік беруші ұйымға қолданылады.

13-1. Эмитенттің борыштық бағалы қағаздарын қор биржасының ресми тізімінің «борыштық бағалы қағаздар» секторының «буферлік санат» санатына аударым жасау мынадай жағдайларда жүзеге асырылады:

1) бағалы қағаздар мен оның эмитенттері осы қаулының 10 және 11-тармақтарында белгіленген талаптарға сәйкес келмегенде;

2) эмитенттің өз міндеттемелері бойынша сыйақыны (егер борыштық бағалы қағаздардың аталған шығарылымы қор биржасының ресми тізіміндегі осы эмитенттің борыштық бағалы қағаздарының жалғыз шығарылымы болып табылған жағдайда, соңғы купондық кезең бойынша сыйақыны қоспағанда) төлеу дефолтында;

3) эмитент міндеттемелері қайта құрылымдағанда.

13-2. Қор биржасы эмитент пен оның бағалы қағаздарын осы қаулының 13-1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген «буферлік санат» санатына аударым жасау үшін негіздер пайда болған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде эмитентке (рұқсатнаманың бастамашысына) осындай сәйкессіздік жөнінде хабарлама жібереді.

13-3. Осы Қаулының 13-1-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген негіздер пайда болғанда, эмитенттің бағалы қағаздарын «буферлік санат» санатына аударым жасау үшін эмитент (рұқсатнамасының бастамашысы) қор биржасына бағалы қағаздардың шығарылым проспектісінде белгіленген борыштық бағалы қағаздар бойынша міндеттемелер орындалмағаны туралы бағалы қағаздардың шығарылым проспектісінде белгіленген орындалу мерзіміне дейінгі үш жұмыс күні бұрын кешіктірмей хабарлайды.

13-4. Эмитент (рұқсатнаманың бастамашысы) міндеттемелерді қайта құрылымдау туралы эмитенттің директорлар кеңесі (акционерлік қоғамнан бөлек, өзге ұйымдастырушылық-құқықтық нысанда құрылған эмитенттің қадағалау кеңесі) шешім қабылдаған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей қор биржасына осы факті туралы хабарлайды.

13-5. Эмитент (рұқсатнаманың бастамашысы) қор биржасының жазбаша хабарламасын алған күннен не эмитентті және оның бағалы қағаздарын осы қаулының 13-1-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген «буферлік санат» санатына аударым жасау үшін негіздемелер пайда болған күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде қор биржасының атына эмитенттің директорлар кеңесі (акционерлік қоғамнан бөлек, өзге ұйымдастырушылық-құқықтық нысанда құрылған эмитенттің қадағалау кеңесі) бекіткен эмитенттің бағалы қағаздарын осы қаулының 13-1-тармағында көрсетілген «буферлік санат» санатына аударым жасаудың негіздемелерін жою жөніндегі іс-шаралардың жоспарын (бұдан әрі – іс-шаралар жоспары) жібереді.

Қор биржасы іс-шаралар жоспарын алған күні оны өзінің ресми сайтында орналастырады.

Іс-шаралар жоспарында:

  1. эмитент қызметінің қысқаша сипаттамасы;

2) эмитенттің бағалы қағаздарын «буферлік санат» санатына аударым жасау үшін негіздемелер туындауының негізгі себептері;

3) қаржылық ахуалды қалпына келтіруге бағытталған, эмитенттің орындауға ұйғарылған негізгі іс-шаралары;

4) іс-шаралар жоспарында көзделген іс-шаралардың әрқайсысының орындалу мерзімдері;

5) эмитенттің негізгі қаржылық көрсеткіштерінің болжамы;

6) іс-шаралар жоспарында көзделген іс-шаралардың орындалуына жауапты тұлғалардың тізбесі қамтылады.

Эмитенттің іс-шаралар жоспарына қатысты қосымша талаптар қор биржасының ішкі құжаттарында белгіленеді.

13-6. Қор биржасы іс-шаралар жоспарын алған күннен кейінгі он
1   2   3   4

Похожие:

Қазақстан республикасының Қаржы нарығЫН iconҚазақстан республикасының Қаржы нарығЫН
«Бағалы қағаздар рыногы туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 2 маусымдағы Заңының 56-бабына сәйкес Қазақстан Республикасы...
Қазақстан республикасының Қаржы нарығЫН iconҚазақстан республикасының Қаржы нарығЫН
Республикасындағы кредиттік бюро және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы” Қазақстан Республикасының Заңын іс жүзіне асыру мақсатында...
Қазақстан республикасының Қаржы нарығЫН iconҚазақстан республикасының Қаржы нарығЫН
Екінші деңгейдегі банктердің қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы...
Қазақстан республикасының Қаржы нарығЫН iconҚазақстан республикасының Қаржы рыногын
«Почта туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабын іске асыру мақсатында, Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын...
Қазақстан республикасының Қаржы нарығЫН iconҚазақстан республикасының Қаржы нарығЫН
Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Зейнетақы активтерін инвестициялық...
Қазақстан республикасының Қаржы нарығЫН iconҚазақстан Республикасының қаржылық тұрақтылығы және қаржы нарығын дамыту жөніндегі кеңес (бұдан әрі – Кеңес) Қазақстан Республикасының қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету және қаржы секторын тиімді дамыту мәселелері бойынша ведомствоаралық үйлестіруді жүзеге асыру үшін құрылады
Республикасының қаржылық тұрақтылығы және қаржы нарығын дамыту жөніндегі кеңес туралы
Қазақстан республикасының Қаржы нарығЫН icon«Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі құрған банкке немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға қаржы агенттігі мәртебесін беру» мемлекеттік қызметтерінің регламенті
Мекенжайында орналасқан Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау комитеті
Қазақстан республикасының Қаржы нарығЫН iconҚазақстан республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі басқармасының Қаулысы
Азақстан республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі
Қазақстан республикасының Қаржы нарығЫН iconҚазақстан республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі басқармасының Қаулысы
Азақстан республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі
Қазақстан республикасының Қаржы нарығЫН iconҚазақстан республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі басқармасының Қаулысы
Азақстан республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница