Қазақстан республикасының Қаржы нарығЫН




НазваниеҚазақстан республикасының Қаржы нарығЫН
страница2/4
Дата конвертации12.02.2016
Размер0.55 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://www.afn.kz/attachments/68/68/publish68-2105020151..doc
1   2   3   4
эмитенттің қаржылық есептілігінің аудитін қор биржасымен танылатын аудиторлық ұйымдардың тізбесіне енген аудиторлық ұйымдардың бірімен жүзеге асырылады;

4) рұқсат беру бастамашысы мыналардан кем емес уақыттағы аудиторлық есеппен расталған эмитенттің қаржылық есептілігін ұсынады:

егер акцияларды осы санатқа енгізу жөніндегі өтініш соңғы аяқталған қаржы жылы біткен күннен бастап төрт ай өткеннен кейін берілген болса, аяқталған соңғы екі қаржы жылынан;

егер акцияларды осы санатқа енгізу жөніндегі өтініш соңғы аяқталған қаржы жылы біткен күннен бастап төрт ай ішінде берілген болса, аяқталған соңғы қаржы жылының алдындағы аяқталған жүйелі екі қаржы жылынан.

Рұқсат беру бастамашысы соңғы берген аудиторлық есеп немесе аралық қаржылық ақпаратты шолу (эмитенттің аралық қаржылық есептілігінің толық жиынтығы) бойынша есеп шығарылған, эмитенттің қаржылық есептілігін жасау күнінен бастап акцияларды осы санатқа енгізу туралы өтінішті беру күніне дейін алты айдан аспауы тиіс.

Егер аудиторлық есеппен расталған аяқталған қаржы жылының қаржылық есептілігі жасалған күннен бастап акцияларды осы санатқа енгізу туралы өтініш берілген күнге дейін алты айдан астам мерзім өтсе, рұқсат беру бастамашысы аралық қаржылық есептілік бойынша аудиторлық есепті немесе аралық қаржылық ақпаратты шолу (эмитенттің аралық қаржылық есептілігінің толық жиынтығы) бойынша есепті береді;

5) эмитенттің меншікті капиталы аудиторлық есеппен расталған соңғы есептілік күніне жасалған қаржылық есептілігіне сәйкес оның жарғылық капиталынан кем бола алмайды. Бұл ретте эмитенттің меншікті капиталы аудиторлық есеппен расталған соңғы есепті күніне жасалған қаржылық есептілігіне сәйкес айлық есептік көрсеткіштің жүз жетпіс бір мың еселенген мөлшерінен кем емес соманы құрайды.

Акциялар қор биржасының осы санатында болған кезде мыналардың:

қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті орган белгілеген меншікті капитал жеткіліктілігі бойынша пруденциалдық нормативті сақтаған жағдайда қаржы ұйымының;

қаржы ұйымы болып табылмайтын эмитенттің меншікті капиталының айлық есептік көрсеткіштің бір жүз жетпіс бір мың еселі мөлшердегі баламалы сомасының жетпіс пайызына тең, бірақ аудиторлық есеппен расталған, соңғы есептік күнгі қаржылық есептілікке сәйкес эмитенттің жарғылық капиталынан төмен емес шамаға дейін төмендеуіне жол беріледі.

Осы санаттағы акциялар саудасы ашылған күннен бастап алты ай өткен соң қор биржасының ішкі құжаттарына сәйкес анықталатын осы акциялар эмитентінің нарықтық капиталдандырылуы айлық есептік көрсеткіштің сегіз миллион бес жүз алпыс мың еселенген мөлшерінен кем емес соманы құрауға тиіс.

Осы тармақшаның бесінші абзацының талаптары ресми тізімге артықшылықты акцияларды енгізу жағдайында қолданылмайды;

6) акциялар эмитентінің соңғы екі жылдың біреуінде аудиторлық есебімен расталған соңғы есепті күніне жасалған қаржылық есептілігіне сәйкес таза табысының болуы;

7) еркін айналымдағы акциялар саны аталған акциялар саудасы ашылған күннен бастап алты ай өткен соң орналасқан осы типтің (эмитент сатып алғандарды, ауыртпалық салынғандарды және(немесе) оқшауланғандарды қоспағанда) акцияларының жалпы санының кем дегенде бес пайызын, аталған акциялар сауда-саттығы ашылған күннен бастап бір жыл өткен соң – он пайызын және аталған акциялар саудасы ашылған күннен бастап екі жыл өткен соң - он бес пайызын құрайды.

Еркін айналымдағы акциялар санына «Акционерлік қоғамдар туралы» 2003 жылғы 13 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 64-бабына сәйкес акционерлік қоғамның аффилиирленген тұлғасы болып табылатын тұлғаларға тиесілі акциялар кірмейді.

Акцияларының елуден астам пайызы мемлекетке, ұлттық холдингке не ұлттық басқарушы компанияға тиесілі ұйымдардың акцияларын ресми тізімге енгізу күніне, еркін айналымдағы акциялар саны бойынша талап осы акциялар сауда-саттығы ашылған күннен бастап алты ай өткен соң орналастырылған акциялар санының кем дегенде бес пайызын құрайды;

Еркін айналымдағы акциялар санын есептеу осы эмитенттің жай және артықшылық берілген акциялары бойынша бөлек жүзеге асырылады;

8) Қазақстан Республикасының резиденттері акционерлік қоғамдарға қатысты – эмитент акционерлерінің жалпы жиналысы бекіткен корпоративтік басқару кодексінің болуы.

Қазақстан Республикасының резидент еместеріне қатысты – корпоративтік басқару кодексінің немесе заңды тұлға ретінде эмитентті тіркеу елі заңнамасында көзделген тәртіппен бекітілген мазмұны бойынша өзге ұқсас құжаттың болуы, егер оның болуы заңды тұлға ретінде эмитентті тіркеу елі заңнамасында көзделген жағдайда;

9) ресми тізімнің осы санатына акцияларды енгізу туралы мәселені қарастырғанға дейін қор биржасы мүшелерінің бірі оған осы акциялар бойынша маркет-мейкер мәртебесін беру туралы өтініш беруі тиіс, ал олардың осы санатта болған уақытында олар бойынша маркет-мейкердің бар болуы міндетті;

10) эмитенттің құрылтай құжаттарында және/немесе бағалы қағаздардың шығарылым проспектісінде бағалы қағаздардың меншік иелерінің оларды иеліктен шығару (беру) құқықтарына нұқсан келтіретін немесе шектейтін нормалар болмайды.

6. Қор биржасының ресми тізімінің үшінші санаты бойынша (ең жоғарғы санатынан кейінгі) «акциялар» секторына эмитент акцияларын енгізу және олардың онда болуы үшін осы бағалы қағаздар мен олардың эмитенті мынадай талаптарға сәйкес болуы керек:

1) эмитент ҚЕХС немесе АҚШ ҚЕС сәйкес қаржылық есептілік әзірлейді;

2) эмитенттің қаржылық есептілігінің аудиті қор биржасымен мойындалатын аудиторлық ұйымдардың тізбесіне кіретін аудиторлық ұйымдардың бірімен жүргізіледі;

3) рұқсат беру бастамашысы эмитенттің соңғы аяқталған қаржы жылы немесе эмитент бір жылдан кем қызметін жүзеге асырған жағдайда, нақты қызмет ету кезеңі үшін аудиторлық есеппен расталған, эмитенттің қаржылық есептілігін береді.

Рұқсат беру бастамашысының акцияларды осы санатқа енгізу жөніндегі өтініші соңғы қаржы жылы аяқталғаннан кейінгі алғашқы төрт ай ішінде қор биржасымен осы акциялар эмитентінің аудиторлық есеппен расталған, соңғы аяқталған қаржы жылы үшін қаржылық есептілігін берусіз қабылданады, эмитентте мыналар бар болған жағдайда:

соңғы аяқталған қаржы жылының алдындағы жыл үшін аудиторлық есеппен расталған, қаржылық есептілік, сондай-ақ жасалу уақытынан рұқсат беру бастамашысы аталған өтінішті берген күнге дейін алты айдан астам өткен, аралық қаржы ақпаратының шолуы (эмитенттің аралық қаржылық есептілігінің толық жиынтығы) бойынша есеп немесе

жасалу уақытынан рұқсат беру бастамашысы аталған өтінішті берген күнге дейін алты айдан астам өткен, аудиторлық есеппен расталған, осы эмитенттің аралық қаржылық есептілігі;

4) эмитенттің меншікті капиталы аудиторлық есеппен расталған соңғы есептік күндегі қаржылық есептілікке сәйкес айлық есептік көрсеткіштің елу бір мың еселі мөлшерінен кем емес баламалы соманы құрайды;

5) тармақша алынып тасталсын;

6) Қазақстан Республикасының резиденттері акционерлік қоғамдарға қатысты – эмитент акционерлерінің жалпы жиналысы бекіткен корпоративтік басқару кодексінің болуы.

Қазақстан Республикасының резидент еместеріне қатысты – корпоративтік басқару кодексінің немесе заңды тұлға ретінде эмитентті тіркеу елі заңнамасында көзделген тәртіппен бекітілген, мазмұны бойынша өзге ұқсас құжаттың болуы, егер оның болуы заңды тұлға ретінде эмитентті тіркеу елі заңнамасында көзделген жағдайда;

7) эмитенттің құрылтай құжаттарында және/немесе бағалы қағаздардың шығарылым проспектісінде бағалы қағаздардың меншік иелерінің оларды иеліктен шығару (беру) құқықтарына нұқсан келтіретін немесе шектейтін нормалар болмайды.

7. «Борыштық бағалы қағаздар» секторы үш санатқа бөлінеді:

1) рейтингтік бағасы бар борыштық бағалы қағаздар (ең жоғарғы санат);

2) рейтингтік бағасы жоқ борыштық бағалы қағаздар:

бірінші шағын санаттың рейтингтік бағасы жоқ борыштық бағалы қағаздары (ең жоғарғы санат);

екінші шағын санаттың рейтингтік бағасы жоқ борыштық бағалы қағаздары (ең жоғарғы санатынан кейінгі);

3) буферлік санат.

8. Қор биржасының ресми тізімінің «борыштық бағалы қағаздар» секторының «рейтингтік бағасы бар борыштық бағалы қағаздар (ең жоғары санат)» санатына эмитенттің борыштық бағалы қағаздарын енгізу және олардың онда болуы үшін, осы бағалы қағаздар және олардың эмитенті мынадай талаптарға сәйкес келуі тиіс:

1) рейтингтік бағалары қаржы рыногын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органның келісімі бойынша қор биржасымен мойындалатын рейтингтік агенттіктердің тізбесіне кіретін рейтингтік агенттіктердің бірімен борыштық бағалы қағазына рейтингтік баға берілді. Бұл ретте қор биржасы соңғы он екі ай ішінде берілген (расталған, жаңартылған) сол рейтингтік бағаға ғана назар аударады. Бірнеше рейтингтік агенттіктер берген рейтингтік бағалар бар болғанда, осы бағалардың соңғысына мән беріледі;

2) эмитентті мемлекеттік тіркеу оның бағалы қағаздарын ресми тізімге енгізу туралы өтініш берген күнге дейін екі жылдан кем емес уақыт ішінде жүзеге асырады. Қор биржасының ішкі құжаттарына сәйкес оны (оларды) қайта ұйымдастыру нәтижесінде эмитент құрылған ұйымның (ұйымдардың) қызмет атқару мерзіміне сынақ жүргізілуі мүмкін.

Егер, қор биржасының ішкі құжаттарымен акцияларының жүз пайызы (жарғы капиталына қатысу үлестері) мемлекетке, ұлттық холдингке не ұлттық басқарушы холдингке тиесілі ұйымдар үшін екі жылдан кем қызмет атқару мерзіміне қойылатын талап белгіленген жағдайда, осы тармақтың 5) тармақшасында белгіленген талап осы ұйымдардың нақты қызмет ету мерзіміне байланысты қолданылады;

3) эмитент ҚЕХС немесе АҚШ ҚЕС сәйкес қаржылық есептілікті әзірлейді;

4) эмитенттің қаржылық есептілігінің аудиті қор биржасымен мойындалатын аудиторлық ұйымдардың тізбесіне кіретін аудиторлық ұйымдардың бірімен жүргізіледі;

5) рұқсат беру бастамашысы мыналардан кем емес уақыттағы аудиторлық есеппен расталған эмитенттің қаржылық есептілігін ұсынады:

егер акцияларды осы санатқа енгізу жөніндегі өтініш соңғы аяқталған қаржы жылы біткен күннен бастап төрт ай өткеннен кейін берілген болса, аяқталған соңғы екі қаржы жылынан;

егер акцияларды осы санатқа енгізу жөніндегі өтініш соңғы аяқталған қаржы жылы біткен күннен бастап төрт ай ішінде берілген болса, аяқталған соңғы қаржы жылының алдындағы аяқталған жүйелі екі қаржы жылынан.

Рұқсат беру бастамашысы соңғы берген аудиторлық есеп немесе аралық қаржылық ақпаратты шолу (эмитенттің аралық қаржылық есептілігінің толық жиынтығы) бойынша есеп шығарылған, эмитенттің қаржылық есептілігін жасау күнінен бастап акцияларды осы санатқа енгізу туралы өтінішті беру күніне дейін алты айдан аспауы тиіс.

Егер аудиторлық есеппен расталған аяқталған қаржы жылының қаржылық есептілігі жасалған күннен бастап акцияларды осы санатқа енгізу туралы өтініш берілген күнге дейін алты айдан астам мерзім өтсе, рұқсат беру бастамашысы аралық қаржылық есептілік бойынша аудиторлық есепті немесе аралық қаржылық ақпаратты шолу (эмитенттің аралық қаржылық есептілігінің толық жиынтығы) бойынша есепті береді;

6) Қазақстан Республикасының резиденттері акционерлік қоғамдарға қатысты – эмитент акционерлерінің жалпы жиналысы бекіткен корпоративтік басқару кодексінің болуы.

Қазақстан Республикасының резидент еместеріне қатысты – корпоративтік басқару кодексінің немесе заңды тұлға ретінде эмитентті тіркеу елі заңнамасында көзделген тәртіппен бекітілген, мазмұны бойынша өзге ұқсас құжаттың болуы, егер оның болуы заңды тұлға ретінде эмитентті тіркеу елі заңнамасында көзделген жағдайда.

7) ресми тізімнің осы санатына борыштық бағалы қағаздарды енгізу туралы мәселені қарастырғанға дейін қор биржасы мүшелерінің бірі оған осы борыштық бағалы қағаздар бойынша маркет-мейкер мәртебесін беру туралы өтініш беруі тиіс, ал олардың осы санатта болған уақытында олар бойынша маркет-мейкердің бар болуы міндетті.

8) эмитенттің құрылтай құжаттарында және/немесе бағалы қағаздардың шығарылым проспектісінде бағалы қағаздардың меншік иелерінің оларды иеліктен шығару (беру) құқықтарына нұқсан келтіретін немесе шектейтін нормалар болмайды;

9. Қор биржасының ресми тізімінің «борыштық бағалы қағаздар» секторының «рейтингтік бағасы бар борыштық бағалы қағаздар (ең жоғары санат)» санатына арнайы қаржы компаниясымен немесе арнаулы кәсіпорынмен шығарылған секьюритилендірілген борыштық бағалы қағаздарды енгізу және олардың онда болуы үшін, осы бағалы қағаздар және олардың эмитенті мынадай талаптарға сәйкес келуі тиіс:

  1. эмитент бір немесе бірнеше секьюритилендіру мәмілелерін жүзеге асыру үшін арнайы құрылған заңды тұлға болып табылады;

  2. эмитент және оның рейтингтік бағасы бар борыштық бағалы қағаздары осы қаулының 8-тармағының 1), 3), 4) және 7) тармақшаларында белгіленген талаптарға сәйкес келуі тиіс.

10. Эмитенттің борыштық бағалы қағаздарын «борыштық бағалы қағаздар» секторының «рейтингтік бағасы жоқ борыштық бағалы қағаздар» санатының «бірінші шағын санаттың рейтингтік бағасы жоқ борыштық бағалы қағаздар (ең жоғарғы санат)» шағын санатына енгізу үшін, инфрақұрылымдық облигацияларды, қор биржасының ресми тізімін және олардың онда болуын қоспағанда, бағалы қағаздар және олардың эмитенті мынадай талаптарға сәйкес болуы керек:

  1. эмитенттің мемлекеттік тіркелуі оның бағалы қағаздарын ресми тізімге енгізу туралы өтініш берген күнге дейін кем дегенде екі жыл ішінде жүзеге асырылады. Қор биржасының ішкі құжаттарына сәйкес қайта ұйымдастыру нәтижесінде эмитент құрылған ұйымның (ұйымдардың) қызмет атқару мерзіміне сынақ жүргізілуі мүмкін.

Егер қор биржасының ішкі құжаттарында акцияларының жүз пайызы (жарғы капиталына қатысу үлестері) мемлекетке, ұлттық холдингке не ұлттық басқарушы холдингке тиесілі ұйымдар үшін екі жылдан кем қызмет атқару мерзімі талабы белгіленген жағдайда, осы тармақтың 4), 6) және 7) тармақшаларында белгіленген талаптар осы ұйымдардың нақты қызмет ету мерзіміне байланысты қолданылады;

  1. эмитент ҚЕХС немесе АҚШ ҚЕС сәйкес қаржылық есептілікті әзірлейді;

  2. эмитенттің қаржылық есептілігінің аудиті қор биржасымен мойындалатын аудиторлық ұйымдардың тізбесіне кіретін аудиторлық ұйымдардың бірімен жүргізіледі;

  3. рұқсат беру бастамашысы мыналардан кем емес уақыттағы аудиторлық есеппен расталған эмитенттің қаржылық есептілігін ұсынады:

егер акцияларды осы санатқа енгізу жөніндегі өтініш соңғы аяқталған қаржы жылы біткен күннен бастап төрт ай өткеннен кейін берілген болса, аяқталған соңғы екі қаржы жылынан;

егер акцияларды осы санатқа енгізу жөніндегі өтініш соңғы аяқталған қаржы жылы біткен күннен бастап төрт ай ішінде берілген болса, аяқталған соңғы қаржы жылының алдындағы аяқталған жүйелі екі қаржы жылынан.

Рұқсат беру бастамашысы соңғы берген аудиторлық есеп немесе аралық қаржылық ақпаратты шолу (эмитенттің аралық қаржылық есептілігінің толық жиынтығы) бойынша есеп шығарылған, эмитенттің қаржылық есептілігін жасау күнінен бастап акцияларды осы санатқа енгізу туралы өтінішті беру күніне дейін алты айдан аспауы тиіс.

Егер аудиторлық есеппен расталған аяқталған қаржы жылының қаржылық есептілігі жасалған күннен бастап акцияларды осы санатқа енгізу туралы өтініш берілген күнге дейін алты айдан астам мерзім өтсе, рұқсат беру бастамашысы аралық қаржылық есептілік бойынша аудиторлық есепті немесе аралық қаржылық ақпаратты шолу (эмитенттің аралық қаржылық есептілігінің толық жиынтығы) бойынша есепті береді;

  1. эмитенттің меншікті капиталы аудиторлық есеппен расталған соңғы есепті күндегі қаржылық есептілікке сәйкес оның жарғылық капиталынан кем болмауы тиіс. Бұл ретте эмитенттің меншікті капиталы аудиторлық есеппен расталған соңғы есепті күндегі қаржылық есептілікке сәйкес айлық есептік көрсеткіштің екі миллион елу мың еселі мөлшерінен кем емес баламалы соманы құрайды.

Борыштық бағалы қағаздар қор биржасының ресми тізімінің осы шағын санатында болған кезде қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті орган белгілеген меншікті капитал жеткіліктілігі бойынша пруденциалдық нормативті сақтаған жағдайда қаржы ұйымының меншікті капиталының төмендеуіне жол беріледі;

  1. соңғы екі жылдың біреуіндегі эмитенттің таза кірісі аудиторлық есеппен расталған соңғы есепті күндегі қаржылық есептілікке сәйкес айлық есептік көрсеткіштің сексен бес мың алты жүз еселі мөлшерінен кем емес баламалы соманы құрайды;

  2. лизингтік ұйымды және кредиттік серіктестікті қоспағанда қаржылық емес ұйымның негізгі қызметі бойынша соңғы екі жылдың әрқайсысындағы сату көлемі аудиторлық есеппен расталған қаржылық есептілік деректері бойынша айлық есептік көрсеткіштің екі миллион елу мың еселі мөлшерінен кем емес баламалы соманы құрайды;

Егер облигация эмитенті соңғы аяқталған қаржы жылының төртінші тоқсаны немесе өтініш берген жылдың бірінші тоқсаны ішінде басқа ұйымдарға бақылауды алған жағдайда, оның бағалы қағаздарын қор биржасының ресми тізіміне енгізу туралы мәселе осы эмитенттің аудиторлық есеппен расталған аралық қаржылық есептілігінің (ағымдағы жылдың алты немесе тоғыз айындағы) деректері негізінде қарастырылуы мүмкін, оған сәйкес көрсетілген кезеңдегі оның сату көлемі осы тармақшаның бірінші абзацында белгіленген талаптарға сәйкес болады;

  1. Қазақстан Республикасының резиденттері акционерлік қоғамдарға қатысты – эмитент акционерлерінің жалпы жиналысымен бекітілген корпоративтік басқару кодексінің болуы.

Қазақстан Республикасының резидент еместеріне қатысты – корпоративтік басқару кодексінің болуы немесе егер заңды тұлға ретінде эмитентті тіркеу елінің заңнамасымен оның болуы көзделген жағдайда, заңды тұлға ретінде эмитентті тіркеу елінің заңнамасымен көзделген тәртіппен бекітілген мазмұны бойынша ұқсас құжаттың болуы;

  1. ресми тізімнің осы шағын санатына борыштық бағалы қағаздарды енгізу туралы мәселені қарастырғанға дейін қор биржасы мүшелерінің бірі оған осы борыштық бағалы қағаздар бойынша маркет-мейкер мәртебесін беру туралы өтініш беруі тиіс, ал олардың осы шағын санатта болу уақытында олар бойынша маркет-мейкердің бар болуы міндетті;

  2. эмитенттің құрылтай құжаттарында және/немесе бағалы қағаздардың шығарылым проспектісінде бағалы қағаздардың меншік иелерінің оларды иеліктен шығару (беру) құқықтарына нұқсан келтіретін немесе шектейтін нормалар болмайды.

1   2   3   4

Похожие:

Қазақстан республикасының Қаржы нарығЫН iconҚазақстан республикасының Қаржы нарығЫН
«Бағалы қағаздар рыногы туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 2 маусымдағы Заңының 56-бабына сәйкес Қазақстан Республикасы...
Қазақстан республикасының Қаржы нарығЫН iconҚазақстан республикасының Қаржы нарығЫН
Республикасындағы кредиттік бюро және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы” Қазақстан Республикасының Заңын іс жүзіне асыру мақсатында...
Қазақстан республикасының Қаржы нарығЫН iconҚазақстан республикасының Қаржы нарығЫН
Екінші деңгейдегі банктердің қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы...
Қазақстан республикасының Қаржы нарығЫН iconҚазақстан республикасының Қаржы рыногын
«Почта туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабын іске асыру мақсатында, Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын...
Қазақстан республикасының Қаржы нарығЫН iconҚазақстан республикасының Қаржы нарығЫН
Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Зейнетақы активтерін инвестициялық...
Қазақстан республикасының Қаржы нарығЫН iconҚазақстан Республикасының қаржылық тұрақтылығы және қаржы нарығын дамыту жөніндегі кеңес (бұдан әрі – Кеңес) Қазақстан Республикасының қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету және қаржы секторын тиімді дамыту мәселелері бойынша ведомствоаралық үйлестіруді жүзеге асыру үшін құрылады
Республикасының қаржылық тұрақтылығы және қаржы нарығын дамыту жөніндегі кеңес туралы
Қазақстан республикасының Қаржы нарығЫН icon«Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі құрған банкке немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға қаржы агенттігі мәртебесін беру» мемлекеттік қызметтерінің регламенті
Мекенжайында орналасқан Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау комитеті
Қазақстан республикасының Қаржы нарығЫН iconҚазақстан республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі басқармасының Қаулысы
Азақстан республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі
Қазақстан республикасының Қаржы нарығЫН iconҚазақстан республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі басқармасының Қаулысы
Азақстан республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі
Қазақстан республикасының Қаржы нарығЫН iconҚазақстан республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі басқармасының Қаулысы
Азақстан республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница