1-тарау. Жалпы талаптар




Скачать 436.77 Kb.
Название1-тарау. Жалпы талаптар
страница1/7
Дата конвертации12.02.2016
Размер436.77 Kb.
ТипДокументы
источникhttp://www.emer.kz/laws/law/nnic/0802/t12_132.doc
  1   2   3   4   5   6   7


Қазақстан Республикасы

Төтенше жағдайлар министрінің

2008 жылғы «25» шілдедегі

№ 132 бұйрығымен

бекітілген


Бериллийді, оның қосындыларын және олардан бұйымдар өндіру кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары


1-тарау. Жалпы талаптар



1. Осы Өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары бериллийді, оның қосындыларын және олардан бұйымдар өндіруге таратылады.

2. Бериллий өндірісінің құрылысын салу, қайта құру, техникалық қайта жарақтандыру және пайдалануға қабылдау мемлекеттік сараптамадан өткен жобалар бойынша орындалады.

3. Бериллий өндірістерінде аумақты, өндірістік және қосалқы ғимараттарды және құрылыстарды, төбені, еденді, жылыту, желдету, ауаны салқындату, жарық беру, ішкі су құбыры және канализация, сыртқы канализация желісін және құрылғыларды, өндірістік көлік және технологиялық құбырларды ұстап-күту және құрылыстық нормалар мен талаптарға сәйкес құрылыстық конструкцияларды коррозиядан сақтау бойынша шаралар жүзеге асырылады.

4. Барлық бериллий өндірістерінде төл құжат, формулярлар және (немесе) ғимараттар мен құрылыстарға, резервуарларға, технологиялық жабдықтарға, тежегіш құрылғыларға, тексеру (бақылау), басқару жүйелерінің аспаптарына, желдету және газдарды тазарту жабдықтарына берілген пайдалану құжаттары болады.

5. Бериллий өндірісінде келесі құжаттар өңделеді және жүргізіледі:

1) технологиялық регламенттер;

2) өндірістік бақылау жөніндегі ережелер;

3) апаттарды жою жобалары;

4) жобалау құжаттамалары;

5) құрылғылардың, ғимараттар мен құрылыстың төлқұжаттары.

6. Апатты жою жоспарлары қызметкерлердің апатты жою және апаттық жағдайлардың алдын алу, олар туа қалған жағдайда-оқшаулау, жану және жарылыстарды болдырмау, апат салдарының ауырлығын барынша төмендету бойынша жедел әрекеттерін қарастырады.

Апатты жою жоспарымен оның ішінде өздерінің жұмыс орнына қатысты жоспармен таныспаған тұлғалар жұмысқа жіберілмейді.

7. Технологиялық сұлбаға, апараттық жабдықталуына, бақылау, байланыс, хабарлау және апатқа қарсы автоматтық қорғаныс жүйелеріне өзгертулер енгізу, жобалау кәсіпорнының және жабдықтарды даярлаушы-зауыттың келісімі бойынша және уәкіл етілген органмен аттестацияланған ұйымда өндірістік қауіпсіздік экспертизаны өткізгеннен кейін жобалық және техникалық құжаттарға сәйкес өзгертулерді жүргізе алады. Енгізілген өзгертулер бериллий өндірісінің технологиялық үрдісінің қауіпсіздік деңгейін төмендетпеуі тиіс.

Жаңа технологияларды, техникалық құрылғыларды және материалдарды, соның ішінде шетелдік өндірісін қолдану уәкілдігі бар органдарының және өнеркәсіп қауіпсіздігінің қабылданған сынақ өткізу талаптарына және санитарлық-эпедемиологиялық талаптарына сәйкес болғанда ғана рұқсат етіледі. Қабылданған сынақтарды уәкілдігі бар органдар өткізеді.

8. Іс-әрекетке енгізілетін жаңа өндіріс, технология және жабдықтар үшін технологиялық үрдістерді өндіріске енгізудің және жабдықтарды пайдаланудың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін уақытша технологиялық, жұмыстық, қауіпсіздік және еңбекті қорғау жөніндегі нұсқаулар әзірленіп, белгіленген тәртіпте бекітіледі.

Мекеменің әкімшілігі еңбектің дұрыс, қауіпсіз жағдайын қамтамасыз ету бойынша шаралар қолдануы тиіс.

9. Бериллий өндірісіне жұмысқа түсетін, сондай-ақ уақытша немесе мезгілдік жұмысқа тартылатын барлық тұлғалар, белгіленген тәртіпте алдын ала, ал жұмысшылар мерзімдік медициналық қараудан өтулері тиіс. Дәрігерлік қорытындысы жоқ тұлғалар бериллий өндірісінде жұмыс істеуге жіберілмейді.

10. Мерзімдік, алдын алу мақсатындағы дәрігерлік қарауды уақытылы өткізуге жауапкершілік мекеменің әкімшілігіне жүктеледі.

11. Дәрігерлік қарау және оның мерзімділігі 2004 жылы 2 наурызда Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау, білім және спорт Комитеті, министрлігімен № 243 бұйрығымен бекітілген Зиянды, қауіпті және жайсыз өндіріс факторлары әсер ететін жерлерде жұмысшыларды міндетті қосымша және арнайы медициналық тексеруден өткізу туралы ережесіне сәйкес өндірістік қауіпсіздік талаптарымен белгіленген тәртіпте жүзеге асырылады.

12. Кәсіби ауруы (соның ішінде аллергиялық дерматит) анықталған тұлғалар бериллий өндірісінен дереу шығарылады.

13. Еңбек қауіпсіздігін оқыту, нұсқаулар беру, білімдерін тексеру және жұмысшылардың біліктілігін көтеру заң шығарумен сәйкестікте жүзеге асады.

14. Мекемеге жаңадан орналасқан басшылар, мамандар және жұмысшылар, сондай-ақ өндірістік оқуға немесе тәжірибеге келген оқушылар, студенттер, жұмыстарды орындауға келген жобалау-конструкторлық, ғылыми-зерттеу және басқа мекемелердің қызметкерлері белгіленген тәртіпте кіріспелік нұсқаулардан өтеді.

15. Қауіпсіздік және еңбекті қорғау жөнінде оқытуды, нұсқауды өтпеген және білімі тексерілмеген тұлғалар жұмысқа жіберілмейді.

16. Жүк көтергіш машиналар, қысыммен жұмыс істейтін ыдыстар және төтенше жағдайлар саласында мемлекеттік тексеру және қадағалау ұйымдарының бақылауындағы басқа нысандарды пайдалану жұмыстарымен байланысты мамандар және қызмет көрсететін жұмысшылардың тиісті мамандықтары болуы қажет және жұмысқа қауіпсіздік талаптарына сәйкес жіберіледі.

17. Бериллий өндірісінде қауіптілігі жоғары және газқауіпті жұмыстармен жұмыс істеу тәртібі сақталуы тиіс, мұндай жұмыстардың тізімі мекеме белгілеген тәртіпте бекітілуі және жылына бірден кем емес ретте қайта қаралады.

18. Қауіптілігі жоғары жұмыстар екіден кем емес адамдардан, ал аппараттарда, газарналарда және осы сияқты жерлерде үштен кем емес адамдардан тұратын бригадамен орындалады.

19. Ұйымның әкімшілігі жұмысшылар мен қызметкерлерді арнайы киіммен, арнайы аяқ киіммен және басқа қорғаныс құралдармен белгіленген заңнамаларға сәйкес қамтамасыз етеді.

Орындалатын жұмыстың шарты мен сипатына байланысты бериллий өндірісінде қауіпті және зиянды өндірістік факторлардан қорғанудың басқа да арнайы құралдарын беру тәртібі белгіленеді.

Арнайы киім, арнайы аяқ киім және басқа жеке қорғаныс құралдарын пайдалану ережесі олар қолданылатын нақты жағдайды есепке ала отырып қауіпсіздік және еңбекті қорғау нұсқауында баяндалады.

20. Ұйымның әкімшілігі жұмысшылар мен қызметкерлерді емдік-сақтандыру мақсатында тамақтандыру, сүт, жуғыш және зарарсыздандырғыш заттармен қамтамасыз етуі Қазақстан Республикасының еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министірінің 2005 жылдың 29 маусымында № 170-П бұйрығымен бекітілген Жұмыс берушінің қаражаты арқылы жұмысшыларға емдеу-профилактикалық азық рационын беру нормасына сәйкес болуы тиіс. (№ 3739 нормативті заңға сүйенген актілердің мемлекеттік тіркеу тізімі).

21. Бериллий өндірісінде газдан құтқару қызметі қызмет көрсетеді.


  1   2   3   4   5   6   7

Похожие:

1-тарау. Жалпы талаптар iconМыс қорыту өндірісіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары
Тарау. Өндірістік алаңдарға, ғимараттарға, құрылыстар мен жайларға қойылатын талаптар
1-тарау. Жалпы талаптар icon2 – тарау. Өндірістік алаңдар, ғимараттар, құрылыстар және жайларға қойылатын талаптар
Бұл Талап байыту өндірісін жобалау, құрылысы, эксплуатациялау, қайта конструкциялауға таратылады
1-тарау. Жалпы талаптар icon2-тарау. Өндірістік алаңдарға, ғимараттарға, имараттарға қойылатын талаптар
Жазғы уақыттарда жолдар мен өтетін жерлер сумен суарылып, қысқы уақытта мұз бен қардан тазартылып отырылады
1-тарау. Жалпы талаптар icon1 іas халықаралық Қаржы есептілігінің стандарты
Стандартта қаржы есептiлiгiн ұсынуға жалпы талаптар, оның құрылымы бойынша ұсынымдар және қаржы есептiлiгiнiң мазмұнына ең төменгi...
1-тарау. Жалпы талаптар iconПедагогикалық Қызметкерлердің ҚЫСҚа мерзімді біліктілікті арттыру курсының ОӘк дайындау мен рәсімдеуге қойылатын жалпы талаптар
Осы Талаптар біліктілікті арттыру курстарының ОӘК дайындау мен рәсімдеуге қойылатын бірыңғай амал тұрғысынан келуді қамтамасыз ету...
1-тарау. Жалпы талаптар iconI тарау: Жалпы білім беретін мектептердегі кәсіптік бағдар берудің теориялық негіздері
Кіріспе
1-тарау. Жалпы талаптар icon1 Клиринг және есеп айырысудың мәні мен қызметі Клиринг
Клиринг жалпы өзара талаптар мен міндеттемелерді есепке алу деген ұғымды білдіреді. Ал биржалық клиринг ол биржалық саудаға қатысушылар...
1-тарау. Жалпы талаптар iconРефератты орындау және жазуға қойылатын талаптар
Коммуникативтік дағдылар, психотерапия негіздері, жалпы және медициналық психология кафедрасы
1-тарау. Жалпы талаптар iconКіріспе
Тарау. ӘЛемдік және отандық ТӘжірибеге сүйене отырып, 12 жылдық жалпы орта білім беруге көшудің негіздемесі
1-тарау. Жалпы талаптар iconЖалпы листингілік талаптар ("Ислам бағалы қағаздары" секторын қоспағанда)
АӨҚО Қра талаптарына сәйкес келетін, аудиторлық ұйым қаржылық есеп берушіліктің аудитін жүргізеді
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница