Газдарды өндіру кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары




НазваниеГаздарды өндіру кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары
страница7/7
Дата конвертации12.02.2016
Размер0.82 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://emer.kz/laws/law/nnic/pererabotky_gazov_kaz.doc
1   2   3   4   5   6   7

8-бөлім. Газқауіпті және ашық от жұмыстары


503. Әрбір өндіріске лайықты газ қауіпті жұмыстардың тізімі жасалады:

1) наряд-рұқсатнаманы ресімдеу бойынша;

2) наряд-рұқсатнаманы ресімдемей, кітапшада тіркеу арқылы;

3) болуы мүмкін апаттық жағдайлар мен апаттарды залалсыздандыру және жою қажеттілігінен.

504. Газ қауіпті жұмыстардың тізімі ГӨӨ техникалық басшысымен бекітіледі.

505. Газ қауіпті жұмыстар жүргізілетін жұмыс орындарында ескерту және тыйым салу белгілері орнатылады, қажет болған жағдайда қауіпті аумаққа бөгде кісілердің болмауын қадағалайтын бекеттер қойылады.

506. Газ қауіпті жұмыстар құрамында кемі екі жұмыскері бар топпен жүргізіледі. Топ мүшелері жеке қорғаныс құралдарымен, арнайы киіммен, арнайы аяқ киіммен, құрал-сайманмен және қосалқы материалдармен қамтамасыз етіледі.

507. Ашық от жұмыстарына ашық от, ұшқын пайда болатын және материалдарды тұтанатын температураға дейін қыздыру арқылы жүргізілетін жұмыстар (электрлі пісіріп жалғау, электр-газбен пісіріп жалғау, металды механикалық өңдеу кезінде ұшқын бөлінуі және тағы басқалар) жатады.

508. Уақытша ашық от жұмыстары, оларды қауіпсіз жүргізу туралы технологиялық регламент және ГӨӨ техникалық басшысымен бекіткен нысан бойынша жүргізіледі.

509. Өндірістік жұмыс орындарында және сыртқы қондырғыларда жүргізілетін уақытша ашық от жұмыстары, технологиялық регламентте көрсетілген тәртіпте және нысан бойынша жазбаша рұқсатнама бойынша жүргізіледі.

510. Аппараттар және резервуар-ыдыстардың ішінде жүргізілетін ашық от жұмыстарына рұқсатнама және газ қауіпті жұмыстарды жүргізуге арналған наряд-рұқсатнама керек.

511. Резервуар-ыдыстар мен аппараттар ішінде жүргізілетін электргазбен дәнекерлеу жұмыстарын жүргізетін дәнекерлеушілердің сыртта ауысым құрамы (әрбір дәнекершіге бір дәнекерші) болуы керек, оларда резервуар-ыдыстың ішінде жұмыс жүргізіп жатқан дәнекершілердегідей жеке қорғаныс құралдары болуы керек.

512. Дәнекерлеу жұмыстарын жүргізетін орын толық жабдықталған шлангалық противогазбен қамтамасыз етілуі тиіс.

513. Аппараттың, резервуар ыдыстың, құдықтың ішінде бір мезгілде газбен дәнекерлеуші мен электрмен дәнекерлеуші жұмыс жүргізуіне рұқсат етілмейді.

514. Дәнекерлеу аппараттарын электр техникалық қызметкерлер іске қосуы керек.

515. Биіктікте жұмыс жүргізетін дәнекерлеушілер сақтандырғыш белдіктермен және электродтарға арналған сөмкемен қамтамасыз етіледі.

516. Ылғалды жерлерде (резервуар-ыдыстарда, аппараттарда және басқа да техникалық құрылғыларда) жұмыс жүргізген кезде дәнекерлеушілерді электр тоғынан қорғау үшін, оларды резеңке алашамен, ток өткізбейтін қолғаптар мен галошпен қамтамасыз етілуі тиіс.

517. Сығылған газ және оттегі баллондары мына қашықтықтарда орнату керек:

1) ашық от пайдаланып жатқан жерлерден, ашық от көздерінен және қатты қыздырылған заттардан ең кемі 10 м;

2) өз аралары ең кемі 5 м.

518. Сығылған газ және оттегі баллондары берік орнатылып және күн көзінен, жылу көдерінен қорғалуы тиіс.

9-бөлім. Күкірт сутекті газдар мен конденсаттарды қайта өңдеу


519. Құрамында күкіртті сутек бар конденсатты және ГӨӨ нысандарының жұмыскерлерін өнеркәсіптік қауіпсіздік шараларына оқыту бағдарламасы мынадай тараулардан тұрады:

1) күкіртті сутек және басқа да адам ағзасына қауіпті зиянды заттардың қасиеттері және әсері;

2) ЖҚҚ, олардың қолданылуы, құрылымы және пайдалану ережесі;

3) қауіпсіздік белгілері, белгі беру түстері және апаттық хабар беру белгілері;

4) жұмыс орнының ауасын бақылаудың тәртібі, тәсілдері және бақылау құралдары;

5) қауіпсіз жұмыс әдістері мен тәсілдері;

6) мүмкін болатын апаттық жағдайларда және олардың пайда болу қаупіндегі қауіпсіздік шаралары және іс-қимыл тәртібі;

7) зардап шеккендерге дәрігерге дейінгі көмек құралдары мен тәсілдері.

520. ГӨӨ АЖЖ қатар өндірістің техникалық басшысымен мүмкін болатын апаттық жағдайларда қызметкерлерді жұмыс орындарына қауіпсіз жерлерге көшіру жоспары дайындалып және бекітіледі.

521. Жұмыс орындарында АЖЖ және апаттық жағдайларда қызметкерлерді жұмыс орындарына қауіпсіз жерлерге көшіру жоспарының көшірмелері ілініп қойылады және оларда мыналар көрсетіледі:

1) көшіру жолдары;

2) көшірілгендердің жиналу және оларды орналастыру бекеті;

3) нысанның өзіне тән қауіптілігі туралы мәліметтер;

4) жұмыскерлердің апаттық жағдай кезіндегі іс-қимылдары.

522. Күкірт сутекті орда қолданылатын жабдықтар, күкірт сутекті коррозияға төзімді арнайы металдар мен материалдардан жасалады.

523. Дайындаушы-зауыттың және жеткізуші фирманың жобада көрсетілген мөлшерде тиісті ортада қолдануға кепілдемесі жоқ аппараттарды, құбыр желілерін, БӨҚжА аспаптарын, бекіткіш құрылғыларды және басқа да негізгі және қосалқы жабдықтарды қолдануға болмайды.

524. Күкірт сутекті өнімдерді айдау үшін көп жағдайда, өнімнің ағып кетпеуін қамтамасыз ете алатын, сальниксіз сорғылар қолданылады.

525. Күкірт сутекті өнімдерді айдау үшін қолданылатын сорғылар қос торстық нығыздауыштармен және екі қабат сальникті нығыздауышпен нығыздалады. Бұл кезде олар мыналармен қамтамасыз етіледі:

1) сальниктерден төгілген өнімдерді жинағыштармен;

2) сорып алғыш құрылғылармен (тез буланып кететін улы, жанғыш және тезтұтанатын сұйықтықтарды сору-айдау кезінде);

3) кейін сорғылардың ішкі жағын шаюға немесе дегазациялауға қолданылатын, сорып-айдалатын сұйықтықтардың сорғыдағы қалдығын құйып алатын құрылғылармен.

526. Құбыр желілері фланецтік немесе басқа да ажыратылатын қосылыстарсыз жүргізілуі тиіс. Фланцтік қосылыстар тек қана тетіктер орнатылған немесе құбыр желілерінің аппараттарға қосылған және технология шарттары бойынша құбыр желілерін тазалау және жөндеу үшін мезгіл-мезгіл ағытылуы тиісті жерлерде қолданылады.

527. Күкірт сутекті өнімдерді тасымалдау үшін қолданылатын технологиялық құбыр желілерінің дәнекерленген қосылыстары, ішкі кернеудің алынуы үшін термиялық өңдеуден және 100 %-дық ажыратпай-ақ өткізілетін бақылаудан өткізіледі.

528. Күкірт сутекті сұйықтықтарды шайып-құйып алу үшін өз алдына бөлек жүйе қарастырылады. Су араласқан күкірт сутекті сұйықтықтарды шайып-құйып алуға арналған құбыр желілері қыздырылуы тиіс.

529. Күкірт сутекті сұйықтықтарды сақтауға арналған жер үсті резервуар-ыдыстары, азоттық ауа шығатын, жабдықталады:

1) сұйықтық деңгейін ара қашықтықтан өлшеу құрылғысы;

2) ең жоғарғы шекті биіктік деңгей белгі бергіш құрылғыларымен;

3) ең жоғарғы шекті биіктік деңгейіне жеткен кезінде сұйықтықты беруді автоматты түрде тоқтату құрылғыларымен.

530. Құдықтарда орналасқан бекіткіштерді жер үстінен басқару құрылғылар арқылы жүргізіледі.

531. Технологиялық жабдықтардың өзара байланысы, аппараттар мен коммуникациялардың, жөндеу алдында. Тазаланған табиғи немесе зиянсыз газбен, күкірт сутекті булар мен газдарды үрлеп шығаруды қамтамасыз ете алатындай болуы керек.

532. ГӨӨ нысандары және сыртқы қондырғылары жарықпен және дыбысты белгі беру құрылғыларымен жабдықталған.

533. Апаттық дыбыс беру құрылғылары дыбыстық белгі беру кезінде мына дыбыстық деңгейлерде береді:

1) айналадағы дыбыстан ең кемі 10 децибелден артық дыбыс арқылы;

2) қатты дауысты байланыс жүйесі арқылы.

534. Апаттық белгі беру жүйесі бөлектеледі:

1) автоматтық басқару жүйесі арқылы;

2) қоршаған ортаның ауасын автоматтық бақылау жүйесі арқылы.

535. Апаттық белгі беру жүйесі апат залалсыздандырылғанша апаттық белгі беру жүйесін қолмен өшіруді болдырмау қамтамасыз етіледі:

1) орталық операторлық бөлмеден;

2) өндірістік нысандардың операторлық бөлмесінен;

3) әскери апаттық-құтқару қызметінің (бұдан әрі-ӘАҚҚ) жауапты кезекшісі отырған басқару бекетінен.

536. Күкірт сутекті газ және конденсаттардың үлгі сараптамалары арналарда қойылған автоматтық газ анықтағыштар арқылы жүргізіледі.

537. Үлгі алғыштарға үлгі алу жұмыстары, күкірт сутекке шыдамды материалдардан жасалған үлгі алғыштармен жүргізіледі.

537. Технологиялық қондырғыларды, жабдықтарды және құбыр желілерін іске қосу, күкіртсутекті шикізатты өндіріске беруден бастап жобалық технологиялық межеге дейін жеткізу, оқытылған және іс-тәжірибеден өткен қызметкермен жүргізіледі.

539. Технологиялық қондырғыларды іске қосу ӘАҚҚ қызметкерлерінің бақылауымен жүргізіледі.

540. Пайдаланылмайтын жабдықтар (қосалқы аппараттар, құбыр желілері және тағы басқалар) күкірт сутекті технологиялық ортадан тығын-бекіткіштер қою арқылы ажыратылады.

541. Техникалық себептерге байланысты, бекіткіш тетіктердің көмегімен ажыратылатын уақытша пайдаланылмайтын жабдықтар, коррозиядан жұмыс істеп тұрған жабдықтармен бірдей қорғалады. Оның коррозиялық жағдайын регламентті түрде бақылайды.

542. Бір айдан астам уақыт пайдаланылмаған жабдықтар (апаттық қордан басқасы) консервациялауға жатады.

543. Өндірістік нысандардың оператор бөлмесіне технологиялық сызбадан (мнемосызбалар) басқа мынадай жоспарлар да ілінеді:

1) апаттық құралдар және өрт сөндірудің алғашқы құралдары орналасқан жерлердің;

2) қызметкерлерді көшіру жолдары;

3) көшірілгендердің жиналу бекеттерінің.

544. Ауысым (вахта) басталар алдында және ауа райының бірден өзгерген шағында бақылаушы тұлға:

1) қызметкерлерді апат кезіндегі (ауа райына байланысты) көшетін бағыттармен таныстырады;

2) ТОҚЖҚ барын және қоршаған ортаның ауасын бақылайтын жедел құралдардың жағдайын тексереді.

545. Қызметкерлер ауысымды қабылдағанда және тапсырғанда газ анықтағыш аспаптардың рәсімдеу жазғыш құралының қағазына (ауысым тапсырған уақытын көрсетіп және қол қояды) белгілейді.

546. Ауа құрамын автоматтық бақылаумен қатар, жұмыскерлер аспалы газ анықтағыштармен мына жерлерде бақылау жүргізеді:

1) құрамында зиянды заттары бар газ және сұйықтық айдалып-сорылатын бөлмелерде-әрбір 4 сағат сайын;

2) зиянды заттар бөлінетін және жиналатын бөлмелерде және сыртқы қондырғыларда-ауысымда бір рет;

3) ішінде зиянды заттар бөлінетін көздер жоқ, бірақ сырттан кіруі мүмкін бөлмелерде-тәулігіне бір рет;

4) қызметкерлер тұрақты болатын орындарында, газ анықтағыштар орнату қажеттілігі жоқ жерлерде-ауысымда екі рет;

5) мезгілімен қызмет көрсетілетін орындарда-жұмыс алдында немесе жұмыс барысында;

6) резервуарлар паркінде және қоршау айналасында, әр резервуар ыдыстың остік сызығынан 5-10 м аралықта жел жағынан-ауысымда бір рет;

7) газданған аумақта апаттық жұмыстар кезінде-әрбір 30 минутта бір рет.

Апаттық жағдай жойылғаннан кейін, АЖЖ сәйкес зиянды заттар шоғырланған жерлерде ауаның сараптамасы жүргізіледі.

547. Күкірт сутектің қауіпті концентрациясы (МШК жоғары) білінген кезде:

1) тез арада адамдарды қауіпті аумақтан шығару шаралары қарастырылады;

2) ӘАҚҚ және ГӨӨ диспетчеріне хабарланады;

3) күкірт сутектің қауіпті концентрациясының пайда болған жерлеріне «Кірмеңіздер-газданған!» деген ескерту тақтайшаларын іліп қояды.

548. Құрамында күкірт сутек бар газдарды (қышқыл газдарды) шығару, төтенше жағдайда (апаттық жағдайда), жеке факельдік жүйеде жүргізіледі.

549. Күкіртсутекті сұйықтықтар төгілуі мүмкін бөлмелерде, әрдайым шұғыл жуып тастауға пайдаланылатын, дайын тұрған құрылғылар қарастырылған.

550. Құрамында күкірт сутек және басқа да зиянды заттар бар сұйықтықтарды, алдын ала залалсыздандырмай ақпа су жүйесіне төгуге болмайды.

551. Улы сұйықтықтар төгілуі мүмкін өндірістік нысандарда, тұрақты түрде және қалыпты жағдайда сақталып, әр уақытта қолдануға дайын залалсыздандырғыш сұйықтықтың қоры және оларды шұғыл пайдаланудың техникалық құрылғылары сақталады. Залалсыздандыру сұйықтығының құрамы мен көлемі төгілуі мүмкін технологиялық сұйық ортаның улы құрамы мен төгілген көлеміне байланысты болады.

552. Дезодоризацияны (төгілген улы сұйықтықтарды залалсыздандырып болған соң иіссіздендіру) бөлме ішінде ауаны желдету және төгілген беттерді 1 %-дық калий қышқыл марганец (калий перманганаты) сұйықтығымен өңдейді.

556. Фланецтік қосылыстардың, тетіктердің, аппараттардың люктерінің, жабдықтардың ағытылатын бөліктерін, мезгілімен ГӨӨ техникалық басшысы бекіткен кесте бойынша, қызметкерлер тексеріп тұрады.

554. Өндірістік бөлмелерде желдеткіш істен шыққан кезде, қызметкерлер:

1) тез арада ТЖҚЖҚ киеді;

2) қауіпті аумақты тастап шығады;

3) бақылаушы тұлғаны ақауды жою туралы хабар береді.

555. Өндірістік нысандарда жабдықтар мен құбыр желілерін коррозиядан қорғау жүйесін регламентті түрде бақылау жүргізіледі.

556. Жабдықтар мен құбыр желілерінің коррозиялық жағдайын бақылау өндірістік нысанның қызметкерлерінің арасынан арнайы оқытылған тұлғаларға жүктеледі.

557. Жабдықтардың коррозиялық жағдайын бақылау сырттай қараудан басқа мына тәсілдермен де жүргізіледі:

1) бақылау үлгілерімен салыстыру;

2) коррозия жылдамдығын өлшегіш құралдармен;

3) коррозияны бақылау түйіндері арқылы;

4) сутегілік зондылар арқылы;

5) ультрадыбыстық және магниттік қалыңдық өлшеу құралымен.

558. Әрбір жабдықтар мен құбыр желілеріне арналған коррозияның тәсілін, мезгілділігін және бақылау нүктелерін техникалық басшы бекітеді.

559. Күкірт құрамдас ортаның зиянды әсері аясында пайдаланылатын жабдықтар мен құбыр желілерін техникалық бақылау көлеміне, ГӨӨ техникалық басшысы бекіткен технологиялық регламентке сәйкес, қабырға қалыңдығын өлшеу де кіреді:

1) алғашқы жарты жыл пайдаланғанда-айына бір рет;

2) ары қарай жабдықтың негізгі коррозиялық жағдайына сай-тоқсанына бір рет.

560. Аппараттар, резервуар ыдыстар және жабдықтар мезгілімен профилактикалық тексеруден, тазалаудан, техникалық болжаудан және жөндеуден ГӨӨ техникалық басшысы бекіткен кесте бойынша жүргізіледі.

561. Жабдықтарды ағыту, қарау және жөндеу жұмыстарын бастау алдында:

1) пирофорлы қалдықтардың (флегматизация, дезактивация) өзінен-өзі тұтануды болдырмау шараларын анықтап, оларды жинақтау тәртібі, белгілеген жерге көму (залалсыздандыру) және осы жұмыстарды қауіпсіз орындау шаралары қарастырылады.

Ұйымдастыру жұмыстарының жоспары ӘАҚҚ келісімімен ГӨӨ техникалық басшысы бекітеді;

2) пирофорлы қалдықтардың өрт-жарылыс қауіпті қасиеттерін анықтау, оларды жинақтау тәртібі, белгілеген жерге көму (залалсыздандыру) және осы жұмыстарды қауіпсіз орындау туралы топ жұмыскерлерімен, жұмыс орындарында техникалық қауіпсіздік нұсқаулығы сабағы өткізіледі;

3) газ қауіпті жұмыстарды орындауға наряд-рұқсатнама дайындалады.

562. Резервуар ыдыстар мен аппараттардың ішкі қабырғаларында пирофорлы қалдықтардың өзінен-өзі тұтануды болдырмау үшін, оларды қарап, жөндеу жұмыстарын жүргізер алдында, олар бумен немесе сумен толтырылады.

Буды беру жиілігі резервуар-ыдыстар мен аппараттарда әрдайым қысым атмосфералық қысымнан жоғары болу керек. Бу шығыны резервуар ыдыстар мен аппараттардың жоғарғы жағынан шығып жатқанынан бақыланады.

563. Аппараттарды, резервуар ыдыстарды булау кезінде олардың бетінің температурасы 60°С-тан төмен болмауы керек.

564. Булау ұзақтығы технологиялық регламентпен белгіленеді, бірақ 24 сағаттан кем болмауы керек.

565. Булау жүргізіледі:

1) аппараттарда-люктердің жабық күйінде;

2) резервуар-ыдыстарда-ашық тұрған ауа шығатын тетік ашық күйінде.

566. Булау біткен кезде пирофорлы қалдықтарды, жабдықтарға өлшеп бергіш құрылғы (бақылаушы шығынөлшегіш) арқылы, құрамында 3-8 % оттегі (көлемдік 15-40 % ауа), 3-6 сағат бойы бу-ауа қоспасын жіберіп (бақылаудағы ауа оттегісімен қышқылдану) дезактивация жүргізіледі.

Аталған шараларды орындамаған кезде, булауды аяқтаған кезде, жабдықтар ең жоғарғы деңгейіне дейін сумен толтырылады. Толтырылып болғаннан кейін, пирофорлы қалдықтардың ақырын қышқылдануын қамтамасыз ету үшін, су деңгейі сағатына 0,5 м жылдамдықпен төмендетіледі.

567. Қоршаған ортаның теріс температураларында, жабдықтарды шаю (толтыру) қыздырылған сумен немесе булы сумен жүргізіледі.

568. Жабдықтарды шаю және булау жұмыстарын жүргізу үшін бу және су беруге арналған стационарлық немесе жылжымалы штаттық құрылғылар мен коммуникациялар қарастырылған.

569. Шаю жұмыстары аяқталған соң, жабдықтар ауамен желдетіледі (алдымен азғантай көлемде бу жіберіледі).

570. Жабдықтарды желдету кезінде, атмосфералық ауаның қаттырақ жүрінен сақтану үшін, оның люктері жоғарғы жағынан бастап ашылады.

571. Резервуар ыдыстардың, аппараттардың ішкі жұмыстары, ауаның құрамында күкіртсутек, басқа да зиянды және жанғыш газдар мен булардың барына сараптама жасалып, оның оң нәтижесінде және мыналар болған кезде жүргізіледі:

1) ТЖҚЖҚ;

2) сақтандырғыш белдіктер;

3) бақылаушылар (әрбір жұмыскерге).

572. Қоршаған ауаны улы және жарылыс қауіпті жарылысқа дейінгі концентрацияға анықтау үшін сараптамаға үлгі алу, мезгілділігі және бақылау тәсілдері наряд-рұқсатнамада көрсетіледі.

573. Резервуар-ыдыстар ішіндегі газдың құрамын зиянды заттардың улы концентрацияларына сарптама жасап-бақылау, сағатына бір рет жүргізіледі.

574. Жабдықтарды тазалау кезінде қабырғаларда және басқа да жерлерде тұрып қалған пирофорлы қалдықтар, тазалау аяғына дейін ылғалды болуы үшін, сумен мол ылғалданады.

575. Механикалық тәсілмен (мысалы, төменгі люк арқылы қырғыштың және сору құрылғысының көмегімен) жүргізілетін және жұмыскерлердің жабдықтардың ішіне кіруін қажет етпейтін, жабдықтарды пирофорлы қалдықтардан тазалау жұмыстарын, технологиялық регламенттің талптары бойынша жабдықтарды алдын ала булау және дегазациялау жұмыстарын жүргізбесе болады.

Бұл кезде жабдықтар:

1) жанғыш өнімнен тазаланады;

2) барлық құбырларды тығын-бекіткіштер арқылы ажыратады;

3) ішкі жағын ауалық-механикалық көбікпен орта немесе жоғарғы дәрежелі және тазалау жұмыстары кезінде жабдықтарды тұрақты көбікпен қамтамасыз ету керек.

576. Жабдықтарды тазалау жұмыстарын орындау кезінде, статикалық электрдің пайда болуына жол бермеу шараларын қарастыру керек.

577. Жабдықтардан шығарылған қалдықтар су қабатында ұсталады немесе ылғалды күйінде ыдыстарға салып, жанғыш булар мен газдардың пайда болатын және шоғырланатын орыннан алысырақ әкетеді.

578. Жабдықтарды тазалау жұмыстарын аяқтаған соң, пирофорлы қалдықтар ылғалды күйінде нысан аумағынан шығарылып, жобада көрсетілген осы үшін бөлінген жерге апарып тастайды.

579. Аппараттарды, резервуарларды, ыдыстарды, құбыр желілерін зиянсыз (түтінді) газдармен үрлеу тәсілі арқылы дайындық және жөндеу жұмыстарын жүргізген кезде, олардағы ауадағы оттегінің құрамы көлемнің 5 % құрайтындай қамтамасыз етіледі.

580. Ғылыми мақсатта пирофорлы қалдықтардың үлгісін алу:

1) ГӨӨ техникалық басшысының рұқсатымен;

2) жұмыс жетекшісінің қатысуымен;

3) арнайы үлгі алу құрылғысының арқылы оқытылған жұмыскерлер күшімен жүргізіледі.


10-бөлім. Қыс мезгіліндегі жұмыстар


581. Қыс мезгілінде БӨАжА құралдарының тоқтаусыз жұмыс жасауын қамтамасыз ету үшін, суық түскенше:

1) импульстық жүйелердің, бөлгіш ыдыстар мен аспаптардың жылу орамдарының бүтіндігін тексереді;

2) алдын ала олардың бүтіндігін тексеріп алып, оларды қатпайтын сұйықтықпен толтыру;

3) аспаптарды жылыту жүйесінің жұмысының қалыптылығы мен сенімділігін тексеру.

582. ГӨӨ нысандарында қатуы мүмкін жабдықтар мен құбыр желілеріне бумен қамтамасыз етуді қарастырады.

583. Бу тасымалдау құбырлары жылумен қорғалады, төгу тетіктері-жылу сақтағыш ораммен оралады.

584. Қатып қалатын төгу шүмегі бар аппараттар, құбыр желілері, ыдыстар қыс мезгілінде қолданылмайды.

585. Қатып қалған бөліктер бумен немесе ыстық сумен ерітіледі.

586. Ерітілетін бөлік жұмыс істеп тұрған жүйеден ажыратылады. Жиналған сұйықтық төгетін шүмек пен ауа шығатын келте құбыр жабылады.

587. Өндіріс алаңдары, жолдар, баспалдақтар өткелдер қардан, мұздан тазартылады және құм себіледі.

Қабылданған қысқартулар


АСА-ауамен салқындату агрегаты;

БКҚ-блокты-кешенді қондырғы;

ӘАҚҚ-әскери апаттық-құтқару қызметі;

ЖС-жанғыш сұйықтық;

ГӨӨ-газ өңдегіш өндіріс;

ЖҚК-жарылыс қауіпті концентрация;

БӨА-бақылау-өлшеу аспаптары;

БӨАжА-бақылау-өлшеу аспаптары мен автоматика;

КБ-компрессорлық бекет;

ТТС-тез тұтанатын сұйықтық;

ЖШТК-жарылыс шегінің төменгі концентрациясы;

СБ-сорғылық бекет;

ШМК-шекті мүмкін концентрация;

АЖЖ-апатты жою жоспары;

ЖҚҚ-жеке қорғаныс құралдары;

ТЖЖҚҚ-тыныс жолдарының жеке қорғаныс құралдары;

СКГ-сұйытылған күкіртсутекті газдар.


___________________

1   2   3   4   5   6   7

Похожие:

Газдарды өндіру кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары iconПлавикалық қышқылды өндіру кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары
Осы өнеркәсіптік қауіпсіздік Талабы концентрациясы 70 аспайтын фторлы алюминий және жасанды криолитті (әрі қарай-плавикалық қышқылды...
Газдарды өндіру кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары icon1-тарау. Жалпы талаптар
Бериллийді, оның қосындыларын және олардан бұйымдар өндіру кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары
Газдарды өндіру кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары iconАлюминий, магний ұнтақтары мен опаларын және олардың негізіндегі қорытпаларды өндіру кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары
Осы Өнеркәсіптік қауіпсіздік талабы алюминий, магний ұнтақтары мен опаларын және олардың негізіндегі қорытпалар өндірісін жобалауға,...
Газдарды өндіру кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары iconПайдалы қазбалардың кен орындарын ашық тәсілмен қазу кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары
Пайдалы қазбалардың кен орындарын ашық тәсілмен қазу кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талабы ашық тау-кен жұмыстары объектілерін...
Газдарды өндіру кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары iconӨнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары
Осы өнеркәсіптік қауіпсіздік Талаптар болатты балқыту цехтарын жобалау, салу, қайта салу, пайдалану, оларға жабдықтарды жобалау және...
Газдарды өндіру кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары iconФосфор және оның бейорганикалық қосындыларын өндіруге арналған өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары
...
Газдарды өндіру кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары iconМұнай базаларын және автомобильдерге жанар-жағармай құю станцияларын пайдалану кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары
Осы Мұнай базаларын және автомобильдерге жанар-жағармай құю станцияларын пайдалану кезіндегі өнеркәсіп қауіпсіздігінің Талаптары...
Газдарды өндіру кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары iconПайдалы қазбаларды ұсақтау, сұрыптау, байыту және рудалар мен концентраттарды кесектеу кезіндегі
Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2008 жылы 25 шілдеде №132 бұйрығымен бекітілген Жерасты амалымен жұмыстар жүргізгендегі...
Газдарды өндіру кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары iconЖерасты амалымен жұмыстар жүргізу кезіндегі
«Жерасты амалымен жұмыстар жүргізу кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талабы» (бұдан әрі Талап) жерасты амалымен жұмыстар жүргізу...
Газдарды өндіру кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары iconМыс қорыту өндірісіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары
Тарау. Өндірістік алаңдарға, ғимараттарға, құрылыстар мен жайларға қойылатын талаптар
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница