Газдарды өндіру кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары




НазваниеГаздарды өндіру кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары
страница5/7
Дата конвертации12.02.2016
Размер0.82 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://emer.kz/laws/law/nnic/pererabotky_gazov_kaz.doc
1   2   3   4   5   6   7

2-параграф. Техникалық көміртектің термиялық өндірісі


309. Газ генераторларының тұтандырғышына газ берер алдында қос шахта да сыртқа ауамен үрленеді.

310. Газ генераторларын іске қосуды технологиялық регламентке сәйкес бақылаушы тұлғаның қатысуымен екі жұмыскер жүргізеді.

311. Газ генераторлары блогінің жұмысы кезінде техникалық көміртекті аулау жүйесін ауысымда екі рет түтін газдармен үрлеп алады.

312. Газ генераторлары блогін тоқтату, іске қосу жұмыстарын, күл-күйе аулағыш жүйелерді түтін газдармен үрлеп алған соң жүргізеді.

Үрлеу жұмыстары, ауаға шығып жатқан түтін газдардың құрамындағы оттегінің мөлшері 1 %, ал көмірқышқыл газдың мөлшері 8 % болғанша жүргізіледі.

313. Газ генераторларының екі шахтасының ішкі беттерін өткел құбырларынан мұздатқышқа дейін, мұздатқышты және қақпақша қорабының ажыратқыш қақпақшаларын тазалау жұмыстарын, газ генераторлар блогін тоқтатқаннан кейін, газ генераторлардың форсункалары жануы өз еркімен болса және тазалау жұмыстарын жүргізіп жатқан жұмыскерлер аппарат сыртында болған жағдайда жүргізіледі.

314. Газ генераторларын ұдайы газ беріліп тұрған үзілістен соң іске қосуды, жүйені түтін газдармен үрлемей-ақ жүргізеді, пиролиз басталысымен газ беруді тоқтатады.

315. Пиролиз кезінде жөндеу және тазалау жұмыстарын жүргізуге, газ генераторының жоғарғы жағында болуға рұқсат етілмейді.

316. Жұмыскерлердің газ генераторларының жоғарғы алаңқайларына, осы генератор блогінің аппаратшысының рұқсатынсыз шығуға болмайды.

317. Қақпақша қорабын тазалау кезінде, ажыратқыш қақпақшаны ашуды немесе жабуды, тазалауды жүргізіп жатқан жұмыскердің белгісі бойынша жүргізеді.

318. Кенеттен электр энергиясы келмей қалса:

1) блоктағы газ бекіткіштерін жабады;

2) барлық ауа бекіткіштерді жабады;

3) техникалық көміртек қалақшаларына газ жібереді.


3-параграф. Арналық техникалық көміртек өндірісі


319. Жану камерасын іске қосар алдында, оның жабдықтарының және коммуникацияларының қалыптылығын тексереді.

320. Камера жұмыс істеп тұрған кезде, оның қырғыштары швеллердің отырғыш беттерінен, техникалық көміртектің жанып кетпеуі үшін, техникалық көміртектің толық алуын қадағалайды.


6-тарау. Электрлік тұссыздандыру қондырғылары


321. Қондырғының электрлік бөлігіне, кернеуі 1000 Вольт болатын электр қондырғыларына арналған электрлі техникалық жұмыстарға рұқсатнамасы бар жұмыскерлер қызмет көрсетеді.

322. Әрбір электрлі дегидратордың қаңқасында, баспалдақтың жанында, электрлі дегидраторды басқару бекетінің қалқанындағы (алдыңғы және артқы жағынан қарағанда) нөміріне сәйкес келетін, оның нөмірі белгіленеді.

323. Трансформаторлар және реактивтік катушкалер орнатылған жоғарғы алаңқайды сетка немесе тор тәрізді қоршаумен қоршап, оған «Жоғарғы кернеу-өмірге қауіпті» деп жазылған тақтайша ілінеді.

324. Электрлі дегидратор алаңқайының қоршауын, оның есігін ашқан кезде кернеуді өшіретін құрылғымен жабдықтайды.

325. Жұмыс істеп тұрған электрлі дегидратор алаңқайының қоршауының ішіне кіруге болмайды.

326. Жұмыс істеп тұрған электрлі дегидратордың басқышына «Мінбе-өлтіреді» деп жазылған тақтайша ілінеді.

327. Электрлі дегидраторды, ондағы өнімнің деңгейі төмендеп кеткен кезде кернеуді өшіретін құрылғымен жабдықтайды.

328. Электрлі дегидратордың барлық бөлектегіш құрылғыларын кесте бойынша жылына бір тексеріп тұрады.

329. Электрлі дегидраторды өніммен толтырған соң, кернеуді берер алдында, ондағы жиналып қалған газдар мен буларды шығарып жібереді.

330. Қондырғыға кернеуді, бақылаушы тұлғаның нұсқауы бойынша, кезекші электр қызметшісі қосады.

331. Электрлі дегидраторда өрт шыққан жағдайда, кернеу дереу өшіріледі.

332. Электрлі дегидраторлардағы және тұндырғыштардағы су автоматтандырылады және жабық күйде жүргізіледі.


7-тарау. Ауамен суытылатын аппараттар


333. Ауамен суытылатын аппараттарды құрастырудан немесе жөндеуден кейін:

1) тетіктері мен БӨАжА;

2) агрегат қақпақтарының тегірлік қосылыстарының беріктілігін және қоршауларын;

3) электрлі қондырғылардың құрылымдарының ережелеріне (бұдан әрі-ЭҚЕ) сәйкес, белгілі тәртіпте бекітілген жерге қысқа тұйықталуының болуын;

4) қозғалтқыштың жұмыс істеу аумағында адамдардың болмауын;

5) қыс мезгілінде қалақшаларда мұздың болмауын тексереді.

334. Ауамен суытылатын аппараттар жұмыс істеп тұрғанда мына шаралар орындалмайды:

1) желдеткіштің сақтандырғыш торын және муфтылар қоршауын алып тастауға болмайды;

2) кейбір бөлшектерін қатайтуға немесе жөндеуге болмайды.

335. Аппаратты пайдалану кезінде, коллектор және диффузор люктері жабық тұрады.

336. Аппаратты жөндеуге дайындаған кезде, оны өнімнен тазалап және жұмыс істеп тұрған құбыр желілерінен бекіткіш тығындар арқылы шешіп алады.

337. Оның секцияларында қандай өнім болғанына байланысты, оларды ыстық бумен немесе зиянсыз газбен үрлейді, қажет болған жағдайда сумен жуып, ауамен үрлейді.

338. Егер қашықтықтан немесе автоматты басқарылатын құрылғы болмаса, қалақшалардың айналу бұрышын реттеуді, электрлі жабдықтарды өшіріп, электрлік жүйені ажыратып және электрлік-техникалық қызметкердің қатысуымен жүргізеді.

339. Электрлі қозғалытқыштарды, олардың қоршауларын алдын ала бекітпей іске қосуға болмайды.

340. Егер коллектор түтіктері шамадан тыс иіліп, төмен орнатылған түтікке тиіп тұратын болса, онда ақауы бар секцияны коллектордан ажыратып тастайды.

341. Егер аппарат секциясының коммуникацияларынан ағындар білінсе, ол жерге бу жіберіліп, аппаратты өшіреді.

342. Қыс мезгілінде өнімдер қатайып қалмас үшін, қалақшаны ең аз еңкіштікке орнатады.

343. Мұздатқыштарды ұзақ уақытқа тоқтатып қойған кезде, аппарат секциясын құбыр желілерінен ажыратып, сығылған ауамен немесе еріп кетпес үшін азотпен үрлейді.

344. Мезгіл сайын, айына бір рет мына жұмыстар атқарылады:

1) секция құбырларын ластанудан тазалау;

2) желдеткіш қалақшаларының сынып кетпеуін бақылау.

345. Егер желдеткіш қалақшалары диффузорға тиіп тұрса, аппаратты пайдалануға болмайды.

Егер желдеткіш қалақшалары диффузорға тиіп тұрғаны анықталса, желдеткіш тоқтатылып, диффузор мен қалақшалардың арасын тартып, реттейді.

346. Вентилятор жұмыс істеп тұрған кезде, редукторды бақылап тұру керек. Редукторда бөгде дыбыс байқалса, желдеткішті тоқтатады.


5-бөлім. Жалпы зауыттық шаруашылық нысандарын пайдалану


1-тарау. Технологиялық құбыр желілері


347. Технологиялық құбыр желілерін жобалау, дайындау, құрастыру және жөндеу жұмыстары, технологиялық құбыр желілерінің құрылымы және оларды қауіпсіз пайдалану Талаптарына сәйкес жүргізіледі.

348. Технологиялық құбыр желілерінің пісіріп жалғанған, фланецтік және тегірлік қосылыстарын қабырғаға, төбеге және іргетастарға келтіріп, жабуға болмайды.

349. Құбыр желілерінің ішкі қабырғалармен өткен жерлерін гильзамен және нығыздағыштармен қамтамасыз етеді.

350. Технологиялық құбыр желілерін ГӨӨ техникалық басшысы бекіткен кестеге сәйкес тексеріп, ауысым сайын жұмыскерлермен бақыланып, нәтижесі вахталық кітапшаға жазылады.

351. Технологиялық құбыр желілерін бөлектемей, еңкішсіз және майысусыз жүргізеді.

352. Су мен конденсаттың жиналуы мүмкін жерлерге оларды төгіп алу құрылғысын қарастырады.

353. Ылғал және басқа да өнімдер араласқан газдарға арналған құбыр желілері қатып қалмас үшін жылу орамдармен оралады, қажет жағдайда жылытылады.

354. Жылу орамдардың жанғыш заттар тиген, сіңген жерлерін байқаған кезде, олардың тұтануына қарсы мынадай шаралар қарастырылады:

1) бүлінген жылу орамды алып тастайды;

2) жанғыш затты су буымен жуып тастайды.

355. Жұмыс істемейтін (технологиялық сызбадан өшірілген) құбыр желілерін ажыратып, бекіткіш тығын орнатады.

356. Құбыр желілеріндегі бекіткіш тетіктерді, гидравликалық соққыдан сақтану үшін, ақырын ашып, жабады.

357. Редукторы немесе білігі көрінбей айналатын құбыр желілеріндегі бекіткіш тетіктерге, олардың айналу бағытын көрсететін «Ашық», «Жабық» деген жазуларды жазады.

358. Бекіткіш тетіктерді технологиялық сызбаға сәйкес нөмірлеп қояды.

359. Жарылыс-өрт қауіпті және улы газдар мен өнімдерді тасымалдауға арналған құбыр желілеріне «хомуттар» қоюға болмайды.

360. Жер бетімен жүргізілген құбыр желілері, олардың ілгіштері мен тіреуіштері техникалық бақылауға жатады.

361. Құбыр желілерінің, олардың ілгіштері мен тіреуіштерінің ақаулары тез арада жойылуы тиіс.

362. Жол бойына жер асты жүргізілген сұйытылған газға арналған құбыр желілерінің тік бөліктеріне және әрбір бұрылыстарына белгі орнатады.

Цех аралық жер асты құбыр желілеріне 200-300 м және бұрылыстардың әрқайсысына белгі орнатылады.

363. Құбыр желілерін үрлеу үшін оларға зиянсыз газды немесе буды құбыр желілерінің ағытылатын бөліктері арқылы немесе жұмсақ шлангалар арқылы, ағытылатын бөліктің екі жағына бекіткіштер қою арқылы жүргізеді. Үрлеуді аяқтаған соң, жалғанған құбыр желілері немесе жұмсақ шлангалар ағытылып, бекіткішке тығын-бекіткіш орнатады.


2-тарау. Ыдыстар мен резервуарларды пайдалану


364. Резервуар паркінің және алаңқайларының қоршау іштері:

1) қоқыстан;

2) өнім сіңген топырақтан;

3) құрғақ шөптен тазартылады.

365. Резервуар паркінің аумағында түн мегілінде тек қана, жарылыстан қорғалған алып жүруге ыңғайлы (аккумуляторлы және батареялы) қол шамдарды пайдаланған жөн.

366. Шамдарды жағу және өшіруді резервуар паркінің қоршауының сыртында жүргізу керек.

367. Резервуар паркінде бір мезгілде бірнеше бекіткішті автоматты түрде іске қосу, егер құбыр желілері қысымның артуынан қорғалған болса ғана жүргізіледі.

368. Электрлі қосқышы бар бекіткіштерді өздігінен және ара қашықтықтан басқарылатын болса, онда бекіткіштің бекіту құрылғысының қай жағдайда тұрғанын көрсететін белгі беру аспабы қарастырылады.

369. Ыдыстарға (резервуарларға) буларының серпімділігі өте жоғары (ыдыстардың есептелген қысымынан) өнімдерді құюға болмайды.

370. Сақтандырғыш, артық ауа шығарғыш және гидравликалық қақпақшалардың қалыпты жағдайлары ГӨӨ техникалық басшысы бекіткен кестеге сәйкес тексеріледі.

371. Жерге қысқа тұйықтау құрылғыларын тексеру, ыдыстарды (резервуарларды) сыртқы тексеру кезінде жүргізіледі.

372. Басқыштары мен алаңқайларының ақауы бар резервуар-ыдыстарды пайдалануға жол берілмейді.

373. Рәсімдеу, тексеру және жөндеу жұмыстарынан соң резервуар-ыдыстарды іске қосу бақылаушы тұлғаның жазбаша рұқсатынан кейін жүргізіледі.


3-тарау. Сұйытылған газдарды және қалыпсыз конденсатты сақтауға арналған резервуар ыдыстар


374. Резервуар ыдыстарды пайдалану мына тәртіпте жүргізіледі:

1) қысымда жұмыс істейтін резервуар ыдыстардың құрылымы және оларды қауіпсіз пайдалану Талаптарына сай;

2) сұйытылған көмірсутекті газдарға және қысымдағы тез тұтанатын сұйықтықтарды сақтауға арналған қоймаларға қойылатын Талаптарға сәйкес.

375. Сұйытылған газдар мен қалыпсыз конденсаттарды сақтау және тасымалдау, резервуар ыдыстарға құю және құйып алу операцияларын технологиялық регламент талаптарына сай жүргізеді.

376. Резервуар ыдыстарды өніммен толтыру, өнімнің температурасы 15°С және одан да жоғары болған кезде, оның геометриялық көлемінің 85 %-нан аспауы керек.

377. Газдың температурасы 15°С төмен болса, резервуар-ыдысты барынша толтыру мына есептер бойынша жүргізіледі:

1) пропан үшін-резервуар-ыдыстың әрбір 1 м көлеміне 425 кг;

2) бутан үшін-резервуар-ыдыстың әрбір 1 м көлеміне 488 кг.

378. Өнімді резервуар ыдысқа еркін сарылдатып құюға болмайды.

379. Сұйықтық деңгейін, өнімнің температурасы мен қысымын-өлшеуіш ыдыстарда әрбір 2 сағат сайын, ал тауарлы (қоймалық) резервуар ыдыстарда-әр ауысымда бір рет бақылайды.

Бақылау нәтижелерін вахталық кітапшада тіркейді.

380. Резервуар ыдыстардан үлгі алуды, рұқсатнамасы бар оператор, химиялық лобаранттың бақылауында жүргізеді.


4-тарау. Тік цилиндрлі резервуар ыдыстар


381. Резервуар ыдыстарды толтыру және босату, оның төлқұжатында көрсетілген ауа шығарғыш қақпақшаларының ауа шығару мүмкіншілігінен аспайтын жылдамдықта жүргізіледі.

382. Резервуар ыдыстың ішінде бу ирек құбыры болса, онда онан конденсат төгетін құрылғы қарастырылады.

383. Резервуар ыдыстың ішіндегі бу ирек құбырын тіреуіштерге бекітеді.

384. Ирек құбырларды бір-бірімен тек қана пісіріп жалғайды.

385. Резервуар ыдыстарды техникалық ресімдеуді, белгілі тәртіпте бекітілген, мұнай және мұнай өнімдеріне арналған пісіріп жалғанған тік цилиндрлік резервуар ыдыстарды техникалық рәсімдеу талаптарына сай жүргізеді.


5-тарау. Теміржолдық құю-құйып алу эстакадалары


386. Теміржол цистерналарын жанғыш өнімдерді құю-құйып алу эстакадасына қою (әкелу) жұмыстары технологиялық регламент талаптарына сай жүргізіледі.

387. Цистерналар дөңгелектері құю-құйып алу жұмыстары кезінде, рельске тіреуіштер арқылы тіреледі.

388. Эстакададан 100 м жерде ашық от жұмыстарын жүргізуге, мына жағдайларда болмайды:

1) теміржол цистерналарын қою кезінде;

2) жанғыш өнімдерді құю-құйып алу кезінде.

389. Теміржол цистерналарына құю-құйып алу операцияларын, локомотив эстакада аумағынан ең кемі 100 м алыстағаннан соң жүргізіледі.

390. Цистерналарға құю-құйып алу бөлігіне баратын теміржолдарға және автокөлік жолдарына «Тоқта», «Өтуге болмайды», «Цистерналарға құю-құйып алу жүріп жатыр» деген ескерту тақтайшаларын іліп қою керек.

391. Құю-құйып алу эстакадалары теміржолдары басқа пойыз құрамының құю-құйып алу операциялары жүріп жатқан жолға түсіп кетуіне жол бермейтін құрылғымен жабдықталады.

392. Сұйытылған газдарды және жанғыш сұйықтықтарды цистерналарға құю және цистерналардан құйып алу операцияларын қауіпсіз жүргізуді қамтамасыз ету үшін, құбыр желілерінде булардың, кавитация, гидравликалық соққы және басқа да құбылыстардың салдарынан цистерналарға құю-құйып алу құрылғыларының механикалық қирауына әкеліп соқтыратын апаттарға жол бермеу үшін шаралар қарастырады.

393. Теміржол цистерналарына сұйытылған газдарды, тез тұтанатын және жанғыш заттарды құю-құйып алу операцияларын жүргізу үшін, жұмсақ шлангаларды (жең тәрізді), техникалық түрде негізделген және олардың сапасы пайдалану шарттарын қанағаттандырса, қолдануға рұқсат етіледі.

394. Жұмсақ шлангаларды (жең тәрізді), олардағы жырықтанған, кесілген, егелген және басқа ақауы бар жерлерін табу үшін күн сайын қарап шығады.

395. Жұмсақ (жең тәрізді) шлангаларды үш айда бір рет жұмыс қысымынан 1,25 есе артық қысымда, беріктікке гидравликалық сынақта сынайды.

396. Жұмсақ шлангаларды стационарлық құбыр желілерінде пайдалануға болмайды.

397. Цистерналардың люктерін ашып-жабуды, жұмыскер оның жел жағында тұрып орындау керек.

398. Цистерналардың люктерінің қақпақтарын, шлангаларды қосуды, телескопиялық құбырларды және басқа да аспаптарды ашып-жабуды соққы бермей орындау керек.

399. Цистерналарға құюды сұйықтық деңгейімен жүргізу керек, ол үшін шланганың ұшын цистернаның түбіне дейін жеткізу керек.

400. Құю-құйып алу операцияларын күн күркіреп тұрған кезде жүргізуге болмайды.

401. Сұйытылған газды немесе қалыпсыз өнімді құйған кезде пайда болған буларды атмосфераға немесе факелге шығаруға болмайды.

402. Бірінші рет құйылып жатқан немесе жөндеуден шыққан цистерналардан басқа цистерналарға буларының қалдық қысымы 0,05 МПа мөлшерінен кем болса құюға болмайды.

403. Түн мезгілінде цистерналарға құю-құйып алу жұмыстары бригададағы аға жұмыскердің қатысуымен жүргізіледі.

404. Құю-құйып алу жұмыстары ең кемі екі жұмыскердің қатысуымен жүргізіледі.

405. Цистерналарға құю-құйып алу және оларды шаюды орындайтын жұмыскерлерге қолғаптар және осы жұмыс орнында (эстакадада) қажетті тиісті ТОҚЖҚ беріледі.

1   2   3   4   5   6   7

Похожие:

Газдарды өндіру кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары iconПлавикалық қышқылды өндіру кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары
Осы өнеркәсіптік қауіпсіздік Талабы концентрациясы 70 аспайтын фторлы алюминий және жасанды криолитті (әрі қарай-плавикалық қышқылды...
Газдарды өндіру кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары icon1-тарау. Жалпы талаптар
Бериллийді, оның қосындыларын және олардан бұйымдар өндіру кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары
Газдарды өндіру кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары iconАлюминий, магний ұнтақтары мен опаларын және олардың негізіндегі қорытпаларды өндіру кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары
Осы Өнеркәсіптік қауіпсіздік талабы алюминий, магний ұнтақтары мен опаларын және олардың негізіндегі қорытпалар өндірісін жобалауға,...
Газдарды өндіру кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары iconПайдалы қазбалардың кен орындарын ашық тәсілмен қазу кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары
Пайдалы қазбалардың кен орындарын ашық тәсілмен қазу кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талабы ашық тау-кен жұмыстары объектілерін...
Газдарды өндіру кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары iconӨнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары
Осы өнеркәсіптік қауіпсіздік Талаптар болатты балқыту цехтарын жобалау, салу, қайта салу, пайдалану, оларға жабдықтарды жобалау және...
Газдарды өндіру кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары iconФосфор және оның бейорганикалық қосындыларын өндіруге арналған өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары
...
Газдарды өндіру кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары iconМұнай базаларын және автомобильдерге жанар-жағармай құю станцияларын пайдалану кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары
Осы Мұнай базаларын және автомобильдерге жанар-жағармай құю станцияларын пайдалану кезіндегі өнеркәсіп қауіпсіздігінің Талаптары...
Газдарды өндіру кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары iconПайдалы қазбаларды ұсақтау, сұрыптау, байыту және рудалар мен концентраттарды кесектеу кезіндегі
Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2008 жылы 25 шілдеде №132 бұйрығымен бекітілген Жерасты амалымен жұмыстар жүргізгендегі...
Газдарды өндіру кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары iconЖерасты амалымен жұмыстар жүргізу кезіндегі
«Жерасты амалымен жұмыстар жүргізу кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талабы» (бұдан әрі Талап) жерасты амалымен жұмыстар жүргізу...
Газдарды өндіру кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары iconМыс қорыту өндірісіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары
Тарау. Өндірістік алаңдарға, ғимараттарға, құрылыстар мен жайларға қойылатын талаптар
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница