Газдарды өндіру кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары




НазваниеГаздарды өндіру кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары
страница3/7
Дата конвертации12.02.2016
Размер0.82 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://emer.kz/laws/law/nnic/pererabotky_gazov_kaz.doc
1   2   3   4   5   6   7

3-тарау. Өндірістік орындарды жылыту және желдету


135. Жылыту жүйелерін және желдеткіш қондырғыларды қалыпты жағдайда ұстап, технологиялық регламентке және жоспарлы-алдын алу жөндеу жұмыстарының (бұдан ары-ЖАЖ) кестесіне сәйкес қарап және жөндеп тұрады.

136. Жылыту жүйелерінің және құралдарының конструкциясы, жылытқыштардың сапасы, оларға қызмет көсету түрі мен мезгілі жобалық құжаттарға сай қабылданады. Жанғыш және зиянды заттарды бөлмелерді жылытқыш ретінде қолдануға болмайды.

137. Жылытқыш құралдардың, жылыту жүйесінің конструкциясы мен оларды орналастыру орындары, оларды қарауға және шаңын тазалап тұруға ыңғайлы болуы керек.

138. Жылыту құралдарының жарылыс және өрт қауіпті жұмыс орындарының едені арқылы жүргізілген арықшалары толығымен құммен жабылады, ал олардың ішкі және сыртқы қабырғалармен өткен жерлері нығыздалып, қапталады.

139. Жарылыс қауіпті бөлмелерде тәулік бойы желдеткіш қондырғыларының жұмысын қамтамасыз ету керек.

140. Пайдаланудағы желдеткіш қондырғыларының жобада көрсетілген нақты тиімді жұмысын регламенттік пайдалану және бекітілген кесте бойынша құралдарын тексеріп тұру арқылы қамтамасыз етіледі.

141. Автоматты түрде іске қосылатын желдеткіштерге «Назар салыңыз! Іске автоматты түрде қосылады» деген жазуы бар тақтайша іліп қояды.

142. Желдеткіштердің камерасына желдеткіш қондырғысының сызбасын, ал есігіне желдеткіш қондырғысының қалыпты жұмыс жасауын бақылайтын тұлғаның аты-жөні жазылған тақтайша ілініп қойылады.

143. Өндірістік бөлмелердің технологиялық қондырғыларының, жабдықтарының жөндеу жұмыстарын жүргізуге арналған ақаулық тізбесінде желдеткіш қондырғыларының қалыптылығын тексеруді және жөндеуді қарастырады. Ақауы бар желдеткіштер бар кезде технологиялық қондырғыны немесе нысанды жөндеуден қабылдауға болмайды.

144. Желдеткіштер камерасының бөлмесін қойма ретінде пайдалануға және алдына бөгде нәрселерді үйіп тастауға болмайды.


4-тарау. Сумен қамтамасыз ету және ағын су жүйесі


145. Технологиялық нысандардың айналма сумен жабдықтау жүйесіне жарылыс-өрт қауіпті сұйықтықтардың, булардың және газдардың араласып кетуі мүмкін болса, онда оларды қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз ету керек.

146. Шаруалық-ішуге арналған су құбыры жүйелерін, технологиялық регламентте және апаттарды жою жоспарында (бұдан әрі-АЖЖ) қарастылған жағдайлардан басқа уақытта техникалық су пайдалануға болмайды.

147. Техникалық су алатын нүктелерге «Ішуге жарамайды» деген тақтайша іліп қояды.

148. Ақпа сулардың ағысына, олардың ластануына және су тазалағыш қондырғылардың жұмыс істеу тиімділігіне, жергілікті санитарлық бақылау органдарымен келісілген кесте бойынша, күн сайын зертханалық бақылау орнатылады. Ақпа сулардың құрамындағы мұнай өнімдері мен зиянды заттардың мөлшері белгіленген нормадан аспауы керек.

149. Ақауы бар немесе гидравликалық бекіткіші дұрыс орнатылмаған ақпа су жүйелерін пайдалануға рұқсат етілмейді. Әрбір гидравликалық бекіткіштегі судың деңгейі 0,25 м кем болмайтын болуы керек.

150. ГӨӨ аумағындағы және онан сырт жерлердегі өндірістік ақпа су желілерінің (және басқа да мақсаттардағы) құдықтары әр уақытта жабық болуы керек. Құдықтардың қақпақтарын болат және темір бетон сақинада ең кемі 10 см болатындай құммен жауып қояды.

151. Ішінде жұмыс жүріп жатқан құдықтарды айналдыра қоршап, жанына «Жұмыс жүріп жатыр» деген жазуы бар ескерту тақтайшасын іліп қояды.

152. Ақпа сулардың қажетті тазалығын қамтамасыз ете алмайтын ақауы бар немесе өте ластанған ақпа су тазарту қондырғыларына баратын ақпа су жүйелерін пайдалануға болмайды.

153. Өндірістік ақпа су жүйелерінің ұстағыштары мен тұндырғыштары биіктігі 1 м болатын жанбайтын материалдан жасалған қоршаумен қамтамасыз етіледі.


5-тарау. Бақылау аспаптары және автоматика


154. БӨАжА басқару қалқанында орнатылған аспаптарына олардың анықтайтын және шекті мүмкін өлшемдерін жазып қояды.

155. Белгі беретін шамдарды және басқа да арнайы аспаптарды, олардың беретін белгісін сипатын көрсетіп жазып қояды.

156. БӨАжА міндетті түрде белгіленген тәртіпте метрологиялық тексеру және реттеуден өтеді.

157. Ескерту және апаттық белгі беру құралдары әрдайым іске қосылып тұруы керек.

158. БӨАжА құралдарын жөндеуге, реттеуге немесе тексеруге шешіп алған кезде орнына барлық өлшемдері тура сондай болып келетін құрал орнатады.

159. Ауысымдағы технологиялық жұмыскерлер технологиялық регламентке сәйкес кейбір автоматика құралдары мен аспаптарын апаттық өшіруіне болады.

160. Өндіріс орындарындағы әрбір технологиялық қондырғы (нысан) жобалаушы ұйыммен келісілген, ақауы білінген қондырғыны (нысанда) тоқтататын немесе қауіпсіз пайдалану қалпына келтіретін, қорғаныс және процесті реттеудің құралдарының тізімімен қамтамасыз етіледі.

161. Қолдану мерзімі өткен немесе ақауы бар БӨАжА құралдарын орнатуға және пайдалануға болмайды.

162. Манометрді оның көрсетіп тұрған өлшемдері жұмыскерлерге анық көрінетіндей болуы керек, сонымен қатар, оның шкалалары вертикаль жазықтықта немесе алға қарай 30°-қа дейін еңкейтіліп орнатылады, өлшеу шегі шкаланың үштен екі бөлігінде болады. Манометрдің циферблатына, резервуар-ыдыстағы ең жоғарғы рұқсат етілген қысымның мөлшерін көрсететін бөлікті белгілеп қызыл сиямен сызып қояды немесе оның қаңқасына қызыл жебе жапсырып қояды.

163. Манометрді оған қызмет көрсететін алаңның деңгейінен 3 м жоғары биіктікке орнатуға рұқсат етілмейді.

164. БӨАжА, бөліп тастағыш және белгі бергіш құрылғыларды тексеру жұмыстары, тіркеу кітапшасында көрсетілген, ұйымның техникалық басшысымен бекітілген кестеге сәйкес жүргізіледі.

165. БӨАжА ауа желілері мен техникалық ауа желілерін біріктіруге болмайды және басқа мақсаттарға пайдалану үшін БӨАжА ауа желілері қосылуға болмайды.

166. БӨАжА арасында сынап бар аспаптар болса, оларды жөндеуге арнайы бөлек бөлме қарастырған жөн.

167. Радиоактивті изотоптары бар аспаптармен жұмыс жасаған кезде радиоактивті заттармен және басқа иондық сәуле шашатын заттармен жұмыс жасаудың санитарлық талаптарын басшылыққа алады.


6-тарау. Найзағайдан және статистикалық электр көзінен қорғаныс


168. ГӨӨ нысандарындағы найзағайдан қорғану құрылғылары ғимараттар мен имараттардың найзағайдан қорғану құрылғыларына қойылатын Талаптарға сәйкес орындалады.

169. ГӨӨ өнімдерін теміржол цистерналарына құюға арналған ұшында темір саптамасы бар резеңке шлангаларды статистикалық электр тоғынан қорғау үшін, оларды диаметрі ең кемі 2 мм болатындай мыс сыммен немесе қимасының диаметрі ең кемі 4 мм болатын мыс троспен сыртынан арасы 100 мм аспайтындай етіп орап жерге қысқа тұйықтайды. Сымның немесе тростың ұштарын болат құбыр желілеріне және маптаманың ұшына пайкалап немесе тегірлік қосылыспен жалғайды.

Шлангалардың ұштарындағы мұнай өнімдерін тез құюға арналған саптамаларды, ұшқын бермейтін немесе ұшқын бермейтін материалмен қапталған болат темірден жасайды.

170. Теміржол цистерналарына құюға арналған тұғырларды жерге қысқа тұйықтайды.

171. Жерге қысқа тұйықтағыш және найзағайдан қорғану құрылғыларын ГӨӨ техникалық басшысы бекіткен кестеге тексеріп, нәтижелерін актіде көрсетіп, кітапшада жазады.

172. Резервуар-ыдыстың қабылдағыш құбыр желісін орнатқанда, қабылданған мұнай өнімі резервуар-ыдыстың ішіндегі «өлі қалдық» деңгейіне құйылуын қамтамасыз етуі тиіс. Резервуар-ыдысқа мұнай өнімдерін сарқыратып құюға болмайды.

173. Мыналарға жол беруге болмайды:

1) резервуар-ыдыстардан жанғыш сұйықтықтардың ілгісін алуға;

2) күн күркіреп тұрған кезде жанғыш сұйықтықтарды құюға және құйып алуға.


7-тарау. Ауыр және қол еңбектерін механизациялау


174. ГӨӨ аумағында, қондырғыларда және өндірістік орындарда жабдықтар мен құбыр желілерін құру, ағыту және жөндеу кездерінде, жүк көтергіш крандарды қауіпсіз пайдалану және құрылымына қойылатын Талаптарына сәйкес жобада дайындалған көтеру-түсіру құралдары мен механизмдері қолданылады.

175. Жүк тасу жұмыстарын тәуліктің күндізгі уақытында орындау керек. Кешке жүргізілетін жүк тасу жұмыстарын, тікелей жүк тасу жұмыстарына рұқсатнамасы бар тұлғаның бақылауында жүргізу керек.

Ірі өлшемді және өте ауыр жүктерді арту, түсіру тасымалдау жұмыстарын алдын-ала дайындалған және ГӨӨ техникалық басшысы бекіткен, онда жұмысты қауіпсіз жүргізуді бақылайтын тұлға көрсетілген, жұмысты жүргізу жоспары бойынша орындайды.

176. Жүк көтергіш механизмдердің жұмыс орнының аумағы қоршалып, қауіпті аумақтың шекараларына ескерту белгілерін орнатады.


8-тарау. Электрлік және пневмалық құралдармен атқарылатын жұмыстар


177. Қолданыстағы электрлі құралдармен жұмыс істеуге электрлік қауіпсіздіктің тиісті мамандандырылған тобынан дайындықтан өткен тұлғаларға рұқсат беріледі.

178. Электрлік құралдарды пайдалануды тұтынушылардың электр қондырғыларын пайдалану кезіндегі техника қауіпсіздігінің Талаптарына сәйкес жүргізеді.

179. Электрлік құралдарға техникалық қызмет көрсету және жөндеу жұмыстарын электрлік-техникалық мамандар жүргізеді.

180. Пневматикалық құралдардың резеңкелік жұмсақ қосылыстарының нығыз және берік жалғануы қамтамасыз етілуі тиіс.


9-тарау. Биіктікте жүргізілетін жұмыстар


181. Егер қызмет көрсетілетін жабдықтар (аппараттар, аспаптар, люктер, бекіткіштер және тағы басқалар) 1,8 м биіктіктен жоғары орнатылған болса, онда оған бару үшін жеке баспалдақтар немесе қоршауы бар алаңқайлар қарастырылады.

182. Сирек қызмет көрсетілетін, 3 м аспайтын биіктікке орнатылған жабдықтарға еңкіштігі 60° болатындай сатыларды орнатуға болады.

183. Биіктікте атқарылатын жұмыстар үшін типтік жобада жасалған инвертарлық құралмалы сәкілерді және басқа құрылғыларды пайдаланады.

184. Жөндеу жұмыстары үшін құбыр желілеріне ілініп тұратын жапсырмалы сатыларды пайдалануға болмайды.


10-тарау. Жер қазу жұмыстары


185. ГӨӨ аумағында жер қазу жұмыстарын жүргізу үшін тиісті жұмыстарды жүргізу наряд-рұқсатнамасы және жұмыс жүргізілетін аумақтағы жер асты жүргізілген қоммуникациялардың орналасу жоспары болуы керек.

186. Адамдар немесе көліктер жүретін жерлерде арық қазғанда қоршаулар орнату керек. Қоршауларға ескерту белгілерін немесе жазулар, ал түн мезгілінде-жарықпен белгі беру құралдарын орнатады.


4-бөлім. Технологиялық қондырғыларды пайдалану


1-тарау. Жалпы талаптар


187. Технологиялық процесті ұйымның техникалық басшысы бекіткен технологиялық регламентке сай жүргізеді.

188. Қызмет көрсетуші тұлғалар отыратын операторлар бөлмесіне қызмет көрсетілетін жабдықтардың технологиялық сызбасы ілінеді. Технологиялық сызба жыл сайын бақылаушы тұлғамен оның нақты жағдайына сәйкес келуі тексеріледі және оған бас жобалаушымен келісілген өзгерістер мен толықтырулар енгізілген жағдайда, сызба ГӨӨ техникалық басшысымен қайта бекітіледі.

189. Қондырғының барлық жабдықтары, аппаратурасы және негізгі бекіткіш құрылғылары технологиялық сызбаға сәйкес нөмірленеді.

190. Технологиялық қондырғыға қызмет көрсететін жұмыскерлер, оның сызбасын және аппараттардың, құбыр желілерінің, тетіктер мен БӨАжА құралдарының сипаттамасын білмесе жұмысқа жіберілмейді.

191. Қондырғыны іске қосар алдында жабдықтардың, құбыр желілерінің, тетіктердің, металл құрылғылардың, жерге қысқа тұйықтағыштардың, БӨАжА аспаптарының, бекіткіштердің, желдеткіштердің, ақпа су жүйелерінің, жеке қорғаныс құралдарының (бұдан әрі-ЖҚҚ) және өрт сөндіру құралдарының, қалыптылығын тексеріп және жүйедегі ауаны инертті газбен немесе көмірсутегі газбен сыртқа ығыстырып шығарады. Үрлеп ығыстырудың соңы сыртқа шығып жатқан газдың құрамындағы оттегінің мөлшері 1 % болғанын сараптамада анықтағанға дейін болады.

192. Қондырғыны іске қосуды технологиялық регламентте белгіленген тәртіп бойынша мамандардың толық қатысуымен, рациясы бар бақылаушы тұлғаның басқаруымен орындайды.

193. Технологиялық өлшемдерді өзгерту жылдамдығы технологиялық регламентке және зауыт-дайындаушы берген жабдықты пайдалану жөніндегі нұсқаулыққа байланысты ГӨӨ техникалық басшысы бекіткен жабдықты іске қосу, пайдалану және тоқтату туралы нұсқаулықтарға сәйкес жүргізіледі.

194. Оператор бөлмесіндегі қалқанда орнатылған БӨАжА құралдарының көрсеткішін мезгіл сайын тікелей аппаратта орнатылған өлшеу құралдарының көрсеткіштерімен салыстырып тексеріп отырады.

195. Шкаласы жоқ алғашқы аспаптарды сол орындарында бақылаушы аспаптар арқылы тексереді.

196. Жұмыс аумағы газданған кезде тез арада жақын орналасқан қондырғыларға қызмет көрсететін жұмыскерлерге болуы мүмкін апат туралы хабар беріп, газданған аумақты қоршап және газдану көзін жоюға шара қолданады.

197. Өрт сөндіру жүйелерінің және жарылысқа дейінгі концентрацияны анықтау аспаптары дұрыс жұмыс істемесе, оларды жөндеуге тез арада шара қолданады. Оларды жөндеу кезінде қондырғыны қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз ететін шараларды жүргізеді.

198. Өрттен қорғайтын аспаптары жұмыс істемейтін қондырғыларды пайдалануға рұқсат берілмейді.

199. Қосалқы ыстық су айдағыш сорғыларды алдын ала қыздырып алмай және салқындату жүйесін тексермей іске қосуға болмайды.

200. Конденсаторлардан және мұздатқыштардан шыққан суларды, олардың құрамында салқындатылған өнім бар-жоғына тексеріледі. Егер бар болса апаратты өшіреді.

201. Көмірсутекті газдардың, сұйытылған газдардың және көмірсутекті конденсаттың үлгілерін алу, апараттағы ең жоғарғы қысымға есептелген үлгі алғыш құрылғылармен жүргізіледі. Ақауы бар және тексеру уақыты өтіп кеткен ине тәрізді бекіткішті үлгі алу құрылғысын пайдалануға рұқсат етілмейді. Бекіткіштерді нығыздыққа тексеруді ГӨӨ техникалық басшысы бекіткен кестеге сәйкес жүргізеді.

202. Қондырғының электр құрылғыларына қызмет көрсетуге тиісті біліктілігі және жұмысқа рұқсатнамасы бар жұмыскерлер қатыстырылады.

203. Зауыт-дайындаушының берген төлқұжатында және пайдалану нұсқаулығында көрсетілген автоматика құрылғылары болмаған немесе олардың ақауы бар компрессорлар мен сорғыларды пайдалануға болмайды.

204. Компрессорлық және сорғылық бекеттердегі құбыр желілеріне, олардағы газдардың, ауаның және басқа да өнімдердің жүру бағыты көрсетіледі.

205. Компрессорлар және сорғыларды майлайтын майларды сертификаты болса ғана пайдалануға болады.

206. Фланецтік қосылыстарының нығыздауышына, айдайтын ортаның және технологиялық процестің көрсеткіштеріне сәйкес келетін материалдарды қолдану керек.


2-тарау. Қыздыру пештерін пайдалану кезіндегі қауіпсіздіктің қосымша талаптары


207. Отпен қыздырылатын жабдықтарды олардың қыздыру элементтерінде, тұтату кеңістігінде және пештің жұмыс аумағында жарылыс қауіпті қоспалардың пайда болуын болдырмайтын техникалық құрылғылармен жабдықталады.

208. Қыздыру пештерін, мына құрылғылары болмаса немесе олардың ақауы болса, пайдалануға болмайды:

1) отынның, ауаның және су буының берілетін ара қатынасын реттегіш жүйесі;

2) келетін отын мен ауаның қысымы белгіленген көрсеткіштерден төмен болса және БӨАжА электрлік және пневмалық жүйесінің жұмысы тоқтаса, бекіткіші;

3) отын мен ауаның тұтату кеңістігіне келмей қалуын ескертетін белгі беру құрылғысы;

4) түтінді сыртқа тарту деңгейін бақылайтын және түтін сорғыш тоқтап қалған кезде немесе пештің ішіндегі қысым төмендеп кеткен кезде, отын газын жану аумағына автоматты түрде тоқтату құрылғылары, ал пеш-агрегаттарды қазандық-утилизаторлармен бірге қондырған кезде-агрегаттарды түтін сорғышсыз жұмыс істеу жүйесіне ауыстыру құрылғылары;

5) құбырлардың сырты қатты күйеленіп кеткен кезде, су буын жану кеңістігіне және ирек құбырларға беру;

6) құбырлар зақымданған кезде немесе ондағы айналым тоқтап қалған кезде, құбыр ішіндегі ерітілген өнімді қауіпсіз құйып алу жүйесі;

7) ирек құбырларда апат болған жағдайда шикізат және отын беру жүйесін қашықтықтан өшіру құрылғылары болмаса.

209. Ашық отпен жанатын пештердің алдына, автоматты немесе ара қашықтықтан іске қосылатын бу пердесін қолданады. Бу пердесі іске қосылған кезде дыбыс белгі беру құрылғысы да іске қосылады.

210. Қыздыру пештеріне құрамындағы сұйықтықтар, ылғалдар және механикалық қоспалары технологиялық регламенттің талаптарына сай келетін отын газы қолданылады.

1   2   3   4   5   6   7

Похожие:

Газдарды өндіру кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары iconПлавикалық қышқылды өндіру кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары
Осы өнеркәсіптік қауіпсіздік Талабы концентрациясы 70 аспайтын фторлы алюминий және жасанды криолитті (әрі қарай-плавикалық қышқылды...
Газдарды өндіру кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары icon1-тарау. Жалпы талаптар
Бериллийді, оның қосындыларын және олардан бұйымдар өндіру кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары
Газдарды өндіру кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары iconАлюминий, магний ұнтақтары мен опаларын және олардың негізіндегі қорытпаларды өндіру кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары
Осы Өнеркәсіптік қауіпсіздік талабы алюминий, магний ұнтақтары мен опаларын және олардың негізіндегі қорытпалар өндірісін жобалауға,...
Газдарды өндіру кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары iconПайдалы қазбалардың кен орындарын ашық тәсілмен қазу кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары
Пайдалы қазбалардың кен орындарын ашық тәсілмен қазу кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талабы ашық тау-кен жұмыстары объектілерін...
Газдарды өндіру кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары iconӨнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары
Осы өнеркәсіптік қауіпсіздік Талаптар болатты балқыту цехтарын жобалау, салу, қайта салу, пайдалану, оларға жабдықтарды жобалау және...
Газдарды өндіру кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары iconФосфор және оның бейорганикалық қосындыларын өндіруге арналған өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары
...
Газдарды өндіру кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары iconМұнай базаларын және автомобильдерге жанар-жағармай құю станцияларын пайдалану кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары
Осы Мұнай базаларын және автомобильдерге жанар-жағармай құю станцияларын пайдалану кезіндегі өнеркәсіп қауіпсіздігінің Талаптары...
Газдарды өндіру кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары iconПайдалы қазбаларды ұсақтау, сұрыптау, байыту және рудалар мен концентраттарды кесектеу кезіндегі
Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2008 жылы 25 шілдеде №132 бұйрығымен бекітілген Жерасты амалымен жұмыстар жүргізгендегі...
Газдарды өндіру кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары iconЖерасты амалымен жұмыстар жүргізу кезіндегі
«Жерасты амалымен жұмыстар жүргізу кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талабы» (бұдан әрі Талап) жерасты амалымен жұмыстар жүргізу...
Газдарды өндіру кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары iconМыс қорыту өндірісіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары
Тарау. Өндірістік алаңдарға, ғимараттарға, құрылыстар мен жайларға қойылатын талаптар
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница