Газдарды өндіру кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары




НазваниеГаздарды өндіру кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары
страница1/7
Дата конвертации12.02.2016
Размер0.82 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://emer.kz/laws/law/nnic/pererabotky_gazov_kaz.doc
  1   2   3   4   5   6   7


Қазақстан Республикасы

Төтенше жағдайлар министрінің 2008 жылғы «18» қыркүйектегі

№ 172 бұйрығымен

бекітілген


Газдарды өндіру кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік

талаптары


1-бөлім. Жалпы талаптар


1. Осы Талаптар газөңдеу мен гелий өндірістеріне, табиғи және мұнай газдарын өңдеу қондырғыларына, күкірт өндірісіне, газ конденсатын қалыптандыру және мотор майлары өндірісіне (бұдан әрі-ГӨӨ) таралады.

2. Осы Талаптар ГӨӨ жобалау, салу және пайдалану кезінде, ғылыми-зерттеу, конструкторлық және басқа да жұмыстарды жүргізу кезінде міндетті түрде қолданылады.

3. ГӨӨ қауіпті өндірістік нысандарда өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын қамтамасыз етуге бағытталған пайдалану және техникалық құжаттар дайындалады. Ол құжатта мынадай нақты сипаттамалар көрсетіледі:

1) өндірістік бақылау жөніндегі ережелер;

2) технологиялық регламенттер;

3) апаттарды жою жоспары (бұдан әрі-АЖЖ).

4. Болуы мүмкін апаттарды жою жоспары туралы жұмыскерлердің білімі, ГӨӨ техникалық басшысы бекіткен кесте бойынша өткізілетін оқу және жаттығу сабақтары кезінде тексеріледі.

5. ГӨӨ қауіпті нысандарының жұмыскерлерін дайындау және аттестациялау өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына сәйкес жүргізіледі.


2-бөлім. Жобалық құжаттарға қойылатын талаптар


1-тарау. Жалпы талаптар


6. Жобалық шешімдерде табиғи ресурстарды тиімді пайдалану және табиғи ортаның орны толмас техногендік өзгеруін, соның ішінде және зиянды заттардың апат кезінде ауаға шығу салдарын болдырмау қамтамасыз етіледі.

7. Жобалық шешімдердің құрамына өндірістік процестер мен жабдықтардың беріктілігі мен апатсыз жұмыс істеуін есептеулер негізінде бағалау; зиянды заттардың апатты түрде ауаға шығуы мен оның салдарынан туатын апаттық жағдайларды бағалау; апаттарды болдырмауға, залалсыздандыруға және жоюға, жұмыскерлер мен тұрғындарды қауіпті өндірістік факторлардың әсерінен қорғауға бағытталған шешімдер кіреді.

8. Жобалық құжаттар құрамында, толық көлемде, осы аумақтың сыртында, әртүрлі ауа райына байланысты зиянды заттардың атмосфералық ауаның жер үсті қабатында шекті мүмкін мөлшерінің (ШММ) асып кетуіне болмайтын, газ қауіпті нысанның апаттық (буферлік) аумағының қабылданған сыртқы өлшемдерінің есептеулері мен негіздемесі беріледі.

9. ГӨӨ жобалық құжаттар құрамында, мүмкін болатын апаттық жағдайларда, жұмыскерлердің және тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған, ұйымдастыру-техникалық шешімдер анықталып және негізделеді. Ондай шаралардың құрамына мыналар кіреді:

1) мүмкін болатын апаттық жағдайларда, жұмыскерлердің және тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, аталған жағдайларды шұғыл залалсыздандыру және жоюға арналған апаттық-құтқару қызметтерін құру және оларды материалды-техникалық жағынан қамтамасыз ету;

2) апаттық аумақтан жұмыскерлер мен тұрғындарды уақытша көшіруді, құтқару және шұғыл апаттық-қалпына келтіру жұмыстарының жоспарын және материалды-техникалық қамтамасыз ету;

3) мүмкін болатын апат туралы жұмыскерлерге және тұрғындарға шұғыл түрде ақпарат беруді қамтамасыз ететін, жеке апаттық хабар беру және байланыс жүйесін құру, қажетті техникалық құралдармен қамтамасыз ету;

4) мүмкін болатын апаттық жағдайда зиянды заттардың ауаға шығып кетуін дер кезінде бақылайтын автоматтық құралдармен қамтамасыз ету және оларды құру;

5) жұмыскерлерді жеке қорғаныс құралдарымен қамтамасыз ету.

10. Мүмкін болатын апаттық жағдайда, буферлік аумақтағы жұмыскерлер мен тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған ұйымдастыру-техникалық шешімдердің әрқайсысына, жобалық құжаттарда, қажетті құралдардың, материалдар мен жабдықтардың, орындардың, қажет жағдайда, оларды орналастыруға арналған арнайы имарат пен оларды пайдалану, қызмет көрсетудің нақты түрлері мен көлемі негізделіп, анықталады.

11. Жобаның құрамында көрсетілген, мүмкін болатын апаттық жағдайда, буферлік аумақтағы жұмыскерлер мен тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған ұйымдастыру-техникалық шешімдер, Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес, сараптамадан өтіп, тіркеледі.


2-тарау. Қауіпті өндірістік нысандарды орналастыру


12. Өндірістік нысандарды, құбыр желілерін және инженерлік желілерді орналастырған кезде, өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын сақтау керек.

13. Қауіпті өндірістік нысандарды мына:

1) сайлы және жергілікті аумақтың жел тимейтін бөліктерінде;

2) желдің жылдамдығы көбінесе 1 м/с жылдамдықтан аспайтын аумақтарда;

3) ұзақ уақыт немесе тез қайталанатын желсіз, инверсиялық, тұманды (жылына 30-40 %, қыс кезінде 50-60 %) күндері көп аумақтарда аумақтарға орналастыруға болмайды.

14. Қауіпті өндірістік нысандарды тұрғын ғимараттар мен адамдардың көп шоғырланған жерлеріне қарағанда, желдің бағытына қарай орналастырады.


1-параграф. Ғимараттар мен имараттарды жоспарлау және орналастыру


15. ГӨӨ бас жоспарында мыналар:

1) санитарлы-қорғаныс аумағы ұйымдастырылып, қалыпқа келтіру;

2) қажет жағдайда елді мекендерді, демалыс орындарын және адамдардың көп шоғырланатын орындарды санитарлы-қорғаныс және буферлік аумақтың сыртына шығару;

3) табиғатты қорғау имараттарын, соның ішінде шлам-сақтағыш, шлам-жинағыштарды, өндірістік ағын суларды жыл мезгіліне қарай реттеу ыдыстарын ұйымдастырып, қалыпта ұстау;

4) мүмкін болатын апаттық жағдайларда жұмыскерлерді жинайтын және қорғайтын орын қарастырылады.

16. Атмосфералық ауаны ластау көздері бар өндіріс орындарын қосалқы, қоймалық және санитарлы-тұрмыстық орындармен бір ғимаратта орналастыруға болмайды.

17. ГӨӨ алаңқайларында жартылай немесе толығымен жабылған аула құрайтын ғимараттарды пайдалануға болмайды.

18. Атмосфералық ауаға зиянды немесе жанғыш заттарды шығаратын және осы заттарды ауаға апатты түрде шығаруы мүмкін өндірістік процестері бар ғимараттар мен имараттарды басқа ғимараттар мен имараттарға қарағанда «жел розасын» ескере отырып орналастырады.


2-параграф. Жолдар, кірер жолдар және өткелдер


19. Қауіпті өндірістік нысан аумағында, оның өлшемдеріне қарамай-ақ, бір-біріне қарағанда ең кемі 90° бұрыш құрайтын, ең кемі екі кірер жол болуы керек.

20. Өндірістік алаңқайға кірер жол мен теміржолдың қиылысуына рұқсат етілмейді.


3-параграф. Аумақты қоректендіру


21. ГӨӨ өндірістік алаңқайында бұтақты өсімдіктер отырғызуға болмайды. Кейде бөлек өсіп тұрған сәндік талдар мен аласа бойлы бұталарға рұқсат етіледі.

22. Магистральдық және өндірістік жолдардың, өткелдер мен кірер жолдардың өн бойына, барлық жағдайда да, жаяу жүргінші жолдарды салу керек.


3-тарау. Инженерлік жүйелерді орналастыру


23. Өндірістік алаңқайларда жерасты, қоршауға дейін жүргізілген манифольдалардың кіру және шығу желілерінен басқа, улы заттар тасымалданатын құбыр желілерін жүргізуге рұқсат етілмейді.

24. Улы заттар және газдар тасымалданатын инженерлік желілерді ғимараттар мен имараттар астымен жүргізуге болмайды.

25. Улы заттар және газдар тасымалданатын жерүсті инженерлік желілерін алаңқай деңгейлерінен төмен орналасқан ашық арықтармен және жерасты өткелдермен жүргізуге болмайды.

26. Алаңқай аумағындағы жерүсті жүргізілген улы заттарды тасымалдайтын құбыр желілерін, олардың өртке төзімділігінің дәрежесіне қарамай-ақ, ғимараттардың қабырғалары мен шатырларымен жүргізуге болмайды.

27. Екі жақты құю-құйып алу құбыр желілері бар теміржол эстакадаларынын қоспағанда, улы заттар тасымалдайтын құбыр желілері өндірістік аумаққа келетін теміржолдармен қиылыспауы керек.


4-тарау. Өндірістік ғимараттар мен имараттар


28. Егер ғимараттың сыртқа шығар есігі екі немесе одан көп болса, онда ол есіктердің біреуін ауаға улы заттарды шығаратын көздері жоқ, ол жерде өндіріс орындарына қызмет көрсететін жабдықтар орналасқан және ол жерде қызметкерлердің тұрақты жұмыс орны жоқ және жұмыс орнының ең алыс нүктесінен шығар есікке дейінгі ара қашықтық 25 метрден аспаса, бөлмеден шығаруға болады.

29. А және Б дәрежелі бөлмелермен және олардың кірер бөлмесімен байланыспаған, ауаға улы заттарды шығаратын көздері жоқ ғимараттарға, бөлмелерге және сыртқы қондырғыларға бір ғана шығар есік (екіншісін орнатпай-ақ) қарастыруға болады.

30. Бөлмелер мен сыртқы қондырғылардың аумағында кабель жүргізетін тереңдетілген арықшалар мен тоннельдер (кейін көмілетіндерден басқасы) арқылы жүргізуге болмайды:

1) ауаға тығыздығы ауамен салыстырғанда 0,8 болатын улы заттарды шығару көздері бар;

2) жанатын және күкіртсутекті сұйықтықтардың төгілуі мүмкін көздері бар.

31. Тереңдетілген тоннелдер мен арықшаларда бу мен ыстық суды тасымалдайтын құбыр желілерін жанатын және улы заттарды тасымалдайтын құбыр желілерімен, сонымен қатар, күкіртсутекті сұйықтықтарды жинау және залалсыздандыруға арналған құбыр желілерімен бірге жүргізуге болмайды.

32. Ауаға зиянды заттардың бөлінуі және улы сұйықтықтардың төгілуі мүмкін ғимараттар мен сыртқы қондырғылардың алаңқайларында жертөлелер, тоннельдер және арықшалар қарастыруға болмайды.

33. Ауаға улы заттарды шығаратын көздері бар имараттар (бөлмелер) арқылы және сыртқы қондырғылар алаңқайлары арқылы адамдарды көшіру жолдарын қарастыруға болмайды.

34. Тереңдетілген және жертөлелік бөлмелерден сыртқа шығатын есік орналастыруға болмайды, егер олар мынадай бөлмелер мен сыртқы алаңқайлар астында орналасқан болса:

1) егер ауаға улы заттарды шығаратын көздері бар болса;

2) улы сұйықтықтардың төгілуі мүмкін болса.

35. Адамдарды көшіруге арналған шығар есіктерді тура сыртқа шығару мүмкін болмаса, есіктердің біреуін улы сұйықтықтардың төгілу көздері жоқ, Г және Д дәрежелі имараттар арқылы орналастыруға болады.


5-тарау. Технологиялық жабдықтар және технологиялық құбыр желілері


36. Жобалау кезінде технологиялық жабдықтар мен құбыр желілерін қауіпсіздіктің, беріктіктің, коррозияға беріктіктің және сенімділіктің техникалық шарттарына сәйкес қабылдайды.

37. ГӨӨ жеке болат құбыр желілері технологиялық құбыр желілерінің құрылымы және оларды қауіпсіз пайдалану Талаптарына сәйкес қабылданады.

38. Технологиялық жабдықтар мен құбыр желілерін негізінен қосылатын элементтері ең аз мөлшерде болатын, бүтін пісіріліп қосылған құрылғылардан тұрады.

39. Коррозиялы-агрессивті заттармен түйісетін технологиялық жабдықтар мен құбыр желілері, оларды жобада көрсетілген көрсеткіштер аясында қауіпсіз пайдалануды растайтын зауыт-дайындаушының техникалық құжатымен жабдықталады.

Шет елдік жабдықтар орнатылатын өндірістік нысандарды жобалау құрылыс нормаларына сәйкес жүргізіледі.

40. Коррозиялы-агрессивті заттармен түйісетін технологиялық жабдықтар мен құбыр желілерінің қабырғаларының қалыңдығының есептелген мәндерін, жұмысшы кернеудің 0,4 нормативтік ағу шегінде, дайындау кезіндегі шектің теріс мәндерін ескере отырып қабылдайды.

41. Жабдықтар мен құбыр желілерінің пісіріп жалғанған қосылыстарын, олардағы қалдықты кернеуді ыдырату үшін, қолданыстағы техникалық құжаттардың талаптарына сәйкес термиялық немесе басқа да өңдеу түрлерінен өткізеді.

42. Коррозиялы-агрессивті заттармен түйісетін технологиялық жабдықтар мен құбыр желілері, олардағы коррозияны және коорозиялық шытынауды бақылайтын аспаптармен және құрылғылармен қамтамасыз етіледі.

43. Технологиялық жабдықтар мен құбыр желілерін жобалаған кезде, коррозия ингибиторларын енгізуге арналған тұмшаланған жүйелерді және коррозияға қарсы шараларды іске асыруға арналған құылғыларды қарастырады.

44. Жобалау кездерінде жабдықтар мен құбыр желілерінің беттерінде коррозиялы-агрессивті орталар мен әртүрлі металдар мен қоспалардың өзара түйіскен тұйықталған және осал аумақтарының болмауын қамтамасыз ететін техникалық шешімдер қабылданады.

45. Улы сұйықтықтарды айдауға арналған сорғылардың конструктивтік орындалуы мен іске қосылу сызбалары, оларды профилактикалық-жөндеу жұмыстарын жүргізуге дайындау кездерінде, олардағы улы заттардың толығымен төгілуін, шайылуын және дегазация жасалуын қамтамасыз ете алатындай болуы керек.

46. Технологиялық жабдықтар мен құбыр желілерін жобалаған кезде, олардағы улы сұйықтықты толығымен төгіп алуға арналған тұмшаланған және тұйықталған (қажет болған жағдайда оларды залалсыздандыруға арналған ыдысы бар) шаю жүйесі және жабдықтардағы улы ортаны қысып шығару үшін оларға азот, бу немесе сұйықтық айдайтын құрылғы немесе жағып жіберу үшін факельдік жүйе қарастырылады.

47. Жобада, улы заттарды, жабдықтарға беру аралықтарында, негізінен тұмшаланған, жер астында орналастырылған, газ-динамикалық жағдайда пайдалану мүмкіндігі бар ыдыстарда сақтау мүмкіндігі қарастырылады.

Аталған сұйықтықтарды «азоттық» ауа шығатын құрылғысы бар, жер үсті резервуар-ыдыстарда сақтауға рұқсат етіледі. Бұл кезде резервуар-ыдыстар ең жоғарғы деңгейдің белгісін беретін, сонон соң сорғыны автоматты түрде тоқтататын, белгі бергіш аспаптармен және артық сұйықтықты шаю жүйесіне төгетін құрылғылармен жабдықталады.

48. Улы сұйықтықтарды «атмосфералық» ауа шығатын құрылғысы бар резервуар-ыдыстарда сақтауға рұқсат етілмейді.


6-тарау. Технологиялық процестерді автоматтандыру және бақылау


49. Технологиялық жабдықтар мен құбыр желілерін оператор бекетіне шығарылған және ара қашықтықтан әрі автоматты түрде басқарылатын автоматты басқару және бақылау аспаптарымен жабдықталған.

Қосымша жабдықтың жанына технологиялық процесті қолмен басқаруға және іске қосу-реттеу жұмыстарын жүргізуге және бақылауға арналған бақылау аспаптарын орнатады.

50. ГӨӨ технологиялық процестерін автоматты түрде басқару және бақылау үшін жабдық деңгейі мына көрсеткіштерді қамтамасыз ету мүмкіндігін беруі керек:

1) шикізаттың, дайын өнімнің және энергетикалық ресурстардың сипаттамаларын;

2) негізгі технологиялық көрсеткіштердің мәндерінің шекті ауытқуларын автоматты реттеу, ара қашықтықта бақылау және белгі беруді реттеу;

3) апатты жағдайларда жабдықтарды автоматты және ара қашықтықтан өшіру;

4) жабдықтарды автоматты түрде қорғау, апатты жағдайда өнімді залалсыздандыру жүйесіне жіберу;

5) кернеудің аз уақытқа ауытқуы немесе мүлдем болмай қалуы кездерінде бақылау-өлшеу аспаптары мен автоматиканы (бұдан әрі-БӨАА) қалыпты жағдайда ұстау;

6) диспетчер бекетіне негізгі өшіру тетіктері мен сорғылық-компрессорлық жабдықтардың жағдайы туралы белгі беру;

7) мезгіл-мезгіл жұмыс істейтін жабдықтарды автоматты түрде қосып-өшіріп тұру;

8) диспетчер бекетіне жалпы апаттық белгі беру.

51. Технологиялық процестер мен өндірістік жабдықтарды автоматтандыру, басқару, бақылау және апаттық қорғау жүйесінің жұмысын қамтамасыз ету үшін жобада мыналар қарастырылған:

1) технологиялық қондырғылардың ең кемі бір сағаттық жұмыс істеуіне жететін бақылау-өлшеу аспаптарына арналған ауа ресиверлері;

2) апаттық жағдайда жабдықтарды тоқтататын және олардағы өнімдерді төгіп алуды қамтамасыз ететін пневмоқондырғылардың тетіктеріне арналған БӨА жеке ауа ресиверлері;

3) апаттық белгі беру, басқару, бақылау, жарық беру аспаптарының ең кемі бір сағаттық жұмыс істеуіне жететін автономды ток көзінен (аккумуляторлық батареялардан) апаттық электр тогін алу.

52. Технологиялық жабдықтар құрамына кіретін белгі беру, бақылау және басқару құрылғыларының электрлік жүйесінің конструктивтік орындалуы, электр қауіпсіздігі талаптарына сай болуы керек.

53. Автоматтық реттеу және басқару жүйесінің пневматикалық аспаптарының қалыпты жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін, аталған аспаптардың зауыт-дайындаушы берген құжаттарының талаптарына сәйкес кептірілген және тазаланған ауа немесе тауарлы газ қолданылады. Бұл мақсатқа құрамында улы немесе коррозиялық белсенді заттары бар газдарды қолдануға болмайды.

54. Технологиялық ортадан үлгі алуға және реттегіш, бақылау-өлшегіш аспаптарды орнатуға арналған құрылғылар сол ортада пайдалануға лайықты конструктивтік материалдан жасалуы тиіс. Жобалық шешімдерде аталған құрылғыларды жабдықтарға, оларды беріктікке және толық тұмшалануына сынақ жүргізбес бұрын орнатқан жөн.

  1   2   3   4   5   6   7

Похожие:

Газдарды өндіру кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары iconПлавикалық қышқылды өндіру кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары
Осы өнеркәсіптік қауіпсіздік Талабы концентрациясы 70 аспайтын фторлы алюминий және жасанды криолитті (әрі қарай-плавикалық қышқылды...
Газдарды өндіру кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары icon1-тарау. Жалпы талаптар
Бериллийді, оның қосындыларын және олардан бұйымдар өндіру кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары
Газдарды өндіру кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары iconАлюминий, магний ұнтақтары мен опаларын және олардың негізіндегі қорытпаларды өндіру кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары
Осы Өнеркәсіптік қауіпсіздік талабы алюминий, магний ұнтақтары мен опаларын және олардың негізіндегі қорытпалар өндірісін жобалауға,...
Газдарды өндіру кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары iconПайдалы қазбалардың кен орындарын ашық тәсілмен қазу кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары
Пайдалы қазбалардың кен орындарын ашық тәсілмен қазу кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талабы ашық тау-кен жұмыстары объектілерін...
Газдарды өндіру кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары iconӨнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары
Осы өнеркәсіптік қауіпсіздік Талаптар болатты балқыту цехтарын жобалау, салу, қайта салу, пайдалану, оларға жабдықтарды жобалау және...
Газдарды өндіру кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары iconФосфор және оның бейорганикалық қосындыларын өндіруге арналған өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары
...
Газдарды өндіру кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары iconМұнай базаларын және автомобильдерге жанар-жағармай құю станцияларын пайдалану кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары
Осы Мұнай базаларын және автомобильдерге жанар-жағармай құю станцияларын пайдалану кезіндегі өнеркәсіп қауіпсіздігінің Талаптары...
Газдарды өндіру кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары iconПайдалы қазбаларды ұсақтау, сұрыптау, байыту және рудалар мен концентраттарды кесектеу кезіндегі
Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2008 жылы 25 шілдеде №132 бұйрығымен бекітілген Жерасты амалымен жұмыстар жүргізгендегі...
Газдарды өндіру кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары iconЖерасты амалымен жұмыстар жүргізу кезіндегі
«Жерасты амалымен жұмыстар жүргізу кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талабы» (бұдан әрі Талап) жерасты амалымен жұмыстар жүргізу...
Газдарды өндіру кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары iconМыс қорыту өндірісіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары
Тарау. Өндірістік алаңдарға, ғимараттарға, құрылыстар мен жайларға қойылатын талаптар
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница