Мұнай дайындау құрылғыларын пайдалану кезіндегі




НазваниеМұнай дайындау құрылғыларын пайдалану кезіндегі
страница1/9
Дата конвертации12.02.2016
Размер1.1 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://emer.kz/laws/law/nnic/0802/tr10_132.doc
  1   2   3   4   5   6   7   8   9


Қазақстан Республикасы

Төтенше жағдайлар министрінің

2008 жылғы «25» шілдедегі

№ 132 бұйрығымен

бекітілген


Мұнай дайындау құрылғыларын пайдалану кезіндегі

өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары


1-бөлім. Жалпы талаптар


1. Талаптарды жобалауға, құрылысқа, пайдалануға, мұнай дайындау құрылғыларына техникалық қызмет көрсету және жөндеуге (әрі қарай - МДҚ), қосалқы құрылғылар мен жабдықтауға (әрі қарай - ҚҚЖ) таралады.

МДҚ, ҚҚЖ пайдалану Өнеркәсіптік қауіпсіздіктің жалпы талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.

2. Талаптар объектілердің, қызметкерлердің және қоршаған орта қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажетті талаптарды бекітеді және бекітілген тәртіпте, мұнай операцияларын өткізудің халықаралық тәжірибесінде қабылданған аса жоғары талаптарды қолдануына шек қоймайды.

Нормативтік құжаттардың (әрі қарай – НҚ) бөлек жағдайлары арасында ауытқулар кезінде приоритеттік мағынаның аса жоғары қауіпсіздік талаптары болады.

3. МДҚ, ҚҚЖ жабдықтары жарылыс қорғау атқаруда қолданылады:

1) орнату аумағы жобаға сәйкес орналастырылады. Орнатылуы жобамен алдын ала ескерілген тартпалар, траншеялар, котловандар және тереңдетулер, қорғау жабындылармен немесе биіктігі 1 м кем емес қоршаумен қамтамасыз етіледі. Тартпалар канализациялық құдық (люк) жағына еңіспен гидрозатвор арқылы канализациямен қосылады;

2) ысырмалар және басқа да арматура құдықтарда, тартпаларда және тереңдетулерде орналасқан кезде дистанциялық басқару (ұзартылған басқару штоктар немесе штурвалдар, электропневмоприводтар) ескеріледі және техникалық қызмет көрсету, жөндеу немесе арматураны ауыстыру кезінде қауіпсіз рұқсат қамтамасыз етіледі;

3) жолдар, тротуарлар, барулар және өтулер тазалықта және түзуліктерде болады, көрсеткіштермен және жол белгілермен қамтамасыз етіледі, эстакадалар астындағы бару биіктігін қоса, жарықтандырылады;

4) құрылғы аумақтарында, көлік өтуіне рұқсат етілмейтін орындарда тыйым салынатын жол белгілері орнатылады;

5) орнату аумағы бойынша ұшқын басқышсыз көлік қозғалысына рұқсат етілмейді. Қозғалыс жылдамдығы 10 км/сағ, бұрылуларда  5 км/сағ шектеледі;

6) жолдар мен тротуарлардың теміржол тұйық жолдарымен қиылысу орындарында рельстердің бастар деңгейімен жаппай төсеулер орнатылады және қорғау тосқауылдары, қауіпсіздік белгілері, сигнал берулер және жарықтандыру ескеріледі;

7) орнату аумағының қауіпті аймағында жер, құрылыс және жөндеу жұмыстарын жүргізуге, жоғарыда аталған жұмыстарды жүргізу рұқсатынсыз, қатар кіру рұқсатынсыз, жұмыстардың схемаларынсыз және бұл учаскеде жер асты және жердегі коммуникациялары бар (байланыс, канализация, электр кабельдері, құбырлар), қызмет өкілдерімен келісусіз рұқсат етілмейді;

8) жолдың өту бөлігін жабумен байланысты жөндеу жұмыстары объект басшысымен және өрт сөндіру қызметімен келісіледі;

9) бекітілген тәртіпте қатар - кіру рұқсаты берілген, технологиялық уақыт тәртібімен ескерілген учаскелер және отқауіпті жұмыстарды жүргізуге арналған учаскелерден басқа, орнату аумағында және қауіпті аймақтарда отқауіпті жұмыстарды жүргізуге рұқсат етілмейді;

10) жөндеу - құрылыс жұмыстары аяқталғаннан кейін орнату аумағының учаскесін, жұмыстарды ұйымдастыру жобасына сәйкес жоспарлайды, тазалайды және аббаттандырады. Жоспарлау және құрылыс қалдықтарынан аумақты тазалау аяқталуына дейін орнатуларды жүргізуге рұқсат етілмейді;

11) қауіпті объект аумағында жұмыстарды қауіпсіз жүргізу үшін плакаттар орнатылады және «Жарылыс қауіпті», «Отқауіпті», «Шылым шегуге болмайды», «Бөтен адамдарға кіруге болмайды» сақтық жазулары мен басқа қауіпсіздік белгілері орнатылады;

12) шылым шегу үшін, өрт сөндіру қызметімен келісілетін, жабдықталған жарылыс өрт қауіпсіз орындар бөлінеді;

13) орнату аумақтарында өндіріс қалдықтарын қалдыруға және сақтауға рұқсат етілмейді.

14) орнату аумағында, өндірістік бөлмелерде мұнай және басқа да тез тұтанатын заттар төгілген жағдайда, олардың тұтануын болдырмайтындай етіп, шаралар қолдану;

15) төгілген орын құммен көміледі, кейін мұнай өнімдері мен ластанған құм қалдықтарынан мұқият түрде тазаланады және өндірістік аймағынан тыс арнайы бөлінген орынға келесі пайдаланумен шығарылады;

16) су жүргізетін шлангілер қамытпен штуцерге нықталып бекітіледі;

17) едендерді жуу үшін жанғыш тез тұтанатын сұйықтықтарды қолдануға рұқсат етілмейді;

18) жабдық орналасқан өндірістік бөлмелер және алаңдар бумен, сумен, ауамен, реагенттермен қамтамасыз етіледі;

19) өндірістік бөлмелердің алаңдарына және едендеріне металл заттар баяу, соққыларсыз және ұшқын пайда болусыз түсіреді;

20) материалдарды қоймалауына арналған өтулерді, жолдарды, тротуарларды, алаңдарды қолдануға рұқсат етілмейді;

21) өндірістік бөлмелер тазалықта және түзу күй - жағдайында болады. Өндірістік бөлмелерде жабдықтарды және материалдарды сақтауға рұқсат етілмейді. Қолданған сүрткіш материалдар және қалдықтар, бөлме сыртында орнатылған, қақпақтармен металл контейнерлерге жинайды және әр ауысым сайын орнату аумағынан тыс қауіпсіз жерлерге шығарады;

22) жабдықтар мен материалдарды уақытша сақтау, өрт сөндіру қызметімен келісілген, анықталған мөлшерде және сақтау талаптарын сақтауымен, бұл мақсаттар үшін бөлінген бөлмелер мен алаңдарда орналастырылады;

23) өндірістік бөлмелерде майлайтын материалдарды тәулік қажеттілігінен аспайтын мөлшерде жабық қақпақпен, металл ыдыста сақтауға рұқсат етіледі.

Өндірістік бөлмелерде тез тұтанатын өнімдерді және зиянды заттарды сақтауға рұқсат етілмейді;

24) өндірістік бөлмелердің едендерінің қатты жабуы, канализация траптарына еңіспен және түзу күй жағдайында болады;

25) өндірістік бөлмелердің терезелері, фрамугалар және басқа ашылатын құрылғылар сыртқа қарай ашылады және оларды ашу және қажет жағдайда орнату үшін оңай басқарылатын құрылғылармен жабдықталады. Жобамен ескертілмеген шарбақтарды орнатуға рұқсат етілмейді;

26) қызметкерлердің зиянды және агрессиялық заттармен (қышқылдар, сілтілер және улы реагенттер) қатынасы болу мүмкін, орнату аумағында және өндірістік бөлмелерде, жуыну алаңына кіру кезінде автоматты түрде қосылатын душ, су жіберуді реттеумен көз жууға арналған кран құрылғылары орнатылады;

27) өндірістік бөлмелерде киім, аяқ киім кептіруге, құбырларда, аппараттарда, жылыту құралдарында жанатын және басқа материалдарды сақтауға рұқсат етілмейді;

28) резервуарлық бактардың, құю - төгу эстакадалар және өндірістік бөлмелердің аумақтарында орнатылып жүргізіледі:

өртке қарсы сақтық жабдықтардың, бумен және көбікпен сөндіру жабдықтарының техникалық жағдайына және дайындығына, ауысым кезінде бірден кем емес жүйелердегі судың, будың және реагенттердің жұмыс қысымының бар болуына тексеріс;

әрбір ауысым басына дейін желдету құрылғылардың әрекет ету түзулігіне сыртқы байқау және тексеру;

айына екі рет бақылаушы тұлғамен және айына бір рет өрт сөндіру қызмет өкілдерімен бірлесе су жүргізетін құрылғылардың (құдықтар, гидранттар, ысырмалар, сыйымдылық резервуарлары, насосты құрылғылар және шлангілер), көбікпен сөндіру құрылғылардың түзулігіне байқау және тексеру;

БӨҚ бақылаушы тұлғамен және орнату бақылаушы тұлғамен ауысымда бір реттен кем емес бақылау - өлшеу құралдардың (әрі қарай–БӨҚ), автоматика және сақтандыру құрылғылардың жағдайына байқау және тексеру.

Тексерулердің нәтижелері техникалық басшымен бекітілген форма бойынша, бұзушылықтарды жою мерзімін көрсетумен, журналға жазылады;

29) бөлме есігінің сыртқы жағында бөлменің өрт жарылыс қауіпін көрсететін жазу орналастырылады.

4. Барлық жарылыс қаупі бар бөлмелерде ауа ортасы стационарлық газ анализаторлар-сигнализаторлардың көмегімен бақыланады, бөлме газдалғандығы жарылыстың төменгі шегінен 20 % болған кезде орнату орындары бойынша және операторлық басқару шитіне апаттық желдетуді автоматты түрде қосумен дыбыс және жарық сигналын береді.

5. Өндірістік бөлмелердің ауа ортасындағы зиянды заттардың шекті мүмкін концентрацияларын анықтау үшін (әрі қарай – ШМК) стационарлық және тасымал газ анализаторлары мен газ сигнализаторлары қолданылады.

6. Өндірістік бөлмелер мен алаңдардың жұмыс аймағының ауасындағы зиянды заттардың, булардың және газдардың құрамы ШМК және шекті мүмкін жарылыс концентрацияларынан (әрі қарай – ШМЖК) аспайды.

7. Қауіпті және зиянды заттарды пайдалану әзірлеушімен, жобалы құжатнамамен, санитарлық талаптармен, технологиялық уақыт тәртіппен орнатылған қауіпсіздік талаптарды орындау шарттарында жүргізіледі.

Тасымал жарықтандыру ретінде кернеуі 12 Вольттан аспайтын қоректену көздерімен және шырақтармен жарылыс қорғау атқарудағы шамдар қолданылады.

8. Ауамен жарылыс қауіпі бар газ қоспалары мен булардың пайда болуы мүмкін өндіріс жұмыстары кезінде, қауіпсіз аспап қолданылады, ал кесетін болат аспабы консистентті майлаумен мол түрде майланады.

9. Өрт жарылыс қауіпі бар бөлмелерде және алаңдарда болат шегелермен немесе тағалаулармен тағаланған аяқ киімде болуға және жұмыс істеуге рұқсат етілмейді:

1) өртке қарсы сақтық құралдар өрт сөндіру қауіпсіздік талаптарымен сәйкестікте анықталған мөлшерде және оны сақтау және қолдану талаптарын сақтауымен жоба бойынша орналастырылады;

2) жолдарды, подъездерді, өтулерді, саты торларын, ғимараттан өту және шығуларды, өртке қарсы сақтық жабдықтарға, өрт сөндіру, байланыс және сигнал беру құрылғыларына өтулерді үйіп тастауға және ластауға рұқсат етілмейді;

3) барлық байланыс құралдарының жанында сигнал беру және объект басшылығын, апаттық-құтқару, өрт сөндіру және медициналық қызметті шақыру тәртібін көрсететін кесте ілінеді;

4) технологиялық жылу бөлулермен өндірістік бөлмелер, жабдықтау жөндеуге тоқтатылған кезде бұл бөлмелердің температурасын 5°С төмен емес сақтау үшін кезекші жағылатын құрылғымен жабдықталады;

5) жарылыс өрт қауіпті бөлмелердің еденімен өтетін, жағылатын құбырлардың тартпалары құммен көміледі, ал сыртқы және ішкі қабырғалар арқылы өтетін өту жерлері мұқият түрде нығыздалады;

6) құйылым желдетумен бірлесе ауа жылыту орнату кезінде ауаның қайта айналып жүруіне рұқсат етілмейді;

7) өндірістік бөлмелер табиғи, мәжбүрлік құйылым-сорылатын желдетумен жабдықталады.

Желдету құрылғының корпусы зақымданбаған, науарлар және иілгіш қосындылар герметикалықты қамтамасыз етеді;

8) барлық өрт жарылыс қаупі бар бөлмелерде тұрақты желдету қамтамасыз етіледі;

9) желдетудің нәтижелілігі, техникалық басшымен бекітілген форма бойынша журналға тіркеумен техникалық басшымен бекітілген кесте бойынша жүйелі түрде аспаппен тексеріледі;

10) апаттарды жою жоспарымен (әрі қарай - АЖЖ) алдын ала ескерілген қауіпті және апатты жағдайлардан басқа, бақылаушы тұлға нұсқауынсыз желдету ысырмаларды, шиберлерді, құйылым немесе тартпа тесіктерді жабуға, қаптамаларды шешуге, желдеткіштерді тоқтату, қосу және желдету жабдықтармен басқа да жұмыстарды жүргізуге рұқсат етілмейді;

11) улы және зиянды заттардың ШМК, ШМЖК жоғары бөлінуі қаупі бар өндірістік бөлмелерде көрсеткіш–газ сигнализатордан автоматты түрде желдетуді қосу, өндірістік бөлменің кірудің сыртқы жағында орнатылған, дистанциялық желдетуді пульттан қосу ескерілген;

12) ауаағарлар мен ауадуал құрылғыларының өзара орналасуы пайдаланған ауаның соруын болдырмайды. Сонымен қатар желдің басым бағыттары, құрылғылар, ғимараттар арасындағы ара қашықтық, басқа өндірістік және климат шарттары есепке алынады;

13) тартпаны өтейтін, құйылым желдету ауасы жұмыс аймағына түседі. Жылдың салқын мезгілінде құйылым ауа жұмыс аймағына түсу алдында жылытылады;

14) газдардың бөлінуі мүмкін орындарында құрамында зиянды заттары бар ауаны сорып алу үшін құрылғылар орнатылады;

15) автоматты қосумен жабдықталған желдеткіштер, сақтық жазулармен қамтамасыз етіледі;

16) жарылыс қауіпі бар бөлмелермен көршілес, электрлік қосалқы станциялар, бөлу құрылғылар және пунктер бөлмелерінде, ауаның тұрақты сүйеуін жасаушы, желдету ескеріледі;

17) жарылыс өрт қауіпті және жарылыс қауіпсіз бөлмелерге қызмет көрсетуге арналған желдету құрылғылары, олардың бір камерада орналасуы кезінде, жарылыс қорғау атқарудағы электр жабдықпен жабдықталады;

18) желдету камераларында жұмыс және резервтік желдеткіштер болғанда, клапандарды сөндіруші құрылғы ескеріледі;

19) желдету камераларының бөлмелерін олардың тағайындалумен байланысты емес басқа мақсаттарға қолдануға рұқсат етілмейді.

Тұрмыстық бөлмелердегі ауа айырбас еселігі және ішкі айырысу температуралар, жобалық құжатнамада көрсетіледі және техникалық бастықпен бекітілген, кестемен сәйкес бақыланады;

20) тамақ қабылдау, бұл үшін жабдықталған бөлмелерде жүргізіледі;

21) өндірістік бөлмелер алғашқы медициналық көмек көрсету үшін, дәрі - дәрмектермен, байлау және басқа материалдармен қамтамасыз етіледі.

10. МДҚ, ҚҚЖ объектілері сумен және тұрмыстық канализациямен қамтамасыз етіледі:

1) ас сумен қамтамасыз ету үшін герметикалық сыйымдылықтар және басқа құрылғылар ескеріледі;

2) жоғары температура шарттарында жұмыстарды жүргізу кезінде қызметкерлер тұздалған газдалған сумен қамтамасыз етіледі;

3) шаруашылық-ас су құбырын өндірістік су құбырына іске қосуға рұқсат етілмейді;

4) су бөлектеуші құрылғылар олардың тағайындалуы туралы ескертуші жазулармен қамтамасыз етіледі;

5) пайдаланған өндірістік суды тұрмысқа қамтамасыз ету үшін қолдануға рұқсат етілмейді.

11. МДҚ, ҚҚЖ өндірістік ғимараттары және аумақ өнеркәсіптік канализациямен жабдықталады:

1) өнеркәсіптік канализация желілерінде, құдықтарда орналасқан, гидравликалық затворлар орнатылады. Гидравликалық затвордағы затвор құрушы су қабатының биіктігі 0,25 м кем емес. Жөнге келмейтін немесе жобаға сай келмейтін гидравликалық затворлармен канализацияны пайдалануға рұқсат етілмейді;

2) гидравликалық затворлар барлық қабылдау құдықтарында орнатылады;

3) канализация желілері жүйелі түрде қаралады және тазартылады. Канализациялық құдықтарды, каналдарды және құбырларды байқау және тазалау, ұйымның техникалық басшымен бекітілген, график бойынша, қатар- кіру рұқсаты бойынша жүргізіледі;

4) өнеркәсіптік канализация құдықтары жобаға сәйкес берік қақпақтармен жабылады және болат немесе темірбетондық сақинада 10 см кем емес құм қабатымен көміледі;

5) байқау құдықтардың қақпақтары соққыларсыз және ұшқын пайда болу қауіп - қатерсіз құрылғылармен ашылады;

6) жұмысы жүріп жатқан құдықтар қоршалады және сақтық жазулар мен қауіпсіздік белгілері орнатылады;

7) ағынды сулар бұруына, олардың ластану дәрежесіне және тазарту құрылғылардың жұмыс нәтижелілігіне, ұйымның техникалық басшымен бекітілген, кесте бойынша тұрақты зертханалық бақылау жүргізіледі. Ағынды сулардағы мұнай өнімдері мен зиянды заттардың құрамы ШМК және ШМЖК санитарлық нормаларынан аспайды.

Ластанулардың нормадан асып артуы кезінде, олардың бөліну көздері анықталады, жөнге келмейтін жабдықтар, аппараттар, резервуарлар сөндіріледі және анықталған нормаға дейін тазарту бойынша шаралар қолданады;

8) резервуарлар және тұнбалық сыйымдылықтар опырылады. Сыйымдылықтар жанбайтын материалдардан жасалған оңай алынатын жабулармен жабдықталады.

9) тұрмыстық канализацияны өнеркәсіптік канализацияға қосуға рұқсат етілмейді;

10) жабдықтардан, аппараттардан және резервуарлардан зиянды заттарды, өрт жарылыс қаупі бар заттарды канализация жүйелеріне тастауға рұқсат етілмейді. Олардың тастауына апаттық сыйымдылықтар ескеріледі;

11) ластанған өндірістік ағынды сулардың насосты станциялары келесі талаптарға сай болады:

ағынды суларға арналған қабылдау резервуары насосты станция ғимаратынан тыс жерде орналастырылады;

жарылыс қорғау атқарудың электржабдығы.

  1   2   3   4   5   6   7   8   9

Похожие:

Мұнай дайындау құрылғыларын пайдалану кезіндегі iconМұнай базаларын және автомобильдерге жанар-жағармай құю станцияларын пайдалану кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары
Осы Мұнай базаларын және автомобильдерге жанар-жағармай құю станцияларын пайдалану кезіндегі өнеркәсіп қауіпсіздігінің Талаптары...
Мұнай дайындау құрылғыларын пайдалану кезіндегі iconМұнай және газ кен орындарын барлау кезіндегі
Осы Талап мұнай операцияларын жүргізу кезінде мұнай, газ және газконденсатты кен орындары (әрі қарай – мгк) объектілерін жобалау,...
Мұнай дайындау құрылғыларын пайдалану кезіндегі iconТеңізде мұнай газ өндіру кезіндегі
Осы Талаптар теңіз мұнай газ құрылыстарын (әрі қарай тмгқ) жобалау, салу, пайдалану, қайта құру және жою кезінде және мұнай операцияларын...
Мұнай дайындау құрылғыларын пайдалану кезіндегі icon0809000–«Мұнай және газ кенорындарын пайдалану» мамандығы бойынша дипломдық жобаның тақырыптары
Жалғызтөбе кенорнында мұнай өндіру үрдісі кезінде кездесетін қиыншылықтармен күрес шаралары
Мұнай дайындау құрылғыларын пайдалану кезіндегі iconМұнай және газ ұңғыларын жерасты жөндеуі кезіндегі
...
Мұнай дайындау құрылғыларын пайдалану кезіндегі iconҚара металдар сынықтары мен қалдықтарын дайындау және қайта өңдеу кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары
Бұл Талап қара металлдар сынықтар мен қалдықтарын конструкциялау және оларға құрал-жабдықтарды дайындау кезінде қайта өңдеу және...
Мұнай дайындау құрылғыларын пайдалану кезіндегі iconДиссертацияның көлемі мен құрылымы
Мұнай қалдықтарынан органикалық минералды сұйық өткізбейтін материалды дайындау қондырғысының өнімділігін арттыру
Мұнай дайындау құрылғыларын пайдалану кезіндегі iconМұнай-химия, мұнай өңдеу салаларындағы қауіпті өндірістік нысандарына, мұнай базалары мен автожанармай құю стансаларына арналған өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету ережесі
Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2014 жылғы «30» желтоқсандағы №342 бұйрығымен бекітілген
Мұнай дайындау құрылғыларын пайдалану кезіндегі iconҚара металдар сынықтары мен қалдықтарын дайындау және қайта өңдеу кезіндегі қауіпсіздік талаптарына
Екі данада жасалады. Бір данасы жөнелтпе құжатпен қабылдаушыға, ал екіншісі жөнелтушіде қалады
Мұнай дайындау құрылғыларын пайдалану кезіндегі iconАтырау МӨЗ-ындағы ароматикалық көмірсутектер шығаратын кешен құрылысының іргетасына «алғашқы тас» қалау рәсімі өткізу жоспарланған. Шараға Қазақстан Республикасы мұнай саласының жетекшілері, мемлекеттік қадағалаушы органдар, ҮЕҰ және бақ өкілдері қатысады
Жоғары экспорттық мұнай-химия өнімдерін шығаратын көмірсутек шикізатын тереңдете өңдейтін әлемдік деңгейдегі мұнай-химия кешендерін...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница