«Көмірсутек шикізатын және кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндіруге немесе бірлескен барлау мен өндіруге арналған келісімшарттарды қоспағанда, жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттарды тіркеу» мемлекеттік қызмет стандарты




Скачать 390.54 Kb.
Название«Көмірсутек шикізатын және кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндіруге немесе бірлескен барлау мен өндіруге арналған келісімшарттарды қоспағанда, жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттарды тіркеу» мемлекеттік қызмет стандарты
страница1/4
Дата конвертации12.02.2016
Размер390.54 Kb.
ТипДокументы
источникhttp://kz.government.kz/docs/kauly1151.doc
  1   2   3   4


Көмірсутек шикізатын қоспағанда, жер қойнауын пайдалану саласындағы мемлекеттiк қызмет стандарттарын бекiту


Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 5 қыркүйектегі №1151 қаулысы


Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексiнiң 34-бабының 2-тармағына, «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

1. Қоса берiлiп отырған:

1) «Көмірсутек шикізатын және кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндiруге немесе бiрлескен барлау мен өндiруге арналған келiсiмшарттарды қоспағанда, жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiмшарттарды тiркеу» мемлекеттік қызмет стандарты;

2) «Көмірсутек шикізатын және кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндiруге немесе бiрлескен барлау мен өндiруге арналған келiсiмшарттарды қоспағанда, жер қойнауын пайдалану құқығының кепiл шартын тiркеу» мемлекеттік қызмет стандарты;

3) «Тарату қорын пайдалануға рұқсат беру» мемлекеттік қызмет стандарты;

4) «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларда, барлауды, өндіруді жүргізу немесе барлауға немесе өндіруге байланысты емес жер асты құрылыстарын салу және (немесе) пайдалану үшін берілген жер қойнауын пайдалану учаскелеріне сервитуттарды тіркеу» мемлекеттік қызмет стандарты;

5) «Кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндiруге арналған келiсiмшарттарды тiркеу» мемлекеттік қызмет стандарты;

6) «Кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндiруге жер қойнауын пайдалану құқығының кепiл шартын тiркеу» мемлекеттiк қызмет стандарты бекiтiлсiн.

2. Мыналардың:

1) «Мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 17 ақпандағы № 100 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 13-14, 131-құжат);

2) «Мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 10 наурыздағы № 190 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 24, 180-құжат) күші жойылды деп танылсын.

3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.


Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi К. Мәсiмов


Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы «5» №1151 қаулысымен бекітілген


«Көмірсутек шикізатын және кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндіруге немесе бірлескен барлау мен өндіруге арналған келісімшарттарды қоспағанда, жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттарды тіркеу» мемлекеттік қызмет стандарты



  1. Жалпы ережелер


1. «Көмірсутек шикізатын және кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндіруге немесе бірлескен барлау мен өндіруге арналған келісімшарттарды қоспағанда, жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттарды тіркеу» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі (бұдан әрі - тіркеуші орган) мына мекенжай бойынша: Астана қаласы, Есіл ауданы, Қабанбай батыр даңғылы, 47, 2717-кабинет көрсетеді.

2. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызмет нысаны автоматтандырылмаған.

3. Мемлекеттiк қызмет «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 24 маусымдағы Заңының 17-бабының 7) тармақшасы және 68-бабының 3-тармағы негізінде көрсетіледі.

4. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпарат тіркеуші органның интернет-ресурсында: www.mіnt.gov.kz, «Мемлекеттік қызметтер» бөлімінде орналастырылады.

5. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нәтижесі осы стандартқа 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргiзуге арналған келiсiмшартты тiркеу актiсi не қызметті ұсынудан бас тарту туралы дәлелденген жазбаша түрде жауап беру болып табылады.

6. Мемлекеттiк қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрi - мемлекеттік қызметті алушы) көрсетiледi.

7. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:

1) мемлекеттік қызмет мемлекеттік қызметті алушы осы стандарттың 11-тармағында көзделген құжаттарды тапсырған сәттен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірілмей көрсетіледі;

2) мемлекеттік қызметті алушы өтініш берген күні сол жерде көрсетілетін мемлекеттік қызметті алу кезінде құжаттарды алудың рұқсат етілген ең ұзақ уақыты отыз минуттан аспайды;

3) мемлекеттік қызметті алушы өтініш берген күні сол жерде көрсетілетін мемлекеттік қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат берілген ең ұзақ уақыты отыз минуттан аспайды;

8. Мемлекеттiк қызмет тегiн көрсетiледi.

9. Тіркеуші органның жұмыс кестесі: демалыс және мереке күндерінен басқа күн сайын сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін.

Қабылдау кезек күту тәртібімен, алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады.

10. Мемлекеттік қызмет «Транспорт Тауэр» ғимаратында көрсетіледі. Үй-жай режимі: ғимаратқа кіру № 1 жеке есік арқылы жүзеге асырылады. Құқық тәртібін қолдау үшін ғимаратта тәулік бойы күзет бекеті мен өртке қарсы сигнализация және басқа да қауіпсіздік шаралары бар. Ғимарат:

1) физикалық мүмкіндігі шектеулі адамдардың кіруіне арналған пандусы бар есікпен;

2) құжат үлгілері бар ақпараттық стенділермен жабдықталған.


2. Мемлекеттiк қызмет көрсету тәртiбi


11. Мемлекеттiк қызметтi алу үшiн тіркеуші органға мемлекеттік қызмет алушы:

1) еркiн нысандағы өтiнiшті;

2) оның барлық қосымшаларын қоса алғанда, жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiмшартты (түпнұсқа үш данада);

3) сенiмхатсыз қол қоюға құқығы бар мемлекеттік қызмет алушының бiрiншi басшысын қоспағанда, мемлекеттік қызметті алушының мүдделерiн бiлдiретiн адамға берiлетiн сенiмхатты ұсынады.

12. Өтініш еркін нысанда жасалады. Арнайы бланктер толтыру талап етілмейді.

13. Құжаттар қабылдау мына мекенжай бойынша жүзеге асырылады: Астана қаласы, Есiл ауданы, Қабанбай батыр даңғылы, 47 үй, 2117-кабинет, телефон 24-04-76.

14. Тiркеушi органның кеңсесiнде мемлекеттік қызметті алу үшін өтінішті тiркеу (мөртабан және кiрiс нөмiрi, күнi) осы стандарттың 11-тармағында көрсетiлген құжаттардың тапсырылғанын растау болып табылады.

15. Мемлекеттік қызмет алушыға не оның өкіліне сенімхат бойынша жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргiзуге арналған келiсiмшартты тiркеу актiсi жеке келген кезде қолына беріледі.

16. Осы стандарттың 11-тармағында көрсетiлген құжаттардың тізбесін толық бермеу мемлекеттiк қызмет ұсынудан бас тарту үшiн негiздеме болып табылады.


3. Жұмыс қағидаттары


17. Мемлекеттiк қызмет көрсететін тiркеушi органның лауазымды тұлғасы өз қызметiнде мынадай қағидаттарды басшылыққа алады:

1) адам мен азаматтың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын сақтау;

2) заңдылықты сақтау;

3) көрсетілетін қызмет туралы егжей-тегжейлі ақпарат ұсыну;

4) сыпайы және әдепті болу;

5) құжаттарды қарау кезінде төрешілдік пен сөзбұйдаға салуға жол бермеу, белгіленген мерзімде олар бойынша қажетті шаралар қабылдау;

6) қызметті мемлекеттік қызметті алушы құжаттарының мазмұны туралы ақпараттың сақталуын, қорғалуын және құпиялылығын қамтамасыз ету.


4. Жұмыс нәтижелерi


18. Мемлекеттік қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін осы стандартқа 2-қосымшаға сәйкес сапа мен қолжетімділік көрсеткіштерімен өлшейді.

19. Тіркеуші органның жұмысы бағаланатын мемлекеттік қызметтің сапа және тиімділік көрсеткіштерінің нысаналы мәні жыл сайын Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің бұйрығымен бекітіледі.


5. Шағымдану тәртiбi


20. Мемлекеттік қызмет алушы уәкілетті қызметкерлердің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі туралы ақпаратты тіркеуші органның Әкімшілік-кадр жұмысы департаментінің бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету басқармасының бастығынан 8 (7172) 24-05-84 телефон арқылы немесе мынадай мекенжайы бойынша: 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Қабанбай батыр даңғылы, 47, Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі, № 1902-кабинеттен ала алады.

21. Көрсетiлген қызмет нәтижелерiмен келiспеген жағдайда шағым мына мекенжай бойынша тіркеуші органға беріледі: 010000, Астана қаласы, Есiл ауданы, Қабанбай батыр даңғылы, 47 үй, 2117-кабинет, телефон 24-04-76, интернет-ресурсы: www.mіnt.gov.kz.

Тіркеуші органның жұмыс кестесі: демалыс және мереке күндерінен басқа күн сайын сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін.

22. Қызмет көрсету кезінде дөрекілік көрсетiлген жағдайларда шағым тіркеуші органға мына мекенжай бойынша беріледі: 010000, Астана қаласы, Есiл ауданы, Қабанбай батыр даңғылы, 47-үй, 2117-кабинет, телефон 24-04-76, интернет-ресурсы: www.mіnt.gov.kz.

Тіркеуші органның жұмыс кестесі: демалыс және мереке күндерінен басқа күн сайын сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін.

23. Көрсетiлген мемлекеттiк қызмет нәтижелерiмен келiспеген жағдайда мемлекеттік қызмет алушының заңнамада белгiленген тәртiппен сотқа шағымдануға құқығы бар.

24. Шағым, өтініш заңды тұлғаның толық атауын, почталық мекенжайын, шағымның шығыс нөмірі мен күнін көрсете отырып «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы № 221 Заңына сәйкес жасалады.

Шағым берген кезде әрекетіне шағым берілетін лаузымды тұлғаның аты және өтініш себептері мен талаптар көрсетіледі.

25. Қабылданған шағым осы стандарттың 20 және 21-тармақтарында көрсетілген тіркеуші органның кеңсесінде тіркеледі. Шағым берген мемлекеттік қызметті алушыға күні және уақыты, шағымды қабылдаған лауазымды тұлғаның тегі және аты-жөні, шағымға жауап алу мерзімі және орны, шағымды қарау барысы туралы ақпарат алуға болатын тұлғаның байланыс деректері көрсетілген талонның берілуі шағымды қабылдауды растау болып табылады.

Шағымдарды қарау «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңында көзделген тәртіппен және мерзімде жүзеге асырылады.

26. Мемлекеттік қызмет туралы қосымша ақпаратты тіркеуші органның www.mint.gov.kz ресми интернет ресурсынан алуға болады.


_________________________


«Көмірсутек шикізатын және кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндіруге немесе бірлескен барлау мен өндіруге арналған келісімшарттарды қоспағанда, жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттарды тіркеу» мемлекеттік қызмет стандартына

1-қосымша


Жер қойнауын пайдалану операциясын жүргізуге арналған келісімшартты мемлекеттік тіркеу

АКТІСІ


2____ жылғы «__» ________ №_____

________________________

(қала, аудан)


_______________________________________________________ негізінде

(келісімшарт жасау негізі)

жасалған


құзыретті орган ______________________________________________________

(құзыретті органның атауы)


мен


мердігер ____________________________________________________________

(мердігердің атауы)


арасында _________________________________________________ келісімшарт

(келісімшарт атауы)

тіркеледі.


Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізуге арналған келісімшартты мемлекттік тіркеу актісін берген мемлекеттiк орган басшысының Т.А.Ә., қолы


_______________________________________


«Көмірсутек шикізатын және кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндіруге немесе бірлескен барлау мен өндіруге арналған келісімшарттарды қоспағанда, жер қойнауын пайдалану құқығының кепіл шартын тіркеу» мемлекеттік қызмет стандартына 2-қосымша


Кесте. Сапа және тиімділік көрсеткіштерінің мәні

Сапа және тиімділік көрсеткіштері

Көрсеткіштің нормативтік мәні

Көрсеткіштің келесі жылғы нысаналы мәні

Көрсеткіштің есепті жылдағы ағымдағы мәні

1

2

3

4

1. Уақтылылығы

1.1. Құжатты тапсырған сәттен бастап белгіленген мерзімде қызметті көрсету оқиғаларының %-ы (үлесі)

90%







2. Сапасы

2.1. Қызметті көрсету үдерісінің сапасына қанағаттанған қызмет алушылардың %-ы (үлесі)

100%







3. Қолжетімділік

3.1. Қызметті көрсетудің сапасына және оны көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қанағаттанған қызмет алушылардың %-ы (үлесі)

100%







3.2. Ақпаратқа электронды түрде қол жеткізуге болатын қызметтер %-ы (үлесі)

100%







4. Шағымдану үдерісі

4.1. Шағымданудың қолданыстағы тәртібіне қанағаттанған қызмет алушылардың %-ы (үлесі)

100%







5. Сыпайылық

5.1. Персоналдың сыпайылығына қанағаттанған қызмет алушылардың %-ы (үлесі)

100%








_____________________________


Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2012 жылғы «5» №1151 қаулысымен

бекітілген


«Көмірсутек шикізатын және кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндіруге немесе бірлескен барлау мен өндіруге арналған келісімшарттарды қоспағанда, жер қойнауын пайдалану құқығының кепіл шартын тіркеу» мемлекеттік қызмет стандарты

  1   2   3   4

Похожие:

«Көмірсутек шикізатын және кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндіруге немесе бірлескен барлау мен өндіруге арналған келісімшарттарды қоспағанда, жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттарды тіркеу» мемлекеттік қызмет стандарты icon«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларда, кең таралған пайдалы қазбаларды барлауды және өндіруді жүргізу, барлауға немесе өндіруге байланысты емес құрылыс және (немесе) жерасты
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі (бұдан әрі – Министрлік)...
«Көмірсутек шикізатын және кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндіруге немесе бірлескен барлау мен өндіруге арналған келісімшарттарды қоспағанда, жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттарды тіркеу» мемлекеттік қызмет стандарты icon«Барлауға немесе өндіруге байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға келісімшарттар жасасу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
«Барлауға немесе өндіруге байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға келісімшарттар жасасу» мемлекеттік...
«Көмірсутек шикізатын және кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндіруге немесе бірлескен барлау мен өндіруге арналған келісімшарттарды қоспағанда, жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттарды тіркеу» мемлекеттік қызмет стандарты icon1 КӨмірсутегілік шикізатты өндірудің технико- технологиялық ерекшеліктері
КӨмірсутек шикізатын өндіруге жұмсалатын пайдалану шығындарын азайту жолдарын жетілдіру
«Көмірсутек шикізатын және кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндіруге немесе бірлескен барлау мен өндіруге арналған келісімшарттарды қоспағанда, жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттарды тіркеу» мемлекеттік қызмет стандарты iconҮстеме пайда салығЫ
Келісімшарттық қызмет бойынша жер қойнауын пайдаланушы жылдық жиынтық табысты Салық Кодексте белгіленген тәртіппен жер қойнауын пайдалануға...
«Көмірсутек шикізатын және кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндіруге немесе бірлескен барлау мен өндіруге арналған келісімшарттарды қоспағанда, жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттарды тіркеу» мемлекеттік қызмет стандарты iconФосфор және оның бейорганикалық қосындыларын өндіруге арналған өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары
...
«Көмірсутек шикізатын және кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндіруге немесе бірлескен барлау мен өндіруге арналған келісімшарттарды қоспағанда, жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттарды тіркеу» мемлекеттік қызмет стандарты iconТөтенше жағдайлар министрінің 2009 жылғы «28» сәуірдегі
Осы геологиялық барлау кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік Талабы (бұдан әрі-Талап) осы мақсаттарға арналған пайдалы қазбаларды іздестіру...
«Көмірсутек шикізатын және кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндіруге немесе бірлескен барлау мен өндіруге арналған келісімшарттарды қоспағанда, жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттарды тіркеу» мемлекеттік қызмет стандарты iconПайдалы қазбаларды өндiру салығы
Пайдалы қазбаларды өндiру салығы, 330 баптың 3-тармағындағы көзделген жағдайды қоспағанда, ақшалай нысанда төленеді
«Көмірсутек шикізатын және кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндіруге немесе бірлескен барлау мен өндіруге арналған келісімшарттарды қоспағанда, жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттарды тіркеу» мемлекеттік қызмет стандарты iconРабочая учебная программа Мамандықтар: 5В070600 «Геология және пайдалы қазбалар кенорындарын барлау»
Жұмыс оқу бағдарламасы 5В070600 – «Геология және пайдалы қазбалар кенорындарын барлау» мамандығының студенттеріне арналып, Мемлекеттік...
«Көмірсутек шикізатын және кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндіруге немесе бірлескен барлау мен өндіруге арналған келісімшарттарды қоспағанда, жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттарды тіркеу» мемлекеттік қызмет стандарты iconСтудентке арналған пәннің оқу бағдарламасы
Силлабус Мемлекеттік жалпыға бірдей білім беру негізінде «Геология және кен ісі» кафедрасында дайындалып 5В070600 Геология және пайдалы...
«Көмірсутек шикізатын және кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндіруге немесе бірлескен барлау мен өндіруге арналған келісімшарттарды қоспағанда, жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттарды тіркеу» мемлекеттік қызмет стандарты iconРабочая учебная программа Мамандықтар: 5В070900 «Металлургия»
Мамандықтар: 5В070900 «Металлургия», 5В073700 «Пайдалы қазбаларды байыту», 5В070700 «Тау-кен ісі», 5В073100 «Қоршаған ортаны қорғау...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница