Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Кеден одағындағы тарифтік емес реттеу шараларын қолдану мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы




Скачать 243.85 Kb.
НазваниеҚазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Кеден одағындағы тарифтік емес реттеу шараларын қолдану мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Дата конвертации12.02.2016
Размер243.85 Kb.
ТипДокументы
источникhttp://www.minjust.kz/sites/default/files/PZRK_na_kaz..doc


«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Кеден одағындағы тарифтік емес реттеу шараларын қолдану мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ


1-бап. Қазақстан Республикасының мынадай заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1. 2007 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 1,
1-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат, 2009 ж.,
№ 11-12, 55-құжат; № 18, 84-құжат; № 23, 100-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3, 7-құжаттар; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2011 жылғы 6 тамызда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй қатынастары мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 22 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы; 2011 жылғы
8 желтоқсандағы
«Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экологиялық мәселелер бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 3 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы):

1) 16-баптың 9) тармақшасында:

4 абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«озон қабатын бұзатын заттарды пайдалана отырып жұмыстар жүргізуге, құрамында озон қабатын бұзатын заттар бар жабдықтарды жөндеуге, монтаждауға, оларға қызмет көрсетуге рұқсат беру тәртiбiн;»;

16 абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«озон қабатын бұзатын заттарды және құрамында солардың өнімдері бар жабдықтарды Қазақстан Республикасы аумағына Кеден одағы мүше мемлекеттерден әкелуге және осы мемлекеттерге Қазақстан Республикасы аумағынан әкетуге рұқсат беру тәртібін;»;

2) 17-бапта:

21) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«21) озон қабатын бұзатын және құрамында солардың өнiмдерi бар заттарды Қазақстан Республикасы аумағына Кеден одағына кірмейтін мемлекеттерден әкелуді және Қазақстан Республикасы аумағынан осы мемлекеттерге әкетуді лицензиялауын жүзеге асырады»;

мынадай мазмұндағы 21-1), 21-2), 21-2) тармақшалармен толықтырылсын:

«21-1) Кеден одағына мүше мемлекеттер елдерінен Қазақстан Республикасы аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасы аумағынан осы елдерге озон қабатын бұзатын заттар мен құрамында бар өнiмдердi әкетуге рұқсат береді;

21-2) озон қабатын бұзатын заттарды пайдалана отырып жұмыстар жүргізуге, құрамында озон қабатын бұзатын заттар бар жабдықтарды жөндеуге, монтаждауға, оларға қызмет көрсетуге рұқсат береді;

21-3) Қазақстан Республикасының аумағы бойынша қалдықтарға трансшекаралық тасымалдау үшін қорытынды береді;»;

3) 114-бапты мынадай мазмұндағы 38) тарақшамен толықтырылсын:

«38) Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға озон қабатын бұзатын заттарды тұтыну туралы жылдық ақпаратты беру бойынша талаптарды сақтау.»;

4) 288-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«4. Қалдықтарды пайдалану (кәдеге жарату, өңдеу, рециклинг) мақсатында Қазақстан Республикасының аумағына Кеден одағына кірмейтін елдерден әкелу және Қазақстан Республикасының аумағынан осы елдерге әкету лицензия негізінде негізінде жүзеге асырылады.

Кеден одағына мүше мемлекет елдерінен Қазақстан Республикасы аумағына әкелуі және Қазақстан Республикасы аумағынан осы елдерге қалдықтарды әкетуі қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның рұқсаты негізінде жүзеге асырылады.

Жеке пайдалануы үшін (коммерциялық мақсатта емес) жеке тұлғалардың қалдықтарды әкелуіне және әкетуіне тыйым салынады.

Көму және залалсыздандыру мақсатында қалдықтарды әкелуге тыйым салынады.»;

5) 295-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Қазақстан Республикасының аумағында қалдықтардың транзиті, қауіпті қалдықтарды трансшекаралық тасымалдауды және оларды жоюды бақылау туралы Базель конвенциясының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.

Қалдықтардың трансшекаралық тасымалдауы қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның қорытындысы негізінде жүзеге асырылады.»;

6) 313-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Қазақстан Республикасы аумағына Кеден одағына кірмейтін елдерден әкелу және Қазақстан Республикасы аумағынан осы елдерге озон қабатын бұзатын заттарды және құрамында бар өнімдерді, олардың транзитін қоспағанда қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган беретін лицензиялар негізінде жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасы аумағына Кеден одағына мүше мемлекеттер елдерінен әкелу және осы елдерге озон қабатын бұзатын заттарды және құрамында бар өнімдерді әкету қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган беретін рұқсат негізінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің белгіленген тәртібімен жүзеге асырылады.

Озон қабатын бұзатын заттарды тасымалдау жеке тұлғалармен өзге пайдалану үшін (коммерциялық емес мақсатында) тыйым салынады.»;

7) 314-бапта:

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Озонды бұзатын және құрамында олардың өнімдері бар заттардың әкелуі, әкетуі, озонды бұзатын заттарды пайдалана отырып жүргізілетін жұмыстар, құрамында озонды бұзатын заттар бар жабдықтарды жөндеу, монтаждау, оларға қызмет көрсету шаруашылық қызметтің экологиялық қауіпті түрлері болып табылады.»;

мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:

«1-1. Озонды бұзатын заттарды пайдалана отырып жүргізілетін жұмыстар, құрамында озонды бұзатын заттар бар жабдықтарды жөндеу, монтаждау, оларға қызмет көрсету Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіпте қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган беретін рұқсаттар негізінде жүзеге асырылады.»;

3-тармақтың 1 абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«3. Озонды бұзатын заттарды және (немесе) озонды бұзатын заттары бар өнімді әкелетін және әкететін, сонымен қатар құрамында озонды бұзатын заттар бар жабдықтармен жұмыс жүргізетін, жөндейтін, монтаждайтын, оларға қызмет көрсететін заңды тұлғалар және дара кәсіпкерлер:»;

3-тармақты мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:

«5) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға озонды бұзатын заттардың жылдық тұтыну туралы мәлімет жылсайын беру.»;

8) 315 бап мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Озонды бұзатын заттарды тұтынуды жүзеге асыратын заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртіппен есепке алуына жатады.

  1. Озонды бұзатын заттар есепке келесі қызмет түрлері жатады:

  1. озонды бұзатын заттарды өндіруі;

  2. озонды бұзатын заттарды әкелуі және әкетуі;

озонды бұзатын заттарды пайдалана отырып, жүргізілетін жұмыстар, құрамында озонды бұзатын заттар бар жабдықтарды жөндеу, монтаждау, оларға қызмет көрсетуі.»;

9) 316-баптың атауы мынадай редакцияда жазылсын:

«316-бап. Озонды бұзатын заттарды тұтынудың есебі мен мемлекеттік кадастры»;

2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Озонды бұзатын заттарды тұтынуды жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар озонды бұзатын заттарды әкелудің және әкетудің мемлекеттік кадастрын әзірлеу үшін:

озонды бұзатын заттардың әкелінген, әкетілген, өңдеген және пайдаланған туралы алушы ұйымдардың мекен жайы мен атауын және болжанылатын қолдану саласын көрсете отырып есеп жүргізеді;

әрбір салада қолданылған озон бұзатын заттардың әкелінгені, әкетілгені, өңделгені және пайдаланғаны туралы жыл сайын кейiнгi жылдың бірінші тоқсанынан кешiктiрмей, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органға Қазақстан Республикасы Үкіметімен белгіленген түрімен есеп береді.»;

10) 318 бап алып тасталсын.

2. 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 22-I, 22-II, 112-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16, 18-құжаттар; № 13-14, 63-құжат; № 15-16, 74-құжат; № 17, 82-құжат; № 18, 84-құжат; № 23, 100-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; № 7, 28, 29-құжаттар; № 11, 58-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112-құжат; № 22, 130, 132-құжаттар; № 24, 145, 146, 149-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 2, 21, 25-құжаттар; № 4, 37-құжат; № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 116-құжат; № 14, 117-құжат; 2011 жылғы 6 тамызда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне арнайы экономикалық аймақтар мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»):

1) 534 баптың 1-тармағында:

11-тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«11) азаматтық және қызметтік қаруды және оның оқтарын сақтауға немесе сақтау мен алып жүруге, тасымалдауға, сондай-ақ комиссиялық сатуға жіберуге рұқсат бергенi үшін;»;

мынадай мазмұндағы 11-1) тармақшамен толықтырылсын:

«11-1) қаруды және оның оқтарын Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге қорытынды бергені үшін;»;

  1. 540-баптың 5) тармақшаның;

3 абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«азаматтық, қызметтік қаруды және оның патрондарын әкелуге қорытынды бергені үшін - 200 пайыз;»;

4 абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«азаматтық, қызметтік қаруды және оның патрондарын әкетуге қорытынды бергені үшін - 200 пайыз;»;

10 абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«азаматтық қаруды және оның патрондарын әкелуге қорытынды бергені үшін - 50 пайыз;»;

11 абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«азаматтық қаруды және оның патрондарын әкетуге қорытынды бергені үшін – 50 пайыз;»;

3) 547-баптың 2-тармағының 10) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«10) қаруды және оның патрондарын сақтауға немесе сақтау мен алып жүруге, тасымалдауға рұқсат бергені үшін, Қазақстан Республикасы аумағынан әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге қорытынды бергені үшін, сондай-ақ қаруды және оның патрондарын комиссиялық сатуға жібергені үшін - тиiстi құжаттарды бергенге дейін;».

3. 2009 жылғы 18 қыркүйектегі «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2009 ж., № 20-21, 89-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 32-құжат; № 15, 71-құжат; № 24, 149, 152-құжаттар; 2011 ж., № 2, 3-құжаттар; № 2, 21-құжат № 12, 111-құжат; 2011 жылғы 30 шілдеде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне рұқсат беру жүйесін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы):

1) 5-баптың 2-тармағының мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын;

«2-1) адамның ағзаларын және (немесе) тіндерін, қан мен оның компоненттерін әкелуін және әкетуін лицензиялау;»;

2) 7-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 29-1) тармақшамен толықтырылсын:

«29-1) адамның ағзаларын және (немесе) тіндерін, қан мен оның компоненттерін әкелуін, әкетуін лицензиялау тәртіпте;»;

3) 13-бап мынадай редакцияда жазылсын:

«13-бап. Медициналық және фармацевтикалық қызметті, сонымен қатар адамның ағзаларын және (немесе) тіндерін, қан мен оның компоненттерін әкелуін, әкетуін лицензиялау.

Медициналық және фармацевтикалық қызмет Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен лицензиялауға жатады.

Адамның ағзаларын және (немесе) тіндерін, қан мен оның қомпоненттерін әкелу және (немесе) әкету, гемопоэтикалық өзекті торшаларды және сүйек миды туыс емес трансплаттау мақсатында ауысуын алып тастағанда, денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның лицензиясы негізінде жүзеге асырылады.

Гемопоэтикалық өзекті торшаларды және сүйек миды туыс емес транспланттау мақсатында ауысуы кезінде денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның қорытынды (рұқсат құжат) негізінде жүзеге асырылады.

Адамның ағзаларын және (немесе) тіндерін, қан мен оның компоненттерін әкелуі және (немесе) әкетуі жеке тұлғалармен рұқсат етілмейді.»;

  1. 80-бабтың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«3. Қазақстан Республикасының аумағына Қазақстан Республикасында тіркелмеген дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және медициналық техниканы:

1) егер олар:

мемлекеттік тіркеуге;

клиникалық зерттеулер және (немесе) сынақтар жүргізуге арналса;

дәрілік заттарды сараптау жасау;

сирек кездесетін және (немесе) аса ауыр ауруларды жеке-дара емдеуге;

медициналық көмекті нақты емдеушіге немесе медициналық көмекті шектеулі емдеушілердің сирек кездесетін және (немесе) аса ауыр патологиялармен кездесетін контингентіне көрсету;

гуманитарлық көмек (жәрдем) көрсету;

төтенше жағдайлар салдарларының алдын алуға және оларды жоюға;

одан әрі өткізу құқығынсыз көрмелер өткiзуге;

денсаулық сақтау ұйымдарын Қазақстан Республикасында тiркелген, баламасы жоқ бірегей медициналық техникамен жарақтандыруға.

2) мынадай:

жеке тұлғалармен жеке қолдану үшін;

дипломатиялық корпустың жұмысшыларымен немесе халықаралық ұйымдардың өкілдерімен;

көлік құралдарының жолаушыларды және экипаждың мүшелерін, поездің бригадалары мен көлік құралдарының жолаушыларды емдеу үшін;

халықаралық мәдени, спорт іс-шараларына қатысушыларды және халықаралық экспедицияларға қатысушыларды емдеу үшін.»;

5) 28-тараудың атауы мынадай редакцияда жазылсын:

«28-тарау. Адамның ағзаларын және (немесе) тіндерін, қан мен оның компоненттерін әкелу, әкету»;

6) 172-бап мынадай редакцияда жазылсын:

«172-бап. Адамның ағзаларын және (немесе) тіндерін, қан мен оның компоненттерін әкелу, әкету үшін негіздер.

  1. Қазақстан Республикасының аумағына адамның ағзаларын және (немесе) тіндерін, қан мен оның компоненттерін әкелу:

  1. мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарында және лицензияға сәйкес "трансплантология" мамандығы бойынша қызметін жүзеге асыратын, мемлекет қатысатын денсаулық сақтау ұйымдарында, сондай-ақ Денсаулық саласындағы ұлттық холдингте және оның еншілес ұйымдарында транспланттау қажет болған кезде;

  2. Қазақстан Республикасы аумағында медициналық көмек көрсету қажет болған кезде;

  3. Қазақстан Республикасының аумағында диагностикалық зерттеулер жүргізу қажет болған кезде;

  4. бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізу кезінде жүзеге асырылады.

  1. Қазақстан Республикасынан адамның ағзаларын және (немесе) тіндерін, қан мен оның компоненттерін әкету:

  1. Қазақстан Республикасының шегінен тыс жердегі оның азаматына медициналық көмек көрсету қажет болған кезде;

  2. Қазақстан Республикасының шегінен тыс жердегі Қазақстан Республикасы азаматтарының жақын туыстары мен жұбайына (зайыбына) медициналық көмек көрсету қажет болған кезде;

  3. Қазақстан Республикасының аумағында жүргiзiлмейтiн диагностикалық зерттеулер жүргізу қажет болған кезде;

  4. бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізу кезінде;

  5. Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда көзделген жағдайларда жүзеге асырылады.

  1. Осы баптың 1 мен 2 тармағынан басқа кездерде, қан мен оның компоненттер алмасу тәртіпте жүзеге асыралады. Тек қажет биологиялық сипаттар жоқ болған жағдайда осы алмасу жүзеге асырылады.»;

  1. 173 пен 174-баптар алынып тасталсын.

4. «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» 2010 жылғы
30 маусымдағы Қазақстан Республикасының Кодексі (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2010 ж., № 14, 70 б.; № 24, 145 б.; 2011 ж., № 1, 3 б.;

№ 11, 102 б.; «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне құқық қорғау қызметін жетілдіру және қылмыстық заңнаманы одан әрі ізгілендіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгiзу туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 9 қарашадағы Заңы, 2011 ж. 15 және 16 қарашадағы «Егемен Қазақстан» және 2011 ж. 15, 16 мен 19 қарашадағы «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған):

  1. 2-бапта:

1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Кеден саясаты саласындағы уәкiлеттi орган кеден одағының кеден заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес:

1) Қазақстан Республикасында кедендік саясатты қалыптастыру үшін ұсыныстар әзірлеуді жүзеге асырады;

2) осы Кодексте көзделген нормативтік-құқықтық актiлердi әзiрлейдi және бекiтедi;

3) осы Кодексте, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасының Президенті мен Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң актiлерiнде көзделген өзге де өкiлеттердi жүзеге асырады.»;

2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Кеден iсi саласындағы уәкiлеттi орган кеден одағының кеден заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес:

1) өз құзырет шегінде осы Кодексте көзделген нормативтiк-құқықтық актiлердi әзiрлейдi және бекiтедi;

2) кеден органдарына басшылықты жүзеге асырады;

3) өзiнiң құрамына кiретiн ведомствоның өкiлеттiгiн айқындайды;

4) ақпараттық жүйелерді, байланыс жүйелерін және деректер беру, кедендік бақылау техникалық құралдарының, сондай-ақ ақпараттық қорғау құралдарының жүйелерін әзiрлейдi және құрады;

5) кеден iсi саласындағы қызметті жүзеге асыруға арналған тiзiмге енгізу туралы шешiм қабылдайды;

6) кедендік әкiмшiлiк жүргiзудi жүзеге асырады;

7) тауарлар мен көлiк құралдарының кеден одағының кедендiк шекарасы арқылы өтуiне кедендiк бақылауды жүзеге асырады;

8) сыртқы экономикалық және кеден iсi саласындағы өзге де қызметке қатысушыларды уақтылы ақпараттандыруды, оның iшiнде кеден одағының және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамаларына өзгерiстер мен толықтырулар туралы ақпараттандыруды тұрақты негiзде қамтамасыз етедi;

9) кедендiк статистиканы жүргiзедi;

10) осы Кодексте, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасының Президентi мен Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң актiлерiнде көзделген өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.»;

2) 4-баптың 1-тармағын мынадай мазмұндағы 16-1) тармақшасымен толықтырылсын:

«16-1) Кеден саясаты саласындағы уәкілетті орган – орталық атқарушы орган, кеден саясатын қалыптастыру бойынша ұсыныстарды әзірлеуді жүзеге асырады;»;

5. «Қазақстан Республикасының Iшкi iстер органдары туралы»
1995 жылғы 21 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 23, 154-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы 1997 ж., № 7, 79-құжат; № 12, 184-құжат; 1998 ж., № 17-18, 225-құжат; № 23, 416-құжат; № 24, 436-құжат; 1999 ж., № 8, 233, 247-құжаттар; № 23, 920-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; 2001 ж., № 13-14, 174-құжат; № 17-18, 245-құжат; № 20, 257-құжат; № 23, 309-құжат; 2002 ж., № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 12, 82-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; № 24, 154, 155-құжаттар; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 3, 20-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; 2008 ж., № 15-16, 61-құжат; 2009 ж., № 8, 44-құжат; № 18, 84-құжат; № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28, 32-құжаттар; № 8, 41-құжат; № 24, 149-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 2, 25-құжат; шілде, № 12 (2589), 111-құжат; 2011 жылғы 30 шілдеде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне рұқсат беру жүйесін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы):

11-баптың 1-тармағының 33) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«33) Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын тәртіпте:

қорытынды:

заңды тұлғаларға:

азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының криминалистикалық талаптарға сәйкестігіне;

азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын әкелуге, әкетуге;

жеке тұлғаларға азаматтық қару мен оның патрондарын әкелуге, әкетуге;

рұқсат:

жеке тұлғаларға азаматтық қару мен оның патрондарын сатып алуға, сақтап қоюға, сақтауға және алып жүруге;

заңды тұлғаларға:

жарылғыш заттарды сатып алуға, сақтауға, тасымалдауға;

азаматтық пиротехникалық заттарды және оларды пайдалану арқылы жасалған бұйымдарды сақтауға, тасымалдауға;

азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын сақтауға, тасымалдауға;

есiрткi құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымы саласында объектiлер мен үй-жайларды пайдалануға;

атыс тирлерi мен штемпель-граверлiк кәсiпорындардың стендтерiн ашуға және жұмыс iстеуiне рұқсат береді.».

6. «Есірткі, психотроптық заттар, прекурсорлар және олардың заңсыз айналымы мен теріс пайдаланылуына қарсы іс-қимыл шаралары туралы»
1998 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., № 17-18, 221-құжат; 2000 ж., № 6, 141-құжат; 2002 ж., № 10, 106-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 5-6, 30-құжат; № 24, 148-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11 (2588), 102-құжат; «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне уәкілетті мемлекеттік органдар мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің тексерілетін субъектілерге қойылатын талаптарды белгілейтін нормативтік құқықтық актілерді қабылдау құзыреттерін қайта қарау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 13 шілдедегі Заңы):

1) Аталған заңның атауы мынадай редакцияда жазылсын:

«Есiрткi, психотроптық заттар, оларға ұқсас заттар, прекурсорлар және олардың заңсыз айналымы мен теріс пайдаланылуына қарсы iс-қимыл шаралары туралы»;

2) барлық мәтін бойынша «Есірткі, психотропты заттар» және «есірткі құралдарының, психотроптық заттар» деген сөздерден кейін «оларға ұқсас зат» және «оларға ұқсас заттар» деген сөздермен тиісті септіктерде толықтырылсын;

3) 2-бап мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:

«5. Есірткі құралдарының, психотроптық заттар ұқсас есірткі құралдары мен психотроптық заттардың өздері сияқты бақылау шараларына жатады. Ұқсас заттардың мөлшерлерін айқындау кезінде ұқсас болып табылатын есірткі құралдары мен психотроптық заттардың мөлшерлері қолданылады.»;

4) 7-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Тiзiмге енгiзiлген есiрткi, психотроптық заттар, оларға ұқсас заттар мен прекурсорлар айналымы саласында объектiлер мен үй-жайларды пайдалануға рұқсатты, қойма қорларының ұрлануын немесе басқадай жоғалуын болдырмау мақсатында қауiпсiздiк шаралары қамтамасыз етiлген жағдайда, есiрткi, психотроптық заттар, оларға ұқсас заттар мен прекурсорлардың айналымы саласындағы уәкiлеттi орган береді.»;

5) 12-бапта:

2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Есiрткi, психотроптық заттар, оларға ұқсас заттар мен прекурсорларды Қазақстан Республикасының аумағына әкелу және әкету есiрткi, психотроптық заттар, оларға ұқсас заттар мен прекурсорлардың айналымы саласындағы уәкiлеттi органмен берiлетiн лицензия негізінде жүзеге асырылады.»;

мынадай мазмұндағы 4 абзацпен толықтырылсын:

«Қазақстан Республикасы аумағына Кеден одағына мүше мемлекеттер елдерінен және Қазақстан Республикасы аумағынан осы елдерге есiрткi, психотроптық заттар, оларға ұқсас заттар мен прекурсорларды әкелу және әкету есiрткi, психотроптық заттар, оларға ұқсас заттар мен прекурсорлардың айналымы саласындағы уәкiлеттi органмен берiлетiн рұқсат негізінде жүзеге асырылады.»

6) 13-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«4. Жеке тұлғалар растайтын құжаттары бар болған жағдайда медициналық көрсетулері бойынша дербес пайдалануы үшін құрамында есiрткi, психотроптық заттар, оларға ұқсас заттар бар дәрi-дәрмектердi Қазақстан Республикасының аумағына әкелуді және оның аумағынан әкетуді жүзеге асыра алады. Растайтын құжаттың нысанын есiрткi, психотроптық заттар, оларға ұқсас заттар мен прекурсорлар айналымы саласындағы уәкiлеттi органның келiсімі бойынша денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік орган белгiлейдi.»;

7) 22-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Қазақстан Республикасының аумағында есiрткiлiк дәрiлiк заттар дайындау мақсатында апиын көкнәрiн, кокаин бұтасы мен каннабис (сора), құрамында маскалин бар кат, пейот, кактус, көріпкел сәлбен (Salvia divinorum түріндегі өсімдіктер), гавай раушаны (Argyrea nervosa түріндегі өсімдіктер), көгілдір лотос (Nymphea caerulea түріндегі өсімдіктер) өсiруге және жинауға осы Заңның 18-бабында көзделгеннен басқа жағдайларда тыйым салынады.».

7. «Жекелеген қару түрлерінің айналымына мемлекеттік бақылау жасау туралы» 1998 жылғы 30 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., № 24, 448-құжат; 2002 ж., № 4, 34-құжат; 2004 ж., № 23, 140, 142-құжаттар; 2006 ж., № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 19, 150-құжат; № 20, 152-құжат; 2010 ж., № 8,
41-құжат; № 24, 149-құжат; 2011 ж., № 1, 7-құжат, № 12, 111-құжат,
2011 жылғы 30 шілдеде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне рұқсат беру жүйесін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы):

1) 7-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Қазақстан Республикасының аумағында азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондары ретіндегі айналымға тыйым салынады, олар:

1) сыйымдылығы 10 патроннан асатын оқжатары (барабаны) бар, ұңғысының немесе ұңғылы қорапшасымен қоса ұңғысының ұзындығы 500 миллиметрге жетпейтін және қарудың жалпы ұзындығы 800 милиметрге жетпейтін, сондай-ақ конструкциясы оның ұзындығын 800 миллиметрге жетпейтін етіп жасауға мүмкіндік беретін және сонымен бірге бұл ретте ату мүмкіндігі жойылмайтын ұзын ұңғылы атыс қаруы;

2) оқты түйдектете атуға мүмкіндік беретін азаматтық атыс қаруы;

3) түрі басқа заттарға ұқсайтын атыс қаруы;

4) ұңғыма ұзындығының 40 %-дан артық емес ойықты бөлігіне ие болатын «парадокс жүйелі» қарудан басқа ойықты ұңғымамен оқ ату қаруына патрондарға дайындалған оқ ататын тегіс ұңғымалы қару

5) кистендер, кастеттер, сурикендер, бумерангтар және басқа да арнайы арналған қарулар, соққы-уату, ату, сұғу-кесу әсері бар, Кеден одағына мүше-мемлекет заңнамасына сәйкес, спортты снарядтардан басқа

6) Жүзі және алмасы автоматты түрде батырма немесе иінтірекке басқан кезде саптан автоматты түрде шығатын және олармен бекітілетін немесе ауырлық күші есебінен немесе жылдам қозғалудан жылжып шығатын және алмасының 90мм-ден артық ұзындығы жағдайда автоматты түрде бекитін суық жүзді қару және пышақтар

7) Кеден одағына мүше-мемлекеттердің заңнамасына сәйкес қаптама тесетін, тұтандыратын, жаратын немесе трассирлейтін әрекетті, ауырлық ортасы ауысқан оқты патрондар, сондай-ақ газды тапаншалар мен алтыатарларға арналған бытыралы снарядты патрондар

8) Зақымдау әсері радиобелсенді сәулелену мен биологиялық әсер етуді пайдалануға негізделген қару мен басқа да заттар

9) жүйке тамырын салға айналдыру, улағышпен, сондай-ақ денсаулық сақтау саласында уәкілетті органмен қолдануға тыйым салынған басқа заттармен жарақталған газды қару, сондай-ақ бір метрден астам қашықтықтан адам өміріне қауіпсіз, бірақ жиырма бір күннен артық мерзімге денсаулығына ұзақ зақым тигізетін немесе 10 және олан артық пайызға еңбек қабілетін тұрақты жоғалтуға әкелетін газды қару

10) қылмыстық талаптарға сәйкеспейтiн техникалық сипаттамаларға ие қару мен оның патрондары;

11) азаматтық және қызметтiк қару мен оларға патрондар айналымы саласында техникалық регламенттерде белгiленген қауiпсiздiк талаптарына сәйкеспейтiн қару және оның патрондары.

12) зақымдаушы әсері Кеден одағы мүше-мемлекеттердің заңнамасына сәйкес электромагниттік, сәулелік, жылу, инфрадыбыстық немесе ультрадыбыстық сәулеленуді пайдалануға негізделген қару және басқа заттар

13) өзін-өзі қорғаудың оқ ататын ұңғымасыз қаруы, электр шокқа түсіру құрылғылары мен Кеден одағы мүше-мемлекеттердің заңнамасына сәйкес мемлекеттік стандарттармен белгіленген шамалардан асатын шығыс параметрлеріне ие ұшқынды от разрядтаушылар

14) оны металл іздегіштермен байқауға мүмкіндік бермейтін материалдардан дайындалған қару.»;

2) 15-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«5. Қаруды және оның патрондарын сақтауға немесе сақтау мен алып жүруге, тасымалдауға рұқсат беруге, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағына әкелу және Қазақстан Республикасынан әкетуге қорытынды беруге Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес мемлекеттік баж алынады.»;

3) 25-баптың 2 және 3-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Азаматтық және қызметтiк қару мен оның патрондарын Қазақстан Республикасының аумағына әкелу және Қазақстан Республикасынан әкету, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттеу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қару айналымын бақылау саласындағы уәкiлеттi орган қорытындыларының негізінде жүзеге асырылады.

3. Азаматтық және қызметтiк қарудың жеке даналарын Қазақстан Республикасының аумағына әкелу және Қазақстан Республикасынан әкету, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттеу осы Заңның талаптарын ескере отырып, iшкi iстер органдары қорытындыларының негізінде жүргізіледі.»;

4) 26-баптың 4 және 5 тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:

«4. Шетелдiктер азаматтық қару мен оның патрондарын Қазақстан Республикасының аумағына аңшылыққа келiсiмшарты немесе спорттық іс-шараларға қатысуға шақырылған кезде және қару айналымын бақылау саласындағы уәкiлеттi органның тиiстi қорытындысы негізінде әкеле алады. Әкелiнген қару келiсiмшартта немесе шақыруда белгiленген мерзiмде Қазақстан Республикасынан әкетiлуі тиiс.

5. Қазақстан Республикасына шақыру бойынша немесе өздерiнiң қызметтiк тапсырмаларын орындауға байланысты келетiн шетелдiк құқық қорғау органдарының, арнаулы қызметтер мен әскерилендiрiлген ұйымдар қызметкерлерiнiң жауынгерлiк қол атыс қаруы мен оның патрондарын Қазақстан Республикасының аумағына әкелуi және Қазақстан Республикасынан әкетуi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттеу Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейтiн тәртiппен тиiстi органдар басшыларының қорытындылары бойынша жүзеге асырылады.»;

5) 26-баптың 8 тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«8. Қару мен оның патрондарын Қазақстан Республикасына әкелуге және Қазақстан Республикасынан әкетуге қорытынды беру үшiн Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес мемлекеттiк баж алынады.»;

6) 29-баптың 1-тармағының 4-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«4) ұйымдарға - азаматтық және қызметтiк қаруды, ал шетелдiктерге азаматтық қаруды Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасынан әкетуге, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттеуге қорытынды бередi;».

8. «Байланыс туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 5 шілдедегі Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004ж., № 14., 81-құжат; 2006ж., № 3, 22-құжат; № 15, 95- құжат; № 24, 148- құжат; 2007ж., № 2, 18- құжат; № 3, 20- құжат; № 19, 148- құжат; 2008ж., № 20, 89- құжат № 24, 129- құжат; 2009 ж., № 15-16, 74- құжат, № 18, 84- құжат,
№ 24, 121-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 24, 146, 150-құжаттар; 2011 ж.,
№ 1, 2-құжат; № 12, 111-құжат; 2011 жылғы 30 шілдеде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне рұқсат беру жүйесін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы):

1) 2-бап мынадай мазмұндағы 56) тармақшамен толықтырылсын:

«56) Радиоэлектронды заттар мен жоғары жиілікті құралдардың электромагниттік үйлесімділігі - техникалық құралдардың электромагниттік жағдайда берілген сапада, бұл ретте, басқа телекоммуникациялық құралдарға электромагниттік кедергі жасамай жұмыс істеу қабілеті.»;

2) 7-бап мынадай мазмұндағы 16) тармақшамен толықтырылсын:

«16) азаматтық мақсаттағы оның ішінде, басқа құралдардың құрамына құрылған не енгізілген радиоэлектронды құралдар және жоғары жиілікті құрылғыларды әкелу тәртібін бекіту.»;

3) 8-баптың 1-тармағында:

12) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«12) байланыс саласындағы уәкілетті органның азаматтық мақсаттағы, оның ішінде басқа тауарларға орнатылған немесе олардың құрамына кіретін рұқсат етiлген радиоэлектрондық құралдар мен (немесе) жоғары жиiлiктi құрылғыларды әзірлеуі;»;

мынадай мазмұндағы «19-6) тармақшамен толықтырылсын:

«19-6) азаматтық мақсаттағы, оның ішінде енгізілген не болмаса басқа тауарлардың құрамына кіретін радиоэлектронды құралдарды және (немесе) жоғары жиілікті құрылғыларды әкелуге қорытындылар беру.»;

4) 8 баптың 2-тармағының 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«6) радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиiлiктi құрылғыларды оларды пайдалану құқығына рұқсат болмаған және (немесе) техникалық сипаттамалары белгiленген нормаларға сәйкес келмеген жағдайда өшiру;»;

5) 9-баптың 2-тармағының 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«3) радиоәуесқойлық қызметтерінің радиоэлектрондық құралдары мен жоғары жиiлiктi құрылғыларын, сондай-ақ басқа тауарларға орнатылған немесе олардың құрамына кіретін азаматтық мақсаттағы радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиiлiктi құрылғыларды әкелуге арналған қорытындыларды қоса алғанда радиожиілікті спектрді қолдануға, Қазақстан Республикасы аумағында азаматтық мақсаттағы радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиiлiктi құрылғыларды пайдалануға рұқсаттар беру;»;

6) 11-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Радиожиілік спектрін және байланыс жерсеріктерінің орбиталық позицияларын пайдалануды реттеу мемлекеттің ерекше құзыретінде болады.

Радиожиілік спектрін пайдалануды реттеуді радиожиілікті органдар жүзеге асырады және ол жиiлiктер белдеуiн, радиожиiлiктi (радиожиiлiк арнасын) иелiкке беру (тағайындау) рәсімінің бөлінбейтін бөлігі болып табылатын радиожиілік спектрін тиімді пайдалануға және радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғылардың электромагниттік үйлесімділігін қамтамасыз етуге бағытталған құқықтық, экономикалық, ұйымдастырушылық және техникалық шаралар кешенін білдіреді.

Қазақстан Республикасында электромагниттік жағдайды көрсететін республикалық радиожиілік спектрінің деректер қорын жүргізуді Қазақстан Республикасының радиожиілік органдары іске асырады.

Радиожиілік спектрі байланыс саласындағы ұлттық ресурс болып табылады.»;

9. «Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы»

Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңы (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 18, 170 б.; 2006 ж., № 3, 22б.; 2007 ж., № 1, 4 б.; 2008 ж., № 18, 84 б.; 2010 ж., № 1-2, 5 б.; № 5, 23 б.; 2011 ж., № 1, 2,7 б.; № 11, 102 б.; № 12, 111 б.; 2011 жылғы 3 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экологиялық мәселелер бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, 2011 ж. 8 желтоқсандағы «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған):

9-баптың 15) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«15) жануарлардан немесе өсімдіктерден алынған тауарларды, жабайы жануарлар немесе жабайы өсетін өсімдіктерді, сонымен қатар сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген санаттарға жатқызылған түрлерiн, олардың бөлiктерi мен (немесе) дериваттарын әкетуге лицензия беруді келіседі;»;

10. «Лицензиялау туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы
11 қаңтардағы Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 2, 10- құжат № 20, 152- құжат; 2008 ж., № 20, 89- құжат; № 23, 114- құжат; № 24, 128, 129- құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 16, 18- құжаттар; № 9-10, 47- құжат; № 13-14, 62, 63- құжаттар; № 17, 79, 81, 82- құжаттар; № 18, 84, 85- құжаттар; № 23, 100-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 1-2, 4-құжат; № 7, 28-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 111, 112-құжаттар; № 24, 146, 149-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 2, 21, 26-құжаттар; № 11, 102-құжат; 2011 жылғы
30 шілдеде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне рұқсат беру жүйесін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы):

1) 11-баптың 8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«8) жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізуге арналған арнайы техникалық құралдар;»;

  1. 43-баптың 1 тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны отыз жұмыс күнінен кешіктірмей беретін атом энергиясын пайдалану саласындағы, қаржы саласындағы және қаржы ресурстарын шоғырландырумен байланысты қызметтегі лицензиарларды қоспағанда, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны лицензиар осы Заңда белгіленген тиісті құжаттармен қоса өтініш берілген күннен бастап он бес жұмыс күнінен кешіктірмей береді.»

2-бап. Осы Заң оның алғаш ресми жарияланғанынан кейін отыз күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.


Қазақстан Республикасының

Президенті


Похожие:

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Кеден одағындағы тарифтік емес реттеу шараларын қолдану мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы icon«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметін ұйымдастыру, қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»
Бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Кеден одағындағы тарифтік емес реттеу шараларын қолдану мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы iconҚазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қаржы-экономикалық қылмыстарды одан әрі декриминализациялау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Кеден одағындағы тарифтік емес реттеу шараларын қолдану мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы iconҚазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сақтандыру және исламдық қаржыландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Кеден одағындағы тарифтік емес реттеу шараларын қолдану мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы iconҚазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне адам саудасына қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Кеден одағындағы тарифтік емес реттеу шараларын қолдану мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы iconҚазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ақпараттандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ақпараттандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»...
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Кеден одағындағы тарифтік емес реттеу шараларын қолдану мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы iconҚазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жеке тұлғалардың табыстары мен мүлкін декларациялау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Кеден одағындағы тарифтік емес реттеу шараларын қолдану мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы iconҚазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне еңбек көші-қоны мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Бап. Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Кеден одағындағы тарифтік емес реттеу шараларын қолдану мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы iconҚазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік сатып алу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Бап. Қазақстан Республикасының мынадай заңнамалық актілеріне толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Кеден одағындағы тарифтік емес реттеу шараларын қолдану мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы iconҚазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Кеден одағындағы тарифтік емес реттеу шараларын қолдану мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы icon«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне рұқсат беру құжаттарын қысқарту және мемлекеттік органдардың бақылау-қадағалау функцияларын оңтайландыру мәселелері бойынша толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы»
Бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница