1. Жалпы ережелер




Название1. Жалпы ережелер
Дата конвертации12.02.2016
Размер44.6 Kb.
ТипДокументы
источникhttp://www.internews.kz/files/ утверждении Правил оповещения населения_KAZ.doc
Адамдардың өмiрiне, денсаулығына төнген қауiп-қатер және табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар кезiнде қалыптасқан жағдайдағы iс-қимылдар тәртiбi туралы халықты хабардар ету, сондай-ақ қорғаныс, ұлттық қауiпсiздiк және құқықтық тәртiптi қорғау мүдделерiнде телерадио хабарларын тарату желiлерiн пайдалану қағидаларын бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 тамыздағы № 1112 Қаулысы

«Телерадио хабарларын тарату туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 18 қаңтардағы Заңы 6-бабының 10) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Адамдардың өмiрiне, денсаулығына төнген қауiп-қатер және табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар кезiнде қалыптасқан жағдайдағы iс-қимылдар тәртiбi туралы халықты хабардар ету, сондай-ақ қорғаныс, ұлттық қауiпсiздiк және құқықтық тәртiптi қорғау мүдделерiнде телерадио хабарларын тарату желiлерiн пайдалану қағидалары бекітілсін.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2012 жылғы 31 тамыздағы
№ 1112 қаулысымен  
бекітілген      

Адамдардың өмiрiне, денсаулығына төнген қауiп-қатер және табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар кезiнде қалыптасқан жағдайдағы iс-қимылдар тәртiбi туралы халықты хабардар ету, сондай-ақ қорғаныс, ұлттық қауiпсiздiк және құқықтық тәртiптi қорғау мүдделерiнде телерадио хабарларын тарату желiлерiн пайдалану қағидалары

1. Жалпы ережелер


      1. Осы Адамдардың өмiрiне, денсаулығына төнген қауiп-қатер және табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар кезiнде қалыптасқан жағдайдағы iс-қимылдар тәртiбi туралы халықты хабардар ету, сондай-ақ қорғаныс, ұлттық қауiпсiздiк және құқықтық тәртiптi қорғау мүдделерiнде телерадио хабарларын тарату желiлерiн пайдалану қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде халықты хабардар ету іс-шараларын жүзеге асыру кезінде, сондай-ақ қорғаныс, ұлттық қауіпсіздік және құқықтық тәртіпті қорғау мүдделерінде телерадио хабарларын тарату желілерін пайдалану тәртібін айқындайды.
      2. Халықты хабардар ету адамдардың денсаулығы мен өмірін сақтауға, шаруашылық объектілері мен қоршаған ортаны қорғауға, қоғамдық тәртіпті қолдауға қажетті жүріс-тұрыс қағидалары, іс-қимылдар мен шаралар тәртібі туралы ақпараттандыру мақсатында жүзеге асырылады.
      3. Халықты хабардар ету үшін телерадио хабарларын тарату желілерін пайдалану ағымдағы теле-, радиобағдарламаларын таратуды тоқтатып, телерадио хабарларын таратудың барлық желілері мен арналары арқылы бейне, мәтіндік және дыбыстық хабарламаларды беру арқылы жүзеге асырылады.
      4. Халықты хабардар ету үшін телерадио хабарларын тарату желілерін пайдалануға: Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі өкілетті.
      5. Қағидалар меншік нысанына қарамастан, Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын, барлық теле-, радиокомпаниялар мен телерадио хабарларын тарату операторлары үшін міндетті болып табылады.

2. Халықты хабардар ету үшін телерадио хабарларын тарату желілерін пайдалану тәртібі


      6. Осы Қағидалардың 4-тармағында көзделген мемлекеттік органдар қорғаныс, ұлттық қауіпсіздік және құқықтық тәртіп мүдделеріне қауіп төндіретін төтенше жағдайлардың туындау қаупі туралы бейне, мәтіндік және дыбыстық хабарламалар үлгілерінен тұратын ақпарат тасымалдағыштарды және техникалық құралдарды телерадио хабарларын тарату операторларына және теле-, радио компанияларына ұсынады. Ақпарат тасымалдағыштардың мазмұны төтенше жағдайлар, ұлттық, қоғамдық және әскери қауіпсіздік саласындағы нормативтік құқықтық актілерге тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізілген жағдайда жаңартылады.
      7. Телерадио хабарларын тарату операторлары мен осы Қағидалардың 4-тармағында көзделген мемлекеттік органдардың өзара әрекеттесу тәртібі телерадио хабарларын тарату операторы мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп әзiрлейтін және бекiтетін, тиісті регламенттерде анықталады.
      8. Мүдделі мемлекеттік органдардың жедел кезекшілерінен хабар алғаннан кейін телерадио хабарларын тарату операторлары және теле-, радиокомпаниялар жедел түрде теле-, радиобағдарламалардың таралуын тоқтатуды жүзеге асырады және ақпарат тасымалдағышпен тиісті ақпаратты халыққа таратуды қамтамасыз етеді.
      9. Кейінге қалдыру мүмкін емес айрықша жағдайларда төтенше жағдайлар қаупі мен туындауы, сондай-ақ қорғаныс, ұлттық қауіпсіздік және құқықтық тәртіпті қорғау мүдделеріне қауіп төндіретін жағдайлар туралы халықты жедел ақпараттандыру үшін ведомстволық техникалық теле-, радиобағдарламаларын таратуды тоқтату құралдарымен жабдықталған Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі жедел кезекшісінің жұмыс орнынан, кейіннен тиісті телерадио хабарларын тарату операторы мен теле-, радиокомпанияларға ауызша (таратуды тоқтатқан сәттен бастап 10 минуттан кешіктірмей) және 5 жұмыс күннің ішінде жазбаша мәлімдей отырып, тікелей тоқтатылады.
      Ағымдық телерадио хабарларын таратуды тоқтатудың бір реттік ұзақтығы бір сағат iшiнде екi-үш рет қайталануы кезінде 5 минуттан аспайды.
      10. Теледидар және радио бағдарламаларын таратуды тоқтату кезінде тікелей эфирде дыбыстық хабарламаларды беруді осы Қағидалардың 4-тармағында белгіленген мемлекеттік органдардың жедел кезекшілері не телерадио хабарларын тарату операторлары мен теле-, радиокомпаниялар дикторлары жүзеге асырады.
      11. Осы Қағидалардың 4-тармағында көзделген мемлекеттік органдар телерадио хабарларын тарату операторларымен және теле-, радиокомпаниялармен бірлесіп, тоқсанына кемінде 1 рет техникалық құралдардың теледидар және радио хабарларын таратуды тоқтатуға әзірлігін тексеруді мерзімді жүзеге асырады.

Похожие:

1. Жалпы ережелер iconҚазақстан Республикасы жалпы білім беретін мектептерінің қызметін ұйымдастыру тәртібі туралы Ережелер
Осы Ережелер меншік нысандары мен салалық бағыныстылығына қарамастан, барлық түрдегі жалпы білім беретін мектептері қызметінің тәртібін...
1. Жалпы ережелер icon1. жалпы ережелер
Нақты Ереже «ххі ғасырдың көшбасшысы» ойынының форматында «Эрудит-2012» интеллектуалды олимпиадасын ұйымдастыру мен өткізудің жалпы...
1. Жалпы ережелер iconДиректорлар кеңесінің шешімімен
Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер iconV дипломдық жұмысты (жобаны) қорғау тәртібі
Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер iconҚазақстан республикасының кеден кодексі
Жалпы бөлім (1 32 баптар) 1-Бөлім. Жалпы ережелер (1 15 баптар)
1. Жалпы ережелер icon1-БӨлім. Мемлекеттік мүлік туралы негізгі ережелер 1-тарау. Мемлекеттік мүлікті басқару туралы жалпы ережелер
Жарияланған: "Егемен Қазақстан" 2011 жылғы 10 наурыздағы №72-75 (26477); 2011 жылғы 11 наурыздағы №76-80 (26482); "Казахстанская...
1. Жалпы ережелер icon«самұРЫҚ-энерго» акционерлік қОҒамының ішкі аудитін ұйымдастыру бойынша саясат мазмұНЫ
Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер icon1. Жалпы ережелер 2
Университетінің Оқу-әдістемелік кеңесінің отырысында басып шығаруға мақұлданған және ұсынылған
1. Жалпы ережелер icon1. Жалпы ережелер 2
Университетінің Оқу-әдістемелік кеңесінің отырысында басып шығаруға мақұлданған және ұсынылған
1. Жалпы ережелер icon1. Жалпы ережелер
Жобаларды республикалық және өңірлік индустрияландыру карталарына енгізу қағидаларын бекіту туралы
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница