Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының регламенті




НазваниеОңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының регламенті
страница5/5
Дата конвертации12.02.2016
Размер0.74 Mb.
ТипРегламент
источникhttp://www.maslihat_uko.shym.kz/doc/regkaz.doc
1   2   3   4   5

20-бөлім. Облыстық мәслихаттың хатшысы

162. Облыстық мәслихаттың хатшысы тұрақты негізде жұмыс істейтін лауазымды адам болып табылады. Оны мәслихаттың сессиясында облыстық мәслихаттың өкілеттігі мерзіміне депутаттар арасынан ашық немесе жасырын дауыс беру арқылы мәслихат сайлайды және қызметтен босатады.

Облыстық мәслихаттың хатшысы лауазымына кандидатураларды облыстық мәслихаттың сессиясында депутаттар ұсынады.

Өзіне-өзі қарсы шыққан адамнан басқа, барлық ұсынылған кандидатуралар өздерінің ұсынылу тәртібімен дауысқа салынады. Өзіне-өзі қарсы шыққан адамның ұсынысы дауыс берілмей қабылданады.

Дауыстарды санау осы регламентке сәйкес сессияда сайланған санақ тобы жүзеге асырады.

Кандидат, егер ол дауыс берудің нәтижесінде депутаттар жалпы санының көпшілік даусына ие болса, сайланды деп есептеледі.

Егер облыстық мәслихаттың хатшысы лауазымына екеуден астам кандидатуралар ұсынылып, олардың бірде-бірі талап етілетін дауыс санын аламаса, ең көп дауысқа ие болған екі кандидатура бойынша дауыс берудің екінші туры өткізіледі. Бұл ретте облыстық мәслихаттың әрбір депутаты тек қана бір кандидатура үшін дауыс беруі мүмкін.

Егер дауыс берудің екінші турында екі кандидатураның бірде-бірі депутаттар жалпы санының көпшілік даусын аламаса, облыстық мәслихаттың хатшысын сайлауға кандидатуралар ұсыну қайталанады. Бұл орайда бұрын ұсынылған кандидатураларды қайтадан ұсынуға болады.

Облыстық мәслихаттың хатшысының сайлануы сессияның шешімімен хатталады.

163.Облыстық мәслихаттың хатшысы депутаттар жалпы санының көпшілік ашық немесе жасырын дауыс бергенде мерзімінен бұрын лауазымынан босатылуы мүмкін.

Облыстық мәслихаттың хатшысын лауазымынан мерзімінен бұрын босату туралы мәселе облыстық мәслихат депутаттарының жалпы санының кемінде бестен бір бөлігінің бастамасы бойынша облыстық мәслихаттың сессиясында қаралады.

Облыстық мәслихаттың хатшысы өз өкілеттігін тоқтату туралы ерікті түрде өз арызы бойынша жүзеге асырылады.

164.Хатшының өкілеттігі қолданыстағы заңнамалармен, осы регламентпен, сондай-ақ облыстық мәслихаттың шешімімен белгіленеді.

Облыстық мәслихаттың хатшысы:

1) мәслихат сессиясын және оның қарауына енгізілетін мәселелерді әзірлеуді ұйымдастырады, хаттама жасалуын қамтамасыз етеді және сессия төрағасымен бірге мәслихат сессиясында қабылданған немесе бекітілген шешімдерге, өзге де құжаттарға қол қояды;

2) мәслихат депутаттарының өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына жәрдемдеседі, оларды қажетті ақпаратпен қамтамасыз етеді, депутаттарды мәслихат сессияларына, оның тұрақты комиссияларының және өзге де органдарының жұмысына және сайлау округтеріндегі жұмысқа қатысуы үшін қызметтік міндеттерін орындаудан босатуға байланысты мәселелерді қарайды;

3) депутаттар сауалдарының және депутаттық өтініштердің қаралуын бақылайды;

4) сайлаушылар өтініштері туралы және олар бойынша қабылданған шаралар туралы мәслихатқа ұдайы ақпарат беріп отырады;

5) мәслихаттың жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен өзара іс-қимылын ұйымдастырады;

6) өз құзыретіндегі мәселелер бойынша өкімдер шығарады;

7) мәслихаттың тұрақты комиссиялары мен өзге де органдарының және депутаттық топтардың қызметін үйлестіреді;

8) мемлекеттік органдармен, ұйымдармен, жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен және қоғамдық бірлестіктермен қарым-қатынастарды мәслихат атынан өкіл болады;

9) мәслихат шешімдерінің жариялануын қамтамасыз етеді, олардың орындалуына бақылау жасау жөніндегі іс-шараларды белгілейді;

10) мәслихаттың шешімі бойынша өзге де міндеттерді орындайды.


7-ТАРАУ. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР


165. Облыстық мәслихаттың өзін-өзі тарату туралы мәселе депутаттардың жалпы санының көпшілік даусымен сессияның күн тәртібіне енгізілуі мүмкін. Өзін-өзі тарату туралы ұсынысты облыстық мәслихат тек қана депутаттардың жалпы санының жартысынан кем болмағанда ғана енгізуі мүмкін. Осы ұсынысты алдын ала облыстық мәслихаттың әрбір тұрақты комиссиясында қаралады. Облыстық мәслихаттың өзін-өзі тарату туралы шешімі жасырын дауыспен облыстық мәслихат депутаттары жалпы санының кемінде үштен екісі дауыс бергенде қабылданады.

166. Облыстық мәслихаттың және оның аппаратының қызметін қамтамасыз етуге жұмсалған шығындар облыстық мәслихаттың шешімімен бекітіледі.

167. Облыстық мәслихаттың қызметін қамтамасыз етуді облыстық мәслихаттың аппараты жүзеге асырады, оған мәслихат пен оның органдарын ұйымдастырушылық, құқықтық, әдістемелік, анықтамалық-ақпараттық, кеңестік, материалдық-техникалық және өзге де қамтамасыз етуді атқарады, депутаттарға өздерінің өкілеттігін жүзеге асыруға көмек көрсетеді.

Облыстық мәслихаттың аппараты облыстық мәслихаттың шешімімен құрылатың мемлекеттік мекеме, облыстық бюджеттің есебінен ұсталатын және жарғы негізінде қызмет ететін.

Аппараттың құрылымын және оны ұстауға әрі материалдық-техникалық қамтамасыз етуге жұмсалатын шығындарды облыстық мәслихат бекітеді.

Аппараттың қызметіне облыстық мәслихаттың хатшысы басшылық етеді, оның қызметкерлерін тағайындайды және босатады, олардың лауазымдық нұсқауларын бекітеді.

Облыстық мәслихаттың хатшысы облыстық мәслихат бекіткен аппараттың құрамына және заң белгілеген оның қызметкерлерінің санына сәйкес облыстық мәслихат аппаратының штат кестесін бекітеді, оған өзгерту енгізеді.

Мәслихат аппараты мемлекеттік қызметшілерінің қызметі қолданыстағы заңнамаларға сәйкес жүзеге асырылады.

Мәслихаттың өкілеттік мерзімінің аяқталуымен, мәслихат өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылған және оның депутаттарының жаңа құрамы сайланған жағдайларда, мәслихат аппараты мемлекеттік қызметкерлерінің қызметі тоқтатылмайды.

168. Облыстық мәслихаттың регламенті, оған өзгертулер мен қосымшалар депутаттар жалпы санының көпшілік дауысымен қабылданады және облыстық мәслихаттың шешімімен хатталады.

Регламенттің қаралуы және бекітілуі, оған өзгертулер енгізу облыстық мәслихат шешімін қабылдау тәртібіне сәйкес жүзеге асырылады.

Регламент ережелерін түсіндіруді және оның орындалуын бақылауды облыстық мәслихаттың тиісті тұрақты комиссиясы жүзеге асырады. Осы комиссияның төрағасы өзінің қалауы немесе сессия төрағасының, облыстық мәслихат хатшысының және депутаттардың ұсынысы бойынша регламентінің ережелерін түсіндіру үшін кез-келген уақытта сессияда сөз алуға құқы бар. Регламентті ресми түсіндіруі осы тұрақты комиссиясымен облыстық мәслихаттың сессиясында беріледі және қажет болған кезде облыстық мәслихаттың шешімімен бекітілуі мүмкін.


МАЗМҰНЫ


1 ТАРАУ. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР ....................................................................1

2 ТАРАУ. ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТ ЖҰМЫСЫНЫҢ ТӘРТІБІ............2

1-бөлім. Облыстық мәслихат жұмысының басталуы, облыстық

мәслихат сессияларын өткізудің тәртібі....................................2

2-бөлім. Облыстық мәслихат шешімдерін әзірлеу, қарау және

қабылдау тәртібі..........................................................................8

3-бөлім. Облыстық мәслихат сессиясында шешімдер қабылдау

кезінде дауыс беру тәртібі..........................................................12

3-ТАРАУ. ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТТЫҢ өз ҚҰЗЫРЕТІНЕ

ЖАТАТЫН ЖЕКЕ МӘСЕЛЕЛЕРДІ ҚАРАУЫ ...................15

4-бөлім. Жоспарларды, облыстың дамуындағы экономикалық

және әлеуметтік бағдарламаны, облыстық бюджетті

және олардың орындалуы туралы есептерді бекіту................15

5-бөлім. Облысты басқарудың схемасын бекіту......................................17

6- бөлім. Облыс әкімін және облыстық әкімдіктің дербес құрамын

тағайындауды келісу......................................................................18

6-1 бөлім. Облыстың тексеру комиссиясының төрағасы лауазымын

және мүшелерін тағайындау........................................................19

7-бөлім. Атқарушы органдар басшыларының есептерін қарау...............20

8-бөлім. Облыс әкімінің, оған жүктелген қызметтер мен

міндеттердің орындалуы туралы есебін қарау...........................21

9- бөлім. Облыс әкіміне сенімсіздік білдіру................................................21

10-бөлім. Сайлау комиссияларын құру және сайлау..................................22

4-ТАРАУ. ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТТЫҢ ОРГАНДАРЫН

ҚҰРУ, САЙЛАУ ЖӘНЕ ЖҰМЫС ТӘРТІБІ...........................25

11-бөлім. Облыстық мәслихаттың тұрақты комиссиялары......................25

12-бөлім. Тұрақты комиссияларда көпшілік тыңдаулар ..........................28

14-бөлім. Уақытша комиссиялар.................................................................30

5-ТАРАУ. ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТТАРЫНЫҢ

ӨКІЛЕТТІГІН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ ТӘРТІБІ...............................30

15-бөлім. Депутаттардың өкілеттігі және олардың жауапкершілігі .......30

16-бөлім. Депутаттық этика және депутаттардың өзара

қатынастарының ережесі.............................................................32

17-бөлім. Депутаттық сауалдыры және үндеулері......................................33

18-бөлім. Депутаттық бірлестіктер...............................................................34

6-ТАРАУ. ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТТЫҢ ЛАУАЗЫМДЫ

ТҰЛҒАЛАРЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ӨКІЛЕТТІГІ.......................35

19-бөлім. Облыстық мәслихат сессиясының төрағасы.............................35

20-бөлім. Облыстық мәслихаттың хатшысы..............................................36

7-ТАРАУ. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР..........................................................38

1   2   3   4   5

Похожие:

Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының регламенті iconОңтүстік Қазақстан облысының жекелеген әкімшілік-аумақтық бірліктерін қайта атау туралы
Бірлескен Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2006 жылғы 30 маусымдағы n 23/271-iii шешімі және Оңтүстік Қазақстан облыстық...
Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының регламенті iconОңтүстік Қазақстан облысының облыстық маңызы бар қалаларында аймақтардың шекаралары мен жер телімдері үшін ақы төлеудің базалық ставкасына қолданылатын түзету коэффициенттерін белгілеу туралы
Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2001 жылғы 27 маусымдағы n 11/127-іі шешімі. Оңтүстік Қазақстан облыстық Әділет басқармасында...
Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының регламенті icon"Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша жер учаскелері жеке меншікке берілген кезде олар үшін төлемақының базалық ставкаларын белгілеу туралы" Оңтүстік Қазақстан
Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2012 жылғы 24 ақпандағы №2/16-v және Оңтүстік Қазақстан облыстық әкімдігінің 2012 жылғы...
Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының регламенті iconОңтүстік Қазақстан облысы бойынша 2008 жылға қоршаған ортаға эмиссия үшін төлем ставкаларын белгілеу туралы
Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2008 жылғы 27 наурыздағы n 5/71-iv шешімі. Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде...
Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының регламенті iconОңтүстік Қазақстан облысының жекелеген әкімшілік-аумақтық бірліктерін қайта атау туралы
Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2008 жылғы 7 шілдедегі n 8/111-iv шешімі және Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2008...
Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының регламенті iconТүркістан қаласының аумағында орналасқан республикалық маңызы бар тарихи және мәдени ескерткіштерді қорғау аймақтарының шекараларын бекіту туралы
Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2011 жылғы 29 маусымдағы n 41/401-iv шешімі. Оңтүстік Қазақстан облысы Әділет департаментінде...
Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының регламенті iconОңтүстік Қазақстан облысының білім басқармасының бастығы
Оңтүстік Қазақстан облысының білім басқармасы «Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясы» қоғамдық бірлестігінің облыстық филиалымен...
Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының регламенті iconҚазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Оңтүстік Қазақстан облыстық әкімдігі, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті Қазақ хандығының 550 жылдығына...
Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының регламенті iconАқтөбе облыстық мәслихатының ш е ш І м І
«Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясының депутаттық фракциясын облыстық мәслихатта тіркеу туралы
Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының регламенті iconШығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2012 жылғы 7 желтоқсандағы Сессияның №8/104-v шешімімен бекітілген Шығыс Қазақстан облысының аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы
Туризм
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница