Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының регламенті




НазваниеОңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының регламенті
страница3/5
Дата конвертации12.02.2016
Размер0.74 Mb.
ТипРегламент
источникhttp://www.maslihat_uko.shym.kz/doc/regkaz.doc
1   2   3   4   5

5-бөлім. Облысты басқарудың схемасын бекіту

70. Облысты басқарудың схемасын бекіту туралы шешім облыс әкімінің ұсынуы бойынша облыстық мәслихаттың сессиясында депутаттардың жалпы санының басым көпшілігі дауыс бергенде қабылданады.

71. Облысты басқарудың облыстық мәслихатқа түскен схемасын алдын ала қарауды облыстық мәслихаттың барлық тұрақты комиссиялары жүзеге асырады.

Облысты басқарудың схемасын сессияда бекіту кезінде әрбір тұрақты комиссия осы мәселе жөніндегі өзінің қорытындысын облыстық мәслихат сессиясының редакциялық комиссиясына табыс етеді.

72. Облысты басқарудың схемасын облыстық мәслихат бекітпеген жағдайда оны екінші рет қарау тек қана облыстық мәслихаттың басқа сессиясында өткізіледі.


6- бөлім. Облыс әкімін және облыстық әкімдіктің дербес құрамын тағайындауды келісу


73. Облыс әкімін тағайындауға келісу туралы ұсынысты және үміткердің өмірбаян мінездемесін облыстық мәслихаттың сессиясында Қазақстан Республикасының Президентімен оған уәкіліттік берген адамымен оқылады.

Облыс әкімі лауазымына үміткер облыс мәслихатының депутаттары алдында қысқаша сөз сөйлеуге құқылы. Депутаттар үміткерге сұрақ қоюға, ұсынылған үміткер жөнінде өз пікірін айтуға хақылы, «қабылдауға» немесе «қарсы» болу туралы өз ойын білдіруге құқылы.

Келісім беру жайлы шешім ашық немесе жасырын дауыспен депутаттардың жалпы санының көпшілік дауысымен қабылданады.

Егер, қаралған үміткер облыстық мәслихат тарапынан қолдау таппаған жағдайда, мәслихатқа өзге немесе сол үміткердің өзінен жаңа жазбаша түрде ұсыныс енгізіледі.

74. Облыстық әкімдіктің дербес құрамын келісу туралы мәселені облыстық мәслихаттың сессиясына облыс әкімі енгізеді.

Облыстық мәслихаттың барлық тұрақты комиссиялары осы мәселені өздерінің мәжілістерінде алдын ала қарап, өздерінің қорытындыларын сессияга ұсынады.

75. Облыстық әкімдіктің дербес құрамындағы кандидатураларды сессияда облыс әкімі ұсынады.

Сессияда қажет болган жағдайда жекелеген кандидатураны талқылау жүргізіледі, оның барысында кандидаттардың сөйлеуге құқы бар, ал облыстық мәслихаттың депутаттары оларға сұрақтар қоя алады.

76. Облыстық әкімдіктің дербес құрамы туралы шешім, әкімдік құрамына қосу үшін ұсынылған кандидаттардың сессияға міндетті түрде қатысқан кезінде қабылданады.

Ұсыну барысында тұрақты комиссиялар мен депутаттардан қарсылық болмаса, онда кандидатуралар келісілді деп есептеледі.

Егер ұсынылған кандидатураға қарсылық түссе, ол дауыс беруге қойылады. Бұл ретте, егерде облыстық мәслихат депутаттарының жалпы санының басым көпшілігі оған дауыс берсе, кандидатура келісілді деп танылады. Бұған керісінше жағдайда кандидатура өтпей қалды деп есептелінеді. Жаңа ұсыныстарды облыс әкімі осы, немесе келесі сессияға енгізе алады. Өтпей қалған кандидатуралар осы сессияда келісу үшін екінші рет ұсынылмайды.

Бұдан соң облыстық мәслихат бұрын қабылданған өзгерістерді ескере отырып, облыстық әкімдіктің дербес құрамына тұтасымен келісім беру туралы шешім қабылдайды.


6-1 бөлім. Облыстың тексеру комиссиясының төрағасы лауазымын және мүшелерін тағайындау


76-1. Облыстық мәслихат хатшысының ұсынысы бойынша облыстық мәслихат депутаттардың жалпы санының көпшілік даусымен облыстың тексеру комиссиясының төрағасын бес жылдық мерзімге тағайындайды.

Тексеру комиссиясы төрағасының ұсынысы бойынша облыстық мәслихат депутаттардың жалпы санының көпшілік даусымен облыстың тексеру комиссиясының төрт мүшесін бес жылдық мерзімге тағайындайды.

Облыстық мәслихат хатшысымен және облыстың тексеру комиссиясы төрағасымен ұсынылған кандидатуралар облыстық мәслихаттың тиісті тұрақты комиссияларының отырыстарында талқыланады. Кандидатураларды қарау қорытындысымен комиссия әрбір талқыланған кандидатура бойынша тұжырымдама шығарады, ол облыстық мәслихат сессиясында жария етіледі.

Облыстық мәслихат сессиясында лауазымға тағайындау туралы мәселені қарау кезінде тексеру комиссиясының төрағасы лауазымына кандидатураны облыстық мәслихат хатшысы, ал облыстың тексеру комиссиясының мүшелері лауазымдарына – облыстың тексеру комиссиясының төрағасы ұсынады.

Облыстық мәслихаттың сессиясында:

кандидаттарға және кандидаттарды ұсынушы тұлғаға сұрақтар қойылуы;

ұсынылған кандидатураларға депутаттар «жақтап» немесе «қарсы» пікірлер білдіруі мүмкін.

Егер депутаттар талап етпесе, ұсынылған кандидатуралар бойынша жарыссөз ашылмауы мүмкін.

Ашық немесе жасырын дауыс беру жолымен әр кандидатура бойынша жеке шешім қабылданады.

Егер облыстық мәслихат ұсынылған кандидатуралар бойынша лауазымға тағайындау туралы шешім қабылдамаса, облыстық мәслихат хатшысы және облыстың тексеру комиссиясының төрағасы сол адамдарға немесе жаңа кандидатураларға тиісінше қайтадан ұсыныс енгізеді. Облыстық мәслихаттың нақты кандидатурадан бас тарту шешімінің мазмұнында оның себебінің дәлелі толық ашылуы қажет.

Облыстың тексеру комиссиясының төрағасын лауазымынан босату облыстық мәслихат хатшысының, ал облыстың тексеру комиссиясының мүшелерін босату – облыстың тексеру комиссиясы төрағасының ұсынысы негізінде облыстық мәслихатпен қаралады.

Көрсетілген лауазымдарға тағайындау және босату туралы ұсыныстар жоғарыда аталған лауазымды тұлғалармен облыстық мәслихатқа жазбаша түрде енгізіледі.

Тағайындау туралы ұсынысқа мынадай құжаттар қоса тіркелуі тиіс:

кадрларды тіркеу жөніндегі жеке парақ;

өмірбаяны;

білімі, берілген ғылыми дәрежелері мен ғылыми атақтары туралы дипломдарының көшірмелері;

өмірбаяндық анықтама – объективка;

4 х 6 см. көлемінде 4 фотосурет;

кандидаттың лауазымға орналасу үшін арнайы тексеруден өткендігі жайлы анықтама;

Облыстың тексеру комиссиясының төрағасы, мүшелері отставкаға кеткен жағдайда немесе олар өз еркімен лауазымынан босатылғанда, мемлекеттік қызметшінің тиісті өтініші материалдарға қоса тіркеледі.


7-бөлім. Атқарушы органдар басшыларының есептерін қарау

77. Облыстық мәслихаттың құзыретіне жататын мәселелер бойынша, сондай-ақ облыстық мәслихат шешімдерінің орындалуы туралы облыс аумағына жайғасқан жергілікті атқарушы органның, мекемелердің және ұйымдардың лауазымды адамдарының есептерін облыстық мәслихатта тыңдау жайында тұрақты комиссиялардың, депутаттық топтардың, облыстық мәслихаттың хатшысы мен депутаттарының облыстық мәслихатқа ұсыныстар түсіруге құқы бар.

78. Лауазымды адамның есебін облыстық мәслихатта тыңдау туралы ұсыныс жазба түрінде беріледі және облыстық мәслихат хатшысымен тиісті тұрақты комиссияға жолданады.

Тұрақты комиссия алдын ала жазба түрінде оның есебін кезекте тыңдалатыны және ондай есепті тыңдауды өткізудің мерзімі туралы лауазымды тұлғаға мәлім етеді. Сонымен қатар тұрақты комиссия облыстық мәслихаттың сессиясында лауазымды тұлғаның есебі туралы ынта білдіргендердің немесе өзге депутаттардың арасынан баяндамашыны анықтайды.

Есеп беретін лауазымды тұлға алдын ала өзінің есебі мәтінінің белгіленген мерзімде облыстық мәслихатқа тапсырады, материалдармен және соның негізінде әзірленген мәслихат шешімінің жобасымен танысуға құқылы және тыңдайтын күні облыстық мәслихаттың сессиясына қатысуға міндетті.

Облыстық мәслихат, шақырылған, алайда ешқандай белгісіз себеппен келмей қалған лауазымды тұлғаның мәселесін қарауға және өз құзыретіне сай кез келген шешім қабылдауға құқылы.

79. Облыстық мәслихаттың сессиясында лауазымды тұлғаның есебін тыңдау есеп беру үшін негіз болған мән-мағынасын жариялайтын ақпарат тыңдаумен басталады, содан кейін тыңдалатын лауазымды тұлғаға сөз беріледі.

Есепті талқылау барысында депутаттар өз пікірін айтуға, сауалдар беруге және олардан жауаптар алуға құқылы. Облыстық мәслихаттың шешімі бойынша сауалдар мен жауаптардың уақыты шектелуі мүмкін.

Жарыссөз аяқталысымен қолданыстағы заңдарға сәйкес, қажет болған кезде тиісті органдарға осы лауазымды тұлғаны жауапқа тарту туралы мәлімдеу жайлы шешім қабылданады.

Мемлекеттік органдағы лауазымды адамды жауапқа тарту туралы ұсыныс сессия төрағасы мен облыстық мәслихат хатшысының қолдары қойылған соң тиісті органға жолданады.


8-бөлім. Облыс әкімінің, оған жүктелген қызметтер мен міндеттердің орындалуы туралы есебін қарау

80. Облыс әкімінің облыстық мәслихаттың депутаттары алдында есеп беруі қажеттілігіне қарай, бірақ жарты жылда ең кемі бір рет облыстық мәслихаттың сессиясында өткізіледі.

Облыс әкімінің есеп беруі облыстық мәслихаттың бастамасымен, сонымен қатар, облыс әкімінің ұсынысы бойынша өткізілуі мүмкін.

Осы мәселені сессияның қарауына енгізу, осы регламентте атқарушы органдардың басшыларының есеп беруі, сондай-ақ облыстық мәслихатының шешімдерін енгізу және қабылдау үшін белгіленген тәртіп бойынша жасалынады.

81. Облыс әкімінің есебі жазбаша түрде, депутаттардың саны бойынша оны сессияда қарауға дейін екі аптадан кем емес мерзім ішінде облыстық мәслихатқа ұсынылады. Ол бір мезгілде бұқаралық ақпарат құралдарында да жариялануы мүмкін.

Есепті зерттеу, депутаттардың ұсыныстарын жинақтау және шешімнің жобасын дайындау үшін облыстық мәслихаттың хатшысы уақытша депутаттық комиссия құрады.

Есеп және шешімнің жобасы алдын ала барлық тұрақты комиссияларда талқыланады.

82. Сессияда облыс әкімінің есебін қарау уақытша депутаттық комиссияның ақпаратын тыңдаудан және депутаттардың сөз сөйлеуінен басталады. Содан кейін облыс әкімі сөз сөйлейді, ол қажет болса өзінің есебінде бұрын атап кетпеген мәселелермен, сондай-ақ оны талқылау кезінде депутаттар көтерген мәселелермен толықтырады.

Есепті қараудың қорытындылары бойынша облыстық мәслихаттың шешімі қабылданады, оның орындалуы туралы облыс әкімі келесі есеп тыңдалуына дейін облыстық мәслихаттың депутаттарына ақпарат беруге тиіс.


9- бөлім. Облыс әкіміне сенімсіздік білдіру

83. Облыс әкіміне сенімсіздік білдіру туралы мәселені Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы" Заңына және осы регламентке сәйкес облыстық мәслихат қарайды.

Облыс әкіміне сенімсіздік білдіру жөніндегі мәселе, оны қызметінен босату туралы Қазақстан Республикасы Президентінің алдына қою мәселесімен қатар, депутаттардың жалпы санының кемінде бестен бірінің бастамасы бойынша облыстық мәслихаттың сессиясында қаралады.

Осы мәселенің сессияда қаралуы туралы ұсыныс сессияның алдында, немесе жұмыс істеп жатқан кезде енгізіліуі мүмкін және депутаттардың жалпы санының кемінде бестен бірінің қолдауы болған жағдайда міндетті түрде қаралуы тиіс. Соңғы жағдайда бұл мәселені қарау алдында облыстық мәслихаттың сессия жұмысында үзіліс жарияланады. Үзіліс уақытында барлық тұрақты комиссиялардың мәжілістері өткізіледі, онда әрбір комиссия осы мәселе бойынша өз позицияларын белгілейді.

84.Облыс әкіміне сенімсіздік білдіру туралы мәселені талқылау төмендегі тәртіппен жүзеге асырылады.

Бастапқыда сессияда осы мәселенің қойылу себептерін негіздейтін, оны қараудың ынтагерлері сөйлейді және әрбір тұрақты комиссияның пікірі тыңдалады.

Содан соң осы мәселені талқылау басталады, оның барысында облыстық мәслихат депутаттарының облыс әкіміне сауалдар беруге және сенімсіздік білдіргені үшін немесе қарсы сөйлеуге құқықтары бар.

Талқылау барысында әкімнің сөйлеуге және анықтама беру үшін сөз алуға құқы бар.

85. Облыстық мәслихат әкімге сенімсіздік білдіру және оны қызметінен босату жайлы мәселені Қазақстан Республикасы Президентінің алдына қою туралы шешімді ашық немесе жасырын дауыс беру арқылы депутаттардың жалпы санының басым көпшілігі дауысымен қабылдайды.

Әкімге сенімсіздік білдіру туралы ұсыныс, егерде ол осы тармақтың бірінші бөлігінде қарастырылғандай, депутаттардың басым көпшілік даусын жинай алмаса өтпей қалды деп есептелінеді.

Дауыс берудің нәтижелері облыстық мәслихаттың шешімімен хатталады.

86. Облыстық мәслихат облыс әкіміне сенімсіздік білдіргені туралы шешім қабылдаған жағдайда облыстық мәслихаттың сессиясының редакциялық комиссиясы облыс әкімін қызметінен босату туралы Қазақстан Республикасының Президентіне мәлімдеме мәтінін дайындайды. Редакциялық комиссияның жұмысына бұл орайда облыстық мәслихаттың шешімі бойынша басқа да депутаттар қатыса алады.


10-бөлім. Сайлау комиссияларын құру және сайлау

87. Облыстық мәслихат облыстық сайлау комиссиясын, Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының депутаттар сайлау жөніндегі округтік сайлау комиссияларын сайлайды.

Сайлау комиссиялардың мүшелерін сайлау жасырын не ашық дауыс беру арқылы өткізіледі.

88. Сайлау комиссияларының жаңа құрамын құру сайлау комиссияларының өкілеттік мерзімі аяқталардан кемінде екі ай бұрын басталады және өкілеттік мерзімінің бітуіне кемінде үш күн қалғанда аяқталады.

Сайлау комиссияларын құру бойынша жұмыстың басталуы туралы облыстық мәслихаттың хатшысы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы хабарлайды. Хабарламада құрылуға жататын сайлау комиссияларының тізбесі, сайлау комиссиялардың құрамына сайлау үшін кандидатуралар бойынша ұсыныстар енгізудің мерзімі мен тәртібі, ұсыныстарды беру мекен-жайы көрсетіледі.

89. Сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар туралы ұсыныстарды енгізу бұл жұмыстың басталуы жөніндегі ақпар бұқаралық ақпарат құралдарында ресми түрде жарияланған сәтінен басталады. Ұсыныстарды енгізу мерзімі барлық саяси партияларға бірдей болып белгіленеді де сайлау комиссиялардың құрылғанына дейін бір айдан кем болмауы тиіс.

Ұсыныстар облыстық мәслихатқа, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының тиісті ұсынылымдарында анықталған тізбедегі құжаттар түрінде енгізіледі.

Ұсыныстар, оларды беру мерзімі аяқталатын күннің 18-00 сағатқа дейін облыстық мәслихатқа келіп түсуі керек.

Келіп түскен барлық ұсыныстар түскен мерзімі мен уақыты көрсетіліп, арнайы тізбеде тіркеледі.

Сол, не өзге кандидатура бойынша ұсыныстардың түскен мерзімі - барлық қажетті құжаттардың оның ішінде кандидаттың сайлау комиссияның жұмысына қатысуға келісім беру туралы өтініші мәслихатқа келіп түскен күнінен есептеледі.

Кандидаттың сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға келісім беру туралы өтініші Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы белгілеген түрінде облыстық мәслихаттың атына беріледі және оған кандидаттың жеке қолы қойылуы тиіс.

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясымен белгілеген сол, не өзге де кандидатуралар бойынша құжаттары тапсырылмаса немесе кандидаттың өтініші болмаған жағдайда олар қаралмайды.

90. Келіп түскен ұсыныстарды жинақтаумен айналысатын депутаттық комиссиясы өтінішке қойылған қолдың түпнұскасын қайта тексеруге және оның нақтылықсыздығы анықталса, бұл кандидатураны қаралып жатқан ұсыныстардың қатарынан шығарып тастауға құқылы.

91. Саяси партиялар, өзге де қоғамдық бірлестіктер, облыстық сайлау комиссиясы, ұсыныстар енгізу үшін белгіленген мерзім ішінде, ұсынылған кандидатуралар бойынша өзгерістер енгізуге құқылы.

92. Сайлау комиссияларының құрамына сайлау үшін кандидатуралар бойынша ұсыныстарды жинау және өңдеуді, облыстық мәслихат хатшысының өкімімен облыстық мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірі жүзеге асырады.

Облыстық мәслихаттың хатшысы депутаттар мен облыстық мәслихат аппаратының қызметкерлерінің қатарынан уақытша депутаттық комиссия құру туралы өкім қабылдап, оған осы жұмысты тапсыра алады.

93. Сайлау комиссияларының құрамы бойынша ұсыныстарды дайындау кезінде, бірінші кезекте, саяси партиялардан түскен ұсыныстар қаралады.

Мәслихат белгілеген мерзім ішінде саяси партиялардан ұсыныстар болмаса, онда өзге қоғамдық бірлестіктердің және облыстық сайлау комиссиясының ұсыныстары қаралады.

Дауыс беруді өткізу үшін депутаттық комиссия әрбір сайлау комиссиясы бойынша депутаттарға бюллетень дайындайды, оған саяси партиялардан ұсынылған барлық кандидаттар қосылады, қай саяси партиядан, сол, не өзге кандидатураның енгізілгені көрсетіледі.

Кандидатуралар бюллетеньге ұсыныстар түскен кезегіне сай тәртіпте енгізіледі.

94. Саяси партиялардан түскен ұсыныстар, тиісті сайлау комиссиясының сайланатын мүшелерінің санына тең жағдайда, сессияға осы комиссияның құрамына тек қана саяси партиялардың өкілдерін сайлау туралы ұсынысы енгізіледі.

Саяси партиялардан түскен ұсыныстар тиісті сайлау комиссиясының сайланатын мүшелерінің санынан көп болса, сайлау рейтингілік дауыс беру арқылы өткізіледі.

Саяси партиялардан түскен ұсыныстар тиісті сайлау комиссия мүшелерінің белгіленген санынан аз болса, саяси партиялардың барлық кандидатуралары осы сайлау комиссиясының құрамы бойынша ұсыныстарға енгізіледі. Қалған орындарға өзге қоғамдық бірлестіктер мен облыстық сайлау комиссиясының ұсыныстары қаралады.

Өзге қоғамдық бірлестіктерден және облыстық сайлау комиссиясынан түскен ұсыныстар қалған орындардың санынан асып кетсе, онда түскен кандидатуралар арасында рейтингілік дауыс беру өткізіледі, саяси партиялардың кандидатуралары бойынша дауыс берумен бір мезгілде жүзеге асырылады.

95. Рейтингілік дауыс беруді облыстық мәслихаттың сессиясында сайланатын санақ комиссиясы өткізеді.

Мәслихаттың шешімі бойынша дауыс беру процедурасын депутаттар ашық түрде залда, орындарында отырып, кандидаттардың тізімімен жұмыс істеу арқылы, немесе мәжіліс залында жасырын дауыс беру үшін арнайы орнатылған кабиналарда жасырын түрде өткізіледі.

Дауыс беру, дауыс беретін кандидаттың аты-жөнінің тұсындағы оң жаққа белгі қою арқылы өткізіледі. Әрбір депутат сол, не өзге сайлау комиссиясы мүшелігіне сайланатын кандидаттардың санына ғана дауыс беруге құқылы.

Бюллетеньдер, осы комиссия мүшелігіне сайланатын санынан белгіленген кандидатуралардың саны көптеу болып шықса ол жарамсыз деп табылады.

Комиссия мүшелігіне сайланатындардың санына дауыстардың көпшілігіне ие болған кандидатуралар сайланған болып есептеледі. Бұл сәтте олар дауыс беруге қатысқан депутаттар дауыстарының жартысынан көпшілігін алуы тиіс.

Егер саны аз орынға бірнеше кандидат тең дауыс жинаса, олардың арасында рейтингілік дауыс беру өткізіледі, оның нәтижелері жиналған дауыстардың көпшілігімен анықталады.

96. Ұсыныстардың жалпы саны комиссияға сайланатын мүшелерінің санына тең келсе, мәслихаттың шешімі бойынша ашық дауыс беру өткізілуі мүмкін.

97. Егер сайлау комиссияның құрамы бойынша дауыс беру кезінде ұсынылған кандидатуралардың саны комиссияға сайланатын мүшелерінің сандық құрамына сәйкес келсе, сол не өзге кандидатура дауыс беруге қатысқан депутаттардың дауыстарының көпшілігін жинамаса, онда бұл кандидатура сайланбаған болып есептеледі.

Бұл кандидатура сол саяси партияның, өзге қоғамдық бірлестіктің, не облыстық сайлау комиссиясының басқа кандидатурасымен ауыстырылуы мүмкін. Жаңа ұсыныстар облыстық мәслихаттың келесі кезекті сессиясында қаралады.

Егерде ауыстыру жөніндегі ұсыныстар сессияны өткізген күннен кейін бір ай мерзім ішінде облыстық мәслихатқа түспесе, сайлау комиссиясындағы орын бос болып есептеледі және ол жалпы негізінде толтырылады.

98. Сайлау комиссиялар құрамдары туралы сайлау қорытындыларын бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.

99. Сайлау комиссиясының жекелеген мүшелерінің өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатқан жағдайда, сайлау комиссиясы мүшесінің босаған қызметінің орнын ауыстыруға осы сайлау комиссиясында өкілдері жоқ саяси партиялардан, өзге қоғамдық бірлестіктерден және облыстық сайлау комиссиясынан ұсыныстар қабылданады және сайлау комиссиялардың мүшелерін сайлау үшін осы регламентте белгіленген тәртіпке сәйкес қаралады.


4-ТАРАУ. ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТТЫҢ ОРГАНДАРЫН Қ¥РУ, САЙЛАУ ЖӘНЕ Ж¥МЫС ТӘРТІБІ

11-бөлім. Облыстық мәслихаттың тұрақты комиссиялары

100.Облыстық мәслихат өз өкілеттігі мерзіміне мәслихаттың құзырына жататын мәселелерді алдын ала қарау мен әзірлеу үшін, оның шешімдерін, Қазақстан Республикасының Заңдылық актілерін жүзеге асыруға ықпал ететін, өзінің құзыреті шегінде өзге де міндеттерін атқаратын тұрақты комиссиялар құрады.

101. Тұрақты комиссиялар құқылы:

1) облыстық мәслихаттың сессиясының күн тәртібі бойынша, сондай-ақ облыстық мәслихат сессиясында қаралатын кез келген мәселе бойынша мәслихатқа, мәслихат сессиясының төрағасына, мәслихат хатшысына ұсыныс енгізуге;

2) өздерінің құзырына жататын әрі облыстық мәслихаттың сессиясының қарауына енгізілген мәселелер бойынша қорытындылар беруге;

3) өздерінің құзырына жататын мәселелер бойынша мәслихат сессияларында баяндамалар мен қосымша баяндамаларды ұсынуға;

4) өз құзыреті шегінде сессида жергілікті атқарушы органдар басшыларының есептерін тыңдау туралы мәслихатқа ұсыныс енгізуге.

102.Облыстық мәслихат тұрақты комиссияларының тізбесі, олардың әрбірінің сандық құрамы облыстық мәслихаттың бірінші сессиясында белгіленеді.

Шақырылым аралығында қажет болған жағдайда облыстық мәслихат іс-қимылдағы тұрақты комиссияларды жаңадан құруы, таратуы әрі қайта ұйымдастыруы мүмкін.

103. Тұрақты комиссиялардың төрағалары осы регламентке сәйкес облыстық мәслихаттың сессиясында сайланады.

Қайсы бір тұрақты комиссияның төрағасын сайлау үшін кандидатуралар бойынша облыстық мәслихаттың хатшысымен және облыстық мәслихаттың басқа да депутаттарымен ұсыныс енгізіледі. Облыстық мәслихат депутаттары өз атынан немесе депутаттық бірлестіктер атынан ұсыныс енгізеді.

Дауыс беру кандидатуралардың бірыңғай тізімі бойынша өткізіледі.

Тұрақты комиссиялардың төрағаларын сайлауы облыстық мәслихаттың шешімімен хатталады.

Тиісті тұрақты комиссия мүшелерінің басым көпшілігінің немесе облыстық мәслихат хатшысының ұсыныстары бойынша тұрақты комиссияның төрағасы лауазымынан шақыртып алынуы мүмкін, егерде сол үшін облыстық мәслихат депутаттарының жалпы санының көпшілігі дауыс берсе.

Тұрақты комиссияның төрағасы кез келген уақытта оны тұрақты комиссияның төрағалығы міндетінен босату туралы арыз беруге құқылы. Оны босату туралы шешім облыстық мәслихат депутаттары жалпы санының көпшілігі дауыс бергенде қабылданады.

104. Тұрақты комиссиялардың төрағалары сайланғаннан кейін облыстық мәслихат депутаттары жалпы санының басым көпшілігі дауыс бергенде тұрақты комиссиялардың құрамын бекіту туралы шешім қабылданады.

Облыстық мәслихаттың тұрақты комиссиялары ерікті негізде депутаттардың тілек-ықыластарына қарай қалыптасады, бұл орайда әдеттегідей, бір қалада немесе ауданда әртүрлі тұрақты комиссияларға сайланған депутаттардың пропорционалдық өкілдік принципі сақталады. Әрбір тұрақты комиссияның сандық құрамы 5 депутаттан кем болмауы тиіс.

Аталған комиссияның сандық құрамы бекітілген, нақты тұрақты комиссияда жұмыс істегісі келген депутаттар саны асып кеткенде немесе басқа тұрақты комиссиялардың мүшелері жетіспегенде, депутаттар өз тілектері бойынша басқа тұрақты комиссияны таңдай алады немесе облыстық мәслихат хатшысының облыстық мәслихат депутаттарымен кеңесіп берген ұсынысы негізінде облыстық мәслихаттың шешімі бойынша жасалады.

Әрбір депутат тек қана бір тұрақты комиссияның мүшесі болуға құқылы.

Облыстық мәслихаттың хатшысы облыстық мәслихаттың тұрақты комиссияларының мүшесі бола алмайды.

105. Тұрақты комиссия өзінің мәжілісінде оның мүшелерінің жалпы санының басым көпшілігі дауысымен өз құрамынан төраға орынбасары мен хатшысын сайлайды.

106. Тұрақты комиссияның мәжілісі қажет болған кезде комиссияның бір жылғы жұмыс жоспарына сәйкес шақырылады және егерде комиссия құрамына кіретін депутаттардың жалпы санының жартысынан астамы қатысса заңды деп есептеледі.

Тұрақты комиссияның мәжілісі комиссия төрағасының өз ынталылығы немесе сессия төрағасының, облыстық мәслихат хатшысының тапсыруы, сондай-ақ облыстық мәслихат депутаттарының ұсыныстары бойынша шақырылады.

Тұрақты комиссияның мәжілісі туралы депутаттарға, сондай-ақ басқа да мәжіліске қатысушыларға ең кемі екі тәулік бұрын мәлім етіледі.

Тұрақты комиссияның мәжілісіне, оның құрамына кірмейтін, облыстық мәслихаттың депутаттары кеңесші дауыс құқықымен қатыса алуы мүмкін.

Тұрақты комиссияның мәжілісіне қатысу үшін шақырылған лауазымды және өзге адамдардың тізімін тұрақты комиссияның төрағасы немесе оның орынбасары анықтайды.

Облыстық мәслихаттың депутаты өзі мүше болған тұрақты комиссияның мәжілісіне қатысуға міндетті.

Тұрақты комиссияның мәжілісіне орынды себеппен қатыса алмайтындығы туралы облыстық мәслихаттың депутаты уақтылы тұрақты комиссияның төрағасына хабарлайды.

Тұрақты комиссияның мәжілісін тұрақты комиссияның төрағасы немесе оның орынбасары өткізеді.

Тұрақты комиссиялардың мәжілістеріне хаттама жасалады. Хаттамаларды тұрақты комиссияның хатшысы жүргізеді.

Тұрақты комиссияның қаулысына, тұжырымдамасына және мәжіліс хаттамасына оның төрағасы қол қояды.

Тұрақты комиссиялар бірлесе мәжіліс өткізуге құқылы, бұл ретте мәжіліс хаттамасына және қабылданған құжаттарға бірлескен мәжіліске қатысушы тұрақты комиссиялардың төрағалары қол қояды.

107. Шешімдердің жобаларын талқылауы тұрақты комиссияларда ашық жүргізіледі, оны бұқаралық ақпарат құралдары жариялауы мүмкін.

Алдын ала тұрақты комиссияның мәжілісінде мәселені және шешімнің жобасын қарағанда оның төрағасының келісімімен мәжіліске келген мүдделі тұлғалар қатыса алады.

Шешім жобасын қараудың нәтижелері бойынша тұрақты комиссия ол бойынша тұжырымдаманы, сондай-ақ оны облыстық мәслихаттың сессиясына енгізу мүмкіндігі туралы қаулы қабылдайды.

108. Тұрақты комиссиялар өзінің құзыретіндегі мәселелер бойынша қаулы қабылдайды, олардың комиссия белгіленген мерзімдерде тиісті органдармен және лауазымды тұлғалармен қаралуы міндетті болып табылады.

Тұрақты комиссиялардың қаулылары комиссия мүшелері жалпы санының басым көпшілігімен дауысқа ие болғанда қабылданады.

Тұрақты комиссияның төрағасы, егерде комиссия мәжілісінде депутаттардың дауыстары теңдей түссе, шешуші дауыс беру құқымен пайдаланады.

109. Жекелеген мәселелерді, ашық тындауды зерттеу және әзірлеу үшін тұрақты комиссия осы комиссия мүшелері қатарынан және басқа депутаттардан, мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының және азаматтардың өкілдерінен жұмысшы топтарын құра алады.

Тұрақты комиссия ақысыз негізде өз жұмысына сарапшылар мен мамандарды қатыстыруға құқылы.

110. Тұрақты комиссиялар облыстық әкімдіктен, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерінен, атқарушы органдардан, облыс аумағына орналасқан кәсіпорындардан, ұйымдар мен мекемелерден олардың құзыретіне жататын мәселелер бойынша қажетті ақпараттарды сұратып алуға құқылы, олар облыстық мәслихаттың тұрақты комиссиясының мәліметтеріндегі белгіленген мерзімде беруге міндетті.

Лауазымды тұлғалар тұрақты комиссияларға жалған ақпарат берсе, яки қасақана ақпаратты жасырып қалса, заңға сәйкес жауап береді.

111. Тұрақты комиссиялар өздеріне қатысты мәселелер бойынша өздерінің мәжілістерінде облыстық аумағына жайғасқан жергілікті атқарушы органдар, ұйымдар мен мекемелер басшыларының хабарламасы мен мәлімдемелерін тыңдауға құқылы.

Тұрақты комиссиялардың ұсыныстары бойынша аталған органдар мен ұйымдардың басшылары мен өкілдері олардың мәжілістерінде қаралатын мәселелер бойынша түсініктемелер табыс етуге міндетті.

112. Тұрақты комиссиялар облыстық мәслихатқа есепті және ең кем дегенде жылына бір рет өз қызметі туралы есеп береді .

Тұрақты комиссиялардың жұмысы туралы есептері тиісті тұрақты комиссиялардың мәжілістерінде бекітіледі және тиісті тұрақты комиссияның төрағасының қолы қойылып, облыстық мәслихаттың депутаттарына таратылады. Тұрақты комиссиялардың жұмысы туралы есептері сессияда талқыланбай облыстық мәслихаттың шешімі бойынша мағлұмат ретінде қабылданауы мүмкін.

1   2   3   4   5

Похожие:

Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының регламенті iconОңтүстік Қазақстан облысының жекелеген әкімшілік-аумақтық бірліктерін қайта атау туралы
Бірлескен Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2006 жылғы 30 маусымдағы n 23/271-iii шешімі және Оңтүстік Қазақстан облыстық...
Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының регламенті iconОңтүстік Қазақстан облысының облыстық маңызы бар қалаларында аймақтардың шекаралары мен жер телімдері үшін ақы төлеудің базалық ставкасына қолданылатын түзету коэффициенттерін белгілеу туралы
Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2001 жылғы 27 маусымдағы n 11/127-іі шешімі. Оңтүстік Қазақстан облыстық Әділет басқармасында...
Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының регламенті icon"Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша жер учаскелері жеке меншікке берілген кезде олар үшін төлемақының базалық ставкаларын белгілеу туралы" Оңтүстік Қазақстан
Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2012 жылғы 24 ақпандағы №2/16-v және Оңтүстік Қазақстан облыстық әкімдігінің 2012 жылғы...
Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының регламенті iconОңтүстік Қазақстан облысы бойынша 2008 жылға қоршаған ортаға эмиссия үшін төлем ставкаларын белгілеу туралы
Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2008 жылғы 27 наурыздағы n 5/71-iv шешімі. Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде...
Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының регламенті iconОңтүстік Қазақстан облысының жекелеген әкімшілік-аумақтық бірліктерін қайта атау туралы
Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2008 жылғы 7 шілдедегі n 8/111-iv шешімі және Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2008...
Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының регламенті iconТүркістан қаласының аумағында орналасқан республикалық маңызы бар тарихи және мәдени ескерткіштерді қорғау аймақтарының шекараларын бекіту туралы
Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2011 жылғы 29 маусымдағы n 41/401-iv шешімі. Оңтүстік Қазақстан облысы Әділет департаментінде...
Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының регламенті iconОңтүстік Қазақстан облысының білім басқармасының бастығы
Оңтүстік Қазақстан облысының білім басқармасы «Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясы» қоғамдық бірлестігінің облыстық филиалымен...
Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының регламенті iconҚазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Оңтүстік Қазақстан облыстық әкімдігі, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті Қазақ хандығының 550 жылдығына...
Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының регламенті iconАқтөбе облыстық мәслихатының ш е ш І м І
«Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясының депутаттық фракциясын облыстық мәслихатта тіркеу туралы
Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының регламенті iconШығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2012 жылғы 7 желтоқсандағы Сессияның №8/104-v шешімімен бекітілген Шығыс Қазақстан облысының аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы
Туризм
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница