Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының регламенті




НазваниеОңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының регламенті
страница2/5
Дата конвертации12.02.2016
Размер0.74 Mb.
ТипРегламент
источникhttp://www.maslihat_uko.shym.kz/doc/regkaz.doc
1   2   3   4   5

2-бөлім. Облыстық мәслихат шешімдерін әзірлеу, қарау және қабылдау тәртібі

34. Өзінің құзыретіндегі мәселелер бойынша қабылдайтын мәслихаттың шешімдері облыстық мәслихаттың актілері болып табылады.

35. Шешімдердің жобаларын жұмыс жоспарына сәйкес облыстық мәслихаттың депутаттары, уақытша комиссиялар, депутаттық топтар аппарат қызметкерлерімен бірлесе әзірлейді, болмаса облыстық мәслихат хатшысының, сессия төрағасының, тұрақты комиссиялардың тапсыруы бойынша облыстық мәслихаттың тиісті тұрақты комиссиялары алдын ала қарағаннан кейін облыстық мәслихат сессиясының қарауына енгізіледі.

36. Облыс әкімдігімен әкімі облыстық мәслихатқа олар үшін қолданыстағы заңнамалар айқындайтын мәселелер бойынша облыстық мәслихат шешімдерінің жобаларын әзірлеп, алда тұрған сессияның қарсаңында тиісті тұрақты комиссияның бірінші мәжілісін өткізгенге дейін кемінде үш күн қалғанда енгізеді және олар аталған тұрақты комиссия алдын ала қараған соң сессияның қарауына ұсынылады.

Облыс әкімдігімен әкімі енгізген шешімдердің жобалары осы регламент белгілеген облыстық мәслихат шешімдерінің жобаларына қойылатын талаптарға толық сәйкес болуы тиіс. Бұл мәселені сессияға енгізу жайлы облыс әкімінің немесе оның міндетін атқарушы лауазымды адамның қолы қойылған ұсыныспен жолдама хаты, орындаушылардың белгілері, тиісті мүдделі органдардың, заңгердің келісімі, қажетті тіркеулер мен мағынасын ашу құжаттары, түсіндірмелік жазбасы болуы шарт.

Осы регламентпен облыстық мәслихат шешімдерінің жобалары үшін белгіленген талаптарды сақтамаған кезде облыстық мәслихаттың хатшысы себептерін түсіндіріп, тіркеместен құжаттарды қайтарып береді.

Облыс әкімдігінен немесе облыс әкімімен олардың құзыретіне жататын мәселелер бойынша түскен шешімдердің жобалары облыстық мәслихаттың сессиясында міндетті түрде қаралуы тиіс.

37. Алдын-ала келісілмеген мәселелер бойынша шешімнің жобалары мен оларға тіркелетін құжаттар, облыстық мәслихаттың кезекті сессиясының шақырылымы туралы шешім қабылданғаннаң соң, тәртіптегідей кешіктірмей үш күннін ішінде облыстық мәслихатқа табыс етіледі, осы регламент ережелерімен басқа құжаттарға орнатылған нақты тапсыру мерзімі саналмағаныңда.

38. Бірлескен облыстық мәслихат шешімдері мен облыс әкімдігінің қаулылары заңнамамен ғана белгіленген мәселелер бойынша қабылданады. Бұндай шешімдердің жобалары облыстық әкімдікте жасалынады, барлық мүдделі органдармен келісіліп, шешім қабылдау үшін облыстық мәслихатқа енгізіледі, содан кейін облыс әкімдігінің қаулысы қабылданады.

39. Шешімдердің жобалары қазақ және орыс тілдерінде басылған және электронды таратқыш түрінде, сессияның қарауына тапсырылады және олардың барлық мүдделі мемлекеттік органдармен және мекемелермен келісімі болуы тиіс, бұлардың тізбесін облыстық мәслихат хатшысы және тиісті тұрақты комиссиялардың төрағалары анықтайды.

Қандай да бір шешімнің жобасын дайындау жөнінде тапсырма алған орындаушы бірмезгілде сол шешімді қабылдаудың қажеттілігі негізделген, мақсаттары, міндеттері кеңінен сипатталған, оның негізгі қағидалары қамтылған, қолданыстағы заңнамалардың нормаларына сай келетінін, соның негізінде, қабылданғанын көрсететін тұрақты комиссияның тұжырымдама жобасын дайындауға міндетті.

Облыстық мәслихатқа келіп түскен шешім жобаласымен жұмыс жүргізу жөнінде тапсырыс алған орындаушы, ол бойынша оны қабылдау қажеттігіне және қолданыстағы заңнама нормаларына сәйкестігіне орай тұрақты комиссияның тұжырымдама жобасын дайындайды.

Тұрақты комиссияның тұжырымдама жобалары шешімдердің жобаларымен бірге тиісті тұрақты комиссияға кіретін облыстық мәслихаттың депутаттарына, тұрақты комиссиялардың мәжілісін әзірлеу кезінде таратылады.

Облыстық мәслихаттың қолданыстағы шешіміне өзгерістер мен қосымшалар енгізу туралы шешімнің жобасын әзірлеу кезінде орындаушы осы шешімнің бұрынғы және жаңа редакциясының салыстырмалы кестесін табыс етеді.

40. Облыстық мәслихаттың тұрақты комиссиясында шешімдердің жобаларын алдын ала қарау олардың құзыретіне сәйкес келетін мәселелерді өзара бөлісу арқылы, сондай-ақ облыстық мәслихат хатшысының ұсынысымен жүзеге асырылады.

41. Облыстық мәслихаттың жергілікті кірістерді қысқартуды немесе жергілікті бюджет шығындарын арттыруды көздеген шешімдердің жобалары облыс әкімінің оңды қорытындысы болғанда ғана қарауға енгізілуі мүмкін, бұл мәселені қарау кезінде ол сессияда жарияланады.

Осы шешімдердің жобаларын облыстық мәслихаттың тиісті тұрақты комиссиясы қорытынды беру үшін облыс әкіміне жолдайды, ал онда көрсетілген мерзімге қарай жазбаша қорытынды әзірлеп, оны облыстық мәслихатқа жібереді. Жолданылымда көрсетілген қорытындының тапсыру мерзімін облыстық мәслихаттың хатшысы мен облыс әкімі өзара қайтадан келісуі мүмкін.

42. Шешім жобасының текстінде қажет болған кезде оның күшіне енетін мерзімі, сондай-ақ оның қабылдануына байланысты жойылуға немесе өзгертуге жататын облыстық мәслихат шешімдерінің тізбесі көрсетілуі тиіс.

43. Егерде облыстық мәслихат сессиясының қарауына ұсынылған шешімнің жобасы және оның жолдама материалдары нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге қатысты қолданыстағы заңнамалардың және осы регламенттің талаптарына сай келмесе, онда оларды қалыпқа келтіру үшін сессияның
төрағасы немесе облыстық мәслихаттың хатшысы авторларға қайтарады.

44. Сессияда мәселені қарау әдеттегідей тиісті тұрақты комиссияның баяндамасынан және қосымша баяндамасынан басталады. Мәселені және шешімнің жобасын талқылауға облыстық мәслихаттың депутаттары және осы мәселе бойынша сессияға арнайы шақырылған адамдар қатыса алады.

Облыстық мәслихат жоспарлы мәселелерді, жоспардың орындалуы туралы, облыс дамуының экономикалық және әлеуметтік бағдарламалардың есептерді қараған кезде, облыстық бюджет бекіткен кезде тиісті тұрақты комиссияның баяндамасы немесе қосымша баяндамасы міндетті түрде болуы тиіс.

Облыстық мәслихат басқа мәселелерді қараған кезде өз ықыласымен баяндаманы тыңдамай-ақ, тұрақты комиссияның мәселе мәніне қатысты қысқаша хабарлама, қосымша баяндамамен немесе берілген сауалдарға жауап алумен, сондай-ақ жалпы оны талқыламай-ақ, егерде облыстық мәслихаттың тиісті комиссиясының оңды қорытындысы бар болса, шешім қабылдай алады.

Егер, шешімнің жобасы депутаттарға алдын ала таратылған жағдайда сессияда шешімнің жоба мәтіні жария етілмейді.

45. Облыстық мәслихаттың шешімінің жобасы, оған өзгерістер мен қосымшалар келіп түскен жағдайда, бастапқыда депутаттардың жалпы санының басым көпшілік дауыс беруімен негіз түрінде қабылданады.

46. Облыстық мәслихат шешімінің жобасы негізге алынсын деп қабылданған соң сессияда оған өзгерістер мен қосымшалар қаралады.

Шешімнің жобасына өзгерістер мен қосымшаларды тұрақты комиссиялар енгізіп, сессияда дауысқа салуы мүмкін.

Облыстық мәслихаттың депутаттары сессияда шешімнің жобасына өздерінің өзгерістері мен қосымшалары жария етілген етілмегеніне қарамастан, өз ұсыныстарын жазбаша түрде облыстық мәслихат сессиясының редакциялық комиссиясына бағыттайды, ол оларды дауысқа қояды.

Өзгерістер мен қосымшалардың мәтінінде дәйектеме, автордың қойылған қолы болуы тиіс, сонымен қатар ескі және жаңа редакциялық сөйлемдердің, азат жолдардың, тармақшаларардың, тармақтардың, тараулардың, бөлімдердің көрінісі табуы қажет, немесе шешімнің жобасынан алынып тасталатын нақты тармақтар мен бөлімшілер жөнінде ұсыныстар.

Енгізілген өзгерістер мен қосымшалар олардың осы регламенті бойынша дайындау тәртібі бұзылса олар қаралмайды.

Дауыс беру әрбір өзгеріс пен қосымшаға жеке жүргізіледі. Шешімнің осы түрі үшін заң мен регламент белгіленген дауыс берудің санына қарай шешім қабылданады. Алғашқыда комиссиялар ұсынған өзгерістер мен қосымшалар, содан соң олардың редакциялық комиссияға келіп түскен кезектегі тәртібімен дауысқа салынады.

Облыстық мәслихаттың шешімі бойынша жекелеген сессия барысында келіп түскен өзгерістер мен қосымшалар тұрақты комиссияларға беріледі және қажет болған кезде тиісті тұрақты комиссияның қорытындысы еске алынып, келесі кезекті сессияда дауысқа түседі. Бұл ретте тек осы өзгерістер ғана қаралады.

47. Облыстық мәслихаты мен облыс әкімі немесе облыс әкімдігі арасында қандай да бір шешімнің жобасы бойынша келіспеушілік болған жағдайда, облыстық маслихат тиісті тұрақты комиссияға, тиімді шешімін әзірлеу үшін, қажетті келістіру шараларын жүргізуді тапсыруға құқы бар, содан соң олар осы регламентке сәйкес дауысқа қойылады.

48. Облыстық мәслихат шешімдерінің жобасына сессияда қабылданған өзгерістер мен қосымшаларды тиісті тұрақты комиссиялардың бақылауымен орындаушылар енгізеді.

Облыстық мәслихат қабылдаған шешімнің нақты мәтініне облыстық мәслихат аппаратының тиісті бас маманы, заңгер және аудармашы, тиісті тұрақты комиссияның төрағасы қол белгісін қояды, содан соң облыстық мәслихаттың хатшысына және сессия төрағасына қол қоюға беріледі. Мемлекеттік тіркеуге жататын мәслихаттың шешімінің екінші данасына қол белгісі қойылып, сессия хаттамасының материалдарына қосып тіркеледі.

49. Қол қойылған соң, оның құзыреті шегінде қабылданған және азаматтардың құқына, бостандығы мен міндеттеріне қатысты облыстық мәслихаттың шешімдері белгіленген заңнамалық тәртібімен ресми түрде жариялауы және оларды тиісті аумақта міндетті түрде орындалуы тиіс.

50. Облыстық мәслихаттың ресми жариялауға жататын шешімдерді облыстық мәслихаттың қағаз жүзінде және электрондық түрде нормативтік құқықтық шешімдерді ресми жариялау құқына белгіленген тәртіпке сәйкес рұқсат алған баспасөз басылымдарына жолданады. Барлық осы сәтте туындаған техникалық мәселелер іс жүзінде шешіледі.

Баспасөз басылымдарына жариялау үшін жіберілетін материалдардың мазмұнына тиісті тұрақты комиссиялармен жұмыс істейтін облыстық мәслихат аппаратының бас мамандары жауап береді. Жіберілген техникалық қателіктер мен ағаттықтар үшін тиісті баспасөз басылымдары жауап береді.

Баспасөз басылымдары, келісім бойынша, облыстық мәслихаттың нормативті құқықтық шешімдері жарияланған соң өз басылымдарының тиісті нөмірлерінің екі данасын облыстық мәслихатқа жіберуі тиіс, облыстық мәслихат одан әрі оның бір данасын облыстық аумақтық әділет органына жолдайды.

Облыстық мәслихаттың шешімдерінің уақтылы әрі дұрыс жариялануына бақылау жасауды бөліскен міндетке сай облыстық мәслихат аппаратының қызметкері жүзеге асырады.

51.Ресми жариялануға жататын облыстық мәслихаттың шешімдері, егер олардың өзлерінде өзге мерзімдер көрсетілмесе, олар алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Басқа жағдайларда облыстық мәслихаттың шешімдері, егер актілердің өздерінде өзге мерзімдер көрсетілмесе, олар қабылданған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

Облыстық мәслихаттың шешімдерінде белгіленген барлық шешімдер үшін біртұтас мерзімдерден, оның жеке бөлімдерін, тармақтарын, пункттерін қолданысқа енгізудің өзге де мерзімі белгіленуі мүмкін.

52. Облыстық мәслихаттың жалпыға міндетті маңызы бар азаматтардың құқына, бостандығы мен міндеттеріне қатысты шешімдері заңнамалармен белгілеген тәртіппен облыстық аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуге тиіс.

Облыстық мәслихаттың шешімдерін тіркеуден өткізу үшін тиісті құжаттарды дайындау мәселелермен облыстық мәслихат аппаратының бас маманы-заңгер, сондай-ақ тиісті түрақты комиссиялармен жүмыс істейтін бас мамандары айналысады.

Бірлескен облыстық мәслихат шешімдері мен облыс әкімдігінің қаулыларын рәсімдеу, мемлекеттік тіркеуге ұсыну және әрі қарай жариялау мәселелерімен ондай шешімнің жобасын жасағандар айналысады.

53. Арнайы шешім қабылдау жолымен облыстық мәслихаттың шешімдерін облыстық мәслихаттың өзі ресми түсіндіреді.

Қабылданған шешімдер жөніндегі түсіндірмелерді облыстық мәслихаттың хатшысы мен тиісті тұрақты комиссияның төрағасы бере алады.

54 . Облыстық мәслихаттың әрбір шешімінде тіркеу нөмірі бар, оны қабылдаған сессияның нөмірі көрсетіледі, осы шақырылымындағы шешімдердің қатарлық нөмірі, облыстық мәслихат шақырылымының нөмірі көрсетіледі.

55. Сессияға дейін, сондай-ақ сессия жүріп жатқан кезде сессия төрағасы, облыстық мәслихаттың хатшысы немесе тұрақты комиссияның төрағасы, облыстық мәслихаттың таласты шешімінің жобасына немесе оның бөлімдері заңға сәйкестігі туралы, заң талаптары жөнінде түсіндірме беру жөніндегі қол қойылған өтініші, облыс прокуратурасына ұсыныс жолдауы мүмкін, бұндай жағдайда шешімнің қабылдауы келесі сессияға қалдырылады.

Сессия төрағасы және облыстық мәслихаттың хатшысы қабылданған шешімнің немесе оның бөлігінің заңды екендігіне күмән туындаған жағдайда, облыстық прокуратураға тиісті түсініктеме алу үшін сұрау салуға және одан жауап келгенге дейін қол қоймауға құқылы. Осы шешімнің қолданыстағы заңдарға қайшылық орын алғаны жайында жауап алған жағдайда, олар таласты мәселені шешу үшін кезектен тыс сессиясың шақыру процедурасына ықлас білдіруге құқылы.


3-бөлім. Облыстық мәслихат сессиясында шешімдер қабылдау кезінде дауыс беру тәртібі

56. Осы регламентте дауыс берудің нәтижелерін анықтау үшін пайдаланылған төмендегі түсініктер қолданылады:

депутаттардың жалпы саны - қолданыстағы заңнамаларға сәйкес облыстық мәслихат үшін белгіленген депутаттарының саны;

мәжіліске қатысушылардың саны - облыстық мәслихаттың сессия мәжілісі басталар алдында тіркелген немесе оны жүргізу барысындағы облыстық мәслихат депутаттарының саны;

жай басым дауыстар - қарайтын мәселеге байланысты, облыстық мәслихаттың депутаттардың жалпы санының, сессия мәжілісіне қатысушы депутаттардың жалпы санының жартысынан асатын дауыстың саны;

көпшілік басым дауыстар - облыстық мәслихат депутаттары жалпы санының үштен екісін құрайтын дауыстың саны.

57. Егерде қолданыстағы заңдарда және осы регламентте өзгесі қарастырылмаған болса, облыстық мәслихаттың шешімдері сессиялардың мәжілістерінде депутаттардың жалпы санының басым көпшілігі ашық немесе жасырын дауыс бергенде қабылданады.

Процедуралық мәселелер жөніндегі шешімдер, егерде өзгесі осы регламентте қарастырылмаған болса, сессия мәжілісіне қатысушы депутаттардың жалпы санының көпшілік даусымен қабылданады және хаттама толтырылады.

Процедуралық мәселелер мыналар: үзіліс, сессияны жүргізу тәртібі, мәселелерді талқылаудың кезектестігі, жарыссөзді тоқтату, сөйлеушілердің уақытын шектеу мен ұзарту, дауыс берудің тәсілдері, қайталап дауыс беруді өткізу.

Мәслихат сессиясының төрағасы егерде мәслихаттың сессиясында дауыс беру кезінде депутаттардың берген дауыстары теңдей бөлінген жағдайда шешуші дауыс беру құқығымен пайдаланады.

Барлық мәселелер бойынша дауыс берудің нәтижесі облыстық мәслихат сессиясы мәжілісінің хаттамасына енгізіледі.

58. Облыстық мәслихаттың депутаты әрбір мәселе бойынша дауыс беру кезінде бір дауысқа ие болады, шешім қабылдауға, не жақтап, не қарсы дауыс береді, немесе шешім қабылдаудан қалыс қалады.

Депутаттың жеке басы дауыс беруде өз құқығын жүзеге асырады.

Облыстық мәслихаттың депутаты дауыс беру кезінде жоқ болса, дауыс беру аяқталған соң өз дауысын беруге құқы жоқ.

59. Бірнеше кандидатураны немесе қарайтын мәселенің екеуден астам нұсқасын ұсынған кезде дауыс беру екі турда өтуі мүмкін.

Бірінші турда рейтингілік дауыс болуы мүмкін, ол кезде облыстық мәслихаттың әрбір депутаты ұсынылған қанша кандидатура болса да немесе қаралуға тиіс мәселенің ұсынылған нұсқаларына дауыс бере алады.

Екінші дауыс беру турында екі кандидатура немесе шешімнің екі нұсқасы бойынша бірінші сайланымда барынша көп дауыс алғанда жүргізіледі.

Екінші турдың қорытындысы бойынша мейлінше көп дауысқа ие болған сол кандидат сайланды немесе сол шешімнің нұсқасы қабылданды деп есептеледі, бірақ тиісті шешімді қабылдау үшін белгіленген депутаттардың дауыс беру санынан кем болмауы тиіс.

Егерде екінші дауыс турында шешімнің нұсқалары бірде-бірі қажетті дауыс санын аламаса, ондай мәселе қаралудан кері қайтарылады.

60. Облыстық мәслихаттың сессиясында ашық дауысы қол көтеру арқылы жүргізіледі. Тәртіптегідей, сессияға төрағалық етуші, дауыс берудің нәтижесін санап шығады.

Келіспеушілік болған жағдайда, сессияға төрағалық етушінің тапсыруы бойынша, дауыс берудің нәтижесін облыстық мәслихат сессиясының санақ тобы есептейді.

61. Ашық дауыс беру басталар алдында төрағалық етуші немесе оның тапсыруы бойынша редакциялық комиссияның төрағасы облыстық мәслихаттың тиісті тұрақты комиссиясының төрағасы ұсыныстардың саны туралы хабарлап, олардың дауысқа салуына сәйкес тұжырымы мен жүйелілігін айқындайды, депутаттардың қайсыбірі өз ұсынысын


қайтып алатының анықтайды, қандай көпшілік дауыспен шешім қабылдайтынын ескертеді.

Төрағалық етуші дауыс берудің басталғаны туралы хабарлаған соң, мәжілісті жүргізу тәртібі бойынша ұсыныс айтудан басқа, дауыс беруді бөлуге ешкімнің де құқы жоқ.

Дауыс берудің есептелуі аяқталысымен төрағалық етуші шешімнің қабылданғаны немесе қабылданбағаны туралы жариялайды.

Дауыс беруді жүргізу үшін қажетті кворум болмаған кезде төрағалық етуші оны қамтамасыз етудің шараларын қарастырады, ал оны қамтамасыз ету мүмкін болмаған жағдайда дауыс беру келесі мәжіліске қалдырылады.

Егерде дауыс беру кезінде процедуралық қателікке жол берілсе, онда облыстық мәслихаттың шешімі бойынша қайтадан дауыс беру өткізіледі.

62. Кез келген мәселе бойынша жасырын дауыс беру, егер депутаттардың жалпы санының кемінде бестен бірі талап етсе, сессия мәжілісіне қатысушы депутаттардың жалпы санының басым көпшілігі қолдап, облыстық мәслихаттың шешімімен өткізіледі, сондай-ақ жасырын дауыс беру облыстық мәслихаттың регламентінде қарастырылған жағдайда откізіледі.

Жасырын дауыс беру бюллетенді пайдалану арқылы өтеді.

Жасырын дауыс беруді осы үшін арнайы сайланған санақ комиссиясы жүргізеді. Санақ комиссиясы өз құрамынан төраға мен хатшыны сайлайды. Санақ комиссиясының шешімі оның мүшелерінің жалпы санының басым көпшілігі дауыс бергенде қабылданады. Комиссия мүшелерінің берген дауыстары тең түскен жағдайда комиссия төрағасының дауысы шешуші болады.

Жасырын дауысқа түскен депутаттың кандидатурасы санақ комиссиясының мүшесі бола алмайды.

Жасырын дауыс берудің бюллетені санақ комиссиясының бақылауымен оның өзі ұсынған форма бойынша облыстық мәслихаттың сайланған депутаттардың тиісті санына жететін мөлшерде дайындалады.

Бюллетеньдер таратып бергеннен кейін, санақ комиссиясында қалып кеткендерін комиссия төрағасы оның мүшелерін қатыстыра отырып жойады.

Дауыс берудің уақыты мен орнын, оны өткізудің тәртібін санақ комиссиясы белгілейді және санақ комиссиясының төрағасы депутаттарға жариялайды.

63. Облыстық мәслихаттың әрбір депутатына санақ комиссиясының мүшесі қол қойған бір бюллетень беріледі. Жасырын дауыс берудің бюллетені тиісті тізім бойынша депутаттарға беріледі. Облыстық мәслихаттың депутаты бюллетень алған кезде аталған тізімдегі өз тегінің тұсына қол қояды.

Жасырын дауыс беру кабинасында немесе жеке бөлмеде депутат бюллетенді толтыру жұмысын жүргізеді. Кандидаттың аты-жөнінің оң жағындағы бос төрт бұрышқа немесе шешімнің дауыс беретін нұсқасына белгі қояды. Жасырын дауыс беру бюллетені санақ комиссиясы дауыс беру үшін дайындаған сауытына салынады.

Санақ комиссиясы жасырын дауыс беру үшін депутаттарға жағдай жасауға міндетті.

Жарамсыз деп танылатын бюллетендер:

1) белгіленбеген үлгідегі;

2) санақ комиссиясы мүшесінің қолы қойылмаған;

3) белгіленген бір кандидаттан немесе шешім жобасынан асқан;

4) белгі қарындашпен қойылған, түзету немесе өзге де бұрмалау іздері бар, сондай-ақ дауыс берушінің ерік білдіруін анықтау мүмкін емес болса.

Жасырын дауыс берудің нәтижелері туралы санақ комиссиясы хаттама жасайды, оған комиссияның барлық мүшелері қол қояды. Жасырын дауыс берудің қорытындылары туралы санақ комиссиясының баяндамасын облыстық мәслихат мағлұмат ретінде қабылдайды.

Облыстық мәслихат санақ комиссиясының хаттамасы негізінде талқыланған мәселе бойынша шешім қабылдайды.

64. Облыстық мәслихатының, оның ішінде облыс әкімдігімен бірігіп, бұрын қабылданған шешімдердің күшін жою, оларға өзгерістер мен толықтырулар енгізу, егер басқа жолы заңмен немесе осы регламентпен белгіленбеген болса, олар қабылданған тәртіп бойынша жасалынады.


3-ТАРАУ. ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТТЫҢ өз ҚҰЗЫРЕТІНЕ ЖАТАТЫН ЖЕКЕ МӘСЕЛЕЛЕРДІ ҚАРАУЫ

4-бөлім. Жоспарларды, облыстың дамуындағы экономикалық және әлеуметтік бағдарламаны, облыстық бюджетті және олардың орындалуы туралы есептерді бекіту

65. Жоспарлардың жобалары, облыстың дамуындағы экономикалық және әлеуметтік бағдарламаны және олардың орындалуы туралы есептері облыстық мәслихатқа, оларды облыстық мәслихаттың сессиясында қараған күнге дейін кемінде бір айдан кешіктірмей табыс етіледі.

Облыстық бюджет жобасы және облыстық бюджеттің атқарылуы туралы жылдың есебі облыстық мәслихатқа қолданыстағы заңнамалармен белгіленген мерзімде енгізіледі.

Оларды хаттамалау облыстық мәслихат шешімдерінің жобалары үшін осы регламент белгіленген талаптарға сай болуы тиіс.

Облыс әкімдігімен облыстық мәслихатқа жолданған облыстық бюджет жобасына енгізетін толықтырулар мен өзгертулер қолданыстағы заңнамалармен және осы регламентпен белгіленген мерзімнен кейін қаралмайды.

66. Жоспарлардың, облыстың дамуындағы экономикалық және әлеуметтік бағдарламалардың жобалары, түсіндірмелік жазбамен, сондай-ақ бұрынғы осындай жоспарлар мен бағдарламалардың орындалуы туралы талдаулармен жолдануы тиіс.

Облыстық бюджеттің жобасы және облыстық бюджеттің атқарылуы туралы жылдың есебі қолданыстағы заңнамалармен көзделген материалдармен бірге болуы қажет.

Сессия төрағасы, облыстық мәслихаттың хатшысы, тұрақты комиссиялардың төрағалары мәніне қарай аталған мәселелерді қарау үшін қажетті қосымша мәліметтерді сұрап алуға құқы бар.

67. Жоспарлар, облыс дамуының экономикалық және әлеуметтік бағдарламалары, олардың орындалуы туралы есептері, сондай-ақ облыстық бюджеттің орындалуы туралы есебі қолданыстағы заңнамалармен, сондай-ақ осы регламентте белгілеген тәртіпке сәйкес облыстық мәслихаттың сессиясында қаралады және бекітіледі.

Жоспарларды, бағдарламаларды, облыстық бюджетті және оларды орындаудың есептерін бекіту облыстық мәслихаттың шешімдер қабылдау жолымен жүзеге асырылады, егерде оған депутаттардың жалпы санының басым көпшілігі дауыс берсе қабылданды деп есептеледі.

Егерде дауыс берудің нәтижесінде жоспар немесе бағдарлама бекітілмей қалған жағдайда, олар тек облыстық мәслихаттың басқа сессиясында қаралуы мүмкін, ал оларды орындау туралы есептері, сондай-ақ облыстық бюджеттің орындалуы туралы есебі бекітілмеген жағдайда, қосымша талқылаудан кейін сол сессияда қайтадан дауыс беруі өткізілуі мүмкін.

68. Облыстық бюджеттің жобасы алдын ала облыстық мәслихаттың тұрақты комиссияларында қаралады. Тұрақты комиссиялар өз мүшелерінің қатарынан жұмысшы топтарды құрады. Жұмысшы топтардың пікірін есепке алып, тұрақты комиссиялар дәйекті айқындалған ұсыныстар мен толықтыруларды ендіріп, тиісті дәйектермен және есептермен тиісті тұрақты комиссиясына жолдайды.

Тиісті тұрақты комиссиясы тұрақты комиссиялардан келіп түскен ұсыныстарды жинақтап, облыстық мәслихат сессиясының қарауына енгізеді. Осыған сәйкес бүл жиынтыққа тек тиісті негіздемелері мен есептері бар ұсыныстар енгізіледі.

Бюджеттік Кодексімен белгіленген бюджет жобасына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы депутаттардың ұсыныстары негізділік принциптері мен бюджеттің теңгерімділігін сақтау принциптеріне сәйкес болуы тиіс. Бұл ұсыныстар әдеттегідей, облыстық мәслихаттың тиісті тұрақты комиссиясында алдын ала қаралуға тиісті. Олар тікелей сессияда жарияланса, онда сессияның редакциялық комиссиясы оларды дауысқа салады.

Облыстық мәслихаттың сессиясында облыстық бюджет жобасын талқылауға облыс әкімінің немесе жергілікті атқарушы орган уәкілеттк берген адамының (адамдарының) облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуының және бюджеттік параметрлерінің болжамы, облыстық бюджеттің жобасы бойынша, сондай-ақ мәслихат уәкілеттік берген адамдарының облыстық бюджеттің жобасы бойынша қорытындысымен қоса баяндамалары кіреді.

Бастапқыда тиісті жылдың облыстық бюджеті туралы шешімнің жобасын негіз ретінде қабылдау туралы мәселе дауысқа түседі. Одан әрі, оңды шешім қабылданған жағдайда әрбір өзгерту мен толықтыру жеке-жеке дауысқа салынады. Бұл процедура аяқталғаннан кейін шешімнің жобасы, қабылданған өзгертулер мен толықтырулар ескеріліп, тұтасымен дауыс беруге қойылады.

Егер дауыс берудің нәтижесінде облыстық бюджет туралы шешімнің жобасы негіз ретінде қабылданбаса немесе өзгертулер мен толықтыруларды есепке алып, шешімді тұтасымен қабылдау үшін дауыс беру кезінде ол депутаттар дауыстарының қажетті санын жинамаса, онда облыстық бюджет бекітілмеген болып есептеледі.

Облыстық бюджет бекітілмеген жағдайда облыстық мәслихат сессиясының жұмысында келісімдік процедураларды өткізу үшін үзіліс жарияланады. Бюджеттің өзге параметрлерін немесе оның жеке бөліктерін келісуді бюджетті жасаушылармен тиісті тұрақты комиссия немесе бұл үшін мәслихат шешімімен арнайы құрылған келістіру комиссиясы өткізеді.

Облыстық бюджетті нақтылау заңнамалармен және осы регламентте облыстық бюджетті жасау және бекіту үшін белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.

69. Облыстық мәслихат облыстық бюджеттің атқарылуы туралы облыстық тексеру комиссиясының есебін алғаннан кейін облыс әкімдігінің облыстық бюджеттің атқарылуы жөніндегі жылдық есебін есепті қаржы жылы ішінде мәслихаттың тұрақты комиссияларында бір ай ішінде қарайды.

Жылдық есепті қараған кезде мәслихат:

әкімдік уәкілеттік берген адамдардың облыстық бюджеттің атқарылуы және тиісті кезеңге арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамында және бюджеттік өлшемдерде қабылданған өңірдің салық-бюджет саясатының негізгі бағыттарының іске асырылуы туралы баяндамасын;

облыстық тексеру комиссиясы төрағасының облыстық бюджеттің атқарылуын бақылау нәтижелері туралы баяндамасын;

мәслихат уәкілеттік берген адамның (адамдардың) облыстық бюджеттің атқарылуы туралы есеп бойынша қорытынды жасалған баяндамасын тыңдайды.

1   2   3   4   5

Похожие:

Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының регламенті iconОңтүстік Қазақстан облысының жекелеген әкімшілік-аумақтық бірліктерін қайта атау туралы
Бірлескен Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2006 жылғы 30 маусымдағы n 23/271-iii шешімі және Оңтүстік Қазақстан облыстық...
Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының регламенті iconОңтүстік Қазақстан облысының облыстық маңызы бар қалаларында аймақтардың шекаралары мен жер телімдері үшін ақы төлеудің базалық ставкасына қолданылатын түзету коэффициенттерін белгілеу туралы
Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2001 жылғы 27 маусымдағы n 11/127-іі шешімі. Оңтүстік Қазақстан облыстық Әділет басқармасында...
Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының регламенті icon"Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша жер учаскелері жеке меншікке берілген кезде олар үшін төлемақының базалық ставкаларын белгілеу туралы" Оңтүстік Қазақстан
Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2012 жылғы 24 ақпандағы №2/16-v және Оңтүстік Қазақстан облыстық әкімдігінің 2012 жылғы...
Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының регламенті iconОңтүстік Қазақстан облысы бойынша 2008 жылға қоршаған ортаға эмиссия үшін төлем ставкаларын белгілеу туралы
Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2008 жылғы 27 наурыздағы n 5/71-iv шешімі. Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде...
Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының регламенті iconОңтүстік Қазақстан облысының жекелеген әкімшілік-аумақтық бірліктерін қайта атау туралы
Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2008 жылғы 7 шілдедегі n 8/111-iv шешімі және Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2008...
Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының регламенті iconТүркістан қаласының аумағында орналасқан республикалық маңызы бар тарихи және мәдени ескерткіштерді қорғау аймақтарының шекараларын бекіту туралы
Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2011 жылғы 29 маусымдағы n 41/401-iv шешімі. Оңтүстік Қазақстан облысы Әділет департаментінде...
Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының регламенті iconОңтүстік Қазақстан облысының білім басқармасының бастығы
Оңтүстік Қазақстан облысының білім басқармасы «Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясы» қоғамдық бірлестігінің облыстық филиалымен...
Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының регламенті iconҚазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Оңтүстік Қазақстан облыстық әкімдігі, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті Қазақ хандығының 550 жылдығына...
Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының регламенті iconАқтөбе облыстық мәслихатының ш е ш І м І
«Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясының депутаттық фракциясын облыстық мәслихатта тіркеу туралы
Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының регламенті iconШығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2012 жылғы 7 желтоқсандағы Сессияның №8/104-v шешімімен бекітілген Шығыс Қазақстан облысының аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы
Туризм
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница