Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының регламенті




НазваниеОңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының регламенті
страница1/5
Дата конвертации12.02.2016
Размер0.74 Mb.
ТипРегламент
источникhttp://www.maslihat_uko.shym.kz/doc/regkaz.doc
  1   2   3   4   5


Оңтүстік Қазақстан облыстық

мәслихатының 2007 жылғы

19 шілдедегі №34/384-ІІІ

шешімімен бекітілген

27 наурыз 2009 жылы №15/199-IV

24 қыркүйек 2010 жылы №33/343-IV

21 қыркүйек 2011 жылы №44/434-IV

өзгертулермен


Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының

РЕГЛАМЕНТІ


1 ТАРАУ. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР


1. Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының Регламенті облыстық мәслихаттың сессияларын және оның органдарының мәжілістерін өткізу, оларға мәселелер енгізу мен қарау, мәслихат органдарын құру мен сайлау, олардың қызметі туралы есептерді тыңдау, депутаттардың сауалдарын қарау, көпшілік тыңдауларды жүргізу, облыстық мәслихаттың депутаттары мен лауазымды тұлғалардың өкілеттілігін жүзеге асыру тәртібін, сондай-ақ дауыс беру, аппараттың жұмысын ұйымдастыру және облыстық мәслихаттың басқа да жұмыс барысындағы процедуралық әрі ұйымдастыру мәселелер тәртібін белгілейді.

2. Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты облыс аумағында Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы» Заңы және Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік құқықтық актілерімен белгіленген өзінің құзыреті шегінде жергілікті мемлекеттік басқаруды және өзін өзі басқаруды жүзеге асырады.

З. Қажет болған кезде облыстық мәслихаттың атауына оның шақырылымының қатарлық нөмірі қосылады.

4. Облыстық мәслихаттың қызметі саяси көпсипаттағы және көппартиялық мәселелерді еркіндік, ұйымдаса талқылау және шешу принциптеріне негізделеді.

Облыстық мәслихаттың және оның органдарының мәжілістері ашық өткізіледі. Осы регламентте көзделген жағдайларда, облыстық мәслихат жабық мәжілістер өткізе алады.

5. Облыстық мәслихатта жұмыс қазақ және орыс тілдерінде жүргізіледі. Сессиялардың мәжілістері, әдеттегідей, мемлекеттік тілде өтеді және ілеспе аудармамен қамтамасыз етіледі.

2 ТАРАУ. ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТ ЖҰМЫСЫНЫҢ ТӘРТІБІ


1-бөлім. Облыстық мәслихат жұмысының басталуы, облыстық мәслихат сессияларын өткізудің тәртібі


6. Жаңадан сайланған облыстық мәслихат жұмысының басталуы облыстық мәслихаттың бірінші сессиясының ашылғанынан саналады.

Жаңадан сайланған облыстық мәслихаттың бірінші сессиясын облыстық мәслихат үшін белгіленген депутаттар санының кемінде төрттен үші болған ретте, мәслихат депутаттары тіркелген күннен бастап отыз күн мерзімнен кешіктірмей, облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы шақырады.

7. Облыстық сайлау комиссиясының төрағасы облыстық мәслихаттың бірінші сессиясын ашады және облыстық мәслихат сессиясының төрағасын сайлағанға дейін жүргізеді.

Облыстық сайлау комиссиясының төрағасы сессияны ашқан соң әрбір депутатты таныстыра отырып, облыстық мәслихаттың сайланған депутаттарын тіркеу туралы сайлау комиссиясының шешімін жария етеді, содан соң облыстық мәслихаттың бірінші сессия төрағасының сайлауын жүргізеді.

8. Облыстық мәслихаттың бірінші сессиясының бірінші мәжілісінде облыстық мәслихаттың хатшысы сайланады, құрылған тұрақты комиссиялардың тізбесіне өзгерістер енгізіледі, олардың сандық құрамы анықталады, содан соң ақылдасу үшін үзіліс жарияланады.

Облыстық мәслихаттың хатшысының және басқа депутаттардың ұсынысы бойынша кейінгі мәжілістерде тұрақты комиссиялардың төрағалары соңынан осы комиссиялардың мүшелері сайланады.

9.Облыстық мәслихаттың сессиясы кемінде жылына төрт рет шақырылады және сессияны облыстық мәслихат сессиясының төрағасы жүргізеді.

Әрбір сессияның өз қатарлық нөмірі бар. Сессиялардың сандары әрбір шақырылымында біріншіден басталады.

Облыстық мәслихаттың хатшысы облыстық мәслихат сессиясын шақыру уақыты мен өткізілетін орны туралы, сондай-ақ сессияның қарауына енгізілетін мәселелер туралы депутаттарға, халыққа және әкімге сессияға кемінде он күн қалғанда хабарлайды.

Мәслихаттың хатшысы сессияның қарауына енгізілетін мәселелер бойынша қажетті материалдарды депутаттарға және облыс әкіміне - сессияға кемінде бес күн қалғанда табыс етеді.

10. Облыстық мәслихаттың кезектен тыс сессиясын облыстық мәслихатқа сайланған депутаттар санының кемінде үштен бірінің, сондай-ақ облыс әкімінің ұсынысы бойынша шақырылады.

Облыстық мәслихаттың кезектен тыс сессиясы «кезектен тыс» деген сөз қосылып, сессияның кезекті қатарлық санымен нөмірленеді.

Кезектен тыс облыстық мәслихаттың сессиясын облыстық мәслихат кезекті сессиясының төрағасы шақырады және жүргізеді, кезекті сессияны жүргізу құқы сақталады.

11. Облыстық мәслихаттың сессиясы пленарлық мәжілістер түрінде өткізіледі.

Облыстық мәслихат сессиясы әдеттегідей, ашық сипат алады.

Жабық сессияны сессия төрағасының немесе облыстық мәслихаттың сессиясына қатысушы депутаттардың үштен бірінің ұсынысымен, егерде қатысқан депутаттардың басым көпшілігі оны жақтап дауыс берсе, облыстық мәслихаттың шешімімен өткізуге болады.

Облыстық мәслихаттың сессиясының жабық мәжілістерінің мазмұны туралы мағлұматтарды жария етуге болмайды, тек депутаттар облыстық мәслихаттағы қызметі үшін пайдалануы мүмкін.

12. Облыс әкімі, Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары, облыс әкімдігінің мүшелері, облыстық соттың төрағасы, облыс прокуроры, облыстық аумақтық әділет органның, ұлттық қауіпсіздік Комитеті облыстық департаментінің басшылары, облыстық сайлау комиссиясының төрағасы облыстық мәслихаттың сессияларына қатысуға құқылы және сөздерін тындатуға хақы бар.

Облыс әкіміне облыстық мәслихат сессиясы өткізілетін залда арнайы орын белгіленеді.

Басқа тұлғалар тек қана сессия төрағасының немесе облыстық мәслихат хатшысының шақыруы бойынша облыстық мәслихат сессиясының мәжілістеріне қатыса алады.

13. Облыстық мәслихат сессия төрағасының мәслихат қызметіне қатысты мәселелер бойынша хабарламамен таныс болу үшін облыс аумағында орналасқан жергілікті атқарушы органдардың, ұйымдардың, мекемелердің және кәсіпорындардың басшыларын және өзге де лауазымды адамдарын облыстық мәслихаттың сессиясына шақыруға құқы бар. Бұл ретте шақырылғандар заң бойынша міндетті түрде келулері тиіс.

Хабарларма беру үшін облыстық мәслихаттың сессиясына шақырылған басшылардың және өзге де лауазымдық тұлғалардың ешбір белгілі себепсіз келмей қалуы облыстық мәслихат хатшысының қолданыстағы заңнамаларға сәйкес оларды тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы тиісті органдардың алдына мәселе қоюға негіз болып табылады.

14. Сессияға шақырылғандардың тізімін облыстық мәслихаттың хатшысы қаралатын мәселелерді және тиісті тұрақты комиссиялар төрағаларының ұсыныстарын ескеріп, сессия төрағасының келісімі бойынша жасайды.

Бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері облыстық мәслихаттың ашық сессия мәжілістеріне шақырусыз редакциялардың тапсырмасы негізінде қатысуға құқылы және мәжіліс залына куәлік көрсеткен кезінде жіберіледі.

15. Облыстық мәслихаттың сессиясына шақырылған адамдарға мәжіліс залында арнайы орындар белгіленген. Олардың облыстық мәслихаттың қызметіне араласуға құқықтары жоқ, оның жұмысын мақұлдаудан немесе құптаудан қалыс қалуға, белгіленген тәртіпті сақтауға және төрағалық етушінің өкіміне бағынуға міндетті. Осы талаптар сақталмаған сәтте оларды залдан шығарылып жіберілуі мүмкін.

Облыстық мәслихат сессиясының төрағасының ұсынысы бойынша шақырылғандардың сессияда сөйлеуге және депутаттардың сұрақтарына жауап беруге құқы бар.

Депутаттардың қызметін қамтамасыз ету мақсатында облыстық мәслихаттың аппаратындағы мемлекеттік қызметкерлер облыстық мәслихат хатшысы айқындаған тәртіпке сай облыстық мәслихат сессияларының мәжілістеріне қатысады.

Облыстық мәслихаттың сессиясын өткізу барысында ұялы телефондарды және басқа да байланыс құралдарын пайдалануға тыйым салынады.

16. Облыстық мәслихаттың сессияларының мәжілістерінде сессияны өткізуі туралы стенограмманың магнитті таратқышына жазылады, соның негізінде бір ай мерзімде хаттама жасалып оған сессияның төрағасы және облыстық мәслихаттың хатшысы қол қояды.

Облыстық мәслихаттың депутаты, сондай-ақ сессияда сөйлеген адамдар өз сөздерінің хаттамаға енгізгенге дейін стенограммасымен танысуға құқылы.

17. Әдеттегідей, облыстық мәслихаттың сессиясының пленарлық мәжілісі сағат 10-00-де басталып, барлық мәселелерді қарап біткен соң аяқталады. Жұмыстың әрбір екі сағаты өткен соң 20 минутке үзіліс жарияланады. Түскі тамақтың үзілісі 13-тен 14-ке сағатқа дейін.

Егер сессия жұмысында сағат күндізгі 18-ге дейін барлық мәселелер қаралып бітпеген жағдайда, сессия жұмысының жалғасы келесі күнгі 10-00-ға ауыстырылады.

Сессия жұмысында мәслихаттың шешімі бойынша мәслихат белгілеген он бес күнтізбелік күннен аспайтын мерзімге үзіліс жасалуы мүмкін.

Пленарлық мәжіліс жұмысының басталар уақыты облыстық мәслихат сессиясы төрағасының шешімі бойынша, ал мәжілістер жұмысының ұзақтығы мен олардың арасындағы үзілістер - мәслихаттың шешімі бойынша өзгертілуі мүмкін.

18. Облыстық мәслихат сессиясының жұмысы басталғанға
дейін сессияға келген депутаттардың тіркелуі жүргізіледі.

Депутаттардың тіркелуі сессияның жұмысына бір сағат қалғанда басталады және оның жұмысы басталуымен аяқталады. Сессия жұмысына қатысып отырған депуттатардың санында кейінгі өзгерістер сессия хатшылығымен тіркеліп және сессияның төрағасына мәлім етіледі.

Облыстық мәслихаттың сессиясы, егерде оған депутаттардың жалпы санынан кемінде үштен екісі қатысса, заңды болып есептелінеді.

Облыстық мәслихаттың сессия мәжілісін ашудың алдында төрағалық етуші келген депутаттардын санын айтып, сессияның жұмысын бастауға толық құқықты екендігін хабарлайды.

Облыстық мәслихаттың депутаты облыстық мәслихаттың сессия мәжілістеріне қатысуға міндетті.

Облыстық мәслихаттың депутаты орынды себеппен сессия мәжілісіне қатысуға мүмкіндігі болмаса сессия өтуден бір күн бұрын облыстық мәслихаттың хатшысын хабардар етуге міндетті.

19. Облыстық мәслихаттың әрбір сессиясында ашық дауыс беру арқылы, сессия мәжілісіне қатысушы депутаттардың басым көпшілігі дауысымен, санақ тобы, хатшылық, редакциялық комиссиясы сайланады.

Сессияның аталған жұмысшы органдарының жекелеген құрамы жөніндегі ұсыныстарды бөлінген өкілеттіктеріне сәйкес облыстық мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірі әзірлейді және сессия жұмысының басталар алдындағы тіркеу кезінде жоба түрінде депутаттарға таратылады.

20. Облыстық мәслихат сессиясының санақ тобы екі адамнан сайланады. Ол сессия төрағасымен бірге облыстық мәслихаттың шешімдерін қабылдау кезінде келіспеушілік жағдайда дауыстарды санауды жүзеге асырады.

21. Облыстық мәслихат сессиясының хатшылығы үш адамнан сайланады.

Облыстық мәслихат сессиясының хатшылығы сөйлейтіндерді сөзге жазып отырады, депутаттардан түсетін сауалдарды, анықтамаларды, арыздарды, ұсыныстар мен басқа да материалдарды тіркейді, сөйлеуге жазылғандардың тізімі туралы және аталған материалдар жайында төрағалық етушіге хабарлайды, сессия мәжілісінің стенограммалық жазбасын бақылайды, сессияның өтіп жатқан кезінде депутаттардың төрағалық етушімен байланысын қамтамасыз етеді, облыстық мәслихаттың сессия мәжілісін қамтамасыз ету жөніндегі өзге де міндетті істерді орындайды.

22. Облыстық мәслихаттың сессиясының редакциялық комиссиясы бес адамнан сайланады.

Облыстық мәслихаттың редакциялық комиссиясы облыстық мәслихат шешімдерінің жобалары бойынша депутаттық топтардан, уақытша комиссиялардан, депутаттардан түскен ұсыныстар мен ескертпелерді жалпылайды және оларды қабылдау кезінде облыстық мәслихат шешімдерінің жобаларына қосымша және өзгерістер түрінде енгізуге дауысқа салады.

23. Облыстық мәслихат сессиясының мәжілісі облыстық мәслихаттың шешімімен әрбір сессия жұмысының басында бекітілген күн тәртібіне сәйкес өтеді.

24. Сессияның күн тәртібін облыстық мәслихаттың ағымдағы жылдың жұмыс жоспарына сәйкес, сондай-ақ тұрақты комиссиялардың және облыстық мәслихат хатшысының ұсыныстары негізінде, облыстық мәслихат сессиясының төрағасы қалыптастырады және алдын ала шешімдердің жобасы ретінде барлық депутаттарға таратылады.

Сессияның күн тәртібі туралы жобасын сессия мәжілісінде қарауға дейін облыстық мәслихат енгізген мәселелер олардың ынтагерлері берген жазбаша пікірі негізінде кез келген уақытта сессия төрағасының немесе облыстық мәслихат хатшысының қарауы бойынша одан алынып тасталуы мүмкін.

Сессияның күн тәртібін бекітер кезде оған өзгертулер мен қосымшалар енгізілуі мүмкін. Бұл мәселелер жәніндегі ұсыныстар тұрақты комиссиялармен енгізіледі. Сессия күн тәртібінің жобасына өзгертулер енгізу туралы мәселені депутаттарының көпшілік дауыс беруімен облыстық мәслихат шешеді.

25. Облыстық мәслихаттың депутаты, егерде өзгелер осы регламентте белгіленбесе, сессияда мәселелерді қарау үшін тиісті тұрақты комиссияларға немесе облыстық мәслихаттың хатшысына ұсыныстар жасау жолымен өз құқын жүзеге асырады. Егерде депутат ұсынған қандай да бір мәселені тиісті тұрақты комиссиясы қабылдамаса, ол сессияда бұл туралы арыз айта алады. Осы мәселені қарау туралы депутаттардың жалпы санының басым көпшілігі дауыс беріп, шешім қабылдаған жағдайда, бұл мәселе алдын
ала қарау үшін тұрақты комиссияға жіберіледі және міндетті түрде келесі кезекті сессияның күн тәртібіне енгізіледі.

Заңға сәйкес облыстық әкімдігімен облыс әкімінің облыстық мәслихатының қаралуына енгізген мәселелерін облыстық мәслихаттың хатшысы алдын ала қарау үшін тиісті тұрақты комиссияларға жолдайды.

Тиісті тұрақты комиссияның қорытындысы болмайынша, сайлау мәселелерден басқалары, облыстық мәслихаттың сессиясында қаралмайды.

26. Облыстық мәслихаттың сессиясында мәселелерді қараған кезде сөз сөйлеудің төмендегі түрлері пайдаланылады: баяндама, қосымша баяндама, талқыланған мәселе бойынша қорытынды сөз, кандидатураларды талқылағанда, дауыс беру рәсімі, мәжілісті жүргізу тәртібі бойынша хабарлама, жарыссөз. сондай-ақ сауалдар, сұрақтар, сұрақтарға жауаптар, анықтамалар, арыздар, жолданымдар.

27. Баяндаманың, қосымша баяндаманың, қорытынды сөз бен хабарламаның уақытын баяндамашымен және қосымша баяндамашымен келісе отырып, облыстық мәслихат сессиясының төрағасы белгілейді, бірақ баяндама 30 минуттен, қосымша баяндама - 20 минуттен, хабарлама – 15 минуттен, қорытынды сөз - 10 минуттен аспауы тиіс.

Жарыссөзде сөйлегендерге 10 минутке дейін, жарыссөзде қайталап сөйлегені үшін, сондай-ақ облыстық мәслихат шешімдерінің жобасын талқылау кезінде сөйлегені үшін - 5 минутке дейін, мәжілісті жүргізу тәртібі бойынша, дауыс беру рәсімі бойынша, кандидатуралар туралы, арыз, ұсыныстар, жолданымдар, сұрақтар, сұрақтарға жауаптар, анықтамалар үшін - 3 минутке дейін беріледі.

Сессияға төрағалық етуші белгіленген уақыт өте салысымен ол туралы сөйлеушіге ескертеді, ал одан соң оның сөзін бөлуге құқылы.

Сессияға қатысып отырған депутаттардың басым көпшілігінің келісіміне орай төрағалық етуші мәжілістің күн тәртібіне енгізілген мәселені талқылаудың жалпы ұзақтығын, сүрақтар мен жауаптарға бөлінген уақыттысың белгілей алады, сөйлеушілердің уақытын созуы мүмкін.

28. Облыстық мәслихаттың сессиясында төрағалық етуші рұқсат бермей ешкімнің сөйлеуге құқысы жоқ. Бүл қағиданы бұзған адамның ескертусіз сөзіне тыйым салынады.

Сессияда тек мінбеден ғана сөйлеуге болады.

Облыстық мәслихаттың депутаты бір мәселе бойынша екі реттен көп сөйлей алмайды.

Облыстық мәслихаттың депутаты жарыссөздің бітіп қалуына байланысты сөйлей алмай қалса, жазылған сөзін сол сессияның хаттамасына қоса тіркеуге құқылы.

29. Сессияға қатысып отырған облыс әкімі, әрбір мәселе бойынша депутаттармен теңдей негізде сөйлеуге құқы бар. Облыс әкімі сессияға енгізген мәселелерді талқылау барысында, сондай-ақ ол осы регламент белгілеген уақыт шектеуінде бір мәрте анықтама беру үшін сөз алуға және қорытынды сөз сөйлеуге мүмкіндігі бар.

30. Талқыланған мәселе бойынша сессия мәжілісіне қатысушы депутаттар санының басым көпшілігінің дауыс беруімен облыстық мәслихаттың депутаттарының шешімі бойынша жарыссөз тоқтатылуы мүмкін.

Сессияға төрағалық етуші жарыссөзді тоқтату туралы ұсынысты алысымен, сөзге жазылғандар мен сөйлегендердің саны жайлы депутаттарға хабарлайды, кім жазылып, бірақ сөйлемеген депутаттардың сөз сұрап тұрғаның анықтайды, депутаттардың мақұлдаумен, ондайларға сөз береді.

Жарыссөзді тоқтату туралы шешім қабылданған соң, баяндамашы мен қосымша баяндамашының қорытынды сөз алуға құқы бар.

31. Облыстық мәслихаттың сессиясында сөйлеушінің депутаттық этиканың қағидаларын бұзуға - өзінің сөзінде дөрекі, кеміту лебіз қолдану, басқа адамдардың ар-намысына тиетін, абыройына дақ түсіретін сөздер айтуға, біреудің атына дәйексіз айып тағу, біле тұра жалған хабар-ошарды пайдалануға, заңсыз іс-қимылға шақыруға, Конституцияға қайшы сөйлеуге құқығы жоқ. Аталған этикалық қағидаларды бұзған жағдайда төрағалық етуші сөйлеушіге ескертеді, ал ол екінші рет қайталаса сөйлеуге тыйым салады.

Сөйлеушінің, төрағалық етушінің, басқа да депутаттар мен қатысушылардың атына дөрекі, қорлау сөздерді айтып жіберсе, ескертусіз сөзіне тыйым салынады.

Сөйлеушінің, сессияда талқыланған мәселенің тақырыбынан анық ауыткып кеткен жағдайда да сөзіне тыйым салынады.

32. Сессияда төрағалық етуші осы регламенттегі ережелерді бұзған кезде облыстық мәслихаттың депутатына ескерту жасауға құқылы, ал екінші рет тағы да қайталаса сөзіне тыйым салуға мүмкіндігі бар.

Сессияда төрағалық етуші шақырылған адамдардың арасынан облыстық мәслихат сессиясының жұмысына кедергі жасаушыларды мәжіліс залдан шығара алады.

33. Облыстық мәслихаттың сессия мәжілісіне төрағалық етуші сессияны жүргізу барысында талқылайтын мәселелердің тұрғысында өз пікірін айтуға, облыстық мәслихат депутаттарының сөздеріне шолу жасауға, сөйлеушілерге
мінездеме беруге құқылы емес.

Егерде төрағалық етуші қандай да бір мәселенің талқылауына қатысуды қажет деп санаса, ол сөйлеу үшін жалпы тәртіппен жазылады және өзінің сөйлеген сәтінде өз төрағалық міндетін облыстық мәслихаттың хатшысына жүктейді.

Ашық дауысқа салуға қатыса отырып, төрағалық етуші ең соңында дауыс береді.

Осы регламенттің талаптарын төрағалық етуші бұзған кезде облыстық мәслихаттың сессиясы аяқталғанға дейін басқа төрағалық етушіні сайлауға құқылы. Облыстық мәслихат сессиясы төрағасының өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы мәселе сессияға қатысушы депутаттардың кемінде үштен бірінің талаптары бойынша дауысқа салынады және облыстық мәслихат депутаттарының жалпы санының басым көпшілігі дауыс бергенде қабылданады.

  1   2   3   4   5

Похожие:

Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының регламенті iconОңтүстік Қазақстан облысының жекелеген әкімшілік-аумақтық бірліктерін қайта атау туралы
Бірлескен Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2006 жылғы 30 маусымдағы n 23/271-iii шешімі және Оңтүстік Қазақстан облыстық...
Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының регламенті iconОңтүстік Қазақстан облысының облыстық маңызы бар қалаларында аймақтардың шекаралары мен жер телімдері үшін ақы төлеудің базалық ставкасына қолданылатын түзету коэффициенттерін белгілеу туралы
Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2001 жылғы 27 маусымдағы n 11/127-іі шешімі. Оңтүстік Қазақстан облыстық Әділет басқармасында...
Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының регламенті icon"Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша жер учаскелері жеке меншікке берілген кезде олар үшін төлемақының базалық ставкаларын белгілеу туралы" Оңтүстік Қазақстан
Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2012 жылғы 24 ақпандағы №2/16-v және Оңтүстік Қазақстан облыстық әкімдігінің 2012 жылғы...
Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының регламенті iconОңтүстік Қазақстан облысы бойынша 2008 жылға қоршаған ортаға эмиссия үшін төлем ставкаларын белгілеу туралы
Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2008 жылғы 27 наурыздағы n 5/71-iv шешімі. Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде...
Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының регламенті iconОңтүстік Қазақстан облысының жекелеген әкімшілік-аумақтық бірліктерін қайта атау туралы
Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2008 жылғы 7 шілдедегі n 8/111-iv шешімі және Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2008...
Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының регламенті iconТүркістан қаласының аумағында орналасқан республикалық маңызы бар тарихи және мәдени ескерткіштерді қорғау аймақтарының шекараларын бекіту туралы
Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2011 жылғы 29 маусымдағы n 41/401-iv шешімі. Оңтүстік Қазақстан облысы Әділет департаментінде...
Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының регламенті iconОңтүстік Қазақстан облысының білім басқармасының бастығы
Оңтүстік Қазақстан облысының білім басқармасы «Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясы» қоғамдық бірлестігінің облыстық филиалымен...
Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының регламенті iconҚазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Оңтүстік Қазақстан облыстық әкімдігі, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті Қазақ хандығының 550 жылдығына...
Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының регламенті iconАқтөбе облыстық мәслихатының ш е ш І м І
«Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясының депутаттық фракциясын облыстық мәслихатта тіркеу туралы
Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының регламенті iconШығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2012 жылғы 7 желтоқсандағы Сессияның №8/104-v шешімімен бекітілген Шығыс Қазақстан облысының аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы
Туризм
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница