Конкурс бойынша тағайындау және кафедра меңгерушісімен еңбек шартын жасау конкурсқа қатысу туралы арызды қабылдау мерзімі аяқталған күннен бастап екі ай мерзімі ішінде жүргізіледі




Скачать 41.49 Kb.
НазваниеКонкурс бойынша тағайындау және кафедра меңгерушісімен еңбек шартын жасау конкурсқа қатысу туралы арызды қабылдау мерзімі аяқталған күннен бастап екі ай мерзімі ішінде жүргізіледі
Дата конвертации12.02.2016
Размер41.49 Kb.
ТипКонкурс
источникhttp://kaznu.kz/content/files/news/folder5/конкурстык ереже.doc
Бекітемін

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ

ректорының у.м.а. М. Бүркітбаев

____________________________


«___» ____________ 2011 ж.

Бұйрық №_______________


Ереже

кафедра меңгерушісі лауазымына конкурстық тағайындау туралы


1. Жалпы бөлімі

1.1. Осы Ереже Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 маусымдағы № 251-III ҚРЗ Еңбек кодексіне, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі № 319- III ҚРЗ «Білім туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 18 ақпандағы № 407-IV «Ғылым туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің 2007 жылғы 14 желтоқсандағы № 635 Бұйрығымен бекітілген Педагог қызметкерлер мен оларға теңестiрiлген адамдар лауазымдарының үлгiлiк бiлiктiлiк сипаттамаларына және Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Жарғысына сәйкес қабылданды.

1.2. Ереже университеттің штаттық кестесінде көрсетілген кафедра меңгерушісі лауазымына конкурстық тағайындау негізінде туындайтын еңбек қатынастарына қолданылады.

1.3. Кафедра меңгерушісі лауазымына тағайындау конкурсына белгілі бір салаға қатысты арнайы педагогикалық не кәсіби білімі, ғылым докторы, ғылым кандидаты дәрежесі, ғылым профессоры, ассоциацияланған профессор (доцент), философия докторы (PhD) атағы бар мамандар қатысады.

1.4. Кафедра меңгерушісі лауазымына тағайындау конкурсы университеттің Ғылыми кеңесімен және университет ректорымен белгіленген мерзімдерде өткізіледі. Кафедра меңгерушісі лауазымына, әдетте, зейнеткерлік жасына толмаған жеке тұлғалар үміткер бола алады.

1.5. Кафедра меңгерушісі 3 жылдан артық емес мерзімге сайланады.


2. Конкурсты жариялау

2.1. Кафедра меңгерушісі лауазымына тағайындау конкурсы және бос лауазымдар туралы ақпарат республикалық ақпарат басылымдарында, сонымен қатар, «Қазақ университеті» газетінде оқу жылының аяғында жарияланады.

2.2. Конкурсқа қатысу туралы арыз беру – жарнаманың жарыққа шыққан күнінен бастап отыз күнтізбелік күндерден кем емес мерзімде жол беріледі.

2.3. Конкурсқа қатысу туралы арызды қабылдаудан бас тартуға үміткердің мамандылық талаптарға сай келмеуі не белгіленген мерзімде арызының берілмеуі негіз болады.

2.4 Конкурс бойынша тағайындау және кафедра меңгерушісімен еңбек шартын жасау конкурсқа қатысу туралы арызды қабылдау мерзімі аяқталған күннен бастап екі ай мерзімі ішінде жүргізіледі.

3. Конкурстық комиссияны құру

3.1 Кафедра меңгерушісі лауазымына конкурстық тағайындау туралы комиссия университет ректорының бұйрығымен құрылады.

3.2 Конкурстық комиссия конкурсты өткізудің нысанын және рәсімін айқындайды, келіп түскен конкурстық құжаттаманы талдайды, конкурстың нәтижесі бойынша шешім қабылдайды.

3.3 Конкурстық комиссияның негізгі міндеттері: барлық жеке тұлғаларға конкурсқа қатысуға тең мүмкіндік беру; конкурсқа қатысушылар арасында шынайы бәсекелестікті қамтамасыз ету; конкурстың жариялымдылықты және объективті өткізілуін бақылауға алу.

3.4 Конкурстық комиссия келесі құрамда құрылады: конкурстық комиссияның төрағасы; төрағаның орынбасары; хатшысы және комиссия мүшелері.

3.5 Конкурстық комиссияның жекелеген құрамы, саны және олардың өкілеттілігі Ғылыми кеңестің шешімімен айқындалады және университет ректорының бұйрығымен бекітіледі.


4. Конкурсқа қатысушылардың құжаттарын қабылдау және қарау

4.1 Конкурсқа қатысуға тілек білдірген жеке тұлғалар университет ректорының атына арыз береді. Арызға келесі құжаттар тіркеледі: кадрларды тіркеу жөнінде жеке парақ; өмірбаяны; белгіленген тәртіпте расталған жоғары білімі, академиялық және ғылыми дәрежесі туралы дипломдардың көшірмелері, ғылыми атағы туралы аттестат; ғылыми еңбектері және жаңашылдықтарының тізімі; соңғы жұмыс орны бойынша мінездеме. Конкурсқа қатысушы жеке тұлға мамандарды дайындауға қатысты бағыттар мен мамандықтар жөніндегі стратегиясын ұсынады.

4.2. Конкурстық комиссия, ерекше жағдайларда, конкурсқа қатысушыдан ұйымдардың не белгілі бір салада кәсіби қызметімен танымал уәкілетті жеке тұлғалардың ұсынысын талап етуге құқылы.

4.3 Кафедра меңгерушісі лауазымына жарияланған конкурсқа қатысуға тілек білдірген жеке тұлғалардың құжаттары, университет ректорының растауымен, талқылауға және алдын ала қорытынды жасауға құрылым бөлімшелерінің басшыларына жіберіледі.


5. Конкурс бойынша іріктеу тәртібі

5.1 Кафедра меңгерушісі қызметіне конкурстық тағайындау үміткерлердің келесідей кәсіби және шығармашылық қабілеттерін бағалау негізінде: анкета толтыру нысанында үміткердің аналитикалық қабілетін анықтау; эксперттік бағалау; тестілеу; сұхбат жүргізу; шығармашылық есебін тыңдау; авторлық шығармаларын қорғау; практикалық тарсырмаларды орындау және белгіленген талаптар көлемінде, үміткер мен ұсынылатын кафедраның дамуына қатысты индикаторлар мен параметрлерді қамтитын кафедраның үш оқу жылына арналған даму Стратегиясының жобасын қарау және басқа да нысанда, белгіленген көлемде, кәсіби деңгейін айқындау арқылы жүргізіледі. Бағалау нысанын конкурстық комиссия бекітеді.

5.2 Алдын ала бағалау қорытындысы бойынша, ашық дауыс беру арқылы, конкурстық комиссия шешім қабылдайды.

5.3 Комиссия хаттамасы конкурстық комиссиямен бекітіледі және конкурстық құжаттарға тіркеледі.

5.4 Конкурстық комиссияның шешімі, толық рәсімделген нысанда, үш күн ішінде университет ректоріне ұсынылуы тиіс.


6. Қорытынды бөлім

6.1 Осы Ереже құқықты іске асыру және құқық қолдану маңызы бар акт ретінде танылады, университеттің басқару жүйесін жетілдіруге және университеттің ғылыми, білім беру үдерісіне жоғары дәрежелі ғылыми-педагогикалық қызметкерлерді тартуға бағытталады.

6.2 Осы Ереже мемлекеттік ұйымдардың актілері құрамына жатады және Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Заңының 2-бабы 4-тармағының 2) тармақшасына негізделеді.

Похожие:

Конкурс бойынша тағайындау және кафедра меңгерушісімен еңбек шартын жасау конкурсқа қатысу туралы арызды қабылдау мерзімі аяқталған күннен бастап екі ай мерзімі ішінде жүргізіледі iconҚазақстан Республикасы білім және ғылым министірлігі
Пән туралы мәліметтер: «Орман ботаникасы» пәні 1 семестрде оқытылады, пәннің оқытылатын мерзімі 15 апта, жалпы көлемі – 90 сағат,...
Конкурс бойынша тағайындау және кафедра меңгерушісімен еңбек шартын жасау конкурсқа қатысу туралы арызды қабылдау мерзімі аяқталған күннен бастап екі ай мерзімі ішінде жүргізіледі iconКонкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізімі
ШЫҰУ оқу орталығы экология, нанотехнология, аймақтану мамандықтары бойынша 2010-2011 оқу жылдарында шыұ университетінде мемлекеттік...
Конкурс бойынша тағайындау және кафедра меңгерушісімен еңбек шартын жасау конкурсқа қатысу туралы арызды қабылдау мерзімі аяқталған күннен бастап екі ай мерзімі ішінде жүргізіледі iconКонкурсқа тапсырыс қабылдаудың соңғы мерзімі сағат 15. 00. 1 сәуір 2009 жылы
Государственное коммунальное предприятие на праве хозяйственного ведения «Костанайюжэлектросервис» Управления энергетики и
Конкурс бойынша тағайындау және кафедра меңгерушісімен еңбек шартын жасау конкурсқа қатысу туралы арызды қабылдау мерзімі аяқталған күннен бастап екі ай мерзімі ішінде жүргізіледі iconСұрақ: Акционерлік қоғам
Ионер қоғамға оның қызметі туралы жазбаша сұратулар беруге және сұрату қоғамға түскен күннен бастап отыз күн ішінде дәлелді жауап...
Конкурс бойынша тағайындау және кафедра меңгерушісімен еңбек шартын жасау конкурсқа қатысу туралы арызды қабылдау мерзімі аяқталған күннен бастап екі ай мерзімі ішінде жүргізіледі iconТауар, қызмет көрсету мемлекеттік сатып алу туралы келісім шартының қол қою мерзімі келісім шарт жобасы ұсынылған күннен 5 жұмыс күні аралығы болып табылады. Елеулі шарттары көрсетілген мемлекеттік сатып алудың келісім шарт жобасы №1 қосымшада берілген
...
Конкурс бойынша тағайындау және кафедра меңгерушісімен еңбек шартын жасау конкурсқа қатысу туралы арызды қабылдау мерзімі аяқталған күннен бастап екі ай мерзімі ішінде жүргізіледі iconҚ аза қ стан Республикасында зейнета қ ымен қ амсыздандыру туралы
...
Конкурс бойынша тағайындау және кафедра меңгерушісімен еңбек шартын жасау конкурсқа қатысу туралы арызды қабылдау мерзімі аяқталған күннен бастап екі ай мерзімі ішінде жүргізіледі iconКонкурсқа сарапшылар тартылған жоқ
Жаңақорған ауданы,, Шалхия елді мекенінде орналасқан №86 орта мектеп ғимаратының есік терезелерін ауыстыру және жылу жүйесіне күрделі...
Конкурс бойынша тағайындау және кафедра меңгерушісімен еңбек шартын жасау конкурсқа қатысу туралы арызды қабылдау мерзімі аяқталған күннен бастап екі ай мерзімі ішінде жүргізіледі iconКонкурсқа сарапшылар тартылған жоқ
Жаңақорған ауданы, Төменарық ауылында орналасқан №223орта мектебінің ғимаратына күрделі жөндеу жұмыстарына конкурс тәсілімен мемлекеттік...
Конкурс бойынша тағайындау және кафедра меңгерушісімен еңбек шартын жасау конкурсқа қатысу туралы арызды қабылдау мерзімі аяқталған күннен бастап екі ай мерзімі ішінде жүргізіледі iconКонкурсқа қатысуға жіберу туралы хаттама
БАҚ-та орналастыру бойынша қызметтерді мемлекеттік сатып алу жөніндегі конкурс
Конкурс бойынша тағайындау және кафедра меңгерушісімен еңбек шартын жасау конкурсқа қатысу туралы арызды қабылдау мерзімі аяқталған күннен бастап екі ай мерзімі ішінде жүргізіледі iconКонкурсқа сарапшылар тартылған жоқ
Жаңақорған ауданы, Қандөз ауылында орналасқан №240 орта мектеп ғимаратына күрделі жөндеу жұмыстарына конкурс тәсілімен мемлекеттік...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница