«Сауда-саттықты ұйымдастырушының қағидаларын келісу» мемлекеттік қызметтерінің регламенті




Скачать 116.95 Kb.
Название«Сауда-саттықты ұйымдастырушының қағидаларын келісу» мемлекеттік қызметтерінің регламенті
Дата конвертации12.02.2016
Размер116.95 Kb.
ТипРегламент
источникhttp://www.nationalbank.kz/cont/publish763127_7484.doc


Қазақстан Республикасының

Ұлттық Банк

Директорлар кеңесінің

2011 жылғы 29 желтоқсандағы

№ 259 қаулысымен
бекітілген


«Сауда-саттықты ұйымдастырушының қағидаларын келісу»

мемлекеттік қызметтерінің регламенті



  1. Жалпы ережелер


1. Мемлекеттік қызметтерді 050000, Алматы қаласы, Әйтеке би көшесі, 67 мекенжайында орналасқан Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау комитеті
(бұдан әрі – Комитет) сенбі, жексенбі, демалыс және мереке күндерінен басқа күндері, сағат 13:00-ден 14:00-ге дейінгі түскі үзіліспен, сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін көрсетеді.

2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің нысаны: автоматтандырылмаған.

3. Мемлекеттік қызметтер «Бағалы қағаздар рыногы туралы» 2003 жылғы
2 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 85-бабы 1-тармағының және Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 14 желтоқсандағы
№ 196
Жарлығымен бекітілген «Сауда-саттықты ұйымдастырушының қағидаларын келісу» мемлекеттік қызметтер стандартының
(бұдан әрі – Стандарт) негізінде көрсетіледі.

4. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің нәтижесі – сауда-саттықты ұйымдастырушының қағидаларын келісуді растайтын қағаз тасымалдауыштағы хат не қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

5. Мемлекеттік қызметтер көрсету барысына басқа мүдделі мемлекеттік органдар қатыспайды.



  1. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібіне қойылатын талаптар


6. Мемлекеттік қызметтер құжаттардың толық пакеті ұсынылған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде көрсетіледі.

7. Осы мемлекеттік қызметтерді көрсетуден бас тартуға негіздемелер Стандарттың 16-тармағында көрсетілген.

8. Тұтынушыдан мемлекеттік қызметтер алуға арналған сұратуды алған сәттен бастап және мемлекеттік қызметтер нәтижесін беру сәтіне дейінгі мемлекеттік қызметтерді көрсету кезеңдері:

Мемлекеттік қызметтерді алу үшін өтініш беруші Комитетке Стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттар пакетін жібереді;

қажетті құжаттар пакеті құжаттарды қабылдауға және тіркеуге уәкілетті қызметкерге кезек күтпестен тапсырылады (немесе хат-хабарды қабылдау үшін арнайы жабдықталған жәшікке салынады);

келіп түскен хат-хабардың мазмұны алдын ала зерттелгеннен кейін және тіркелгеннен кейін ол электронды құжат айналымы шағын жүйесі арқылы Комитет Төрағасының және оның орынбасарларының қабылдау бөлмелеріне тапсырылады;

Комитет басшылығы құжаттарды қарауды олар келіп түскен күні жүргізеді;

Комитет басшылығы құжаттарды қарағаннан кейін және оларға электронды құжат айналымы шағын жүйесінде және қағаз тасымалдауышта тиісті бұрыштама қойғаннан кейін бұрыштамасы бар құжаттар одан әрі орындау үшін Қаржы ұйымдарын қадағалау департаментіне (бұдан әрі – ҚҰҚД) беріледі;

ҚҰҚД басшылығы орындаушыны айқындайды;

ҚҰҚД орындаушысы өтініш беруші сауда-саттықты ұйымдастырушының ережелерін келісу үшін ұсынған құжаттарды қарайды, одан кейін заң бөлімшесіне жібереді;

заң бөлімшесінің қорытындысын алғаннан кейін ҚҰҚД орындаушысы өтініш берушінің атына тиісті хат дайындайды;

құжаттар келіп түскеннен кейін күнтізбелік отыз күн ішінде ҚҰҚД орындаушысы өтініш берушінің атына келісу не ұсынылған құжаттар бойынша ескертулердің болуы туралы тиісті қорытындыны жіберуге тиіс;

құжаттарды қарау нәтижесі оң болған жағдайда ҚҰҚД орындаушысы өтініш берушінің атына сауда-саттықты ұйымдастырушының ережелері Комитетпен келісілгені туралы хат дайындайды;

өтініш берушінің ішкі құжаттары қоса берілген хат Комитет Төрағасының бақылау жасайтын орынбасарына қол қоюға жіберіледі және қол қойылғаннан кейін сауда-саттықты ұйымдастырушының ережелеріне Комитетпен келісілгені туралы мөртабан белгісі қойылады;

құжаттар бойынша ескертулер болған жағдайда өтініш берушіге мемлекеттік қызметтер көрсету үшін белгіленген мерзімде жазбаша түрде дәлелді жауап беріледі;

мемлекеттік қызметтер көрсетудің нәтижесі почта бойынша жіберіледі немесе ҚҰҚД хатшысы немесе орындаушысы тікелей өтініш берушіге немесе тиісті түрде ресімделген сенімхатты ұсынғанда оның уәкілетті өкіліне береді.

9. Құжаттарды қабылдауды және тіркеуді хат-хабарды қабылдауға және тіркеуге уәкілетті бөлімше немесе жауапты тұлға жүзеге асырады немесе құжаттар Комитеттің хат-хабарды қабылдауға арналған арнайы жабдықталған жәшігіне салынады не почтамен жөнелту арқылы жіберіледі.

Мемлекеттік қызметтер көрсету үшін құжаттар қабылдауды жүзеге асыратын тұлғалардың ең аз саны құжаттарды қабылдауға және тіркеуге уәкілетті 1 қызметкер болады.




  1. Мемлекеттік қызметтер көрсету үдерісіндегі іс-әрекеттер
    (өзара іс-әрекеттер) тәртібін сипаттау



10. Өтініш беруші құжаттар пакетін қолма-қол тапсырған жағдайда өтініш берушінің қолына өз құзыреті шегінде құқықтық статистика және арнайы есептер саласындағы статистикалық қызметті жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген нысан бойынша құжаттардың алынғаны туралы талон берiледi.

Талонды Комитеттің құжаттарды қабылдауға уәкілетті бөлімшесі немесе жауапты тұлғасы жазады.

Тұтынушы құжаттарды почтамен жөнелту арқылы жіберген немесе құжаттар пакетін хат-хабар қабылдауға арналған арнайы жабдықталған жәшiк арқылы тапсырған жағдайда құжаттардың алынғаны туралы талон берiлмейдi.

Хат-хабарды қабылдауға және тіркеуге уәкілетті бөлімше немесе жауапты тұлға хат-хабарды қабылдауды, ашуды және электронды құжат айналымы шағын жүйесінде тіркеуді және Комитет басшылығының қабылдау бөлмесіне тапсыруды жүзеге асырады.

11. Ақпараттық қауіпсіздікке қойылатын талаптар жоқ.

12. Мемлекеттік қызметтер көрсету барысына қатысатындар:

1) құжаттарды қабылдауға және тіркеуге уәкілетті
қызметкерлер – қызметтерді тұтынушы ұсынған құжаттарға мөртабан белгісін қоя отырып және нөмір бере отырып қабылдау және тіркеу;

2) Комитет басшылығы – тиісті құжаттарға бұрыштама қою және қол қою;

3) ҚҰҚД басшысы – бұрыштама қою, құрылымдық бөлімшенің басқармасын айқындау, тиісті құжаттарға бұрыштама соғу және қол қою;

4) ҚҰҚД қызметкерлері – өтініш беруші ұсынған құжаттардың Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келуін қарау және сауда-саттықты ұйымдастырушының ережелерін келісуге дайындау;

5) заң бөлімшесінің басшысы – тиісті бұрыштама қою, құрылымдық бөлімшенің тиісті басқармасын айқындау, құжаттарды келісу;

6) заң бөлімшесінің қызметкерлері – тапсырылған құжаттардың Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келуін талдау.

13. Әрбір әкімшілік іс-әрекеттің (рәсімнің) орындалу мерзімі көрсетілген Комитеттің әрбір құрылымдық бөлімшесінің әкімшілік іс-әрекеттерінің (рәсімдерінің) жүйелілігі мен өзара іс-әрекетінің мәтіндік кестелік сипаты осы Регламенттің 1-қосымшасында берілген.

14. Мемлекеттік қызметтер көрсету үдерісіндегі әкімшілік іс-әрекеттердің қисынды жүйелілігі мен Комитеттің құрылымдық бөлімшелерінің арасындағы өзара байланысты көрсететін схемалар осы Регламенттің 2-қосымшасында берілген.

15. Өтініш берушінің атына хат еркін нысанда жазылады.

16. Өтініш беруші осы мемлекеттік қызметтерді көрсету барысы туралы ақпаратты ҚҰҚД хатшысынан 8 (727) 2788-070 телефоны бойынша ала алады.


4. Мемлекеттік қызметтер көрсететін лауазымды тұлғалардың жауапкершілігі


17. Комитеттің мемлекеттік қызметтер көрсететін лауазымды тұлғалары мемлекеттік қызметтер көрсету барысында өздері қабылдайтын шешімдері мен іс-әрекеттері (әрекетсіздіктері) үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен жауапкершілік атқарады.

18. Комитеттің жауапты тұлғалары мемлекеттік қызметтер көрсету барысында өтініш берушінің құжаттарында қамтылған ақпараттың сақталуын, қорғалуын және конфиденциалдылығын қамтамасыз етеді.


«Сауда-саттықты ұйымдастырушының қағидаларын келісу»

мемлекеттік қызметтерінің регламентіне 1-қосымша


1-кесте. Іс-әрекеттер сипаты

Сауда-саттықты ұйымдастырушының қағидаларын келісу мемлекеттік қызметтерінің регламенті





Негізгі үдеріс іс-әрекеттері (жұмыстың барысы, ағыны)




1

Іс-қимылдың № (жұмыстың барысы, ағыны)

1

2


3

4

5

6

7

2

ҚФБ атауы

Құжаттарды қабылдауға және тіркеуге уәкілетті қызметкер

Комитет Төрағасының немесе Комитет Төрағасы орынбасарының қабылдау бөлмесі.


ҚҰҚД уәкілетті басшысы

ҚҰҚД уәкілетті қызметкері (орындаушысы)

Комитеттің заң бөлімшесінің уәкілетті басшысы

Комитеттің заң бөлімшесінің уәкілетті қызметкері (орындаушысы)

ҚҰҚД уәкілетті қызметкері (орындаушысы)

3

Іс-әрекеттің (операция үдерісінің, рәсімінің) атауы және олардың сипаттамасы

тұтынушы ұсынған құжаттарға мөртабан белгісін қоя отырып және нөмір бере отырып қабылдау және тіркеу. Электронды құжат айналымы шағын жүйесінде тіркеу

Басшылықтың құжаттардың мазмұнымен танысуы және оларға электронды құжат айналымы шағын жүйесінде және қағаз тасымалдауышта бұрыштама қоюы және ҚҰҚД-ға жіберу.

ҚҰҚД басшысының құжаттарды қарауы және орындаушыларға тапсыруы

Құжаттардың заңнамаға сәйкес келуін қарау, құжаттардың толық болуын тексеру және Комитеттің заң бөлімшесіне келісуге жіберу


Құжаттарды Комитеттің заң бөлімшесі басшысының қарауы және орындаушыларға тапсыруы

Құжаттардың заңнамаға сәйкес келуін қарау және заңдық қорытынды дайындау

Сауда-саттықты ұйымдастырушының ішкі құжаттары қоса берілген хат Төрағаның бақылау жасайтын орынбасарына қол қоюға жіберіледі

4

Аяқталу нысаны (деректер, құжат, ұйымдастыру-басқару шешімі)

Тұтынушы ұсынған құжаттар пакетін Комитет басшылығына беру

Құжаттарды ҚҰҚД-ға беру

Келіп түскен құжаттарды ҚҰҚД орындаушысына беру

Комитеттің заң бөлімшесіне беру

Келіп түскен құжаттарды Комитеттің заң бөлімшесіне орындаушыға беру

Заңдық қорытынды дайындау және құжаттар пакетін ҚҰҚД-ға беру

Хатты қол қоюға жіберу

5

Орындау мерзімдері

1 күн


2 күн


2 күн


8 күн

2 күн


7 күн


2 күн


1 - кестенің жалғасы


6

Келесі іс-әрекеттің нөмірі

8

9

7

ҚФБ атауы

Төрағаның бақылау жасайтын орынбасары

ҚҰҚД уәкілетті қызметкері (орындаушысы)


8

Іс-әрекеттің (операция үдерісінің, рәсімінің) атауы және олардың сипаттамасы

Құжаттар орындалуының негізділігін тексеру және құжаттарға электронды құжат айналымы шағын жүйесінде және қағаз тасымалдауышта қол қою.


Сауда-саттықты ұйымдастырушының ережелеріне келісілгені туралы мөртабан белгісін қою

9

Аяқталу нысаны (деректер, құжат, ұйымдастыру-басқару шешімі)

Қол қойылған құжаттарды ҚҰҚД-ға беру


Дайын құжатты тұтынушыға жолдау үшін тіркеу және беру


10

Орындау мерзімдері

2 күн

4 күн ішінде



«Сауда-саттықты ұйымдастырушының қағидаларын келісу»

мемлекеттік қызметтерінің регламентіне 2-қосымша


Функционалдық өзара іс-әрекет схемасы

Сауда-саттықты ұйымдастырушының қағидаларын келісу мемлекеттік қызметтерінің регламенті


















    



























Похожие:

«Сауда-саттықты ұйымдастырушының қағидаларын келісу» мемлекеттік қызметтерінің регламенті icon«Сауда-саттықты ұйымдастырушының қағидаларын келісу» мемлекеттік қызметтер стандарты
Мемлекеттік қызметтерді 050000, Алматы қаласы, Әйтеке би көшесі, 67 мекенжайында орналасқан Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің...
«Сауда-саттықты ұйымдастырушының қағидаларын келісу» мемлекеттік қызметтерінің регламенті iconҚазақстан республикасының Қаржы нарығЫН
Сауда-саттықты ұйымдастырушының сауда жүйесінде жасалатын мәмілелерге қадағалау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын сауда-саттықты...
«Сауда-саттықты ұйымдастырушының қағидаларын келісу» мемлекеттік қызметтерінің регламенті iconҚазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының
Сауда-саттықты ұйымдастырушының сауда жүйесінде жасалатын мәмілелерге қадағалау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын сауда-саттықты...
«Сауда-саттықты ұйымдастырушының қағидаларын келісу» мемлекеттік қызметтерінің регламенті icon«Қазақстан республикасының Ұлттық банкі» республикалық мемлекеттік мекемесі
Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне сауда-саттықты ұйымдастырушының қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен...
«Сауда-саттықты ұйымдастырушының қағидаларын келісу» мемлекеттік қызметтерінің регламенті icon«Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының құрылтай құжаттарына енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларды келісу» мемлекеттік қызметтерінің регламенті
Мемлекеттік қызметтерді 050000, Алматы қаласы, Әйтеке би көшесі, 67 мекенжайында орналасқан Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің...
«Сауда-саттықты ұйымдастырушының қағидаларын келісу» мемлекеттік қызметтерінің регламенті iconСауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу
«Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу» мемлекеттік...
«Сауда-саттықты ұйымдастырушының қағидаларын келісу» мемлекеттік қызметтерінің регламенті icon«Актуарийлерден біліктілік емтиханын қабылдау» мемлекеттік қызметтерінің регламенті
Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау комитеті
«Сауда-саттықты ұйымдастырушының қағидаларын келісу» мемлекеттік қызметтерінің регламенті icon«Жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы қағидаларын келісу» мемлекеттік қызметтер стандарты
Мемлекеттік қызметтерді 050000, Алматы қаласы, Әйтеке би көшесі, 67 мекенжайында орналасқан Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің...
«Сауда-саттықты ұйымдастырушының қағидаларын келісу» мемлекеттік қызметтерінің регламенті icon«Акцияларды орналастыру қорытындылары туралы есепті бекіту туралы хабарлама беру» мемлекеттік қызметтерінің регламенті
Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау комитеті
«Сауда-саттықты ұйымдастырушының қағидаларын келісу» мемлекеттік қызметтерінің регламенті iconМемлекеттік кәсіпорынның басшысын тағайындау және аттестаттау, сондай-ақ оның кандидатурасын келісу қағидаларын бекіту туралы
«Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 139-бабының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница