Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне көлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы




НазваниеҚазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне көлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
страница3/5
Дата конвертации12.02.2016
Размер0.74 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://www.minjust.kz/sites/default/files/zakonoproiekt__kaz.doc
1   2   3   4   5

25) 636-бабының 1 бөлігінің 1) тармақшасының 28 абзацындағы «және 446-1-баптар» деген сөздер «, 446-1 және 446-2- баптар» деген сөздермен ауыстырылсын;

26) 638-баптың екінші бөлігіндегі «және 188-баптарында» деген сөздер «, 188, 357-2 (бірінші бөлігінде), 447, 447-1, 447-2, 447-3, 447-4, 447-5, 463 (бірінші бөлігінде, егерде бұл жолаушыларды және жүктерді тасымалдау қағидасын бұзған болып табылса, екінші және үшінші бөліктерінде ), 467-1-баптарында» деген сөздермен ауыстырылсын;

27) 697-бап мынадай мазмұндағы 2-1 бөлікпен толықтырылсын:

«1-2. Автомобиль көлiгi саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықты жасаған жеке тұлғалар, Қазақстан Республикасының резидент еместерi әкiмшiлiк жаза қолдану туралы қаулы шыққаннан бастап, бiр күнтiзбелiк күн ішінде әкiмшiлiк жаза қолдану туралы қаулыны орындайды.»;

2. 2003 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Су кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 17, 141-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 15, 95-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 18-құжат; № 19, 147-құжат; № 24, 180-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 2-3, 15-құжат; № 15-16, 76-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 7-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат):

66-бабының 1-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

«Кеме жұмысын және оның технологиялық құрылғыларын қамтамасыз ету үшін су объектілерінен теңіз кемелерінің су алатын орны арнайы су пайдалануға жатпайды.».

3. 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 21, 93-құжат; 2009 ж., № 23, 112-құжат; № 24, 129-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 29, 32-құжаттар; № 15, 71-құжат; № 24, 146, 149, 150-құжаттар; 2011 ж., № 2, 21, 25-құжаттар; № 4, 37-құжат; № 6, 50-құжат; № 7, 54-құжат; № 11, 102-құжат; № 13, 115-құжат; № 14, 125-құжат; № 16, 129-құжат; 2011 жылғы 29 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне уәкілетті органдардың мемлекеттік және бюджеттік жоспарлау жөніндегі құзыретінің аражігін ажырату және бюджет процесін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 24 қарашадағы Заңы):

53-баптың 1-бөлігінің 10) тармақшасындағы:

жетінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

«әлеуметтік маңызы бар облысаралық қатынастар және метрополитен бойынша жолаушыллар тасымалдарын ұйымдастыру;»;

сегізінші абзац «және инфрақұрылым объектілерін» деген сөздермен толықтырылсын;

мынадай мазмұндағы он бірінші абзацпен толықтырылсын:

«жолаушылар вагондарын және жолаушылар тартқышының жылжымалы құрамын алу;»;

мынадай мазмұндағы он екінші абзацпен толықтырылсын:

«метрополитенді дамыту».

4. 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 22-I, 22-II, 112-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16, 18-құжаттар; № 13-14, 63-құжат; № 15-16, 74-құжат; № 17, 82-құжат; № 18, 84-құжат; № 23, 100-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; № 7, 28, 29-құжаттар; № 11, 58-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112-құжат; № 22, 130, 132-құжаттар; № 24, 145, 146, 149-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 2, 21, 25-құжаттар; № 4, 37-құжат; № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 116-құжат; № 14, 117-құжат; № 15, 120-құжат; № 16, 128-құжат; 2012 жылғы 18 қаңтарда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ғарыш қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы):

1) 263-бабының 7-тармағының екінші бөлігінің екінші абзацындағы «көлiк-экспедиторлық қызмет көрсетудi,» деген сөздерден кейін «вагондар (контейнерлер) операторы қызметін көрсетуді,» деген сөздермен толықтырылсын;

2) 264-бабындағы:

2-тармағының:

бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Экспедитор, вагондар (контейнерлер) операторы жазып берген шот-фактурадағы салынатын айналым мөлшері көлік экспедициясының шарты, вагондар (контейнерлер) операторының көрсеткен қызметінің шарты шеңберінде тасымалдаушылар және (немесе) жүк жөнелтушілер орындаған және көрсеткен жұмысының және қызметінің бағасын ескере отырып, көрсетіледі.»;

үшінші бөлігіндегі «Экспедитордың» деген сөзден кейін «вагондар (контейнерлер) операторының» деген сөздермен толықтырылсын;

4-тармақтағы «жүк жөнелтушілердің немесе оны алушылардың» деген сөздер «клиенттердің (жүк жөнелтушілердің немесе жүк алушылардың немесе экспедитордың қызметтеріне мүдделі өзге тұлғалардың)» деген сөздермен ауыстырылсын;

3) 276-8-бабының 2-тармағының 1) тармақшасының екінші абзацындағы «көрсетуді» деген сөздер «көрсетуді, вагондар (контейнерлер) операторының қызмет көрсетулерін» деген сөздермен ауыстырылсын;

4) 459-баптағы:

бірінші бөлігінің 4) тармақшасы алып тасталсын;

екінші бөлігі алып тасталсын;

5) 461-бабының бірінші бөлігінің 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«4) рұқсат етілген ось салмағын асырған ауыр салмақты автокөлік құралдарының жүріп өтуі үшін көрсетілген алым соммасын белгілеу:

0-20%-14 АЕК

20-30%-19 АЕК

30-40%-38 АЕК

40-50%-50 АЕК

50 % аса - 100 АЕК.»;

6) 534-бабының бірінші бөлігі мынадай мазмұндағы 16) тармақшасымен толықтырылсын:

«16) жүктердің халықаралық автомобиль тасымалдарын жүзеге асыруға рұқсат куәлігін және оның түпнұмқасын беру үшін;»;

7) 540-бабы мынадай мазмұндағы 11) тармақшамен толықтырылсын:

«11) жүктердің халықаралық автомобиль тасымалдарын жүзеге асыруға рұқсат куәлігін және оның түпнұмқасын беру үшін – 25 пайыз;»;

8) 602-бабының 5-тармағының екінші ұсынысы мынадай редакцияда жазылсын:

«Егер салық төлеуші заңды тұлға болып табылған жағдайда, салықтың, төлемнің, өсімпұлдың артық төленген сомасын банк шотына қайтару оның құрылымдық бөлімшелерінің ағымдық салық берешегі (қосындыланған мәні немесе бір-үш айдан артық ұзақ мерзімді берешегі көрсетіледі) болмаған кезде жүргізіледі.»;

9) 603-бабының 3-тармағындағы «салық берешегi болмаған жағдайда» деген сөздерден кейін «не болмаса 3 еселенген айлық есептік көрсеткіштен аспайтын берешек болған жағдайда» деген сөздермен толықтырылсын

5. «Қазақстан Республикасындағы көлiк туралы» Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 21 қыркүйектегi Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1994 ж., № 15, 201-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 2, 186-құжат; 1998 ж., № 24, 447-құжат; 2001 ж., № 23, 309, 321-құжаттар; № 24, 338-құжат; 2003 ж., № 10, 54-құжат; 2004 ж., № 18, 110-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 15, 63-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 14, 89-құжат):

1) 1-бабындағы:

үшінші абзацындағы «соның ішінде метрополитен,» деген сөздер алып тасталсын;

мынадай мазмұндағы төртінші, бесінші, алтыншы, жетінші және сегізінші бөліктермен толықтырылсын:

«Көліктік-логистикалық жүйе – бұл көлік инфрақұрылымы, көлік құралдары, көлік кәсіпорындары және олардың өндірушіден соңына дейін жүкті ауыстыру процессіндегі өзара байланысты және өзара іс-қимыл қызметін пайдаланушылар.

Көліктік инфрақұрылым – тасымалдау процессінің үзілмеуін, сондай-ақ көлік құралдарының қауіпсіз пайдалануын қамтамасыз ететін қатынас жолдары (темір жол, автомобиль, су), ғимарат және құрылғы кешені (вокзалдар, станциялар, порттар, жүк терминалдар, алаңдар, платформалар, көлік құралдарының техникалық қызмет көрсету және жөндеу пункттері, көлік құралдарын сақтауға арналған құрылғылар).

Қалалық электр көлігі – бұл құрамына метрополитен, трамвай, жеңіл рельс, монорельс, троллейбус кіретін көлік түрі.

Метрополитен – бұл жолдары басқа көлік түрлерінің жолдарымен тоғыспайтын жер астында орналасу айырмашылығы бар қалалардағы жолаушыларды әлеуметтік маңызы бар тасымалдарды қамтамасыз ететін көлік түрі.

Әлеуметтік маңызы бар жолаушылар тасымалдары – бұл тасымалдар үшін белгіленген тариф (баға) бойынша жүзеге асырылатын және бұл ретте осы тасымалдардың түсімі тасымалдаушылардың шығынын жаппайтын жолаушылар тасымалдары жөніндегі қызметтер.»;

2) мынадай мазмұндағы 2-1-баппен толықтырылсын:

«2-1-бап. Көліктік-логистика жүйесін құрудың принциптері

Көліктік-логистика жүйесін құрудың принциптері:

заңдылық;

клиенттердің сұранысын қанағаттандыру;

қауіпсіздік;

сақтау;

рәсімдердің бірыңғайлығы;

тең қол жетімділік;

жаһандық көліктік-логистика жүйесіне интеграциялау.»;

3) 3-баптағы:

бірінші бөліктегі «сондай-ақ метрополитен» дген сөздерден кейін «, жеңіл рельсті және монорельсті көлік» деген сөздермен толықтырылсын;

үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

«Магистральдық теміржол желісі - жекешелендіруге жатпайтын және заңнамада белгіленген тәртіппен кейіннен инфрақұрылымның операторына беру үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін шарттарда және тәртіппен ұлттық басқарушы холдингке берілетін, Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында ортақ пайдаланылатын теміржол көлігі объектісі.»;

мынадай мазмұндағы бесінші бөлікпен толықтырылсын:

«Метрополитен бұл жалпы пайдаланылатын көлік түрі ретінде жекешелендіруге жатпайды және жергілікті атқарушы билік белгілейтін шарттарда және тәртіпте, ол тұрған аумақтың заңды тұлғаларға беріледі.»;

4) 6-бабының екінші бөлігінің 6 абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«республиканың экономикасын және халық сұранысын қамтамасыз ету үшін, соның ішінде әлеуметтік маңызы бар және олармен байланысты қызмет көрсетуге жағдай жасау;»;

5) 8-бабының екінші бөлігіндегі «Қалалық» деген сөз алып тасталсын;

6) 8-бап мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:

«Метрополитенмен әлеуметтік маңызы бар жолаушыларды және багажды тасымалдауды ұйымдастыру Метрополитен орналасқан қаланың жергiлiктi атқарушы органдармен тасымалдау көлеміне шарт жасасу жолымен жүзеге асырылады.»;

7) 12-бабының бірінші бөлігі «көлік логистикасының қазіргі заманғы әдістерін және принциптерін қолдану және көлік инфрақұрылымын пайдалану арқылы» деген сөздермен толықтырылсын;

8) 21 бабының бірінші бөлігіндегі «әуе көлігінде» деген сөздерден кейін «, метрополитенде» деген сөзбен толықтырылсын;

9) 23-бабының екінші бөлігіндегі «аумақтары» деген сөздің алдында «, метрополитеннің» деген сөзбен толықтырылсын;

10) 25-баптағы:

4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«4) жеке және заңды тұлғалардың су көлiгiнiң жұмыс iстеу тәртiбiн айқындайтын нормативтік құқықтық актілерді, Қазақстан Республикасы халықаралық келісімдерін сақтауын бақылау және қадағалау, олардың бұзушылығын анықтау және жолын кесу жөнiндегi шараларды қабылдау;»;

7), 8), 9), 10) және 11) тармақшалар алып тасталсын;

мынадай мазмұндағы 29) тармақшамен толықтырылсын:

«29) Метрополитендегі қозғалыс қауіпсіздігін және техникалық құралдарды күтіп ұстауын қамтамасыз етуді бақылау.».

6. «Темір жол көлігі туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 8 желтоқсандағы Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 23, 315-құжат; 2003 ж., № 10, 54-құжат; 2004 ж., № 18, 110-құжат; № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 13, 87-құжат; № 14, 89-құжат; № 16, 99-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 19, 148-құжат; 2008 ж., № 15-16, 64-құжат; № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 2-3, 18-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжат; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат;):

1) преамбула мынадай редакцияда жазылсын:

«Осы Заң мемлекеттік реттеу негіздерін, темір жол көлігі жұмыс істеуінің құқықтық, экономикалық шарттарын белгілейді және темір жол көлiгi қызметін жүзеге асыру және қамтамасыз ету кезіндегі тасымал процесiне қатысушылар, мемлекеттік органдар және өзге жеке және заңды тұлғалар арасындағы қоғамдық қатынастарды реттейдi»;

2) 1-бабы:

мынадай мазмұндағы 11-1), 11-2), 23-1), 23-2), 23-3), 39-1), 47-1), 47-2), 54-1), 54-2), 54-3), 60-1), 60-2), 62-1), 64-1) және 66-1) тармақшалармен толықтырылсын:

«11-1) желілік инфрақұрылымдық келісім-шарт – мемлекет пен инфрақұрылым операторы арасындағы өзара әрекеттесу туралы ұзақ мерзімді шарт, соған сәйкес мемлекет өңірлердегі магистральдық темір жол желісінің өткізу қабілетіне ұзақ мерзімді қажеттіліктерді және тарифтер деңгейін, ал инфрақұрылым операторы осы міндетті орындау үшін қаржыландыру мен жұмыстардың қажетті көлемін белгілейді;

11-2) жоғары жылдамдықты темір жол көлігі – жоғары жылдамдықты темір жол қатынасында жолаушыларды және (немесе) багажды тасымалдауға арналған Қазақстан Республикасы темір жолының ішкі жүйесі;

23-1) темір жол вокзалдарының класстығы – орындалатын жұмыс көлеміне (көрсетілетін қызметтер көлеміне және жарақталуына) қарай вокзалдардың жіктелуі;

23-2) темір жол көлігінің инфрақұрылымы – магистральдық және станциялық жолдар, сондай-ақ электрмен жабдықтау, сигнализация, байланыс объектілері, құрылғылар, жабдықтар, ғимараттар, құрылыстар, құрылғылар және оның жұмыс істеуі үшін технологиялық қажетті өзге объектілері кіретін инфрақұрылым;

23-3) қабылдап-жөнелту жолдары – поездарды қабылдауға, жөнелтуге, басып озуға, айқасуға және өткізуге тағайындалған, станция шегіндегі жолдар;

39-1) бас жолдар – аралықтардың, сондай-ақ іргелес аралықтардың тікелей жалғасы болып табылатын және, әдетте, бағыттамалық бұрмаларда ауытқулары жоқ станциялардың бас жолдары;

47-1) станциялық жолдардың қызметттері – тасымалдау процесінің операцияларын іске асыру және дайындау кезінде станцияның шекарасында жылжымалы құрамның жүріп өтуге станциялық жолдарды ұсыну қызметі;

47-2) тасымалдаушының техникалық жолдары – вагондарға және локомотивтерге техникалық қызмет көрсетуге және тиеуге дайындауға, (тұнбаға) тұрақтауға арналған темір жолдары;

54-2) тасымалдау процесiнiң қатысушысының қауіпсіз басқару жүйесі –, жоспарлау, операцияларды дайындау және орындау, мониторинг және бақылау, сараптама процесстерін алатын және тасымалдау процессінің қауіпсіздігі бойынша белгіленген шарттарды орындауды қамтамасыз етуге және шығындарды және (немесе) адамның өміріне немесе денсаулығына әкелуге тәуекелділікті азайтуға бағытталған өзара байланысты және өзара әрекеттес ұжымдарды (кәсіпорындарды) басқару компоненті;

54-3) тасымалдау процессінің қауіпсіздігі (бұдан әрі - қауіпсіздік) – адамның өміріне, денсаулығына, қоршаған ортаға, соның ішінде өсімдік және жануарлар әлеміне тудыратын қауіпті фактордың және оның салдарының көлемін ескере отырып, тасымалдау процессін орындау кезінде жол берілмейтін тәуекелдің жоқ болуы;

60-1) темір жол көлігінің ұйымы – темір жол көлігінде инфрақұрылымның объектілерін, жергілікті инфрақұрылымын, жылжымалы құрамды, құрылысты, арнайы жылжымалы құрамды, құрылыс, құрылғылар және темір жол көлігінің құрал-жабдықты пайдаға асыратын, техникалық байқауды жүзеге асыратын, өндіретін, жобалау бойынша қызметті жүзеге асыратын тұлға;

60-2) темір жол көлігі ұйымның сертификаты – инфрақұрылымның объектілерін, жергілікті инфрақұрылымын, жылжымалы құрамды, құрылысты, құрылғыларды және темір жол көлігінің құрал жабдықтарын қауіпсіздік техникалық байқау бойынша ұйымның сәйкестігін растайтын құжатының белгіленген үлгісі;

62-1) тасымалдау бойынша қызметті пайдаланушы – жолаушы, жүк жөнелтуші (жіберуші), жүк алушы (алушы), экспедитор;
1   2   3   4   5

Похожие:

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне көлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы iconҚазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қаржы-экономикалық қылмыстарды одан әрі декриминализациялау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне көлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы iconҚазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Кеден одағындағы тарифтік емес реттеу шараларын қолдану мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Бап. Қазақстан Республикасының мынадай заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне көлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы iconҚазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне адам саудасына қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне көлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы iconҚазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сақтандыру және исламдық қаржыландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне көлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы iconҚазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ақпараттандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ақпараттандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»...
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне көлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы iconҚазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жеке тұлғалардың табыстары мен мүлкін декларациялау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне көлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы iconҚазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне еңбек көші-қоны мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Бап. Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне көлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы iconҚазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік сатып алу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Бап. Қазақстан Республикасының мынадай заңнамалық актілеріне толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне көлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы iconҚазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне көлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы icon«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне рұқсат беру құжаттарын қысқарту және мемлекеттік органдардың бақылау-қадағалау функцияларын оңтайландыру мәселелері бойынша толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы»
Бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница