Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне көлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы




НазваниеҚазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне көлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
страница1/5
Дата конвертации12.02.2016
Размер0.74 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://www.minjust.kz/sites/default/files/zakonoproiekt__kaz.doc
  1   2   3   4   5


Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне көлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы


1-бап. Қазақстан Республикасының мынадай заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1. 2001 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 5-6, 24-құжат; № 17-18, 241-құжат; № 21-22, 281-құжат; 2002 ж., № 4, 33-құжат; № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 1-2, 3-құжат; № 4, 25-құжат; № 5, 30-құжат; № 11, 56, 64, 68-құжаттар; № 14, 109-құжат; № 15, 122, 139-құжаттар; № 18, 142-құжат; № 21-22, 160-құжат; № 23, 171-құжат; 2004 ж., № 6, 42-құжат; № 10, 55-құжат; № 15, 86-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 139, 140-құжаттар; № 24, 153-құжат; 2005 ж., № 5, 5-құжат; № 7-8, 19-құжат; № 9, 26-құжат; № 13, 53-құжат; № 14, 58-құжат; № 17-18, 72-құжат; № 21-22, 86, 87-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 19, 20-құжаттар; № 3, 22-құжат; № 5-6, 31-құжат; № 8, 45-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 72, 77-құжаттар; № 13, 85, 86-құжаттар; № 15, 92, 95-құжаттар; № 16, 98, 102-құжаттар; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 16, 18-құжаттар; № 3, 20, 23-құжаттар; № 4, 28, 33-құжаттар; № 5-6, 40-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 12, 88-құжат; № 13, 99-құжат; № 15, 106-құжат; № 16, 131-құжат; № 17, 136, 139, 140-құжаттар; № 18, 143, 144-құжаттар; № 19, 146, 147-құжаттар; № 20, 152-құжат; № 24, 180-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 12, 48, 51-құжаттар; № 13-14, 54, 57, 58-құжаттар; № 15-16, 62-құжат; № 20, 88-құжат; № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 126, 128, 129-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 7, 21-құжаттар; № 9-10, 47, 48-құжаттар; № 13-14, 62, 63-құжаттар; № 15-16, 70, 72, 73, 74, 75, 76-құжаттар; № 17, 79, 80, 82-құжаттар; № 18, 84, 86-құжаттар; № 19, 88-құжат; № 23, 97, 115, 117-құжаттар; № 24, 121, 122, 125, 129, 130, 133, 134-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 1, 4, 5-құжаттар; № 5, 23-құжат; № 7, 28, 32-құжаттар; № 8, 41-құжат; № 9, 44-құжат; № 11, 58-құжат; № 13, 67-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112, 114-құжаттар; № 20-21, 119-құжат; № 22, 128, 130-құжаттар; № 24, 146, 149-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3, 7, 9-құжаттар; № 2, 19, 25, 26, 28-құжаттар; № 3, 32-құжат; № 6, 50-құжат; № 8, 64-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 115, 116-құжаттар; № 14, 117-құжат; № 16, 128, 129-құжаттар; 2011 жылғы 15 қазанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне діни қызмет және діни бірлестіктер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 11 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2011 жылғы 15 және 16 қарашада «Егемен Қазақстан» және 2011 жылғы 15, 16 және 19 қарашада «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне құқық қорғау қызметін жетілдіру және қылмыстық заңнаманы одан әрі ізгілендіру мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2011 жылғы 9 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2011 жылғы 8 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экологиялық мәселелер бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 3 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы.):

1) 34-1-бабындағы:

бірінші бөлігіндегі «(иелері)» деген сөзден кейін «немесе жүргізушілері» деген сөздермен толықтырылсын;

ескерту мынадай редакцияда жазылсын:

«Ескерту.

Осы Кодекстің баптарында көлік құралын меншік құқығымен иеленетін жеке тұлғалар, сондай-ақ жеке және заңды тұлғаларға тиесілі көлік құралдары уақытша иелену мен пайдалануға берілген жеке тұлғалар көлік құралдарының иелері болып танылады.

Осы Кодекстің баптарында көлік құралын жүргізетін жеке тұлғалар көлік құралдарының жүргізушілері болып танылады.

Осы Кодекстің баптарында сертификатталған арнайы бақылау-өлшеу техникалық құралдары мен аспаптары деп құқық бұзушылықтарды бақылау мен тіркеудің метрологиялық салыстырып тексеруден өткен техникалық құралдары мен аспаптарын, құқық бұзушылықтың жасалу фактісі мен уақытын, көлік құралының түрін, маркасын, мемлекеттік тіркеу нөмірінің белгісін, сондай-ақ жүрісінің жылдамдығы мен бағытын тіркейтін фото-, бейнеаппаратураны, еңбек және тынығу режимін (тахограф) тіркеуді бақылау құрылғысын түсіну қажет.»;

2) 443-баптың 3-бөлігіндегі «оннан» деген сөзді «қырықтан» деген сөзге ауыстырылсын;

3) 446-баптағы:

бірінші бөлігіндегі «немесе екi айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл» деген сөздер алып тасталсын;

екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Осы баптың бiрiншi бөлiмінде көзделген, әкiмшiлiк жазаға тартылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекеттер, -

айлық есептiк көрсеткiштiң бестен жетiге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.»;

мынадай мазмұндағы үшінші және төртінші бөліктермен толықтырылсын:

«3. Ұшу кезiнде әуе кемесiнiң бортында ұялы телефонды, өзге де байланыс құралдары мен радиоэлектрондық құралдарды пайдалану -

ескерту жасауға әкеп соғады.

4. Осы баптың үшiншi бөлiмiнде көзделген, әкiмшiлiк жазаға тартылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекеттер, -

айлық есептiк көрсеткiштiң сегiзден онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.»;

4) мынадай мазмұндағы 446-2, 447-6, 447-7, 447-8, 458-1, 458-2, 462-1 және 553-1-баптармен толықтырылсын:

«446-2-бап. Тасымалдауда үзіліс, кідіріс болған, әуе кемесінің кеш келуі салдарынан рейстің ұшырылмай қалған, тасымалдау маршруты өзгертілген кезде тасымалдаушының жолаушының алдында қызмет көрсету бойынша міндеттерін орындамауы

1. Тасымалдаушының кінәсінен тасымалдауда үзіліс немесе кідіріс болған, әуе кемесінің кеш келуі салдарынан рейстің ұшырылмай қалған, тасымалдау маршруты өзгертілген кезде жолаушының алдында қызмет көрсету бойынша Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы заңнамасында көзделген міндеттерді тасымалдаушының орындамауы немесе тиісті орындамауы –

тасымалдаушының лауазымды адамдарына жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, заңды тұлғаларға – екі жүз айлық есептік көрсеткіштер мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Осы баптың бірінші бөлімінде көзделген, әкімшілік жауапкершілікке тартылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған ір-әрекет (әрекетсіздік), -

тасымалдаушының лауазымды адамдарына елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, заңды тұлғаларға – мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

447-6-бап. Қазақстан Республикасында автомобиль тасымалдарының рұқсат беру жүйесiн халықаралық қатынаста қолдану қағидаларының бұзылуы

1. Жүктердiң халықаралық автомобиль тасымалдарын жүзеге асыруға рұқсат беру куәлiгiнсіз, жүктердiң халықаралық автомобиль тасымалдарын жүзеге асыруға рұқсат беру карточкасыз, техникалық тексерудің халықаралық сертификатынсыз жүктердiң халықаралық автомобиль тасымалдарын жүзеге асыруы -

жеке кәсiпкерлерге, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға онға дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға отызға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Қайта сатып алынған және Қазақстан Республикасының аумағына айдап әкелiнген автокөлiк құралын қоспағанда Отандық тасымалдаушы алған шетелдiк рұқсаттарды осы отандық тасымалдаушының рұқсат карточкасында көрсетiлген автокөлiк құралына қолдануы –

жеке кәсiпкерлерге, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға қырыққа дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

3. Отандық тасымалдаушының шетелдік рұқсат бланкілерін басқа отандық тасымалдаушыға беруі -

жеке кәсiпкерлерге, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға онға дейiнгi мөлшерінде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға отызға дейiнгi мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

4. Жүргізушілердің халықаралық қатынаста жолаушыларды және багажды тасымалдауды жүзеге асыру кезiнде келісілген жол жүру маршрутының схемасын бұзуы -

айлық есептiк көрсеткiштің он мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

447-7-бап. Автовокзалдардың және автостанциялардың, оның ішінде кассалық пункттердің Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан пункттер арасында жолаушылар мен багажды автокөлік құралдарымен тұрақты халықаралық тасымалдау кезінде жол жүру құжаттарын (билеттерді) сатуды ұйымдастыру

Автовокзалдардың және автостанциялардың, оның ішінде кассалық пункттердің Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан пункттер арасында жолаушылар мен багажды автокөлік құралдарымен тұрақты халықаралық тасымалдау кезінде жол жүру құжаттарын (билеттерді) сатуды ұйымдастыру -

жеке кәсiпкерлерге, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға оннан он беске дейiнгi мөлшерінде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға жиырмадан отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

447-8-бап. Қазақстан Республикасының аумағындағы пункттер арасында жолаушылар мен багажды тұрақты және тұрақты емес халықаралық тасымалдауды жүзеге асыру кезіндегі автокөлік құралдары жүргізушілерінің жолаушылар мен багажды тасымалдауы

Қазақстан Республикасының аумағындағы пункттер арасында жолаушылар мен багажды тұрақты және тұрақты емес халықаралық тасымалдауды жүзеге асыру кезіндегі автокөлік құралдары жүргізушілерінің жолаушылар мен багажды тасымалдауы -

айлық есептiк көрсеткiштің бестен жетіге дейiнгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

458-1-бап. Портты, айлақтарды, слиптерді, гидротехникалық құрылыстарды пайдалану қағидаларын бұзу

Портты, айлақтарды, слиптерді, гидротехникалық ғимараттарды пайдалану қағидаларын бұзу, -

айлық есептiк көрсеткiштің беске дейiнгі мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

458-2-бап. Кемелермен, соның iшiнде шағын көлемді кемелермен болған авариялық жағдайларды және көлiк оқиғаларын тергеу қағидаларын бұзу

1. Теңiз көлігі кемесiмен болған авариялық жағдай туралы тиiстi мемлекеттiк органдарға хабарламау, -

жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштің он мөлшерінде, лауазымды адамдарға - жиырма мөлшерінде, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - жиырма бес мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға қырық мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Өзен көлігі кемесiмен болған авариялық жағдай туралы тиiстi мемлекеттiк органдарға хабарламау,-

жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштің он мөлшерінде, лауазымды адамдарға - жиырма мөлшерінде, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - жиырма мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға қырық мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

3. Шағын көлемді кемемен болған көліктік оқиға туралы тиiстi мемлекеттiк органдарға хабарламау,-

жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштің бес мөлшерінде, лауазымды адамдарға - жиырма мөлшерінде, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - жиырма мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға отыз мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

4. Авариялық жағдайға немесе көлік оқиғасына тергеу жүргізетін орган немесе лауазымды адамның сұратуы бойынша қажетті материалдар, анықтамалар, түсiнiктемелер, кеме құжаттары немесе тергеу жүргізу үшін қажетті басқа мәліметтерді ұсынбау немесе уақытында ұсынбау,-

жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштің бес мөлшерінде, лауазымды адамдарға - жиырма мөлшерінде, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - жиырма бес мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға қырық мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

462-1-бап. Автокөлік құралдарының жүргізушілері автомагистральдарда және өзге жолдарда қозғалыс жылдамдығы белгіленген электронды (цифрлік) тахографтарды қолдану жағдайында тахографтың (диаграммалық дискінің) тіркеу есеп жүргізу парағының, не электронды карточканың көрсеткіштері бойынша немесе (қағаз тасығыштағы) баспаның көрсеткіштері бойынша қозғалыс жылдамдығын бұзу

1. Жолаушыларды және багажды тасымалдау кезінде автобус, шағын автобус жүргізушілерімен, сонымен бірге рұқсат етілген ең үлкен массасы 3,5 т. асатын жүк автомобильдерінің жүргізушілерімен бұзушылық -

айлық есептік көрсеткіштің бес мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Ұйымдастырылған балалар тобын тасымалдау кезінде автобус, шағынавтобус жүргізушілерімен бұзушылық –

айлық есептік көрсеткіштің он мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

553-1-бап. Төтенше жағдайлар саласындағы органдар

1. Төтенше жағдайлар саласындағы органдар осы кодекстiң келесі әкiмшiлiк құқық бұзушылықтары туралы iстердi қарайды: 451 (екiншi бөлiкпен), 452, (шағын көлемді кемелердегі бұзушылықтарда), 453(төртінші бөлiкпен), 454 (шағын көлемді кемелердегі бұзушылықтарда), 457, 458 (шағын көлемді кемелердегі бұзушылықтарда), 458-2 (үшiншi және төртiншi бөлiкпен, шағын көлемді кемелердегі бұзушылықтарда).

2. Төтенше жағдайлар бойынша органдар атынан әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстi қарауға және әкiмшiлiк төлетулер салуға құқықты:

осы Кодекстің барлық баптары бойынша, төтенше жағдайлар бойынша ведомстволық бағынышты органдарға қатысты, көлiк бақылаудың органының басшылары және олардың орынбасарлары, көлiк бақылаудың аймақтық органдарының басшысы және оның орынбасарлары;

төтенше жағдайлар бойынша органдардың уәкілетті лауазымды тұлғалары 452, (шағын көлемді кемелердегі бұзушылықтарда), 454 (төртiншi бөлiкпен, шағын көлемді кемелердегі бұзушылықтарда) әкiмшiлiк құқық бұзушылықтары бойынша.

3. Осы баптың екінші бөлігі үшінші абзацында көрcетiлген лауазымды тұлға салатын айыппұлдың өлшемдерi он айлық есептiк көрсеткiштерден аса алмайды.»;

5) 447-баптағы:

екінші бөлігінің екінші абзацындағы «дара кәсіпкерлерге,» деген сөздердің алдында «жеке тұлғаларға, бестен онға дейінгі мөлшерінде» деген сөздермен толықтырылсын;

үшінші бөлігінің екінші абзацындағы «дара кәсіпкерлерге,» деген сөздердің алдында «жеке тұлғаларға, бестен онға дейінгі мөлшерінде» деген сөздермен толықтырылсын;

6) 447-1, 448, 450, 453, 456, 457 және 459-баптар мынадай редакцияда жазылсын:

«447-1-бап. Жолаушыларды, багажды немесе жүктердi автомобильмен тасымалдауды жүзеге асыру кезiнде жүргiзушiлердiң еңбегi мен тынығуын ұйымдастыру, сондай-ақ тахографтарды қолдану қағидасының бұзылуы

1. Жолаушыларды, багажды немесе жүктердi автомобильмен тасымалдауды жүзеге асыру кезiнде жүргiзушiлердiң еңбегi мен тынығуын ұйымдастыру, сондай-ақ тахографтарды қолдану қағидасын бұзу –

жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң онға дейiнгi мөлшерiнде, дара кәсiпкерлерге - айлық есептiк көрсеткiштiң оннан он беске дейiнгi мөлшерiнде, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмадан отызға дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға қырықтан елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

448-бап. Теңiз көлiгiнде қозғалыс қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету қағидаларын бұзу

1. Теңiз көлiгiнде кемелердiң қозғалуының және маневр жасау белгіленген тәртібін бұзу, жүзу жылдамдығының нұсқамасын орындамау, жарық және дыбыс белгілерін беру талаптарын орындамау, тыйым салынған орындарда тұру немесе әдейі тоқтау, кемені тіркеп сүйреу тәртібін бұзу, сонымен қатар диспетчердің міндетті талабын орындамау,
  1   2   3   4   5

Похожие:

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне көлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы iconҚазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қаржы-экономикалық қылмыстарды одан әрі декриминализациялау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне көлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы iconҚазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Кеден одағындағы тарифтік емес реттеу шараларын қолдану мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Бап. Қазақстан Республикасының мынадай заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне көлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы iconҚазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сақтандыру және исламдық қаржыландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне көлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы iconҚазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне адам саудасына қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне көлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы iconҚазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ақпараттандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ақпараттандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»...
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне көлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы iconҚазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жеке тұлғалардың табыстары мен мүлкін декларациялау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне көлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы iconҚазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік сатып алу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Бап. Қазақстан Республикасының мынадай заңнамалық актілеріне толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне көлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы iconҚазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне еңбек көші-қоны мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Бап. Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне көлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы iconҚазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне көлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы icon«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне рұқсат беру құжаттарын қысқарту және мемлекеттік органдардың бақылау-қадағалау функцияларын оңтайландыру мәселелері бойынша толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы»
Бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница