Қазақстан республикасының Қаржы нарығын жәНЕ




НазваниеҚазақстан республикасының Қаржы нарығын жәНЕ
страница1/13
Дата конвертации12.02.2016
Размер1.71 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://www.afn.kz/attachments/34/41/publish41-332447268..doc
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13


ҚРӘМ № 3924 07.11.2005ж.тіркелді


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚАРЖЫ НАРЫҒЫН ЖӘНЕ

ҚАРЖЫ ҰЙЫМДАРЫН РЕТТЕУ МЕН ҚАДАҒАЛАУ АГЕНТТІГІ


БАСҚАРМАСЫНЫҢ ҚАУЛЫСЫ


Алматы қаласы

2005 жылғы 30 қыркүйек

№ 358





Екінші деңгейдегі банктер үшін пруденциалдық нормативтер бойынша есеп айырысудың нормативтік мәні мен әдістемесі туралы нұсқаулықты бекіту туралы





өзгерістер мен толықтырулар:

1.ҚҚА № 409 26.11.2005ж.

2.ҚҚА № 120 27.05.2006ж.

3.ҚҚА № 135 17.06.2006ж.

4.ҚҚА № 47 23.02.2007ж.

5.ҚҚА № 149 28.05.2007ж.

6.ҚҚА № 224 27.08.2007ж.

7.ҚҚА № 242 24.10.2007ж.

8.ҚҚА № 20 26.02.2008ж.

9.ҚҚА № 58 28.04.2008ж.

10.ҚҚА № 146 02.10.2008ж.

11.ҚҚА № 233 29.11.2008ж.

12.ҚҚА № 18 26.01.2009ж.

13.ҚҚА № 31 27.02.2009ж.

14.ҚҚА № 171 05.08.2009ж.

15.ҚҚА № 247 30.11.2009ж.

16.ҚҚА № 58 30.04.2010ж.


“Қаржы рыногы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу мен қадағалау туралы” Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабының 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес, “Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы” Қазақстан Республикасы Заңының 42-бабының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:


1. Екінші деңгейдегі банктер үшін пруденциалдық нормативтер бойынша есеп айырысудың нормативтік мәні мен әдістемесі туралы нұсқаулық осы қаулының 1 қосымшасына сәйкес бекітілсін.

2. Осы қаулының 2 қосымшасына сәйкес көрсетілген Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері өзінің күшін жойды деп танылсын.

3. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін, Нұсқаулықтың 2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енетін 3-тармақтың бірінші абзацындағы үшінші деңгейдегі капиталдың меншікті капиталға қосылу бөлігінен, 13,14-тармақтардың бесінші және алтыншы абзацтарынан, 16-тармақтың жетінші, сегізінші абзацтарынан, 17-31-тармақтардан, Нұсқаулықтың 32-тармағының 11) тармақшасынан, Нұсқаулықтың 1-қосымшасының 43 және 44 жолдарынан, Нұсқаулықтың 1-қосымшасының Түсіндірмесінің 5 және 7 тармақтарынан, Нұсқаулықтың 2-қосымшасының Түсіндірмесінің екінші абзацынан басқасы қолданысқа енгізіледі.

4. Стратегия және талдау департаменті (Еденбаев Е.С.):

1) Заң департаментімен (Байсынов М.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеу шараларын қолға алсын;

2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде оны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, екінші деңгейдегі банктерге, “Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы” заңды тұлғалар бірлестігіне жіберсін.


5. Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс бөлімі (Пернебаев Т.Ш.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.


6. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының орынбасары Е.Л. Бахмутоваға жүктелсін.


Төраға Б. Жәмішев






Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2005 жылғы 30 қыркүйектегі №358 қаулысының 1-қосымшасы





Екінші деңгейдегі банктер үшін пруденциалдық нормативтер бойынша есеп айырысудың нормативтік мәні мен әдістемесі туралы нұсқаулық


Осы нұсқаулық екінші деңгейдегі банктер (бұдан әрі - банктер) сақтауы міндетті пруденциалдық нормативтер бойынша есеп айырысудың нормативтік мәні мен әдістемесін белгілейді.


1-тарау. Банктің жарғылық капиталының барынша төмен мөлшері


1. Банктің жарғылық капиталының барынша төмен мөлшерін қаржы рыногын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органның Басқармасы (бұдан әрі – уәкілетті орган) белгілейді.

2. Банк акционерлерден меншікті акцияларды, егер мұндай сатып алулар уәкілетті орган белгілеген кез-келген пруденциялдық нормативтер мен басқа да сақталуы міндетті нормалар мен лимиттерді бұзуға алып келмейтін талап қою сақталған жағдайында ғана сатып алуы мүмкін.


2-тарау. Меншікті капиталдың жеткіліктілік коэффициенті


3. Меншiктi капитал бiрiншi деңгейдегi капитал мен екiншi деңгейдегi капиталдың (екiншi деңгейдегi капитал бiрiншi деңгейдегi капиталдан аспайтын мөлшерде енгiзiледi) және банк инвестицияларын шегергендегi үшiншi деңгейдегi капиталдың (үшiншi деңгейдегi капитал нарықтық тәуекелдi жабуға арналған бiрiншi деңгейдегi капитал бөлiгiнiң екi жүз елу пайызынан аспайтын мөлшерде енгiзiледi) сомасы ретiнде есептеледi.

Банктiң заңды тұлғаның акцияларына салымдары (жарғы капиталындағы қатысу үлесi), сондай-ақ жиынтық мөлшерi банктiң бірінші деңгейдегі капиталы мен екінші деңгейдегі капиталының сомасының он пайызынан асатын заңды тұлғаның реттелген борышы банктің инвестициялары болып табылады.

Үшінші деңгейдегі капитал нарықтық тәуекел мөлшерін жабуға арналған.

Бірінші деңгейдегі капиталдың нарықтық тәуекелді жабуға арналған бөлігі былай есептеледі:

1) активтердің, кредиттік тәуекел дәрежесі бойынша мөлшерленген шартты және ықтимал міндеттемелердің жалпы сомасы мен операциялық тәуекелдің мөлшері анықталады;

2) капитал жеткіліктілігі нормативтерін, меншікті капиталға екінші деңгейдегі капиталды енгізу бойынша белгіленген шектеулерді ескере отырып, орындауға арналған бірінші деңгейдегі капиталдың барынша төменгі мөлшері осы тармақтың 1) тармақшасына сәйкес есептелген тәуекелдер мөлшерін осы Нұсқаулықтың 16-тармағында анықталған меншікті капитал жеткіліктілігінің нормативтік мәніне көбейту арқылы анықталады;

3) бірінші деңгейдегі капиталдың нарықтық тәуекелді жабуға арналған бөлігі бірінші деңгейдегі капиталдың іс жүзіндегі мөлшері мен осы тармақтың 2) тармақшасына сәйкес есептелген бірінші деңгейдегі капиталдың барынша төменгі мөлшерінің айырмасы ретінде анықталады.

Нарықтық тәуекелді жабуға арналған бірінші деңгейдегі капиталдың бөлігі нарықтық тәуекел мөлшерінің осы Нұсқаулықтың 16-тармағында белгіленген меншікті капитал жеткіліктілігінің нормативтік мәніне көбейтіндісі ретінде есептелетін нарықтық тәуекелді жабуға қажетті капитал мөлшерінің 3,5-ке қатынасынан аспауы тиіс.

Осы Нұсқаулықтың мақсаты үшін Standard&Poor's агенттігінің рейтингттік бағасынан басқа уәкілетті органмен Moody's Investors Service және Fitch агенттіктерінің рейтингттік бағалары да танылады (бұдан әрі - басқа рейтинг агенттіктері).

4. Бірінші деңгейдегі капитал мынадай сома ретінде есептеледі:

сатып алынған меншiктi жай акцияларды шегергендегi, жай акциялар бөлігінде төленген жарғылық капиталы;

сатып алынған меншiктi артықшылықты акцияларды шегергендегi, артықшылықты акциялар бөлігінде төленген жарғылық капиталы;

қосымша капитал;

өткен жылдардың бөлінбеген таза кірісі (оның ішінде өткен жылдардың бөлінбеген таза кірісі есебінен қалыптасқан қорлар, резервтер);

нәтижесінде бір заңды тұлғада пайда болған қаржы активі және оның басқа тұлғадағы (бұдан әрі – осы Нұсқаулықтың 5-9-тармақтарында көрсетілген мерзімсіз қаржы құралдары) барлық міндеттемелерін шегергеннен кейінгі заңды тұлғаның активтер үлесіне құқығын растайтын қаржылық міндеттеме немесе өзге қаржы құралы бірмезгілде пайда болатын мерзімсіз шарттар;

мыналарды алып тастағанда:

1999 жылғы 1 шілдеден бастап немесе кейін басталатын кезеңдерді қамтитын қаржылық есеп беру үшін 1998 жылы шілдеде күшіне енген Қаржылық есеп берудің халықаралық стандарттары жөніндегі комитеттің Басқармасы бекіткен 38 “Материалдық емес активтер” тиісті халықаралық қаржылық есеп беру стандарттарына (бұдан әрі - 38 халықаралық қаржылық есеп беру стандарты) және банктің негізгі қызмет мақсаты үшін сатып алынған лицензиялық бағдарламалық қамтамасыз етуден басқа материалдық емес активтер;

өткен жылдардың шығындары;

ағымдағы жыл шығыстарының ағымдағы жыл кірістерінен асып кетуі.

2011 жылғы 1 шілдеден бастап мерзімсіз қаржы құралдары бірінші деңгейдегі капиталдың есебіне енгізілмейді.

Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметi туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 31 тамыздағы Заңына сәйкес қайта құрылымдауды жүзеге асыратын (асырған) банктер қайта құрылымдауды аяқтаған жылы алынған ағымдағы жылдың кірістерін бiрiншi деңгейдегi капитал есебіне кіргізуіне болады.

5. Мерзімсіз қаржы құралдары мынадай талаптарға сай келуі тиіс:

1) айналыста белгілі мерзімі жоқ және депозит болып табылмайтын (немесе сұратушының міндеттемесі болып табылмайтын);

2) мерзімсіз қаржы құралдарын шығарған банктің бастамасы бойынша ғана мерзімінен бұрын өтелуі тиіс, бірақ оларды шығарған күннен бастап бес жыл мерзім өткеннен кейін ғана өтелуге жатқызылатын, бірақ мынадай шартпен, егер мұндай өтеу банк уәкілетті органның жазбаша растауына сәйкес осы Нұсқаулықта белгіленген пруденциалдық нормативтердің мәнін бұзу салдарына әкелмейтіндей болса;

3) банктің мерзімсіз қаржы құралдары бойынша, оның ішінде негізгі сома бойынша және есептелген сыйақы бойынша міндеттемелерін орындауы меншікті капитал мен өтімділіктің жеткіліктілігі бөлігінде осы Нұсқаулықта белгіленген пруденциалдық нормативтердің мәнін орындау талабы бойынша көзделсе.Сонымен қатар банк осы тармақта көрсетілген себептер бойынша мерзімсіз қаржы құралдары бойынша кезекті сыйақыны төлемеген жағдайда банктің осы кезекті сыйақыны төлеуі жөніндегі міндеттемесі тоқтатылады (кумулятивті болып табылмайды);

4) мерзімсіз қаржы құралдары бойынша міндеттемелердің қамтамасыз етулері болмайды;

5) банктің таратылуы кезінде мерзімсіз қаржы құралдары бойынша талаптар “Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы” Қазақстан Республикасы Заңының 74-2-бабымен белгіленген кезектілікке сәйкес банк міндеттемелерін қанағаттандырғаннан кейін өтеледі;

6) сыйақы мөлшерлемесін өзгерту шарт жасалған немесе мерзімсіз қаржы құралдары шығарылған күннен бастап, банктің мерзімсіз қаржы құралдарын мерзімінен бұрын өтеу мүмкіндігі жөніндегі талабы бойынша он жыл өткеннен кейін ғана көзделеді. Мерзімсіз қаржы құралдары бойынша бастапқы мөлшерлеме сыйақысын өсіру бір жолғы тәртіппен және мына шарттар бойынша бір реттен көп емес мөлшерде көзделеді:

мерзімсіз қаржы құралдарын шығару сәтіндегі негізгі сыйақы мөлшерлемесі арасындағы айырмадан жүз негізгі тармақтарды шегеру және мерзімсіз қаржы құралдары бойынша мөлшерлемені ұлғайту сәтіндегі негізгі мөлшерлеме;

мерзімсіз қаржы құралдарын шығару сәтіндегі негізгі сыйақы мөлшерлемесі және мерзімсіз қаржы құралдары бойынша бастапқы сыйақы мөлшерлемесі арасындағы айырма ретінде белгіленіп отырған, содан кейін негізгі сыйақы мөлшерлемесі мен мерзімсіз қаржы құралдарын шығару сәтіндегі және мерзімсіз қаржы құралдары бойынша мөлшерлемені ұлғайту сәтіндегі аралық айырма шегіне кемітілген бастапқы кредиттік маржаның елу проценті.

Мерзімсіз қаржы құралдарын шығару сәтіндегі негізгі базистік сыйақы мөлшерлемесі ретінде мыналар пайдаланылады:

өзгермелі сыйақы мөлшерлемесі белгіленген жағдайда - мерзімсіз қаржы құралдары шығарылымына тиісті валютаға сәйкес валютада халықаралық банкаралық кредит рыногында белгіленген мөлшерлемеге тең сыйақы мөлшерлемесі;

Белгіленген мөлшерлемені белгілеген жағдайда - валютасында мерзімсіз қаржы құралдары номинирленген мемлекет немесе мемлекеттің уәкілетті эмитенті (мемлекеттер одағы) шығарған борыштық бағалы қағаздардың кірістілік мөлшерлемесіне тең сыйақы мөлшерлемесі.

Мерзімсіз қаржы құралдары бойынша мөлшерлемені өсіру сәтіндегі базистік сыйақы мөлшерлемесі ретінде валютасында мерзімсіз қаржы құралдары номинирленген мемлекет немесе мемлекеттің уәкілетті эмитенті (мемлекеттер одағы) шығарған борыштық бағалы қағаздар бойынша кірістілік мөлшерлемесіне тең сыйақы мөлшерлемесі пайдаланылады.

  1. Банктің еншілес ұйымдары шығарған мерзімсіз қаржы құралдары сабақтас банктің бірінші деңгейдегі капиталының есебіне банктің еншілес ұйымдары мен банктің еншілес ұйымдары шығарған мерзімсіз қаржы құралдарының сәйкестігіне орай нақты қамтылған ақша шегінде мынадай талаптар бойынша енгізілуі мүмкін:

1) банк еншілес ұйымдардың ұзақ мерзімді стратегиялары мен ағымдағы операцияларына қатысты шешім қабылдауды қоса ала отырып, еншілес ұйымдардың қызметін толық айқындайды;

2) еншілес ұйымдар қаржылық есеп берудің халықаралық стандарттарына сәйкес сабақтас банкке ұсынылатын қаржылық есеп беруді тоқсан сайын жасайды;

3) аталған еншілес ұйымдардың сабақтас банкке қаржылық есеп беруді қаржылық есеп берудің халықаралық стандарттарына сәйкес ұсынуы шоғырландырылған қаржылық есеп беру мәліметіне жатқызылады;

4) мерзімсіз қаржы құралдарының белгілі бір айналыс мерзімі жоқ және ол депозит (немесе ұсыныс жасаушының міндеттемесі) болып табылмайды;

5) мерзімсіз қаржы құралдары мерзімсіз қаржы құралдарын шығарған еншілес ұйымның бастамасы бойынша ғана ұзақ мерзімді өтелуге жатқызылады, бірақ мұндай өтеу уәкілетті органның жазбаша растауына сәйкес банктің соңынан осы Нұсқаулықпен белгіленген пруденциалдық нормативтердің мәнін бұзуға алып келмейтін болуы, шығарылған күннен бастап бес жылдан кешіктірілмеген жағдайда;

6) сабақтас банктің еншілес ұйымының мерзімсіз қаржы құралдары бойынша, оның ішінде негізгі сома мен есептелген сыйақы бойынша міндеттемелерін орындауы меншікті капитал мен өтімділіктің жеткіліктілігі бөлігінде осы Нұсқаулықта белгіленген пруденциалдық нормативтердің мәнін орындау талабы бойынша көзделсе.Сонымен қатар банк осы тармақта көрсетілген себептер бойынша мерзімсіз қаржы құралдары бойынша кезекті сыйақыны төлемеген жағдайда банктің осы кезекті сыйақыны төлеуі жөніндегі міндеттемесі тоқтатылады (кумулятивті болып табылмайды);

7) мерзімсіз қаржы құралдары бойынша міндеттемелерде осы тармақтың он бірінші абзацында көзделген жағдайдан басқа жағдайда қамтамасыз ету болмайды;

8) банкті тарату кезінде мерзімсіз қаржы құралдарының төлемі үшін алынған және сабақтас банктегі еншілес ұйым орналастырған ақша “Қазақстан Республикасындағы банктер және банктік қызмет туралы” Қазақстан Республикасының Заңының 74-2-бабымен белгіленген кезектілікке сәйкес банк міндеттемелерін қанағаттандырған соң қайтаруға жатқызылады;

9) банкті тарату кезінде мерзімсіз қаржы құралдарының төлемі үшін алынған және осы тармақтың сегізінші және тоғызыншы абзацтарында көзделген тиісті талаптарға сәйкес келетін шарттар бойынша сабақтас банкке орналасқан ақша;

10) банктің мерзімсіз қаржы құралдарының шарттарына сәйкес банктің еншілес ұйымдарының міндеттемелерді орындауын қамтамасыз ету үшін берілген кепілдіктер бойынша міндеттемелерді орындауы банктің мерзімсіз қаржы құралдары бойынша кепілдік берілген міндеттемелерді орындау күні жеткен кезде берілген басқа кепілдіктерді қанағаттандырған соң барып қарастырылады;

11) cыйақы мөлшерлемесін өзгерту шарт жасалған күннен немесе мерзімсіз қаржы құралдарын шығару сабақтас банктің еншілес ұйымының мерзімсіз қаржы құралдарын мерзімінен бұрын өтеу мүмкіндігі болу талабы бойынша тек он жыл толғаннан кейін ғана көзделеді. Мерзімсіз қаржы құралдары бойынша бастапқы сыйақы мөлшерлемесін ұлғайту бір жолғы тәртіппен және мынадай талаптардың бірінен аспайтын мөлшерде болуы көзделеді:

мерзімсіз қаржы құралдары бойынша мөлшерлеменің ұлғаю сәтіндегі базистік мөлшерлеме мен мерзімсіз қаржы құралдарын шығару сәтіндегі базистік сыйақы мөлшерлемесі арасындағы айырманы шегергендегі жүз базистік тармақтар;

мерзімсіз қаржы құралдары бойынша мөлшерлеменің ұлғаю сәтіндегі базистік мөлшерлеме мен мерзімсіз қаржы құралдарын шығару сәтіндегі базистік сыйақы мөлшерлемесі арасындағы, соңынан мерзімсіз қаржы құралдарын шығару сәтіндегі базистік сыйақы мөлшерлемесі мен мерзімсіз қаржы құралдарының мөлшерлемесін ұлғайту сәтіндегі базистік сыйақы мөлшерлемесі арасындағы айырманы белгілейтін бастапқы кредиттік маржаның елу проценті.

Мерзімсіз қаржы құралдарын шығару сәтіндегі базистік сыйақы мөлшерлемесі ретінде мыналар пайдаланылады:

өзгермелі сыйақы мөлшерлемесі белгіленген жағдайда - мерзімсіз қаржы құралдарын шығару валютасына сай валютамен банкаралық кредит берудің халықаралық рыноктарында белгіленетін мөлшерлемеге тең сыйақы мөлшерлемесі;

белгіленген сыйақы мөлшерлемесі белгіленген жағдайда – валютасына мерзімсіз қаржы құралдары номинирленген мемлекет немесе мемлекет уәкілеттік берген (мемлекеттер одағы) эмитент шығарған борыштық бағалы қағаздар бойынша кірістік мөлшерлемесіне тең сыйақы мөлшерлемесі.

Мерзімсіз қаржы құралдары бойынша мөлшерлемені ұлғайту сәтіндегі базистік сыйақы мөлшерлемесі ретінде валютасына мерзімсіз қаржы құралдары номинирленген мемлекет немесе мемлекет уәкілеттік берген (мемлекеттер одағы) эмитент шығарған борыштық бағалы қағаздар бойынша кірістік мөлшерлемесіне тең сыйақы мөлшерлемесі пайдаланылады.

7. Осы Нұсқаулықтың 5 және 6 тармақтарында көзделген жағдайларда мерзімсіз қаржы құралдарын мерзімінен бұрын өтеу мұндай өтеулер пруденциалдық нормативтердің мәнінің бұзылуына душар етпейтіндігін растайтын мынадай құжаттарды банк ұсынған кезде жүзеге асырылады:

банктің уәкілетті органы (банктің еншілес ұйымы) бекіткен шарт немесе мерзімсіз қаржы құралдары талаптарының көшірмелері;

мерзімсіз қаржы құралдарын мерзімінен бұрын өтеу болжалданып отырған сомасы мен күні туралы ақпарат;

пруденциалдық нормативтер есебі үшін қажет мәліметтер, мерзімсіз қаржы құралдарын мерзімінен бұрын өтеу болжалданып отырған соманы ескере отырып түзетілген, есепті айдың бірінші күні берілген деректер негізінде дайындалған, осы Нұсқаулықпен белгіленген коэффициенттер есебі бар анықтамалар.

8. Бірінші деңгейдегі капиталға енгізілген мерзімсіз қаржы құралдарының, сондай-ақ артықшылықты акциялардың үлесі бірінші деңгейдегі капиталдың он бес процентінен аспауы тиіс. Бірінші деңгейдегі капиталға енгізілмеген мерзімсіз қаржы құралдарының, сондай-ақ артықшылықты акциялары сомасы екінші деңгейдегі капиталдың есебіне енгізілуі мүмкін.

Меншікті капиталдың есебіне банктің нақты алған ақшасы мөлшеріндегі мерзімсіз қаржы құралдарының төленген сомасы қосылады.

9. Мерзімсіз қаржы құралдары банктің меншікті капиталы есебіне енгізілуі шартқа немесе осы Нұсқаулықтың 5-тармағының шарттарына сай мерзімсіз қаржы құралдарын шығару талаптарына сәйкес келуі туралы уәкілетті органның жазбаша растамасы бойынша, ал сабақтас банктің еншілес ұйымының мерзімсіз қаржы құралдары жағдайында – осы Нұсқаулықтың 6-тармағының талаптары бойынша енгізілуі мүмкін.

Осы тармақта көзделген уәкілетті органның жазбаша растамасын алу мақсатында уәкілетті органға мынадай қосымша мәліметтер және құжаттар ұсынылады: банктің уәкілетті органы бекіткен шарттың немесе мерзімсіз қаржы құралдары талаптарының көшірмесі, ал сабақтас банктің еншілес ұйымының мерзімсіз қаржы құралдарын шығару жағдайында – еншілес ұйымның құрылтай құжаттарының көшірмесі, шарттар немесе еншілес ұйымның уәкілетті органы бекіткен мерзімсіз қаржы құралдарын шығару талаптары, сондай-ақ сабақтас банктің уәкілетті органының банктің еншілес ұйымының мерзімсіз қаржы құралдарын шығару туралы шешімі.

10. Екінші деңгейдегі капитал мынадай жағдайда сома ретінде есептеледі:

ағымдағы жыл кірістерінің мөлшері ағымдағы жыл шығыстары мөлшерінен асып кеткен жағдайда;

негізгі құрал-жабдықтар мен бағалы қағаздарды қайта бағалау мөлшері;

кастодиан шартының талаптары негізінде қабылданған инвестицияланбаған қаражат қалдығын шегергендегі тәуекелді ескеріп сараланған активтер сомасының 1,25 процентінен аспайтын сомадағы жалпы банктік тәуекелдерге резервтер (провизиялар) мөлшері;

бірінші деңгейдегі капитал есебіне енгізілмей төленген мерзімсіз қаржы құралдары, сондай-ақ артықшылықты акциялары;

банктің сатып алған меншікті реттелген борышын шегергендегі бірінші деңгейдегі капитал сомасының елу процентінен аспайтын сомамен меншікті капиталға енгізілген екінші деңгейдегі банктің реттелген борышы.

11. Екінші деңгейдегі банктің реттелген борышы - бұл банктің мынадай талаптарға сәйкес келетін қамтамасыз етілмеген міндеттемесі:

  1. ұсыныс берушінің салымы не міндеттемесі болып табылмаса;

  2. банктің немесе оның аффилиирленген тұлғаларының талаптары бойынша кепілдік қамтамасыз ету болып табылмаса;

  3. банк таратылған жағдайда “Қазақстан Республикасындағы банктер және банктік қызмет туралы” Қазақстан Республикасы Заңының 74-2-бабында белгіленген кезектілікке сәйкес мерзімсіз қаржы құралдары бойынша міндеттемелерін банк орындағанға дейін қанағаттандырса;

4) банк өтеуі (толық немесе ішінара) мүмкін, оның ішінде мерзімінен бұрын өтеуі тек банктің бастамасымен болуы мүмкін, егер осы өтеу тек қана уәкілетті органның қорытындысына сәйкес бұдан кейін банктің осы Нұсқаулықта белгіленген пруденциалдық нормативтерінің мәнін сақтамайтын салдарларға алып келмеген жағдайында.

Меншікті капиталға енгізілген екінші деңгейдегі банктің реттелген борышы – бұл өтелгенге дейін бес жыл тарту мерзімі болған реттелген борыш.

Облигациялар банктің реттелген борышы болып табылады және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен уәкілетті орган бекіткен облигациялар шығарылымын орналастыру қорытындысы туралы есеп негізінде банктің меншікті капиталына енгізіледі.

Екінші деңгейдегі банктің реттелген борышы банктің меншікті капиталының есебіне былайша енгізіледі:

Борышты өтеу басталғанға дейін қалған бес жыл ішінде:

1-ші жыл- реттелген борыш сомасының 100 проценті;

2-ші жыл- реттелген борыш сомасының 80 проценті;

3-ші жыл- реттелген борыш сомасының 60 проценті;

4-ші жыл- реттелген борыш сомасының 40 проценті;

5-ші жыл- реттелген борыш сомасының 20 проценті.

Сондай-ақ осы тармақтың талаптарына сәйкес келетін, егер шартта заемшының бастамасы бойынша заемды мерзімінен бұрын өтеу (толық немесе ішінара) мүмкіндігі көзделіп, егер бұл өтеу уәкілетті органның қорытындысына сәйкес банктің қаржылық жағдайының нашарлау салдарына және Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңнамасының талаптарының бұзылуына алып келмейтіндігі көзделген 3) тармақшаны қоспағанда Еуропалық Қайта құру және Даму банкінен немесе Азия Даму банкінен не Халықаралық Қаржы қауымдастығынан тартылған банктің заемы екінші деңгейдегі банктің реттелген борышы болып табылады.

12. Банктің 2002 жылғы 1 тамызға дейін тартылған, бастапқы өтеу мерзімі 5 жылдан кем емес және осы Нұсқаулықтың 11-тармағында белгіленген реттелген борышқа қойылатын талаптарға жауап бермейтін реттелген борыштар мынадай тәртіппен банктің меншікті капиталының есебіне енгізіледі:

борышты өтеу басталғанға дейінгі бес жылдан артық мерзім ішінде:

реттелген борыш сомасының 80 проценті мөлшерінде;

борышты өтеу басталғанға дейін қалған бес жыл ішінде:

1-ші жыл- реттелген борыш сомасының 60 проценті;

2-ші жыл- реттелген борыш сомасының 40 проценті;

3-ші жыл- реттелген борыш сомасының 20 проценті;

4-ші және 5-ші жыл- реттелген борыш сомасының 0 проценті.

12-1. «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметi туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 31 тамыздағы Заңына сәйкес қайта құрылымдауды жүзеге асыратын (асырған) банктер меншікті капитал есебіне банктің меншікті сатып алынған акцияларын шегергенде төленген жарғылық капиталының сомасынан 15 (он бес) пайыздан аспайтын көлемдегі қайта құрылымдау шегінде шығарылған (сатып алынған) қаржы құралдары бойынша шығыстарды кіргізбеуіне болады.

13. Банктiң меншiктi капиталының жеткiлiктiлiгi мынадай үш коэффициентпен сипатталады:

1) бiрiншi деңгейдегi капиталдың жалпы сомасының бiрiншi деңгейдегi капиталдың үлесi шегiнде алынған банк инвестициясын шегергендегi және екiншi деңгейдегi капиталдың меншiктi капитал бөлiгiндегi есебiне енгізілген, бірінші деңгейдегі капиталдың жалпы сомасының бірінші деңгейдегi капитал үлесi шегiнде алынған банк инвестициясының сомасына кемiтiлген банк активтерiнiң мөлшерiне және екiншi деңгейдегi капиталдың меншiктi капитал бөлiгiндегi есебiне (kl-1) енгiзiлген бiрiншi деңгейдегi капиталдың қатынасы;(ЕСКІ РЕДАКЦИЯ)

1) бiрiншi деңгейдегi капиталдың жалпы сомасындағы бiрiншi деңгейдегi капиталдың үлесi шегiнде алынған банк инвестициялары шегерілген бірінші деңгейдегі капиталдың және меншікті капиталдың есебіне енгізілетін екiншi деңгейдегi капитал бөлігінің банктің активтерінің және банктің басқаруына берілген толық ақшамен немесе тазартылған қымбат металдармен қамтамасыз етілген, олар бойынша қалыптастырылған провизиялар сомасына кемітілген шартты және ықтимал міндеттемелерінің бірінші деңгейдегі капиталдың жалпы сомасындағы бірінші деңгейдегі капитал үлесінің шегінде алынған банктің инвестициялары мен меншікті капиталдың есебіне енгізілетін екінші деңгейдегі капитал бөлігінің сомасына шегерілген сомасына қатынасы (kl-1);
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

Похожие:

Қазақстан республикасының Қаржы нарығын жәНЕ iconҚазақстан республикасының Қаржы нарығЫН
Республикасындағы кредиттік бюро және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы” Қазақстан Республикасының Заңын іс жүзіне асыру мақсатында...
Қазақстан республикасының Қаржы нарығын жәНЕ iconҚазақстан республикасының Қаржы нарығЫН
«Бағалы қағаздар рыногы туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 2 маусымдағы Заңының 56-бабына сәйкес Қазақстан Республикасы...
Қазақстан республикасының Қаржы нарығын жәНЕ iconҚазақстан республикасының Қаржы нарығЫН
Республикасының Заңының 89-бабының 1-тармағына сәйкес, сондай-ақ Қазақстан Республикасы бағалы қағаздар рыногын одан әрі дамыту мақсатында...
Қазақстан республикасының Қаржы нарығын жәНЕ iconҚазақстан республикасының Қаржы нарығЫН
Екінші деңгейдегі банктердің қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы...
Қазақстан республикасының Қаржы нарығын жәНЕ iconҚазақстан республикасының Қаржы рыногын
«Почта туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабын іске асыру мақсатында, Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын...
Қазақстан республикасының Қаржы нарығын жәНЕ iconҚазақстан Республикасының қаржылық тұрақтылығы және қаржы нарығын дамыту жөніндегі кеңес (бұдан әрі – Кеңес) Қазақстан Республикасының қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету және қаржы секторын тиімді дамыту мәселелері бойынша ведомствоаралық үйлестіруді жүзеге асыру үшін құрылады
Республикасының қаржылық тұрақтылығы және қаржы нарығын дамыту жөніндегі кеңес туралы
Қазақстан республикасының Қаржы нарығын жәНЕ iconҚазақстан республикасының Қаржы нарығЫН
Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Зейнетақы активтерін инвестициялық...
Қазақстан республикасының Қаржы нарығын жәНЕ iconҚазақстан республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі басқармасының Қаулысы
Азақстан республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі
Қазақстан республикасының Қаржы нарығын жәНЕ iconҚазақстан республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі басқармасының Қаулысы
Азақстан республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі
Қазақстан республикасының Қаржы нарығын жәНЕ iconҚазақстан республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі басқармасының Қаулысы
Азақстан республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница