Тағылымдамадан өтушілердің кәсіби дайындығының бірыңғай бағдарламасын бекіту және Қазақстан Республикасы Әділет министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы




Скачать 81.56 Kb.
НазваниеТағылымдамадан өтушілердің кәсіби дайындығының бірыңғай бағдарламасын бекіту және Қазақстан Республикасы Әділет министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы
Дата конвертации12.02.2016
Размер81.56 Kb.
ТипДокументы
источникhttp://kz.almaty-notary.kz/d/266543/d/36-buyryk.doc
Тағылымдамадан өтушілердің кәсіби дайындығының бірыңғай бағдарламасын бекіту және Қазақстан Республикасы Әділет министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2012 жылғы 31 қаңтардағы № 36 бұйрығы

(2012.10.10. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

«Әділет органдары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7- бабы 2-тармағының 3) тармақшасын басшылыққа алып, «Нотариат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 9-тармағын іске асыру мақсатында, БҰЙЫРАМЫН:

1. Осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес Тағылымдамадан өтушілердің кәсіби дайындығының бірыңғай бағдарламасы бекітілсін.

2. Осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Әділет министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитетінің Төрағасына жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.

 

 

Қазақстан Республикасының

Әділет министрі

 

Б. Имашев

 

«Келісілді»

Республикалық нотариаттық

палатаның Төрағасы

2012 жылғы 31 қаңтар

Ә.Б. Жанәбілова

 

Қазақстан Республикасы

Әділет министрінің

2012 жылғы 31 қаңтардағы

36 бұйрығына

1-қосымша

 

 

Тағылымдамадан өтушілердің кәсіби дайындығының

бірыңғай бағдарламасы

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Осы Тағылымдамадан өтушілердің кәсіби дайындығының Бірыңғай бағдарламасы (бұдан әрі - бағдарлама) «Нотариат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7 бабы 9 тармағының негізінде әзірленді және тағылымдамадан өтушілердің барлығына міндетті болып табылады.

2. Тағылымдаманы ұйымдастыруды мемлекеттік нотариаттық кеңседе әділет органы, жекеше нотариустарда аумақтық нотариаттық палата жүзеге асырады.

ҚР Әділет министрінің 2012.10.10. № 342 Бұйрығымен 2-1-тармақпен толықтырылды

2-1. Тағылымдамадан өтуші Нотариаттық палатаның басқармасының шешімімен бекітілген нотариуста тағылымдамадан өтеді.

3. Бағдарлама бір күнтізбелік жылға, тағылымдама қысқартылған жағдайда үш айдан кем емес мерзімге арналған теоретикалық дайындық пен практикалық дағдылардан тұрады.

4. Практикалық дағдылар:

нотариаттық іс жүргізу туралы сабақтардан;

нотариаттық құжаттардың жобаларын дайындаудан;

тағылымдамадан өту туралы қорытынды есепті дайындаудан тұрады.

 

 

2. Бағдарламаның мазмұны

 

ҚР Әділет министрінің 2012.10.10. № 342 Бұйрығымен 5-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

5. Тағылымдамадан өтушінің теориялық дайындығы тізбесін аумақтық нотариаттық палата бекіткен нормативтік құқықтық актілерді өз бетінше зерделеу арқылы жүзеге асырылады.

ҚР Әділет министрінің 2012.10.10. № 342 Бұйрығымен 6-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

6. Практикалық дағдыларды игеру:

1) іс жүргізу барысында қажетті практикалық дағдыларды игеру келесі мәселелерді қарастырады:

қызметтік құжаттарды әзірлеу;

құжаттарды қабылдау, тіркеу мен жолдау;

құжаттардың орындалуын бақылау;

істер номенклатурасын жасау;

шағымдар мен өтініштерді шешу;

кіріс және шығыс хат-хабарлар журналдарын жүргізу;

мұрагерлік істердің есеп кітабын жүргізу;

мұрагерлік мүлікті қорғау жөніндегі шаралар қабылдау бойынша өтінімдердің есеп кітабын жүргізу;

мұрагерлік істер алфавиттік кітабын жүргізу;

өсиеттерді есепке алудың алфавиттік кітабын жүргізу;

тұрғын үйлерді (пәтерлерді) меншіктен шығаруға, тұрғын үйлерді (пәтерлерді) тұтқындауға тыйым салудың алфавиттік есеп кітабын жүргізу;

статистикалық есептілік жасау;

нотариаттық іс-әрекеттерді тіркеуге арналған тізілім жүргізу (тізілімнің нысандары мен оларға қойылатын талаптарды зерделеу, қағаз бетінде және электрондық тасымалдағыштардағы тізілімдерде тіркеу тәртібі);

нотариустың мөрін, бланкілерді, куәландыратын мөртаңбаларды сақтау мен қолдану;

шетелдегі іс-әрекеттерге арналған құжаттарды ресімдеу;

құжаттарды қалыптастыру және сақтау, сондай-ақ оларды нотариустың мұрағатына беруге әзірлеу;

істерді бұдан әрі жекеше нотариаттық мұрағатқа (мемлекеттік мұрағатқа) тапсыруға дайындау;

тұрақты және уақытша сақталатын құжаттарды іріктеу;

тұрақты сақталатын істер тізімдемесінің тәртібі;

құжаттарды жою тәртібі;

2) тағылымдамадан өтуші нотариаттық іс-әрекеттерді жасауға қатысады және келесі нотариалдық құжаттардың жобаларын жасайды:

мемлекеттік тіркеуге жататын мәмілелер (пәтер, тұрғын және тұрғын емес жайды, жер учаскесін, автокөлік құралын сыйға тарту шарты; пәтер, тұрғын және тұрғын емес жайды, жер учаскесін, автокөлік құралын сату - сатып алу шарты);

тіркеуге жататын мүлікті (пәтер, тұрғын және тұрғын емес жайды, жер учаскесін, автокөлік құралын) кепілге беру шарты;

Қазақстан Республикасының аумағында және шетелде күші бар сенімхаттар;

өсиет бойынша және заң бойынша мұра құқығы туралы куәлік;

өсиетхат;

азаматты тірі деп тану фактісі туралы куәлік;

азаматты белгілі бір жерде табу фактісі туралы куәлік;

өтініш бойынша берілетін, жалпы мүліктегі ерлі-зайыптылардың ортақ меншігіндегі үлеске меншік құқығы туралы куәлік;

артында қалған жұбайына берілетін, ерлі-зайыптылардың ортақ меншігіндегі жалпы мүліктегі үлеске меншік құқығы туралы куәлік;

мұрагерлік мүлікті бөлу туралы келісім;

теңіз наразылығы туралы акт;

вексельді төлемеу және акцептемеу наразылығы туралы акт;

акцептің күнін белгілемеу туралы наразылық актісі;

өтінішті беру туралы куәлік;

құжаттарды сақтауға қабылдау туралы куәлік;

нотариаттық іс-әрекеттерді жасаудан бас тарту туралы қаулы;

нотариаттық іс-әрекетті кейінге қалдыру және тоқтата тұру туралы қаулы;

3) тағылымдамадан өту туралы қорытынды есеп:

тағылымдамадан өтетін орын, мерзімдері мен тәртібі, нотариаттық іс-әрекеттерді жасау және іс қағаздарын жүргізу кезінде қажетті теоретикалық дайындығы, игерген дағдылары туралы мәліметтерді;

тағылымдамадан өту кезінде тағылымдамадан өтуші өз қолымен жасаған, тағылымдамадан өтуші және тағылымдама жетекшісі қол қойған нотариаттық құжаттардың үлгілерін қамтиды.

7. Тағылымдамадан өтуші әр тоқсан сайын аумақтық нотариаттық палатаның басқарма отырыстарында тағылымдаманың барысы туралы баяндайды.

Тағылымдама аяқталған соң тағылымдама жетекшісі тағылымдамадан өтушінің кәсіби дайындық бағдарламасынан өту деңгейі көрсетілген қорытындыны әзірлейді. Бұл қорытындыны тағылымдама жетекшісі аумақтық нотариаттық палатаға жолдайды, бұдан әрі ол аумақтық әділет органы мен нотариаттық палатаның бірлескен отырысында тағылымдамадан өтуші мен тағылымдама жетекшісінің қатысуымен қарастырылады.

8. Тағылымдамадан өтуші бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйедегі практикалық дағдыларды игеруін демо-нұсқада жүзеге асырады.

 

Қазақстан Республикасы

Әділет министрінің

2012 жылғы 31 қаңтардағы

36 бұйрығына

2-қосымша

 

 

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің күші жойылған кейбір бұйрықтарының

тізбесі:

 

1. «Нотариустардың сынақтан өтушілері туралы ережені бекіту және кейбір нормативтік құқықтық актілердің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2003 жылғы 20 тамыздағы № 169 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2468 болып тіркелген және 2003 жылғы 12 қыркүйектегі «Заң газетінде» жарияланған).

2. «Қазақстан Республикасы Әділет Министрінің 2003 жылғы 20 тамыздағы № 169 «Нотариустардың сынақтан өтушілері туралы ережені бекіту және кейбір нормативтік құқықтық актілердің күші жойылды деп тану туралы» тіркеу № 2468 бұйрығына толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2004 жылғы 7 мамырдағы № 127 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2842 болып тіркелген).

3. «Кейбір бұйрықтарға өзгерістер енгізу, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Әділет министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2004 жылғы 4 қарашадағы № 325 бұйрығының 1 тармағы 1) тармақшасы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3191 болып тіркелген)

4. «Қазақстан Республикасы Әділет министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2010 жылғы 20 сәуірдегі № 129 бұйрығының 1 тармағы 1) тармақшасы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6185 болып тіркелген және 2010 жылғы 27 қарашадағы «Казахстанская правда» газетінде жарияланған).

5. «Кадрлық резерв және нотариустың бос лауазымына орналасуға конкурс өткізу туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2005 жылғы 31 наурыздағы № 101 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3547 болып тіркелген және 2005 жылғы 23 маусымда «Заң газетінде» жарияланған).

 

 

Похожие:

Тағылымдамадан өтушілердің кәсіби дайындығының бірыңғай бағдарламасын бекіту және Қазақстан Республикасы Әділет министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы icon"Бизнестің жол картасы-2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасын бекіту, "Бизнестің жол картасы 2020" іске асыру жөніндегі кейбір шаралар
Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 10 маусымдағы №556 қаулысына өзгерістер енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің...
Тағылымдамадан өтушілердің кәсіби дайындығының бірыңғай бағдарламасын бекіту және Қазақстан Республикасы Әділет министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы icon«Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу және Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы бойынша салыстырма кесте
«Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу және Қазақстан...
Тағылымдамадан өтушілердің кәсіби дайындығының бірыңғай бағдарламасын бекіту және Қазақстан Республикасы Әділет министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы iconҚазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды деп тану туралы
Тан Республикасының Бюджет кодексінің 34-бабына, «Әкімшілік рәсімдер туралы» 2000 жылғы 27 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының...
Тағылымдамадан өтушілердің кәсіби дайындығының бірыңғай бағдарламасын бекіту және Қазақстан Республикасы Әділет министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы icon2 012 жылғы 9 қазандағы Астана, Үкімет Үйі от «9» октября 2012 года
Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану және «Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін...
Тағылымдамадан өтушілердің кәсіби дайындығының бірыңғай бағдарламасын бекіту және Қазақстан Республикасы Әділет министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы iconҚазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010 2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды деп тану туралы
Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010 2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама және Қазақстан...
Тағылымдамадан өтушілердің кәсіби дайындығының бірыңғай бағдарламасын бекіту және Қазақстан Республикасы Әділет министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 13 сәуірдегі №301 Қаулысы
Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды деп тану туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы...
Тағылымдамадан өтушілердің кәсіби дайындығының бірыңғай бағдарламасын бекіту және Қазақстан Республикасы Әділет министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы icon«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы Бағдарламаның паспорты
Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010 – 2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама және Қазақстан...
Тағылымдамадан өтушілердің кәсіби дайындығының бірыңғай бағдарламасын бекіту және Қазақстан Республикасы Әділет министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы icon«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы Бағдарламаның паспорты Бағдарламаның атауы
Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010 – 2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама және Қазақстан...
Тағылымдамадан өтушілердің кәсіби дайындығының бірыңғай бағдарламасын бекіту және Қазақстан Республикасы Әділет министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы iconРеспубликанское государственное учреждение «национальный банк республики казахстан» басқармасының Қаулысы постановление
Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілерінің күші жойылды деп тану туралы
Тағылымдамадан өтушілердің кәсіби дайындығының бірыңғай бағдарламасын бекіту және Қазақстан Республикасы Әділет министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы
Президентінің 2014 жылғы 12 тамыздағы №893 Жарлығымен Балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтамасыз ету жөніндегі...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница