Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 наурыздағы №396 қаулысы




НазваниеҚазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 наурыздағы №396 қаулысы
страница1/4
Дата конвертации12.02.2016
Размер0.57 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://kz.government.kz/docs/396k.doc
  1   2   3   4


Қазақстан Республикасында бақылау жасалуға тиіс есірткіні,

психотроптық заттар мен прекурсорларды

медициналық мақсаттарда пайдалану

қағидаларын бекіту туралы


Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 наурыздағы №396 қаулысы


«Есірткі, психотроптық заттар, прекурсорлар және олардың заңсыз айналымы мен теріс пайдаланылуына қарсы іс-қимыл шаралары туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 10 шілдедегі Заңының 16-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

1. Қоса берiліп отырған Қазақстан Республикасында бақылау жасалуға тиіс есірткіні, психотроптық заттар мен прекурсорларды медициналық мақсаттарда пайдалану қағидалары бекiтiлсiн.

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі К. Мәсімов





Қазақстан Республикасы

Үкiметiнiң
2012 жылғы « »

№ қаулысымен

бекітілген


Қазақстан Республикасында бақылау жасалуға тиіс

есірткіні, психтроптық заттар мен прекурсорларды

медициналық мақсаттарда пайдалану

қағидалары

1. Жалпы ережелер

1. Осы Қазақстан Республикасында бақылау жасалуға тиіс есірткіні, . психтроптық заттар мен прекурсорларды медициналық мақсаттарда пайдалану қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Есірткі, психотроптық заттар, прекурсорлар және олардың заңсыз айналымы мен теріс пайдаланылуына қарсы іс-қимыл шаралары туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 10 шілдедегі Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзірленген және құрамында Қазақстан Республикасында бақылау жасалуға тиіс есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлардың тізіміне (бұдан әрі – Тізім) енгізілген есірткі, психотроптық заттар мен прекурсолар бар дәрілік заттарды медициналық мақсатта пайдалану тәртібін айқындайды.

Есірткіні, психотроптық заттар мен прекурсорларды медициналық мақсатта пайдалану деп құрамында есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар бар дәрілік заттарды тағайындау, пайдалану, жазып беру, босату, сақтау, бөлу, есепке алу, жою түсініледі.

2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1) науқастың медициналық құжаттары – сырқатнамасы, амбулаториялық картасы, консультациялық қарау жазба парағы;

2) арнайы рецептілік бланк – құрамында Тізімнің ІІ Кестесіндегі есірткі, психотроптық заттар бар дәрілік заттарға рецепт жазып беруге арналған белгіленген нысандағы бланк;

3) сигнатура – құрамында есірткі, психотроптық заттар бар дәрілік заттарды алудың заңдылығын растайтын белгіленген нысандағы құжат;

4) Тізімнің II Кестесі – медициналық мақсатта пайдаланылатын және қатаң бақылауға алынған есірткі және психотроптық заттардың тізімі;

5) Тізімнің III Кестесі – медициналық мақсатта пайдаланылатын және бақылауға алынған есірткі мен психотроптық заттардың тізімі;

6) Тізімнің IV Кестесі – бақылауға алынған прекурсорлар (есірткі мен психотроптық заттарды заңсыз дайындауда жиі пайдаланылатын химиялық және өсімдік заттар) тізімі.

2. Қазақстан Республикасында бақылау жасалуға тиіс есірткіні, психотроптық заттар мен прекурсорларды медициналық мақсатта пайдалану тәртібі

1. Құрамында есірткі, психотроптық заттар мен

прекурсорлар бар дәрілік заттарды тағайындау

3. Денсаулық сақтау ұйымдарында амбулаториялық және стационарлық емдеу кезінде құрамында есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар бар дәрілік заттарды тағайындауды денсаулық сақтау ұйымының дәрігері жүзеге асырады.

4. Жедел және шұғыл медициналық жәрдем көрсету кезінде құрамында есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар бар дәрілік заттарды жедел медициналық жәрдемнің көшпелі бригадасының дәрігері немесе денсаулық сақтау ұйымының шұғыл жәрдем (үйіне барып жәрдем беру) бөлімшесінің дәрігері тағайындайды.

Ауылдық жерлерде жедел медициналық жәрдемнің көшпелі бригадасында дәрігерлер болмаған жағдайда құрамында есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар бар дәрілік заттарды тағайындауды көшпелі бригаданың фельдшері жүргізеді.

Құрамында Тізімнің II Кестесіндегі есірткі, психотроптық заттар бар дәрілік заттардың пайдаланылуын ресімдеу науқасқа шұғыл медициналық көмек көрсетілгеннен кейін жүргізіледі.

5. Стационарлық емдеуде жатқан науқастарға құрамында есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар бар дәрілік заттарды тағайындау медициналық көрсетілімдеріне сәйкес жүзеге асырылады.

6. Құрамында есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар бар дәрілік заттарды тағайындау бір реттік дозасы, қабылдау (енгізу) тәсілі мен жиілігі, емдеу курсының ұзақтығы, сондай-ақ дәрілік заттарды тағайындаудың негіздемесі міндетті көрсетіле отырып, науқастың медициналық құжаттарында белгіленеді және бөлімше меңгерушісі және/немесе денсаулық сақтау ұйымының басшысы қолымен куәландырады.

7. Басшының міндетін орындайтын бір дәрігер жұмыс істейтін денсаулық сақтау ұйымдарында құрамында Тізімнің II Кестесіндегі есірткі, психотроптық заттар бар дәрілік заттарды тағайындауды дәрігер өзі жүзеге асырады.

2. Құрамында есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар бар дәрілік заттарды медициналық мақсатта пайдалану

8. Медициналық мақсаттарда Қазақстан Республикасының аумағында тіркелген және медициналық қолдануға рұқсат етілген, дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың және медицина техникасының Мемлекеттік тізіліміне егізілген, құрамында есірткі, психотроптық заттар мен прекусорлар бар дәрілік заттар пайдаланылады.

9. Құрамында есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар бар дәрілік заттарды медициналық мақсатта пайдалану Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес берілген есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымы саласында лицензиясы бар денсаулық сақтау ұйымдарында жүргізіледі.

10. Амбулаториялық емделу кезінде пациенттерге құрамында есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар бар дәрілік заттарды пайдалану жазып берілген рецептіге сәйкес дәрігердің тағайындауы бойынша жүргізіледі.

11. Стационарлық медициналық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарында науқастарға құрамында Тізімнің II, III Кестелеріндегі есірткі, психотроптық заттар бар дәрілік заттарды беру басқа дәрілерден бөлек жүргізілуі тиіс.

Дәрілік заттарды пайдалану (қабылдау) оларды беру сәтінде медицина қызметкерінің қатаң қадағалауымен: ішу арқылы қабылдау, трансдермальді терапиялық жүйелерді салу (бұласыр, үлбір және сол сияқтылар) – мейірбикенің қатысуымен, инъекцияларды енгізу – дәрігердің қатысуымен жүргізіледі.

12. Медициналық ұйымдардың сақтауға арналған орындарында және кезекші дәрігерлер мен медбикелердің постыларында есірткінің, психотроптық заттар мен прекурсорлардың жоғары бір реттік және тәуліктік дозаларының кестелері, сондай-ақ олармен уланған кездегі у қайтарғылар кестесі ілінеді.

13. Медициналық ұйымның бөлімшелерінде (кабинеттерінде) құрамында есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар бар дәрілік заттардың заттаңбаларын ауыстыруға, өлшеп орауға, шашыратуға, басқа қаптамаға (ыдысқа) құюға және ауыстырып салуға тыйым салынады.

3. Құрамында есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар бар

дәрілік заттардың рецептілерін жазып беру және оларды босату


14. Науқастарға құрамында есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар бар дәрілік заттардың рецептілерін денсаулық сақтау ұйымдарының дәрігерлері, өздігінен қабылдау жүргізетін фельдшерлер, акушерлер, жеке қызмет ететін дәрігерлер тиісті медициналық айғақтар болған кезде жазып береді және қолымен, жеке мөрімен, денсаулық сақтау ұйымының мөртабанымен және мөрімен куәландырылады.

15. Амбулаториялық науқастарға құрамында Тізімнің II Кестесіндегі есірткі, психотроптық заттар бар дәрілік заттар типографиялық тәсілмен дайындалған, А6 форматты, коды, бланк нөмірі мен қорғалу дәрежесі бар қызғылт түсті осы Қағидағаларға 1-қосымшаға сәйкес арнайы рецептілік бланкіге жазып беріледі.

Коды осы Қағидағаларға 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық бірлігінің шартты сандық мәнін қамтиды.

16. Арнайы рецептілік бланкілердегі рецептілер дәрігердің өз қолымен жазылады, ұйымның мөртабанымен, мөрімен, дәрігердің жеке мөрімен, медицина ұйымының бас дәрігерінің немесе оның орынбасарының қолымен куәландырылады. Рецептіде медициналық құжаттаманың нөмірі, рецептіні жазып берген дәрігердің тегі, аты, әкесінің аты, сондай-ақ науқастың тегі, аты, әкесінің аты, жасы мен тұрғылықты мекенжайы көрсетіледі.

Арнайы рецептілік бланкілердің түбіртектері рецептімен бірдей толтырылады және медицина ұйымында олардың сақталуына жауапты тұлғада сақталады.

17. Рецептінің мазмұны, арнайы рецептілік бланкінің сериясы мен нөмірі науқастың медициналық құжаттамасына жазылады.

18. Құрамында Тізімнің II, ІІІ, IV Кестeлеріндегі есірткі, психотроптық заттар бар дәрілік заттардың рецептілерін тегін жазып беру кезінде рецептілік бланкіге қосымша тегін берілу рецептісі жазып беріледі. Жазып берілген рецептілер осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысандағы журналда тіркеледі.

19. Құрамында Тізімнің III, IV Кестелеріндегі есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар бар дәрілік заттардың рецептілері осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес бекітілген үлгідегі рецептілік бланкілерде жазып беріледі және медицина ұйымының мөртабанымен және мөрімен, дәрігердің қолымен және жеке мөрімен куәландырылады.

20. Көпқұрамдас дәрілік түрлердің құрамына кіретін құрамында есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар бар дәрілік заттардың атауы рецептіде бірінші жазылады, сосын барлық қалған ингредиенттері көрсетіледі.

21. Жоғары бір реттік қабылдаудан асатын дозадағы құрамында есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар бар дәрілік заттардың рецептілерін жазып берген кезде дәрілік заттың дозасы жазумен жазылады және леп белгісі қойылады.

Дәрігер бұл талапты сақтамаған жағдайда фармацевтика қызметкері жазып берілген дәрілік заттың жоғары бір реттік дозасының жартысын береді.

22. Бір рецептуралық бланкіде Тізімнің II, III, IV Кестелеріндегі есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлардың осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес бір ғана атауы жазып беру және босату нормасынан аспайтын мөлшерде жазылады.

23. Инкурабельді онкологиялық (гематологиялық) науқастарды емдеу үшін құрамында Тізімнің II, III, IV Кестелеріндегі есірткі, психотроптық заттар бар дәрілік заттарының бір рецептіде жазып берілген мөлшері 2 есе арттырылуы мүмкін. Дәрілік заттың мөлшері жазумен жазылады және леп белгісі қойылады.

Ерекше жағдайларда медициналық айғақтары бойынша инкурабельді науқасқа арналған дәрілік зат 5-10 күн емдеуге қажетті мөлшерде бірнеше рецептіде, бірақ осы Қағидаларға 5-қосымшада көрсетілген рұқсат етілген мөлшерден асырылмай жазып берілуі мүмкін.

Созылмалы науқастарға бір рецептіде жазып берілген этилморфин гидрохоридінің мөлшері көзге арналған дәрілік түрлерде беру нормасынан бес есе арттырылуы мүмкін.

24. Созылмалы аурулары бар науқастарға құрамында Тізімнің III, IV Кестелеріндегі есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар бар дәрілік заттарының рецептілері мерзімі бір айға дейінгі емдеу курсына жазылып берілуі мүмкін. Бұл жағдайларда рецептілік бланкіде «Арнайы тағайындау бойынша» деп көрсетіледі. «Арнайы тағайындау бойынша» нұсқамасын дәрігердің өзі жазуы және оның қолы мен жеке мөрімен куәландырылуы тиіс.

25. Құрамында Тізім Кестелеріндегі есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар бар дәрілік заттардың рецептілері күнтізбелік 7 күн ішінде жарамды.

26. Рецептілер бланкіде көзделген бағаналардың барлығы міндетті түрде толтырылып, анықтап жазылады. Рецептіде түзетулерге жол берілмейді.

27. Дәрілік затты қолдану тәсілі мемлекеттік немесе орыс тілінде дозасы, қабылдау жиілігі мен ұзақтығын көрсете отырып белгіленеді. Жалпы нұсқаулармен шектелуге жол берілмейді.

28. Рецепт жазу және беру кезінде:

1) Қазақстан Республикасында тіркелмеген және қолдануға рұқсат етілмеген дәрілік заттарға рецепт жазуға;

2) нашақорлыққа шалдыққан науқастарға құрамында Тізімнің II Кестесіндегі есірткі, психотроптық заттар бар дәрілік заттарын жазып беруге;

3)  амбулаториялық науқастарға этил эфирін, сондай-ақ фентанилдің инъекциялық ерітінділеріне рецептлер жазып беруге және беруге;

4) бір рецептілік бланкіге құрамында есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар бар дәрілік заттарды осы Қағидаларға 5-қосымшада көрсетілген мөлшерден артық жазып беруге және беруге;

5) рецептіде жазып берілген есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорларды дайындалған түрдің құрамынан бөлек беруге жол берілмейді.

Жоғарыда санамаланған талаптарға сай келмейтін рецепт жарамсыз болып саналады. Рецептіні жазып берген тұлға науқастың қайта қаралуы кезінде оның тиісінше ресімделуін қамтамасыз етеді.

29. Құрамында Тізімнің II Кестесіндегі есірткі, психотроптық заттар бар дәрілік заттарының рецептілері олар жазылған Республиканың әкімшілік-аумақтық бірлігі шегінде, Тізімнің III, IV Кестелеріндегі дәрілік заттарына жазылған рецептілер Қазақстан Республикасының барлық аумағында жарамды.

30. Дәріханалық ұйымдардан құрамында есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар бар дәрілік заттар:

1) сенімхат негізінде осы Қағидалардың 6-қосымшасына сәйкес талаптар бойынша денсаулық сақтау жүйесінде есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымы саласында жұмыс істеуге құқығы бар заңды тұлғаларға;

2) дәрігердің рецептісі бойынша, өлшенген 3,0 және 5,0 грамм калий перманганатын қоспағанда, халыққа беріледі.

3) Денсаулық сақтау ұйымдарының есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорларды алуға талаптары басқа дәрілік заттарға талаптардан бөлек латын тілінде олардың саны жазумен көрсетіп жазылады, денсаулық сақтау ұйымы басшысының немесе оның орынбасарының қолымен куәландырылады және ұйым мөрі соғылады.

4) Инкурабельді онкологиялық науқастарға құрамында Тізімнің II Кестесіндегі есірткі, психотроптық заттар бар дәрілік заттарын беруді денсаулық сақтау ұйымының басшысы ұсынған, оның қолымен және денсаулық сақтау ұйымының мөрімен куәландырылған бекіту тізіміне сәйкес тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде фармацевтикалық қызмет көрсететін дәріханалар жүзеге асырады.

Бекіту тізімінде науқастың Т.А.Ә. және мекенжайы, рецептіні жазуға жауапты дәрігердің Т.А.Ә. көрсетіледі. Бекіту тізімі дәріханаға жарты жылда бір рет беріледі.

Медицина ұйымы дәріханаға бірінші басшының қолымен және ұйым мөрімен куәландырылған Тізімнің II Кестесіндегі дәрілік заттарына рецепт жазуға құқығы бар дәрігерлердің тізімін, қолдарының және жеке мөрлерінің үлгілерін ұсынады.

33. Науқасқа құрамында есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар бар дәрілік заттарды беру кезінде рецептінің артқы жағында берілген дәрілік заттың атауы, саны, уақыты және берушінің қолы көрсетіледі.

34. Науқасқа құрамында есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар бар дәрілік заттарды беру кезінде рецептінің орнына рецептіге және зауыттық таңбалануына (өндіруші зауыт, елі, серия нөмірі (партиясы)) толығымен сәйкес келетін мәліметтері бар, диагоналы бойынша (сол жақтан оң жаққа) сары жолағы бар осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысанда сигнатура беріледі. Сигнатура дәріні берген фармацевтика қызметкерінің қолымен куәландырылады, сондай-ақ дәріхана ұйымының мөрімен расталады.

35. Денсаулық сақтау ұйымдарына Тізімнің II, III, IV Кестелеріндегі дәрілік заттарды беру алынатын заттардың атауы, дозасы, концентрациясы, дәрілік түрі мен саны жазумен көрсетіліп, белгіленген тәртіп бойынша ресімделген жеке сенімхат бойынша жүргізіледі. Сенімхатты қолдану мерзімі 10 күннен аспауы керек.

4. Құрамында есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар

бар дәрілік заттарды сақтау және тіркеу тәртібі

36. Есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорларды сақтайтын үй-жайларға (бұдан әрі – сақтау үй-жайлары) кіруге олармен жұмыс жасауға жіберілген тұлғаларға рұқсат етіледі.

37. Есірткі, психотроптық заттар және прекурсорлармен жұмыс жасауға рұқсат етілген тұлғаларда нашақорлық, уытқұмарлық, созылмалы маскүнемдік ауруларының жоқтығы, сондай-ақ есірткі, психотроптық заттар және прекурсорлармен байланысты жұмыс жасауға жарамдылығы туралы психиатр мен нарколог дәрігерлердің қорытындылары және ішкі істер органдарының тиісті тексеруінің қорытындысы болады. Есірткі, психотроптық заттар және прекурсорлармен жұмыс істеуге рұқсат етілген тұлғалардың тізімі денсаулық сақтау ұйымының басшысының бұйрығымен жыл сайын бекітіледі.

38. Медициналық ұйымдардың сақтауға арналған орындарында және кезекші дәрігерлер мен медбикелердің постыларында есірткі, психотроптық заттардың жоғары бір реттік және тәуліктік дозаларының кестелері, сондай-ақ олармен уланған кездегі у қайтарғылар кестесі ілінеді.

39. Сақтау үй-жайлары, сейфтер мен шкафтар жабық тұруы тиіс. Жұмыс күні аяқталғаннан кейін олар мөрленеді және (немесе) пломбаланады. Кілттері, мөрі және (немесе) пломбир жауапты тұлғада (бұдан әрі – жауапты тұлға) сақталады.

40. Құрамында Тізімнің II, III, IV Кестелеріндегі есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар бар дәрілік заттардың кірісі мен шығысы бойынша барлық құжаттар (есептік-фактуралар, жүкқұжаттар, сенімхаттар, рецептілер, талаптар) айы мен жылы бойынша тігіліп, мөрленген күйде жауапты тұлғада, олардың сақталуын қамтамасыз ету шартымен сейфтерде немесе метал шкафтарда сақтау үй-жайларында сақталуы тиіс.

41. Құрамында Тізімнің II Кестесіндегі есірткі, психотроптық заттар бар дәрілік заттардың кірісі мен шығысы бойынша барлық құжаттар ағымдағысын санамағанда бес жыл, құрамында Тізімнің III, IV Кестелеріндегі есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар бар дәрілік заттардың кірісі мен шығысы бойынша барлық құжаттар ағымдағысын санамағанда бір жыл сақталады.

42. Сейфтің, шкафтің есігінің ішкі жағында құрамында есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар бар дәрілік заттардың жоғары бір реттік және тәуліктік дозалары көрсетіле отырып, тізімі ілінеді.

43. Сақтау үй-жайынан құрамында есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар бар дәрілік заттарды беруді жауапты тұлға ғана жүзеге асырады.

44. Дәріханалардағы ассистенттік бөлмеде Тізімнің II Кестесіндегі есірткі, психотроптық заттарының қоры бес күндік қажеттіліктен, денсаулық сақтау ұйымдарының бөлімшелерінде (кабинеттерінде) – үш күндік қажеттіліктен, дәріханалардың сақтау үй-жайларында – мереке және демалыс күндерін қоспағанда, отыз күндік қажеттіліктен аспайды.

45. Стационарлық көмек көрсететін медициналық ұйымда кешкі және түнгі уақытта шұғыл медициналық көмек көрсету үшін құрамында Тізімнің ІІ Кестесіндегі есірткі, психотроптық заттар бар дәрілік заттардың бес күннен аспайтын қоры тізімі денсаулық сақтау ұйымы басшысының бұйрығымен айқындалады, оны жауапты кезекші дәрігердің рұқсатымен пайдаланады.

46. Медициналық сарапшылық қызмет жасайтын денсаулық сақтау ұйымдарында сынаудан (талдаудан) қалған құрамында есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар бар дәрілік заттарды үш ай сақтайды, содан кейін өтініш берушіге қайтарады. Дәрілік заттарды қайтару факті тиісті актімен ресімделеді.

47. Құрамында есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар бар жарамсыз дәрілік заттар, сондай-ақ сынақтардан (талдаудан) кейін қалған қалдықтар жойылуы тиіс.

48. Құрамында есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар бар дәрілік заттар денсаулық сақтау ұйымдарында осы Қағидаларға 8, 9, 10, 11-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша нөмірленген, тігілген, денсаулық сақтау ұйымының және дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медицина техникасының айналымы саласындағы мемлекеттік органның (бұдан әрі – мемлекеттік орган) аумақтық бөлімшелері басшыларының қолдарымен және мөрлерімен расталған арнайы журналда заттық-сандық есепке алынады.

49. Ғылыми-зерттеу институттарында, оқу орындарында, сынақ зертханаларында (орталықтарында) құрамында есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар бар дәрілік заттар мен реактивтер осы Қағидаларға 12, 13-қосымшаларға сәйкес нысандағы журналдарда заттық-сандық есепке алынады.

50. Есепке алу журналының бірінші бетінде заттық-сандық есепке алынатын дәрілік заттардың тізбесі көрсетіледі. Дәрілік заттың әрбір дәрілік түрі, дозасы, қапталуы үшін жеке парақ (келесі беті) бөлінеді, онда дәрілік заттың атауы, дәрілік түрі, дозасы, өлшем бірлігі, журналды толтыруға жауапты тұлғаның тегі мен аты-жөні көрсетіледі. Келіп түскені нөмірі мен күні көрсетіліп, әрбір кіріс құжаты бойынша жазылады. Шығыны күндік қорытындысымен жазылады (күнделікті жазбалар). Есепке алу журналы бір жыл ішінде жарамды.

51. Жауапты тұлға әр айдың бірі күні құрамында есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар бар дәрілік заттың нақты бар-жоғын кітаптағы қалдықпен тексеріп, осы Қағидаларға 14-қосымшаға сәйкес акт жасай отырып, салыстырады.

52. Көрсетілген заттарды түгендеуде әрбір түгендеу ведомосты бойынша нақты қалдықтар анықталады.

53. Нақты қалдықтардың кітаптағы қалдықтардан алшақтығы анықталған жағдайда, бұл туралы денсаулық сақтау ұйымының басшысы бір тәулік ішінде денсаулық сақтау саласындағы және есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымы саласындағы мемлекеттік органдарының аумақтық бөлімшесіне хабарлайды.

5. Арнайы рецептілік бланкілер мен талаптарды сақтау,

тарату, босату, есепке алу және жою

54. Денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдары денсаулық сақтау ұйымдарын арнайы рецептілік бланкілермен қамтамасыз етеді.

55. Арнайы рецептілік бланкілерді беру бланкінің саны (жазумен), коды мен нөмірі көрсетілген сенімхат бойынша жүзеге асырылады.

56. Арнайы рецептілік бланкілерді алуға берілетін сенімхаттың қолдану мерзімі 10 күн (шалғайдағы аудандардың денсаулық сақтау ұйымдары үшін 30 күннен аспауы керек).

57. Денсаулық сақтау ұйымдарының арнайы рецептілік бланкілерге талабы осы Қағидаларға 15-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ресімделеді.

58. Арнайы рецептілік бланкілер денсаулық сақтау ұйымына түскен кезде алынған санының ілеспе құжаттарға сәйкестігін тексеретін осы ұйымның басшысы тағайындаған комиссия қабылдап алады.

59. Денсаулық сақтау ұйымында арнайы рецептілік бланкілерді алуға, сақтауға және беруге жауапты тұлға тағайындалады.

60. Арнайы рецептілік бланкілер, сондай-ақ олардың кірісі мен шығысы туралы құжаттар сейфтерде немесе металл шкафтарда сақталады. Жұмыстың соңында бөлме мөрленеді және (немесе) пломба салынады. Бөлменің кілттері, мөр және (немесе) пломбир жауапты тұлғада сақталады.

61. Денсаулық сақтау ұйымындағы арнайы рецепттілік бланкілердің қоры орташа айлық қажеттіліктен аспайды. Қажеттілікті бекітілген халықтың санын ескере отырып, медициналық ұйым анықтайды.

62. Емдеуші дәрігерге арнайы рецептілік бланкілер денсаулық сақтау ұйымы басшысы орынбасарының рұқсатымен нақты науқас үшін беріледі.

63. Арнайы рецептілік бланкілер заттық сандық есепке алуға жатады.

64. Арнайы рецептілік бланкілерді есепке алу кітабы осы Қағидаларға 16-қосымшаға сәйкес күнтізбелік бір жылға жүргізіледі. Есепке алу кітабы нөмірленеді, тігіледі, денсаулық сақтау ұйымның мөрімен және басшысының қолымен бекітіледі.

65. Әр айдың бірі күні материалдық жауапты тұлға арнайы рецептілік бланкілердің нақты санын кітаптағы қалдықпен тексеріп салыстырады, бұл туралы осы Қағидаларға 17-қосымшаға сәйкес салыстыру акті жасалады.

Салыстыру нәтижелері бойынша алшақтықтар анықталған жағдайда, денсаулық сақтау ұйымының басшысы бұл туралы мемлекеттік органның аумақтық бөлімшесіне хабарлайды.

66. Арнайы рецептілік бланкілерді есепке алу кітабы оған қатысты барлық кіріс шығыс құжаттарымен, сейфте немесе металл шкафтарда ағымдағыны санамағанда, бес жыл бойы сақталады.

67. Арнайы рецептілік бланкілердің кірісі мен шығысы бойынша барлық құжаттар (шот-фактуралар, жүкқұжаттар, талаптар, сенімхаттар) олардың сақталуына кепілдік беру шартымен сақталады. Құжаттар айлары мен жылдары бойынша тігіледі.

68. Денсаулық сақтау ұйымының басшысы үйінде қайтыс болған науқастардан қалған, пайдаланылмаған арнайы рецептілерді қабылдау мен есепке алуды ұйымдастырады.

Үйде қайтыс болған онкологиялық науқастардың туыстарынан арнайы рецептілік бланкілерге жазып берілген, пайдаланылмаған рецептілерді қабылдау осы Қағидаларға 18-қосымшаға сәйкес актімен ресімделеді.

69. Қайтыс болған науқастардың туыстары тапсырған, пайдаланылмаған арнайы рецептілер саны осы Қағидаларға 19-қосымшаға сәйкес арнайы журналға тіркеледі. Журнал нөмірлеген, тігілген, денсаулық сақтау ұйымының мөрімен және басшысының қолымен расталған болуы керек.

70. Қайтыс болған науқастардың туыстары тапсырған, пайдаланылмаған арнайы рецептілер сақталуға және кейіннен жойылуға жатады. Рецептілерді жою рецептілердің жиналуына қарай, бірақ айына 1 реттен сиретпей, тұрақты жұмыс істейтін және құрамына ішкі істер органының өкілі кіретін комиссияның қатысуымен өртеу жолымен жүргізіледі. Арнайы рецептілік бланкілерді жою фактісі тиісті актімен ресімделеді.

6. Құрамында есірткі, психотроптық заттар мен

прекурсорлар бар дәрілік заттарды жою

71. Стационарлық медициналық көмек көрсететін медициналық ұйымдарда бос ампулалар, пайдаланылған бұласырлар (трансдермальді терапевтикалық жүйелер), сондай-ақ құрамында Тізімнің II Кестесіндегі есірткі, психотроптық заттар бар дәрілік заттардың ішіндегісі ішінара пайдаланылған ампулалары мен бұласырлар (трансдермальді терапевтикалық жүйелер) жиналуға және жойылуға жатады.

72. Денсаулық сақтау ұйымының басшысы үйде қайтыс болған науқастардан қалған құрамында Тізімнің II Кестесіндегі есірткі, психотроптық заттар бар, пайдаланылмаған дәрілік заттарын қабылдауды және есепке алуды ұйымдастырады.

73. Денсаулық сақтау ұйымының бұйрығымен қайтыс болғаны туралы куәліктерді ресімдеуге жауапты медицина қызметкеріне қайтыс болған онкологиялық науқастың туыстарынан пайдаланылмаған арнайы рецептілік бланкілерді және құрамында Тізімнің II Кестесіндегі есірткі, психотроптық заттар бар дәрілік заттарды тапсыру туралы ауызша хабарлау, сонымен қатар үйде қайтыс болған науқастан қалған арнайы рецептілік бланкілерді және құрамында Тізімнің II Кестесіндегі есірткі, психотроптық заттар бар пайдаланылмаған дәрілік заттарды қабылдап алу жүктеледі. Қабылдау осы Қағидаларға 20-қосымшаға сәйкес нысан бойынша актімен ресімделеді.

74. Денсаулық сақтау ұйымы амбулаториялық картасында жазылған дәрілік заттың шығынын кезекті рецептіні алған күннен бастап тексеріп салыстырады. Тапсырылған дәрілік препараттардың саны, олардың атауы мен дәрілік түрлері (ампулалар, таблеткалар, ұнтақтар, бұласырлар (трансдермальді терапевтикалық жүйелер) және басқалар) нөмірленген, тігілген, ұйымның мөрімен және басшының қолымен расталған, осы Қағидаларға 21-қосымшаға сәйкес бекітілген нысандағы арнайы есепке алу журналында тірекеледі.

75. Тапсырылған дәрілік заттар жойылғанға дейін сейфте сақталады.

76. Құрамында Тізімнің II Кестесіндегі есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар бар жарамдылық мерзімі өткен, қайтыс болған науқастардың туыстары тапсырған, сондай-ақ сынған, ақауы бар дәрілік заттарды, бос ампулалар және бұласырларды (трансдермальді терапиялық жүйелер), сондай-ақ ішіндегісі ішінара пайдаланылған ампулалар мен бұласырларды (трансдермальді терапиялық жүйелер) жою үшін денсаулық сақтау ұйымы басшысының бұйрығымен тұрақты жұмыс істейтін, ішкі істер органдары мен санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің өкілдері енетін комиссия құрылады.

77. Құрамында Тізімнің II Кестесіндегі есірткі, психотроптық заттар бар дәрілік заттарының жиналуына қарай, әр айдың отызыншы күнінен кешіктірмей денсаулық сақтау ұйымы жанындағы тұрақты жұмыс істейтін комиссияның қатысуымен: ұнтақтар мен таблеткаларды, бұласырларды (трансдермальді терапиялық жүйелерді) өртеу, ампуладағы препараттарды жаншу жолымен жою жүргізіледі.

78. Дәріханалық ұйымдарда құрамында Тізімнің II, III, IV Кестелеріндегі есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар бар қолдану мерзімі өткен, сынған, ақауы бар дәрілік заттарды жою үшін ұйым басшысының бұйрығымен құрамына дәріханалық ұйымның басшысы мен жауапты тұлғасы, ішкі істер органдарының, Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау департаментінің және санитариялық-эпидемиялогиялық қызмет өкілдері кіретін, тұрақты жұмыс істейтін комиссия құрылады.

79. Жою туралы факт осы Қағидаларға 22 және 23-қосымшаларға сәйкес актімен ресімделеді.

80. Есепке алу журналында дәрілік заттың әрбір атауы бойынша жойылған күні, сондай-ақ оның саны мен жою тәсілі туралы белгі қойылады.

Қазақстан Республикасында

бақылау жасалуға тиіс есірткіні,

психтроптық заттар мен

прекурсорларды медициналық

мақсаттарда пайдалану қағидаларына

1-қосымша

А6 форматы

Арнайы рецептілік бланкінің нысаны

РЕЦЕПТ №______

РЕЦЕПТ № _______

Код __________

Код _____ 

Денсаулық сақтау

ұйымының мөртабаны

Денсаулық сақтау

ұйымының мөртабаны

Жазып берілген күн

20 __ ж. «____» _____________

Науқастың Т.А.Ә

Жасы _________________________

Мекенжайы ___________________

Участок № ____________________

Науқастың медициналық құжаттамасының

№ _______________

Дәрігердің Т.А.Ә

Rp:

Жазып берілген күн

20 __ ж. "____" ______________

Науқастың Т.А.Ә,

Жасы __________________________

Мекенжайы ____________________

Участок № _____________________

Науқастың медициналық құжаттамасының

№ _______________

Дәрігердің Т.А.Ә ______________

Rp:

Дәрігердің қолы мен жеке мөрі

М.

Дәрігердің қолы мен жеке мөрі

О.

Түзетулерге жол берілмейді

Түбіртек денсаулық сақтау

ұйымында қалады

Бланк нөмірі

Түзетулерге жол берілмейді

Бланк нөмірі

Қазақстан Республикасында

бақылау жасалуға тиіс есірткіні,

психтроптық заттар мен

прекурсорларды медициналық

мақсаттарда пайдалану қағидаларына

2-қосымша

Республиканың әкімшілік-аумақтық бірлігінің

шартты сандық белгісі

 

Р/с №

Әкімшілік-аумақтық бірлік 

Шарттық сандық
белгі (коды)

1.

Астана қаласы

658

2.

Ақмола облысы 

652

3. 

Ақтөбе облысы

645

4. 

Алматы қаласы

646

5.

Алматы олбысы

660

6.

Атырау облысы

648

7.

Шығыс Қазақстан облысы

647

8.

Жамбыл облысы

649

9.

Батыс Қазақстан облысы

657

10.

Қарағанды облысы

650

11.

Қызылорда облысы

651

12.

Қостанай облысы

653

13.

Маңғыстау облысы

663

14.

Павлодар облысы

654

15.

Солтүстік Қазақстан облысы

655

16.

Оңтүстік Қазақстан облысы

659

Қазақстан Республикасында

бақылау жасалуға тиіс есірткіні,

психтроптық заттар мен

прекурсорларды медициналық

мақсаттарда пайдалану қағидаларына

3-қосымша

  1   2   3   4

Похожие:

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 наурыздағы №396 қаулысы iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің 23 шілде 2015 жылғы №578 Қаулысы
Республикасы Үкіметінің «Қашықтықтан білім беру технологиялары бойынша оқу үдерісін ұйымдастыру тәртібін бекіту туралы» 19 қаңтар...
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 наурыздағы №396 қаулысы icon"Бизнестің жол картасы-2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасын бекіту, "Бизнестің жол картасы 2020" іске асыру жөніндегі кейбір шаралар
Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 10 маусымдағы №556 қаулысына өзгерістер енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің...
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 наурыздағы №396 қаулысы iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 13 сәуірдегі №301 Қаулысы
Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды деп тану туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы...
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 наурыздағы №396 қаулысы iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 27 шілдедегі №979 қаулысы
«Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010...
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 наурыздағы №396 қаулысы iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 8 қарашадағы №1415 қаулысы
РеспубликасыҮкіметінің 2009 жылғы 30 қазандағы №1729 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 наурыздағы №396 қаулысы iconАуданы бойынша 2006 -2008
Президентінің Қазақстан халқына 2004 жылғы 19 наурыздағы, 2006 жылғы 4 наурыздағы Жолдаулары; Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004...
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 наурыздағы №396 қаулысы iconАвторлы қ құқ ы қ пен ж ә не саба қ тас құқ ы қ тармен қ ор ғ алатын туындылар ғ а
Конвенциялар мен шарттардың принциптерін басшылыққа алып және "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Санаткерлік меншік құқығы...
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 наурыздағы №396 қаулысы iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 18 қаңтардағы №103 қаулысы
«Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі...
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 наурыздағы №396 қаулысы icon4. негізгі бағыттар, мақсаттар, міндеттер
Жарлықтары, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 14 сәуірдегі «Қазақстан Республикасының 2010-2014 жылдарға арналған үдемелі...
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 наурыздағы №396 қаулысы iconОңтүстік Қазақстан облысының 2011-2015 жылдарға арналған даму бағдарламасы
Жарлықтары, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 14 сәуірдегі «Қазақстан Республикасының 2010-2014 жылдарға арналған үдемелі...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница