Мемлекеттік білім беру қызметкерлерінің біліктілігін арттыру және ҚДИ, Қарағанды




Скачать 115.08 Kb.
НазваниеМемлекеттік білім беру қызметкерлерінің біліктілігін арттыру және ҚДИ, Қарағанды
Дата конвертации12.02.2016
Размер115.08 Kb.
ТипДокументы
источникhttp://library.ksu.kz/download/PBD/vestniki/2005(37)1/himia/Исправленные/(06)Рахманова.doc



ӘОЖ 54:378,096

Г.А.Рахманова1, Г.М.Кәдірберлина2

1Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті
2Мемлекеттік білім беру қызметкерлерінің біліктілігін арттыру және ҚДИ, Қарағанды

СЫН ТҰРҒЫСЫНАН ОЙЛАУ СТРАТЕГИЯЛАРЫНЫҢ ХИМИЯ ПӘНІН
ОҚЫТУДАҒЫ ТИІМДІЛІГІ


В статье рассмотрены возможности и эффективность применения стратегии критического мышления через чтение и письмо на уроках химии.

This article examines possibilities and the effect of application of strategy of critical mentality through reading and writing at the lessons of Chemistry.


Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында «ұлттық және бүкіл адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау» деп көрсетілген [1].

Қазіргі қоғам талабына сай қойылып отырған талап — өмірден, қоғамнан өз орынын өз еркімен таңдай алатын, кез-келген тығырықтан жол таба алатын, істің нәтижесін болжай алатын, экономикалық тұрғыдан еркін ойлау қабілеті бар, тапқырлық қасиеті бар, іскер мамандар даярлау деп айтатын болсақ, ол сөзіміз артық айтылмаса керек. Ол үшін не істеуіміз керек? Әрине, жалпы баланың, оқушылардың шығармашылыққа деген танымдық қызығушылығын дұрыс, аса жетік түрде қалыптастыруымыз қажет.

Баланың ой-өрісін дамытып, шығармашылыққа деген қабілетін қалыптастыру әрбір педагогтың міндеті болып табылатыны бәрімізге аян. Оқу процесінде оқушының ой-өрісінің дамуы туралы ой, педагогикамен бірге педагогикалық ғалымдар тарихында да біртіндеп негізге алынған. Оқушылардың ой-өрісін дамытуға байланысты, өз принципімізді әбден шыңдап, сенімді болу үшін, аса көрнекті педагог-ғалымдар еңбектеріне ден қойсақ, В.П.Вахтеров, Я.А.Коменский, Ж.Ж.Руссо, И.Г.Песталоцци, А.Дистерверг, Н.И.Пирогов, К.Д.Ушинский және т.б. барлықтарын да осы мәселелер қызықтырған.

Баланың дамуы, негізінде ең бірінші педагогика мен психология тұрғысында есепке ала отырып, адам туралы басқа да ғылымдар тарапынан зерттеу арқылы жүзеге асады. Зерттеу тек статикада емес сонымен бірге динамикада да, тек физикалық тұрғыда емес сонымен қатар тұлғаның ақыл-ой өрісі мен көңіл-күйіне қатынасы болуы керек.

Дамушы педагогика тұсында В.П.Вахтеров мынадай аса кең терминді ұсынған: «дамуға ұмтылу» («стремление к развитию»).

«Дамуға ұмтылыс» ұғымын И.Г.Песталоцци мына түрде айқын ашып көрсетті: «Көз-көргісіі келеді, құлақ-естігісі келсе, аяқ-жүргісі келеді, ал қол — ұстауды қалайды» [3]. Сонымен қатар «күш», «дамушы күші», «дамуға деген ішкі күштің талпынысы» («внутреннее стремление к развитию») терминіне мына түрде жақын келуге бағыттайды: кез-келген талаптарда, болашақта өмірсіздік қалыптан шығып, «дамыған күш» болуға ұмтылу.

Вахтеров бойынша, «баланың дамуы» мына екі фактор арқылы жүзеге асады: бірінші, дамуға ішкі ұмтылыстың болуы, екінші қоршаған ортаның әсері. Баланың қоршаған ортаға дағдысы және қоршаған сол ортаның баланың мұқтаждықтарына дағдысы — бұл тәрбиенің негізі [2].

Адамдық қоғам прогресі мен тәрбиенің негізгі мәселесі — балаға даму ұмтылысында көмектесу. Алайда бұл ұмтылыс, құлшыныстар жанұяда және мектеп қабырғасында қалыптасуы мүмкін. Өз дәуірінде педагог-демократ А.Дистерберг «дамыта оқыту» — қоғамды демократизациялауға, «еркін ұлтты» тәрбиелеуге қызмет етеді, ал «ескі әдіс» — шексіз билік (абсолютизм), әміршілділікке (авторитаризм) қызмет ететіндігін айқындаған.

Негізінде ең бірінші жоспарда, дамуға баланың өзінің ішкі жан дүниесінде өмір сүріп жатқан табиғи талпынысын алға қоюы шарт және де педагогтың ісі осындай құлшыныс, ұмтылыс, талпыныстарды қозғаушы күш ретінде әсер етіп, баланың дамуында болатын жасандылық жолдарын тежеуге көмек көрсету; әрбір бала қайталанбас жеке тұлға; әр бала өз ойымен, ойлау қабілетімен, сезімімен, ұғымымен, қабылдауымен ерекшелінеді; әрбір бала өзінше «дамуға ұмтылады»; әрбірінің өз даму периоды мен темпі болады.

Жаңа педагогиканың қазіргі таңдағы талабының маңызы аса зор, ол үдемелі дамуда адамның табиғи ұмтылыс негізіне сүйене отырып, баланың табиғи ұмтылысы мен бейімділік–дағдысына нәзік түрде қарым-қатынас жасауды талап етеді. Әрбір баланың бейімділігі қандай болса, мұғалім сол қалпында қабылдауы керек. Қандай бала болмасын, мейлі нашар оқитын оқушы болсын, онда бәрібір үдемелі дамуының белгілі бір ұмтылысы бар, асыл адам өмірі болып табылады және де біздің, педагогтардың міндеті сол қалыпты және адами ұмтылыстарды қанағаттандыруымыз қажет... Сонымен қатар, әрбір жеке тұлғаның, оқушының жеке ұмтылысын дұрыс қабылдап, олардың (баланың) жаңадан оянып келе жатқан қызығушылығын, дағды мен икемділігін сол сәтте дамыта білуіміз керек.

В.П.Вахтеровтың «Біздің оқыту әдісіміз және ақыл-ой жауыздығы (Наши методы преподавания и умственный паразитизм)» атты мақаласында оқушылардың ақыл-ой дамуы дәрежесіне және оқыту әдістеріне қолданылатын түрлі әдістер дәрежесін екі топқа, екі санатқа бөледі. Бірінші топқа кіретіндер: мұғалім оқушының өзінің танымдық іс-әрекетіне бағыт бере отырып, шығармашылық белсенділігіне әсер етіп, белгілі бір материалдарды бере отырып сұрақ қояды, ал қалғандарын оқушының өзі одан ары толықтырып аяқтайды. Олар өздері сол материалдарға, фактілер мен сандарға қорытынды жасайды, кейде керек кезінде өздері жұмыс істеп оны бақылайды. Мұнда, оқушының өзі ойлап шығарушы, ойлап табушы: оқушының өзі жаңалық ашады (бұл жерде әрине ғылымда емес, оқу процесінде), сол бастапқы негіз салушы немесе жаңалық ашушы сияқты, оқушының өзі, ақыл–ой процесінде ойланып толғанады [4].

Оқушылардың өздері сол өтілген сабақтарды классификациялайды, байланыстырады, салыстырады және ондағы ұқсастықтармен айырмашылықтарын анықтайды, қорытындылайды. Мұндай түрде құрылған оқу процесі аса тапқыр зеректілікке, ақыл-ойдың жетік дамуына, өз пікірін терең пайымдап, ой жүгіртуге, талқылауға дағдылығын, жеке инициативалық дағдысын, өзін-өзі тексеруге дағдылануға өте зор мүмкіндік береді, ұмтылыстардың өзі барлық өзге пікірлердің сынын көтеруге, шығармашылыққа, байқағыштыққа үйретеді.

Шығармашылық, танымдық қабілеттің дамуы үшін:

  • бала өз-өзіне сенуі, мұғалімге сеніп еліктеуі керек;

  • оқушы мұғалімді құрмет тұтып, сыйлауы керек;

  • оқушы мен мұғалім бірін–бірі түсінуі керек;

  • мұғалім әрбір балаға сеніп, жеке тұлға ретінде қарым-қатынаста болуы шарт;

  • оқушы да, мұғалім де еңбек етуден жалықпауы керек;

  • оқушы да, мұғалім де жеткен жетістігіне қуана білуі керек;

  • танымдық қабілеттің белгілі бір түріне деген қабілетті дер кезінде анықтап, оның қалыптасуы мен әрі қарай дамуына жағдай жасау;

Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасы — әлемнің түкпір-түкпірінен жиналған білім берушілердің бірлескен еңбегі. Бұл бірлестіктің мақсаты барлық оқушыларға кез-келген мазмұнға сай сын тұрғысынан қарауды аудиториялық сабақтарда үйрету. Әлемде өмір сүру күрделенген сәтте және демократиялық құрылым тараған сайын жастар кез-келген қиыншылықтарды жеңуге, өз мәселелерін өздері шешуге, әр түрлі жағдайларды сын тұрғысынан қарауға, екі ұйғарым пікірдің біреуін таңдауға, саналы шешім жасауға үйрену қажеттігі айдан анық болып тұр.

Сын тұрғысынан ойлау стратегияларына: бағытталған оқу, хаттардың түрлері, кластер тұрғызу, кубиктер, мәтінді талдай отырып оқу, «ми шабуылының» түрлері, ЖИГСО, конференция, Венн диаграммасы, Insert т.б. әдістер жатады. Кейінгі кезде психология ғылымында дамымалы оқыту концепциясы ұсынылып жүр. Ондай оқыту ұйымдастырудың маңызды шарты — оқушы мен оқушы арасындағы біріккен іс-әрекетті ұйымдастыру.

Л.С.Выготскийдің пікірінше «Қатаң ғылыми тұрғыдан алғанда басқа адамды тәрбиелеуге болмайды. Тәрбиелеу — оқушыны тәрбиелеу емес, оқушы өзі тәрбиеленетіндей етіп ұйымдастырылуы керек. Тәрбиелеу процесінің негізінде оқушының жеке іс-әрекеті жатуы керек». Осы тұрғыдан алғанда СТО-ның шын мәніндегі дамытпалы оқыту стратегиясымен үндес екендігі көрінеді.

Дамытпалы оқытудың белсенді әдістері қолданылады. Оқытудың белсенді әдістері: программалық оқыту, проблемді оқыту, интерактивті әдістер; эвристикалық әңгіме, пікірталас әдістері, «дөңгелек стол», іс ойыны, сайыстар (талданылатын практикалық әдістер), «ми шабуылы», тренингтер. Ондай әдістер оқушының белсенді іс-әрекетіне бағыттталады, іс-әрекеттің пәні мен нәтижесі іс-әрекет субъектісінің өзі болады, ал негізгі көрсеткіші — оқытылатын адамның ойлай алу іскерлігін қалыптастыруға бағытталады. Сын тұрғысынан ойлау мен дамытпалы оқытудың 1) мақсаттары, 2) міндеттері, 3) әдістері, 4) алынатын нәтижелері бойынша жақын екендігін байқауға болады.

Сын тұрғысынан ойлау стратегияларының арасында «Блумның сұрақ қою өлшемдері» немесе «Блумның таксономиясы» — оқушыны ойлауға үйрету, сұрақты бірте-бірте күрделендіре отырып, шығармашылық ойлауға үйрету сатылай көтеруге көмектеседі. Шығармашылық ойлаудың басымдылығы жағдайында ойлаудың басқа да деңгейлерін дамытуға әкеледі. Блумның сұрақ қою өлшемдері бір сұрақтың бірнеше жауабын табатындай дивергенттік ойлауға (Дж.Гильфорд бойынша) машықтандыруға таптырмайтын құрал. Сабақта сұрақ қоюды оқушылар өздері ұнатады. Бір-біріне өте тамаша сұрақтар қойып, білімдерін жүйелеуге жағдай жасайды, мәтінді бірнеше рет саралап, барлық сәттерін ескеріп түйіндей алады.

Мысалы:

1) Темір қашаннан белгілі элемент?

2) Темірдің тарихына қандай шолу жасар едің?

3) «Аспаннан темір жауды» деген ұғыммен келісесің бе?

4) Ағылшын ғалымы, жазушысы Дж. Рескин «темір — өмір тынысы» деген екен, осыған түсініктеме бере аласың ба?

5) Ең маңызды металл-темір десек басқа металдарды ренжітпейміз бе? Пікірлеріңді дәлелде.

RWCT бағдарламасындағы «Болжау, кубизм, пікірталас» т.б. стратегиялар оқушыларды ойлаудың жоғары деңгейіне көтереді. Ең бастысы шыңға шығуға талпыну бірте-бірте оқушының қажеттілігіне айналады. Ол ешкімнің жетектеуінсіз танымдық талпыныстар жасауға үйренеді. Мысалы «Кубизм» стратегиясын алсақ бір мәселені алты қырынан талдауға болады.

1) Темір элементінің периодтық жүйедегі орны

2) Темірдің физикалық қасиеттері

3) Темірдің химиялық қасиеттері

4) Темірдің қолданылуы

5) Темірдің алынуы

6) Темірдің табиғатта таралуы дей отырып 6 оқушыға темір тақырыбын алты түрлі қырынан талдатуға болады. Сол сияқты кез-келген тақырыпты, кез-келген ұғымды кубизм әдісіне бейімдеп жүйелеуге болады.

Біз өз балаларымыздың, оқушыларымыздың таланттарын, шығармашылықтарын көрсетуін, оны жетілдіруді меңгеруін, өмірде табыстарға жетуін қалаймыз. Ол үшін мектеп, мұғалім оқушының табиғи нышандарының оянуына, оның ақиқатқа айналуына көмектесуі қажет. Осы тұрғыда «Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту» бағдарламасы өз уақытында қолға алынған, дидактиканың бүгінгі күнгі көкейкесті мәселесін шешуге бағытталған технология деп айтуға болады. Химия пәні күрделі жаратылыстану ғылымы, одан көп оқушылар үркеді, қорқады, психологиялық (барьер) кедергі туындайды.

Сол кедергіні жоятын барлық оқушыға өз мүмкіндігінше жауап беруге жағдай жасайтын әдіс.

Оқушының шығармашылығын таңдайтын, оныњ ойын оқшау азамат етуге ықпалы мол әдістер жүйесі деп таныған жөн.

Insert стратегиясы, ізденгіш адамды қалыптастырады.


Бұрыннан таныс мәлімет, «√»

Білмейтін ойы,

«–»

Жаңа танылған мәлімет, «+»

Таңқалдырып сұрақтар тудырған ой, «?»














Мәтінмен жұмыс істеген кезде қарындашпен жай ғана түртіп белгі қойып отырады.

Көрсетілген жүйемен жұмыс істеп үйренген оқушы мәтінді оқымастан бұрын дайындалады, судыратып оқып шықпай, ой маржандарын түю, әдемі бір сыр сақтайтын туынды әзірлеу үшін мән бере түсініп мағынасын ажырата оқиды. Химия пәні әрдайым сарамандық жұмыстар, демонстрациялық тәжірибелер арқылы ерекшеленеді ғой, ендеше «Болжау» стратегиясы да айқындаушы роль атқарады.

Мысалы: Активті металл кальций керосин ішінде сақталуы, сумен әрекеттескенде реакция қалай өтеді, неге металл су бетінде жүгіреді? Білімі бар оқушы реакция нәтижесінде сутегі газы бөлінеді және газ туғызатын қысым әсерінен металл су бетінде жүгіреді деп жауап беруі керек, көп мөлшерде энергия бөлінеді, от шашып әрекеттесуі мүмкін:

Са + 2Н2О = Са(ОН)2 + Н2↑ + Q

Сын тұрғысынан ойлау сабақтары негізгі ІІІ бөліктен тұрады:

1) тақырыпқа қызығушылықты ояту

2) мағынаны ажырату.

3) ой-толғаныс





Химия пәнінде сабақтың қай бөлігінде болмасын аталған стратегияларды қолдануға болады. Оқушылардың танымдық қабілеті дамиды, әрбір оқушы жеке, жұпта, топта бірлесе отырып шешім қабылдауға, бірін-бірі сыйлауға, пікірлерін қорғай алуға үйренеді. Ұжымдық жұмыс нәтижесінде коллектив қалыптасады, проблемалы міндет-тапсырмалар оқушыны ой операциясына жетелейді.

«Жұлдызды сәт» ойынынан фрагменттер келтіретін болсақ:

Химия пәнінде басқа пәндермен тығыз байланыс жүзеге асады, мысалы: география пәні. Өндірістік тұрғыдан алғанда өзара тығыз байланысты кен өндіруші және өңдеуші өнеркәсіптің дамуы мұнда бірыңғай территориялық-өндірістік комплекстің қалыптасуына себеп болды. Оның негізін үш торап — Қарағанды-Теміртау, Балқаш, Жезқазған өнеркәсіп тораптарын құрайды, бұл тораптар былайша айтқанда, ерекше үшбұрыштың ұшына орналасқан деуге болады. Оларға көптеген жоғары Вольтты электр желілері және ерсілі-қарсылы көп жүк тасымалдайтын темір жолдар қызмет етеді. Осы орайда Қарғанды облысының картасын пайдаланып, ауыл шаруашылығы, өндіріс өнеркәсібін есепке ала отырып пайдалы қазбалар туралы шағын эссе жаздыруға болады.

Толықтыру тестісін ой толғау сәтінде қолдануға болады.

1. Ең алғаш мыс... табылған (Кипрде) Купрум деген осыдан шыққан.

2. CuCO3 *Cu(OH)2 қосылысының аты (...) деп аталады (малахит)

3. Қызғылт-қара-көгілдір-көк түсті тұнба — қара-қызғылт. Осы түс өзгерістерін формулалармен алмастыр. Мұнда мысқа қатысты айтылған.

4. Теңіздегі бунақ денелілер қаны (...) түсті болады. (көк), өйткені олардың қанының құрамында Cu2+ иондары бар.

5. 5000 жыл бұрын белгілі болған, бактерицидтік қасиеті бар, ақ деген түсті білдіретін металл — (...) (күміс).

6. Египетте «Нуб», герман елінде «Гело», ағылшын елінде «Голд» деп аталатын сары металл — (...) (алтын).

7. Патша сұйығы дегеніміз (...) (1 көлем азот қышқылы және 3 көлем тұз қышқылынан тұратын қоспа).

«Дөңгелек стол» есептер шығару.

Мағынаны тану сатысында есептер шығаруға болады.

1. 200 г 10 %-тік мыс сульфатының ерітіндісін дайында, қанша грамм мыс сульфаты және су қажет? (А тобы)

2. Cu(NO3) 2 → ? +? +?

AgNO3 → ? +? +? қандай өнімдер бөлінеді? Тотығу-тотықсыздану процестерін көрсетіңдер.

3. 6 моль алтын реакцияға қатысса қанша грамм алтын хлориді түзілер еді? (А тобы)

4. 1) Күміс нитратына натрий хлоридін. 2) Күміс нитратына натрий йодидін қосып реакция теңдеулерін аяқтап, толық және қысқартылған иондық теңдеулерін жаз.

5. Мыс (ІІ) нитратының және мыс хлоридінің гидролиз теңдеулерін жазыңдар (С тобы)

6. Мыс сульфатының ерітіндісінің 300 г электролиз процесіне ұшырағанда анодта қандай зат және қанша бөлінеді?

7. Глицеринге сапалық реакция жаса (В тобы)

8. 300 г 15 проценттік күміс нитраты ерітіндісіне 400 г 20 проценттік калий хлоридінің ерітіндісіне қосылды, қанша грамм тұнба түседі? (В тобы)

9. Әрбір деңгей өкілі тақырыпқа сай есептер құрастырсын.

Бұл жерде тапсырманың берілу шарттары әр түрлі. Мұнда тек есеп шығарып қана қоймайды, әрбір есепті шығару барысында әр түрлі қиыншылықтарды жеңу үшін ілгері ұмтылып мағынасын таниды. Сонымен қатар бұл жерде әр деңгей өз бетінше есептерді шығарып, жолдастарымен пікір алмаса алады. Дәл осы кезде үйренуші не үйренгенін саралап, салмақтап, оны қандай жағдайда, қалай қолдану керектігін ой елегінен өткізеді.

Толғануды тиімді етуге лайықталған: «Бес жолды өлең», «Венн диаграммасы», «Еркін жазу», «Семантикалық карта», «Т-кестесі» сияқты стратегиялар әр сабақтың ерекшеліктеріне, ауыр жеңілдігіне қарай лайықтала қолданылады.

Қорыта келе, сын тұрғысынан ойлау стратегиялары — демократиялық білім берудің қайнар көзі. Тиімді стратегиялар: «Кластер», «Венн диограммасы», «Дөңгелек стол», «Кең ауқымды лекция», «Insert», «Галереяны аралау», «Блумның сұрақ қою өлшемдері». Оқушылар жеке, жұпта, топта жұмыс істегенде ерекше шығармашылық қабілеттерін танытады, әрқайсысы өзінше сыр шертеді.

Бұрын «ұстаз — беделді тұлға» болса, қазір оқушы үшін «ұстаз — дос, серік, білім беруші».


Әдебиеттер тізімі

  1. ҚР «Білім туралы заңы». — 1999.

  2. Вахтеров В.Г. Основы новой педагогики. — М., 1913. — № 2. — С. 25.

  3. Песталлоцци И.Г. Избр. пед. произв. — М., 1965. — С. 19.

  4. Радецкий А.М., Горшкова В.П., Кругликова Л.Н. Дидактический материал по химии для 10–11 кл.: Пособие для учителя. — М.: Просвещение, 2002. — 21 б.

  5. Жанпейісова М.М. Модульдік оқыту технологиясы оқушыны дамыту құралы ретінде. — Алматы, 2002. — 15 б.

Похожие:

Мемлекеттік білім беру қызметкерлерінің біліктілігін арттыру және ҚДИ, Қарағанды iconВосточно-казахстанский областной институт повышения квалификации и переподготовки работников образования
ШЫҒыс қазақстан облыстық білім қызметкерлерінің біліктілігін арттыру және қайта даярлау институты
Мемлекеттік білім беру қызметкерлерінің біліктілігін арттыру және ҚДИ, Қарағанды iconБілім беру жүйесіндегі жаңа технологиялар, педагог кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау орталығы
Көпсалалы көркемдік білім беру кабинетінің музыка пәнінің әдіскері Бертай Есмаханұлы Төкеев
Мемлекеттік білім беру қызметкерлерінің біліктілігін арттыру және ҚДИ, Қарағанды iconРеспубликалық Ғылыми-әдістемелік конференция материалдар ы
Астана қалалық білім беру жүйесіндегі кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау институты
Мемлекеттік білім беру қызметкерлерінің біліктілігін арттыру және ҚДИ, Қарағанды iconҚазақстан Республикасы білім беру қызметкерлерінің 2013 жылғы тамыз педагогикалық кеңестерінің секция отырыстарының
Азақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру жағдайында білім...
Мемлекеттік білім беру қызметкерлерінің біліктілігін арттыру және ҚДИ, Қарағанды icon14. 01. 2009ж. Ақтөбе қалалық білім бөлімі мм және қалалық ғылыми-әдістемелік Орталық мкқК, қала аумағындағы барлық білім беру мекемелеріне Облкба қди 2009 жылға
Ақтөбе қалалық білім бөлімі мм және қалалық ғылыми-әдістемелік Орталық мкқК, қала аумағындағы барлық білім беру мекемелеріне Облкба...
Мемлекеттік білім беру қызметкерлерінің біліктілігін арттыру және ҚДИ, Қарағанды icon2010 жылға арналған «ҚазМетрИн» рмк біліктілікті арттыру кустарының күнтізбелік жоспары
Стандарттау және метрология бойынша жоо және оаоо оқытушылар құрамының біліктілігін арттыру
Мемлекеттік білім беру қызметкерлерінің біліктілігін арттыру және ҚДИ, Қарағанды icon12 жылдық білім беру жағдайындағы әдістемелік қызмет моделі
Білім беру жүйесінің басшы және ғылыми-педагогикалық кадрлары біліктілігін арттыратын республикалық институт
Мемлекеттік білім беру қызметкерлерінің біліктілігін арттыру және ҚДИ, Қарағанды iconҰлттық руханият: республикалық ғылыми-практикалық конференция: материалдары 5 желтоқсан 2014 ж.: магистранттарға, студенттерге арналған / Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі, Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті; ред.
Республикасы білім және ғылым министрлігі, Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті; ред. А. М. Ғазалиев. Қарағанды: Қармту,...
Мемлекеттік білім беру қызметкерлерінің біліктілігін арттыру және ҚДИ, Қарағанды iconҚарағанды – 2014
Мақсаты: тж алдын алу және жою бойынша ҚР мемлекеттік жүйесі туралы студенттерге теориялық білім беру
Мемлекеттік білім беру қызметкерлерінің біліктілігін арттыру және ҚДИ, Қарағанды iconШавалиева зульфия шавалиевна бастауыш мектеп оқушыларына экологиялық білім берудің дамуы
Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетіндегі педагогика ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін беру жөніндегі бд...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница