Материалы международного научного форума «наследие ч. Ч. Валиханова в контексте мировой истории» Посвящается 175-летию Ч. Ч. Валиханова семей 24 қыркүйек 2010 ж




НазваниеМатериалы международного научного форума «наследие ч. Ч. Валиханова в контексте мировой истории» Посвящается 175-летию Ч. Ч. Валиханова семей 24 қыркүйек 2010 ж
страница7/13
Дата конвертации06.02.2016
Размер1.7 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://www.semgu.kz/files/_zayavki/nauka/Наука/6. Конференции в СГУ им. Шакарима/3. Архив конфер
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   13

Список использованной литературы:

  1. Валиханов Ч.Ч. Собрание сочинений в пяти томах. Алма-Ата, 1985.

  2. Астайкин А.А. Летописи о вторжениях на Русь //Арабески истории. Вып.3-4.М., 1996.

  3. Почекаев Р.Ю. Цари ордынские. СПб., 2010.

  4. Ускенбай К. Улусы первых Джучидов. Проблема терминов Ак-Орда и Кок-Орда //Тюркологический сборник 2005. М., 2006. С.355-378.

  5. Трепавлов В.В. Государственный строй Монгольской империи XIII в. М., 1993.

  6. Мингулов Н.Н. К некоторым вопросам изучения истории Ак-Орды //Казахстан в эпоху феодализма. Алма-Ата, 1981.

  7. Қазақстан тарихы. Көне заманнан бүгінге дейін. Бес томдық. 2-т. Алматы, 1998.

  8. Қинаятұлы З. Қазақ мемлекеті және Жошы хан. Астана, 2004.

  9. Костюков В.П. Шибаниды и Тукатимуриды во второй половине XIV в. //Вопросы истории и археологии Западного Казахстана. №1. 2009. С.138-149.

  10. Костюков В.П. «Железные псы Батуидов» (Шибан и его потомки в войнах XIII в.) //Вопросы истории и археологии Западного Казахстана. №1. 2008.

  11. Istvan Vasary. The Beginningof coinage in the Blue Horde //Acta Orientalia Scientiarum Hung. Volume 62 (4), 371-385 (2009). Выражаю благодарность К.З.Ускенбаю за предоставление текста исследования венгерского учёного.



Қайырханова Ф.К. т.ғ.к., доцент, ҚазИГЗУ


ШОҚАН УӘЛИХАНОВ ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ

ДӘСТҮРЛІ МӘДЕНИЕТІ ТУРАЛЫ


Қазақстан тәуелсіздігінің алғашқы күндерінен бастап-ақ, мемлекеттік мәдениет саясатынды ұлттық құндылықтарды, бүкіл мәдени мұраларды сақтап қалуға және қайта жаңғыртуға баса назар аударылуы кездейсоқ нәрсе емес. Бұл туралы ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев айтқандай: «Мәдениеттің ұлттық тамырларына қайта оралу- бұл әрине оң процесс. Қазақстанда ұлттық тілді, қарым-қатынасты, мәдениетті... дамытуға барынша қолдау жасалып отыр...біз барлық мүмкіндіктерді жұмылдырып, қоғамдың ендігі жерде халықтың рухани түлеуіне, оның мәдениетін көтеруге, тарихын және мұрасын қалпына келтіруге, оны өркениет дамуынан кенже қалдырмауға ұмтылып отырмыз. Бұл өзімізді танудың, әрі тәрбиелеудің, ең бастысы жас ұрпақтың бойына шынайы отаншылдық сезімін дарытудың жолы» [5;127]. Қазақ халқының өз тарихын жаңадан қолға алуының үлкен мәдени мәні барлығын дәлел ретінде келтіруге болады.

Қазақ тарихындағы көрнекті тұлғалар­дың еңбектерін саралауда олардың қоғам­дық-әлеуметтік ортамен байланыстылығы басты назарға алынады. Қоғамдық ­әлеуметтік қызметі мен шығармашылық жұмысы ұлт тағдырына арналған ортақ ар­надағы әлеуметтік қозғалыс жүйесімен са­бақтасқанда ғана жеке тұлғаның мәдениет тарихындағы еңбегі айқындалады. Мәселен, қазақ халқының әлемдік өркениет деңгейіндегі көрнекті тұлғасы Шоқан Уәлихановтың ұлттық мәдениеттің дамуына қосқан еңбектері қоғамдық- әлеуметтік дамудың тарихнама­лық жүйесі аясында танылады. Қазақстан­ның ХІХ- ғасырдағы тарихи оқиғаларына тікелей араласып, қоғамдық-саяси, әлеуметтік және шығармашылық қызметі арқылы ұлттық мәдениеттің әлемдік деңгейдегі танымал қайраткері тұғырына көтерілген Шоқан Уәлихановтың бұрын ғылыми айналымда қарастырыла қой­маған еңбектерін зерделеуде ол өмір сүрген кезеңдер шындығы негізге алынады.

Қазақ топырағында ағартушылық идеяның туын алғаш көтерген Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов бүкіләлемдік ғылым-білімнен мейлінше мол сусындаған, жан-жақты білімді, озық ойлы зиялы, ерекше дарынды адам еді. Ол өзін терең тарихшы, ерінбес этнограф, батыл саяхатшы, талмас географ, білгір әдебиетші, шебер суретші, жалынды публицист, халықтың жан сырын ұққыш нәзік психолог, т.б. ретінде көрсете білді. Небәрі отыз жылдай өмір сүрген Шоқан аз өмірінің ішінде бүкіл адамзаттық ғылымның көптеген салаларына бағасын мәңгі жоймайтын үлес қосты, үлкен мұра қалдырды.

Қазан төңкерісіне дейінгі Қазақстан тарихы мен этнографиясын зерттеген шовинистік рухтағы ресейлік ғалымдардың еңбектерінде халқымыздың ондаған ғасырлық тарихы бар мәдениетіне қиянат жасап, тіпті ұлттық ділімізге күйе жағып, екінші сорттағы халық деп келгені белгілі. Осындай келеңсіз көзқарасқа қыр жағдайында алғаш қирата соққы беріп, туған халқының ұлттық ар-намысын қызғыштай қорғап, қазақ халқын «тағы халық» деп қарау мүлде қате, бұл білместіктен айтылған сөз, халқымыз ежелден елдігі, өзіндік өнері бар, ылғи көшіп-қонудың салдарынан оқу-білімнен кенжелеу қалса да, рухани дүниесі бай, прогресс атаулыға ұмтылғыш, жаңалыққа бейім халық деп тебіренеді.

Осымен қатар Шоқан өз халқының өмірін жете зерттеп, кең даласы мен дархан халқының мәдениеті мен тарихын берісі орыс, әрісі Еуропа жұртшылығына таныстыруды алдына қойған мақсаты етті. Сондықтан ол еңбектерінде дала халқының қоғамдық-әлеуметтік-рухани өміріне ерекше үңіліп, жан-жақты зерттеді. Бұл жерде ол танымдық жағынан зор ғылыми маңызы бар деректер келтіріп, кейбір қисынды ой-тұжырымдарын да ортаға салды. Шоқан өз халқының тарихын мәдениеті ерте танылған елдермен сабақтастыра сипаттайды: «Біздің халықтың бай және поэзиялық құны жоғары, реалистік әдебиеті бар. Ол шығыстың эпосына емес, индогермандық эпосқа ұқсайды», [7] - деп ой түйіндей келе, ол қазақтардың рухани байлығын цивилизациясы аса бай ірі елдермен жақындастыра қарастырады. Енді бір еңбегінде ол былай деп жазады: «Түрік тектес халықтардың ішінде поэтикалық қабілеті жағынан қазақ бірінші орын алды деуге болады. Біздің Шығысты зерттеуші ғалымдарымыздың арабтар туралы айтқан сөзі қазақтарға дәл келеді. Қазақтар да бәдәуилер сияқты жаратылысынан өлеңші және ақын». [2] Ұлттық психика-менталитет өнер саласында ерекше көрінеді, өйткені өнер адамдардың өз айналасын көркем түрде қабылдап алу ерекшеліктерін, біртіндеп қалыптасатын халықтың эстетикалық талғамдарын көрсететін қоғамдық сананың бір формасы. Ш.Уәлиханов этникалық мәдениет ескерткіштері тек көркем шығарма ретінде ғана емес, сондай-ақ тарихи алынған көркем ақпарат ретінде олар халықтың ақыл-ойының дәлелі болып табылады деп көрсетеді.

Қазақ ауыз әдебиеті нұсқаларын жинау мен зерттеуде Шоқанның еңбегі зор. Сонымен қатар ол түркі тілдес халықтардың фольклоры туралы да пікір айтқан. Қырғыздың «Манас» эпосының Көкетай ханның өлімі мен асы деген бөлімін хатқа түсіріп алған. Қазіргі уақытта «Манас» эпосы әлемдік мәдениетке қосылған зор үлес ретінде бағаланады. Фольклорлық материалдар Шоқанға қазақ халқының рухани - мәдени байлығын терең зерттеп білуге негіз болды. Ауызша ұрпақтан ұрпаққа жеткен аңыздар мен жырлардың үлгілері үлкен қазына екендігіне Шоқан баса назар аударды.

Атақты ғалым Шоқан ауызша халық шығармашылығын екі түрге бөліп қарайды: ертегі мен халықтың шығу тегі туралы аңыздар және халықтың тарихи тұлғалары (ру басшылары, батырлар туралы) аңыз-әңгімелер, шежірелер. Эпоста және халықтық өзіндік танымның басқа формаларында ата-бабаны пір тұту көтеріледі. Ата-баба рухына сыйынудан ежелден келе жақан әлеуметтік құндылықтар- отбасында ата-ананы, жасы үлкендерді сыйлау, қоғамдағы ел басқарушыларды құрметтеу салты келіп шығады. Ата-бабалар қауымдастық үшін әлеуметтік және өнегелілік идеалдар, яғни, мәдени құндылықтарды жасаушылар және қорғаушылар, соған ұқсауға тырысу мен мақтау-мадақтау үшін үлгі тұту болды. Адамның өмірлік циклы ата-баларымен кездесуге дайындық ретінде қарастырылды, сондықтанда қазіргі пір тұтуларға қарағанда ол кездегі ажалға деген көзқарас мүлдем басқаша болды. Ажал онша қорқынышты емес, керісінше сонша құрметті саналды, қартаю ата-бабаларына жақындау, бастапқыға, мәңгілікке жақындау ретінде қарастырылды.[9] Міне, қазақтардың әлі күнге о дүниелік болып кеткен туыстарын соншама қадірлеп, аза тұтып, асын беріп құрмет көрсетіп жататын себебінің бір ұшы осында жатқан сияқты. Әрбір ұлттық мәдениет - өзінің мәні мен ішкі логикасы бар рухани құндылықтық мағыналар мен идеалдардың ерекше жүйесі. Демек әрбір этнос ең алдымен, өзінің әдет-ғұрыптарына, тарихи тәжірибесіне, құндылықтарына, дүниетанымы, ойлау стилі мен дәстүрлеріне жауап беретіндей нормалар мен стереотиптерге бағдар ұстанады. Тарихи дәстүрлер де өзгеріп отырады. Сол себепті бүгінгі таңда қазақтың мәдени дәстүрлерін, этностық сәйкестіктердің басты негізін дұрыс көрсете танып білуге, мәдени дәстүрлерді жинақтап, зерделі зерттеудің маңызы артып, жастарды сол ұлттық салт-дәстүрлер негізінде тәрбиелеудің қажеттігі өсіп отыр. Оның үстіне, өткен ұрпақтың бай тарихы мен мәдениетіне тереңірек, жан-жақты көз жібергенде байқалатын ақиқат: мәдениет- әлемдік өркениетке жетуде және халықтардың материалдық және рухани құндылықтарын жасауда қозғаушы күш болып отыр. Шын мәнісінде мәдениеттің өзегі - руханилық. Рухани тірегі бар халық ешқандай басқыншыға алдырмайды, біреудің жетегінде кетпейді.

Қазақтың дәстүрлі мәдениеті, құдайға шүкір, ешкімнен кем емес. Айтатынымыз да, мақтан ететініміз де – эпостарымыз, кең қарымды, қазіргіше айтқанда – поэмаларымыз. Әлемде эпос тудырған халықтар саусақпен санарлық. Батысымызда байырғы гректер «Иллиада» мен «Одессеяны» тудырса, Шығысымызда үнділер «Махабхарата» мен «Рамаянаны» тудырған, одан кейін Шығыс Европада «Үлкен Этта», «Кіші Этта», «Каллевала» сияқты құранды эпостар туған. Эпостық жырлары бар елдер осылар ғана. Мүйізі қарағайдай «ұлы орыс» халқының «Игорь жорығы туралы жыры» бар болғаны 8-ақ бет болса, бір ғана «Алпамыс батыр» эпосы 800 бетті құрады. Мінеки, эпос деген осы.

Эпос – соны тудырған елдің этникалық қарымының нәтижесі. Демек, Евразияның ұлы даласындағы бабаларымыз сөз өнерінің асқақ биігін туындатқанын байқаймыз. Тіпті, Европа әдебиетінің тарихына қарасаңыз, бірінші ауыз әдебиеті, содан кейін жазба әдебиеті дейді. Ал, бізде ауыз әдебиеті мен жазба әдебиетінің арасында бес ғасыр жыраулар поэзиясы жатыр. Аталған бес ғасыр поэзиясы - тәңір тектес асқақ, сөз өнеріміздің ұлы құдіретті сипаты. Шоқан «Қозы Көрпеш – Баян сұлу», «Ер Көкше», «Ер Қосай» жырларын жырларын, мақал-мәтелдерді, аңыз, ертек, шежірені, Жанақ, Шөже, Шал, Тәтіқара секілді ХІХ-ғасырдың бірінші жартысындағы ақындардың шығармаларын қағазға түсірп алған, ол еңбектері әлі де бағалы. Шоқан еңбектері негізінде эпостардың туу себебіне қатысты үлкен-үлкен ғылыми зерттеу еңбектер жазылған.

Тәуелсіздік тізгіні қолымызға тиген уақыттан бері де ежелден келе жатқан сөз өнерінің жаңғырып, соңы серпін бергені белгілі. Халықтың ауызша шығармашылығы, оның ішінде айтыс жанры бәсеңдеу-өшу үрдісінде емес, өзін-өзі сақтау, дамыту үрдісінің жаңа сатысы на көтеріліп келеді. Айтыс- халқымыздың ежелден бері ұрпақтан-ұрпаққа мұра болып жалғасып келе жатқан рухани қазынасы. Осы тұста кемеңгер жазушы М.О.Әуезовтің айтыс туралы: «Ауызша әдебиет ішінде айтыстан көп кездесетін өлең жоқ.... Бұл өлеңдер өте көп, көптігі жұрттың бәріне мәлім. Мәлім болмай жүргені де толып жатыр. Бұдан айтыс сөз қазақ ескілігінде өте жанды, өте қызулы, бағалы сөз болғанында дау жоқ»,- [1;135] деген ұлағатты сөзі ойға оралады. Сондықтан да халық әдебиетінің аса бай, арналы саласы- айтыс өлеңдерінің жанрлық табиғаты мен көне бастаулары арналы саласы- айтыс өлеңдерінің жанрлық табиғаты мен көне бастауларын, өзіндік қайталанбас белгі-сипаттарын, оның әлеуметтік-қоғамдық өмірді бейнелеудегі орны мен қалыптасып даму, кемелдену ерекшеліктерін, ондағы ақындық дәстүр, шеберлік мәселесі мен олардың бүгінгі айтысқа келіп ұласу жолдарын арнайы қарастыруда Ш.Уәлиханов, М.Әуезов сынды ғалым-зерттеушілердің еңбегі зор.

Шоқан қазақ ақындарының құйылдыра жырлау қабілетін олардың негізгі ерекшеліктерінің бірі деп деп бағалады. Күні бүгінге дейін халқымыздың ұлттық әдебиетінде, дәстүрлі өнерінде елеулі орын алып келе жатқан айтыс өнері, адамның құйылдыра жырлау, суырып салма ақындығы сияқты ой қабілетінің үлкен тапқырлығын, қиыннан қиыстырар хас шеберлігін ерекше қажет етеді. Мұндағы түйдек-түйдегімен айтылатын сөз нөсері, бұлтаруға ырық бермейтін ащы шындық, ұтымды дәлел, әзіл-шыны аралас өткір сөзбен қарсыласының қапысын тауып, оны кенеттен мүдіртіп тастау, беталды мақсатсыз айтылған пікір-таласының орын алмауы, әр сөзінің мірдің оғындай болуы – Шоқан айтқандай қазақтардың шешендік өнерге қабілетті өлең мен жырға икем келетіндігінің айқын айғағы.

Шоқан жалпы көшпелі халықтардың қай-қайсысына да осындай қасиеттің тән екендігін атап көрсетеді: «Көшпелі елдердің қай-қайсысының болсын бір өзгешелігі – олар өлең, жырға бай, шебер келеді. Бәдәуилердің ақын келетіндігі Еуропа халықтарына әбден мәлім. Араб даласын кезгендердің бәрі де далада жалаңаш жүрген жас баланың өзіне берілген сұраулардың бәріне қисынды, ұйқасты өлеңмен жауап қайтарарын айтып ауыздарының суы құриды. Моңғол, түрік тектес рулар да дәл осындай қасиетке бейім».[7]

Шоқан бұл халықтарда төкпе, суырып салма қасиеттің мұншалықты дамып жетілуінің сырын ашуға да тырысты. «Мұндай қасиеттің болуына көшпелілердің алаңсыз өмірі әсер етті ме, болмаса ұшы-қиыры жоқ жасыл дала мен моншақтай тізілген жұлдызы көп ашық аспанды сұлу табиғат әсер етті ме, - ол әзір бізге мәлімсіз» [7]. Шоқан осындай қабілеттің пайда болуының көзі жазира даладағы көшпелі өмірдің, не әсем табиғаттың әсерінде жатқан болуы керек деп топшылайды.

Мәселен, айтыстың сыншылдық сипаты оның табиғи болмыс-бітімімен қашаннан егіз, бұл айтыстың өзімен бірге ғасырлар бойы жетіліп ұшталып отырған. Мәселен, айтыста бір ақын аспанға көтере мақтаған ел басшылары, би-болыстар екінші қарсылас ақынның жауабында жермен жексен етіліп датталады, сонымен қатар өз елінің жақсы жайсаңдары соларға қарсы қойылып дәріптелсе, келесі кезекте алғашқысы бұларды да сын садағына алады. Сөйтіп, айтыста келелі сөзі болған ел жақсылары өзінің өмірдегі өмірдегі шынға жақын әділ бағасын алады. Дегенмен, осы белгі-сипаттарды табиғи өз күйінде талдап ашуға таптық тұрғыдан қарау туралы кеңестік дәуірдегі теріс саясат көп зиянын тигізді. Тек бүгінгі егеменді еліміз тәуелсіздік алған заманда ғана қазақ халқының айтыс өнері ұлттық мәдениетіміз тарихынан алатын орны мен мән-мағынасы дұрыс бағаланып, қайта жандануда. Тіпті ол бүгінгі тәуелсіздік алған өмірімізді бейнелеуге де өз үлесін қосып отыр.

Ғалым қазақ халқының ұлттық ділі мен мәдениетін мына пікірінде жеріне жеткізе сипаттаған: « ... қазақ барлық сенім, әдетімен де, - деп жазды ол,- ойын-сауығымен де, әр кезде жасаған адамдарының тарихи мәні бар оқиғаларды баяндайтын поэтикалық құны күшті аңыздар, аңыздар, өлең-жырлар жасаумен де, сауыққа құмарлығымен де, халықтық заңның көптеген кодекстерін сақтаумен де, соттық шешімдерімен де, полициялық шараларымен де, ең ақылдылардың қатарына қосылады». Өз халқының мәдениеті мен әдебиетін, әдет-ғұрпы мен ұлттық ділін осыншама жоғары бағалаған Шоқанды қайтып қана қадір тұтпассың!

Айтыс өнері жайында Шоқан Уәлихановтың пікірлерінің құндылығы, мәні мен маңызы бүгінгі таңда арта түсуінің сыры да осында. Айтыс жөнінде басқа да зерттеушілер жазғаны және ол мақалалардың қай-қайсысының да өзіндік қызғылықты жақтары бар. Бірақ айтыс жанрының табиғатын терең ашып, классикалық қағидаларын тұжырымдаған М.Әуезовтың ой-пікірлері өз алдына бір төбе. «Айтыс өлеңдері» атты зерттеу еңбегінде академик М.Әуезов айтыс өнерінің ортақ дәстүрлері мен басты-басты ерекшеліктеріне тоқталып, талдап жіктегенін көреміз. Қазақ фольклорында айтыс жанры есте жоқ ескі кезден келе жатқанын айта келіп, М.Әуезов: «Мезгілінде жазылып алынбағандықтан қазір біз ҮІ-ХҮІ-ХҮІІІ ғасырлардың ақындар айтысын білмейміз, деректер жоқ. Бірақ сол ғасырларда да айтыстың мол болғаны даусыз»,-дейді. [1].

Атақты ақындардың ірі айтысынан басқа әрбір ойын-сауық, айт пен тойда, ас беру, мерекеде тұстас ақынмен, жас жігіт-желеңмен, қыз-келіншектермен қағысып айтқан үлкенді-кішілі, әзіл-күлкі айтыстарда сан жоқ.. Айтыс жалпылық жанр болған. Сондықтан аты белгісіз ақындар мен айтысушылар туғызып кеткен, бірақ хатқа түспей қалған айтыс өлеңдерінің саны, көлемі қаншалық мол болғанын, олар ұшан-теңіз өлеңдер тудырғанын болжау қиын емес. Осы ойларын білдіре келе, зерттеуші теңіздей мол мұраны жеке түрлерге бөліп әр түрін «айрықша талдап, сала – саласымен тексеру қажет» деп түйеді. [2.32]

Көшпенді ата-бабаларымыздың психологиясы туралы Шоқан тағы бір еңбегінде тағы да былай деп жазды: «Тарихи жағынан алғанда қазақ халқының поэзиялық рухы тамаша, біріншіден, ақындарының еске тұту жайы барынша ғажап болғандықтан ... өз батырлары туралы деректерді бұл күнге дейін бұрмалаусыз сақтап келген, екіншіден, қазақтың өткен замандағы аңыздары мен сенім-нанымдарын соншалық бағы қалпында сақтауы таңырқарлық. Одан да ғажабы - әсіресе ақындарының эпикалық жырлары кең даланың қай қиыр түкпірлерінде айтылмасын, бір ғана қолжазбадан көшірілгендей ауыздан-ауызға сөзбе-сөз ауысып отыруы. Сауатсыз көшпелі орданың (қазақтың) ауызша тарихының осыншалық ақылға сиымсыз дәлдігі таңырқарлықтай, сөйтсе де бұл күдік келтіруге болмайтын ақиқат факт».[7]

Шоқан Уәлихановтың пікірінше, халықтардың ұлттық мәдениетін, ділін көрсететін белгілердің бірі- сол халықтың тіл байлығы, сөз өнері, шешендік қасиеттері. Ол сөз өнерін халық бойына біткен зор таланттың, керемет қабілеттің, ақындық қуаттың белгісі деп санады. «Халықтың тұрмысы мен әдет-ғұрпы,- деп жазды ол, - бәрінен де артық тілден көрініс табады. Өткенді қастерлеу және аңыздардың молдығы- терістік және Орта Азия көшпелі халықтарының ерекше қасиеті. Қазақ тілінде араб тіліндегідей жасама бояу сөздер жоқ, ол нағыз таза тіл» [6].

Ғұлама ғалымның осы пікірлерін кең байтақ өлкемізде өткен замандарда болған орыс, поляк, украин зиялылары да қостайды. Олар халқымыздың салт-санасы мен әдет-ғұрпындағы өнегелі де айшықты жақтарын, атап айтқанда, сөз өнеріне жетіктік, шешендік пен парасаттылық, суырып салмалық, нақыштап сөйлеуге жаны құмарлық, тағы басқа қасиеттеріне аузының суы құрып таңданған. Мәселен, «өлең-жыр, - деп жазды П.И.Пашин,- қазақтардың жан серігі, қарапайым адамдардың өзі суырып салып айтуға бейім тұрады». Ал, А.Брем «қазақтар сөз өнеріне жетік келеді – бұл жұрттың бәріне: оқыған адамдарға да, әліпті таяқ деп білмейтіндер де, байға да, жарлыға да тән қасиет» дейді. Белгілі ғалым В.Радлов «қазақтар нақышты сөйлеуді бар өнердің алды деп біледі,- сондықтан да олардың поэзиясы дамудың жоғары сатысына жеткен», - деп түйіндеген. [3]

Қазақтың музыкалық мәдениетіне келтірілген екі-үш ақ мысалдан-ақ сіздер ол мәдениеттің тектілігін, терең асыл екендігін пайымдайсыздар. Қазақ халқы қазақ атауын иемденбей тұрған кездің өзінде-ақ осы далада домбыра тартылып, күй жанры туған. Күні бүгінге дейін орыс, татар сияқты өзіміздің бұрынғы Кеңес одағының аясындағы елдерді алсақ, осылардың дәстүрлі музыкасында күй жанры, яғни аспапты музыка жанры жоқ. Орыстар балалайканы қолға алып, жерді бір теуіп, частушка айтады, бар музыкасы осы ғана. Ал, күй деген – музыкадан сөзсіз бөлініп шыққан дыбыс, музыкалық жанрдың дүниеге келуі. Бұл бейнелеп айтқанда сөз өнерінде роман, эпопея жанрының дүниеге келгені сияқты. Ал енді осы күй өнерін туындатқан авторлы музыканың өзіне осы далада 1200 жыл. 40-тан астам исі түркі халқының ішінде Қорқыт бабамыздың күйін сақтап қалған жалғыз халық – қазақ. Қорқыттан бізге жиырмаға тарта күй жеткен. Олар әлі күнге дейін үлкен сахналарымызда тартылады. Қорқыттың бергі жағында Шыңғыс ханның алдында күй тартқан – найман Кетбұға күйші. Күйшінің он үшінші ғасырдағы «Ақсақ құлан» күйінің бізге он варианты жетті. Қазір Европа кітапханасында тұрған «Кодекс Куманикус» кітабында сол Кетбұғаның «Ақсақ құлан» күйінің ноталық жазбасы бар. Қазақ музыкасына үлес қосқан зерттеуші Б.Г.Ерзакович ескі нотадағы аталған музыканы бүгінгі нотаға түсіргенде «Ақсақ құлан» күйі шығады. Кетбұғадан кейін сары Салтық, одан бері қарай Байжігіт, кешегі Абылай хан кезіндегі атақты күйшілер, XIX ғасырдағы Құрманғазы, Дәулеткерей, Қазанғап, Тәттімбет сияқты ондаған-жүздеген классикалық күйшілер өткен. Демек, қазақтың рухани мәдениетінің осы үш саласы күні бүгінге дейін ұлтымызға айрықша қызмет етіп келе жатыр. Шоқан да қазақ музыкасының шығу тегі, қазақтардың музыкалық қабілетінің аса биіктігін көрсететін аңыздарды жазып алып, оны кейін Г.Н.Потанин жарыққа шығарғаны белгілі.

Қобызды домбыраның ығыстырып шығарғандығын көзімен көрген әрі қазақ музыкасына ене бастаған түбірлі өзгерістерді жазып қалдырған Шоқан ысқылы музыкалық аспап- қобызды «ойналуы өте күрделі, тартымды да әсерлі аспап»,- деп жоғары бағалайды. Әрі қобыз сүйемелдеуімен айтылатын ескілікті жырлардың қалып бара жатқандығына, жыр орындау өнерінің бұл үлгісі де, тіпті, көне музыкалық аспап қылқобыздың өзі де бақсының меншігіне айналып, әйгілі суырып салма ақын Жанақ әншіден кейін ата дәстүрдің тұлдырсыз қала бастағынына қынжылады.

Шоқан ұсынған 14 күйден тұратын тізбектің ішінде «Қанқожа сұлтанның тартқаны» атты қобыз күйі бар. Бұл мәселені академик Ә.Х.Марғұлан жан-жақты талдаған еді Ш.Уәлихановтың «Қазақтың халықтық поэзиясының формалары» [7;196] атты бізге толық жетпеген бұл зерттеуінде Шоқан «Ер Көкше», «Ер Қосай» мен «Орақ батыр» жырларынан мысал келтіре отырып, жырдың жалпы мазмұнын қара сөзбен әңгімелей келе, бас кейіпкерлердің іс-әрекеттері мен ой-пікірлері өлеңмен яки қобыздың сүйемелдеуінде күй-әнмен айтылатындығын жіктеп жазған. Мұнан поэзияның музыкамен ұштастығын Г.Н.Потанин мен А.В.Затаевичтен бұрын байқап, тарқатқан Шоқан екенін көреміз. «Қазақ музыканттары» деп аталып жүрген Шоқанның бір беттік суретті қолжазбасының мән-мазмұнын академик Әлкей Марғұлан талдап таратқан еді. Шоқанның музыка өнерін жете түсініп, талдап таратқандығы оның қазақ музыкасы мен поэзиясының сымбаттылығын табиғилық қасиетінен қарастыруынан көреміз. Шоқанның нота танығандығы, орыс және батыс еуропа музыкалық дәстүрі мен Қазақстан, Орта Азия музыка өнерімен толық таныс болғандығын көрсететін деректер көп, [8] оның себебі бүгінгі біздер үшін жаңалық емес.

Шоқаннан қалған мол мұраның бірі - бейнелеу өнеріндегі зерттеулері. Бұл еңбектер оның өнердің осы саласындағы қазақтың тұңғыш профессионал суретшісі болғанын дәлелдейді. Қазіргі уақытта бейнелеу өнері тарихында он-жиырма ғана еңбегімен маман суретші атанып, әлемдік даңқ иеленгендер де бар. Ал Шоқан артына 150-дей сурет туындысын мұра етіп қалдырған. Табылмағаны қаншама. Оның суреттері негізінен портреттік жанр болғанымен, пейзаж- табиғат тамашасын және халықтың тұрмыс-салтын, тыныс-тіршілігін дәл бейнелеген. Шоқан салған суреттер Алтын Емелдегі Шоқан мұражайында сақтаулы. [8]

Дәстүрлі мәдениетімізде ұлттық қолөнеріміз жайлы ауыз толтырып айта аламыз. Қолөнер мәдениетіміз өте тереңнен бастау алады. Скифтің алтынмен апталған, күміспен күптелген дүние мүліктерінен бастап, күні кешеге дейін кең қолданылған тіккен киіз үй – қолөнердің ең ұлы шыңы. Киіз үйдегі сүйектен, ағаштан, киізден, шиден т.б. жасалған қажетті заттардың бәрінен құрастырылған ғажайыпты ақыл-ойдың нәтижесі, табысы деп қабылдауға болады. Бұл ретте көшпелілер өзінің тұтынатын қолөнер заттарын өнер деңгейіне жеткізген. Оларда қандай сұлулық! Неткен әдемілік! Демек, көшпелілер өнер деңгейінде өмір сүрген. Тұтынған заттарының барлығы өнер деңгейінде болған. Ол тозса, қайтадан одан да жақсы қылып жаңасын жасайтын болған. Қолөнердің ұлы туындысы – киіз үй. Шоқанның «Киіз үй», «Егіншілік туралы», «Қазақтардың космологиялық түсініктері», т.б. ғылыми еңбектерінде қазақ халның ежелден бергі сәулет өнері ескерткіштері жан-жақты сипатталып талданған. Қазақ киіз үйінің ерекшелігін басқа көшпелі халықтардың (қырғыз, қалмақ, моңғол) киіз үйлерімен салыстыра жазған.

«Қазақтардың космологиялық түсініктері» еңбегінде Шоқан «Қазақтар белгілі жұлдыздарды ғана таниды» дей келе, Темірқазық, Жетіқарақшы, Үркер, Бақташы жұлдызы, Шолпан жұлдызы, Құс жолы, Ай, Күн және аспан әлеміне шағын түсінктер береді. Қазақтар Темірқазық жұлдызы арқылы түнде жолға шыққанда бағытын анықтаса, Үркерге қарап тәуліктің уақыты мен жыл мезгілін анықтаған.

Шоқан халқымыздың өркениеті үшін шала сауатты молдалар сабақ беретін медреселер мен патша өкіметі ашқан ел билеуші әкімдер мен тілмаштар дайындайтын оқу орындарының қажетсіздігін, оның орнына Еуропа жұртында кең тараған дүниежүзілік жалпы білім беретін мектептердің ашылуы зор маңызға ие болады дей келіп, отарлау саясаты көздеген шараларды мықтап сынға алды. Кейінгі ағартушылық-жәдидтік қозғалыс өкілдері де, қазақ зиялылары да осындай пікірде болды. Ол «Қазақ даласындағы мұсылмандық туралы» атты еңбегінде «тек ақиқат білім ғана адамға күдік туғызбайды, ол өмірді бағалауға, тұрмыс құруға үйретеді» - деді. Шоқан еңбектерінде білім жалпы халыққа бірдей ортақ болсын деген озық идея басым. Өз халқының келешегінен зор үміт күткен Шоқан озық мәдениетке жетуде ғылымы мен мәдениеті мықтап дамыған елдерден үйрену керектігін, бұл үшін орыс оқуына бой ұру керектігін, мұның өзі халқымыздың жалпы адамдарға деген достық ниетін күшейтетін игілікті іс екендігін ескертті. Оның өз халқына деген сүйіспеншілігі, бүкіләлемдік озат өркениетті ғұламаларға деген шын мәніндегі адал көңілдегі терең сүйіспеншілігімен тығыз ұштасады. Өмірінің соңғы жылдары Шоқан әрине, патша өкіметінің озбыр саясатымен, отаршылдық езушілігімен келісе алмады. Ресейдің теңсіздік дүниесіне жиіркене қарап, Ресейдің алдыңғы қатарлы, озық ойлы зиялыларымен бірге отаршылдық тәртіптің өзгеруін қалады. Ш.Уәлиханов патша әкімшілігінен ешбір көмек болмай, ауыр науқасымен арпалысып жатып жазған «Сот реформасы» еңбегінде: «Қазақ халқы Ресей қол астында еркін дамуға мүмкіндік аламын деп Ресей империясының құрамына үлкен үмітпен, сеніммен кірді. Осындай үміт-сеніммен кірген халық меніңше, шынайы қамқорлыққа лайық. Патша үкіметі қазақ халқына мұндай қамқорлықты жасауы тиіс. Ал халықтың, ұлттың дамуы үшін екі басты нәрсе керек, ол – еркіндік және білім. Ресей үкіметі осы екеуін қамтамасыз етсе, онда қазақ халқының болашағы бар және Ресейге риза болуға тиіс! ...Әрбір халықтың дамуында революциялық және эволюциялық- екі жол бар. Франциядағы революция...бұл – бәрімізге, Ресейге де сабақ болуға тиіс.Ресей қазақ халқының мұң-мұқтажын ескеріп, оның мүддесін бейбіт шешетін реформа жасауы керек. Ал егер осы міндетті орындай алмаса, онда қазақ халқының орыс мемлекетінің құрамына енгендігі бекер болып шығады!» деп батыл жазды.[6] Кеңестік кезеңде Шоқанның Ресей империясының отарлық саясатын сынаған көзқарасы мейлінше көлеңкеленіп келді. Соның негізінде 90-шы жылдары оған негізсіз, сыңаржақты көзқараспен орыс миссионері деген айып таққандар да болды.

Аққан жұлдыздай болып өткен қысқа ғана ғұмырында өз тұсындағы ғылымның түрлі саласынан артына өшпес мұра қалдырған сан қырлы талант иесі Шоқан Уәлихановтың туғанына биыл 175 жыл толып отыр.

1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   13

Похожие:

Материалы международного научного форума «наследие ч. Ч. Валиханова в контексте мировой истории» Посвящается 175-летию Ч. Ч. Валиханова семей 24 қыркүйек 2010 ж iconПрограмма форума 1 күн /день 24 қыркүйек/сентября 13. 00 Қонақтардың келуі Заезд гостей 13. 30 Түскі ас Обед 14. 00 «Ш. Ш. Уәлиханов мұрасы әлемдік тарих контекстінде»
«Наследие Ч. Ч. Валиханова в контексте мировой истории», посвященный 175-летию со дня рождения Ч. Ч. Валиханова
Материалы международного научного форума «наследие ч. Ч. Валиханова в контексте мировой истории» Посвящается 175-летию Ч. Ч. Валиханова семей 24 қыркүйек 2010 ж iconКомитет науки институт истории и этнологии им ч. ч валиханова Информационное письмо Уважаемые коллеги!
Университете имени Д. А. Кунаева проводится Круглый стол на тему: «Трансформация развития Казахстана за 20 лет независимости», посвященной...
Материалы международного научного форума «наследие ч. Ч. Валиханова в контексте мировой истории» Посвящается 175-летию Ч. Ч. Валиханова семей 24 қыркүйек 2010 ж iconО взаимоотношениях Ч. Ч. Валиханова и М. Чорманова в XIX веке казахский народ выдвинул из своих рядов первого ученого европейского типа, интеллектуала
Чокана Чингисовича Валиханова. Муса Чорманов – видный общественный и государственный деятель, крупнейший просветитель казахского...
Материалы международного научного форума «наследие ч. Ч. Валиханова в контексте мировой истории» Посвящается 175-летию Ч. Ч. Валиханова семей 24 қыркүйек 2010 ж iconОжамжарова жулдыз журсинбеккызы сотрудничество Казахстана и Узбекистана в современных условиях: исторический аспект (1991-2008 гг.)
Работа выполнена в отделе Современной истории и научной информации Института истории и этнологии им. Ч. Ч. Валиханова
Материалы международного научного форума «наследие ч. Ч. Валиханова в контексте мировой истории» Посвящается 175-летию Ч. Ч. Валиханова семей 24 қыркүйек 2010 ж iconИндустриальное развитие Казахстана во второй половине ХХ начале ХХI веков (историко-модернизационный аспект)
Работа выполнена в отделе Истории Казахстана советского периода Института истории и этнологии им. Ч. Ч. Валиханова кн мон рк
Материалы международного научного форума «наследие ч. Ч. Валиханова в контексте мировой истории» Посвящается 175-летию Ч. Ч. Валиханова семей 24 қыркүйек 2010 ж icon1. Рыскулов Т. Собрание сочинений. В 3-х т. Т. 1 / М-во науки – ан рк, Ин-т истории и этнологии им. Ч. Ч. Валиханова, Архив Президента рк. Гл редактор М. К. Козыбаев. Сост.: В. К. Григорьев и др. – Алматы: Казахстан, 1997. – 336 с
Рыскулов Т. Собрание сочинений. В 3-х т. Т. 1 / М-во науки – ан рк, Ин-т истории и этнологии им. Ч. Ч. Валиханова, Архив Президента...
Материалы международного научного форума «наследие ч. Ч. Валиханова в контексте мировой истории» Посвящается 175-летию Ч. Ч. Валиханова семей 24 қыркүйек 2010 ж iconРыскулов Т. Собрание сочинений. В 3-х т. Т. 1 / М-во науки – ан рк, Ин-т истории и этнологии им. Ч. Ч. Валиханова, Архив Президента рк. Гл редактор М. К. Козыбаев. Сост.: В. К. Григорьев и др. – Алматы: Казахстан, 1997. – 336 с

Материалы международного научного форума «наследие ч. Ч. Валиханова в контексте мировой истории» Посвящается 175-летию Ч. Ч. Валиханова семей 24 қыркүйек 2010 ж iconПрижизненные публикации Чокана Валиханова

Материалы международного научного форума «наследие ч. Ч. Валиханова в контексте мировой истории» Посвящается 175-летию Ч. Ч. Валиханова семей 24 қыркүйек 2010 ж iconЛомоносов 2014 Международная научная конференция студентов, аспирантов и молодых учёных «Ломоносов-2014»
В рамках Международного молодежного научного форума «Ломоносов» в Московском государственном университете имени М. В. Ломоносова...
Материалы международного научного форума «наследие ч. Ч. Валиханова в контексте мировой истории» Посвящается 175-летию Ч. Ч. Валиханова семей 24 қыркүйек 2010 ж iconМосковский государственный университет имени М. В. Ломоносова
Московского государственного университета имени М. В. Ломоносова в рамках Международного молодежного научного форума «Ломоносов»...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница