Материалы международного научного форума «наследие ч. Ч. Валиханова в контексте мировой истории» Посвящается 175-летию Ч. Ч. Валиханова семей 24 қыркүйек 2010 ж




НазваниеМатериалы международного научного форума «наследие ч. Ч. Валиханова в контексте мировой истории» Посвящается 175-летию Ч. Ч. Валиханова семей 24 қыркүйек 2010 ж
страница4/13
Дата конвертации06.02.2016
Размер1.7 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://www.semgu.kz/files/_zayavki/nauka/Наука/6. Конференции в СГУ им. Шакарима/3. Архив конфер
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

Список использованной литературы:

  1. Абдиров М.Ж. Завоевание Казахстана царской Россией и борьба казахского народа за независимость. – Астана, Елорда, 2000. 301 с.

  2. Бегалин С. Чокан Валиханов. М., 1976.

  3. Елагин А.С. Казачество и казачьи войска в Казахстане. – Алматы, Казахстан, 1993,76 с.

  4. Зиманов С., Атишев А. Политические взгляды Чокана Валиханова. Алма-Ата, 1965

  5. Сибирский казак. Выпуск первый. Переиздание Войскового юбилейного сборника Сибирского казачьего войска, изданного в Харбине в 1934 г. Бийск. «Бия», 2009, 202 с.

  6. ЦГА РК Ф.15.Оп.1д.136.л.5л; ЦГА РК Ф.15.Оп.1д.146.Л.17; . ЦГА РК Ф.15.Оп.2. д.191.Л.56; ЦГА РК Ф.15.оп.1.д.1873.л.28; ЦГА РК Ф.330. оп.1Д.7.Л.130.

  7. И.д. степного генерал-губернатора Санников — министру внутренних дел, 12 июля 1900 г. // РГВИА.Ф. 400. Оп. 1. Д. 2952. Л.137.



Жанғалиев У.К.

Қазақ инновациялық, гуманитарлық – заң университеті, Семей қаласы.


Г.Н. ПОТАНИН –ШОҚАНТАНУДЫҢ НЕГІЗІН ҚАЛАУШЫ


1904 жылы Петербургте шыққан Орыс география қоғамының 29-томы түгелдей Шоқан шығармаларына арналды. Ғалым дүниеден өткен соң 39 жылдан кейін жарық көрген бұл еңбек Шоқанның орыс достары мен көзі көрген замандастарының ғалымға деген ыстық сүйіспеншілігінің жарқын белгісіндей болды. Шықты деп айтуға оңай, ал шығару жеңілге түскен жоқ.

Шоқан еңбектерінің бас аяғын жинақтап, басып шығару туралы мәселені 1864 жылы 24-сәуірде өткен Орыс География қоғамының мәжілісінде көтеріледі. Бірақ бұл ой қаржы тапшылығынан, әрі бел буып кірісетін тәуекелші редактордың болмауынан жуық арада іске аса қоймады. Баспаға дайындау үшін таратылған қолжазбалар әр адамның қолында кетеді.

1887 жылы Г.Н.Потанин көпке созылған осы мәселені қайта көтереді. Шоқанның тарап кеткен қолжазбаларын, болмаған күнде көшірмелерін жинайды, біраз адамдарға естелік жазғызады, өзі де, осы жөніндегі есте қалғандарын, ойларын қағаз бетіне түсіруге отырады.

Сол арада Шоқан еңбектерін басып шығаруға бел байлаған редактор да табылады. Ол кейін Петербург археология институтының профессоры болған көрнекті ориенталист Н.И.Веселовский еді. Шоқанның ғалымдық тұлғасын шығыс аспанындағы құйрықты жұлдызға теңеген Николай Ивановичтің алғыр ойы, шығыстану саласындағы терең білімі ұлы қазақ ғалымының еңбектерін басып шығару ісіне жұмсалды. Н.И.Веселовский қаншалықты тер төгіп, ізденгенін оның Г.И.Потанинге, Г.А.Колпаковскийге, Г.Е.Катанаевқа, М.Ф.Достоевскийге жазған хаттарынан көруге болады.

Н.И.Веселовскийдің Г.А.Колпаковскийге тынымсыз хат жазып, ұзақ мазалауынан соң далалық генерал-губернатор Шоқанның өзінде сақталған алты хатын, сот реформасы туралы мақаланың көшірмесін жібереді. Сондай -ақ Веселовский кезінде Сібір казактары облысының соғыс губернаторы қызметін атқарған К.К.Гутковский қайтыс болғаннан кейін (1867), оның қызы Катерина арқылы Шоқанның біраз еңбектерін тапқызып алады. Карл Казмировичтің архивінде сақталған еңбектердің қатарында «Манастың», «Көкетай ханның асын» суреттейтін үзіндісі, Шона батыр, Едіге туралы мәліметтер, қазақтың ырымшылдық салты жайында құнды материалдар кездеседі [1,28].

Шоқанның орыс достарының ең бір қиналған жері - қаржы мәселесі. Олар Г.А.Колпаковский арқылы мемлекет тарапынан ақша бөлгізбекші болады. Бірақ 500 сом көлемінде есептелген бұл қаржы Г.А.Колпаковскийдің қызметі ауысуына байланысты қолға тимейді.

Қаражат мәселесімен Г.Потаниннің бел шеше айналысқаны байқалады. Ол Сырымбеттегі Шыңғысқа, Баянауылдағы Ақкөлде отырған Мұса Шормановтың баласы Сәдуақасқа кітаптың тиражы қанша болуы керек, кім сатып алуға тиіс деген мәселелерді айтып хат жазады. Осы жерде мынаны айта кеткен жөн. Тұңғыш бурят ғалымы Доржи Банзаров еңбектерін басып шығаруда Г.Н.Потанин күні бұрын жазылуды (подписка) ұйымдастырған. Тегінде, ол осы тәсілді Шоқан шығармаларын шығаруда да қолданғысы келсе керек. «Егер Петр Петровичте жоқ болса, Леонид Николаевич Майковтың жесірінен қарастыру керек»,-деп жазса, басқа жерде: «Петербургта кездессе, Лещев мырзадан сұраңызшы, ол Шоқанды жақсы білуші еді, қазақтарды басқару туралы жазылған жұмыстарын білуі мүмкін»,-деп бағыт сілтейді.

Н.И.Веселовский қолжазбаларды жинап, жүйеге келтіріп, редакциялау кезінде елеулі қиыншылықтарға кездеседі. Мысалы, 1861 жылы жарық көрген «Кіші Бұхараның алты шаһары» деген мақаланы салыстырып оқуға келгенде, Шоқан жазған түпнұсқа өзгеше болады, оны Шоқанның өзі де түзетіп үлгермесе керек.

Редакциялау кезіндегі мұндай қиындықтың бірнеше себептері бар:

1) Шоқанның жазуын оқу әркімнің қолынан келе брмеген; 2) түпнұсқада қысқартылып жазылған сөздер мен ұғымдар жиі кездесіп отырады; 3) жазудың үстіне түзетулер, қосымша ойлар, сөйлемдер түскен; 4) әртүрлі тілде жазылған, кез келген адам түсіне бермейтін текстер де молшылық; 5) Шоқаннның кейін толтырмақ болып тастап кеткен жерлері де бар.

Ғалымнан тек дәлдікті іздеген Н.В.Веселовский керек болса Г.Н.Потаниннің өзіне де қатаң талап қоя білген. 1903 жылы 2-сәуірде А.А.Достоевскийге жазған хатында: «Уәлихановтың шығармаларын басу аяқталып келеді, соңғы екі мақаласын да тердік, бірақ жанжал болайын деп тұр. Олардың түпнұсқасы Семеновта екен, ол таба алмады. Г.Н.Потанин берген данасы ызаны келтіреді. Бөсе берген. «Таш» дегеніміз-«паша», «тоқсаба» дегеніміз - «тоқба»; тағы сол сияқты болып жүре берген. Қалай түзетуді біліп отырғаның жақсы ғой, ал білмесең ше?.. Шоқанның екі қолжазбасын Петр Петровичтен қалайда табу керек, мүмкін менен гөрі сіздің жолыңыз болар»,-дейді [2,6].

Арада көп жылдар өткенде Шоқанның әдеби мұрасын алғаш жиыстыру қамында жүрген Потанин, артта қалған бұлдыр көп күнге қайырылып көз сала отырып, академик Н.И.Веселовскийге Иркутскіден былай деп жазып еді:

«Өмірде Шоқанмен, ойлап қарасам, бар жоғы төрт-ақ рет жолым түйіскен екен: Омбы кадет корпусында өткен бес-алты жыл; сосын Омбыдағы екі жыл -онда екеуіміз де офицер болатынбыз, мен казак Әскери басқармасында қызмет ететін едім де, Шоқан Гасфорттың адьютанты болатын; бұдан кейін Петербургтағы бір жылға жетер-жетпес уақыт, ақырында Омбыдағы соңғы кездесу».

Өзінің болашақ досын Потанин шекара бастығының тілмашы В.И.Дабшинскийдің Омбыдағы пәтерінде көрді. Шыңғыстың тапсыруымен Шоқанды ауылдан алып келген нақ сол Дабшинский болатын. Екеуінің де жасы он екіде, түйедей құрдас еді. Потаниннің естелігіне қарағанда, қазақ бала қарындашпен сурет салғанды жақсы көретін. Дабшинский Шоқанның Омбыда салып жүрген суреттерін көрсетті: орыс шаһары жас жеткіншекті таң-тамаша қалдырса керек, қарындашпен қаланың бірер көрінісін түсіріп те қойыпты. Әйткенмен, олардың достығы біраз кейінірек, Шоқанның корпуста оқығанына бірнеше ай болған шамада басталды. Оған дейін бөгет болған нәрсе - әрине, Шоқанның қалаға бір ауыз орысша білмей келгендігі еді. Ал Потаниннің өзімен қатар басқа да көп қазақ балаларынан айырмашылығы -қазақша білмейтін. Тек, Уәлиханов орыс тілін біршама жетік игерген соң, екеуінің арасында кейіннен айырылмас ынтымақтастық орнады [3,б.10].

Шоқан мен Григорийдің достығы Уәлихановтың өз балалық шағын әңгімелеп беруінен басталды. Алғашқы кезде ол даладағы еркін өмірін аңсап, қатты торықты, жаңа тәртіпке зордың күшімен әрең икемделе бастады. Әсіресе, оған ерте тұру қиын соқты, өзін оятқан жолдастарын ұйқылы-ояу талай рет етік жіберіп ұрғаны бар. «Географиялық романтикамен» басы айналып үлгерген Потанин болса, оның ең ықыласты тыңдаушысы болып шықты, мұнымен тұрмай, ол досының әңгімелерін қалт жібермей хатқа түсіріп алатын. Яғни, бұлардың достығы Шоқан орыс тілін жеткілікті дәрежеде меңгерген кезден басталған.

Потанин өзінің адал досы туралы өмір бойы мақтаныш сезіммен, сүйіспеншілікпен еске алып отырды. Ол Шоқан қайтыс болған соң оның еңбектерінің бірінші басылымын дайындауға көп-күш қайрат жұмсап, ақыры өз редакциясымен басып шықты. Шоқанның көлемді өмір баянын жазып, оған он шақты естеліктер арнады.

Григорий Николаевич Шоқан Уәлихановпен кадет корпусына оқуға түскеннен бастап, оның өмірінің соңғы күндеріне дейінгі адал досы болды. Жазғы демалысын Шоқанмен бірге оның ауылында өткізіп, Шыңғыстың көшімен бірге көшіп - қонып жүрген. Түйедей жасты құрдас балаларды табиғи талант пен алыс елдерге деген қызығушылық, оларға саяхат жасау туралы ортақ арман жақындастырып еді. Олар кітапханадан П.Паллас пен П.Рычковтың саяхаттарының күнделіктері мен әңгімелерін құмарта оқитын.

Осы кадет корпусындағы оқу кезінде жас достардың болашақта өздерінің өмірін Азия құрлығының адам аяғы баспаған, белгісіз жерлерін зерттеуге арнауға деген армандары қалыптасты. Бірақ бұл арманның жүзеге асуы оңай болмады

Оқуларын бітірген соң достардың ажырасуына тура келді. Ш.Уәлиханов Батыс-Сібір генерал-губернаторы Гасфорттың адьютанты болып тағайындалды да, Г.Н.Потанин полктағы әскери қызметке жіберілді. 19 жасар офицер әскери отрядпен бірге 1854 жылы Верный қамалын салуға көмектесті. Шоқанның, сондай-ақ ол таныстырған айдаудағы петрашевшіл С.Ф.Дуровтың ықпалымен Потаниннің көзқарасында зор төңкеріс болды. Жас офицер қоршаған ортадағы зұлымдықтарды: күштілердің зорлығын, әлсіздердің қаналуын, шенеуніктердің парақорлығын, көпестердің есерсоқтығын, сансыз надандық пен көргенсіздікті бұрын да көріп, байқап жүретін. Жас офицер бұл зұлымдықтармен патша өкіметі күрескісі келеді, оның бұл күресіне көмектессе болды деп ойлайтын. Енді оның көзі ашылып, өкімет пен патша үшін бұл қалыптасқан тәртіптің пайдалы екенін, оны өзгертуге мүдделі емес екенін анық түсінді [4,б.33].

Уәлиханов пен Потанин нағыз білікті саяхатшы болу үшін университеттік білім алу керек деп санады. Бірақ олар әскери қызметпен тұсаулы еді.

Г.Н. Потанин екеуінің ғылыми-зерттеуге ықыластарының зор болғанын былай сипаттайды: «Когда мы, Я и Чокан, оба жили в Омске, мы очень часто виделись; иногда он приходил ко мне и просиживал целый вечер, иногда я заходил к нему. Часто во время этих свиданий он строил планы о наших будущих совместных путешествиях. Сначала, он говорил, мы должны поехать в Петербург и поступить в университет, чтобы подготовиться к путешествию.Там он поступит на восточный факультет, а меня посылал на естественно-историческое отделение физико-математического факультета, во время путешествия он будет заниматься филологией восточных племен, а я собирать коллекции для Петербургского ботаничесого сада и для Зоологического музея Академии Наук».

Потанин бұл іспетті армандарды өзі үшін орындалуы мүмкін емес, қисынсыз нәрсе деп ұқты. Ол ширек ғасыр өткенше мойны қамыттан босамайтын «мемлекеттің басыбайлы» қызметкері еді. Қызмет бабымен болмаса, астананың да төбесін көре қою қиын, ал бір қиырда жатқан әскери басқармасының майда-шүйде елеусіз офицерінде мұндай мүмкіндік те жоқ қой.

Шоқанның жайы бөлектеу. Григорий Николаевичтің пікірінше, оның жоспары табысты болуына мүмкіндік мол. Уәлиханов бұл кезде талай жерді аралап, көріп үлгерген. Корпусты бітірген алғашқы жылдары Потанин ел кезіп, жер шолып, жүргенде Шоқан Омбыдан шықпаушы еді, енді бәрі керсінше болуға айналды. 1855 жылы ол Гасфортпен бірге Ертіс өңірін, Жетісуды шарлаған, кейінірек өз бетінше Жоңғар қақпасы, Алакөл көлі аймағын аралап, Орталық Қазақстанды көктей өтіп, Омбыға оралды. Келесі жылы полковник М.М.Хоментовскийдің үлкен экспедициясы құрамында (Хоментовский Достоевскийдің жақын достарының бірі болатын) қырғыз жеріне сапар шекті. Содан оралған бойда, орыстың тамаша ғалымы, әрі саяхатшысы П.П.Семеновпен танысты.

Шоқан Уәлихановпен жақын танысқаннан кейін Семенов-Тяншанский оның асқан дарындылығына, терең біліміне ерекше ықылас қойып, жас досының Петербургке барып, университеттік лекциялар курсын тыңдағысы келетін талабын қуаттай түседі. Сонымен қатар Шоқанның Орта Азия мен Батыс Қытайға сапар шегу мақсатын қызу қолдайды..

Семенов екеуінің әңгімелері Шоқанға ұмтылмастай әсер қалдырып, жас ғалымды қанаттандыра түседі, ойында жүрген зерттеу жұмыстарын жүзеге асыра алатынына сенімі күшейді. «Мен Шоқанның таяуда ғана келген саяхатшыны еске алып, қуанып отырған үстіне тап келдім»,-деп жазады Г.Н.Потанин.

1858 жылы Потанин Петербург университетінің физика-математика факультетіне оқуға түседі. Онда Григорий Николевич Сібірді, және оның қоғамдық саяси өмірін зерттеу мақсатымен құрылған Сібір студенттерінің үйірмесін ұйымдастыруға қатысады [5,б.34].

1861 жылы студенттердің патша үкіметіне қарсы бас көтеруіне қатысқаны үшін 1862 жылы қамауға алынды. Босап шыққаннан кейін ол Омбыға кетіп, сонда 1864 жылы Шоқан досымен соңғы рет кездеседі. 1863-1864 жылдары Потанин астроном К.В.Струве басқарған Орыс Географиялық қоғамының Зайсан көлі мен Тарбағатай жотасын зерттеу экспедициясына қатысады. Томск статистикалық комитетінде қызмет атқара жүріп, Сібірдегі ең алғашқы «Томские Губернские ведомости» деген газеттің шығып тұруына ат салысады.

1864 жылы «Тәуелсіз Сібір қоғамы» ұйымына қатысып, сепаративтік пиғылды насихаттағаны үшін басқа да «облысшылармен» бірге бес жылға соттталып, каторгага айдалды. Ол мерзімі біткенде жер аударылып, 1874 жылға дейін Вологда губерниясының Никольск қаласында қалып қойды. Осы жерде ол «Томск губерниясында түркі және фин тайпаларының XVII-XIX ғғ. басында таралына шолу» деген еңбегін жазып шығарды.

1874 жылы Г.Н.Потанинге Монғолияға шығатын экспедицияға шығу үшін Петербургте тұруға рұқсат берілді. 1876-1877 ж.ж. ол Ресей географиялық қоғамының тапсырмасымен Солтүстік Монғолияға бірінші рет саяхат жасап, өте мол материал жинап қайтты. М.В.Певцовпен бірге Батыс Монғолиядағы Үлкен көлдер шұңқырын ашты.

1873 жылы Тува мен Монғолияға екінші рет барып қайтты. Нәтижесінде «Солтүстік Батыс Монғолия» деген төрт томдық шығармасы жазылып, 1881-1883 ж.ж. Петербургте жарық көрді.

1883-1886 ж.ж. Григорий Николаевич Қытайдың солтүстік провинциялары арқылы Солтүстік Тибетке үшінші рет экспедицияға барды. Оның нәтижесі 1893 жылы Санкт-Петербургте басылып шыққан «Қытайдың Тангут-Тибеттік жиегі және Орталық Монғолия» деген еңбегінде жарияланды. 1886 жылы Григорий Николаевичті география саласындағы үздік еңбегі үшін Орыс география қоғамы Константин медалімен мараппаттады. Г.Н.Потаниннің құрметіне Нань-шань жоталарының бірі және Алтадағы Табын-Богдо-Ола торабындағы ең ір мұздығы соның атымен аталды.

1892 жылы Г.Потанин Монғолия мен Пекин арқылы Тибеттің шығыс беткейіне, Сы-Чуанға төртінші экспедиция жасады. Бірақ экспедиция мүшесі, әрі жазушы, әрі ғылыми қызметкер, жұбайы Александра Викторовнаның (1843-1893) ауыруы, көп өтпей қайтыс болуы Г.Потаниннің 1893 жылы Ресейге оралуына себеп болды. Енді ол Петербургке қоныс теуіп, өзінің фольклор бойынша жинаған материалдарын өңдеумен айналысты. Ол 1899 жылы «Восточные основы русского былинного эпоса» («Орыстың тұрмыстық дастанының шығыстық негізі»), «Восточные мотивы в средневековом европейском эпосе» («Ортағасырлық европалық дастанның шығыстық сарыны») деген екі үлкен еңбектерін басып шығарды. Соңғы жұмысын басып шығару үшін Г.Потанин бір қысты Парижде өткізіп, ескі басылымдар мен қолжазбаларды қарап шықты .

Фольклор саласында Г.Потанин көне замандарда Орталық Азияда күнге табыну кең орын алды, соның төңірегінде жарқын да сан алуан дастандар өмірге келді деген қорытынды жасап, алмасып, ауысып отыру туралы соны теорияның авторы болды. Күнге табынудың жекелеген тақырыптары мен бірнеше циклдері қоныс аударушы халықтардың толқынымен европалық және азиялық дастандардың негізіне айналды.

Саяхаттардың ара-арасында Сібірдің түрлі қалаларында тұрып, Г.Н.Потанин қоғамдық және ғылыми жұмыстармен айналысты. Иркутскіде Орыс географиялық қоғамының Шығыс Сібір бөлімінің ісін басқарушы болса, Красноярскіде Орыс географиялық қоғамының бөлімшесін ұйымдастыруға қатысты; Томскіде өмірінің соңына дейін Сібірдің ақпарат құралдарына: «Сібір», «Восточное обозрение», «Сибирская жизнь» газеттері мен «Сибирские записки» журналына белсене аралысты. Сөйте жүріп жергілікті ғылыми және қоғамдық қызметкерлерінің үйірмесін құрды. 1913 жылдан бастап Потанин «Сибирская жизнь» газетінде өз естеліктерін жариялады. Жұбайы В.А.Потанинмен де өте құнды этнографиялық мәліметтер жинады [6,б.124].

Потаниннің Баянауылдағы Мұса Шормановтың ауылында жазып алған текстері мен Ш.Уәлихановтың Сырымбеттегі ауылына барып қайтқан сапарында «Қазақтардың және алтайлықтардың аңыздары, аңыз-әңгімелері және ертегілері» (1916) атты жинақ және «Қазақтың соңғы ханзадасының үйінде» (1896) атты мақала басып шығарды. Сөйтіп, Г.Потанин өзінің адал досы Ш.Уәлихановтың еңбектерін, қазақ халқының аңыз-әңгімелері мен ертегілерін кейінгі ұрпаққа жеткізуге зор еңбек сіңірді. Сол себепті де, Г.Н.Потаниннің есімі қазақ халқына досы Шоқан Уәлиханов есіміндей қымбат.

1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

Похожие:

Материалы международного научного форума «наследие ч. Ч. Валиханова в контексте мировой истории» Посвящается 175-летию Ч. Ч. Валиханова семей 24 қыркүйек 2010 ж iconПрограмма форума 1 күн /день 24 қыркүйек/сентября 13. 00 Қонақтардың келуі Заезд гостей 13. 30 Түскі ас Обед 14. 00 «Ш. Ш. Уәлиханов мұрасы әлемдік тарих контекстінде»
«Наследие Ч. Ч. Валиханова в контексте мировой истории», посвященный 175-летию со дня рождения Ч. Ч. Валиханова
Материалы международного научного форума «наследие ч. Ч. Валиханова в контексте мировой истории» Посвящается 175-летию Ч. Ч. Валиханова семей 24 қыркүйек 2010 ж iconКомитет науки институт истории и этнологии им ч. ч валиханова Информационное письмо Уважаемые коллеги!
Университете имени Д. А. Кунаева проводится Круглый стол на тему: «Трансформация развития Казахстана за 20 лет независимости», посвященной...
Материалы международного научного форума «наследие ч. Ч. Валиханова в контексте мировой истории» Посвящается 175-летию Ч. Ч. Валиханова семей 24 қыркүйек 2010 ж iconО взаимоотношениях Ч. Ч. Валиханова и М. Чорманова в XIX веке казахский народ выдвинул из своих рядов первого ученого европейского типа, интеллектуала
Чокана Чингисовича Валиханова. Муса Чорманов – видный общественный и государственный деятель, крупнейший просветитель казахского...
Материалы международного научного форума «наследие ч. Ч. Валиханова в контексте мировой истории» Посвящается 175-летию Ч. Ч. Валиханова семей 24 қыркүйек 2010 ж iconОжамжарова жулдыз журсинбеккызы сотрудничество Казахстана и Узбекистана в современных условиях: исторический аспект (1991-2008 гг.)
Работа выполнена в отделе Современной истории и научной информации Института истории и этнологии им. Ч. Ч. Валиханова
Материалы международного научного форума «наследие ч. Ч. Валиханова в контексте мировой истории» Посвящается 175-летию Ч. Ч. Валиханова семей 24 қыркүйек 2010 ж iconИндустриальное развитие Казахстана во второй половине ХХ начале ХХI веков (историко-модернизационный аспект)
Работа выполнена в отделе Истории Казахстана советского периода Института истории и этнологии им. Ч. Ч. Валиханова кн мон рк
Материалы международного научного форума «наследие ч. Ч. Валиханова в контексте мировой истории» Посвящается 175-летию Ч. Ч. Валиханова семей 24 қыркүйек 2010 ж icon1. Рыскулов Т. Собрание сочинений. В 3-х т. Т. 1 / М-во науки – ан рк, Ин-т истории и этнологии им. Ч. Ч. Валиханова, Архив Президента рк. Гл редактор М. К. Козыбаев. Сост.: В. К. Григорьев и др. – Алматы: Казахстан, 1997. – 336 с
Рыскулов Т. Собрание сочинений. В 3-х т. Т. 1 / М-во науки – ан рк, Ин-т истории и этнологии им. Ч. Ч. Валиханова, Архив Президента...
Материалы международного научного форума «наследие ч. Ч. Валиханова в контексте мировой истории» Посвящается 175-летию Ч. Ч. Валиханова семей 24 қыркүйек 2010 ж iconРыскулов Т. Собрание сочинений. В 3-х т. Т. 1 / М-во науки – ан рк, Ин-т истории и этнологии им. Ч. Ч. Валиханова, Архив Президента рк. Гл редактор М. К. Козыбаев. Сост.: В. К. Григорьев и др. – Алматы: Казахстан, 1997. – 336 с

Материалы международного научного форума «наследие ч. Ч. Валиханова в контексте мировой истории» Посвящается 175-летию Ч. Ч. Валиханова семей 24 қыркүйек 2010 ж iconПрижизненные публикации Чокана Валиханова

Материалы международного научного форума «наследие ч. Ч. Валиханова в контексте мировой истории» Посвящается 175-летию Ч. Ч. Валиханова семей 24 қыркүйек 2010 ж iconЛомоносов 2014 Международная научная конференция студентов, аспирантов и молодых учёных «Ломоносов-2014»
В рамках Международного молодежного научного форума «Ломоносов» в Московском государственном университете имени М. В. Ломоносова...
Материалы международного научного форума «наследие ч. Ч. Валиханова в контексте мировой истории» Посвящается 175-летию Ч. Ч. Валиханова семей 24 қыркүйек 2010 ж iconМосковский государственный университет имени М. В. Ломоносова
Московского государственного университета имени М. В. Ломоносова в рамках Международного молодежного научного форума «Ломоносов»...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница