Материалы международного научного форума «наследие ч. Ч. Валиханова в контексте мировой истории» Посвящается 175-летию Ч. Ч. Валиханова семей 24 қыркүйек 2010 ж




НазваниеМатериалы международного научного форума «наследие ч. Ч. Валиханова в контексте мировой истории» Посвящается 175-летию Ч. Ч. Валиханова семей 24 қыркүйек 2010 ж
страница3/13
Дата конвертации06.02.2016
Размер1.7 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://www.semgu.kz/files/_zayavki/nauka/Наука/6. Конференции в СГУ им. Шакарима/3. Архив конфер
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

Список использованной литературы:

1.Б.Сулейменов, В.А. Моисеев. Чокан Валиханов – востоковед. Изд-во «Наука» КазССР, - Алма-Ата,1985 .-112 с.

2.Масанов Э.А. Очерк истории этнографического изучения казахского народа. Алма-ата, 1996.

3.Ч.Валиханов. Собрание сочинений в 5 т., т 1-Алма-Ата: под редакцией Казахской советской энциклопедии,1984.-432 с.

4.Марков С. Идущие к вершинам. Алматы, «Санат»,1998.-336 с.

5.Ч.Валиханов. Собрание сочинений в 5 т., т 3-Алма-Ата: под редакцией Казахской советской энциклопедии,1984.-432 с.

6. От истоков к современности: мир великих ученых и исследователей. Ш. Уалиханов. Журнал «Вестник дипломатии», изд-во МИД РК,2008, №3.с.69-70.


Архыматаева А.Ж., Аханова Б.Ж.

Қазақ инновациялық гуманитарлық ­заң университеті


Ш.УӘЛИХАНОВ ЖАЗБАЛАРЫНДАҒЫ ҰЛТТЫҚ

ТАРИХИ­ТАНЫМ МӘСЕЛЕЛЕРІ


Қазақ халқының ұлттық мақтанышы Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов – бірнеше ғылым саласында еңбек етіп, олардың әрқайсысында айқын із қалдырған ғалым. Ол әсіресе шығыс тіл білімі, тарихы және этнографиясы жөніндегі ғылыми еңбектеріне байланысты өшпес даңққа бөленеді.

Ш.Ш.Уәлиханов небары 30 жылға жетпейтін уақыт өмір сүрді. Бірақ осы қысқа өмірінің өзінде саяхатшы ғалым артына мол ғылыми мұра қалдырды. Шоқанның өшпес мұрасы бүгінгі Отандық тарих пен басқа қоғамдық ғылымдар саласын терең зерттеу мен насихаттау ісінде орны бөлек. Шоқан Уәлиханов Батыс – Сібір генерал – губернаторының қарамағына жұмысқа қалғанда, қызмет бабы барысында оған бірден – ақ қазақ өлкесінің жер – жерімен жақынырақ танысып, ғылыми зерттеулер жүргізуіне қолайлы жағдай туды. 1853 - 1854 жылдары Шоқан төтенше тапсырмалармен Сарыарқаға барған кезде Нұра, Сарысу өзендерінің бойындағы архитектуралық ескерткіштермен танысады. Қапал бекінісіне барғанда Ұлы жүз қазақтарының жазба – деректерін жазып алады.

Туған халқына деген теңдессіз махаббат Шоқанды қазақ халқы тарихының ғылыми негізін қалауға ұмсындырды. Оның этнографиялық жазбалары, тарихи зерттеулері күні осы уақытқа дейін құндылығын жойған емес.

Шоқанның қазақ халқының түп-тегі туралы ойларының да теориялық- методологиялық маңызы зор. Көшпелі жұрттың, әсіресе жазу-сызуы жоқ тайпалардың тарихын айқындар басты көз қазақ халқының шығу тегі, түп тамырының асыл діңгектері болып табылады. Жалпы, олардың кейбір үзінділері өркениетті елдердің жылнамаларындағы деректермен астасып жатыр деп атап көрсетті ол. Жазба ескерткіштердің хабарларына баса мән бере отырып ұлы ғалым халықтың ауыз әдебиетіндегі деректердің аса маңыздылығын атап көрсете келіп, жазба дерек көздерімен салғастырғанда бұлардың нақтылығы айқындала түседі деп көрсетті.

Дала өркениеті тудырған шежіре мәліметтеріне деректік талдау жасау, көшпелілік болмысқа тән тарихи ой-сана мен тарихи таным өрісін, оның табиғатын және құрамдық бөліктерін, әлеуметтік-мәдени қызметін тануға жол ашады. Тарихи ертегілер, жыр-дастандар, тарихи әңгімелер, аңыз, қария сөз, шешендік, билер сөзі және басқа да ауызша айтылып, халық жадында сақталған мұралар шежірелік дәстүрді құрайтын ішкі деректерге жатады. Өз кезінде Ш. Уәлиханов, қазақта «бірде-бір мәнді оқиғасы, бірде-бір керемет кісісі туралы айтылмай қалғаны, халық жадында сақталмай қалғаны жоқ», - деп атап өткен [1, б.157]. Расында да, қазақ мәдениетінде, төл әдебиетінде үлкен деректік қор бар. Ол деректемелердің тарихи шындықты суреттеудегі ерекшеліктері ғылымда қарастырылмай келді. Қазақ шежірелерінің тарихи мәліметтерін сын көзқарас тұрғысынан тексеру, нақты ғылыми тәсілдермен шындыққа сәйкес келетін ақиқатын анықтау, қажетінше ғылыми айналымға енгізу – мемлекет, ұлт және мәдениет тарихын деректік тұрғыда зерттеуді жаңа деңгейге көтеретін келелі мәселе.

Шежіренің негізгі мақсаты тарихи білім жүйесінде сақталатын дәстүрлі мәдени құндылықтар мен дәстүрлі қоғамның рухани-әлеуметтік, идеологиялық-саяси сабақтастығын қаматамасыз ету. Осының барлығы ұлттық мәдениеттің тұғыры болғандықтан, оны тұрақты қоғамдық институтқа айналдыру мақсатында шежіре түсінігінің дәстүрі төңірегіне киелілік сипат ұғымы, ерекше қасиеттеушілік берілгені де байқалады. Халықтың фольклорлық мұрасында сақталған «жеті атасын білген ер – жеті елдің қамын жер» дейтіндей әлеуметтік формулалар осының бір даналық айғағы. [2, б.6].

Халықтың тарихи мәліметтер зерттеушілер үшін құнды болуына қарай, әр заман тарихнамашылары қазақтың тарихи фольклор деректерін қажетсінді. ХІХ ғасырда «Қазақ шежіресі» атты мағынасы терең ғылыми мақала жазған ірі ғалым Ш. Уәлихановтың еңбегі елеулі. Шоқан бұл деректерді өзі ғана жинап қоймай, сол кездегі қазақ ортасындағы көзі ашық, сауатты, қайраткер адамдарға да аманат қылды. Кейін бүл мұралар Г. Потаниннің кітаптарында жарияланған. Ә. Бөкейханның төрелер шежіресіне қатысты жинақтаған генеологиялық мәліметтері бүгінгі күні де өзектілігі мен ғылыми-қолданбалы мағынасын жоғалтпаған. [2,б.7].

Шежірелердегі тәңірлік дүниетаным белгілері де айрықша көрінеді. «Көнетүркілік салтты, оның наным-сенім, әдет-ғұрып, той-думан, жол-жоба дәстүрлерін, жыр-өлең сипатында жалғасқан тарихи аңыздарын, әртүрлі уақытта өткен жырау жырларын, салтанат пен әуенге деген құштарлығын, халық әдеті мен билердің шешендік өнері мен билік айту өнегесі сияқты парасат, ақыл-ой мұраларын сақтаушылары деп қазақтарды айту қажет» - деп, кезінде Ш. Уәлиханов ескерткен [3,б. 30].

Шежірелерді жиып отыру ортағасырлардан бері ел ортасынан шыққан атақты адамдары айналысқаны осыдан байқалады. Әрине, алдымен бұл тектілерге тән әулеттік әдет. Ш. Уәлиханов еңбектерінде Есім хан, Тәуке хан, Сәмеке мен Әбілмәмбеттің ұрпақтарында сақталғандығы шежірелер туралы айтылады. Шежірелік жазбалар авторлары бар нақты тарихнамалық туынды белгілері болғандықтан, бұларды шежірелік тарихнама ретінде қарастырылуы әбден дұрыс.

Тұрмыстық фольклор жанрына тән мақал-мәтел, бесік жыры, бата, беташар т.б. сөз үлгілерін халық мәдениетін игерген кез келген адам біледі. Ән, әуен, жыр, өлең – бұлар шежірелік деректі сақтау қызметін атқарушы дәстүр тасымалдаушы құралы болып табылады. [3,б. 32].

Қазақ шежірелеріндегі "Қазақ түбі" мәліметтері қазақ руларының барлығы ерте заманнан келе жатқан түрік жұрағаты десе, генеалогиялық жағынан оған жатпайтын төре, қожа, төлеңгіттер қазақ құрамынан тыс айтылғандықтан да кірме топтар қатарында есептеледі. Мұны Ш. Уәлиханов та мақаласында анық көрсеткен. «Қазақта "кірме" деген сөз бар. Ол сөздің мағынасы өз отанынан, ата мекенінен, ру-тайпа ортасынан жақсы-жаман себептермен шығып кетіп, өзге елге келген, сіңісіп кеткенге дейінгі адамдарды айтады» - деп, шежіре кірме ұғымына анықтама береді. Қазақ руларының ішінде өзара алмасқан аталар да аз емес. [4,б. 220].

Шежірелерде осы сияқты тарихи-әлеуметтік құбылыстар түсіндіріліп отырылды. Қазақ ортасында бір рудан басқа рудың құрамына ауысып жүрген тұлғалар қай заманда болмасын көп болған. Жаңа рудың ішіне олар, әрине, бала, ұл қатарында кіретін болған. «Бұлар өз әулетін жоғалтпай, қожа, төре, ноғай, татармыз деп өз үрдісін, тарихын, тегін жоғалтпай, сақтап қалуы қайсарлығы, табандылығы, ұждандылығы деу қажет. Бар қасиеттерінің барлығы да қазақ болып кеткендер» - деп түсіндіреді Сондықтан қазақтың барлығы бір-біріне қарға тамырлы қазақ болады. [5, б. 4.].

Сондай­ақ қазақ шежірелерінде қазақ хандары туралы деректер жинақы түрде баяндалады. XVIII ғасырдың ауызша тарихи дәстүрі туындыларында қазақ халқының жоңғар басқышыларына қарсы ұлт-азаттық күрес тарихы ерекше суреттеледі. Бұл туралы Ш. Уәлиханов: «Ата-бабаларының ерлігін жырлайтын көне жыр-аңыздар жазу-сызуға түспей ауызша айтылып келуіне қарамастан, шежіре сақтаушы жыршылардың суырып салма импровизаторлық ғажаб өнер қабілеті мен халықтың тарихи өлең, дастан, ертегі, аңыз, әңгімелерге ден қойып сүйіспеншілікпен тыңдауының арқасында ұзақ жылдар бойы ауыздан ауызға айтылып, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып осы күнге дейін сол өзгермеген таза қалпында сақталған, және жапан даланың әрбір шетінен хатқа түсірілген сол мұралардың барлық көшірмелері өзара ұқсас келеді" – деп жазған [1,б.149]. Жыр дәстүрін атқарған қызметі жағынан шежірелік мұраға жатқызған өте дұрыс. Жырау мен жыршы атқарған әлеуметтік-мәдени қызметті осы шежірелік жады мен дәстүрлі тарихи сана арқылы іске асырған. Сол тарихи дәуір шындығын жырға салған атақты Жиембет, Марғасқа, Ақтамберді, Қожаберген, Үмбетей, Бұқар сияқты тарихты шежіре еткен жыраулар болған.

Ш. Уәлиханов қазақтың әрбір текті ақсақалы өз руының шежіресін анық біледі, деп айтқан [1,б.149]. Шоқан жазған шежірелік шығармалардың ең әйгілісі – "Абылай", "Қырғыз рулары", "Ұлы жүз туралы", "Ұлы жүздің аңыз-әпсаналары", "XVIII ғ. батырлар жыры" және т.б. Бұл еңбектерде Шоқан тек қазақ емес, сондай-ақ жалпы түрік-моңғол жұртының тарихи жәдігерлері туралы көп ізденген: яғни, олардың шығу тегі, тарихи деректері, мәдени ерекшеліктері, тәңірлік түсініктері, бақсылық дәстүрі, ру құрылымы, халық календары, хандары, космогониясы, наным-сенім жүйесі, қазақ ортасындағы мұсылмандық құқық, шежірешілер, қария сөз, аңыздардың мазмұны, атақты адамдары, рухани құндылықтары және т.б. өткір көп мәселелердің барлығының басын қайырып, зейін қойып, тиянақты ізденген. [6,б. 30].

Cонымен, Шоқан жазбаларындағы тарихи дерек ретіндегі қазақтың түп тамырын айғақтайтын шежірелік шығармаларының орны ерекше. Қорыта келгенде Шоқан Уәлиханов бізге аса бағалы ғылыми мұра қалдырды, олар Қазақстан, Орта және Орталық Азия халықтары тарихының, этнографиясының күрделі ғылыми проблемаларын шешуге көмектескен бай мұра деп айтуға болады.


Әдебиеттер

  1. Валиханов Ч. Киргизское родословие // Собр. соч. в 5-ти томах. – А., 1985. – Т.2. – С. 148-166.

  2. Алпысбес М.А. Шежіре тарихи дерек көзі // Қазақ тарихы. – 1999. - №2. – Б. 6-10.

  3. Алпысбес М.А. Қазақ түрік шежірелерінің зерттелуі // Қазақ тарихы. – 2004. – № 4. – 30-34 бб.

  4. Жақсыбайұлы Т. Шежіре. Қаракесек руына жататын Сарым еліндегі Өтеміс – Тоқсан ұрпақтарынан тарайтын Тоқсары, Құлық, Құлсары, Қожақұл ұрпақтарының шежіресі. Екінші кітап. – Қарағанды, 1999. – 356 б.

  5. Алпысбес М.А. Шежірелік деректердің тарихи-генеалогиялық мәні және қызметі // Вестник СемГУ им. Шакарима. Научный журнал. – № 1. – 2007. – 3-9 бб.

  6. Тұяқбаев Р. Қазақ халқының ұлттық, рулық қалыптасу шежіресі. – Көкшетау, 2003. – 291 б.



Ахмадиева Г.,

Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің тарих мамандығының магстранты


ШОҚАН ШЫҢҒЫСҰЛЫ УӘЛИХАНОВТЫҢ ОТАН

ТАРИХЫНДА АЛАР ОРНЫ


Бәрімізге мәлім, қазақ елі ХІХ ғасырдың бірінші жартысында феодалдық қоғамдық қатынастар дәуірінде болды. Қазақ халқы бір жағынан жергілікті феодалдардың, екінші жағынан Ресей Патшасының зор қанауының езгісінде болды. Еңбекші бұқараның жағдайы өте нашар болды, өйткені олар әр уақытта алуан түрлі ауыр салықтар төлеп отыруға мәжбүр болды. Қанаушылар олардың шұрайлы жерлерін тартып алып, өздерін шөл және шөлейт жерлерге ығыстырды. Ресей патшасы байырғы ұлтты одан әрі жаныштап, езуді күшейтті. Ал, жергілікті үстем тап, қалыптасып келе жатқан буржуазия, дін басылары, патшалық ресей үкіметі халықты революциялық күрестен аулақ ұстауға тырысты, қазақ бұқара халқын орыстың жұмысшы шаруа табынан, алдыңғы қатарлы интелегенциясынан алыс ұстауға әрекет жасады, араға іріткі салды, ұлтаралық дау-дамайды, жанжалды насихаттады. Осылардың салдарынан Қазақстанда бұқара халықтың патшалық Ресей үкіметіне, жергілікті хандарға, байларға қарсы әлденеше стихиялық ереуіл-көтерілістері болды, бірақ олардың барлығы күшпен басылып отырды.

Осындай ауыр жағдайлардың нәтижесінде және орыс демократиясының мәдениеті мен ғылымының игілікті әсерінің негізінде Қазақстанда алдыңғы қатарлы философиялық, әлеуметтік-саяси ой-пікірлер қалыптаса бастады.

Қазақ халқы ұлттық мәдениетінің тарихына жаңа жол ашушы бір топ ұлы ойшылар мен прогрессивті ағартушылар, қоғамдық-саяси қайраткерлері шықты. Олардың қатарында Шоқан Уәлихановтың (1835-1865 ж) алар орны ерекше.

Биыл қазақтың біртуар перзенті, ұлы ғалым Шоқан Уәлихановтың туғанына 175 жыл толады.

Қырғыз хандарының ұрпағы және орыс армиясының офицері Шоқан Шыңғысұлы Уәлианов шығыстану көгінен құйрықты жұлдыздай ағып өтті. Орыс шығыстанушылары оны бірауыздан ерекше құбылыс деп мойындап, болашақта түркі халықтарының тағдыры туралы ұлы және маңызды жаңалықтар ашады деп үміттенген еді, бірақ Шоқанның мезгілсіз дүние салуы бізді бұл үміттен айырып отыр. Ол 30-ға да толмастан өкпе ауруынан қайтыс болды. Оның аққан жұлдыздай қысқа өмірі ғылым үшін өте құнды жылдар болған.

Шоқанды өз халқының тарихы, қоғамдық құрылымы, саяси өмірі, білімі, кәсібі, имандылық қасиеттері әр уақытта толғандырды. Бұлар оның шығармаларының өзекті тақырыбы болды. Ол өз халқын сүйді, оның болашағына сенді, мақтан тұтты. Шоқан өз халқының азаттыққа жетіп, білім алуын армандады.

Терең білімді, ғылымға берілген Шоқан өз қызметін халық тағдырымен байланыстыра қараған. Сондықтан ол тек ғалым ғана емес, қоғам қайраткері де болды.

Шоқан Уалихановтың ғылыми шығармашылығы Орталық Азияда жасаған экспедицияларының барысында жинақталған бай тарихи – этнографиялық материалдардан тұрады. Оның мақалалары, очерктері, күнделік жазбалары көшпелілердің тұрмысын, олардың әдеп – ғұрыптары, аңыздары мен өлең – жырларын сипаттап мазмұндайды. Осы жұмыстардың негізгі тақырыптық бағыты этнография болды. Барлық экспедицияларда Шоқан Уалиханов барған ерлерінің жергілікті халқын ден қойып зерттейді. Орта Азия мен Қазақстанның халықтарын зерттеу арқылы Шоқан Уалиханов сол кездегі тек тұрмыстық санадағы ғана емес, сондай-ақ ғылыми ортада орын алған түсініктерді жоққа шығаруға ұмтылды. Шоқан Уалиханов қырғыз тарихнамасының негізін қалаушы деп те әбден айтуға болады, «тарихи-филологиялық тұрғыдан қырғыздарды тұңғыш зерттеуші-деп көрсетеді белгілі кеңес тюркологы Ғ.Н. Кононов.

Өзінің тікелей көргендері, жазбаша нұсқалар мен халық аңыз –ертегілері негізінде қазақ ғалымы қырғыздар туралы бірспыра қызықты зерттеу жұмыстарын әзірледі, олар өздерінің мәнін осы уақытқа дейін жойған жоқ.

Өкінішке орай, қырғыз халқына арналған еңбектердің де көпшілігі аяқталмай қалған, сөйтіп олар ұзак уакыт архивте сақталып жатып, тек 1950-1960 жылдары ғана мәлім болды «қырғыздар туралы жабалар еңбегінде ол қырғыздың атақты көшіп-қоныс жерлеріне шолу жасап, елдің геграфиялық

Очеркін жасады.

Бүгінде Шоқан көзқарастарына қатысты бірнеше пікірлер айтылып жүр. Бұл негізінен Шоқанның орыстың революцияшыл демократтарының идеясын қанша дәрежеде қабылдағаны және халқы үшін қандай істер істегені туралы байламдар. Акдемик С. Зимановтың монграфиясында (1965ж) Уәлихановтың саяси көзқарастары жайлы пікірлер үш топқа бөлініп қарастырылады. Шоқанды бағалау үшін үш ұдайы пікірге бөліну мәселенің күрделілігін көсетеді.

Бірақ, ғалымдардың барлығы негізгі мәселеде бір ауыздан, атап айтқанда, Шоқанның орсытың ұлы революцияшыл демократтарының шығармаларымен етене таныс болып, оларды іштей жақтағанын, өз халқын сүйгенін, оны шамасы келгенше қорғауға, орыс мәдениетін үйретуге тырысқанын мойындайды.

Адам- әрқашан да өз ортасының перзенті. Ендеше Ш. Уәлихановқа берер бағамыз нақты тарихи жағдаларға байланысты болмақ.

Шоқанның «атаңның ұлы емес, адамның ұлы» болуға тырысқан деп айта аламыз. Шоқан шығармаларынан халқына деген шексіз жаңашырлығын, сүйіспеншілігін байқаймыз. Патша үкіметінің қазақтарға кемісітушілік саясатын қолданып отырғанына ол үзілді- кесілді қарсы шықты. Халқының сауатсыз болғанын жасырмай айтқан Шоқан оның қабілетті, өркениетті қабылдай алатын ел екенін де дәлелдеді.

Глушко Е. Семипалатинский государственный педагогический институт

историко-филологический факультет группа И-432


«ЧОКАН ВАЛИХАНОВ И СИБИРСКОЕ ЛИНЕЙНОЕ

КАЗАЧЬЕ ВОЙСКО»


Чокан Валиханов - это один из величайших деятелей казахской степи. Его имя стоит в одном ряду с такими знаменитыми именами как Шакарим, Абай, Букейханов, Байтурсынов и другие. И хотя он прожил короткую жизнь всего 30 лет, за это время он успел проявить себя во многих отраслях науки, военном деле, в искусстве письма и кисти.

Время, когда жил Чокан Валиханов, было очень непростым периодом в истории казахского народа и это, несомненно, отложило отпечаток на его деятельность. После окончания в 1853 году Омского кадетского корпуса, Чокан поступает на службу в Сибирское казачье войско в должности корнета [2, 10]. Там за свои способности Чокан привлек внимание генерал-губернатора Западной Сибири Гасфорта, который являлся одновременно и главнокомандующим Сибирского линейного казачьего войска. Гасфорт взял Чокана к себе на службу, и часто направлял в командировки в пограничные с Китаем районы. Так выполняя свои прямые обязанности военного, он не забывал и о своем призвании - занятии наукой.

Служба Валиханова в Сибирском казачьем войске дало толчок к его карьере.

Корни истории Сибирского казачьего войска уходят еще в 15 век и связаны с именем Ермака. В труде профессора Абдирова М.Ж. говорится о том, что датой образования войска является «19 августа 1808 года император Александр 1 издал указ об объединении казаков Горькой, Иртышской и Бухтарминской военных линий и создании единого Сибирского линейного казачьего войска со своим штатом и Положением» [1, 200]. В этом указе оговаривались управление, общественные и войсковые учреждения, сословные права и преимущества, порядок отбывания повинностей. Войско состояло из 10 конных полков, каждый полк по 500 чел., 4 резервных эскадрона и 2 конноартиллерийские роты по 12 орудий в каждой. Штаб войска находился в городе Омске. Позже выходил еще ряд положений о войске, в которых вносились коррективы.

Главная цель создания войска была одна – «закрепление на новых богатых и обширных землях, усиления здесь российского присутствия, проникновения в казахскую степь…» [1, 193].

Казачество стало оплотом царизма в степи. По-сути, казаки были превращены в военных поселян, размещенных вдоль азиатских границ. Казачьи войска не только играли важную роль в военных операциях государства, охраняли государственную границу, но и выполняли внутренние полицейские функции, занимались сбором пошлин, участвовали в подавлении восстаний.

В соответствии с административным делением конца ХIХ в. Сибирское казачье войско располагалось в двух областях степного генерал-губернаторства - Акмолинской и Семипалатинской, а также в Бийском округе Томской губернии. Большая часть территории войска тянулось узкой полосой, шириною от 10 до 30 верст, от границы Оренбургской губернии до р. Иртыш, затем - по Иртышу и Бухтарме. Кроме того, казачьи земли были разбросаны отдельными островками в казахской степи. Вся войсковая территория в конце ХIХ в. составляла чуть менее 5 млн. десятин.

Для завоевания казахских земель царское правительство и в 19 веке продолжало строительство опорных укреплений. «Отбору» земель способствовал Указ 1822 года, который по понятным причинам не вызвал ликования в степи. В таких ситуациях на «помощь» царизму приходили казаки. «Казачий каратель наводил панический страх на киргиз; при одном его имени детские крики стихали в аулах и все замирало в степи» [1, 201].

Для сдерживания такой огромной территории «в повиновении» нужны были людские ресурсы, поэтому в 1826 году принимается решение о переселении казаков с линии в степь. Семьям казаков предоставлялись лучшие земли, пастбища, жалование главе семейства, поэтому постепенно численность войска начинало увеличиваться. Если в 1808 году на службе состояло 5950 казаков, то в 1866 году численность их увеличилась до 15672 чел.

Кроме того, что в руках служащих казачьего войска находились лучшие земли, существовало такое понятие как 10-верстная полоса. Это был своеобразный барьер между землями войска и землями местного населения, где запрещалось кочевать, заниматься сенокошением. Постепенно эта цифра увеличивалась.

По-сути казахи лишались лучших земель, пастбищных угодий, что в голодные годы превращалось в трагедию. Это вызывало массу недовольств, вспыхивавших в разных районах. Взаимоотношения казаков c местным населением в 19 веке были неоднородными: включали как сотрудничество, так и столкновения, вплоть до вооруженных. В материалах архива Семипалатинского областного управления можно найти множество доказательств этому: захват земель, незаконные поборы, избиения, захват лошадей и прочие [6]. Казаки служили связующим элементом «между уездною администрацией и киргизским народом, узнавая при своей ловкости и знания языка и народной жизни затаенные намерения и стремления мусульманской среды» [7]. Но наряду с этим налицо были и взаимовыгодные контакты, например торговля, встречались случаи, когда многие имели наемных работников из числа местного населения.

19 век – век последних попыток казахского народа вернуть былую не зависимость. В 20-40-е годы происходило самое грандиозное национально-освободительное движение народа за его независимость. Сибирские казаки участвовали в подавлении восстания Саржана, а потом и восстания Кенесары Касымовых. «Все эти походы высочайше повелено считать за компанию… Указом Николая 1, 6 декабря 1849 г…» офицеры приобретали права дворянства [4, 39].

Сибирское казачье войско принимали участие и в других военных операциях царского правительства. Они участвовали в присоединении Коканда и Хивы, в Кульджинском походе, который был вызван осложнениями в делах с китайцами, возникшими по поводу передачи им Кульджинского края.

Ранее в 1857 году Валиханову было предложено совершить путешествие в Кульджу под видом купца в составе торгового каравана, целью которого было собрать сведения о ее политическом положении, ни в коем случае не обнаруживая интереса русского правительства к этой стране [2, 35].

Выехав в конце 1857 г., ему пришлось довольно долго задержаться в Верном по причине того, что горные перевалы оказались непроходимыми. И только 28 июня 1858 г. он начал свое путешествие, присоединившись в урочище Карамула, в 30 верстах от г. Копала к вышедшему из Семипалатинска торговому каравану. Скрывая свое имя и чин, он на время поездки по договоренности с начальником каравана стал Алимбаем — сыном купца, выехавшего из Кашгара, когда Алимбай был еще ребенком. Около месяца караван вынужден был пробыть в кочевьях киргизов на Иссык-Куле и Текесе и лишь 1 октября 1858 г. путешественники с большим трудом добрались до Кашгара. Особенно тяжел был переход через Заукинское ущелье, о чем ярко пишет Валиханов в своем дневнике (1).

В пути и в самом Кашгаре ему пришлось пережить много невзгод, преодолеть большие трудности и не раз подвергать свою жизнь опасности. Как сообщает он сам, со времен Марко Поло и иезуита Гойеса в Кашгар проникли только два путешественника, из которых одному, немцу Шлагинтвейту, незадолго до приезда туда Валиханова, была отсечена голова.

Путешествие Валиханова в Кашгарию имело огромное значение, так как оно позволило гораздо шире познакомиться с внутренними частями Тянь-Шаньской горной системы, что представляло особую ценность по причине того, что до него на сырты Центрального Тянь-Шаня поднялся только П. П. Семенов, который так и не попал в Кашгарию. Чокан показал строение Тянь-Шаньских цепей и природные условия районов, лежащих значительно южнее маршрутов Семенова.

Чокан впервые оставил подробные записки о Кашгарии, об ее географии и этнографии, и был первым, кто смог проникнуть в эту страну. Кроме того, собрав ценнейший материал, который впоследствии пригодился царскому правительству. Результатом его поездки явился вошедший в собрание его сочинений «Отчет о состоянии Алтышара или шести восточных городов китайской провинции Нан-Лу (Малой Бухарии) в 1858—1859 гг.».

Служба царизму постепенно открывала Чокану глаза. Он видел произвол в управлении, произвол не только «служилых», но и административной верхушки. Кроме того, осмыслению всего творившегося в степи, росту демократических взглядов Чокана способствовало общение с русской интеллигенцией: с этой целью он выдвинул свою кандидатуру на должность старшего султана Атбасарского округа. Но власти не одобрили демократических рвений Валиханова, отклонив его просьбу. Позже была попытка, когда в 1864 году, участвуя в подготовке судебной реформы, Чокан пишет «Записка о судебной реформе у киргиз Сибирского ведомства», в которой он рассматривает историю возникновения и развития суда биев [4, 65].

Чокан, видя все безразличие властей к простому народу, понимая истинное лицо царизма в степи, постепенно охладевает к службе, к попыткам преобразований, направленных вернуть былую независимость своего народа и уходит в тень.

Со службы Чокана в Сибирском казачьем войске начался его жизненный путь. Общаясь со многими представителями русской интеллигенции, он перенимал их демократические взгляды, правильно замечая единственную возможность развития своего родного народа в тесном общении с Россией, в том, что нужно отступить от прежних канонов и дать путь демократическим идеям и взглядам, заимствованным у русских просветителей. Но он не учел одного: Царской России ни к чему было повышение самосознания казахов, Казахстан привлекал ее лишь в качестве аграрно-сырьевого придатка.

Таким образом, служба Чокана в Сибирском казачьем войске дала ему многое: выполняя свои обязанности, он попутно успевал заниматься и исследовательской деятельностью, но вместе с тем в какой-то степени служба и «открыла» истинное лицо царизма.

1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

Похожие:

Материалы международного научного форума «наследие ч. Ч. Валиханова в контексте мировой истории» Посвящается 175-летию Ч. Ч. Валиханова семей 24 қыркүйек 2010 ж iconПрограмма форума 1 күн /день 24 қыркүйек/сентября 13. 00 Қонақтардың келуі Заезд гостей 13. 30 Түскі ас Обед 14. 00 «Ш. Ш. Уәлиханов мұрасы әлемдік тарих контекстінде»
«Наследие Ч. Ч. Валиханова в контексте мировой истории», посвященный 175-летию со дня рождения Ч. Ч. Валиханова
Материалы международного научного форума «наследие ч. Ч. Валиханова в контексте мировой истории» Посвящается 175-летию Ч. Ч. Валиханова семей 24 қыркүйек 2010 ж iconКомитет науки институт истории и этнологии им ч. ч валиханова Информационное письмо Уважаемые коллеги!
Университете имени Д. А. Кунаева проводится Круглый стол на тему: «Трансформация развития Казахстана за 20 лет независимости», посвященной...
Материалы международного научного форума «наследие ч. Ч. Валиханова в контексте мировой истории» Посвящается 175-летию Ч. Ч. Валиханова семей 24 қыркүйек 2010 ж iconО взаимоотношениях Ч. Ч. Валиханова и М. Чорманова в XIX веке казахский народ выдвинул из своих рядов первого ученого европейского типа, интеллектуала
Чокана Чингисовича Валиханова. Муса Чорманов – видный общественный и государственный деятель, крупнейший просветитель казахского...
Материалы международного научного форума «наследие ч. Ч. Валиханова в контексте мировой истории» Посвящается 175-летию Ч. Ч. Валиханова семей 24 қыркүйек 2010 ж iconОжамжарова жулдыз журсинбеккызы сотрудничество Казахстана и Узбекистана в современных условиях: исторический аспект (1991-2008 гг.)
Работа выполнена в отделе Современной истории и научной информации Института истории и этнологии им. Ч. Ч. Валиханова
Материалы международного научного форума «наследие ч. Ч. Валиханова в контексте мировой истории» Посвящается 175-летию Ч. Ч. Валиханова семей 24 қыркүйек 2010 ж iconИндустриальное развитие Казахстана во второй половине ХХ начале ХХI веков (историко-модернизационный аспект)
Работа выполнена в отделе Истории Казахстана советского периода Института истории и этнологии им. Ч. Ч. Валиханова кн мон рк
Материалы международного научного форума «наследие ч. Ч. Валиханова в контексте мировой истории» Посвящается 175-летию Ч. Ч. Валиханова семей 24 қыркүйек 2010 ж icon1. Рыскулов Т. Собрание сочинений. В 3-х т. Т. 1 / М-во науки – ан рк, Ин-т истории и этнологии им. Ч. Ч. Валиханова, Архив Президента рк. Гл редактор М. К. Козыбаев. Сост.: В. К. Григорьев и др. – Алматы: Казахстан, 1997. – 336 с
Рыскулов Т. Собрание сочинений. В 3-х т. Т. 1 / М-во науки – ан рк, Ин-т истории и этнологии им. Ч. Ч. Валиханова, Архив Президента...
Материалы международного научного форума «наследие ч. Ч. Валиханова в контексте мировой истории» Посвящается 175-летию Ч. Ч. Валиханова семей 24 қыркүйек 2010 ж iconРыскулов Т. Собрание сочинений. В 3-х т. Т. 1 / М-во науки – ан рк, Ин-т истории и этнологии им. Ч. Ч. Валиханова, Архив Президента рк. Гл редактор М. К. Козыбаев. Сост.: В. К. Григорьев и др. – Алматы: Казахстан, 1997. – 336 с

Материалы международного научного форума «наследие ч. Ч. Валиханова в контексте мировой истории» Посвящается 175-летию Ч. Ч. Валиханова семей 24 қыркүйек 2010 ж iconПрижизненные публикации Чокана Валиханова

Материалы международного научного форума «наследие ч. Ч. Валиханова в контексте мировой истории» Посвящается 175-летию Ч. Ч. Валиханова семей 24 қыркүйек 2010 ж iconЛомоносов 2014 Международная научная конференция студентов, аспирантов и молодых учёных «Ломоносов-2014»
В рамках Международного молодежного научного форума «Ломоносов» в Московском государственном университете имени М. В. Ломоносова...
Материалы международного научного форума «наследие ч. Ч. Валиханова в контексте мировой истории» Посвящается 175-летию Ч. Ч. Валиханова семей 24 қыркүйек 2010 ж iconМосковский государственный университет имени М. В. Ломоносова
Московского государственного университета имени М. В. Ломоносова в рамках Международного молодежного научного форума «Ломоносов»...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница