І. Сабақтың тақырыбы: Ýëåêòðомагниттік өріс. ІІ. Сабақтың мақсаты




Скачать 87.96 Kb.
НазваниеІ. Сабақтың тақырыбы: Ýëåêòðомагниттік өріс. ІІ. Сабақтың мақсаты
Дата конвертации11.02.2016
Размер87.96 Kb.
ТипДокументы
источникhttp://perizat.ucoz.com/_ld/0/37_11.doc
11 Сабақ жоспары


Пәннің аты:__________________Физика___________________


Сабақ өткізілетін күн

Сабақ өткізілетін топ, курсы, мамандығы

Өткізілетін орны (аудитория нөмірі)

Сабақ өткізілетін уақыты


















































І. Сабақтың тақырыбы: Ýëåêòðомагниттік өріс.


ІІ. Сабақтың мақсаты:

а) білімділік: Оқушыларға электромагниттік өріс туралы түсінік беру.

б) ой-өрісін дамытушылық: Оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін және есеп шығару икем дағдыларын арттыру. Есте сақтау қабілетін, қабылдауын, зейінін тұрақтандыру.

в) тәрбиелік: қарым – қатынас арқылы сөйлеу мәдениетін қалыптастыруға, өз ойын толық жеткізе алуға тәрбиелеу.


ІІІ. Сабақтың типі: құрама сабақ.


ІV. Сабақтың түрі: теориялық.


V.Сабақтың өткізілу әдістері: түсіндіру, жазбаша, сұрақ – жауап, есептер шығарту.


VІ. Сабақтың көрнекілігі: «Трансформатор» тақырыбындағы презентация, трансформатор, катушка.

Пән аралық және пән ішілік байланыс


Қамтамасыз ететін пән және тақырыбы:


Қамтамасыз етілетін пән және оның тақырыбы:


Сабақтың барысы:


1. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру, дәрісхананың тазалығы, сабаққа дайындығына назар аудару-5 минут.


2. Үй тапсырмасын сұрау өткен тақырып бойынша оқушылардың білімін тексеру-20 минут:

1) Қайталау сұрақтары:

  1. Жоғары жиілікті токтар дегеніміз не?

  2. Жоғары жиілікті токтардың қолданылуы.

  3. Дарсонвализация.

2) Үйге берілген есепті тексеру.


3. Сабақтың жаңа тақырыбын хабарлау, мақсатын қою: Оқушыларға сабақтың тақырыбы мен мақсаты хабарланып, тақырып тақтаға жазылады.


4. Жаңа сабақта қаралатын сұрақтар:

1) Электромагниттік өрістің пайда болуы.

2) Максвеллдің электромагниттік өріс теориясы.

3) Электромагниттік өрістің адам денсаулығына әсері.


5. Жаңа сабақта қаралатын сұрақтардың қысқаша түсінігі - 40 минут

Электр зарядтары айналмалы қозғалғанда, яғни кез - келген айнымалы токта электр өрісі де, магнит өрісі де уақыт ағымына қарай өзгеріп отырады. Сонымен қатар, бұл өрістер, Максвеллдің 1865 жылғы теориялық пайымдауынша, өздерін біртұтас электормагниттік өріc түрінде көрсетеді. Максвелл сегіз жыл бойы тынбай жүргізген физика - математикалық таңдауларын 1873 жылы қорытындылады. Ол біртұтас электромагниттік өрістің теориясын жасады және оның бос кеңістікте  де толқын түрінде тарай алатындығын дәлелдеді. Электр зарядтары айнымалы қозғалыс жасағанда, олардың туғызатын айнымалы электромагниттік өрісі кеңістіктің бір нүктесінен екінші нүктесіне тарайды. Айнымалы электромагниттік өрістің кеңістікте таралуын электромагиттік толқын деп атайды.


6. Жаңа материалды бекіту – 10 минут

1. Бекіту сұрақтары:

  1. Электромагниттік өріс дегеніміз не?

  2. Электромагниттік өріс теориясын жасаған кім?

  3. Электромагниттік өрісті тудыратын құрылғыларды атаңыз.

  4. Электромагниттік өрістің зиянды жақтары.


7. Сабақты қорытындылау-5 минут:

Оқушылардың жаңа сабақта алған білімдерін пысықтау, сабаққа белсенді қатысқан оқушыларды мадақтау.


8. Оқушылардың білімін және сабаққа белсенділігін бағалау-2 минут


Бағалар

Топтар













5













4













3













2















9. Үй тапсырмасы-5 минут:

1. Эссе «Электромагниттік өрістің қауіптлігі және оны алдын алу шаралары»


10. Әдебиеттер:

  1. Конграт Б.А., Кем В.И., Қойшыбаев Н. ФИЗИКА /Жалпы білім беретін мектептің жаратылыстану-математика бағытына арналған оқулық/ -Алматы:Мектеп,2006

  2. Мякишев Г.Я., Буховцев Б.Б. ФИЗИКА / Орта мектептің 10-11 сыныптарына арналған оқулық/ - Алматы: Мектеп: 2001

  3. Рымкевич А.П. Физика есептерінің жинағы. Алматы: Рауан, 1998г


11. Сабақтың аяқталуын хабарлау: Құрметті оқушылар, осымен бүгінгі сабағымыз аяқталды. Көңіл қойып тыңдағандарыңызға және сабаққа белсенді қатысқандарыңызға рахмет. Сау болыңыздар!


Оқытушының қолы:___________________ Тексерушінің қолы: ____________________


Ýëåêòðомагниттік өріс


Электромагниттік өрістің қасиеттерін зерттеу үстінде Максвелл мынадай сауалға жауап іздеді: егер айнымалы магнит өрісі электр өрісін тудыратын болса, табиғатта кері процесс болар ма екен? Өз кезегінде айнымалы электр өрісі магнит өрісін тудырмас па екен? Табиғаттың біртұтастығына, табиғат заңдарының ішкі құрылымының үйлесімділігіне кәміл сенгендіктен туған бұл ой Максвелл гипотезасының негізгі арқауы болып табылады.

Электр өрісінің өзгерісі кезінде магнит өрісінің пайда болуы. Максвелл мұндай протцесс табиғатта шынында да өтеді деп есептеді. Электр өрісі бойынша өзгеретін барлық жағдайда магнит өрісі пайда болады. Бұл электр өрісінің кернеулік сызықтары айнымалы магнит өрісінің индукция сызықтарын қамтып алатыны секілді, өрістің магнит индукциясының сызықтары электр өрісінің кернеулік сызықтарын қамтып алады. Бірақ мұнда электр өрісінің кернеулігі артқан кезде пайда болатын магнит өрісінің В индукция векторы Е векторының бағытымен оң бұранда түзеді.

Электр өрісінің кернеулігі кеміген кезде магнит индукциясының В векторы бағыты Е векторы бағытымен сол бұранда түзіледі.

Максвеллдің гипотезасы бойынша магнит өрісін, мысалы, конденсаторды заряттағанда кілтті қосқаннан кейін тек өткізгіштегі тоқ ғана емес, сонымен қатар конденсатордың астарлары арасындағы кеңістікте болатын айнымалы электр өрісі де тудырады. Әрі айнымалы электр өрісі, астарлардың арасында дәлме-дәл өткізгіштегідей электр тоғы болатын кездегідей магнит өрісін тудырады. Максвеллдің гипотезасы тәжірбиеде электромагниттік толқындардың табылуы арқылы дәлелденеді. Электромагниттік толқындар тек айнымалы магнит өрісі айнымалы магнит өрісінің тудыруының арқасында ғана пайда болады.

Электромагниттік өріс. Өзгермелі электр және магнит өрістерінің арасындағы байланыс ашылғаннан кейін бұл өрістердің жеке күйінде бір біріне тәуелсіз өмір сүре алмайтыны айқындалды.

Кеңістікте айнымалы магнит өрісі жеке өзі емес электр өрісімен қатар пайда болады. Және керісінше айнымалы электр өрісі магнит өрісінсіз пайда бола алмайды.

Тағы бір маңызды мәселе, электр өрісі магнит өрісінсіз немесе магнит өрісі электр өрісінсіз тек белгілі санақ жүйесінде қатысты ғана бола алады. Мәселен, тыныштықтағы заряд тек электр өрісін ғана тудырады. Бірақ заряд тек белгілі санақ жүйесіне қатысты ғана тыныштықта болатыны белгілі. Басқа санақ жүйелеріне қатысты ол қозғалыста бола алады, демек, магнит өрісін тудыра алады.

Дәл осындай магнитпен байланыс қан санақ жүйесіне тек магнит өрісін ғана байқаған болар едік. Бірақ магнитке қатысты қозғалыстағы бақылаушы электр өрісін де аңғарады. Себебі, магнитпен салыстырғанда қозғалыстағы санақ жүйесіндегі магнит өрісі бақылаушы оған жақындаған сайын немесе одан алыстаған сайын уақыт бойынша өзгертеді. Уақыт бойынша айнымалы магит өрісі құйынды электр өрісін тудырады.

Демек, егер осы өзгерістердің қай санақ жүйесіне қатысты қарастырылып отырғаны көрсетілмесе, кеңістікте берілген нүктесінде тек қана электр немесе тек қана магнит өрісі бар деген ұйымдарда ешқандай мағына жоқ. Магнитке қарасты тыныштық күйде тұрған санақ жүйесінде электр өрісінің болмауы жалпы электр өрісі жоқ дегенді білдірмейді. Магнитке қатысты қозғалыста болатын кез келген санақ жүйесінде бұл өрісті байқауға болады.

Электр және магнит өрістері біртұтас электромагниттік өрістердің білінуі болып табылады. Электромагниттік өріс зарядталған бөлшектердің арасындағы әрекеттесулерді іске асыратын материяның ерекше түрі. Ол шын бар, яғни бізге тәуелсіз, біздің ол жайлы білімімізге тәуелсіз өмір сүреді. Бірақ элоктромагниттік процестерді қай санақ жүйесінде қарастырып отырғанымызға байланысты біртұтас электромагниттік өрістің осы не басқа қыры көрінеді. Барлық инерциялық санақ жүйелері өзара тең құқықты. Сондықтан электромагниттік өрістің байқалатын көріністердің бірде-біреуінің артықшылығы болмайды.

Максвеллдің гипотезасы бойынша айнымалы электр өрісі магнит өрісін тудырады. Электромагниттік өріс біртұтас санақ жүйесіне тәуелді түрде өрістің бірде-бір, бірде екінші қасиеттері білінеді.

Электр зарядтары айналмалы қозғалғанда, яғни кез - келген айнымалы токта электр өрісі де, магнит өрісі де уақыт ағымына қарай өзгеріп отырады. Сонымен қатар, бұл өрістер, Максвеллдің 1865 жылғы теориялық пайымдауынша, өздерін біртұтас электормагниттік өріc түрінде көрсетеді. Максвелл сегіз жыл бойы тынбай жүргізген физика - математикалық таңдауларын 1873 жылы қорытындылады. Ол біртұтас электромагниттік өрістің теориясын жасады және оның бос кеңістікте  де толқын түрінде тарай алатындығын дәлелдеді. Электр зарядтары айнымалы қозғалыс жасағанда, олардың туғызатын айнымалы электромагниттік өрісі кеңістіктің бір нүктесінен екінші нүктесіне тарайды. Айнымалы электромагниттік өрістің кеңістікте таралуын электромагиттік толқын деп атайды.


Электромагниттік өрістің денсаулыққа әсері.

Күн суыта келе жұртшылық түрлі жылы­ту құралдарын, қысқа толқынды пеш­терді көп қолдана бастайды, теледидар алдында жиі отырады. Сондай-ақ­ кейінгі жылдары тұр­мы­сымызда компьютерлер, көбейту, кө­шірме құралдары,­ ойын автоматтары, емдеу-профилактикалық мекемелеріндегі төмен және жоға­ры жиіліктегі физиоте­рапевттік электроқондырғылар, тұрғын үй­лердің, меке­мелердің төбесіне орнатылған­ қабылдау-тасымалдау мобильді, спутниктік бай­ла­ныс антенналары, тұрмыстық техникалар, тағы да басқа электромагниттік өріс­ туындататын құрылғылар үнемі қолданыста­ болып келеді.

Аталған құрал-жабдықтар арқылы қоршаған ортаға берілетін үзілісті, үзіліссіз тол­­қындар биоэкосистемаға әсер етеді. Оның бел­гілі дәрежеде адам ағзасына­ да тигі­зетін зияны бар, ол толқынның жиілігіне жә­не қуатына тікелей байланыс­ты.­

Мысалы, электромагниттік өріс толқыны­ның үзіліссіз аз мөлшерінің өзі ағ­за­ның ор­та­лық жүйке жүйесіне, қорғаныш статусына, көзге кері әсер етеді, кө­ру, есте сақтау қабілетін төмендетумен қатар жыныстық органдардың және эм­брионның дамып жетілуі мен қызметіне де теріс ықпалын тигізеді. Ана құр­сағындағы эмбрионның электромагниттік өріс толқындарына се­зімталдығы ана­ ағзасына қарағанда анағұрлым жоғары екендігі, сондықтан жүкті әйелдердің элек­тромагниттік өріс аумағында ұзақ болуы нәрестені туа біткен кеселдерге­ ұрын­дыратыны ғылыми тұрғыда дәлелденген.

Әрине, бүгінде аталған заттарсыз, қондырғы, құралдарсыз жұмыс істеу, іс­ті бітіру мүмкін емес. Дегенмен оларды сақтық шараларын қолдана отырып пай­даланған абзал.

Біріншіден, аталған қондырғыларды тұ­йық­тау жүйесіне міндетті түрде енгізу қа­жет. Екіншіден, компьютерлер мен ойын автоматтарының және тағы да бас­қа құралдардың орналастыру талабы мен пайдала­ну уақыты сақталынуы ти­іс. (Күндік тиісті уа­қыты – 5 сағат).

Пайдалану барысында үлкендер әрбір са­ғат сайын, балалар әр 30 минут са­йын үзі­ліс жасауы, мұнымен қоса жұмыс орнын­дағы электро­магниттік өріс дең­гейінің көрсеткішін бақылау барысында зертханалық өлшеулер жүргізіп тұ­руы қажет.






Похожие:

І. Сабақтың тақырыбы: Ýëåêòðомагниттік өріс. ІІ. Сабақтың мақсаты iconӨтетін күні: Сабақтың тақырыбы: § 20. Зергерлік. Сабақтың мақсаты
Сабақтың мақсаты: білімділік- металл бұйымдары, оларды көркемдеу жолдары мен ерекшеліктері туралы мағұлмат беру
І. Сабақтың тақырыбы: Ýëåêòðомагниттік өріс. ІІ. Сабақтың мақсаты iconСабақтың тақырыбы : Халық ауыз әдебиеті Сабақтың мақсаты
Сабақтың мақсаты : а Әдебиеттің түрлері туралы түсінік бере отырып,оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру
І. Сабақтың тақырыбы: Ýëåêòðомагниттік өріс. ІІ. Сабақтың мақсаты iconСабақтың тақырыбы: Бейімбет Майлин (1894-1938) Сабақтың мақсаты
Сабақтың мақсаты: қазақ халқының ұлы ақыны Б. Майлинның өмірі мен шығармашылық жолы туралы оқушыларға қысқаша түсінік беру
І. Сабақтың тақырыбы: Ýëåêòðомагниттік өріс. ІІ. Сабақтың мақсаты iconСабақтың тақырыбы: Саясат және оның қызметтері. Сабақтың мақсаты
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың білімділік дағдаларын қалыптастыру, өз жетістіктерін өздеріне талдатып, өздік бағалау әрекеттерін ұйымдастыру....
І. Сабақтың тақырыбы: Ýëåêòðомагниттік өріс. ІІ. Сабақтың мақсаты iconҚазақ әдебиеті 10 класс Сабақтың тақырыбы : Шоқан Уәлиханов өмірі мен шығармашылығы Сабақтың мақсаты : білімділік
Сабақтың мақсаты : білімділік – Шоқан жайлы білетін мәліметтерді тыңдай отырып, жаңа мағлұматтар алуына жағдай туғызу, шығармаларының...
І. Сабақтың тақырыбы: Ýëåêòðомагниттік өріс. ІІ. Сабақтың мақсаты iconСабақтың тақырыбы
Сабақтың мақсаты : оқушылардың теңдеулерді шешу тақырыбы бойынша алған білімдерін жүйелеу
І. Сабақтың тақырыбы: Ýëåêòðомагниттік өріс. ІІ. Сабақтың мақсаты iconСабақтың тақырыбы
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға ҚР ҚК-нің жауынгерлік дәстүрлері туралы түсінік беру
І. Сабақтың тақырыбы: Ýëåêòðомагниттік өріс. ІІ. Сабақтың мақсаты iconСабақтың тақырыбы
Сабақтың мақсаты: Оқушыларды биологиялық қарулардың түрлерімен және негізгі қасиеттерімен таныстыру
І. Сабақтың тақырыбы: Ýëåêòðомагниттік өріс. ІІ. Сабақтың мақсаты iconСабақтың тақырыбы
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға Ядролық жарылыс кезіндегі өткір радиация әсерін түсіндіру
І. Сабақтың тақырыбы: Ýëåêòðомагниттік өріс. ІІ. Сабақтың мақсаты iconАқтөбе қаласындағы №18 орта мектебінің тарих пәні мұғалімі Атамуратова Бибигуль Абдрахмановна Класс: 6 «А». Пәні: Ежелгі Қазақстан тарихы Сабақтың тақырыбы: §16 Сақтардың тәуелсіздік үшін күресі. Сабақтың мақсаты
Сабақтың мақсаты: Сақтардың тәуелсіздік жолындағы күресі жайында жалпы білім беру, тарихи маңызын ашу
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница