«Жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы қағидаларын келісу» мемлекеттік қызметтер стандарты




Название«Жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы қағидаларын келісу» мемлекеттік қызметтер стандарты
Дата конвертации11.02.2016
Размер78 Kb.
ТипДокументы
источникhttp://www.nationalbank.kz/cont/publish756605_7538.doc





Қазақстан Республикасы

Президентiнiң

2011 жылғы

14 желтоқсандағы № 196

Жарлығымен

БЕКIТIЛГЕН



«Жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы қағидаларын келісу» мемлекеттік қызметтер

СТАНДАРТЫ


 

1. Жалпы ережелер

 

1. Мемлекеттік қызметтерді 050000, Алматы қаласы, Әйтеке би көшесі, 67 мекенжайында орналасқан Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау комитеті
(бұдан әрі – Комитет) көрсетеді.

2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтер нысаны: автоматтандырылмаған.

3. Мемлекеттік қызметтер «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 1997 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы 29-бабының негізінде көрсетіледі.

4. Мемлекеттік қызметтер стандарты Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің: www.nationalbank.kz интернет-ресурсында («Ұлттық Банктің мемлекеттік қызметтері» бөлімі) орналастырылады, сондай-ақ ол Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында таралатын бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған. Қосымша ақпаратты 8 (727) 2619-226, 2788-104 телефондар арқылы алуға болады.

5. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің нәтижесі – жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы қағидаларын келісуді растайтын қағаз тасымалдауыштағы хат не қызметтер көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

6. Мемлекеттік қызметтер Қазақстан Республикасының заңды
тұлғаларына – Қазақстан Республикасының жинақтаушы зейнетақы қорларына (бұдан әрі - өтініш беруші) көрсетіледі.

7. Мемлекеттік қызметтер осы Стандарттың 11-тармағында белгіленген құжаттар пакеті ұсынылған күннен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде көрсетіледі.

8. Мемлекеттік қызметтер тегін көрсетіледі.

9. Өтініш берушілердің жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы қағидаларын келісу туралы өтініш түрінде жіберілген жазбаша нысандағы өтініштері бойынша мемлекеттік қызметтер сенбі, жексенбі, демалыс және мереке күндерінен басқа күндері, сағат 13.00-ден 14.00-ге дейінгі түскі үзіліспен, сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін көрсетіледі.

Осы мемлекеттік қызметтер бойынша алдын ала жазылу, сондай-ақ жедел қызметтер көрсету болмайды.

10. Мемлекеттік қызметтер Комитеттің ғимаратында көрсетіледі. Комитет ғимаратының кіреберісі дене мүмкіндіктері шектеулі адамдарға қолжетімді болуы үшін пандустармен жабдықталған.

Мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде кезектілік болмайтындықтан күту залы қарастырылмаған.

 


2. Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі

 

11. Мемлекеттік қызметтерді алу үшін өтініш беруші Комитетке:

1) өтінішті;

2) жинақтаушы зейнетақы қорының акционерлердің жалпы жиналысында уәкілеттік берілген органы бекіткен жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы қағидаларын ұсынуы тиіс.

12. Жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы қағидаларын келісу жөніндегі өтініш еркін нысанда жасалады.

13. Қажетті құжаттар пакеті 050000, Алматы қаласы, Әйтеке би көшесі, 67 мекенжайы бойынша құжаттарды қабылдауға және тіркеуге уәкілетті жауапты адамға кезек күтпестен тапсырылады (немесе хат-хабарды қабылдау үшін арнайы жабдықталған жәшікке салынады).

14. Өтініш беруші құжаттар пакетін қолма-қол табыс еткен жағдайда, құжаттарды қабылдауға және тіркеуге уәкілетті жауапты адам өтініштің екінші данасына не оның көшірмесіне мөртабанмен «Қабылданды» деген белгі қояды.

Құжаттар пакеті хат-хабарды қабылдау үшін арнайы жабдықталған жәшік арқылы тапсырылған жағдайда мөртабанмен «Қабылданды» деген белгі қойылмайды және құжаттардың алынғаны туралы талон берілмейді.

Хат-хабарды қабылдауға арналған жәшіктен құжаттар күніне кемінде төрт рет (сағат 9.00-де, 11.00-де, 15.00-де және 18.00-де) алынады.

15. Мемлекеттік қызметтер көрсетудің нәтижесі пошта арқылы жіберіледі немесе Комитет бөлімшесінің жауапты орындаушысы тікелей өтініш берушіге немесе тиісті түрде ресімделген сенімхатты ұсынғанда оның уәкілетті өкіліне береді.

16. Жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы қағидаларын келісуден мынадай жағдайларда, егер:

1) егер ұсынылған құжаттар пакеті осы Стандарттың 11-тармағында белгіленген талаптарға сәйкес келмесе;

2) ұсынылған құжаттар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес келмесе, бас тартылады. Осы мемлекеттік қызметтер бойынша оны тоқтата тұру үшін негіздемелер жоқ.

3. Жұмыс қағидаттары


      


17. Комитет осы қызметтерді көрсеткен кезде басшылыққа алатын негізгі жұмыс қағидаттары:


1) әдептілік;


2) көрсетілетін мемлекеттік қызметтер туралы толық ақпарат;


3) жауап ақпаратының сапасы және уақтылылығы;


4) Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметтершiлерiнiң ар-намыс кодексін ұстануы;


5) мемлекеттік қызметтер көрсету барысында өтініш берушінің құжаттарындағы ақпараттың қорғалуын және құпиялылығын қамтамасыз ету;


6) өтініш беруші құжаттарды алу үшін келмеген жағдайда олардың сақталуы болып табылады.

 


4. Жұмыс нәтижелері


 


18. Өтініш берушілерге мемлекеттік қызметтер көрсету нәтижелері осы Стандарттың қосымшасына сәйкес сапа және тиімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.


19. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің жұмысы бағаланатын осы мемлекеттік қызметтердің сапа және тиімділік көрсеткіштерінің мақсатты мәндері жыл сайын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының бұйрығымен бекітіледі.  


5. Шағымдану тәртібі


 20. Уәкілетті лауазымды тұлғалардың іс-әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібін түсіндіру және шағымды дайындауға көмектесу 050000, Алматы қаласы, Әйтеке би көшесі, 67 мекенжайы бойынша,
№ 317, 413 кабинетте не 8 (727) 2619-226, 2788-104 телефондары бойынша жүзеге асырылады.


21. Өтініш беруші мемлекеттік қызметтер көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайда шағым Комитет Төрағасының немесе оның орынбасарының атына жазбаша нысанда пошта арқылы (электронды
түрде – kfn@nationalbank.kz) немесе 050000, Алматы қаласы, Әйтеке би көшесі, 67 мекенжайы бойынша қолма қол тапсырылады, Комитет Төрағасының қабылдау бөлмесінің телефоны: 8 (727) 2788-000, Комитет Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарының қабылдау бөлмесінің
телефоны: 8 (727) 2788-004.


Жұмыс кестесі: сенбі, жексенбі, демалыс және мереке күндерінен басқа күндері, күн сайын сағат 13.00-ден 14.00-ге дейінгі түскі үзіліспен, сағат
9.00-ден 18.00-ге дейін.


Егер тұтынушы қабылданған шараларға қанағаттанбайтын болса немесе мәселенi жоғары тұрған сатының қарауы талап етiлсе, онда тұтынушы шағымды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Төрағасының атына не оның орнындағы адамға жазбаша түрде жолдай алады.
Шағымдар 050040, Алматы қаласы, «Көктем-3» шағынаудан, 21-үй мекенжайы бойынша поштамен жіберіле немесе қолма-қол беріле отырып, жазбаша түрде қабылданады.


22. Мемлекеттік қызметтерді Комитет көрсетеді.


Қызметтер дұрыс көрсетілмеген жағдайдағы шағым беру тәртібі осы Стандарттың 21-тармағында көзделген тәртіпке сәйкес келеді.


23. Көрсетілген мемлекеттік қызметтердің нәтижесімен келіспеген жағдайда өтініш беруші Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы.


24. Шағымды берген кезде қажетті ресми құжаттардың тізбесі жоқ. Шағым еркін нысанда жасалады.


25. Шағым Комитеттің кеңсесі арқылы қолма-қол қабылданған кезде, оның өтініш беруші үшін көшірмесі түсіріледі, оған қабылданғаны туралы (қабылдау күнін, оны қабылдаған адамның тегін, атын, әкесінің атын және тіркеу нөмірін көрсете отырып) белгі қойылады.


Шағымдарды тіркеу, есепке алу және қарау «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» 2007 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңында көзделген тәртіппен және мерзімде жүзеге асырылады.


Шағымды қарау нәтижелері туралы өтініш берушіге жазбаша түрде хабарланады.


26. Комитеттің байланыс деректері:


1) заңды мекенжайы: 050000, Алматы қаласы, Әйтеке би көшесі, 67;


2) интернет-ресурсы: www.afn.kz;


3) электрондық пошта мекенжайы: kfn@nationalbank.kz;


4) жұмыс кестесі: сенбі, жексенбі, демалыс және мереке күндерінен басқа күндері, күн сайын сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін;


5) Комитет Төрағасының және оның орынбасарларының азаматтарды және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдау кестесі: айдың бірінші және екінші бейсенбісі (сағат 16.00-ден 18.00-ге дейін);


6) Комитет Төрағасының қабылдау бөлмесінің телефоны:
8 (727) 2788-000;


7) Комитет Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарының қабылдау бөлмесінің телефоны: 8 (727) 2788-001.


Комитеттің сенім телефоны: 8 (727) 2788-100.


________________

«Жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы қағидаларын келісу» мемлекеттік қызметтер стандартына

ҚОСЫМША


Кесте. Сапа және тиімділік көрсеткіштерінің мәндері

 

Сапа және тиімділік көрсеткіштері

Көрсеткіштің нормативтік мәні

Көрсеткіштің келесі жылдағы мақсатты мәні

Көрсеткіштің есепті жылдағы ағымдағы мәні

1

2

3

4

1. Уақтылығы

1.1. Құжатты тапсырған сәттен бастап белгіленген мерзімде қызметті ұсыну жағдайларының пайызы (үлесі)

100%

 

 

2. Сапасы

2.1. Қызметті ұсыну процесінің сапасына қанағаттанған тұтынушылардың пайызы (үлесі)

90%

 

 

3. Қолжетімділік

3.1. Қызметтің сапасына және оны ұсыну тәртібі туралы ақпаратқа қанағаттанған тұтынушылардың пайызы (үлесі)


90%

 

 

3.2. Электронды форматта қолжетімді болатын ақпарат қызметтерінің пайызы (үлесі)

80%

 

 

4. Шағымдану процесі

4.1. Шағымданудың қолданыстағы тәртібіне қанағаттанған тұтынушылардың пайызы (үлесі)

90%

 

 

1

2

3

4

5. Әдептілік

5.1. Қызметкерлердің әдептілігіне қанағаттанған тұтынушылардың пайызы (үлесі)

90%

 

 



_______________



Похожие:

«Жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы қағидаларын келісу» мемлекеттік қызметтер стандарты iconНациональный Банк Республики Казахстан
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерінің есебінен инвестициялық портфелінің құрылымы туралы мәліметтерді бірыңғай...
«Жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы қағидаларын келісу» мемлекеттік қызметтер стандарты iconНациональный Банк Республики Казахстан
Зейнетақы активтер есебінен жинақтаушы зейнетақы қорының инвестициялық портфелінің құрылымы туралы мәліметтерді жинақтаушы зейнетақы...
«Жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы қағидаларын келісу» мемлекеттік қызметтер стандарты iconНациональный Банк Республики Казахстан
Зейнетақы активтер есебінен жинақтаушы зейнетақы қорының инвестициялық портфелінің құрылымы туралы мәліметтерді жинақтаушы зейнетақы...
«Жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы қағидаларын келісу» мемлекеттік қызметтер стандарты iconЖинақтаушы зейнетақы қорын қайта ұйымдастыруға рұқсат беру және қосылатын жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін беру қағидаларын бекіту туралы
Азақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 ақпандағы №56 Қаулысы
«Жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы қағидаларын келісу» мемлекеттік қызметтер стандарты iconЗейнетақы активтер есебінен жинақтаушы зейнетақы қорының инвестициялық портфелінің құрылымы туралы мәліметтерді жинақтаушы зейнетақы қорларының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау қағидаларын бекіту туралы
Азақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 13 ақпандағы №28 Қаулысы
«Жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы қағидаларын келісу» мемлекеттік қызметтер стандарты iconБірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының және (немесе) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы
Азақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2013 жылғы 27 тамыздағы №237 Қаулысы
«Жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы қағидаларын келісу» мемлекеттік қызметтер стандарты iconҚазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан және (немесе) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін зейнетақы төлемдері
«Жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы қағидаларын келісу» мемлекеттік қызметтер стандарты iconБірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына және ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларына арналған тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы
Азақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2013 жылғы 27 тамыздағы №240 Қаулысы
«Жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы қағидаларын келісу» мемлекеттік қызметтер стандарты icon«Жинақтаушы зейнетақы қорының ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге келісім беру» мемлекеттік қызметтер
Мемлекеттік қызметтерді 050000, Алматы қаласы, Әйтеке би көшесі, 67 мекенжайында орналасқан Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің...
«Жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы қағидаларын келісу» мемлекеттік қызметтер стандарты iconБірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін басқару жөніндегі кеңестің кейбір мәселелері туралы
«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 36-бабына сәйкес...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница