«Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығында қызметтерін жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасының аумағына келетін шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға визалар беру туралы өтінішхат беру» мемлекеттік қызметтер стандарты




Скачать 76.06 Kb.
Название«Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығында қызметтерін жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасының аумағына келетін шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға визалар беру туралы өтінішхат беру» мемлекеттік қызметтер стандарты
Дата конвертации11.02.2016
Размер76.06 Kb.
ТипДокументы
источникhttp://www.nationalbank.kz/cont/publish244505_7538.doc




Қазақстан Республикасы

Президентiнiң

2011 жылғы

14 желтоқсандағы № 196

Жарлығымен

БЕКIТIЛГЕН

 

 

«Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығында қызметтерін жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасының аумағына келетін шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға визалар беру туралы өтінішхат беру»

мемлекеттік қызметтер

СТАНДАРТЫ


1. Жалпы ережелер

 

1. Мемлекеттік қызметтерді Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Алматы қаласындағы өңірлік қаржы орталығын дамыту комитеті
(бұдан әрі – Комитет) мына мекенжай бойынша көрсетеді: Алматы қаласы,
Д. Қонаев көшесі, 181.

2. Мемлекеттік қызметтер көрсету нысаны: автоматтандырылмаған.

3. Мемлекеттік қызметтер «Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығы туралы» 2006 жылғы 5 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 2-тармағының 2) тармақшасы негізінде көрсетіледі.

4. Осы Мемлекеттік қызметтер стандарты (бұдан әрі – Стандарт) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің www.nationalbank.kz
Интернет-ресурсында («Ұлттық Банктің мемлекеттік қызметтері» бөлігінде), Комитет ғимаратының холында орналастырылған, сондай-ақ Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында таратылатын бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған. Қосымша ақпаратты Комитеттің тегін анықтама қызметтерінде 8 (727) 244-95-00 телефоны арқылы алуға болады.

5. Комитеттің Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығында қызметтерін жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасының аумағына келетін шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға визалар беру туралы қағаз тасымалдауыштағы өтінішхатын (бұдан әрі – өтінішхат) беру мемлекеттік қызметтер көрсету нәтижесі болып табылады.

Осы Стандарттың 16-тармағында көзделген жағдайларда тұтынушыға жазбаша нысанда мемлекеттік қызметтерден бас тарту туралы дәлелді жауап беріледі. Бұл ретте тұтынушыға өтінішті қоспағанда, ұсынылған құжаттардың көшірмелері қайтарылады.

6. Мемлекеттік қызметтер Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығында қызметтерін жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасының аумағына келетін шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға, сондай-ақ егер олар шақырушы тарап болып табылса, заңды тұлғаларға (бұдан әрі - тұтынушы) көрсетіледі.

7. Мемлекеттік қызметтер көрсетудің мерзімі:

1) мемлекеттік қызметтерді көрсетудің мерзімі осы Стандарттың
11-тармағында көрсетілген құжаттар қоса берілген өтініш тіркелген күннен бастап үш жұмыс күнін құрайды;

2) құжаттарды өткізу, мемлекеттік қызметтерді көрсету нәтижелерін алу кезінде күтудің жол берілетін ең ұзақ уақыты 15 минут.

8. Мемлекеттік қызметтер тегін көрсетіледі.

9. Комитеттің жұмыс кестесі: сенбі мен жексенбі, заңнамалық актілерде белгіленген демалыс және мереке күндерінен басқа күндері, күн сайын дүйсенбі – жұма күндері сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін (сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін үзіліс). Мемлекеттік қызметтер алдын ала жазылусыз және жедел қызметтерсіз көрсетіледі.

10. Комитет ғимаратының бірінші қабатында орналасқан, Комитеттің жұмыс кестесіне сәйкес жұмыс істейтін № 107 кабинет мемлекеттік қызметтер көрсету орны болып табылады. Үстел, қажетті құжаттардың үлгілері бар тұғыр және күту үшін креслолар орналасқан Комитеттің холы күту орны болып табылады, дене мүмкіндіктері шектеулі адамдарға қызметтер көрсету үшін жағдайлар көзделген, Комитет ғимаратының кіреберісі пандуспен жабдықталған.

 

 

2. Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі

 

11. Мемлекеттік қызметтерді алу үшін еркін нысанда мынадай мәліметтері бар өтініш ұсынылады:

1) әр шетелдіктің және (немесе) азаматтығы жоқ адамның тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда);

2) туылған күні мен жері;

3) азаматтығы (шетел азаматтары үшін);

4) резиденттік еліндегі лауазымы мен қызметтер орны;

5) білімі туралы мәліметтер;

6) резиденттік елінде іс жүзінде тұрғылықты жерінің мекенжайы;

7) Қазақстан Республикасында іс жүзіндегі тұрғылықты жерінің мекенжайы;

8) болу кезеңі;

9) виза еселілігі;

10) паспорт мәліметтері немесе азаматтығы жоқ тұлға құжатының мәліметтері;

11) виза алу орны;

12) Қазақстан Республикасының аумағына келетін және Қазақстан Республикасынан тысқары шығатын көлік құралының түрі.

12. Өтінішке осы Стандарттың 11-тармағының 1) - 5) және
10) тармақшаларында көрсетілген мәліметтерді растайтын құжаттардың көшірмелері қоса ұсынылады.

13. Құжаттарды уәкілетті құрылымдық бөлімшенің сарапшысы Комитеттің мына мекенжайдағы ғимаратында қабылдайды: Алматы қаласы, Д. Қонаев көшесі, 181, № 103 кабинет.

14. Құжаттарды тапсыру кезінде мемлекеттік қызметтердің тұтынушысына Бас прокурордың 2007 жылғы 30 мамырдағы № 20 бұйрығымен бекітілген Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін есепке алу ережесінде көрсетілген нысандағы талон беріледі.

15. Өтінішхатты беру мына мекенжай бойынша жүзеге асырылады: Алматы қаласы, Д. Қонаев көшесі, 181, № 107 кабинет немесе ол визалар беру мәселелері жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органға жіберіледі.

16. Мемлекеттік қызметтер көрсетуден бас тарту негіздемелері мыналар болып табылады:

өтініште өтінішхатты алу үшін осы Стандарттың 11-тармағында көзделген мәліметтердің болмауы;

талап етілетін құжаттар көшірмелерінің болмауы.

 

 

3. Жұмыс қағидаттары

 

17. Комитеттің мемлекеттік қызметтерді ресімдейтін мемлекеттік қызметшілері өз қызметтерінде:

1) қарапайымдылық танытып, өз лауазымын асыра көрсетпеуі және пайдаланбауы, сыпайы және әдепті болуы;

2) құжаттарды қарау кезінде төрешілдік пен әбігерлік көріністеріне жол бермеуі, олар бойынша белгіленген мерзімде қажетті шаралар қабылдауы;

3) қаржы орталығының қатысушысы белгіленген мерзімде алмаған құжаттардың сақталуын қамтамасыз етуі;

4) мемлекеттік қызметтерді тұтынушының құпиялы ақпаратын жеке мақсаттарға пайдалануға жол бермеуі тиіс.

 

 

4. Жұмыстың нәтижелері

 

18. Тұтынушыға мемлекеттік қызметтер көрсетудің нәтижелері осы Стандарттың қосымшасына сәйкес сапа және тиімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.

19. Мемлекеттік қызметтердің сапа және тиімділік көрсеткіштерінің Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің жұмысын бағалауға негіз болатын мақсатты мәндері жыл сайын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының бұйрығымен бекітіледі.

 5. Шағымдану тәртібі

 

20. Комитеттің мемлекеттік қызметтерді ресімдейтін мемлекеттік қызметшілерінің іс-әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі туралы түсініктемені, шағымды дайындауға көмек алу үшін тұтынушы мына мекенжайға: Алматы қаласы, Д. Қонаев көшесі, 181, № 202 кабинет, Комитеттің мемлекеттік қызметтер көрсету басқармасының бастығына хабарласа алады, телефон нөмірі: 8(727) 244-95-00, электрондық поштасының мекенжайы: krfca@nationalbank.kz.

21. Мемлекеттік қызметтерді көрсету нәтижесімен келіспеген жағдайда шағым Комитет төрағасының атына, осы Стандарттың 9-тармағында көрсетілген жұмыс кестесіне сәйкес Комитетке беріледі, телефон нөмірі:
8(727) 244-95-00, электрондық поштасының мекенжайы: krfca@nationalbank.kz.

Егер тұтынушы қабылданған шараларға қанағаттанбайтын болса немесе мәселенi жоғары тұрған сатының қарауы талап етiлсе, онда өтініш беруші шағымды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Төрағасының атына не оның орнындағы адамға жазбаша түрде жолдай алады. Шағымдар
050040, Алматы қаласы, «Көктем-3» шағынауданы, 21-үй мекенжайы бойынша поштамен жіберіле немесе қолма-қол беріле отырып, жазбаша түрде қабылданады.

22. Қызметтер жөнсіз көрсетілген жағдайда шағым Комитет төрағасының атына, осы Стандарттың 9-тармағында көрсетілген жұмыс кестесіне сәйкес Комитетке беріледі, кабинеттің нөмірі 205, электрондық поштасының мекенжайы: krfca@nationalbank.kz.

23. Егер мемлекеттік қызметтерді көрсету нәтижесімен келіспеген жағдайда, тұтынушы заңнамамен белгіленген тәртіпте сотқа арыздануға құқылы.

24. Тұтынушының қалауы бойынша шағымға қосымша құжаттар және материалдар қосыла алады.

25. Шағым берілген жағдайда тұтынушыға Бас прокурордың 2007 жылғы 30 мамырдағы № 20 бұйрығымен бекітілген Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін есепке алу ережесінде көрсетілген нысандағы талон беріледі. Шағым Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы заңнамасында көрсетілген тәртіпте және мерзімде қаралады. Шағымды қарау барысы туралы ақпаратты
8(727) 244-95-00 телефоны арқылы ала алады.

26. Мемлекеттік қызметтер туралы өзге ақпарат Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің www.nationalbank.kz Интернет-ресурсында орналастырылған.

 


_______________

«Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығында қызметін жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасының аумағына келетін шетелдіктер мен

азаматтығы жоқ адамдарға визалар беру туралы өтінішхат беру» мемлекеттік қызметтер стандартына

ҚОСЫМША


  Сапа және тиімділік көрсеткіштерінің мәні


 Сапа және тиімділік көрсеткіштері

Көрсеткіштің нормативтік мәні

Көрсеткіштің келесі жылдағы нысаналы мәні


Көрсеткіштің есепті жылдағы ағымдағы мәні

1

2


3


4


1. Уақтылылығы



1.1. Құжаттарды тапсырған сәттен бастап белгіленген мерзімде қызметті ұсыну оқиғаларының пайызы (үлесі)



100%

 

 

2. Сапасы



2.1. Қызметті ұсыну үдерісінің сапасына қанағаттанған тұтынушылардың пайызы (үлесі)


100%

 

 

3. Қолжетімділік


3.1. Қызметті ұсынудың сапасына және оны ұсыну тәртібі туралы ақпаратқа қанағаттанған тұтынушылардың пайызы (үлесі)


100%

 

 

1

2

3

4

3.2. Ақпаратқа электронды форматта қол жеткізуге болатын қызметтер пайызы (үлесі)


 

 

 

4. Шағымдану үдерісі

4.1. Шағымданудың қолданыстағы тәртібіне қанағаттанған тұтынушылардың пайызы (үлесі)

100%

 

 

5. Сыпайылық

5.1. Персоналдың сыпайылығына қанағаттанған тұтынушылардың пайызы (үлесі)

100%

 

 



________________

Похожие:

«Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығында қызметтерін жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасының аумағына келетін шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға визалар беру туралы өтінішхат беру» мемлекеттік қызметтер стандарты iconАлматы қаласының өңірлік қаржы орталығы қатысушыларының құжаттамасын қаржы орталығының органдарын қоспағанда, мемлекеттік органдарға беру үшін ағылшын
Оспағанда, мемлекеттік органдарға беру үшін ағылшын тілінен мемлекеттік және орыс тілдеріне аудару
«Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығында қызметтерін жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасының аумағына келетін шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға визалар беру туралы өтінішхат беру» мемлекеттік қызметтер стандарты icon"Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы
Республикасы азаматта­рының, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың өз мүд­делерінің ортақтығы негізінде діни қажеттіліктерін...
«Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығында қызметтерін жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасының аумағына келетін шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға визалар беру туралы өтінішхат беру» мемлекеттік қызметтер стандарты icon«Заңды тұлғаға өзін-өзі реттейтін ұйым мәртебесін беру» мемлекеттік қызметтер стандарты
Мемлекеттік қызметтерді 050000, Алматы қаласы, Әйтеке би көшесі, 67 мекенжайында орналасқан Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің...
«Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығында қызметтерін жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасының аумағына келетін шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға визалар беру туралы өтінішхат беру» мемлекеттік қызметтер стандарты iconАлматы қаласының өңірлік қаржы орталығының арнайы сауда алаңына жіберілген қаржы құралдары эмитенттерінің аудитіне жұмсалған шығындарды өтеу
Мемлекеттік қызметтерді Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Алматы қаласындағы өңірлік қаржы орталығын дамыту комитеті
«Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығында қызметтерін жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасының аумағына келетін шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға визалар беру туралы өтінішхат беру» мемлекеттік қызметтер стандарты iconҚазақстан республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі басқармасының Қаулысы
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға рұқсат беру, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін және сақтандыру брокерінің...
«Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығында қызметтерін жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасының аумағына келетін шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға визалар беру туралы өтінішхат беру» мемлекеттік қызметтер стандарты iconИнвестициялық портфельді басқару жөнiндегi қызметтi жүзеге асыру
«Қаржы рыногын және қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу мен қадағалау туралы», "Инвестициялық қорлар туралы" Қазақстан Республикасының...
«Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығында қызметтерін жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасының аумағына келетін шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға визалар беру туралы өтінішхат беру» мемлекеттік қызметтер стандарты icon«Жинақтаушы зейнетақы қорының ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге келісім беру» мемлекеттік қызметтер
Мемлекеттік қызметтерді 050000, Алматы қаласы, Әйтеке би көшесі, 67 мекенжайында орналасқан Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің...
«Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығында қызметтерін жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасының аумағына келетін шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға визалар беру туралы өтінішхат беру» мемлекеттік қызметтер стандарты iconАқпарат жеткізушiлердiң ақпаратты беру тәртібіне қойылатын
Республикасындағы кредиттiк бюролар және кредиттiк тарихты қалыптастыру туралы Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру мақсатында...
«Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығында қызметтерін жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасының аумағына келетін шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға визалар беру туралы өтінішхат беру» мемлекеттік қызметтер стандарты icon«Мүлікті (зияткерлік меншік объектілерін, материалдық емес активтердің құнын қоспағанда) бағалау жөніндегі қызметтерді жүзеге асыруға лицензиясы бар жеке немесе заңды тұлғаны аккредиттеу» мемлекеттік қызметтер стандарты
Мемлекеттік қызметтерді 050000, Алматы қаласы, Әйтеке би көшесі, 67 мекенжайында орналасқан Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің...
«Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығында қызметтерін жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасының аумағына келетін шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға визалар беру туралы өтінішхат беру» мемлекеттік қызметтер стандарты icon«Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамының кепілдік төлемдерін жүзеге асыру ережесін бекіту туралы
Азақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2010 жылғы 30...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница